БЕСІКТІҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ МЕН МӘНІ



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 БЕСІКТІҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ МЕН МӘНІ ... ... ... ... ... 6
1.1 Бесіктің жалпы сипаты мен ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Бесіктің құрлысы мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2 ЖИНАЛМАЛЫ БЕСІКТІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН ОНЫ ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1 Жиналмалы бесіктің ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Жиналмалы бесіктің жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .37

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Баланы бесікке бөлеу қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесік киелі. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Бүгінгі таңда қазақтың қасиетті бесігі қолданыста жоқ. Ара-тұра көргеніміз болмаса, қазіргі әрбір қазақтың шаңырағында, төрінде тұр деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Ата-баба аманатының бірі киелі бесік ғасырдан-ғасырға жетіп, тек бүгінгі ұрпақтың көзіне оғаш көрініп, қолданыстан шығып қалғаны өкінішті.Бесік -- нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек .Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған.
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Егер біз осы бабаларымыздан қалған ең қымбат мұралардың бірі - бесікті сол кездегі ата - бабаларымыз сияқты қастерлеп, оның қасиетін, құдіретін келер ұрпаққа жеткізер болсақ олардың бойына рухани құндылықтарды бағалай білетін ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптасады.
Курсттық жұмыстың мақсаты: Бесікті ата - бабаларымыздың өмірінде алған орны туралы түрлі пікірлерді келтіре отырып, бүгінгі ұрпақтың бойына мәдени мұраларға деген көзқарасты қалыптастыру, тәуелсіз елімізге деген патриоттық сезімдерін дамыту болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
1. Ұлттық ойындардың теориялық негіздерін аша отырып, түрлерін қарастыру.
2. Ұлттық ойындардың дамуын айқындай отырып, жаңа бағыт беру.
3. Ұлттың ойындардың түрлерін бірнеше пәндерде пайдаланып жүзеге асыру.
Зерттеу объектісі: Ұлттық ойындардың түрлері, білімділік, тәрбиелік маңызы.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: бесік туралы ғылыми жоба немесе курстық жұмыс дайындағанда көмекші құрал болады. Сонымен қатар оқушыларға мәлімет жинауға септігін тигізеді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: оқушыларға бесікті қолданганда немесе кездестіргенде көмегін тигізеді және өз елінің ертедегі тұрмысымен танысады.
Курстық жұмыстың пәні - спорт және дене шынықтыру.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспа материалдары, жаңа педагогикалық технологиялар, қорытындылары.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
- бесік туралы тәлімдік, тәрбиелік көзқарастарға талдау жасалды;
- бесіктің ата - бабаларымыздың өмірінде алған орнын көрсету;
- бесіктің бөліктері мен түрлері жайында түсінік берілді;
- бесікті жаңа ғасыр талабына қарай қолдануы
Жұмыстың орындалу әдістері: Тарихи деректермен танысу, оларды жинақтау, қорыту, салыстырмалы талдау жасау, тұжырымдау.
Курстық жұмыстың құрылымы. курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып, рахаттанады.
Сәбидің тұла бойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.
Бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.
Бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі.
Бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.
Бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды.

1 БЕСІКТІҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ МЕН МӘНІ
1.1 Бесіктің жалпы сипаты мен ерекшелігі

Бесік -- нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі-жиі ауыстырып отырады. Шүмекті қойдың асық жілігінен жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесіне керісінше әсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен жиі босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Бесікпен қоса құс төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, бесік көрпе даярланады. Бесіктің жер бесік, аспалы бесік (әлпеншек) деген екі түрі кездеседі. Қазақта бесік қасиетті, киелі құтты мүлік болып есептеледі.
"Ел болу үшін, бесігіңді түзе" - деген нақыл айтып кеткен Мұхтар Әуезов атамыздың бұл бір сөзіне ой жүгіртсең, елдің сапасы сонау бесік тәрбиесімен байланысы зор екенін айтады. Қазақ даналығының алтын қазынасы тіл мен тәрбиеде жатқаны анық. Ғасырлар бойы көшпелі қазақ жұртының өмірден жиған тәжірибесі, бүгінгі күнде Қазақстан Республикамыздың тағдырына үлкен үлесін қосуда.
Ал енді, бесік атауының шығуына байланысты тлші - ғалым Ә.Нұрмағамбетов былай дейді: "Нәресте жататын төсекті ана тілімізде "бесік" деп атайтынын білесіңдер. Қазақ сөзінде без, безек, безілдеу, безу, безеу, безгілдек, безбен т.б. толып жатқан төл сөздер бар. Осы аталған сөздердің барлығының түбірі - без. Бұл сөздердің барлығы қозғалу, ырғалу, шайқалу, тербелу деген ұғымға сыйып тұрғандықтан, "бесік" әу бастан "безек" немесе "безік" болып, бертін "з" дыбысы қатаң "с" дыбысына ауысып, "бесік" болып қалыптасса керек. Бұл біздің бірінші жорамалымыз. Екінші ойымыз: бесіктің жасалу жолына қарай, оны құрайтын негізгі бес ағашқа байланысты "бес уық" сөзінің туындауы мүмкін деген тұжырым жасауға болады. Олай дейтініміз, қазақ халқы негізінде екі түрін тұтынған. Оның ертерек пайда болған түрі "аспалы бесік" деп аталады. Аспалы бесіктің жасалу жолдары өте қарапайым. Оны әзірлеу үшін бес тал, жуандығы біркелкі, жұмыр талдар болса болғаны. Ондай бесікті көшіп - қону кезінде уықтап құрап жасай салу әбден мүмкін жай. Кейін келе бес уық - бесық - бесік болып қалыптасып кеткен тәрізді". Жалпы "бесік" атауының шығуы әлі де болса терең зерттеуді қажет ететіні даусыз.
Қазақ ұлттық этнология саласына тән - қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Бесік - қазақ қауымы үшін аса қастерлі, қасиетті мүлік. Оны адами өмірдің бастапқы ұясы деп біледі.Бесік - көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра. Қазақта "Есік көргенді алма, бесік көргенді ал", "Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді", "Есік арқалағаннан бесік арқалаған артық", "Төрінде бесік тұрса, төре де бас иеді" деген ұлағатты сөздер содан. Көшпелі тұрмысқа бейімділігі сонша, бесікті анасы атқа мінгенде алдына өңгеріп алып жүре береді. Жол қанша ұзақ болса да бала қиналмайды, бейқам ұйқысы бұзылмайды. Тау - тастан асып, жауын - шашынға ұрынса да, нұқсан келмейді. Ұзақ жол үстінде де еги жері былғанбайды. Осындай тазалыққа өне бойы дағдыланғандықтан бір жері ақаулықтан денесіне дымқыл, не дайрақ тисе, сәби ыңқылдап тынышы кетеді, тіпті шырқырап жылай бастайды.
Бесік - сан ғасырлар бойы ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік, қой үстінен бозторғай жұмыртқалаған мамыражай тіршіліктің белгісі іспетті. Бесікті қатты қадірлейтіндігі соншалықты, қазақ атасы жатқан бесікке бала, немер, шөбере, шөпшек, тіпті туажатына дейін бөлейді.
Бесік тек қана қазаққа тән емес, ол Орталық Әзұя, Қапқаз, Үндістан, Қытай жерін мекендеген көп халықтың ұл мен қызын ұйықтатып, оянғанда қолын шешіп ойнатып, анасының ақ сүтін беріп, тіл-көзден сақтайтын ағаш төсегі. Тек олардың әр халықта жасалу ерекшеліктері түрліше болып келеді. Қазақтар бесікті негізінен қайың, қарағай, талдан иіп жасаған әрі жеңіл келеді.
Жасалу жолы мен құрылысына зер салып қарасаңыз, ата-бабаларымыз бесікті өте тапқырлықпен, данышпандықпен жасағанын айқын көреміз:
1) ол екі жаққа қарай тербетіліп, тепе-теңдікті сақтап тұратындықтан, сәби есейе келе қаншама бұлқынса да, аударылып кетпейді;
2) тербеткенде адам қолы шаршамайды, баланың басы ерсілі-қарсылы шайқалмайды;
3) жыл әрі таза. Желдің өтінен, жердің сызынан, аптаның лебінен қорғайтын бесік жасалуы мен оған пайдаланылатын материалдарға байланысты:
ЖЕР БЕСІК және Мұндағы ЖЕР БЕСІК жасалуы бойынша:
* иіп жасалған бесік;
* тік жасалған бесік болып,
ал ЖЕЛ БЕСІК материалы бойынша:
* тал бесік;
* қайың бесік;
* қарағай бесік боп бөлінеді.Әлқисса, енді бесіктің жабдықтарына келейік.
1. ШИ. Бесік жабдықтарының үстінен ұзына бойы жайылатын түбек бекітілетін тұсы ойық тоқылған ши төсеніш.
2. ЖӨРГЕК. Шидің үстінен төселетін, түбек тұсы ойық келген, жұқа киіз немесе арасына мақта, жүн салынып сырылған көрпеше.
3. ҚҰС ТӨСЕК. Түбек тұсында дөңгелек ойығы бар, жөргектің үстінен төселетін, арасына құс мамығы салынып, қабылған жұмсақ төсеніш.
4. ЖАСТЫҚ. Бесік енімен бірдей етіп жасалады. Арасына құс мамығы толтырылады.
5. КӨРПЕ. Ол жаздық және күздік болып бөлінеді. Жұқа матадан тігілгені - жаздық, арасына мақта, түйе жүні салынып, қабылғаны - қыстық.
6. ЖАЯЛЫҚ. Сәбидің денесін орайтын жұмсақ шүберек.
7. КЕПІЛ. Түбек ойығын төңіректеп төселетін, сәбидің жалаңаш тәнін қажамас үшін жамбас тұсына, тізесіне қоюға арналған кішкене жұмсақ жастықшалар.
8. ҚОЛБАУ, ТІЗЕ БАУ. Оны таңғыш (тартпа) деп те атай береді. (штары бесіктің екі жанындағы сабау ағаштарға таңылады, біреуі бөленген сәбидің көкірек тұсынан, келесісі тізеліктің үстінен түседі. Ол биязы жүннен тоқылады немесе екі-үш қабат матадан сырып, кеуде, тізеден оралатын тұстары жалпақтау етіп жасалады. Тартпаның екі ұшы арқалыққа байланады.
9. БҰЛ ЖАБДЫҚТЫ басқалардың табуы үшін қалдырып кетіп отырмын. Қане, КІМ табар екен?
10. Бесік жапқыш. Бөленген сәбиді маса мен шыбыннан, желден, күн көзінен, суықтан қорғау үшін бесіктің үстіне жабылатын кестеленіп тігілге сәнді мата.
АРҚАЛЫҚ. Ұзындығы 70-75 см., ұстап тұруға ыңғайлы, бесіктің ең үстінде көлденең орналасқан жұмыр бел ағаш. Оны АРЫС деп те атайды екен.
2. БӨГЕН. Бұл бөлік алдыңғы бас, артқы бас деп те аталады. Бөген - негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.
3. ЖАҚТАУ. Оның саны - 4. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең болып келеді.
4. ШАБАҚ. Бұл да - төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.
5. САБАУ. Ол - екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.
6. ТАБАН. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы - бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербетілуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігін ТАБАН деп те атай береді.
7. ТАҚТАЙ. Бесіктің түбегі орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.
8. ШҮМЕК. Бесіктегі баланың кіші дәреті үшін қойдың асық жілігінен бір басы тесіліп, екінші басының төменгі жаны ойылып жасалған түтікше. Кейде айрықша әппақ болуы үшін оны алғаш пайдаланар алдында сүтке қайнатып алады екен. Міне, Кендебай жазған шүмек осы!
9. ТҮБЕК. Сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы былғанып қалмас үшін бесіктің ортасындағы тақтайды тесіп орналатын алмалы-салмалы киіз қалта. Шағын шыны құтылар пайда бола салысымен содан түбек жасалатын болды. Шүмектің ұшы түбекке сұғынып тұрады.
Қазақ шаңырағында жас сәби бесікке негізінен омыраудан шыққанша жатады. Иткөйлегі тозып, қарын шаршы алынған баланың талпынып, артынан бақа тірсегі бір бүктеліп, бір созылып, оның еңбектей бастайтынын бәріміз білеміз. Міне, дәл осы кезде бала дөңбекшіп, бесікке жатқысы келмей, қарсылық көрсете бастайды. Баланың қарсылығын көрген ата-анасы, әжелері сәбиді бесіктен шешіп алып, бесікті әдемілеп тұрып тазалайды. Сосын келесі ұрпақ дүниеге тезірек келсін, сол жатсын деп, оны үйдің құлап-сынып қалмайтындай сенімді бір жеріне апарып сақтап қояды.
Көнекөз қариялардың айтуынша, бесіктің биіктеу болғаны жақсы. Себебі, аласа бесікке қарағанда мұндай бесікке ауа жақсы барып, сәби кең тыныстайды.
Бесіктің тағы бір ерекшелігі - оның көшіп-қонуға ыңғайлылығы, алып жүруге жеңілдігі. Бөленген баланы алыс-алыс жерге шеру тартқанда ат үстіндегі кез келген адам алдына өңгеріп алып, емін-еркін жүретін болған. Жау жаугершілік заманда тұтқиылдан шабуыл жасалғанда бесіктегі сәбиді әке-шеешсі ат үстінен оңай іліп алып, дұшпан тырнағынан тез сытылып кетіп отырған.
Бесік құрылысында әр бөліктің өзіндік атауы мен атқаратын қызметі бар. Оның жабдықтары да әртүрлі әбзелдерден тұрады.
Халқымыз баланы бесікке бөлеуді зор салтанатқа жатқызған. Бұлар турасында кейіннен әңгімелеп берермін.
1.2 Бесіктің құрлысы мен құрылымы

Бесіктің жасау-жабдықтары
Жас нәрестені бесікке бөлеу үшін төмендегідей жасау-жабдықтар қажет.
Ши. Бесік шабақтарының үстіне төселетін шиден тоқылған төсеніш. Түбек бекітілген тұсында ойығы болады.
Жөргек. Жұқа, талдырып басылған киіз төсеніш. Осыны кейде қаузау деп те атайды (қаузау киіз).
Құс төсек. Жөргектің үстіне төселетін арасына құс жүні салынып қабылған жұмсақ төсеніш. Оның да түбек түсетін тұсында ойығы болады.
Жастық. Бесіктің енімен сәйкес келетін, арасына құс жүні толтырылған кішкене жастық.
Көрпе. Жай матадан әзірленген көрпені жаздыгүні, ал арасына мақта салып қабылған көрпені қыстыгүні қолданады.
Кепіл. Нәрестенің жамбас тұсына, тізесіне кепіл ретінде арнайы тігілген бірнеше кішкене жастықшалар қойылады. Ол жастықшалар түбек орналасқан ойықтың төңірегіне төселеді.
Тартпа бау. Тартпа бауларды кейде таңғыш деп те атай береді, олар құр тәрізді биязы жіптен тоқылады. Немесе екі-үш қабат матаны сырып, бауларды ызып әзірлейді. Тартпаның біреуі бөленген, құндақталған нәрестенің көкірек тұсынан, екіншісі тізенің үстінен түседі. Тартпа баудың ұштары бесіктің екі жағындағы сабау ағаштарға таңылады.
Түбек. Түбек қыштан, көннен, күйдірілген саз балшықтан немесе мыс, жез қаңылтырдан әзірленеді. Қыстыгүні сыртына киіз, қайыс немесе былғарыдан тігілген қап кигізіп қояды. Түбектің түбіне сәл күл сеуіп қолданады.
Шүмек. Шүмекті ағаштан да сүйектен де әзірлеуге болады. Ұл баланың шүмегін асықты жіліктің асық тұрған басынан ойық ойып әзірлейді. Екінші қарама-қарсы басын шорт кесіп тастап, қырларын егеп жұмырлап қояды. Қыз баланың шүмегін ескі, көп ұсталып майсіңді болған уықтың қарынан (иінінен) жасайды, ойығын ұлдікіне қарағанда сәл сопақтау етіп ойған жөн. Шүмек баланың денесіне баптау үшін қырларын тегістеп жылтыратып, зәрді сорып алмауы үшін майға қайнатып алған соң пайдалана беруге болады.
Жабу. Бесіктің көлеміне сай, жұқа матадан тігілген, кестеленген арнаулы жабуы болады. Ол бесікке бөленген жас нәрестені маса-шыбыннан, желден, шаң-тозаңнан, күн көзінен, суықтан қорғайды.[3][4]
Бесіктің құрылысы
1.Алдыңғы басы.
2.Артқы басы.
3. Белағаш.
4.Қайқы табан.
6.Жақтау.
7.Тақтайша.
Біле білсек, бесіктің жасалуында да үлкен мән бар. Біз оның құрылысын білу мақсатымен бесікті қолдан иіп жасайтын шеберге жолықтық. Нұрғалиевтер әулетінен тарайтын Ғалымжан он баланың үлкені. Оны 15 жасынан бастап ұсталыққа баулы-ған әкесі Ахметқали деген кісі. Шиттей он баланы бір айлықпен асырау оңайға соқпайды. Жол бойында ұзақ жылдар машинист болған Ахметқали ақсақал ата-баба дәстүрін жалғастырып, әрі күнделікті нан-пұл болсын деген оймен осы қиын өнерді меңгереді. Күндіз жұмыста болған уақытында баласы Ғалымжанға бесіктің ағаштарын жону-ды, тағы басқа ұсақ-түйек шаруаларды тапсырып кетеді екен. Бірақ ойынба-ласы әкенің айтқанын ұмыт қылып, ойынға алданып кетеді. Сондай сәтте отанасы Бәтес апай да қарап отырмай-тын көрінеді. Баласының сөз естімеге-нін қалап, сол жұмыстарды өзі орын-дайтын кездері де аз болмаған. Десе де, ержете келе инженер-құрылысшы маман-дығын игерген Ғалым-жан Нұрғалиев әке баулыған ұсталықты одан әрі жаңғырта түседі. Бүгінде орталық базарда оның жасаған бесіктерін жұбайы Тыным апа жұртшылыққа өткізуде. Бағасы егер жа-сауы жоқ болса 5-8 мың теңге аралығында. Күніне бір-екі бесік, кейде бес-алтауға дейін сатуға болады. Бесіктің ағашын өте талғаммен таңдай білетін шебер оны алдымен арнайы станокта жонады. Кептіру үшін де біршама уақыт кетеді. Жалпы, бесіктің екі түрі бар. Олар: жер бе-сік, жел бесік. Ал жасалуы бойынша иіп жаса-лын-ған және тік бесік болып екіге бөлі-неді. Ал жел бесікті тал, қайың, қарағайдан жасай-ды.
Бесіктің құрылысына келсек, шебердің айтуынша, алдыңғы бас бөген деп аталады. Одан соң бел ағаш, жақтау, жорға, табан, сабау, тақтай, түбек, шүмек деп кете береді. Күндіз-түні бала-шағасымен осы қиын жұмысты бірге атқарады. Алдын ала кептірілген ағашты ыссы суға салып, жібіту керек. Алдыңғы және артқы басындағы бөгенді ию де оңай іс емес. Дайын болған бесіктің ою-өрнегін салу отбасындағы қыздарға жүктелген.

Бесіктің құрылысы

Арқалық (арыс, белағаш) - ұзындығы 70-75 сантиметр, ұстап тұруға ыңғайлы, бесіктің ең үстіңгі, көлденең, жұмыр бел ағашы
Бөген (алдыңғы бас, артқы бас) - негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.
Жақтау. Ол - төртеу. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең.
Шабақ. Бұл да - төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.
Сабау. Ол - екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.
Жорға. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы - бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербелуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігі - жорғаны қазақтар табан деп те атай береді.
Тақтай. Бесіктің түбек орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.
Шүмек. Бесіктегі сәбидің кіші дәреті үшін қойдың асық жілігінен бір басы тесіліп, екінші басының төменгі жаны ойылып жасалған түтікше. Кейде айрықша аппақ болуы үшін оны алғаш пайдаланар алдында сүтке қайнатып алады.
Түбек. Сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы былғанбас үшін бесіктің ортасындағы тақтайды тесіп орнататын алмалы-салмалы киіз қалта. Шағын шыны құтылар (банкілер) пайда бола бастасымен содан түбек жасалатын болды. Шүмектің ұшы түбекке сұғынып тұрады.

Жабдықтары.
Ши. Бесік шабақтарының үстіне төселетін шиден тоқылған төсеніш. Түбек бекітілген тұсында ойығы болады.
Жөргек. Жұқа, талдырып басылған киіз төсеніш. Осыны кейде қаузау деп те атайды (қаузау киіз).
Құс төсек. Жөргектің үстіне төселетін арасына құс жүні салынып қабылған жұмсақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбилік кезеңдегі балалардың психикалық дамуының теориялық негіздер
Оқушылардың атқарған қызметі
Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрі – бесік тәрбиесі
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар( бесік )
Бесік тәрбиесінің бала тәрбиесіне тигізер әсері
Ұлттық салт- дәстүрлерін көмекші мектепте оқу- тәрбие үрдісінде пайдалану
Қазақтың үй іші әдет-ғұрып өлеңдері
Ұлттық ою – өрнектердіқолдануарқылы бесік жасау технологиясы
Әжелер өнегесі
Қазақтың қолөнер - мәдениеті
Пәндер