ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
титулка
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ..4
1. Жұмыс уақытының түсінігі және негізгі
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..4
2. Жұмыс уақытының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...6
2. ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... .7
2.1 Жұмыс уақытының
нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...7
2.2 Жұмыс уақытының
режимі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 9
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..15
КІРІСПЕ
ХІХ ғасырдың басындағы жұмысшылар қозғалысы негізгі талаптардың бірі
ретінде жұмыс уақытын қысқартуды талап ету еді. Бірқатар мемлекеттерде
жұмысшылар көшелерге шығып, жұмыс уақытының ұзақтығына белгілі бір шек
қоюды талап етті. Жұмысшылар қозғалысының нәтижесінде ХІХ ғасырдың
ортасында әйелдер мен балалар үшін жұмыс уақытын қысқарту туралы нормалар
қалыптасты. Кейінірек бұл ереже ер адамдарға да таралды.
1897 жылы Ресейде жұмыс уақытын 11,5 сағатқа дейін, ал әйелдер мен
балалар үшін – 10 сағатқа дейін қысқарту туралы заң қабылданды. Алайда, бұл
заңның ешбір тиімділігі болмады, себебі, мұнда мерзімнен тыс жұмыс істеуге
тыйым салынбады. 1917 жылы Кеңестік биліктің Декретімен Ресейде алғаш рет
ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақыты енгізілді. Бұл Декреттің күші Қазақстанның
аумағына да таралды. Яғни, осы күнді Қазақстанда ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс
уақытының енгізілген күні деп санаған жөн болар. Қазіргі кезде аталған
уақыт жұмыс уақытының ең жоғарғы ұзақтығы болып табылады және ол
қызметкерлердің басым көпшілігіне таралады.
Жұмыс уақыты және демалыс уақыты – бұлар еңбек құқығының өзара
байланысты түсініктері. Қызметкерлердің еңбек қызметінің ұзақтығы жұмыс
уақыты арқылы анықталады. Жұмыс уақыты және оның ұзақтығы жұмысшылар
қозғалысы тарихындағы ең негізгі талаптардың бірі болды. Адамзат тарихында
еңбек уақыты ұзақ уақыт бойы заң шеңберімен шектелмеді және жұмыс беруші
еңбек міндеттерін орындау уақытының ұзақтығын өз қалауынша белгілейтін.
Әдетте, бұл кіріптарлық жағдайларда жүзеге асырылды және жұмыс уақытының
ұзақтығы барлық шектерден асып, тәулігіне 14-16 сағатқа дейін жетті.
Қазіргі таңда ҚР Конституциясының және 2007 жылы қабылданған ҚР Еңбек
кодексі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10-желтоқсанда
бекіткен Адам құқықтары жалпы декларациясының және еңбек саласындағы
бірқатар халықаралық-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді.
Жұмыстың мақсаты еңбек құқығымен жұмыс уақытының құқықтық реттелуін
еңбек құқығының субьектілері үшін өндірісте қызметті ұйымдастыру
маңыздылығы туралы болып табылады.
1ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
1. Жұмыс уақытының түсінігі және негізгі ұғымы
Жұмыс уақыты– қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның
(фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс
орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім,
қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ,
әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да
(мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс
уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының
ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік
ішінде еңбек ететін мерзімі. Жұмыс күнінің ұзақтығы ғасырлар бойы
әлеуметтік жанжалдардың нысаны болып келді. 20 ғасыр басында көптеген
дамыған елдерде жұмыс күнінің ұзақтығы 10 – 12 сағат болып белгіленді. 1917
жылы Ресейде 8 сағаттық жұмыс күнін белгілеген декрет шығарылды. 1919 жылы
Вашингтонда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу туралы халықаралық келісім
жасалды. Қазақстанда да 8 сағаттық жұмыс күні қабылданған. Жұмыс аптасы –
күнтізбелік апта ішіндегі еңбек ету мерзімінің өлшемі, бір аптадағы жұмыс
және демалыс күндерінің санын белгілейтін Жұмыс уақыты режимі. Көптеген
дамыған елдерде жұмыс аптасының нормативтік ұзақтығы заңмен ғана емес,
ұжымдық шарттармен де реттеледі, кейде ұжымдық шарт бойынша белгіленген
жұмыс аптасының ұзақтығы заңмен белгіленген жұмыс аптасының ұзақтығынан аз
болып келеді (мысалы, Германияда). Заңмен реттеу жұмыс аптасының тұрақты
ұзақтығын белгілемей, тек кәдуілгі мөлшерлемелер бойынша төленетін жұмыс
сағатының ең жоғарғы мөлшерін ғана шектейтіндіктен, жұмыс аптасының заңмен
белгіленген және нақты ұзақтығы арасында айырмашылық бар. Қазақстан
заңдарында екі демалыс күні (әдетте, сенбі мен жексенбі) бар 5 күндік жұмыс
аптасы, яки жұмыс жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы (аптасына 41 сағат)‚
қысқартылған ұзақтығы (қызметкерлердің кейбір санаттары үшін)‚ толық емес
Жұмыс уақытының‚ Жұмыс уақытынан тыс мерзімдегі жұмыс‚ түнгі уақыттағы
жұмыс тәртіптемелері белгіленген. Мысалы‚ 16 жастан 18 жасқа дейінгі
қызметкерлер үшін ұзақтығы 36 сағаттан аспайтын‚ 14 жастан – 16 жасқа
дейінгі қызметкерлер үшін 24 сағаттан аспайтын‚ зиянды еңбек жағдайындағы
жұмыстарда 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс аптасы белгіленген. 5
күндік жұмыс аптасы кезінде әр апталық жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы
кәсіпорын (фирма) әкімшілігі кәсіподақпен келісе отырып, жұмыс аптасының
белгіленген ұзақтығын сақтап, бекіткен ішкі еңбек тәртібімен немесе
ауысымдылық кестесімен айқындалады. Өндірістің сипаты мен еңбек
жағдайларына қарай 5 күндік жұмыс аптасын енгізу тиімсіз кәсіпорындарда
(фирмаларда) бір демалыс күні бар 6 күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Жұмыс
жылы – қызметкердің белгілі бір кәсіпорындағы жұмыс істеген жылы. Ол
қызметкердің осы кәсіпорынға жұмысқа тұрған күнінен бастап есептеледі.
Жұмыс жылы қызметкерге кезекті еңбек демалысын беру кезінде ескеріледі.
Жұмыс уақытының пайдаланылу көрсеткішінің өндірістік маңызы зор. Оның
құрылымын зерделеу орындаушының немесе жабдықтың ауысым бойына (немесе
уақыттың басқа кезеңі бойына) жұмсайтын уақыт шығынын және олардың
жұмысбастылық деңгейін‚ Жұмыс уақытының резервтерін‚ оны тығыздау
мүмкіндіктерін‚ белгілі бір жұмысты орындауға жұмсалатын еңбектің ғылыми
негізделген шығынын анықтау үшін қажет. Өндірісте жұмыс уақытының
пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін жұмыс уақытының балансы деп
атайды. Ол, әдетте, кесте түрінде бір жылға арналып жасалады.[1] Жұмыс
уақыты — бұл қызметкердің жұмыс берушінің актілеріне және ішкі еңбек
шартының талаптарына сәйкес өзінің еңбек міндеттерін орындауға кететін
уақыты. Жұмыс берушінің актілеріне бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар, ішкі
еңбек тәртібінің ережелері түріндегі актілер және басқалары жатады.
Бүгінде мемлекеттің жұмыс уақытын реттеудегі рөлі түбірінен өзгерді.
Еңбек жағдайлары (соның ішінде жұмыс уақытының ұзактығы да) көбінесе жұмыс
беруші мен қызметкер арасындағы келісім бойынша анықталады.
Мемлекет заң жолымен жұмыс уақытының ұзақтығын ғана белгілейді
(жетісіне 40 сағат). Екі жақтың өзара келісімі бойынша жеке еңбек
шарттарында жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылуы мүмкін.
Жұмыс уақыты – бұл жұмысшының жұмыс берушінің актілеріне және еңбек
келісім-шартына сәйкес қызметтік міндеттерін атқаратын, сонымен қатар
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі жұмыс уақытына қатысты басқа
да уақыт кезеңі
Жұмыс уақытының ұзақтығы:
қалыпты (аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс)
артылған
толық емес
Жұмыс уақытына мыналар жатады:
дайындалу-қорытынды жұмыстар (тапсырма алу, материалдар, құралдар,
техникалармен, құжатамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және тазалау, дайын
өнімді өткізу және басқалары);
технология, еңбек ұйымы, еңбекті нормалау және қорғау ережелерінде
қарастырылған үзілістер, жұмыс орнындағы немесе жұмысшының өз уақытын дұрыс
қалыптастыра алмағандағы күту уақыттары, мейрам және демалыс күндеріндегі
кезекшілік;
еңбек, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерімен немесе
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен анықталған үйде
кезекшілік ету және бюасқа да кезеңдер. [2]
1.2 Жұмыс уақытының түрлері
Жұмыс уақытының түрлері
Жұмыс уақытының мынадай түрлері көзделген: ұзақтығы қалыпты,
қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты.
Қалыпты жұмыс уақыты
Кәсіпорындардағы (мекемелердегі, ұйымдардағы) қызметкерлердің қалыпты
жұмыс уақытының ұзақтығы жетісіне 40 сағаттан аспауы тиіс. Көрсетілген
мөлшер экономиканың салаларына, кәсібіне, мамандығына, қарапайым қалыпты
еңбек жағдайлары бар қызметтерге қарамастан қызметкерлердің барлығына
бірдей қатысты. Жұмыс уақытының апталық 40 сағаттық ұзақтығы екі жақтың
келісімі бойынша ұзартуға болмайтын ең шектік ұзақтық.
Қысқартылған жұмыс уақыты
Қысқартылған жұмыс уақыты еңбекті қорғау, оқуды өнімді еңбекпен
ойдағыдай ұштастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, кәмелетке толмағандар мен
еңбек қабілеті төмен адамдарды өндіріске тарту мақсатында қызметкерлердің
жекелеген топтары үшін белгіленеді.
Еңбек туралы заңда 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін қысқартылған
жұмыс уақыты белгіленген. 16—18 жастағы адамдарға аптасына 36 сағаттық
жұмыс уақыты, ал 14—16 жас арасындағы жасөспірімдер үшін аптасына 24
сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленген. Арнаулы тізім бойынша
жағдайлары еңбекке зиянды ауыр дене еңбегімен айналысатын қызметкерлердің
аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақытын пайдалануға құқығы
бар.
Толық емес жұмыс уақыты
Толық емес жұмыс уақыты қызметкер мен жұмыс беруші арасында оны
жұмысқа қабылдар кезде және одан кейін де келісім арқылы белгіленеді. Толық
емес жұмыс уақытын ұзақтығы заңмен белгіленген қалыпты жұмыс уақытынан кем
қысқартылған жұмыс уақытынан ажырата білу керек. Олардың айырмашылығы
еңбекке ақы төлеу тәртібінде. Егер қызметкерлерге қысқартылған жұмыс уақыты
үшін жалақы толықтай төленетін болса, ал толық емес жұмыс уақыты үшін жұмыс
істеген уақытына сәйкес немесе шығарған өніміне қарай төленеді.
Түнгі уақытта жұмыс істеу
Түнгі уақытта жұмыс істеуге онсыз болмайтын жағдайда ғана жол
беріледі. Атап айтқанда, технологиялық процестері үздіксіз өндірістерде,
байланыс, медицина мекемелерінде, көлікте және басқаларда.
Кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт деп
есептеледі. Және де жұмыс уақытының кем дегенде жартысы түнгі уақытқа
келетін болса, ауысым түнгі деп есептеледі.
22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып
есептеледі.
5. Жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға олардың
келісімімен ғана жол беріледі.
6. Түнгі уақытта жұмыс істеуге он сегіз жасқа толмаған адамдар мен
түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған
жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді.
Түнгі уақыттағы жұмыс кезінде жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығы 1
сағатқа қысқарады. Бұл ереже жұмыс уақытын қысқарту көзделген қызметкерлер
мен жүмысшыларға таралмайды. Мысалы, еңбек жағдайы зиянды және ауыр
өндірістерде жұмыс істейтіндерге. Қысқартылған уақыт үшін кейін еңбекпен
өтеу көзделмейді.
Жекелеген жағдайларда қызметкерлердің кейбір санаттары үшін түнгі
жұмыстың ұзақтығы күндізгі жұмыс уақытымен теңестіріледі. Бұл мына
қызметкерлерге катысты белгіленеді:
1. олардың ауыр дене жұмысында және зиянды еңбек жағдайларындағы
жұмыста істеуіне байланысты қысқартылған жұмыс уақыты бұрыннан көзделген
қызметкерлер үшін;
2. өндірістің жағдайлары бойынша қажет болған жағдайда, үздіксіз
өндірістердің қызметкерлері үшін;
3. алты күндік жұмыс аптасы және бір демалыс күні жағдайындағы ауысым
жұмыстарының кызметкерлері үшін.
Түнгі уақытта жұмыс ауысымының ұзақтығы жұмыс уақытының апталық
нормасы сақтала отырып қысқартылады.
Бұл жерде ескеріп өтетін бір жайт, егер қызметкер түнгі уақытта жұмыс
істеу үшін арнайы қабылданса (мысалы, күзетші ретінде), онда түнгі жұмыс
уақытының ұзақтығы қысқартылмайды.
18 жастан төмен және түнде жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық
анықтамалары бар өзге де адамдар түнгі жұмысқа жіберілмейді.
Екіқабат әйелдерді түнгі жұмысқа қатыстыруға, олардың жазбаша келісімі
бойынша ғана жол беріледі. Жекелеген жағдайларда мүгедек адамдардың түнгі
жұмысқа пайдаланылуы мүмкін, бірақ олардың келісіммен және ұсынылған
жұмысты атқаруға медицина қызметкерлерінің рұқсаты болған жағдайда ғана.
[3]
Жұмыс уақытының белгіленген ұзактығынан тыс жасалатын жұмыс мерзімінен
тыс жұмыс деп танылады. Бұл жұмыс қызметкердің еңбек міндеттемесіне кірді
ме, жоқ па немесе қызметкер оны жұмыс берушінің тапсыруы бойынша орындады
ма, бұл арада оның мәні шамалы. Мерзімнен тыс жұмысқа жасы 18-ге толмаған
және жүкті әйелдер жіберілмейді. Мерзімнен тыс жұмысқа ақы қосымша
төленеді.
Қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан қолы бос және өз қалауынша
пайдалана алатын уақыты тынығу уақыты болып табылады. Еңбек туралы заңда
тынығу уақытының мынадай түрлері белгіленген:
күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер;
апталық демалыс күндері;
мереке (жұмыс істемейтін) күндері және еңбек демалысы. [4]
2. ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Жұмыс уақытының нормасы
ызметкердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және басқа себептермен
шаршап-шалдығуына жол бермес үшін жұмыс уақытының нормалары қойылады.
Оларды белгілеудің зор тәжірибелік маңызы бар. Айтылғандардан байқалғандай,
қызметкердің денсаулығы қорғалады. шаршау- өндірістегі қайғылы оқиғаларға
себепші болуы мүмкін. Еңбек шартының жағдайларына сәйкес қызметкер еңбек
міндеттемелерін орындауға міндетті уақыт - жұмыс уақыты саналады. Бұл еңбек
нормасы деп аталады. Бөлек жағдайларда еңбек нормасы заңнамамен немесе
тікелей жұмыс берушімен белгіленеді. Жұмыс уақытының ұзақтығы еңбе
заңнамасына сәйкес аптасына қарақ сағаттан аспауға тиіс. Еңбек шарттарында
тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы аз белгіленуі мүмкін.
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы еңбек шартымен ғана белгіленбейді.
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы заңнамамен белгіленеді. Заңнама жұмыс
уақытының жалпы ұзақтығын ғана реттеп қоймайды. Аптадағы жұмыс күнінің
санын да анықтайды. Жалпы алғанды қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар
бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде
күнделікті жұмыстың ұзақтығын жұмыс беруші реттеп отырады.
Апталық норма
Апталық жұмысуақытысының нормасы 36 сағат болғанда күнделікті жұмыс
күнінің ұзақтығы 6 сағаттан аспауы қажет. Ал егер апталық норма 24 сағат
болса - онда 4 сағат күндік норма болады. Бес күндік немесе алты күндік
жұмыс апталығын ұжымдық нмесе жеке еңбек шарттарына сәйкес жұмыс беруші
белгілейді.
Түнгі уақыт
Кейбір ұйымдарда жұмысты түнгі уақытта жүзеге асыру талабы қойылады.
Сағат 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейінгі мерзім түнгі уақыт болып есептеліді.
Мысалы, нан зауыттары нан таңертен дүкенедердің сөрелерінде тұруы үшін
түнде нан пісіруі керек. Электр энергиясын беруге тиісті ұйымдар олардың
толассыз берілуін түнде де қамтамасыз етуге тиіс. Ол үшін электр
компанияларының белгілі бір қызметкердері кезекшілікті жүзеге асырады.
Еңбек шартын жасау кезінде қызметкер түнде де жұмыс істеуге тура келетінін,
әрине, білу керек. Бес күндік 40 сағаттық жұмыс аптасында түнде жұмыс істеу
уақыты 1 сағатқа қысқарады. Түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынған
дәрігерлік куәләгә бар өзге адамдарды түнгі жұмысқа тартуға болмайды.
Демалыс уақыты
Еңбек заңнамасымен демалыс уақыты да реттеледі. Демалыс уақыты деген
қызметкердердің өздерінің еңбек міндеттерін орындаудан босайтын уақыты.
Заңнамадан басқа демалыс уақыты ішкі еңбек тәртібі кестесімен де, ауысым
кестелерімен де белгіленеді. Қызметкерге осы ретте жұмыс істейтін жерден аз
уақытқа кетіп қалуға құқық беріледі. Демалыс уақытына төмендегі үзік
бөліктер жатады:[5]
Жұмыс күні бойындағы, ауысымдағы үзіліс;
Жұмыс күндері (ауысымдар) арасындағы күнделікті демалыс;
Апта сайынғы демалыс күндері;
Жыл сайынғы еңбек демалыстары.
Жұмыс уақытың қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы - бұл адамның өмір сүруіне және
дамуына зиян тигізбейтін, жыл, апта, күн бойғы еңбек ұзақтығы.
Қызметкерлердің кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы жұмыс
уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс (ҚР ҚР еңбек
туралы заңының 45-6. 2-т.). Аталған ереженің күші меншік нысанына,
экономика саласына, кәсібіне, мамандығына, лауазымына қарамастан барлық
қызметкерлерге таралады.
Қазіргі :кезде мемлекет жұмыс уақытының шектелген ұзақтығын ғана
бекітеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz