ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ Заңды бұзушылықтың түсінігі және мазмұны


Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ . . . 4Заңды бұзушылықтың түсінігі және мазмұны . . . 4Заңды бұзушылықтың себептері . . . 7
2. ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ЗАҢДЫ ІС ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ . . . 13
2. 1 Заң бұзушылық және олар үшін жауапкершілік шаралары . . . 13
2. 2 Заңды іс-әрекет пен заңды жауапкершілік . . . 17
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 25
КІРІСПЕ
Бұл тақырыптың маңыздылығы қазіргі 21 ғасырда өз мазмұның жойған жоқ. «Заң», «заң бұзушылық» термині пайда болған кезінен, бұл тақырыпқа зерттеушілер көп еңбек арнаған. Оның себебі, адамзат қандай да прогресстік жолға шықса да, адам мен адам, тұлға мен қоғам арасында әрқашан да түсінбеушілік пайда болады. Қоғам ішіндегі проблемаларды шешу үшін, біздің заманымызға дейн адамзат «заң» мен «жеке құқықты» ойлап тапты. Заң бұзушылықпен, адам баласы жер бетін алғашқыда басып жүрген кезінен кездескен. Эмилем Дюркгейм айтқандай: «Заң бұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі». Сонымен де, Заң бұзушылықтын қандай да формасы, жеке тұлғаға, жалпы қоғамға, тұтас мемлекетке де, материалдық, социалдық, психологиялық, саяси да, зиян келтіреді. Жақын туыстарынан айырылуы, ақша жағынан зиянға ұшырауы, денсаулыққа зардап шегуі және т. б., бұның барлығы әр адамға өте ауыр тиеді. Ал әлемдік масшабтағы Заң бұзушылықты алсақ, бұл - терроризм, геноцид, соғыстар, рассалық бөлініс, бүкіл адамзатқа, планетарлық масштабта зиян келтіреді. Сондықтан да, біз қоғамды реттейтін заңды ережені, «заң», немесе «норма» деп атаймыз. Осыған байланысты ережелерге қарсы әрекеттерді, біз «Заң бұзушылық», немесе «қылмыс» деп те, атаймыз.
Заң бұзушылықты түсіну және ашу, бұл мемлекет және құқық теориясы пәнінің басты қызметтердің бірі. Бұл проблемаға өте терең зерттеу жүргізу, оның социальдық маңызын білу, қоршап тұрған факторды есепке алу, болашақта заң бузұшылықты азайту, жетістіктерге қол жеткізе білу, бұның барлығы болашақ заңгерлерге үлкен көмек береді.
Бұл тақырыпты зерттегенде алғашқыда, құқық бузұшылықтың жалпы белгілерге дұрыс, жеке сипаттама беру керек. Құқық бузушылықтың классификациясы болса да (азаматтық, әкімшілік және т. б. қ. б. ), оларды біріктіретін ортақ белгісі бар бұл - белгіленген ережелерді орындамау немесе заңға бағынбау. Есімізге салған жөн, Заң бұзушылық, бұл адамдар әрекетті (немесе әрекетсіздігі) және де, жауапқа тек адамдар тартылады. Қоғамға табиғат немесе жануар әрекетінен зиян келсе, олар жауапқа тартылуы мүмкін емес. Бірақ та, тарихқа назар аударсақ, 18 ғасырға дейн Еуропаның кейбір елдерінде жануарларды жауапқа тарту процестері кездескен. Жаупқа тарту процесстерінде де, өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, 14 жасқа толмаған балаларды заң алдына жауапқа тартуға болмайды. Тек қана белгілі елдің азаматы ғана емес, сонымен бірге басқа елдің азаматтары да, қылмыс үшін жаупқа тартылады.
Мемлекет және құқық теориясы, Заң бұзушылық түсінігін студенттерге терең анализ жасауға, субьективті және обьективті қарауға, дұрыс шешімді таңдап алуға үйретеді.
1 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ
- Заңды бұзушылықтың түсінігі және мазмұны
Жер бетінде адамзаттың пайда болуымен, планетада күрделі процесстер жүре бастады. Алғашқы да, адам баласы жабайы өмір сүріп, минимальді қажеттілігін қоршаған ортада бар заттармен қанағат болды. Неолит кезіндегі «революция», қола мен темірдін ашуы, адам баласын прогресс жолына салды. Еңбектің нәтижесінде, алғашқы тайпалар, материалдық - техникалық базасын жақсартты, сонымен бірге адам арасындағы қарым - қатынастар күрделене бастады. Алғашқыда, тобырда немесе ру ішіндегі тартыстарды ақсақалдар кеңесі шешті. Тайпалық одақтардың пайда болуымен, үлкейе бастаған қоғамды, көсемдер реттеп тұрған. Адам баласы, дүниеге келгелі шақтан, қоғаммен, басқа адаммен тығыз қарым - қатынаста болады. Адам жалғыз өмір сүру мүмкін емес. Сонымен де, қоғам ішінде қарым - қатынастың алуан түрлі процесттер жүреді. Соның ішінде Заң бұзушылық.
Заң бұзышылықты түсіну үшін, екі жақтан қарауға болады, бұл: 1. Социальдық 2. Құқықтық жақтан.
Социальдық көзқарасынан Заң бұзушылыққа қарасақ - ол субьективті және обьективті әрекеттерге байланысты. Қоғамға обьективтік әсерге социальдық, экономикалық, психологиялық процесстер жатады. [1] Бұларға мысал ретінде, Қазақстанды 1991-98 жылдарындағы кезенді еске алған жөн. Осы кезде халықтың өте төмен деңгейде өмір сүруі, инфляцияның жоғарлығы, жұмыссыздық, мемлекеттің үлкен кризистік жағдайда болуы, бұның барлығы, Заң бұзушылықтың жоғары деңгейіне әкеліп соқты. Сонымен бірге, Кеңес Одағы құлдырап, ТМД елдері нарықтық қатынасқа бет бұрай бастады. Сол кездерде әлеуметтік теңсіздік пайда болып, адамдар қайта класстарға бөліне бастайды. Және де, адамдардың өмірге деген көзқарасы өзгере бастайды. «Советтік мектептен» өткендер, жаңа заманның, «батыстық - нарықтық» принциптерін дұрыс түсіне алмай «психологиялық шокқа» түседі. Мемлекеттің шекарасы шетел елдеріне ашылуы, көптеген апат әкеле бастады, яғни осы кездерде есіртке, қару - жарақ, шетелдің басқа да тауарлары әкеле басталды. Моральдық және мәдени жағынан, Қазақстан қоғамы өте үлкен зардапқа ұшырады. Осы кездерде бандитизм, рэкит, тонау, есіртке сату, проституция, кең қанат жайды. Аталған Заң бұзушылықтың түрлері ең ауырлардың бірлері. Ол жалпы бір қоғамға емес, бүкіл мемлекетке қауып төндіреді. Олармен күресу үшін, тек бір ғана тұлғаны жазаға тартумен шектелмеуі тиіс, проблема мемлекеттік дәрежеде шешілуі тиіс.
Субьективтік жақтан қарасақ, мұнда жеке тұлғаның мінез-құлқысы, менталитеті, алған тәрбиесі, қоршап тұрған қоғамның әсері тиеді. [2]
Құқықтық жақтан қарасақ, құқық бұзбауға алдын ала шарттар істеу керек деп, яғни алдын ала қандай да бір әрекетке немесе әрекетсіздікке тыйм салатын заңды бекіту.
Тарихқа назар аударсақ, бұрынғы ерте өркениетте Вавилон, Шумер, Египет елдерінде қоғамдағы тәртіпті дін қызметшілері сақтаған. Оның себебі, адамның өмір көзқарасы толығымен Жаратушымен бірге болды. Яғни, ертедегі қандай да дін болмасын, ол қоғамдағы адамдардың арасындағы қарым - қатынасты реттеуші рөлін атқарды. Мұндай принцип орта ғасырларға дейн сақталып тұрды. Оның себебі, ислам мен христиан діні, адам баласына кең қолдау тауып, оның нормалары, ережелері, кейбір қоғам үшін заң ретінде болды, Мысалы, Ислам дінінде Шариғаттың заңдары қазіргі кезінде де, араб елдеріне басты заң болып табылады. Бірақ та, көбінесе, қоғамды реттейтін заңдарға, бұрынғы этикет нормалары, әр халықтың дәстүріне, менталитетіне сай, заң қабылданады, элементарлық нормалар да, заңдастырылуы мүмкін.
Біздің заманымызға дейн 20-16 ғасырда Хаммурапи заңдары шықты. Бұл кезеңде алғашқы қарапайым қоғам күрделене басталғаның, ішіндегі қатынастарды жаңа жолмен шешу керек екендігін түсінік пайда болады. Алғашқы және қазіргі қолданып жатқан заңдарға назар аударсақ, олардың басты принциптері бірдей екенің көруге болады. Яғни, қоғам ішіндегі тәртіпсіздіктерді тоқтату, халыққа жат істерге жол бермеу. Бірақ уақыт өткеннен сайын, заңдар адам ойлап тапқан барлық жасаныс сияқты табиғат заңына бағынатын болғандықтан, олар да ескіре бастайды. Мысалға, 4000 мың жыл бұрын қолданылған Хаммурапи заңдары, 21 ғасырға сай келмеуі мүмкін. Себебі, жоғарыда айтылғандай, адамзат үнемі прогресс жолында тұр. Қарым - қатынастар күрделене бастайды, прецеденттер пайда болады. Бұның барлығын реттеу үшін, заңдар үнемі жаңару керек. Заңдар қоғамды реттеумен бірге, оның ең басты атқаратын рөлі, алдын - ала Заң бұзушылыққа жол бермеу. Ұлы грек ойшылы Солон, Афин азаматтарының көптеген қиындықтарды шешу үшін, бұрын қолданған заңдарға реформа жүргізді. Оның пайдасы, қалалықтарға айқын көрінді. Афиндықтар енді Солонға үлкен құрметтпен қарап, оған толығымен сене бастады. Ойшыл, афиндықтардан заңды 10 жыл өзгертпеуге ант алды. Реформатор түсінген, заңдар қалай да керемет болғанымен, уақыт өткен сайын оларды қайттан жаңарту керек. Сондықтан да, ол тек қана 10 жыл уақытқа ант алған. Солон заңдардың кереметтігі неде болған? Біріншіден, заңдар қарапайым халықтың жағдайын жақсартты, екіншіден қарыздар жойылды, экономикалық жағдай жақсарды, сот жүйесі жаңарды. Бірақ, сол заманға Солон заңдары қандай да керемет болғанымен, құл иелінушілік жойылған жоқ, жер мәселесіне онша көп назар аударылған жоқ.
Дамып келе жатқан адамзат, этнос-халық болып бірігіп, мемлекет, басқару жүйесін, мемлекеттік апараттарды ойлап тапты. Алғашқы, тұрақсыз, кейде формальді шекаралар пайда болды. Мемлекет ішіндегі Заң бұзушылықты тоқтату, оған жол бермеу үшін жазалау, сот апараттары құрыла бастады. Заң бұзушылық - бұл енді тек бір кішкентай қоғам емес, тұтас мемлекет шешетін мәселеге айналды.
Заң бұзушылық пайда болу уақытын нақты айту қиын. Бірақ теология көзқарасына сүйінсек, алғашқы бұзықты жасаған Құран, Інжіл кітаптарында жақсы суреттелген Адам мен Хауа. Құдайды қанша алдағанмен бұзық жасаған үшін олар жазаға тартылды. Бұдан мынандай мораль туады, қандай да келісімді, шартты, құқықты бұзған үшін, міндетті түрде жазаға тартылуы тиіс.
Заң бұзушылықты, қоғамды реттеу жұмысында, әртүрлі діндер үлкен рөл атқарған. Мысалға, орта ғасырларда Рим катольдік шіркеу пайда болуымен, батыс Еуропаның барлық саяси жағдайы Рим папаның қолында болды. Сол кезде қатаң жазалаушы орган ретінде инквизиция құрылды. Рим папасы құрастырған заңдарға кімде-кім бағынбаса, оны «кәпір», яғни «еретик» айыппен сотқа тартып, шіркеуден шығарған. Көбінесе Заң бұзушылықтың қандай түрі болмасын (ауыр немесе жеңіл) құқықты бұзған адамды өлім жазасына кескен. Бірақ та, қандай да жаман қылық болмасын, оған кешірім де болған. Бұл - Католик шіркеуі сатқан, индульгенция болды. Индульгенция - (латын тілі «кешіру», «шыдау») жаман әрекет жасаған адамға уақытша кешірім ретінде, берілген құжат болған. Бұл, шіркеу үшін, қаражат жинау көзі болған. Өте бай азаматтар, Заң бұзушылық үшін жауапқа сирек тартылған, көбінесе инквизиция сойылы қарапайым халықтың басына түскен. Алғашқы рет, Рим папасының индульгенция сату құқығына қарсылық көрсеткен неміс ойшылы Мартин Лютер болатын. Оның көзқарасы бойынша, жаман іс үшін кешірім сұрау және кешірім беру құқығы тек Құдайдың қолында. Оның көзқарасы Германия (лютерианство) және солтүстік Еуропа (кальвинизм) елдерінде кең қолдау тапты. Рим шіркеуіне қарсылық ретінде реформа жүргізіле басталды. Радикал - реформаторлар Рим шіркеуінен бас тартуды ұсынған. Көп уақытқа созылған күрес нәтижесінде, қоғамды жаңадан реттейтін реформалар жүргізіле бастады.
Қиыр - шығыс Азия елдерінде 7-8 ғасырда араб түбегінде Ислам діні пайда болды. Пайғамбар Мұхаммед(с. ғ. с. ), араб халқының көзқарастарына, мәдениетіне, қоғамдық өмірге, үлкен өзгерістер енгізді. Мұсылман елдерінің заңдары, шариғатқа қарсы болмау керек. Шариғат дегеніміз Құран сүрелері мен Сүннеттен тұратын, құқықтық - нормативті құжат. Шариғатты басты заң құжат ретінде Араб мемлекеттері 20 ғасырға дейін қолданылған. Оның себебі, мұсылман елдері «жабық есік» саясатын ұстанып, басқа дін немесе басқа саяси типология елдердегі юриспруденция жағынан жаңалықтарды қолданысқа алмаған.
Жоғарыда зерттелген ақпарат, бұл «Заң бұзушылық» мәселесін тарих жағынан қарастырылған, сонымен бірге бұл мәселеге юриспруденция жағынан талдау біздің міндеттіміз. Заң бұзушылық құқықтану анықтауында, оның тарихи және логигалық бастауында социологиялық түсінік тұр. Заң бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйм салынған әрекеттерді жасау. [4] Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет - бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Құқық бұзушылық - Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т. б. ), әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т. б. ) теріс қылық және т. т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады.
Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
1. 2 Заңды бұзушылықтың себептері
Қылмысты зерттеуге арналған ғылымның бір саласы криминология 19 ғасырдың екінші жартысында пайда болған. Алғашқыда оны қылмыстық этимология, қылмыстық социология деп, атап жүрген.
Назарға алған жөн, кейбір криминалистік концепциялар, Заң бұзушылыққа көзқарасттар, ғылымның пайда болғанға дейін айтылған және осы салаға байланысты зерттеулер жүргізілген. Осы саладағы алғашқы теориялық құрылымды Аристотель мен Платонда таба аламыз. Заң бұзушылық мәселесін шешуге 18 ғасырдың көп ойшылдары зерттеуге күш салған, бұлар Беккариа, Бентам, Вольтер, Гельвеций, Гольбах, Дидро, Локк, Монтескье және т. б. Олар Заң бұзушылықтың пайда болғаның социальдық тұрақсыздықтан, қоғамның тәртіпсіздіктен көріп, репрессияларды тоқтатуға, профилактикалық жұмыс жасауға шақырған.
Заң бұзушылық жайлы және оның пайда болу себебін, социалист - утопистер көп зерттеген. Соның ішіндегі Томас Мор, қоғамды өзгерту үшін, оны қайта социалистік бастаумен құру керек деп ұсынған. Ж. Мелье, католик шіркеуінің қылмыстарын ашық жариялағанда, қоғам ішіндегі Заң бұзушылықты тоқтату үшін, жеке меншікті жою керек деп, адамдар арасындағы теңсіздік, қылмыстың ошағы деп айтқан. Мелье көзқарасына Морелли де қосылған, ол да қылмыстың басты себебі жеке меншік деп ойлаған. А. Сен-Симон, Ш. Фурье бойынша, Заң бұзушылықтың табиғи тамыры жекеменшіктік қоғамның ішінде, адамды қанау және эксплутациялау, Заң бұзушылықпен тек қылмыстық жауапқа тартумен тоқтату мүмкін емес деп, айтқан.
Сондай көзқарасты дамытқандар Ж. П. Марат және А. Н. Радищев. Марат Заң бұзушылықты «құл мен қожа» - дан тұратын қоғам ішінде іздеген эксплутарлық жүйеде көрген. А. И. Герцен бұл мәселені зерттегенде, көбінесе, экономикалық факторларға көп назар аударып, социальдық теңсіздікке, кедейлікке, сонымен бірге, Герценнің ойынша буржуаздық қоғам, қылмыспен күресе алмайды деген, тұжырым жасаған.
Қылмыстың пайда болғаның зерттегенде, ғылымдар екі көзқарасты топқа бөлінеді. Бірінші топ мүшелері, қылмысты «социальдық көрініс», ал екінші топ «биологиялық көрініс» ретінде қарастырады.
Буржуаздық криминологияны дамытуда үлкен үлес қосқан, қылмыстық антропологиялық мектептің өкілі, итальян психиатры Чезаре Ломброзо (1835-1909) . «Ломброзианство» және «неоломброзианство» терминдер сияқты, психиатрдың есімі де қазіргі күнге дейін өте белгілі. Заң бұзушылық, Ломброзо бойынша, - адамның дүниеге келуі, өтуі сияқты, айқын және керекті құбылыс. Заң бұзушылықтың пайда болуы, бұл биологиялық процесс. (Бірақ өмірдің соңғы жылдарында Ломброзо, қоршаған ортаны да ескере бастады. ) «Қылмыскер адам», «Қылмыс, оның себебі, емдеу процессі» кітаптарында, ғалымның айтуы бойынша, туылған кезінен бастап қылмыскерлер болады, оларда спецификалық физиология, психология, антропогендік жағынан белгілер болады және олар барлық қылмыскерлердің 35 пайызын құрайды. Ломброзо «табиғи» қылмыскерлердің тұрақты бейнесін іздей бастаған. Ол адамның қаңқасын, сүйек басын, бойын, дене салмағын және басқа аномалияларын зерттеген. Уақыт өткен соң, Ломброзо тағы да әр түрлі, бір - біріне ұқсамайтын 16 факторларды ашқан (бұған кіретіндер: метерологиялық, географиялық, экономикалық, рассалық және т. б. ) . Психиатор «табиғи» қылмыскерлерді алдын - ала тоқтату үшін, емдеу процессінде, өмірлік изоляция, жер бетінен жою процесстерді қолданған. Әрине, болашақта бұл теория және методика фашистер мен КСРО мемлекетінде жиі қолданыс тапты. Ломброзаның ашық, реакциялық көзқарастарды оның шәкірттері жұмсартуға, яғни гуманизациялауға күш салды. Итальян фашистік қылмыс кодекстін авторы Э. Ферри, биологиялық ломброзианство көзқарасына, социальдық факторды айқын енгізеді.
Уақыт өткен сайын биологиялық көзқарастың авторитеті төмендей бастайды. Оның себебі, фашизм мен коммунизм кезіндегі жиі қолданысы. Бірақ та, модернизацияға ұшыраған биологиялық көзқарас, әлі де қолданысты тауып тұр. Не себепті? Себебі, Заң бұзушылыққа барған кейбір тұлғаның мотивациясын түсіну қиын. Социальдық көзқараз барлық сұраққа жауп бере алмайды, сондықтан да аса қауіпті қылмысты түсіну үшін, адамның ішкі сана - сезімін зерттейді, осындай жағдайларда биологиялық тұрғыдан зерттеу процессі өз үлесін қосады. Әсіресе, қазіргі заманда «түсініксіз» немесе мотивациясыз Заң бұзушылықтың көпшілігі, психологиясы сау емес адамдармен орындалады. Есірткенің, арақ-шараптың әсері қоғамға үлкен зиян әкеліп тұр.
Қазіргі сәтте медицина мен гендық инженерияның жоғарғы дамуынан, «ген арқылы мұраға берілетін» Заң бұзушылық, деген көзқарас пайда болды. Оның өкілдері: О. Кинберг, О. Ланге, Е. Гейер, А. Штумпль және т. б. Көзқарасты қолдайтындар екі топқа бөлінді: юристер мен медиктер. Олардың ойынша, тұлғаға көптеген мінездік белгілер беріледі, сондықтан Заң бұзушылық та, ген арқылы берілу мүмкін.
Белгілі австралиялық психолог З. Фрейдтің психоанализ теориясы, көпшілікте қолданыс тапты. Фрейд, Заң бұзушылықты адамның ішкі сана сезімінде, оның психиканың тереңдігінде жатқан құбылыс деп айтқан. Адамды қылмысқа итермелейтін, ол - өлімнен қорқу инстинкті және сексуальдық мінезді нәпсі (либидо) сезімі.
Жоғарыда жазылған көзқарастар мен теориялар, Заң бұзушылыққа дұрыс түсінік беру жұмысында, мәселенің бір жағын ғана көрсетеді. Әрине, биологиялық теорияға ғана сүйеніп, тұлға «психологиясы қылмыс жасауға жақын» деген айыппен, жазаға тарту оңай. Бірақ, бұл адамзатқа қандай ауыр әсер тигезітінің елестету қиын емес! Бұл жағдайды прогрессивті саясаткерлер мен ғалымдар жақсы түсінген. Және биологиялық көзқарасты мүлдем жойып тастауға да күш салған. Сонымен де, социальдық көзқарасты әрі қарай дамыту үшін, биологиялық көзқарас маңызды орын алды. Сондықтан да, социологиялық бағыт өте қиын кезеңдерден өтті.
Заң бұзушылықты социальдық жақтан зерттеуді, алғашқы рет ғалымдар - статистиктер бастады. Ағылшын ғалымы Д. Говардтың Заң бұзушылыққа деген көзқарасы қызық. Оның айтуынша, қылмыскерлерді түзету процессінде, еңбекке тарту, тәрбиелеу, білім беру шаралары қолдану керек. Және де, оларға міндетті түрде сыйластықпен, адамгершілікпен қарау керек, себебі оларды, қоғамның өзі қылмыскерлерге айналдырды.
Француз ғалымдары П. Дюпати және Ж. -П. Бриссоның көзқарастарына назар аударғаның жөн болар. Олардың айтуынша Заң бұзушылықтың себебі, қоғам ішінде адамдар арасындағы экономикалық және саяси теңсіздік. Статикалық ақпаратқа анализ жасағанда, Дюпати бір шешімге келді, яғни әр жылдарда жасалған Заң бұзушылықтың саны өзгерісіз қалады. Осы кездерде, ХIХ ғасырдың соңында - XX ғасырдың басында, Э. Дюркгейм, мен Н. Д. Сергеевский дамытқан «Заң бұзушылық мәңгі процесс» деген теория пайда болды. Теорияны жақсы ашқан және дамытқан француз теоретигі Э. Дюркгеймнің «Заң бұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі», деген сөзі шығады.
Антропологиялық теорияны сынға ұшырауымен, социологиялық теорияның көптеген өкілдері, Заң бұзушылық мәселесін шешу үшін, социологиялық реформа жасауға шақырумен бірге, басты бір сұраққа жауап таба алмады. Экономикалық, климаттық, мәдениеттік, географиялық факторладың ішінен, олар ең маңыздысын таңдай алмады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz