КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . . 5Мектептегі көрнекті құралдардың жалпы түсінігі . . . 5Көрнекті құралдардың түрлері мен ерекшеліктері . . . 11
2. ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ . . . 21
2. 1 Информатикада оқыту және көрнекті құралдарды қолдану жолдары . . . 21
2. 2 Информатика сабағында интерактивті тақтаны қолдану . . . 28
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 35
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән грамматикалық ұғымдарды сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолымен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік үрдісі мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалығына сергек қарап, оны сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.
Көрнекілік әдістерін сабақ барысында дұрыс пайдалану оқушының оқу материалын жақсы меңгеруіне, осы сала бойынша өз танымын одан әрі кеңейте түсуіне және талқылауына қол жеткізеді.
Қоғамда бүгінгі таңда болып жатқан өзгерістер мұғалімнің кәсіби деңгейін жоғарылауын шығармашылық потенцияның өсуін талап етеді. Сондықтанда біз қазақ тілі сабақтарында көрнекілікті қолдану мәселелерін зерттеуді жөн көрдік.
Зерттеу жұмысының тақырыбы - «Информатика сабақтарында көрнекті құралдарды қолдану».
Зерттеу жұмысының мақсаты - информатика сабағында көрнекіліктерді тиімді қолдану арқылы оқу үрдісін қызықты да тиімді етіп ұйымдастырудың жолдарын әдіс-тәсілдерін анықтау.
Бұл үшін міндеттерді шешуді жөн көрдік:
1. Көрнекі құралдарды информатика сабақтарында көрнекілікті қолданудың педагогикалық негіздерін айқындау;
2. Информатика сабағын танытуда және компьютерлік сауаттылықты оқытуда қолданылатын көрнекіліктерді жүйелеу;
3. Информатика сабағын оқытуда сабақты көрнекі түрде өткізудің тиімді жолдарын іздестіру;
Зертеу жұмысының обьектісі - информатика сабағындағы көрнекті құралдар.
Курстық жұмыстың пәні: информатика пәні.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан тұрады, қосымша ретінде қазақ тілі сабақтарын қолданылатын үлгілері беріледі. Соңында қорытынды жасалып, пайдаланған әдебиеттер көрсетіледі.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі. Әл-Фараби, Я. А. Коменскийй, И. Г. Пестолоции, Ж. Ж. Руссо, А. Дистерверг, Ы. Алтынсарин, К. Д. Ушинский, т. б. оқу арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін, дербестігін танытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса, оқыту үрдісінің ерекшіліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен құралдары туралы М. А. Данилов, Б. Н. Есипов, М. Н. Скаткин, Н. Е. Лернер, Р. Г. Лемберг, Ю. К. Бабанский, В. Оконь, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Клинберг, Н. Марев, С. Н. Архангельский, Н. Д. Хмель, т. б өз еңбектерінде талқылаған.
1КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1Мектептегі көрнекті құралдардың жалпы түсінігі
Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан 2030 бағдарламасында» «білім беру жүйесінің басты міндеті - жеке тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіби тұрғыда жетілу үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп көрсетеді
Бұл мақсатта жету оқыту үрдісінің алдына жаңа маңызды талаптар қояды. әлеуметтік саяси реформалардың әлемдік тәжірбиесі көрсеткендей, қоғамдық өзгерістер кезіндегі мемлекеттік білім беру саясатында оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесі басты орынға ие болып отыр.
Біз көнекіліктердің бірнеше сипттамасынажыратып көреміз: біріншіден: көрнекілік - бұл оқу материалы мазмұнының оқу жағдаяттарында көрініс табу құралы, яғни ол пәндік білімдердегі қолдаудағы іс-әрекеттер молделі; екіншіден, көрнекілік - бұл оқу әрекетінің мазмұны, яғни ол оқу жағдаяттарн шешу молделі, үшіншіден, көрнекілік - бұл оқу материалын меңгеру құралы, яғни ол пәндік білімдердің оқушының жеке жетістігіне өту моделі болып табылады. Қарастырылып отырған мәселенің бұдан сипаттамасы «көрнекілік» ұғымына мынадай түсіндірме беруге мүмкіндік жасайды: көрнекілік - бұл оқушыға оқу іс-әрекетінің алуан түрін орындауға, сонда-ақ олардың оқу материалын игеруін ұйымдастыруға бағытталған оқу құралы.
Әл-Фараби, Я. А. Коменскийй, И. Г. Пестолоции, Ж. Ж. Руссо, А. Дистерверг, Ы. Алтынсарин, К. Д. Ушинский, т. б. оқу арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін, дербестігін танытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса, оқыту үрдісінің ерекшіліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен құралдары туралы М. А. Данилов, Б. Н. Есипов, М. Н. Скаткин, Н. Е. Лернер, Р. Г. Лемберг, Ю. К. Бабанский, В. Оконь, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Клинберг, Н. Марев, С. Н. Архангельский, Н. Д. Хмель, т. б өз еңбектерінде талқылаған.
Л. С. Выготский «Мектепте оқуға даярлау балалардың алған білім, дағды біліктерінің ауқымынан зор, ақыл -ой үрдісінің сапасына көбірек тәуелді болады. Сондықтан мұндай сапаға жеткізудің аса маңызды жақтарының бірі - балалардың бойында танымдық тудыратын тәсілді қалыптастыру болып табылады» - десе, көрнекті құралды пайдаланудың тиімділігі туралы В. Шаталовтың пікірінше: «Жинақты әдеттен тыс тірек сигналдарды оқушыларды қызықтырып, оларды белсенді еңбекке, ізденіске бастайды, сонымен қатар оқу проблемаларына аударады. Осыған орай балалардың бойында аса маңызды қасиет қалыптастырады, күнделікті сан мәрте көз алдына аса маңызды қасиет қалыптастырады, күнделікті сан мәрте көз алдына өтіп жатқан құбылыстар мен заттардың өзінен әдеттегіден тыс жәйтті аңғартады».
Бұл жерде оқушының алдына танымдық міндеттерді қойып, оның белсенділігін арттыруға бола ма? - деген сұрақ туындайды.
Осы жөнінде Ушинскийдің оқушылардың бойында бақылағыштық, танымдық белсенділікті дамыту үшін көрнекті оқуды талдау негізінде оқушыларда айқын образдар туындайтын, өзіне таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын, оқу материалдарын неғұрлым берік шешуіне көмектесетін көрнекті құралдарды көрсетуге кеңес береді. Өйткені олар бір жағынан оқушылардың ой-өрісін, ауызекі сөйлеу тілін, жазу дағдысын, айналадағы өмір туралы түсінігін кеңейтеді және оқушының білім деңгейіне сай саралап жасалғанда нәтижелі болады. Демек, ол оқу озаттарын тежемейді, әрі үлгерімі төмен оқушылар ескерусіз қалып қоймай, олардың теориялық білімі мен дағдыларын дамытуға әсер етеді.
Бұл мәселені философиялық және педагогикалық-психологиялық тұрғыда зерттеушілер (М. В. Гамезо, В. Ф. Ломов, В. Рубахин, Н. Г. Салмина) көрнекті құралдармен жұмыс жасауға деген қабілеттілік баланың бойында мектеп жасына дейін қалыптаса бастады деп тұжырымдайды: осындай қабілет негізінде суретті жазудың идеографиялық, буындық және әріптік түрлерін пайдаланған ата-бабамыз арқылы берілетін тума нышандар және ьас ми жұмысының нәзік психикалық-физиологиялық тетіктері жатыр. Өйткені адам қоршаған дүниенің нақты нәрселері мен құбылыстарын жазба алфавитінің құрамды бөлігі болып табылатын - таңбалар мен символдармен алмастыра отырып, көрнекілік іс-әрекетті жүзеге асырады. Қарастырылған нақты нәрселер мен құбылыстарды тікелей сезімдік түсінумен салыстырғанда, мұндай іс-әрект кезінде олардың қосалқы белгілерден байқалмай қалатын маңызды ішкі қатынастарын ашуға болады. Құбылыстар мен нәрселердегі маңызды нәрселерді ажырата алу танымы үрдістерінің негізін құрайды және өзінің мәнә бойынша қоршаған шынайылықты оны алмастыратын көрнекіліктер арқылы модельдей алатын адмның абстрактілі ойының түрі болып табылады.
Шынайы нысандардың орынына оның алмастырушылары қолданылатын танымдық іс-әрекетке көшу заңды үрдіске жатады. Ол филосифия мен психологияда адам санасында нәрселер мен құбылыстардың бейнеленуінің орынына, олардың мәнділігінің бейнеленуі ретінде, сезімдік түйсінуден ойға көшу, яғни шынайылықты психиканы модельдеу ретінде сиппатталады.
Қоршаған шынайылықты көрнекіліктер арқылы модельдеу үрдісін зерттеушілердің (Р. Д. Певина, Н. М. Фридман, В. А. Штофф және т. б. ) пікірі бойынша оның жүйе - құрылымдық, жүйе - функционалдық және басқа да өзара байланыстары «таза» түрінде көрініс тауып, көрнекіліктерді қолдану барысында нақты жаңа ақпарат алудан тұрады.
Оқыту үрдісі субъектілерінің көрнекілік арқылы білімді игеру қажеттілігі, яғни көрнекілік түрлерін қолдана алуы, ғылыми танымның әдісі ретінде модельдеудің маңыздылығымен емес, ой әрекетін кезеңімен қалыптастыру (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина) оқу іс-әрекеті (С. Л. Рубинштейн) мәтін мазмұнын қорытындылау (В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин) ой - іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру сияқты бірқатар психологиялық-педагогикалық теориялармен анықталады. Педагогика ғылымы саласында ғылыми-педагогикалық білімді модельдеуге арналған қомақты ғылыми еңбектер бар, олар: педагогика курсының логикалық - құрылымдық сұлбасын құру (Г. К. Нұрғалиева), педагогикалық инноватика (Ш. Т. Таубаева, С. НЛактионова) кәсіптік педагогикалық білім беру мазмұнын кестелер, модельдер, суреттер және т. б арқылы бейнелеу (А. П. Сейтешев, Т. С. Сыдықов, Л. Х. Мәжитова, Н. Д. Хмель, И. А. Нәби, К. Ө. Өстеміров және т. б) білім беру тарихының даму генезисі мен педагогикалық ойларды кесте, суреттер, диограмаларда және т. б бейнелеу (С. Қ. Қалиев, Қ. Ж. Қожахметова, Б. А. Әлмұхамбетов, А. Қ. Құсайынов), логикалық -құрылымдық сұбаларды жасау және жалпы психология бойынша тесттер, педагогикалық психология, оқыту теориясы құрастырылған. Ал, өмір талабына сәйкес жеделдеп даму үстіндегі ақпараттарды меңгерудегі түбегейлі өзгерістер кезеңінде бастауыш сыныптық пәндерді оқыту оқушыларға жауапкершілікті, өзін-өзі реттеуді, шапшаң шешім қабылдауға бейімделуді қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Осыдан келіп білім беру сапасын арттыруға деген қажеттілік оқушылардың әр пәнге деген қызығушылығы мен білім сапасын артыруға бағытталған әр түрлі көрнекіліктер жүйесін мектеп үрдісінде пайдалану керек.
Көрнекілік - педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі - көру түйсігі. Адам жадында терең таңбаланатыны да осы көру түйсігі арқылы қабылданған ақпарлар. Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі байланысын, олардың заңдылығын бейнелей алмайды. Құбылыстардың мәнін адам санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана бейнелейді. Көрнекіліктің нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған ақпарлар оқу міндеттеріне байланысты талданып, қорытылады. Көрнекілік құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты қағидаларының бірі болып саналады. Көрнекілікті чех педагогі Я. А. Коменский (1590 - 1670) 17 ғасырда енгізді. Одан кейін педагогтер швейцар И. Г. Песталоцци (1746 - 1827), неміс А. Дистерверг, орыс педагогі К. Д. Ушинский (1824 - 1870/71), т. б. Көрнекілікті оқу пәндерінің мазмұнына бейімдеп (ана тілі, арифметика, табиғаттану, т. б. ), дидактика мен әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптастырды.
Қазіргі оқу жүйесінде жанды-жансыз табиғат объектілерін байыппен байқаудың, сурет, өрнек, көркемөнер туындыларын, графикалық материалдарды заттай пайдаланудың мәні зор. Қазіргі дәуірде ғылым, техника, көркемөнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді, т. б. едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалану үшін түрлі кабинет, арнайы жұмыс орындары - кабиналар ұйымдастырылды. Осыған орай оқу барысында кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидар, оптикалық аспаптар, түрлі механизмдер, дәлдік өлшеу-есептеу машиналары, т. б. көрнекі құралдар қолданылады.
Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану аясы өте кең: айнала қоршаған дүниені, яки түрі табиғатты тікелей бақылау, саяхат кезіндегі бақылау, оқушылардың жинаған заттары, жеке клоллекция түріндегі гербарийлер, жан - жануарлардың, құстардың тұлыбы, модельдері макеттері мен панарамалар (оқушылардың өздері пайдаланады), кинофильмдер, диафильмдер, картиналар, портреттер, оқулықтағы, газет - журналдардағы суреттер т. б.
Кинофильм, диафильм, мультфильм және т. б. көрнекіліктердің өмір тәжірибесі аз, көп нәрселер мен құбылыстар жөнінде түсініктер кемелденбеген төменгі сынып балалары үшін орны бөлік. Мұндай көрнекті құралдар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін, білім - танымын дамытуға, тіл байлығын арттыруға, жаңа білімді тез меңгеруіне зор ықпал жасайды. Міне, сондықтан да көптеген зор ойлы ұстаздарымыз сабақтың көрнекілікпен жүргізілуіне ерекше мән беруде. Олар балаға тиіс емес бес сөз үйретсең, ол оны үйрену үшін ұзақ уақыт қиналатынын, ал сондай жиырма сөзді сүретпен байланыстырсақ, оны оп - оңай тез меңгеріп біліп алатынын өз тәжірбелері арқылы дәлелдеп жүр. Көрнекті құралдарды болайша пайдалануға болады. Мұндай тапсырманы 2 - ші, 3 - ші сыныптың оқушылары зор ынтамен орындайды, мұғалімнің көмегімен көрген фильмнің мазмұнын эпизодтарға бөліп, оларға тақырып қояды. Тапсырма орындалып болған соң, ол тексеріліп, сәтті қойылған тақырыптар тақтаға жазылады, оны оқушылар дәптеріне көшіреді .
- Көрнекті құралдардың түрлері мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», Қазақстанның Білім беру тұжырымдамасында мектеп міндеті - әр оқушыға терең білім беріп, оқушының ойлау қабілетін арттыру. Болашақ ұрпаққа саналы білім мен сапалы тәрбие беруде, оқушылардың материалды саналы түрде түсініп, есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде әрі ойлау қабілетін дамытуға көрнекіліктің тигізер әсері зор» делінген [1] .
Осыған орай, Қазақстандағы білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын мейлінше қуатты меңгермейінше, жан-жақты білімді, жетілген ұрпақ оқытып тәрбиелеу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалім үшін де, оқушы үшін де интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқыту технологиясына байланысты көрнекіліктердің жаңа түрлері мектепте оқыту үрдісіне қажетті әдіс-тәсілдер, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушының тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогикалық нақты ғылымға жақындату, оқушының интеллектуалдық шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндігі - оқу-тәрбие үрдісінің басты күре тамырының рөлін атқарады.
Оқыту жүйесінде көрнекілік принципінің алатын орны ерекше. Оқушылардың дүние танымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады. Ол заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді. Көрнекілік принципінің мақсаты - өткен тақырыпқа сай оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттыру және есте сақтау қабілетін шыңдау, мұғалімнің өз ойын оқушыларға нақтылы дәлелдеу үшін қолдану.
Оқушы санасында көрнекілік бейнелерін қалыптастырудың құралдары ретінде мектепте түрлі оқыту жабдықтары қолданылады. Көрнекі құрал - нақты объектінің, заттың немесе құбылыстың түрлендірілген формасы, моделі. Көрнекі құрал - таным құралы. Таным үрдісінде нақты заттарды, құбылыстарды олардың табиғи немесе қоғамдық өмір сүру жағдайын елестетуге жағдай жасайды.
Білім беруде көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызды мәселелерінің бірі - олардың ғылыми негізделген топтамасының болуы. Бұл мәселе оқытудың теориясы мен практикасында үлкен мәнге ие. Осы негізде көрнекі құралдардың жүйесі және көрнекіліктің әрбір түрі мен типінің дидактикалық атқаратын қызметтері анықталады. Педагогикада көрнекі құралдарды жүйелеудің бірнеше әдісі бар. Көп жағдайда олардың жеке түрлерінің белгілеріне (көлемі, біртүстілігі немесе әртүрлілігі, статистикалық немесе динамикалық, жекеше немесе ұйымда қолдануға арнаулы және т. б. ) құрастырылған заңына қарай немесе дидактикалық тұрғыда топтастырылады.
Жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін шешудегі көрнекілік құралдарының қызметтері олардың дидактикалық құралдары мен тәрбиелік бағыттарына орай анықталады. Оқыту құралдары негізінен 3 топқа бөлінеді, олар: оқу-әдістемелік құралдар, көрнекі құралдар, техникалық құралдар.
Қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен қолданылып жүрген мынадай көрнекіліктердің түрлері бар:
-Табиғи (табиғат, өсімдік, жан-жануар, жәндіктер т. б. ) .
-Көлемдік (әралуан заттардың моделдері) .
-Бейнелік (фотосурет, сурет т. б. ) .
-Графикалық (сұлба, сызба, кесте) .
-Дыбыстық (үн таспа/пластинка/магнитофон, диафильм, бейнефильм т. б. ) .
-Символикалық (табиғат, географиялық карталар) .
-Заттық корнекілік (егер де зат болмаса, олардың үлгісін көрсету) .
-Эксперименттік (физика, химия сабақтарында түрлі зертханалық байқаулар жүргізу) .
-Тілдік көрнекілік (фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жазбалары) .
-Аудиовизуалдық (кино, теледидар, радио, интернет желісі т. б. ) .
Көрнекіліктің табиғи түрінен басқалары заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда ғана қолданылады. Көрнекіліктерді дидактикалық принциптерді қолдануға қойылатын негізгі талаптар жүйесіне сай, яғни: оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану:
-Көрнекілікті қолдану тәсілдерін меңгеру, оның сабақ құрылымында өзіндік үйлесімдігін қатаң ескеру, оқу әрекетінде оқушылар ойының оған үнемі ауытқып кетуін болдырмау;
-Көрнекілікті қолдану барысында оқушылардың бақылау әрекетін тиімді ұйымдастыру;
-Көрнекілікті мұғалімнің сөзімен дұрыс байланысын қамтамасыз етіп, қорытынды жасау;
-Көрнекі құралдардың түрлерін (заттық, бейнелік, графикалық, символикалық, техникалық т. б. ) сабақтар жүйесінде нақтылы өз орнында пайдалану және оқушылардың жас, танымерекшеліктерін ескере отырып басшылыққа алу;
-Көрнекіліктерді қолдануда оқушының санасына үнемі көңіл аударып отыру қажет.
Көрнекілік құралдарын оқу-тәрбие жүйесінде қолданудың тиімділігі:
-оқушының жеке сезім-күйіне әсер етеді (яғни, таныммен, ғылыммен, өнермен байланыс жасауы) ;
-ақпаратты меңгеруді жеңілдетеді (яғни, ақпараттық таныстырушылық қызметі) ;
-ақиқатты объекті жөніндегі ақпаратты белгілі шамаға дейін ұғынуға мүмкіндік береді (сананы қалыптастырудағы көрнекілік қызметі) ;
-іскерлік пен дағдының қалыптасуына үлес қосады (жаттықтыру қызметі) ;
-оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесін бақылауға үлес қосады (бақылау мен бағалау қызметі) ;
-корнекілік оқушының таным қабілеттерін (елестету, есте сақтау, қисынды ойлау, сөйлеу) дамытады;
-оқушы жаңа тақырыпты тез түсініп, оңай қабылдайды.
Оқыту үрдісінде көрнекілік принципін жүзеге асыру мектептердегі тілдерді оқытуға
қойылатын басты талаптардың бірі. Көрнекі құралдарды әртүрлі тәсілмен пайдаланудың маңыздылығы оны жеткілікті және қажетті жағдайда қолдануын көрсетуі керек. Берекесіз пайдаланған көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Оқушылардың сабаққа деген ынта-жігері, қызығушылықтары жоғалады. Сондықтан көрнекіліктерді тиімді тәсілмен қолдану керек [2] .
Көрнекіліктерді пайдалануда жеке сөздерден сөз тіркестерін, сөз тіркесінен сөйлемге әрі сұрақ-жауап қойып, қарым-қатынас жасауға көп көмек береді. Оқушы сурет арқылы жаңа сөздің мағынасын түсініп, екі-үш сөзден сөйлем құрай алады. Сюжетті суреттерді қолдану - оқушыларды жүйелі сөйлеуге баулиды. Мысалы, қазақ тілі немесе шетел тілі пәндерінен кез келген жаңа сөзді көзбен көру, мүмкіндігі болса, қолмен ұстап көру оқушының санасына берік орын алады. Сабақ үстінде оқушылардың тілін ұстартуда сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді. Оқулықта берілген материалдардан көрнекілік жасап алуға да болады.
Ал оқытудың техникалық құралдары мұғалімдерге көмекші құрал ғана болады. Өйткені «мұғалім оқушылар үшін білімнің көзі, оқу процесінің жетекшісі ғана емес, еліктейтін үлгісі де».
Соңғы жылдары проекциялық аппараттарды: диаскоп, эпидиаскоп, фильмоскоп, диапроектор, комьютер мен интерактивті тақта және интернет желісін сабақта пайдалану арқылы өтетін тақырыптар ерекше қызықты, әрі әсерлі болады, оқушылардың ой-өрісін дамытып, тақырыпқа байланысты құрылған сюжетті әңгімелерді нақты көрсетіп, түсіндіруге көп ықпалын тигізеді.
Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып, жаһандану әлеміне енген еліміздің алдында тұрған міндететрінің бастысы - білім беру жүйесін жетілдіру, елдің интеллектуалдық потенциалын көтеруде білім беруді ақпараттандыру.
Қазіргі оқулықтар мен электрондық оқулықтар арқылы білім беру мазмұны - әлемдік деңгейге теңестіріліп келеді. Қысқа мерзімде ақпаратты іріктеп, пайдалануға үйретеді. Мұғалімдердің өз қабілеттерін үздіксіз арттыруына жағдай жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz