Шет елдердің Конституциялары және басқару нысандары



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПӘНІ, ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Шет елдердің Конституциялары және басқару нысандары ... ... ... ... ... ... .. 5
Шет елдердегі Парламент және Үкімет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...10
2 ИТАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТАЛДАМАСЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Италия Республикасының Конституциялық құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..13
2.2 Италия мемлекетінің билік органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Италия орта ғасырдан шетел басып алушылығы мен агрессиясына қарсы тұра алмайтын, бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінген ел ретінде шықты. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда Апеннин түбегінің территориясында оның кейбір аймақтары кейде француздар, кейде испандықтар, кейде австриялықтар қол астында болған европалық коалицияның ұрыстары жүргізілді.
Италия ХІХ ғасырдың басында Наполеон үстемдігінің қол астында болды, 1815 жылдан бастап Вена конгресінің шешімімен 8 ұсақ корольдіктер мен герцогтықтарға бөлінді: Пьемонт Сардиния; Австрия империясының құрамына кірген Ломбардо-Венеция корольдігі; елдің солтүстігінде Папа Рим мемлекеті және Орталықта төрт герцогтық Тоскана, Парма, Лукка, Модена; Оңтүстігінде Неаполитан Екеулік Сицилия корольдігі.
Итальян мемлекеттерінің арасын тек саяси ғана емес, таможнялық шекараларда бөлді. Кіші-гірім герцогтықтар мен корольдіктерде өздерінің өлшемдері, ақша жүйесі, қылмыстық және азаматтық заңдары болды. Барлық жерде жартылай феодалдық дворяндар мен дін үстемдік етті, король мен герцогтың билігіне шек қойылмады, буржуазия мен буржуазияланған дворяндардың құқы, мүддесі екінші орынға жылжыды.
Сондықтан да, ХІХ ғасырдың 40 жылдары Италия Европаның ең артта қалған, кедей ел ретінде саналғанына таңқалуға болмайды. Саяси бытыраңқылы, экономикалық артта қалған, ұлттық қасиеті мұқалған Италия Австрия канцлері Меттернихтің сипаттауынша Европа елдерінің көзқарасында мемлекет емес, тек географиялық ұғымң болып көрінді. Өз товарларын өткізуге ішкі рыноктың жетіспеуінен қиналған Италия өнеркәсібі кіші мемлекеттер аясында тұншықты. ХІХ ғасырдың 30 жылдарында өнеркәсіп ұсақ қолөнер сатысынан шыға қоймады, шашыраңқы мануфактура дамыды. Ауқаты адамдар өз қаржыларын ауыл шаруашылығына жұмсау тиімді деп есептеді. Ал ауыл иелері - жер иеленушілер мен ірі арендаторлар итальян буржуазиясының жетекші отрядын құрды.
Аталғанрефераттың зерттелуінің басты мақсаты - Италия мемлекетінің тарихи негіздемесіне сүйене отырып, конституциялық құқықтық негіздерінің мәнін ашу болып табылады.
Жұмыстың басты міндеттеріне келесі аспектілер жатады:
Шет ел конституциялық құқықтық мәндерін қарастыру;
Шетелдердің парламенті мен үкіметіне талдау жасау;
Италия мемлекетінің құқықтық деңгейін қарастыра отырып, билік органдарына тоқталу болып табылад.
Жұмыстың объектісі - Италия республикасының құқығы
Жұмыстың пәні - шет ел құқықтық аспектілері.
Жұмыстың құрылымы. Италияның құқықтық негіздері тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПӘНІ, ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
Шет елдердің Конституциялары және басқару нысандары

Қазіргі кездегі көптеген мемлекеттердің Конституциясы сол елдердін негізгі саяси-құқықтық құжаты әрі нормативтік құқықтық ережелерінің өзара қабысқан жиынтығы саналып, ең жоғары заң күшіне ие болады. Сондай-ақ, бұл заңдар қоғамдық қарым-қатынастарды, саяси жүйелер мен саяси режимдерді негізге ала отырып, мемлекеттік және өзін-өзі басқару оргаіщарьш институттандыру принциптерін көздейді.Сайып келгенде, Конституция анықтамасы былайша тұжырымдалады. Конституция - мемлекеттің негізгі заңы, ол басымдық ететін қогамдық күштердің еркін білдіре отырып, сол елдіцң қоғамдық және мемлекеттік құрылысын, құрылымын, сонымен қатар әр түрлі қоғамдық органдардың қызметін көрсетеді.Мемлекеттік құқықтық әдебиеттерді зерттеу барысында мына елдердің: АҚШ (1787 ж.), Франция (1791 ж.) негізгі заңдары- мемлекеттік конституциялары алғаш қабылданғандар қатарына, ал кейінгі қабылданғандарына: Норвегия (1814 ж.), Бельгия (1831 ж.), Аргентина (1853 ж.), Люксембург (1868 ж.), Швейца-рия (1874 ж.) едцерінің конституциялары жатады. Екінші дүние жүзілік соғыс алдында қабылданып, қазірге дейін күшін сақтаған конституцияларды атасақ, олар: Австралия, Мексика, Ли-ван, Ирландия, т.б. елдерге тән. Ал енді, Азия, Африка, Латын Америкасы елдеріне келсек, олардың басым көпшілігі дүние-жүзілік колониальдық жүйенің күйреуінен кейін қабылданған конституциялар.
Мемлекеттану ғылымы ұғымында конституция екі негізгі мағынада қаралады:
Әуелгісі- заңдық конституция (мемлекеттің негізгі заңы ретінде бекітілген тәртіппен түзіліп, қабылданады) - сол елдің мемлекеттік сипатын, саяси жүйесін, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының ұйымдасуы негізі мен қызметін анықтай Вестник Межпарламентской Ассамблеи, 1994, №1,40-бет.отырып, адамдар мен азаматтардың құқықтық жаиларын тәртіптеп береді. Былайша айтқанда, зандық конституция белгілі бір мемлекеттегі қоғамдық карым-қатынас жүйелерін қағидалап тұжырымдайды.Әлбетте, зандық конституция процесі түзілген кездегі тәжірибеде барлық құқыктық тетіктер жинақталып, дәл саралана алмауы мүмкін. Мұндай жағдайдың өзінде де коғамдық қатынас-тарды басқаратын құқықтық тетік мемлекеттану ғылымында нақтыланып конституция деп санала береді. Бірақ, күнделікті ағымдағы қажетті өзгертулер зандық конституцияға енгізіліп отыруы тиіс.
Конституция уақытша және тұрақты болады. Уақытша конституция әдетте белгілі бір мерзімге қабыдданады, Мысалы, Таиланд Конституциясы 1959 жылы тұрақты конституцияны кабылдағанға дейін күшінде бодды. Көп едцердің конституция-сы тұрақты конституция болып табылады. Алайда, бұл тұрақтылық ол конституцияға өзгертулер, толықтырулар енгізуге, тіпті кайта қарауға бөгет бола алмайды.
Конституциялар демократиялық және авторитарлық деп те бөлінеді. Демократиялық конституциялар еліндегі азаматтардың әр түрлі бірлестіктеріне еркіндік пен кең кұқықтар беруімен кезге түседі. Ал, авторитарлық конституциялар негізінен азаматтардың саяси құқығы мен еркіндігін шектеп, тіпті тыйым да салуымен ерекшеленеді.Әрбір конституция өзіндік ерекшеліктерге ие. Дегенмен, көптеген конституциялар кейбір жалпы сипаттарға ие болады:
а) конституция халықтық өкімет принциптерін жариялайды. Мысалы, Бельгияның 1831 жылғы Конституциясының 25-бабын-да: "Барлық билік халықтан келіп шығады." делінсе, Италия Республикасының Конституциясының 1-бабында: "Италия -демократиялық республика... Тәуелсіздік тек халыққа тиісті"- дейді. Ал, Испания Конституциясының 1-бабында бұл елдегі ұлттық азаттық тек халыққа тиесілі екені айтылады. Өзбекстан Республикасы Конституциясының (1992 ж.) 7-бабында: "Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі - халық болып табылады", - деп жазылған. Тунис Республикасының Конституциясының (1959 ж.) 3-бабыңда: "Тәуелсіздік құқық тек тунис халқына тән әрі оны Конституцияға сай жүзеге асырады"- деп жазылған.
б) Конституция адамдар мен азаматтардың құқықтық жағдайларын реттейді. Мысалы, Бразилия Конституциясында арнайы бөлім бар. Ол "Құқық Декларациясы" деп аталады. Венесуэланың Конституциясында (1953 ж.) "Жеке және коғамдық құқықтар мен міндеттер" деген бөлім болса, ал Өзбекстан Конституциясында: "Адамдар мен азаматтардың негізгі құқықтары, еркіндігі және міндеттері" атты тарау бар.
в)Конституция билікті бөлу принциптерін бекітіп береді. Мұндай кағидалар, мысалы, АҚШ, Ресей, Жапония, Эстония, Дания және т.б. елдердің конституцияларында бар.
г)Конституция басқару түрлерін орнықтырады (республика немесе монархия). Мысалы, Боливияның саяси конституциясында (1967 ж.): "Боливия унитарлық республика болып табылады" деп көрсетілсе, Испания конституциясы (1978 ж.): "Испан мемлекетінің саяси нысаны - парламенттік монархия болып саналады" - деп жазылған. Ресей, АҚШ, Израиль, Беларусь, Украи-на, Өзбекстан, т.б. мемлекеттер республика деп жарияланған.
д) Конституция мемлекеттік құрылым түрлерін (унитарлық немесе федерациялық) орнықтырады. Мысалы, ФРГ, АҚШ, Индия, Мексика федерациялық мемлекеттер болып жарияланған.
е) Конституция сайлау жүйесін бекітеді.
Сонымен көп мәселелерді, әртүрлілігіне қарамастан, консти-туция лар реттейтіні анықталды.
Конституция - сол елдегі қоғамдық қарым-қатынастарды құқықтықтұрғыдан реттеуші жүйелерді аныктайтын мемлекеттік негізгі заң болып есептеледі. Ал, қалған зандар мен заң күшіндегі актілер, әдетте, конституциялық институттар арқылы белгіленген конституциялық реттер бойынша қабылданады. Конституцияның жоғары заң күшіне ие болу сипаты оның қалған барлық нормативтік құқықтық актілердің конституция нормаларына дәл де сәйкес болуын талап етуімен айқындалады. Әрине, конституцияның үстіден караушылық қуатын ондағы нормалардың өздері камтамасыз етеді. Сөйтіп, Ресей Федерациясының Конституциясы (4-бап) Ресей Федерациясының барлық территориясында үстіден қараушылық қабілетіне ие. Жапония Конституциясының 98-бабында Конституция елдің үстінен қарайтын заң күшіне ие екендігі, қалған заңдар мен жарлықтар, рескриптер немесе тағы да басқа мемлекеттік актілер, егер олар конституция ережелерінің бөлімдеріне не тарамдарына қайшылықты келсе, онда ешқандай заң күшіне ие болмайтыны айтылған.Біз Конституцияны төмендегіше жіктейміз: қабылданган негізгі заңның мәтіндерін зангерлердің дайындау тәсіліне қарай; конституцияны өзгерту (қайта қарау) реті бойынша.
Қабылданған негізгі заңның мәтіндерін заңгерлердің дайындау тәсілі бойынша
Конституция екі топқа бөлінеді:
1 жазылған; 2 жазылмаған.
Жазылған конституция бірыңғай құжат түрінде құрылады. Оған мысалы, Германияның Негізгі заңы, Испания Конститу-циясы, Мексиканың саяси Конституциясы, Ресей Федерациясының Конституциясы, Кырғызстан Республикасы Конститу-циясы кіреді. Жазылған конституция (ерекшелік сипаты) бірнеше мемлекеттік-құқықгық актілерден түрады (Канада, Израиль, Сауд Арабиясы, Швеция). Литва Республикасының 1992 жылғы Конституциясының 150-бабына сәйкес, бұл Конституция құрамына 1991 жылдың 11 ақпанындағы "Литва мемлекеті жайлы конституциялық заң" және 1992 жыддың 8 маусымындағы "Лит-ва Республикасының постсоветтік Шығыс одағына қосылмауы туралы" конституциялық акті кіреді.
Жазылмаған конституция тек Англия мен Жаңа Зеландияда ғана бар. Дегенмен, жазылмаған конституция нормалары нақты көптеген елдердің мемлекеттік-құқыктық актілерінде де кездеседі.
Өзгерту (қайта қарау) реті бойынша да конституцияларды екі топка: бейімді және қатаң деп бөлеміз.
Бейімді Конституция өзі қабылданған, өзгертілген, толықтырылған жай парламент зандары іспетті принциппен өзгертіле береді.
Қатаң Конституция болса негізгі заңның өзінде қарастырылған ерекше тәсілмен өзгертіледі.
Жазылған конституция: преамбула, негізгі бөлім, қорытынды, өтпелі, т.б. ережелерден (қосымшалардан) тұрады.
Преамбула, әдетте, конституцияны салтанатты жариялаудан, сондай-ақ кейбір нормативтік сипаттағы емес мәлімдеу ережелерінен тұрады. Кейбір елдердің (Бельгия, Италия, Латын Америкасының көптеген елдерінің) конституциялары преамбуласыз.Конституцияның негізгі мәтіні адамдар мен азаматтардың құқықтық жағдайлары жайлы нормаларының, мемлекеттің саяси жүйесі мен конституциялық негізгі институттарыньң, мемлекет түрі мен өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік саясат пен қоғамдық қатынастарды баскарудың маңызды жақтарын реттейтін нормалардан тұрады.Қорытынды және өтпелі ережелер нормалардың күшіне ену тәртібін немесе қабылданған конституцияны өзгерту реттерінің орнықтырылуы жайын, сондай-ақ әрекеттегі зандардың жаңартылу мерзімі мен басқа да көптеген жеке мәселелерді карастырады.Конституцияға қосымша негізінен басты мәтіндерде кеткен ақаулықтарды толықтырып не болмаса конституцияның басты мазмұнының (фабуласының, мысалы, Үндістан Конституциясына қосымша) қүқыктық жүгін нақтылайды.Жазылған Конституцияны қабылдаудың әлемде әр түрлі жол-жоралары бары бізге мәлім. Осылардың арасынан төмендегі жалпы мойындалған үш негізгі жол-жораларға тоқталайық:
1) Конституцияны өкілдік құру арқылы (құрылтай жиналысы немесе парламент) кабылдау.
Былайша айтқанда, АҚШ-тың қазіргі күші бар конституциясы конституциялық конвент арқылы қабылданған. Бұл органға құрылтай өкілеттігі берілмеген, конфедеративті одакқа бірлескен 13 тәуелсіз штаттың 12 штатынын өкілдігінен небәрі 55 де-легат қатысқан болатын. Олар өздеріне өздері құрылтайлық өкілдікті иеленген еді. 1787 жылы 13 қыркүйекте делегаттар қол қойған конституция жобасы штаттарға ратификация жасауға жіберіледі. Осы мақсатта штаттарда құрылтай жиналысы сайланды. Жобаны мақұлдауға 9 штат қажет болғанымен, оны 11 штат колдап, 1789 жылдың 4 наурызында АҚШ Конституциясы ресми күшіне енген болатын.1791 жылғы Француз Конституциясы 1789 жылғы 5 мамырда король тарапынан шақырылған бас штат құрамына енетін депутаттардын үшінші тобы (сословия) ұйымдастырған құрылтай жиналысында бекітілгенді. Құрылтай жиналысы мақұлданған конституция жобасы корольге санкциялау үшін жіберілді. Бірақ, бұл акті жанама сипатта болды. Өйткені, конституцияның рес-ми күшіне ену күні король Людовик XVI-ның конституцияға қол қойған 14-қыркүйек күні емес, 1791 жыддың 13-қыркүйегі, яғни, конституцияны құрылтай жиналысының мақұлдаған - оның қабылданған күні саналады.Сондай-ақ, құрылтай жиналысы тарапынан: Италия (1947 ж.), Индия (1974 ж.), Греция (1975 ж.), т.б. елдердің конституцияла-ры қабылданды. Сайлау корпусы тарапынан да конституция кабылданды. Мұндай жағдайда конституцияның қабылдануы, мысалы, 1958 жылы Францияда болды. Сайлау корпусы сол секілді Италияда (1947 ж.), Югославаияда (1945-1947 ж.), Болгария мен Румынияда (1990-1991 ж.) конституциялар қабылдады.Атқарушы өкімет басшысы актісімен (октроирование) конституция кабылдау. Конституция жобасы тек қана өкімет ап-параты тарапынан дайындалады. Кейін оны окімет басшысы бекітеді. Алғаш рет мұндай тәсіл Францияда, Король Людовик XVIII-нің тарапынан қабылданып, ол 1814 жылғы Хартияны бекіткен болатын. Мұндай тәсіл 1831 жылы Бельгияда, 1867 жылы Канадада, 1963 жылы Кувейтте және т.б. елдерде қолданылды.Бұл тәжірибені патшалық Ресей де колданған болатын. 1906 жылы 27 кекекте "Ресей империясының негізгі мемлекеттік заңдарының" мәтіні жарияланды. Шындығын айтсақ, бұл ең алғашқы жоғарыдан ендірілген орыс конституциясы еді. Бұл зандар Ресей империясының мемлекеттік құрылымын, мемлекеттік тілді, жоғарғы биліктің мәнін, заң шығарушылық тәртібін, орталық ұйымдар: Мемлекеттік Кеңес пен Мемлекеттік Дума принциптерінің, Министрлер кеңесі мен министрліктердің, Ресей азаматтарының құқығы мен міндеттерін, православие шіркеуі жағдайын күшейтті, мемлекет елтаңбасының сипаттамасы жазылып, сондай-ақ мемлекет өмірінің ең маңызды мәселелері сөз болды.
Кез келген конституцияның корытынды ережеде көрсетілген кезден немесе арнайы мемлекеттік-құқықтық актімен күшіне енетіні белгілі. Мысалы, Ресей Федерациясының Конституциясының Қорытынды және өтпелі ережелерінде көрсетілгендей осы елдің Конституциясы халықаралық дауыс беру нәтижесіне сай ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді.Күшіне енген Конституция заң бойынша мемлекеттің барлық территориясында ыкпалды. Кейде конституция белгілі бір территорияда ғана күшінде болса, кейін басқа бір территория аумағында да күшіне енуі мүмкін. Мысалы, ФРГ-нің 1949 жылы қабылдаған Негізгі заңының әуелде тек батыс Германия жерінде күші болса, кейін ГДР-дің ФРГ құрамына кіруі нәтижесінде ФРГ-нің Негізгі заңы ГДР территориясында да күшіне енді.Жазылған конституцияны өзгертудің әр түрлі тәсілдері емірде белгілі.
Бейімді деп аталатын конституцияларды езгерту, жоғарыда айтып өткеніміздей, лайықты заңдар қабылдау нәтижесіңде жүзеге асырылады. Осындай тәсілдер арқылы Англия, Израиль, Жаңа Зеландия, Сауд Арабиясы, Швеция конституциялары өзгеріске түсті. Ал, қатаң конституцияларды өзгерту мұнан гөрі күрделірек тәртіппен жүзеге асырылады. Мысалы, АҚШ-тың конституциясын өзгерту үшін түзету жобасын Конгрестін әрбір палатасы мүшелерінін үштен екісі дауыс бергенде, не болмаса заң шығарушы жиналыстардын төрттен үш штаттары қолдағанда ғана заңды болады. Дегенмен, осы күнге дейін АҚШ конститу-циясына 26 түзетулер енгенін айта кеткеніміз жөн.Италияда конституцияны өзгерту үшін парламенттер қатарынан екі рет талқылау өткізіп, екінші дауыс берерде әрбір палатаның абсолюттік көпшілік дауысына ие болуы талап етіледі. ФРГ-да да Негізгі заңды өзгерту үшін парламенттің екі палатасында да көпшілік дауыс талап етіледі. Ал, Австралияда Парла-мент бекіткен конституцияға енгізілген түзетулер жобасы ре-ферендумда бекітілуі қажет.Төтенше жағдайларда, айталық, Бельгия, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы, Франция және т.б. елдерде, кон-ституцияны қайта қарауға тыйым салынатынын ескерте кеткіміз келеді.Сонымен катар, Конституцияға өзгерту енгізу ынтасына ие құқық субъектілері әдеттегідей заң шығарушылық процесін атқарады. Алайда, мұндайда кездесетін өзгеше ерекшеліктерді де естен шығаруға болмайды. Мысалы, Ресей Федерациясының Конституциясына ұсыныстар мен түзетулер Ресей Федерациясы Президенті, Мемлекеттік Дума, Ресей Федерациясының Үкіметі, Ресей Федерациясының заң шығарушы (өкілетті) субъ-ект органдары, сол секілді Федерация Кеңесінің немесе Мемлекеттік Думаның бестен бір бөлігінен кем емес депутаттары тобы дауыс берсе ғана жасалады. Ал, Грецияның Конституциясына конституцияға сәйкес өзгертулерді енгізу жайлы ұсыныстарды саны 150-ден кем емес депутаттар ғана енгізе алады. Кейде Негізгі заңға түзетулер жобасын даярлау үшін конституциялық комис-сия құрылады (мысалы, Швеция мен Финляндияда).Сонымен катар кейбір елдерде негізгі зандарды қайта құру үшін халық ықыласын жүзеге асыру жолы да қарастырылады. Мысалы, Италияда конституциялық заң жобасы кем дегенде 50 мың сайлаушылар ұсынысымен ғана қайта қаралатын тәртіп орнаған. Швейцарияда конституцияны толық не жартылай карау үшін халық ықыласын жүзеге асыру ескерілген. Сондай-ақ, халық ынтасымен конституцияға түзетулер енгізу Латвия Республикасының Негізгі Заңында қарастырылған. Мұндай ұсынысқа 300 мыңнан аз емес сайлаушылар қол қоюлары тиіс.

Шет елдердегі Парламент және Үкімет

Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат Парламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге, Парламент сессиясында Палаталарға есеп беретін ла-уазымды адамдардың есебін тындау туралы ұсыныс енгізуге; депутаттардың сауал салуға, Парламент қабылдайтын зандар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.Парламент депутатының өкілеттігі: ол орнынан түскен; депутат іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған; Парламент таратылған; депутат болып сайланғаннан кейін лауазымды қызметін жалғастыру үшін сол қызметті сақтауға тиіс болған жағдайда тоқтатылады (52-баптың 3 және 5-тармақ-тары). Депутат оған қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған кезде, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетсе өз манда-тынан айырылады. Депутаттың өкілеттігін тоқтату немесе одан айыру туралы шешімді республиканың Орталық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша Парламенттің тиісті Палатасы оның депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен шығарады.Депутаттардың Парламент сессияларына, оның Палаталарының отырыстарына қатысуы.
Депутат Парламент және оның құрамына кіруге тиісті органдарының жұмысына қатысуға міндетті. Депутат дауыс беру құқығын жеке өзі жүзеге асырады. Оның дауысын басқа депутатқа беруге құқығы жок. Палата Бюросының, оның тұрақты комитеттерінің, Парламент комиссияларының және оның Палаталарының құрамына кірген депутат оның қарауына кез кел-ген мәселені енгізуге, мәселелерді қарауға әзірлеуге, ол бойынша талқылау мен оны қабылдауға қатысуға, сондай-ақ қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуын ұйымдастыруға, олардың орындалуын бақылауға құқылы. Ол Парламенттің өзі құрамына кірген органының шешімімен келіспесе, өз көзқарасын Парламент сессиясында мәлімдеуге немесе ол туралы жазбаша нысанда хабарлауға құқылы. Палата Бюросының, оның комитеттерінің, комиссияларының құрамына кірмеген депутаттар аталған органдардың отырыстарына белсенді түрде қатыса алады.Депутаттық сурау салу Парламент Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстарында депутаттың мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының Парламент сессиясына осы органнын, немесе лауазымды тұлғаның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде Парламент сессиясында негізделген түсініктеме беруін немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы болып табылады.Парламент депутаты Премьер-Министрге және Үкімет мүшелеріне, Ұлттық Банктің Тарағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасына және мүшелеріне, Бас Прокурорға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы мен мүшелеріне сұрау сала алады. Бұл ретте Бас Прокурорға салынған сұрау қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыруға байланысты мәселелерге қатысты болмауы тиіс.Депутаттық сұрау салу ауызша немесе жазбаша түрде болуы мүмкін және лауазымды нақты адамға арналуы тиіс. Сұрау салу және оған жауап беру тәртібі Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентімен қаралады. Лауазымды адам қойылған сауалға Парламенттің немесе Палаталардың жалпы отырысында жауап беруге міндетті. Депутаттық сауалға берілген жауап және оны талқылаудың нәтижесі бойынша Парламенттің немесе оның Палаталарының қаулысы қабылданады.Депутат өз қызметін тәуелсіз жүзеге асырады. Лоббизмді заңды түрде реттеу депутаттың тәуелсіздігіне зандық кепілдіктің бір түрі болып табылар еді. Алайда, осы мәселе Қазақстан Республикасының конституциялық зандарында реттелмеген. Осыған байланысты заң шығару процесінде әр түрлі көлеңкелі саяси күштердің Парламент депутаттарына ықпалы туралы әр түрлі пікір айтылып жүр. "Директорлық лоббидің", "салалық лоббидің", "криминалды лоббидің" және басқаларының бар екендігі айтылады. Алайда, мұндай пікірді тексеру де, оның бетін ашу да өте қиын. Депутатқа немесе оның жақын туысқандарына депутаттық міндетін дәл атқаруға кедергі келтіру мақсатында қандай да болсын нысандағы іс-әрекет республика заң-дарына сәйкес жауаптылыққа тартылады. Депутаттың алдында өз міндетін орындамаған, оған жалған ақпарат берген, депутаттық қызметтің кепілдігін бұзған мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдары заңға сәйкес жауап береді.Қазақстан Республикасының Конституциясы егер сайлаушылар өз депутатына аманат тапсырып, ол сенімді ақтамаса, сайлаушылар ол депутатты кері шақырып алатын депутаттың аманаттық мандатынан бас тартты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша депутат тек өз сайлаушыларының ғана тілегін білдірмейді, ол Қазақстанның барлық сайлаушыларының өкілі болып табылады. Сондықтан Парламент депутаты қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты емес 52-баптың 1-тармағы). Депутатты сайлаушылардың кері шақырып ала алмауы, депутат сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін сезінбейді деген сөз емес. Депутаттар парламенттік каникул кезінде өздерінің сайлау округтеріне барып, сайлаушылармен кездеседі, олардан түскен ұсыныстарды, өтініштерді қарайды, өз өкілеттігі шегінде сайлаушылар көтерген мәселелердің дұрыс және уақытында шешілуіне ықпал етеді, қоғамдық пікірді зерттейді және қажет кезінде тиісті мемлекеттік билік органдарына, қоғамдык бірлестіктерге ұсыныс түсіруі мүмкін. Депутаттың қызметіне байланысты мәселе бойынша депутат мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кедергісіз кіру құқығын, олардың басшылары мен басқа лауазымды адам-дардың кідіріссіз қабылдауы тиістігі құқығын пайдаланады.
Үкімет, әдеттегідей, накты бір мемлекеттің атқарушы билігі жүйесіндегі жоғары алкалы орган болып табылады.Шетелдердің көптеген конституциялары Үкіметтің занды мәртебесін өздерінше түсіндіріп береді. Мысалы, Қырғыз Рес-публикасы Конституциясының 70-бабы бойынша Республика-ның мемлекетгік билігінің жоғары атқарушы органы -- үкімет болып саналады. Ал, Франция Республикасы Конституциясы-ның 20-бабыңда:"Үкімет Үлттық саясатты анықгап, оны жүзе-ге асырады", -- деп жазылса, Марокко Корольдігі Конституция-сының 60-бабында: "Үкімет зандардың орындалуын қамтама-сыз етеді. Ол әкімшілікті басқарады", -- деп көрсетілген. Испа-ния Конституциясыньщ 97-бабына жүгінсек:"Үкімет ішкі және сыртқы саясатгы, азаматтық және әскери әкімшілік пен елдің қорғанысын баскарады. Ол езінің атқарушылық билігін консти-туция мен зандарға сәйкес жүзеге асырады".Дегенмен, үкіметтің мемлекет билігін жүзеге асырудағы іс жүзіндегі рөлін, сондай-ақ мемлекет басшысымен, парламент-пен, конституциялық бақылау органдарымен және де абыройлы саяси партиялармен арақатынасын накты анықгап беретін ережелер де бар.Мысалы, президенттік республикаларда үкімет парламентсіз жолмен құрылады. Айталық, АҚШ президенті үкіметті өзі түзеді, ал конгресс үкімет қызметіне вотум шығарып, сенімсіздік көрсе-туге хакы жоқ; үкімет қызметін бакылау тек шектеулі түрде: Пре-зидент тиісті лауазымды түлғаларды тағайындағанда, келісім-шарттарды, бюджетті бекіткенде, сондай-ақ инпичмент реттері арқылы өз келісімдерін беру түрінде ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі жайлы
ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Конституциялық құқықтың негіздері
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
Шетелдердегі конституциялық қадағалау
Шет елдердің конституциялық құқығы
АҚШ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТАЛДАМАСЫ
Шетелдердің конституциялық құқығы пәнінен дәрістер
Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы
Пәндер