ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ



Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Банк жүйесі және оның жалпы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен дамуы ... ... ... ... .8
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.1 Қазақстанның қазіргі кездегі банк жүйесінің жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 ҚР банк жүйесін дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .19

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құра бастады.1990 жылы желтоқсан айында қабылданған ҚазКРО - дағы банктер және банктік қызмет туралы алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны құруға әкеліп соқты.
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай- ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV-XV ғғ. Пайда болған. Олардың енбектерінде банк тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар- ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
"Банк" сөзі "banco" деген ағылшын тілінен аударғанда "айырбас столы" дегенді білдіреді. Бұл "айырбас столы" тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған.Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды.
Қазіргі таңда Қ.Р-да екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан Ұлттық банк және коммерциялық банктер.Олардың қоғам рөлінде атқаратын маңызы мен ролі өте зор. Қоғамның экономикалық деңгейінің дамуына өзінің үлкен ықпалы мен әсерін тигізеді.
Жұмыстың мақсаты:
- Банк жүйесін қалыптастырудың теориялық негіздерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының Банк жүйесін қалыптасуы;
- Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің даму жолдарын қарастыру;
Жұмыстың міндеттері:
- Банк жүйесінің мәні мен мазмұнын ашу;
- Банк жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу;
- Банк жүйесінің экономикалық жағдайдағы ықпалдылығын қарастыру және т.б. мәселелер курстық жұмыстың міндеттері болып табылады.
Зерттеудің құрлымы: жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
1.1 Банк жүйесі және оның жалпы түсінігі

Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы.
Бір жүйедегі банкілер несие, есеп айырысу операциялары мен өзгедей операцияларды жүзеге асырады, нормативтік актілермен реттеледі. "Қазақстан Республикасындағы банкілер және банк қызметі туралы" ҚР Заңына (1995) сәйкес Қазақстанда Банк жүйесі екі деңгейлі. Ұлттық банк мемлекеттің Орталық банкі болып табылады және Банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіне жатады, айналысқа ақша шығарады, оның міндеті -- ұлттық валютаның -- теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, коммерциялық банкілердің қызметін қадағалап, бақылау. ұлттық банкінің міндеттері, қызметі, қағидаты, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ҚР Заңында (1995) белгіленген. Екінші деңгейдегі банкілерге коммерциялық банкілер жатады. Олардың міндеттері -- клиенттерге (кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) түрлі қызметтер көрсету (несие беру, есеп айырысу, кассалық, валюталық, депозиттік, т. б. операциялар жасау).
Банк (италянша bankо -- үстел) -- ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, Банктер аралық қызмет атқарып ақша пиасасында (рыногында) тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады.
Өкінішке орай, банк сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп коймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымызлын ақиқаттығына күмән туғызады.

Банк сөзі banco деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын аландарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі нысандағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардын, алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердіңақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт ете келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.

Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Банк -- ерекше кәсіпорын. Егер кәдуілгі кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал Банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) т.с.с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу) және активті (Банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан (рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал, негізгі активті операцияларға банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу, т.б. жатады. Коммерциялық Банктер бұлармен қатар делдалдық және сенімдік (коммандиттік) операцияларды да жасайды. Атқаратын қызметі мен сипатына қарай -- орталық эмиссиялық (Ұлттық банк, оның жергілікті филиалдары), коммерциялық, инвестициялық, салалық, ал меншік түріне қарай мемл., акцион., корпоративтік, аралас, мемлекетаралық Банктер болып бөлінеді.
Банк жүйесінің, маңызды элементі -- банктер болып табылады.
Банктік қызмет -- бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын aшy және жүргізу;
заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
аударым операциялары; заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай нысанда несиелер беру;
заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент- банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
клиринттік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза ұстанымын анық- тау;
сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін керсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
төлем карточкаларын шығару;
банкнот пен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру;
төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
чек кітапшаларын шығару;
бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
ақшалай нысанда орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;
үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.[3]
Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға сәйкес, б.э.д. III ғасырда айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қоймай, сондай-ақ жер Төлімшелерін сатып алу-сату, және басқа да операцияларды орындаған.
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды, бірақ та банктің толық Мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек.
Банктік мекемелердің кызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады; Банктер аркылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы банктік операциялар ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.
Қай Жағынан алсақ та банктің мәнін заң тұрғысынан карау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң, емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт, немесе материалдық өнім жасайтын өндіріс саласы түсінілген. Бірақ экономиканын, басқада буындарынакәсіпорын деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым салынбаған.
Ежелгі Русьте кәсіпорын деп қандай да бір іспен немесе қызметпен айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен айналысатын банк сияқты субъектіге банк -- бұл кәсіпорын деп айту, өзінше дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі кәсіпорын -- бұл біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде фабрика да, зауытта емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне қарай ажыратылады. Ең бастысы -- банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан езара ажыратылатыны, оның қызметінін, өндіріс саласы емес, айналыс және айырбас саласында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс сапасының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше,ягни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие болғандықтан, банкті -- несиелік мекеме деп атаған.
Сондай-ақ, банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтықемес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі -- несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі түсінікте коммерциялық банк -- бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңнын, 1-бабына сәйкес, банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

1.2 Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен дамуы

Қазақстанға банк капиталының енуі және оның территориясында кредит желісінің жасалуы 19 ғасырдың соңында басталды. Ресей империясының кредит жүйесінің бір бөлігі болған Қазақстанның кредит желісі мемлекеттік банкінің бөлімшелерінен, акционерлік коммерциялық банктердің филиалдарынан, сондай-ақ кредит кооперациясынан және ұсақ кредиттің басқа да мекемелерінен құралды. 1-дүниежүзілік соғыстың басталуы қарсаңында Қазақстанда ең қарапайым банк операцияларын жүзеге асырған казначейліктерді, сондай-ақ, 345 кредит және қарыз-сақтық серіктіктерін қоспағанда, 44 Банк мекемесі жұмыс істеді. 20 ғ-дың басында Қазақстандағы негізгі Банктер -- Ресей банктері болды. Олардың филиалдары өлкенің орталық қалаларында (Оралда, Омбыда, Петропавлда, Семейде, Верныйда) орналасты. Сауда айналымдарының ұлғаюына байланысты Қоянды жәрмеңкесінде Ресей Мемлекеттік банкінің уақытша бөлімшесі 1894 жылдан жұмыс істеді, ал 1912 жылы Ресей сыртқы сауда банкісінің бөлімшесі ашылды. Сауда-өнеркәсіп ісін тікелей қаржыландыру жөніндегі операциялар -- вексельдерді есепке алу және тауарларды кепілдікке алып қарыз беру ісі неғұрлым дамыды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де Қазақстандағы банк жүйесі КСРО банк жүйесінің бір тармағы ретінде қызмет етті. Қазақстанда КСРО Мемлекеттік банкінің 260, жинақ кассаның 4147 мекемесі жұмыс істеді. Тек Қазақстан дербес мемлекетке айналғаннан кейін ғана елдің жеке банк жүйесі құрылды, шетелдік ірі банктердің өкілдіктері ашыла бастады. (Дүниежүзілік банк, Дойче банк, т.б.)
Қазақстанда 1991 жылы басталған Банк реформасының нәтижесінде қос деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Жоғары (бірінші) деңгейдегі Банк -- ҚР Ұлттық банкі. Оның міндеттері, қызметінің бағыттары, құқықтық мәртебесі және уәкілеттігі ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығында (30.3.1995) белгіленген. Өзге Банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады. Көбінесе олар "коммерциялық Банктер" деп аталады. Себебі, олардың жарғылық қорлары мемл. меншіктен шығарылып, жарналық акцион. капиталдан құралады. Ұлттық Б. эмиссиялық айналымға ақша шығаруға, реттеп отыруға құқылы. Сондай-ақ, коммерциялық Банктер мен олардың бөлімшелері үшін міндетті экономикалық нормативтерді белгілейді, қызметтерін бақылайды және ақша мен алтын қорын сақтайды.[1] Екінші деңгейдегі Банктер халық шарасы мен халыққа сан-салалы қызмет көрсететін коммерциялық-несиелік мекемелерге айналдырылған. Қазақстанда алғашқы коммерциялық Банктер (Интеринвестбанк, Крамдсбанк) 1989 жылдан пайда бола бастады. 1992 жылы олардың саны 232-ге жетіп, 1994 жылы күрт қысқарды. 1999 жылдың басында Ұлттық Банк пен Үкіметтің арнайы ақша-несие саясатының нәтижесінде (жарғылық капиталды өсіру арқылы) Банктер саны бұрынғыдан да азайып, олардың өзіндік капиталы 53,7%-ке (41,2 млрд. теңге), активтерінің жалпы көлемі 10,4%-ке (186 млрд. теңге) жетті. Депозит көлемі ұлттық валюта есебінде 22 млрд-тан асты (1999, қаңтар). Ұлттық Банктің перспективалық жоспарында Банктерді одан әрі шоғырландыра түсу көзделген. Осыған орай олардың жарғылық капиталының ең төм. мөлшерін 300 млн. теңгеге жеткізіп, оны бірте-бірте 1 млрд. теңгеге дейін өсіре беру межеленген. Қазақстандағы екінші деңгейдегі Банктердің ең ірілері қатарына Қазкоммерцбанк, Қазақстанның халықтық банкі, Тұранәлембанк, т.б. жатады (1999).
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерілісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты. 1917 ж. қазан төңкерілісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекеттік монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктіріледі. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды. 1924 ж. ауыл шаруашылық копперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операциялар жүргізу рұқсат етілді. 1926 ж. 1 сәуір қарсаңында КСРО-да 16185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426 несиелік және қарызды жинақ,ғ сондай-ақ 12424 ауыл шаруашылық серіктестіктері болды [4; 164].
Ал енді банк ұғымына тоқтап кетсек, "Банк" сөзі "banko" деген ағылшын тілінен аударғанда "айырбас столы" дегенді білдіреді. Жалпы Қазақстан тарихындағы алғашқы банк 1871 ж. Петропавлда ашылған қалалық қоғамдық банк еді. Ондай банктер Семейде (1907 ж.) , Ақтобеде (1910 ж.), Павлодарда (1914 ж.), Верныйда (1912 ж.), Өскемен мен Зайсанда (1914 ж.) да жұмыс істеді. Мемлекеттік банк бөлімшелері болмаған аудандарда қазналық банк қызметін атқарады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы туралы ақпарат
Валюталық қатынастар
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы 1861-1917 жж
Ұлттық банктің басқару құрылымы
Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер жүйесі
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Банктік жүйе
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу тарихы
Пәндер