ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.4
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Мемлекеттік органның міндеттері және функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ҮРДІСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің құқықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің міндеттемелері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті орталық атқару органының құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының өндірісін, айналымын, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау, салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу, Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізумен, оларды Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен байланысты қатынастарды, мемлекеттік кірістер органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу функцияларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Жұмыстың объектісі - Мемлекеттік кірістер комитеті болып табылады.
Жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы мемлекет және теориясы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталмыш тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы сипаты

Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері, кедендер, мамандандырылған мемлекеттік мекемелері, аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша және арнайы экономикалық аймақ аумағындағы мемлекеттік кірістер басқармалары жататын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар.
Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Комитеттің өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан әрекет етеді.
Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.
Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитеттің актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Комитеттің құрылымы мен штат саны лимитін Қазақстан Республикасының Қаржы министрімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
Комитеттің заңды мекенжайы: почта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.
Мемлекеттік мекеменің толық атауы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі.
Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге рұқсат етілмейді.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. [1]

Мемлекеттік органның міндеттері және функциялары

Комитеттің міндеттері:
өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды анықтау және тергеу, сондай-ақ көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегия мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы демпингке қарсы және өтемдік баждардың толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының салық, кеден саясатын іске асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасында кедендік реттеу және Қазақстан Республикасының кедендік және басқа заңнамаларын сақтауды, мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген орындалуын бақылау қаматамсыз ету;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;
Комитеттің құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды әзірлеуге қатысу;
өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерін Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік кірістер органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларының, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуді және Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдай жасау;
кедендік декларациялауды, кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізуді оңайлатуға және Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау;
зертханалық сараптаманы қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу;
Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитарлық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау органдарының қызметтерін үйлестіру;
Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік және санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу;
Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу;
кедендік операциялар жасауды және кедендік бақылау жүргізуді, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізу;
кедендік статистика жүргізу;
тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
трансферттік баға қолдану кезінде бақылауды жүзеге асыру;
этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;
кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтау зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
әкімшіні есепке алу, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру айқындауға қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Комитеттің функциялары:
салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы демпингке қарсы және өтемдік баждардың толық және уақтылы түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінде (Салық кодексі), Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінде және тиісті халықаралық шарттарда белгіленген тәртіпте халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;
басқа мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Комитет құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік кірістер органдарының қарамағына жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл және өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
экономикалық және қаржылық қылмыстармен және құқық бұзушылықтармен күрес мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл және өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден, салық заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
бюджетке түсімдерді болжамдауға қатысу;
Комитет құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауға міндетті талаптарын белгілеу және бекіту;
салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық бақылауды және Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік бақылауды (оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейін) жүзеге асыру;
келіп түсетін кеден iсi саласындағы сұрау салулар мен ұсыныстардан туындайтын жауаптарды уақтылы қарау және беру немесе өзге де
iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
салықтық және кедендік әкімшілендірудің бизнес-процесстерінің модельдеуін жүзеге асыру;
Ақпараттандыру туралы 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау;
мыналарды:
сотқа дейінгі іс жүргізу барысында зерттеулерді ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қоса алғанда, ақпараттық жүйелерді;
байланыс және деректерді беру жүйелерді;
кедендік бақылаудың техникалық құралдарды;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғау құралдарын;
және мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін өзге де ақпараттық жүйелерді әзірлеу, құру, сатып алу, пайдалану және жаңғырту;
тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша қызметті жүзеге асыру, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте салықтық тексерулерді, Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасында көзделген тәртіпте кедендік тексерулерді, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген тәртіпте трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулерді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоспардан тыс салықтық, кедендік тексерулер тағайындау туралы шешім қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте салықтардың, кедендік баждардың, кедендік алымдардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық (қате) төленген немесе артық өндіріліп алынған сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Кодексiнде белгіленген тәртіппен кедендiк төлемдер мен салықтардың, оның iшiнде белгiленген мерзiмде бюджетке төленбеген сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсiмақыны өндiрiп алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты интернет-ресурсқа орналастыру;
салық төлеушілердің (салық агентінің, оператордың) , декларанттың және кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын өзге де адамның салықтық, кедендік тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органының хабарламаға, жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қарау;
салық берешегін, кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіпте заңды күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды қайта қарау;
Комитет қызметінің өзекті бағыттары бойынша ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуді ұйымдастыру;
есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда жанама әдістер негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді (активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығындарды, шығыстарды) айқындау;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіпте уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау тағайындау туралы шешім қабылдау;
салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру;
мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) бақылау-кассалық машиналарының модельдерін енгізу (шығару) жолымен бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
салық міндеттемесінің туындауына, орындалуына және тоқтатылуына байланысты мәселелер бойынша түсіндірулерді жүзеге асыру;
салықтық түсімдерді бақылау және талдау;
бұрын жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды келісімшарттар жасасу сәтінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкестігі мәніне, сондай-ақ даулы мәселелерді анықтау және Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушылардың экономикалық мүдделерінің бастапқы теңгерімін қалпына келтіру мақсатында Өнім бөлу туралы келісімге (бұдан әрі - ӨБК) өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізудің даулы мәселелерін анықтау мақсатында талдау жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәмілелер, тексерулер және өзге де рәсімдердің мониторингін өткізу арқылы бақылауды жүзеге асыру;
салық салу мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара келісу рәсімдерін жүргізу;
этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымына, темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру;
зерттеулер жүргізу арқылы субъектілердің этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына, темекі өнімдерінің өндірісіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
этил спиртінің, алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы саласында есепке алуды, есептілікті ұйымдастыру;
темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласында есепке алуды, есептілікті ұйымдастыру;
мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқорды жүргізу;
мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөнінде бірыңғай деректер базасын қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлеуге қатысу;
темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымы бойынша мониторинг жүргізу;
этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және айналымын, темекі бұйымдарын өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы көлемдерінің теңгерімін бақылауды, есепке алу мен талдауды жүргізу;
этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру;
мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымын бақылауды жүзеге асыру;
алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сату кезінде ең төменгі бағалардың сақталуын бақылау;
этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласында, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымы саласындағы бұзушылықтарға мемлекеттік бақылау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ықпал ету шараларын қабылдау;
этил спиртінің алкоголь өнімін өндірушілерге, фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерге сатылуын, сондай-ақ этил спиртін техникалық мақсатта және алкогольді емес өнімдерді өндіру үшін пайдаланатын ұйымдарға бақылау;
этил спирті мен алкоголь өнімінің белгіленген ең төменгі өндіру көлемін бақылау;
өз құзыреті шегінде субъектілердің этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі өнімдерінің, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның өндірісі мен айналымы саласында қолданылатын технологиялық үрдістің, сақтаудың және сатудың, техникалық регламенттер мен стандарттардың нормаларын, қағидаларын және нұсқаулықтарын сақтауын бақылау;
акцизделетін тауарлардың өндіруін және импорттауын жүзеге асыратын ұйымдардағы акциз бекеттерінің қызметін бақылау;
этил спиртін өндірудің технологиялық желілерінің және алкоголь өнімдерін құю желілерінің тиісті спирт өлшейтін аппараттармен және есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтандырылуын, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарында, мұнай өнімдерінің базаларында және жанармай құю станцияларында есептеуші бақылау аспаптарын, және олардың жұмыс істеуін бақылау;
этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің айналымын ілеспе жүкқұжаттары және этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы бойынша декларация арқылы бақылауды жүзеге асыру;
оңалту рәсімдері мен банкроттық рәсімдердің өткізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
жалған және қасақана банкроттықтың белгілерін анықтау;
уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушы ретінде қызметін жүзеге асыруға үміткер тұлғалардың біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін айқындауға қатысу;
уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушы ретінде қызметін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар үшін біліктілік емтихандарын өткізу;
әкімшілерді есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындауға қатысу;
оңалтуды және банкроттықты басқарушының қорытынды есебінің нысандарын әзірлеуге қатысу;
оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсізділігі) туралы уақытша әкімші қорытындысының үлгілік нысандарын әзірлеуге қатысу;
борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгілік нысандарын әзірлеуге қатысу;
уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушының қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тіркеу және оларды тіркеуден шығару;
кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп тағайындау;
Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында реттелетін қатынастарда уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық тәсілмен қатысу тәртібін белгілеу жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған, оларға қатысты Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында осындай тәртіп көзделген ұйымдардың банкроттығы кезінде ерекше шарттар белгілеу бойынша ұсыныстарды және мүліктік массаны өткізу тәртібін және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды әзірлеу;
оңалтушы басқарушының оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының борышкердің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтерді жинаудың және банкроттық рәсімнің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттық басқарушының банкроттық рәсімнің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпараттарын қарау;
кредиторлар талабының тізілімін интернет-ресурсқа орналастыру;
банкрот деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық басқармаларының функционалдық міндеттері
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуін жеделдету мен жеңілдетуге жағдайлар жасау
Мамандыққа кіріспе
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Тәжірибеден өту базасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Үржар Ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлімдері
Бюджетті бағдарламаларды бағалау рәсімдері
Жеке табыс салығы төлем көзінен салық салынатын табыстан
Салық органдарының қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері
Мелекеттік кірістер комитеті бойынша жалпы түсінік
Пәндер