ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН СИПАТЫ


Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН СИПАТЫ . . . 5
1. 1 Қимыл-қозғалыс дағдыларының түсінігі және ерекшеліктері . . . 5
1. 2 Қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі жаттығуларының мәні . . . 9
2 ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ . . . 18
2. 1 Оқушылардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру әдістері . . . 18
2. 2 Жүгіру мен жүру - қимыл-қозғалысты қалыптастыратын дағды ретінде . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ… . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ… . . . 30
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі күнде интернет әртүрлі білім салалары бойынша жан - жақты жинақталған ақпарат көзі болып табылады.
Интернет деп бүкіл әлемдік компьютерлердің желіде бірігуін айтады. Интернет серверінен алынатын құжаттар гипермәтіндік пішімде дайындалған. Құжаттарды тасымалдаумен шұғылданатын интернеттің қызмет түрін World Wide Web (Web, WWW) деп атайды.
Интернет өзара тікелей қосылған компьютерлердің жиынтығы ғана емес, ол қандайда бір ақпараттық кеңістікті құрайды. Бұл кеңістіктегі жеке құжатты Web - беттер деп атайды. Әдетте бұл әртүрлі обьектілер жиынтығынан тұратын құжат. Оның құрамында мәтіндік, графиктік бейнелер мультимедиялық және басқа енгізілетін обьектілер болады. Қазіргі кезде Web - құжаттардың ішкі мазмұнын HTML тілін немесе бағдарламалау мүмкіндіктерін арнайы пайдаланбай-ақ, жылдам өзгертетін көптеген технологиялар бар.
Демек бұл курстық жұмыста Web - технологияларға жататын НТМL сияқты бағдарлама қарастырылып отыр.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі күнде ақпараттық технологиялар өндірісінде ең танымал қызметтердің бірі сайт құру болып есептеледі. Біздің ғасырымызда интернет - кез келген компьютерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі бар желілер жүйесі болып табылады. Дүниежүзілік компьютерлік интернет желісінің дамуына World Wide Web жүйесі үлкен әсерін тигізгені барлығымызға мәлім. Өзіміз білетіндей Internet желісі түрлі сайттардан тұрады. Қазіргі таңда сайттарды пайдалана білумен қатар оны жасай білуде өте маңызды. Жаңа инновациялық - технологиялардың дамуын, олардың пайдаланылуын ескерсек, Web сайттарды құруда қарапайымдылық пен әмбебаптық ерекше орын алады.
WWW технологиясы алғашқысынан әр түрлі елдердің ғалымдары арасында ақпаратпен ыңғайлы алмасу үшін жасалған болатын. Арнайы бағдарламаны пайдалана отырып, жер бетінің бір жағындағы ғалымдар екінші жақтағы ғалымдардың дайындаған ақпараттарына қол жеткізе алатын болды. Сонымен бірге, олар қысқаша пікірлерімен алмасуға және құжаттарын дұрыстауға мүмкіндіктері пайда болды, бұл қызмет түрі қазір «электрондық пошта» деп аталады.
Қарым-қатынасу мен қызметтестіктің жаңа түрі өте жағымды болды, сондықтан да тез арада бәріне қол жетімді ресурсқа айналып, Интернет желісінің ең әйгілі мүмкіндігі деп танылды.
Курстық жұмыстың мақсаты Аталмыш бағдарламалардың мүмкіндіктерін жан - жақты қарастырып және қарастырылған мүмкіндіктерді пайдалана отырып тәжірбиелік жұмыстар ұйымдастыру.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- желілік технология мен интернеттің жалпы түсінігін қарастыру;
- HTML тілінің негізгі құрылымына және жалпылама сипаттамасына тоқталу;
- қазіргі кездегі HTML тілінің көмегімен сайттарды құру жолдарына тоқталу, сипаттау болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Курстық жұмыстың барысында желілің технологиялардың түсінігі мен ерекшеліктері, түрлері мен пайда болу негіздері қарастырылады, олардың жалпылама сипаты анықталды.
Курстық жұмыстың объектісі желілік технологиялар мен HTML тілі болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - информатика пәні.
Курстық жұмыстың құрылымы. курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН СИПАТЫ
1. 1 Қимыл-қозғалыс дағдыларының түсінігі және ерекшеліктері
Адамның ерікті қимыл - қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді. Қимыл - қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына, оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді.
Адамның қимыл - қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойға сіңіру процесінде қимыл тәжірибесінің шешуші рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.
Қимыл-қозғалыс касиеттері, спорттағы жаттығулар түрлі қимыл-қозғалыстар және оны қайталаулар арқылы жан- жақты дайындықты жетілдіру болып табылады. Жаттықтырушы өзінің шәкіртінің қимыл-қозғалыс қасиеттерін мүмкіндігінің шегіне жеткенше дайындауға және оның нәтижесін жарыстар кезінде көруге тырысады. Мұндай қасиетті меңгеру кез келген жаттықтырушының қолынан келмейді. Мұнда оның үйрету тәсілдері ерекше орын алады.
Адамның ерікті қимылдарын жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды. Жануарлардың шартты қимыл рефлекстері, әдетте, шартсыз рефлекстерді немесе олардың өзгертілген формаларын қайталайды. Ал адам іс - әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды. Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және қимыл - қозғалыстардың бойға сіңірілген жаңа формаларының бірлестігі болып келеді. Адамның қимыл - қозғалыс әрекеттері ең жоғары психикалық функцияларымен, сана сезімімен және ойлауымен байланысты.
Адам мен жануар үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық маңызы мен күштерінің арасындағы ерекшеліктері өте маңызды. Сыртқы ортаның қандай болсын агенті адам мен жануарлар үшін шартты рефлекстердің жасалуына сигнал бола алады. Бірақ адам үшін сөз - өте жоғары маңызды сигнал.
3 Жасөспірімдердің тірек-қимыл жүйесінің физиологиялық негіздері
Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.
Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады.
Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тіршілік етуінің және эволюциядағы оның прогресінің шарты. Энергия ресурстарын қорға жинау, тыныштық күйде оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқа бұлшық еттерінің белсенділігіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қаңқа бұлшық еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.
Іс-тәжірибе, зерттеулер көрсеткендей, қимыл-қозғалыс белсенділігі жасқа орай болатын инволюциялық өзгерістерді тежейді, белсенді жасампаздық өмір кезеңінің ұзаруына септігін тигізеді. Қоғам байлығы, ғылыми-техникалық прогресс, әлеуметтік-экономикалық даму, жеке адам денсаулығына байланысты. Басқаша айтқанда, өсіп келе жатқан жастардың денсаулығы-маңызды әлеуметтік категория.
Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда, қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады. Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістердің алдын алады, жүректің ишемиялық ауруының қаупін азайтады.
Дене жаттығуларын жасау барысында организмнің ішкі ортасында пайда болатын өзгерістерге төтеп бергіштік - жаттыққан организмнің ерекше қасиеті. Сонымен қатар, дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына да беріктігін арттырады. Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы мықты, суық тигеннен болатын ауруларының жиілігі төмен.
Мектеп тіршілігі жағдайларында, қалыпты дене дамуы мен денсаулыққа қажетті қимыл-қозғалысқа деген табиғи мұқтаждық шектелген. Дене тәрбиесі мұғалімінің, спорт мектебі бапкерінің назарында дене жаттығуларының сауықтырушы рөлі бірінші кезекте болуы керек. Күнделіктегі кимыл-қозғалыс белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз ретінде қарастырған жөн.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың бірі спорт болып келеді. Спорт-жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор. Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде организмнің ішкі қажеттілігінен туындаған тәртіп. Ол артықшылықтармен күресетін қатал режимді бұзуға қарсы тәртіп.
Ерікті қимылдарға үйрету адамның ерікті қимыл-қозғалыс әрекеттері
Ерікті қимыл туралы ілімнің дамуы. Адам қимыл-қозғалыстарын ерікті және еріксіз деп шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Спорттық жаттығулар құрамына кіретін ерікті қимыл-қозғалыстар, негізінен, сананың бақылауымен орындалады. Еріксіз қимылдар сананың қатысуынсыз немесе пайымдаусыз басқарылады.
Спорт тәжірибесінде кездесетін ерікті қимыл-қозғалыстардың қарапайым формаларынан бастап өте күрделі түрлеріне дейін - жалпы физиологиялық табиғаты ондаған жылдар бойы зерттелген. Бұл ғылым қазіргі заманда да толықтырылып, дамудың үстінде.
Адамның ерікті реакцияларын рефлекстер жүйесі деп тануды, қимыл-қозғалыс әрекеттерінің негізін қалаушы ғалым, физиолог И. М. Сеченев ұсынған. «Ми рефлекстері» атты еәбегі арқылы ол адам психикасы мен ерікті қимыл- қозғалыс әрекеттерінің табиғи - материалистік көзқарасты негіздеді. И. М. Сеченев, ерікті қимыл-қозғалыстар, психикалық процестер және адамның ойлау қасиетінің табиғаты рефлекстік, дәлірек айтқанда, адамға әсер етуші обьективтік құбылыстарды шағылыстырудың нәтижесі деп көрсеткен. И. М. Сеченевтің пікірі бойынша, адамның іс-әрекеттері - еріктіліктің ең жоғары формасы.
И. М. Сеченевтің идеялары кейінгі уақытта И. П. Павловтың тәжірибелерінде дәлелденген. И. П. Павлов сыртқы орта фактроларының бүтін организмдегі функцияларына тигізетін әсерлерін мұқият есепке алып, осы заманға дейін өзінің маңызын жоймаған, рефлекстік теорияның материалистік принциптерін негіздеді.
Ерікті қимыл-қозғалыстардағы шартсыз тонус беруші - сергітуші рефлекстер. Ерікті қимыл-қозғалыстар - туа біткен рефлекстік негізді процестер. Туа біткен рефлекстер қатарына дене қалыптарының немесе кейіп рефлекстері, тепе-теңдікті ұстап тұруды қамтамасыз етуші және тағы басқа рефлекстер жатады.
Қолданыстағы жіктеу бойынша туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстері дене қалпын тыныштық күйде ұстап тұруды және дененің қозғалыстардан соң бұрынғы қалпына қайта келуді қамтамасыз етуші рефлекстер болып екіге бөлінеді.
Кейіптену рефлекстері бастың еңкейген немесе оңға-солға бұрылған кездерінде мойын бұлшық еттеріндегі жүйке талшықтары ұштарының және ішкі құлақ шытырманының тітіркенулерінен пайда болады. Басты көтеру немесе еңкейту аяқ-қол және тұлға бұлшық еттерінің тонусын өзгертеді де, қалыпты кейіпті сақтауға септігін тигізеді. Бастың оңға-солға бұрылуы мойын бұлшық еттері мен сіңірлер тітіркенулерін туғызады да, тұлғаны басқа қатысты симметриялы қалыпқа тұрақтандырады.
Бастың кеңістіктегі қалпының өзгеруінде және сол өзгерістерді талдауда вестибулдар аппаратының маңызы зор. Бас оңға-солға бұрылған кезде оның рецепторлық құрылымдары қозуға келеді де, бұрылған жағындағы мойын бұлшық еттерінің тонусын рефлекстік жолмен көтереді. Бұл тұлғаның басқа қатысты бағытын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Айналумен байланысты көптеген спорттық жаттығуларды тонустың осылай таралуы арқылы ұтымды орындауға мүмкіндік туады.
Түзетуші рефлекстер дене кейпін қалыптан ауытқыған жағдайында сақталуын қамтамасыз етеді. Түзетуші рефлекстер тізбегі басты көтеруден басталады және өзгерген тұлға қалпын соңынан қалыпты кейіпке қайта келтірумен аяқталады. Түзетуші рефлекстердің іске асуына вестибулар, көру аппараттары, бұлшық ет проприорецепторлары, тері рецепторлары қатысады.
Дененің кеңістікке бір орыннан екінші бір орынға ауысуы статокинетикалық рефлекстермен іске асады. Айналмалы қимылдарға жарты шеңберлі каналдардағы (арна) эндолимфа толқуларының нәтижесінде вестибулалық рецепторлар қозады. Орталыққа тепкіш тітіркеністер сопақша мидағы вестибулалық ядроларға келіп, айналмалы қимылдарда бас пен көз қалыптарының рефлекстік өзгерістеріне әкеледі.
Айналдыру рефлекстері бастың қозғалысқа қарсы баяу бұрылысымен, соңынан тұлғаға қатысты қалпына шапшаң қайта келуімен сипатталады. Көз де ұқсас қозғалыстар жасайды, айналу жағына қарай тез, ал айналуға қарсы жағына баяу бұрылысының биологиялық маңызы мынада. Айналған сәтте көру алаңында көрінген заттарға көз қырын салу және оларды белгілеу. Көздің айналу жағына қарай шапшаң бұрылысы олардың бұрынға дұрыс қалпына келуін қамтамасыз етеді. Дененің айналуы тоқтаған кезде көз айналысқа қарсы бағытта бұрылыс жасайды, ал бас пен тұлға айналу жағына қарай ауытқуды жалғастыра береді.
Дененің тік бағыттағы ауысуы лифт рефлекстерімен іске асырылады. Кенеттен төмен қарай түсірілген жануардың секіруге дайындық рефлексі пайда болады, ал жерге қонуы аяқтарының иілуімен іске асырылады. Осыған ұқсас құбылыстар лифт кабинасын жоғары қарай шапшаң көтерген кезде ішінде тұрған адамдарда пайда болады. Көтерілудің басында аяқтар мен тұлға иіледі, ал кілт тоқтаған сәтте - жазылады.
Тұлға мен аяқ-қол бұлшық еттері тонусының рефлекстік өзгерістері вестибулалық ядролардың мишықпен, ми дінінің қимыл орталықтары және қыртыс асты бөлімдерімен өте кең функциялық және морфологиялық байланыстары арқылы жасалады. Лифт рефлекстерінің балаларды тереңге секіруге, секіріп түскенде жерге дұрыс қонуды үйретуде маңызы зор. Бұл рефлекстердің туа біткендігіне қарамастан, секіртерде жерге дұрыс қонуды үнемі түзетіп отыруды қажет етеді. Дәлірек айтқанда, балалардың лифт рефлекстерін «жетілдіру», оқытушының үнемі назарында болғаны жөн. Еріксіз қимыл-қозғалыс формаларына туа біткен бірнеше рефлекстер жатады. Ию, тебу және ырғақты (сгибателные, отталкивание, ретмические) . Алақан немесе табан терісін тітіркендіруге жауап ретінде бала қол-аяғын иеді, егерде алақанды немесе табында баппен қысса, ол затты тебеді.
Ырғақты рефлекс екі формада білінеді. Серпу және адымдау. Серпу рефлексінің типтік мысалы ретінде жануардың қасыну рефлексін келтіруге болады. Бір аяқтың ырғақты қимылдары жұлындағы жүйке орталықтарының функциялық сыңаржақтылық өзгерістері арқылы іске асады.
Адымдау рефлексі аяқтардың жүйке орталықтарындағы реципторлық арақатынастарына байланысты. Ырғақты рефлекс жүру, жүзу сияты күрделі циклдық қозғалудың (локомоция) негізін құрайды. Дене жаттығуларын орындау туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстерін үнемі түзетумен байланысты. Орталықтан бағытталған реттеуші әсерлер ерікті қимыл-қозғалыстардың сипатына орай, бұлшық еттер тонусын қажетті дәрежеде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.
Спортық әрекеттер организм мен сыртқы орта арасында болатын әрекетесуді тынымсыз түзетумен байланысты. Мұндай әрекеттесудің мысалы ретінде (спорттық ойындар жағдайларында) дене жаттығуларының күрделі техникасын өзгермелі сыртқы орта жағдайларында меңгеруді келтіруге болады. Жаттығуларды ұтымды орындауды қамтамасыз ететін, өте нәзік ажыратуды жасау - атқарушы бұлшық ет аппаратынан қимыл-қозғалыстарды басқаратын ең жоғарғы жүйелерге дейінгі - организмнің барлық функциялық жүйелерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесі. Басқаша айтқанда, қимыл-қозғалыстарға үйрету - өте күрделі процесс. Мұндағы жетістіктер тірек-қимыл аппаратының жағдайына, оның функциялық жетілуіне, мидың талдау-қорыту қызметінің даму деңгейіне байланысты.
Бұл айдарда қимыл-қозғалыс белсенділігінің және жүктемелеріне бейімделудің физиологиялық негіздері берілген. Бір бөлімі балалар, жасөспірімдер және бозбалалар дене жаттығуларының физиологиялық проблемаларына арналып отыр. Ден жаттығуларына, дене тәрбиесі және спорт сабақтарына үйретудің физиологиялық заңдылықтары мен алғышарттары қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептегі дене жаттығулары сабақтарының түрлеріне негіздеме іспеттес. Балғын спортшыларды таңдау, оларды машықтандыру жағдайлары ескерілген. Сонымен қатар сауықтыру жұмыстарындағы және кейбір әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы жалпы халықтық дене тәрбиесінің рөлі көрсетілмек.
1. 2 Қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі жаттығуларының мәні
Мектептегі дене тәрбиесімен айналысуыдың негізгі түрі дене тәрбиесі сабақтары екендігі белгілі. Осы сабақтар арқылы, сыныптан және мектептен шаралары арқылы жас ұрпақтың дене тәрбиесінің негізгі қаланады. Жоғарыдағы шараларды іске асыру нәтижесінде оқушының дене мәдениетін құрайтын білімдер мен дағдылар қалыптасады. Осы білімдер мен дағдылардын негізін өмірлік маңызы бар икемділік, күш, жылдамдық, төзімділік сияқты қасиет-қабілеттердің дамуына жәрдемдесетін қимыл қозғалыстар құрайды. Қимыл-қозғалыстарды менгеру барысында қажетті теориялық мәліметтер алуға және нақты жаттығуларды үйренуге болады.
Теориялық мәліметтер әрбір сабақтың барысында беріледі. Адамның үйлесімді өсіп-жетілуі үшін дене тәрбиесінің үлкен маңызы бар. Ал дене жаттығулары арқылы адамның дене құрылысы жақсарып, ақыл-ойын, жұмыс қабілетін арттыруға болады.
Аса маңызды теориялық түсініктердің (мәліметтердің) бірі -қимыл-қозғалыстың (дене жаттығуларының) орындалу әдістері мен ретін және жарыс ережелерін білу. Ол жаттығуларды дұрыс орындауға көмектеседі.
Теориялық білімді толықтырудың тағы бір жолы мұғалімнің түсіндіру әңгімелерімен шектеліп қалмай, диапозитивтер (дене жаттығуларының орындалу техникасын көрсететін шағын суреттер) , шағын кинофильмдер көру, арнайы іріктеліп алынған (аты аңызға айналған спортшылар мен қызықты жарыстар туралы) әдебиеттерді оқу.
Дене жаттығуларын үйрену мынадай ретпен іске асырылғаны жөн:
1) қимыл-қозғалыс түрімен танысып, ол жөнінде түсінік алу (мұғалімінің түсіндіру, қимылды көрсетуі, техникалық құралдарды пайдалану, өзгеге еліктеу, дұрыс әрі әдемі орындауға тырысу) ;
2) қимыл-қозғалыстың жеке бөліктерін үйрену және оларды байланыстыра отырып орындау (бұл ұқыптылық пен төзімділікті қажет етеді) ;
3) қимылды орындау әдісін тұрақтандыру, яғни дағдыға айналдыру және жетілдіру.
Дене жаттығуларымен айналысу, қарапайым ғана қимыл- қозғалыстарды орындау елеусіз нәрсе сияқты болып көрінгенімен, ол ақыл-ойдың дамыуына тікелей ісер етеді.
Сабақта және одан тыс кездері дене тәрбиесіне қызығушылық таныту, дене жаттығуларымен үздіксіз айналысу біртіндеп саналы қажеттілікке, тұрақты дағдыға айналатын болады.
Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиеге де әсерін тигізеді. Мысалы, дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысатын балалардың денесі дұрыс, түзу, мүсіні сымбатты болып өседі.
Денсаулықты нығайтуда, оқушылар организмінің жетілу, даму дәрежесін өсіруде жалпы дамыту жаттығуларының алатын орны ерекше. Жалпы дамыту жаттығулары әдетте дене тәрбиесі сабағының кіріспе бөлімінде, аз мөлшерде болса да, дене шынықтыру үзілістерінде, сабақ арасындағы үзілістер мен таңертеңгі гимнастикада т. б. реттерде қолданылады.
Дене жаттығуларының негізгі мақсаты - дененің дамып-жетілуіне көмектесу, денсаулықты нығайту. Бұл маңызды міндеттерді жүзеге асыру төмендегі жағдайлардың орындалуын қажет етеді.
1. Оқушылардың сабақтағы қимыл-қозғалыс қызметі организмнің өсуі мен дамуына көмегін тигізетіндей болуы қажет. Алайда, организмге шамадан тыс күш түсірілмеуі керек. Себебі үдемелі және ұзаққа созылатын, шамадан тыс күш жұмсауды қажет ететін жұмыс баланың дамуы мен өсуін тежейді.
2. Сабақта және жаттығулар орындау кезінде қолданылатын дене жаттығулары адам организміне жан-жақты әсер етуі керек, яғни тірек аппаратының дамуына, мүсіннің қалыптасуына, нерв жүйесін нығайтуға, өсіп келе жатқан организмнің тиісті қажеттіліктеріне сәйкес зат алмасуының жақсаруына көмектесу қажет.
3. Жалпы дамыту жаттығуларын іріктегенде жас ерекшеліктеріне қарай дұрыс өсіп-жетілулеріне сәйкес келетін және жағымды әсер ететін болуын ескерген жөн.
Қорыта келгенде, дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбиелермен тікелей ұштасып жатады. Халықтағы «бала ойымен өседі» деген сөздің шығу себебіде осыған байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz