ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМАНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМАНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ . . . 5
1. 1 Қолданбалы программалық жабдықтаманың негізгі түсінігі . . . 5
1. 2 Қолданбалы программалық жабдықтама түрлері . . . 7
2 ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМАНЫҢ ҚҰРЛЫМЫ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ . . . 18
2. 1 Қолданбалы программалық қамсыздандыру құрылымы мен дестелері . . . 18
2. 2 Мәтіндік редакторлар мен процессорлар . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ… . . . 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ… . . . 31
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Программалар - бұйрықтардың жалғасуының тәртіпке келтірілуі. Барлық компьютерлік программаның ақырғы мақсаты - аппараттық құралдармен басқару. Сондай-ақ бір қарағанда программа құрылғылармен бірге әрекет етпесе де, және енгізу құрылғыларынан енгізу мәліметтерін талап етпесе де, сонымен бірге шығару мәліметтерін шығару құрылғыларына орналастырмаса да, бәрібір оның жұмысы компьютердің аппараттық құрылғыларын басқаруға негізделген. Компьютерде прогаммалық және аппараттық жабдықтаулар тығыз байланыста, сонымен бірге үздіксіз бір әрекетте жұмыс істейді. Бұл екі категорияны біз екі бөліп қарағанымызбен, бұл екеуінің арасында диалектикалық байланыс бар екенін ұмытпауымыз керек, оларды бөліп қарауымыз уақытша деп білуіміз керек.
Есептегіш жүйенің программалық жабдықтау құрамын программалық конфигурация деп атайды. Программалар арасында да, физикалық тораптар мен одақтар арасындағыдай байланыс болады- көп программалар көп төмен дәрежедегі программаларға арқа сүйеп жұмыс істейді, яғни программа аралық интерфейс туралы айтуға болады. Ондай интерфейстің бар болуы, техникалық жағдайлар мен бір әрекетті протоколдардың болуына байланысты, ал іс жүзінде программалық жабдықтаудың бір-бірімен бірге әрекет ететін дәрежелердің бөлінуін қамтамасыз етеді.
Есептеу жүйесінің құрамы
Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық кұралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады.
Аппараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер мен есептеу кешендері блокгы-модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.
Орталық процессорға қатысты алғанда құрылғылар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Енгізу-шығару құрылғыларының көбі және ақпаратты ұзақ уакыт сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.
Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік аппараттың интерфейс деп аталатын аппараттық-логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады. Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп аталады.
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Программалық жасақтама. Программа деп реттелген командалар тізбегін айтады. Кез-келген компьютерлік программаның негізгі аткаратын қызметі - аппараттық кұралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.
Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік және колданбалы.
Негізгі программалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара байланыста болады.
Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен, программалық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын камтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін программалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым-қатынасты орнатады. Мұндай программалық кұралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.
Қызметтік программалық жасақтама. Ол негізгі сатыдағы программалармен де, жүйелік сатыдағы программалармен де тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қызметін жақсарту мен кеңейту үшін қолданылады.
Қолданбалы программалық жасақтама. Қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т. б. мақсатта нақты жұмыстар атқарылады.
Қолданбалы программалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана жүйелері, Web-редакторлар, броузерлер және т. б. жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты қолданбалы программалық бағдарламаның түсінігі мен классификациясын қарастыру, мәтіндік редакторлар мен процессорларды қарастыру.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- қолданбалы программалық жабдықтаманың жалпы түсінігін қарастыру;
-қолданбалы бағдарламаның негізгі құрылымына және жалпылама сипаттамасына тоқталу;
- мәтіндік редакторлар мен процессорлардың түрлеріне тоқталу, сипаттау болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Курстық жұмыстың барысында қолданбалы бағдарламалар түсінігі мен ерекшеліктері, түрлері мен пайда болу негіздері қарастырылады, олардың жалпылама сипаты анықталды.
Курстық жұмыстың объектісі қолданбалы программалық бағдарламалар болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - информатика пәні.
Курстық жұмыстың құрылымы.
курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
.
1 ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМАНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
- Қолданбалы программалық жабдықтаманың негізгі түсінігі
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама - бағдарламалау жүйелерінің көмегінсіз, қолданушы өзінің ақпараттық тапсырмаларын шеше алатын бағдарламалар жиынтығы. Қолданбалы БЖ келесі бағдарламалар класстарына бөлінеді:
Жалпы қолданыстағы бағдарламалар;
Арнайы қызметтегі бағдарламалар;
Кәсіптік деңгейдегі бағдарламалар.
Жалпы қолданыстағы бағдарламалар.
Жалпы қолданыстағы бағдарламаларды меңгеру үшін арнайы білімнің қажеті жоқ, сондықтан олар қолданушылармен кеңінен қолданылады. Бұл классқа мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер қорымен жұмыс жасау бағдарламалары, анимациалық графика дестесі, коммуникациялық бағдарламалар, интегралданған және бір мақсатты бағдарламалар жатады. Мәтіндік редактор - бұл бағдарлама символдық ақпаратпен жұмыс жасауға арналған. Қызметі бойынша бағдарламалар мәтіні редакторы, құжаттар редакторы, баспаханалық жүйелер және арнайы редактор. Бағдарламалар мәтіні редакторы қандай да бір бағдарламалау тілдерінің мәтінің теруге және түзетуге арналған. (Turbo Basic, Turbo Pascal) . Бұл бағдарламалар азын аулақ операциялар орындайды: бағдарламаны жолдық жазу, бағдарламаның мәтінің сақтау және оқу және т. б. Құжаттар редакторы құжаттың құрылымы бар мәтіндермен жұмыс жасауға арналған (Word, Word Perfect, Лексикон) . Баспаханалық жүйелер сапасы жоғары құжаттарды құруға мүмкіндік береді: буклеттер, газеттер, журналдар, кітаптар (Page Maker, QuarkXPress, Ventura Publisher) . Арнайы редакторлар математикалық, химиялық немесе арнайы символдары бар құжаттармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. (ТЕХ, нотаның таңбалары) . Графиктік редактор - бұл бағдарлама графикалық ақпаратпен жұмыс жасауға арналған (Paint, Photoshop, CorelDRAW) . Графиктік редакторлар жалпы және арнайы қызметтегі редакторлар болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі графиктік редакторлар күрделі емес суреттерді құруға, көшіруге, сақтауға және оқуға мүмкіндік береді. Арнайы қызметтегі графиктік редакторлар күрделі техникалық объектілерді жобалауға, әртүрлі үрдістерді үлгілеуге, жарнамалық беттер құруға мүмкіндік береді. Әуендік редактор - бұл бағдарлама дыбыстық ақпаратты құру және өңдеуге арналған (Composer) . Кестелік процессор - бұл бағдарлама кесте түрінде берілген ақпаратты өңдеуге арналған. Өңделген кестелер электрондық кестелер деп аталады. Мәліметтер қоры - бұл анықталған белгілері бойынша ұйымдастырылған, жалпы сипаттау және сақтау принциптері бар мәліметтер жиынтығы. Анимациялық графика дестесі динамикалық графикалық ақпаратпен жұмыс жасауға арналған (3D-Studio, Animator) . Коммуникациялық бағдарламалар - бұл бағдарламалар мәліметтерді компьютерлік желілер арқылы жіберуге арналған. Оларға браузерлердің барлық түрлерін жатқызуға болады (Outlook Express, Internet Mail, MS Exchange және т. б. ) . Интегралданған десте - бұл өзара байланысқан, кешенді есептерді шығаруға бағытталған және қолданушылардың дестедегі барлық бағдарламалармен әрекеттесуін сүйемелдейтін қолданбалы бағдарлалар жиынтығы. MS Office, Works, Framework. Интегралданған дестелердің пайда болу себебі әртүрлі форматтағы мәліметтерді бірге қолдану болып табылады. Сондықтан олар бірегей принциппен әзірленді. Оларда төрт механизмді атап өтуге болады:
Алмасу буфері, мұнда басқа бағдарламаға көшіруге арналған ақпарат еңгізіледі;
OLE технологиясы, бір қосымшаның құжатына басқа қосымшаның құжатын қосуға мүмкіндік береді;
Файлдарды конверттеу - белгілі бір форматтағы файлдағы жазбаны осы дестенің басқа қосымшасында оқи алу мүмкіндігі;
Ортақ қабықшаны қолданып тікелей ақпарат алмасу.
Бір мақсаттағы бағдарламалар белгілі бір тапсырманы шешу үшін арналған. Олардың ішінде ең танымалдары аудару бағдарламалары, сөздік бағдарламалар және құжаттарды сканерлеу бағдарламалары. Аудару бағдарламалары ақпаратты бір тілден келесі бір тілге аударуға арналған (PROMT, Stylus, Сократ) . Сөздік бағдарламалар қарапайым сөздіктердің электрондық нұсқасы болып табылады, бірақ кейбір қосыша ыңғалы мүмкіндіктері бар. (Lingvo, Мультилекс) . Сканерлеуге арналған бағдарламалар құжаттың баспа көшірмесін электрондық түрге автоматты түрде ауыстырға мүмкіндік береді (FineReader) .
Арнайы қызметтегі бағдарламалар
Бұл бағдарламалар арнайы есептерді шешуге арналған бағдарламалар, мысалы, қашықтықтан оқыту және тестілеу, математикалық дестелер (MathCAD), қызметті эксперттік бағалау (GAMMA, EXPERT) және т. б.
Кәсіби деңгейдегі бағадарламалар.
Бұл бағдарламалар маманның кәсіби тапсырмаларын шешуге арналған. Бұл классқа ұйымның қаржылық шаруашылық қызметін талдау бағдарламалары, бухгалтерлік есепті және банктік қызметті автоматтандыру бағдарламалары, өнімді өндіру технологиясын қамтамасыз ететін бағдарламалар және т. б.
Компьютерлерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет көрсету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады:
жүйелік
қолданбалық
Жүйелік программалық жабдықтама деп өзіне:
операциялық жүйелерді
желілік программалық жабдықтамаларды
сервистік бағдарламаларды
программаларды жасау құралдарын қосатын программалық жабдықтама түсініледі.
Желілік программалық жабдықтама - желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды: магниттік дискілердегі желілік жинақтауыштарды, принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаларды және т. б басқаруға арналған.
Желілік программалық жабдықтамаға:
желілік ОЖ
желілік емес ОЖ-лерде бар кейбір желілік программаларды жатқызады.
Қолданбалы программалық жасақтама - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына:
- жалпы мақсаттағы ҚПЖ;
- мәселелік бағытталған ҚПЖ;
- интегралданған ҚПЖ кіреді.
Жалпы мақсаттағы ҚПЖ құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:
- мәтіндік редакторлар мен процессорлар;
- графикалық редакторлар;
- электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;
- мәліметтер қорын басқару жүйелері;
- электрондық презентациялар және т. с. с.
Мәселелік бағытталған ҚПЖ - белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:
- жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ) ;
- таңбаларды айыру жүйелері;
- статистикалық, қаржылық - аналитикалық жүйелер;
- ғылыми зерттеулер жүйелері және т. с. с. жатады.
Интегралданған ҚПЖ - қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар - көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office және т. б. ) .
- Қолданбалы программалық жабдықтама түрлері
Қолданбалы программалық жасақтама - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына:
- жалпы мақсаттағы ҚПЖ;
- мәселелік бағытталған ҚПЖ;
- интегралданған ҚПЖ
кіреді.
Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:
- мәтіндік редакторлар мен процессорлар;
- графикалық редакторлар;
- электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;
- мәліметтер қорын басқару жүйелері;
- электрондық презентациялар және т. с. с.
Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар - белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:
- жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ) ;
- таңбаларды айыру жүйелері;
- статистикалық, қаржылық - аналитикалық жүйелер;
- ғылыми зерттеулер жүйелері
және т. с. с. жатады.
Интегралданған ҚПЖ - қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар - көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office және т. б. )
Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары
Компьютерде пайдаланушының жұмысы көбнесе әртүрлі мәтіндік ақпараттарды өңдеумен байланысты. Мәтіндік ақпараттарды еңдеудің негізгі ұғымдары, міндеттері, әдістері мен құралдарына қысқаша шолу жүргізейік. Мәтіндік құжаттарды өңдеудің келесі негізгі қадамдарын атауға болады:
- мәтінді енгізу;
- редакциялау (соның ішінде пішімдеу түрлері) ;
- құжатты сақтау;
- жариялау;
- құрылған құжатты іздеу және ашу;
- аудару.
Мәтінді енгізу. Мәтінді енгізуді пернетақтаның көмегімен, қағаздағы құжатты электрондық пішімге аударумен, дауыс арқылы, қолмен жазу арқылы енгізуге болады.
Редакциялау - терілген мәтінде өзгерту және шрифт, абзац пішімдерін орнату арқылы қажетті түрге келтеру.
Құжатты сақтау - мәтіндік құжатты дайындаудың маңызды қадамдарының бірі. Сақтауда мәтіндік құжаттың сақталу пішіміне көңіл аудару керек. Жиі қолданылатын пішімдерге - ASCII, RTF, DOC, HTML пішімдері жатады.
ASCII (American Standard Code for Information Interchange) - ең алғашқы және ең қарапайым ұйымдастырылатын пішім (әрбір әріпке бір байт сәйкес) .
RTF (Rich Text Format) - әртүрлі мәтіндік процессорлар арасында құжаттар алмасу пішімі. Ең негізгі ерекшелігі - оның ішкі ұйымдастырылуы пішімдеулердің барлық элементтерін (шрифт өлшемі мен параметрлері, абзац параметрлері, т. с. с. ) беруді қамтамасыз етеді.
DOC - бұл Microsoft Word мәтіндік процессорының ішкі пішімі (MS Word 2000 және MS Word 97 үйлесімді, ал одан көне нұсқалар үйлесімді емес) .
HTML (Hypertext Markup Languange) - Интернетте Web-беттер құру үшін қажетті гипермәтінді белгілеудің әмбебап тілі. Word 2000 үшін doc сияқты ішкі пішімге жатады.
Мәтіндік құжатты жариялау. Құжатты құрып және сақтағаннан кейін оны жариялау мәселесі туады. Құжатты көрсету типтеріне байланысты жариялаудың үш түрі бар, олар:
құжатты басу (қағазда немесе таспада қатты көшірме жасау) ;
электрондық жариялау (электрондық поштаарқылы, тасуышта ) ;
Web-құжаттар арқылы (Интернетте жариялау) .
Құрылған құжатты іздеу және ашу. Құрылған құжатпен жұмысты қайта іске қосу үшін оны тауып және ашу керек. Бұл операциялар оның Web-бет түрінде жарияланғаны немесе сәйкес файлдық жүйеде сақталғанына байланысты олардың нақты іздеу және ашу мүмкіндіктерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
Мәтіндік құжаттарды өңдеуде кездесетін негізгі ұғымдар:
- символ (таңба, әріп, цифра, т. с. с. ) . Әрбір символ шрифтімен, өлшемімен, кескін стилімен, түсімен анықталады;
- абзац - аяқталған ойды білдіретін текст фрагменті, компьютер үшін Enter түймешесінің екі басуы арасында орналасқан мәтін бөлігі.
- колонтитул - документтің әрбір бетінде қайталанатын элемент (жоғарғы немесе төменгі колонтитул) .
Мәтіндік ақпаратты өңдейтін бағдарламалық құралдар. Мәтіндік құжаттардың күрделілігіне байланысты, олардың сапалық орындалу дәрежесіне байланысты текстік редакторлар, текстік процессорлар, үстелдік баспа жүйелерін анықтауға болады.
Текстік редакторлар - күрделі емес мәтіндік құжаттар дайындаудың негізгі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар.
Текстік процессорлар - кез келген күрделі мәтіндік құжаттар дайындаудың барлық күрделі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар (MS Word, TeX, LaTeX, т. б. ) .
Баспалық жүйелер - мәтіндік және иллюстративтік мәліметтерді компьютерлік теру, басып шығару, термелеу қызметтеріне арналған аппараттық және программалық жабдықтардың кешені.
MS Word мәтіндік процессоры, оның мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіншіліктері. MS Word - Windows жүйесінде мәтіндік құжаттармен жұмыс істеудің қуатты процессоры. Қазіргі замандағы мәтіндік процессор пайдаланушыға төмендегідей қызметтерді тиімді орындауға мүмкіндік береді:
- мәтіндерді интерактивті режімде теру;
- мәтінді редактрлеу (түзетулер жасау, символдарды пішімдеу, абзацтарды пішімдеу, беттерді пішімдеу, құжатты пішімдеу, ендірілетін объектілерді пішімдеу) ;
- көп терезелілік режімді қолданып бірнеше мәтіндік құжатпен бір уақытта жұмыс істеу;
- мәтіндерді импортау (экспорттау мүмкіндіктері, басқа қолданбалы жабдықтармен қарым-қатынас жасау) ;
- арнайы таңбалармен жұмыс істеу (математикалық белгілер, формулалар редактрлері, индекстер, т. с. с. ) ;
- грамматикалық тексеру жүргізу, жолдарды автоматты тасымалдау;
- ендірілетін объектілермен жұмыс істеу (графиктер, кестелер, кескіндер, суреттер, фигуралар, WordART колеккциялары, т. с. с. )
- электрондық поштамен жұмыс істеу;
MS Word процессоры интерфейсінің негізгі элеметтері төмендегі суретте (сурет 1) көрсетілген. MS Word процессорында жұмыс істеу негіздеріне арналған көптеген арнайы әдебиеттер, оқу құралдары болғандықтан шолу қысқаша жүргізілді.
Сурет 1 - MS Word программасының негізгі интерфейс элементтері
Электрондық кестелерді өңдеу құралдары
Мәтіндерді өңдеу құралдарынан кейінгі жиі қолданылатын қолданбалы программаларға электрондық кесте процессорлары жатады.
Электрондық кестелерді өңдеу құралдары
Электрондық кесте - магниттік тасыуыштарға орналастырылған екі өлшемді немесе n-өлшемді мәліметтер жиымдары, яғни кестелер.
Электрондық кестелер процессоры - электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналған программалар жиынтығы.
Алғашқы кестелерді өңдеу программалары 80-жылдардың басында пайда болады, олар: Buisicalc, Multicalc, Supercalc. 90-жылдары Microsoft фирмасы қуатты кестелік процессор - MS Excel-ді жасады. Электрондық кестелерді қолдану мәліметтермен есептеу жұмыстарын жеңілдетеді, есептеу қортындыларын арнаайы программалаусыз алуға мүмкіндік береді. Электрондық кестелер, әсіресе, экономикалық және бухгалтерлік, статистикалық, ғылыми-техникалық есептеулерде жиі қолданылады.
Электрондық кестелер
- мәліметтердің үлкен жиынтықтарымен бір типті есептеулер жүргізу үшін;
- қорытынды есептеулерді автоматтандыру үшін;
- есептеулерді параметрлердің мәндерін таңдау және формулаларды табуляциялау арқылы шешу үшін;
- тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу үшін;
- параметрлердің тиімді мәндерін іздеуді ұйымдастыру үшін;
- кестелік құжаттар дайындау үшін;
- берілген (немесе алынған) мәліметтер бойынша графиктер және диаграммалар тұрғызу үшін кеңінен қолданылады.
Қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын кестелік процессор Microsoft Excel-де жұмыс істеу негіздерін қарастырайық.
Microsoft Excel - мәліметтердің екі өлшемді кестелерімен жұмыс істеуге арналған. Электрондық кестелер құруда келесі қадамдар орындалады:
- мәліметтерді (мәтіндік, сандық, формула) енгізу;
- редакциялау;
- пішімдеулер жүргізу;
- қағазға басу (жариялау) .
Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Microsoft Excel программасы Windows жүйесінде программаларды іске қосудың және жабудың тәсілдеріне сәйкес іске қосылады және жабылады.
Сурет 2 - MS Excel терезесінің негізгі элементтері
MS Excel құжаты Жұмыс кітабы (сурет 2) деп аталады. Жұмыс кітабы әрқайсысы бір электрондық кестеден тұратын Жұмыс беттерінен тұрады (255-ке дейін жұмыс беттері болуы мүмкін) . Әрбір жұмыс бетінің атауы бар, ол бет жарлығында орналасады. Бет жарлықтарына тышқанмен түрту арқылы олардың бірінен-біріне көшуге болады. Беттің атауын өзгерту үшін жарлығына екі рет қатарынан түртіп, жаңа атау теру керек. Жұмыс беті жолдар мен бағандардан тұрады (256 бағанға, 65536 жолға дейін болуы мүмкін), жолдар реттік сандармен, бағандар латынның бас әріптерімен нөмірленеді.
Ұяшық және оның адресі. Баған мен жолдың қиылысуында орналасқан элементті ұяшық деп атайды, ұяшық - мәліметтерді кестеде сақтаудың ең кіші элементі. Әрбір ұяшық өзі қиылысуында орналасқан баған мен жол атауларынан тұратын адресімен анықталады, мысалы - А1, DЕ234, F9. Әрбір мезетте белгілі бір ұяшық активті болып табылады, ол қою қоршаумен ерекшеленеді.
Ұяшықтар диапазондары. Диапазон - іргелес ұяшықтарда орналасқан, формулаларда оларға біртұтас элемент сияқты қатынасатын мәліметтер тобы. Жолдағы немесе бағандағы диапазондарға олардың алғашқы және соңғы адрестерін көрсету арқылы қатынасады, мысалы: А1:А15, А1:G1.
Тік төртбұрышты диапазонға жоғарғы сол төбе мен төменгі оң төбенің адрестерін көрсету арқылы қатынайды, мысалы А1:С15.
Кестеде баған, жол, ұяшықтарды және ұяшықтар диапазондарын ерекшелеу. ЭК -де ерекшелеулерді жүзеге асыруға болады:
1) бағанды ерекшелеу үшін қажетті баған тақырыбы аумағына тышқанмен түрту керек;
2) жолды ерекшелеу үшін қажетті жол нөмірі орналасқан ең шеткі жол аттарына тышқанмен түрту керек;
3) ұяшықты немесе диапазонды ерекшелеу үшін тышқанды (немесе жылдам ерекшелеу үшін SHIFT және курсорды жылжыту батырмаларын) қолдану керек;
4) егер іргелес емес бірнеше ұяшық диапазондарын ерекшелеу қажет болса, мысалы А1:А5 және С1:С5, онда А1:А5 ерекшелеп, сонан кейін CTRL батырмасын басып отырып екінші С1:С5 диапазонын ерекшелейді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz