ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
титулка
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .4
1. ҚР әділет министрлігінің сипаты мен даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .4
2. ҚР әділет министрлігінің негізгі қызметтері және
міндеттері ... ... ... ... ... ... . .6
2. ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.1 Қазақстан Республикасының
прокуратурасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.2 Қазақстан Республикасының
адвокатурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..15

КІРІСПЕ

Әділет министрлігінің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының
Үкіметі 11.03.99 жылы қабылдаған Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігі туралы Ережеде бекітелген. Бір жағынан Әділет министрлігі
Үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы орган, ол өз қызметін Қазақстан
Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекіткепн
халықаралық келісімдерге, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің,
Үкіметінің нормативтік актілеріне және Әділет минстрінің бұйрықтарына
сәйкес жүзеге асырады. Екінші жағынан, өз құрылымын вертикалды
ұйымдастыратын атқарушы биліктің құрылымдық бөлімшесі бола тұра, Әділет
министрлігі аумақтық әділет органдарына басшылық етеді, Республиканың
барлық аумағында біртұтас құқықтық саясаты жүзеге асырады, заңдарды
реформалау жағдайында үйлестіру қызметін атқарады, соттарды ресурстық
жағынан қамтамасыз етеді және сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Әділет министрлігі туралы 1999 жылғы 11 наурыздағы Ережеде Әділет
министрлігінің парызы әділеттілік пен заңдылықты қамтамасыз ету жолында
халыққа және Қазақстан Республикасының Президентіне қызмет ету екені
көрсетілген және оның қызметінің мынандай басымдықтары белгіленген:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қазақстандық
қоғам мен мемлекеттіліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ұлттық
заңдардың жаңа буынын қалыптастыру;
кадрларды жоғары білікті, атына кір келтірмеген, отаншыл рухтағы
адамдардан іріктеу негізінде еліміздің тәуелсіз судьялар корпусын
қалыптастыру;
мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтағы ұлттық мүдделері мен беделін
қорғау мақсатында халықаралық аренада республика қызметін құқықтық жағынан
қамтамасыз ету;
заң қызметінің жалпыға ортақ өркениетті рыногін құру;
ел азаматтары құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру.
Әділет министрлігіне дамудың жалпыұлттық мемлекеттік даму стратегиясын
жасауға және жүзеге асыруға қатысумен қатар, мынадай негізгі міндеттер
жүктеледі:
1) заң жобалау жұмысын, заңдарды сараптауды, жетілдіруді, жүйелеуді
жүргізу;
2) нормативтік актілерге құқықтық сараптама;
3) сот қызметін ұйымдық, кадрлық және материалдық-техникалық жағынан
қамтамасыз ету;
4) құқықтық көмек ұйымдастыру және заңгерлік қызмет көрсету;
5) құқықтық насихатты және құқықтық жаппай оқуды ұйымдық-әдістемелік
жағынан қамтамасыз ету.
Құқық қорғау органы ретінде Әділет министрлігінің құқық қолданудың әр
түрлі салаларында атқаратын міндеттері (өкілеттігі) айтарлықтай кең.
Мәселен, нормативтік қызмет саласында ол:
Президенттің Республика Премьер-министрінің тапсырмасымен және дербес
өз бастамасы бойынша, сондай-ақ сырттан мамандар мен сарапшылар тарту
арқылы жобалар және де нормативтік құқықтык актілер жасаумен айналысады;
республикамыздың заңдарын жетілдіру жөніндегі барлық ұсыныстарды
тоғыстырады, оларды жүйелейді және Қазақстан Республикасының Президентіне,
Парламентке және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар дайындайды;
құқықтық ақпаратты есептеудің және талдаудың компьютерлендірілген
біртұтас жүйесін жасайды, заңдарды жүйелеуді және нормативтік құқықтық
актілердің эталондық банкін жүргізуді жүзеге асырады;
заң шығару саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіреді.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. ҚР әділет министрлігінің сипаты мен даму тарихы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі — Қазақстан Республикасының
Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге
асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен
азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ жекелеген
негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдыруға жататын)
мүлікті есептеу, сақтау, бағалау және одан әрі қолдану бойынша атқарушы
құжаттарды орындау және жұмыстарды ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.[1]
1920 жылы ҚазАКСР Әділет халық комиссариаты ретінде құрылды. 1946 жылы
28 наурызда Қазақ КСР Әділет министрлігі болып қайта аталды. 1960 жылы 26
наурызда таратылды. 1970 жылы 25 қыркүйекте қайта құрылды.[2]
ҚР Үкіметінің 2001 жылы 30 қаңтардағы қаулысымен[3] министрліктің
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитет
құрылды. Министрлік туралы ережеге қосымша енгізілді: Нашақорлыққа және
есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті министрлік
ведомстволарының қатарына енгізілді.
ҚР Президентінің 2001 жылы 22 қаңтардағы Жарлығына[4] сәйкес ҚР
Үкіметінің 2001 жылы 29 наурыздағы қаулысымен[5] министрліктің
Интеллектуалды меншік қүқықтары жөніндегі комитеті құрылды, оған
таратылған Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің мүлкі мен істерін
басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді. Осыған сәйкес
министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді: Авторлық құқықтар жөніндегі
комитетінің орнына министрлік ведомстволарының қатарына Интеллектуалды
меншік құқықтары жөніндегі комитеті енгізілді.
ҚР Президентінің 2001 жылы 22 қаңтардағы Жарлығына сәйкес ҚР
Үкіметінің 2001 жылы 14 сәуірдегі қаулысымен министрліктің Сот қаулыларын
атқару жөніндегі комитеті таратылды, атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі
функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат сандары мен мүлкі ҚР Жоғарғы
Соты жанындағы Соттық әкімшіліктеу жөніндегі комитетіне және оның Астана,
Алматы қалаларындағы әкімшіліктеріне берілді.
Осыған сәйкес министрлік туралыы ережеге өзгерту енгізілді: Министрлік
ведомстволарының қатарынан Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті
шығарылды. Министрліктің негізгі міндеттерінен сот приставтары мен
орындаушыларының қызметін ұйымдастырушылық, кадрлық және материалдық-
техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ сот қаулыларының атқарылуын қамтамасыз
ету міндеттері шығарылды.
ҚР Үкіметінің 2001 жылы 2 қарашадағы қаулысымен министрліктің
лицензиялауға қатысты міндеті басқа редакцияда мазмұндалды: нотариалдық
және адвокаттық қызметті, соттық-сараптау қызметін және оның құзіретіне
жатқызылған қызметтің барлық түрлерін лицензиялау.
ҚР Үкіметінің 2001 жылы 28 желтоқсандағы қаулысымен министрліктің
негізгі міндеттеріне қосымша енгізілді: қаржы лизингі шарттарын мемлекеттік
тіркеу, сондай-ақ өз құзіретінің шегінде бағалау қызметі саласындағы
бақылау және қадағалау функцияларыын жүзеге асыру.
КР Үкіметінің 2001 жылы 28 желтоқсандағы қаулысымен министрліктің
Қылмыстық-атқару жүйелері комитеті құрылды, оған таратылған ҚР Ішкі істер
министрлігі Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мүлкін басқару жөніндегі
функциялары мен өкілеттіктері берілді.
Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді: Министрлік
ведомстволарының қатарына қосымша қылмыстық - атқару жүйелері комитеті
енгізілді. Министрліктің негізгі міндеттеріне де қылмыстық жазаларды
орындау жатқызылды.
ҚР Үкіметінің 2002 жылы 23 сәуірдегі қаулысымен министрлік туралы
ережеге министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық
органдары бар екендігін көрсеткен толықтыру енгізілді.
ҚР Үкіметінің 2002 жылы 22 тамыздағы қаулысымен министрлік туралы
ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: министрліктің негізгі
міндеттерінен заңнаманы кодтау шығарылды; нормативтік құқықтық кесімдерді
құқықтық сараптау нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын заңды
сараптаумен ауыстырылды; министрліктің негізгі міндеттері заңға сәйкес
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері жөніндегі өндірісті жүзеге асыру,
сондай-ақ соттық-сараптау қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру
міндеттерімен толықтырылды.
ҚР Президентінің 2003 жылы 23 желтоқсандағы Жарлығымен министрлік
қайта ұйымдастырылды, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар
айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-
әрекеттер саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ішкі істер
министрлігіне берілді.
ҚР Үкіметінің 2003 жылы 31 желтоқсандағы қаулысымен министрліктің
мемлекеттік мекемелері-аумақтық органдары (әділет басқармалары)
министрліктің Астана және Алматы қалаларындағы әділет департаменттері болып
қайта аталды.
ҚР Үкіметінің 2004 жылы 3 наурыздағы қаулысымен министрліктің
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті
таратылды. Осыған сәйкес, министрліктің негізгі міндеттерінен есірткі
құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы қызметін мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыруға қатысты міндеттері алынып тасталынды.
ҚР Үкіметінің 2004 жылы 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы жаңа
ереже бекітілді және министрліктің Халыққа қүқықтық көмек және заңгерлік
қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті құрылды [1].
Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде оның
құзіретіне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге
асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің негізгі
міндеті мемлекеттік қызметін құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік
органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында
заңдылық режимін қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық
органдары және ведомстволары бар: Тіркеу қызметі комитеті, Зияткерлік
меншік құқығы комитеті, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Халыққа құқықтық
көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті.
Министрлік, оның органдары және ведомстволық ұйымдары әділет
органдарының біртұтас жүйесін құрады.
ҚР Үкіметінің 2005 жылы 8 ақпандағы қаулысымен министрліктің
аудандарда, қалаларда және қала аудандарында мемлекеттік мекемелері-
аумақтық органдары құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге
министрліктің осы аумақтық органдары бар екендігін көрсеткен өзгерту
енгізілді.
ҚР Үкіметінің 2005 жылы 30 желтоқсандағы қаулысымен ҚР Әділет
министрлігінің Діни істер комитеті құрылды, ереже және оның құрылымы
бекітілді. Дін істері жөніндегі комитеті министрлік ведомстволарының
қатарына енгізілді [2].

2. ҚР әділет министрлігінің негізгі қызметтері және
міндеттері

Министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша мыналар жатқызылды: есірткі
құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік органдар мен өзге де
ұйымдардың есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы
саласындағы, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес
жөніндегі аймақтық комиссиялардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың
заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы
халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру және жүзеге асыру [3].

2. ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Қазақстан Республикасының прокуратурасы

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1991 ж. 6 желтоқсандағы
қаулысымен[1] Қазақ КСР аумағында жұмыс істейтін прокуратура органдарының
базасында Қазақ КСР Бас прокуратурасына бағынысты прокуратура органдарының
біртұтас жүйесі құрылды.
КСР прокуратура органдарының біртұтас жүйесін республика прокуратурасы
(орталық аппарат), облыстар, Алматы қаласының,Алматы, Целинная және Батыс-
Қазақстан көліктік прокуратуралары(облыстық құқығындағы), қалалар мен
аудандар, көліктік, табиғат қорғау,су және өзге мамандандырылған
прокуратуралары (аудан құқығындағы) және олардың мүлкі республика меншігі
болып табылды.
1992 ж. 17 қаңтарда, "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы"
ҚР Заңы3[3] қабылданды.
ҚР Президентінің 2003 ж. 28 наурыздағы Жарлығымен[4] ҚР
Баспрокуратурасы жанынан Қүқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті құрылды. Оған таратылған ҚР Бас прокуратурасы жанындағы
Құқықтық статистика және ақпарат орталығының функциялары мен мүлкін басқару
жөніндегі өкілеттіктері құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.)
Қазақстан Республикасының прокуратурасы — Қазақстан Республикасының
аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және
өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі
қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік
және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды
жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Прокуратура органдары төменгі прокурорларды жоғары тұрған
прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені
құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Парламент сенатының
келісімімен қызметке бес жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор
басқарады. Бас прокурордың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Президенті тағайындайтын бірінші орынбасары және орынбасарлары болады.
Прокуратура органдары жүйесіне: Бас Прокуратура облыстардың
прокуратуралары; республика астанасы мен республикалық маңызы бар
қалалардың прокуратуралары; ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға
теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар кіреді.
Басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-
ақ аға көмекшілерін, айрықша тапсырмалар жөніндегі көмекшілерді, аға
прокурорлар мен басқармалардың және бөлімдердің прокурорларын қызметке
Республиканың Бас прокуроры тағайындайды және қызметінен босатады [3].
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін
Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар
калалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаральқ, аудандық,
қалалық және соларға теңестірілген әскери және мамандандырылған
прокуратуралар құрайды.
ҚР Бас прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғары буыны болып табылады
және барлық прокуратура органдары мен оның мекемелеріне басшылықты жүзеге
асырады. Бас прокуратураны жоғарыда аталған Занның 12-бабына сәйкес ҚР Бас
прокуроры басқарады. Оның ҚР Президенті ҚР Бас прокурорының ұсынуымен
қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен
орынбасарлары болады. Бас прокуратурада құрамында оның төрағасы болып
табылатын ҚР Бас прокуроры және мүшелері: ҚР Бас прокуроры тағайындайтын
бірінші орынбасары және орын-басарлары (лауазым бойынша), басқа да прокурор
кызметкерлер болатын Алка кұрылады.
ҚР Бас прокуратурасының құрылымын аға көмекшілер болып табылатын
бастықтар басқаратын департаменттер, басқармалар мен бөлімдер құрайды. ҚР
Бас прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшілері мен көмекшілері
болады. ҚР Бас прокуроры орынбасарларының да ерекше тапсырмалар жөніндегі
көмекшілері болады [4].
Департаменттерде, басқармаларда және бөлімдерде аға прокурорлар және
прокурорлар лауазымы көзделген.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
Турфирма қызметіндегі визалық ресмилік
Патент құқығы обьектілері
Қазақстан Республикасында сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
Нотариуста өндірістік тәжірибе
Мемлекеттік тіркеу
Қазақстан Республикасындағы жаңа нарықтық экономикаға байланысты зияткерлік меншіктің түсінігі мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғау жүйесі
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы туралы
Пәндер