ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Көптеген құқық нормалары әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде бірімен-бірі келісімді байланыста болады. Құқық жүйесі объективтік сипатта болады, себебі шын мәнісіңдегі бар қоғамдық қатынастар жүйесін көрсетеді және адамдардын субъсктивтік көзқарастарымен құрылмайды. Құқық жүйесі экономикалық, саяси, адамгершілік және басқа қоғамдық қатынастармен, сол елдін тарихи даму барысымең, оның ұлтгық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Осы фактілердің бәрі құқық жүйесіне объективтік сипат береді және оның бірлігін, келісімділігін белгілейді. Құқық жүйесі тұтас бірлікте құралады, ондағы құқык нормалары бір-бірінен келісімді және жеке қимыл жасамайды. Құқық нормаларының бірлігі және құқық жүйесінің бойындағы келісімділігі құқықтық принциптердің бірлігімен камтамасыз етіледі және атқаратын функцияларымен құқықтық мақсаттарға сай болады.
Құқық жүйесінің өзі, шын мәніңдегі қоғамдық қатынастардың сипатына қарай, оларға мақсатты ықпал жасайды. Онын тиімді болуынын өзі, қоғамдық дамудын қажеттілігін калай көрсетуіне, белгіленген мақсаттарға жетуге қосқан ұлесіне байланысты. Құқықтық реттеуде, кейбір құқық нормаларының бір-біріне қайшылығы көп зиян келтіреді. Заң шығарушының мақсаты- құқық жүйесінін жағдайына карау, оны жетілдіру, дер кезінде жетімсіздікті, қайшылықтарды жою болып табылады. Құқық жүйесі құкық ережелерінің тұрақтьшығына байланысты және сонымен қатар, өзінің жөнді динамизмінен айырылмауы қажет, дәлелденген өзгерістер және құқық жүйесін әрдайым толықтыру кажет, себебі коғамдык тәжірибе әр уакытта бір орында тұрмайтыны анық.
Құқық жүйесі, өте қиын құбылыс, өзінің белгілі құрамы бар, өзін құрайтын шартты бөліктерден тұрады - құқық салалары және институттары, олар коғамдык катынастардың жекелеген топтаръш реттейді. Жекелеген құкық нормалары, басқа біржақты, нормалармен бірігіп, соған не болмаса басқа құқык институттарына жатады. Сондай қызметтеріне байланысты құқық нормаларының реттеу рөлі көрінеді, олардың әлеуметтік орны белгіленеді. Нәтижесінде аталған курстық жұмысты өзекті мәселелер қатарына жатқызуға болады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты:
Құқық жүйесін толықтай қарастыра отырып, құқық жүйесінің құрылымын қарастыру.
Аталған мақсатқа сүйене отырып, келесідей міндеттерді анықтап алдық:
- құқық жүйесінің түсінігіне және оның даму бағыттарына тоқталу;
- құқық нормасы мен институттарынның ерекшеліктерін қарастыру;
- құқық саласы мен салаларының бөлшектеріне (салашасы) түсінік беру.
Зерттеу пәні: құқық жүйесі.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, бірінші бөлімде
Құқықтық институттар бірігіп, сол қоғамнын кұқық жүйесін құрайтын кұқык саласына айналады.
Құқық жүйесі -- құқыктың ішкі құрылымы, барлық кұкык нормаларының бірлігімен, келісімділігімен, олардың салапарға қосымша салаға, құқықтық институттарға бөлінуіндегі қисынымен көрінеді.
Қоғамдағы құрылған құқық жүйесі осы елдіңтарихи дамуындағы заңдышық ерекшеліктерін көрсетеді. Ол көптеген қоғамдық қатынастардың ықпалымен және қажеттілікпен құрылады, қоғамның көпжақты мүдделерін және даму болашағын қамтиды.
Жүйе, философиялык түсінік ретіңде - бөліктерден (элементтерден) тұратын тұтас құбылыс, бір-бірімен қарым-қатынаста және әрекеттестік жағдайда болады. Біртұтастығына байланысты өзін құрайтындарынсыз болмайды, сол сияқты оны құрайтын жеке бөліктері де, жүйесінсіз өз еріктерімен жеке функцияларды орындай алмайды. Құкық жүйесі жалпы объективтік заңдылықтар негізінде құрылады және қызмет істейді. Ол өте күрделі және даму жағдайындағы әлеуметтік құбылыс, нормативтік нысанда қоғам өмірінің заңдылықтарын көрсетеді және бекітеді.
Құқық - жүйе ретінде мынадай белгілермен сипатталады: біріншіден, құқық - жиынтығы емес органикалық тұтас, құқықтық құбылыс. Құқық нормалары, объективтілігімен сипатталады. Ол адамдардың субъективтік пікіріне сай құрылмайды, себебі сол ортадағы бар жүйенің қоғамдық қатынастарымен қамтамасыз етіледі. Құқық бір жағынан, арнайы нысанда сол жүйенің қатынастарыи көрсетеді, екінші жағынан, оларға реттеушілік ықпалын тигізеді. Егер, құқық өзінің нормаларында қоғам өмірінің қажетін дұрыс көрсетпесе, қоғам дамуына кедергі болады.
Былайша айтқанда, заңдар немесе нормалар, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білмесе, ол - өз мәнінде жүргізілмеген кұқықтың шығармашылық нәтижесі.
Құқықтық жүйе - біртұтас және өзін құрайтын нормалар қарым қатынастығымен сипатталады. Олардың ретгеу күші, жалпылама алға қойған мақсаттарына жетуге арналған бір-бірімен келісушілігінде.
Құрамның әрбір бөлігі құқық жүйесінен алынбаса, жүйелік қызмет әрекетіиен және әлеуметтік маңыздылығынан айырылады. Екіншіден, кұкык жүйесі - көп салалы өзіне мазмұндары бірдей емес және көлемі жағынан да өзгеше, кұрамдық бөліктерін косып алады. Біртұтас құрылым болғандықтан, кұкык жүйесі құқық нормаларына, құқық институтына, әр түрлі салаларға және сапа бөліктеріне бөлінеді. Ондай бөліну, кұкык жүйесінің көрсететін және реттейтін коғамдық катынастардың жан-жақтығына байланысты.
Құқык нормалары - кейіптік қоғамдык катынастарды реттейді, соған сай, алғашкы құқық жүйесінің бөлігін құрайды, ал әр түрлі құқық нормаларынын жиынтығы оның басқа бөліктерін (элементтерін) кұрайды: кұқық институты, құқықтық сала бәліктері және құқық салалары, одан да қиын қоғамдық қатынастар құрамының бөліктерін реттейді.

Құқық жүйесі - бұл объективті қамтамасыз етілген қоғамдық қатынастар жүйесі, құқықтың ішкі құрылымы, онда бірлікте және келісілімділікте көрінетін, мемлекетте әрекет ететін құқықтық нормалар және құқықтың бөлінуіндегі салыстырмалы еркіндіктегі бөлігі - нормалар, институттар және құқық салалары.
Құқық жүйесінің негізгі формалары:
:: объективтілігі (құқық саяси партиялардың еркімен қалыптаспайды, қоғамдық қатынастардың заңды даму процесінде тұжырымдалады.
:: қоғамдағы бар қатынастардың деңгейін, құқықтық мәдениетті көрсетеді;
:: құқық жүйесі - бұл көпжақты құқықтық құбылыс, өзінің көлеміне және мазмұнына қарай бірдей емес, бірақ органикалық қарым-қатынастағы құрамдық элементтерді қосып алушы (құқық нормалары, институттар және құқық салалары);
:: құқық жүйесі бірлігімен және өзін құрайтын нормалардың қарым-қатынасымен сипатталады;
:: басқа және күрделі жүйелердің бір бөлігі болып табылады: ұлттық құқық жүйесінің және халықаралық құқық жүйесінің.
Құқық жүйесінің элементтері - бұл нормалар, салалар және құқық институттары. Өз жағынан, жекеленген құқық салалары сала бөліктерінен тұруы мүмкін, ал кейбір институттар кей кезде, күрделі және көлемді конструкциялар болып, солай айтылатын субинституттарды көрсетеді. Құқық нормалары құқықтың негізгі жүйесі және тек солар, жекешеленген топтарға бірігіп, құқықтық реттеу белгісімен, сол не басқа қоғамдық қатынастардың өзіндік жиынтығымен нақтылы институттар мен құқық салаларының мазмұнын құрайды.
Құқық саласы - бұл жекешеленген заңды норомалардың жиынтығы, сапалы біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Барлық құқық салаларының бір-бірімен айырмашылығы пәні мен құқықтық реттеу әдісіне байланысты болады.
Құқықтық реттеу пәні қоғамдық қатынастардың біртекті топтағы құқыпен реттелетін қоғамдық қатынастар ретінде көрінеді. Құқықтық қатынастар ықпал ететін қоғамдық қатынастар аясы әр түрлі және бір-бірінен өзгеше (мүліктік, басқарылатын, т.б.). Құқықтық реттеу пәнінің белгісіне сай, құқық салаларын отызға бөліп көрсетуге болады.
Құқықтық реттеу әдісіне жалпылама тәртіппен - бұл заңды жол (не әдістердің жиынтығы), яғни белгілі қоғамдық қатынастарға әр түрлі әдістермен ықпал етеді; императивті - билік ұйғарымы (тыйым салу нормалары): қылмыстық, әкімшілік, қаржы құқығы; диспозитивті - субъектілі, заң қалпында тәртіп жолын таңдауға мүмкіндік береді (азаматтық құқық). Сендіру және мәжбүрлеу барлық құқыққа тән. Әдістер құқықтық реттеу пәнімен белгіленеді, яғни құқықтық қатынастардың әртүрлілігімен.

1 ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ
1.1 Құқық жүйесі түсінігі

Құқық жүйесі - қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы мен үйлестігі түрінде және олардың салашалар, салалар мен институттарға логикаға сәйкес орналасқандығынан көрінетін құқықтың ішкі құрылымы.
Құқық жүйесі:
а) құқықтық нормалардан;
б) құқық салаларынан;
в) құқық салашаларынан;
г) құқықтық институттардан тұрады.
Құқық жүйесі - құқықтың өзінің құрылысы, өзінің құқық салашаларына, салаларына және институттарға жіктелуінің реті. Құқықтың жүйелік құрылысы белгілі бір анықталынған иерархиялық (сатылық) байланыстары бар, өзара қисынды орналасқан көптеген элементтерден тұратын біртұтас құрылым.
Құқық жүйесінің негізгі ерекшеліктері:
1) жүйенің бастапқы элементі болып құқықтың нормасы алға шығады, олар іріленген құрылымдарға - институттар, салашалар мен салаларға бірігеді;
2) жүйенің осы бастапқы элементтері өзара қайшы болмайды, бір-бірімен байланысқан, іштей үйлескен болып келеді, мұның өзі жүйеге тұтастық, жинақылық түр береді;
3) жүйенің мұндай болуы әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен байланысты болып келеді;
4) құқық жүйесі объективтік түрде бар қатынастарға байланысты туындайды, адамдардың субъективтік еркінше жасалуы мүмкін емес. Құқықты реттейтін не - деген сұраққа пән жауап берген болса, онда қалай реттейді деген сұраққа - әдіс жауап береді. Енді осыдан шығарып құқықтық реттеудің әдісіне анықтама беріп көрейік.
Құқықтық реттеудің әдісі дегеніміз біркелкі сипатты қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін жүзеге асыратын заңдық құралдардың жиынтығы.
Құқықтық реттеудің мынандай негізгі әдістері болады:
1) Иперативтік әдіс - бұл өкілдік ұйғарымдар мен субординациялар арқылы тыйымдар, міндеттер мен жазалар беру нормаларына негізделеді.
2) Диспозитивтік әдіс - бұл әдіс келісімге келуші жақтардың теңдігі (теңқұқықтылығы), субординациялар арқылы рұқсат ететін (ерік беретін) нормаларға негізделеді.
3) Мадақтау - бұл лайықты мінез-құлқына байланысты анықталған сыйлық беру әдісі.
4) Ұсынылатын, кеңес беретін - бұл әдіс қоғам мен мемлекет үшін қажетті нақты мінез-құлықтың болуын жүзеге асыруға кеңес беруге негізделеді.
Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері:
Құқықтық норма - мемлекеттің өзі бекітіп кепілдендірген, нормативтік актілер нормасында көрсетілген, коғамдық қатынастарды реттейтін жеке түрде жалпыға бірдей міндетті болатын мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережесі.
Құқық институты -- белгілі қоғамдық қатынастар топтамасын реттейтін заң нормаларының, тәртіпке салынған жиынтығы. Құқық институты -- құқықтық нормалардың салыстырмалы түрде алғанда көп емес орнықты жиынтығы. Құқықтық институттар қоғамдық болмыстың жекелеген тұстарын, фрагменттерін (үзіктері мен үзінділер), жақтарын ретке келтіріп тәртіптеуге бағытталған. Институт -- саланың құрамдас бөлігі, топтамасы, звеносы (үзбесі). Құқық саласының әрқайсысында көптеген институттар болады. Мысалы, қылмыстық құқықта тағайын, жаза беру, қылмыстық жауапкершіліктен босату институттары болады; отбасы құқығында - неке институты, бала асырап алу институты, некені бұзу институты болады; азаматтық құқықта - сатып алу - сату шарты институты, заңды тұлға институты, талаптың ескіруі институты және т.с.с.
Барлық институттар бір-бірімен тығыз байланысты түрде бір саланың аясында немесе одан тысқары да қызметтерін атқара береді. Құқықтық институттардың арасында кешенді күрделілері де болады. Бұлар өз құрамдарында субинституттар деп аталатын тым майда құрылымдардан тұратын құқықтық нормалардың аса ірі жиынтықтары. Мысалы, азаматтық құқықтағы жеткізіп тұрушылық институты өзіне айып институтын, айып төлеу (неустойка), жауапкершілік институттарын біріктіреді.
Қандайда болсын бір жиынтықтың нақты құқықтық институтқа, жекеленуі үшін заңды айырымдық үш нышаны (белгі) қызмет етеді:
1) құқық нормаларының заң тұрғысынан тұтастығы;
2) қоғамдық қатынастардың белгілі бір жиынтығын реттеудің толықтығы;
3) құқықтық институттарды құрайтын нормалардың заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілер тарауларында, бөлімдерінде және басқалай да құрылымдық бірліктерінде жекеленуі.
Құқық саласы - құқықтық норманың жиынтығы болып табылатын қоғамдық қатынастардың сапалық жағынан біркелкі аясын өзіне тән құқықтық реттеу әдісімен реттейтін құқық жүйесінің ең ірі бөлімі.
Құқық салашасы - құқық саласымен салыстырғанда құқықтық нормалардың аздаған ғана топтамаларын біріктіреді және тектес қоғамдық қатынастарды реттейді. Мысалы, кәсіпкерлік құқығы - азаматтық құқықтың салашасы.
Құқық салаларының белгілері (нышандары):
- әрбір саланың өз пәні болады;
- өзінің заңдары, қағида бойынша дербес кодекстері немесе ірі заңдары;
- құқық нормаларын мүлтіксіз орындауға бағытталған құқық және міндеттерді, мемлекеттік құқықтық шараларды жүзеге асыру тәсілдерін белгілейтін өзінің заңдық ерекше режимі болады.
Құқық салаларын жіктеу:
1) басты құқықтық режимдерді қамтитын профильдеуші негізгі салалар және де бүкіл құқық саласы жүйесінің үстінде конституциялық құқық болады, содан кейін барып материалдық салалар - азаматтық, әкімшілік қылмыстық құқық және соларға сәйкес іс жүргізу салалары - азаматтық іс жүргізу құқығы, әкімшілік іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы болады;
2) арнайы салалар -- мұнда құқықтық режимдер қоғамның ерекше аясына; еңбек құқығына, жер, қаржы құқығына, әлеуметтік қамсыздандыру құқығына, отбасы құқығына ыңғайластырылады;
3) профильдеуші және арнайы салалардың әртекті институттарын біріктіруі оларға тән болып келетін кешенді салалар: аграрлық құқық, экологиялық құқық, сауда құқығы, прокурорлық қадағалау, теңіз құқығы.
Заң әдебиеттерінде құқық салаларынан мыналарды атап көрсетеді:
1) Конституциялық құқық;
2) Азаматтық құқық;
3) Әкімшілік құқығы;
4) Қылмыстық құқық;
5) Жер құқығы;
6) Еңбек құқығы;
7) Неке-отбасы құқығы;
8) Қылмыстық іс жүргізу құқығы;
9) Аграрлық (ауылшаруашылық) құқығы;
10) Қылмыстық іс жүргізу құқығы;
11) Экологиялық (табиғи қорғау) құқығы;
12) Қаржы құқығы;
13) Азаматтық іс жүргізу құқығы;
14) Халықаралық құқық.
Қалыптасу кезеңін өткізіп жатқан құқықтарға кәсіпкерлік, салық, кеден, муниципалдық, компьютерлік, ғарыштық құқықтарды жатқызуға болады.
Құқықтың негізгі салаларына сипаттама беру дегеніміз конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, неке-отбасылық, еңбек және т.б. құқықтардағы нақты пәнді және олардағы құқықтық реттеудің басым әдістерін талдап қарастыру болып табылады. Кейбір құқық салаларын қарастырып көрейік.
Конституциялық құқық саласы - жетекші құқықтық сала Конституциялық құрылыстың негіздері, тұлғаның құқықтық жағдайы, басқару формасы және конституциялық құрылыс осы құқықтың реттейтін пәні болып табылады. Бұл құқықтық салада құқықтық реттеудің әдісі - императивтік әдісі басым түрде қолданылады.
Азаматтық құқық саласы - мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық сала құқықтық реттеуде негізінен диспозитивтік әдісті қолданады.
Әкімшілік құқық саласы - мемлекет органдарының атқару-орындау қызметінің барысында туындайтын құқықтық басқару қатынастарын реттейді. Бұл құқықтық салада құқықтық реттеудің көпшілігінде императивтік әдісін қолданады.
Қылмыстық құқық саласы - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылысты, меншіктің жекелік және мемлекеттік нысандарын және т.б. қылмыстық қол сұғулардан қорғауда туындаған құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық саланы құқықтық реттеуде императивтік әдіс үстем болып келеді.
Неке-отбасы құқығы саласын -- отбасын құру негізінде туындаған және отбасы мүшелері арасындағы қатынастарды құқықтық жолмен реттейді. Бұл құқықтық саланы құқықтық реттеуде негізгі қолданылатыны диспозитивтік әдіс.
Еңбек құқығы саласы - еңбек аясы мен еңбек ету яғни жұмыс атқару барысында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық саланың құқықтық реттеуде қолданатыны - императивтік әдіс.

Құқық нормасы (ағыл. rule of law; нем. Rechtnorm f ;лат. norma - улгі) - Құқықтың білдірілу нысаны; қоғамдық қатынас саласындағы сол немесе басқа да мемлекетпен рұқсат етілген жалпы сипаттағы (заң, жарлық, қаулы) міндетті тәртіп.
Біртекті қатынастарды реттеп, құқық саласын құрайтын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық және т.б.) құқық нормасының жиынтығы.
Құқық нормалары жалпыға міндетті күшке ие, жауапкершілікті бұзған жағдайда, субъектілерге заңдық құқықтар мен міндеттерді беруді қарастырады.
Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын , дара ұғымдардың көп сандағы жиынтығы. Құқықтық нормалар құқықтық формалық болмысы , өмір сүруінің тыныс -- тіршілігі объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы өмір сүреді. Қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады. Норма сөзі латын аударғанда үлгі , ереже деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау , бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болады және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінез- құлықтары , әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сәттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі , немесе қорғалады. Мысалы , субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт жасауы тиіс , некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.
Құқықтық нормалардың ерекшеліктері :
1) Құқықтық нормалар бекіткен үлгі , талаптар бәріне бірдей қолданылады. Құқықтық нормаларының мәтінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді , шешімін бекітеді. Мысалы , Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он тқрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәселелердң олардың атынан ата- анасы , асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни , бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей болып табылады.
2) Құқықтық норма халықтың , таптардың , топтардың , тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық норма бекітілуі көп болған. Мысалы , коммунизм идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің Коммунистік партияның монифистері деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз өмірінен алған . К.Маркс өзінің құдай қосқан әйелі бола тұрып , отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес болып , бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс Ф.Энгельске сәбиді менікі дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды . Өкінішке орай сол кездегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана иүрагерлік берілген. Социалистік идиологияны жазу барысында К.Маркс Коммунистік партияның манифесінде қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды талап етті.
3) Құқықтық норма қажет болған жағдайда мемлекет күшпен қамтамасыз етіледі. Сот , прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік органдар құқықтық норма бұрмаланған , немесе орындамаған субъектілерге күш қолданылады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Дәстүрлі құқықтық жүйе
Конституциялық құқық ұғымы
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қазақстан қылмыстық іс жүргізу
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Мемлекеттік қаржы қызмет
Пәндер