ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Титулка үшін

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ . . . 5

  1. Құқық шығармашылықтың түсінігі . . . 5
  2. Құқық шығармашылықтың белгілері . . . 10

2 ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ САТЫЛАРЫ . . . 16

2. 1 Заң шығару бастамасы . . . 16

2. 2 Заң жобасын талқылау . . . 21

2. 3 Заңды жариялау . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқықшығармашылық - бұл құзіретті органдардың заң нормаларын қабылдауға, өзгертуге және жоюға байланысты арнайы қызметі. Құқықшығармашылық мыналармен сипатталады:

- ол белсенді, мемлекеттік, шығармашылық қызметті білдіреді;

- оның негізгі өнімі - нормативтік актілерден көрініс тапқан заң нормалары;

- бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; мұнда оның даму бағдараламасы қалыптасады, маңызды жүріс - тұрыс ережелері қабылданады;

- құқықшығармашылықтың деңгейі мен мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердің сапасы - бұл қоғамның өркениеттілігі мен демократиялылығының көрсеткіші.

Субъектілерінің түріне қарай құқықшығармашылық келесі түрлерге бөлінеді:

1) халықтың мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері бойынша жалпыхалықтық дауыс беруін - референдум - жүргізу кезіндегі тікелей құқықшығармашылығы;

2) өкілетті мемлекеттік органдардың тікелей құқықорнықтырушы қызметі;

3) әдет түрінде қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған нормаларды мемлекеттің санкциялауы.

Құқықшығармашылық процесс бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:

1. Заң шығару ынтасы - құқықшығарушы органға нормативтік актіні шығару туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасы ұсынылады. Заң шығару құқығына ие субъектілер шеңбері заңнамада қатаң түрде анықталған.

2. Заң жобасын талқылау - бұл кезең құжатты қажетті сапаға жеткізу, қарама - қайшылықтарды, олқылықтарды, түсініксіз мәселелерді және т. б. жою үшін қажет. Ерекше маңызды заң жобалары жалпыхалықтық талқылауға ұсынылады.

3. Заңды қабылдау.

4. Қабылданған актінің мазмұнын көпшілікке жеткізу, яғни, заңды жариялау.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ой мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылауына түседі. Заң қабылдайтын орган - Парламент көпшіліктің ұсыныстарына жеке көңіл бөледі, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексеріліп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзінде асады. Заң жобасы туралы пікір айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарда жан - жақты қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрі бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттің Үкіметі ғана жасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары Парламенттің талқылауына түседі. Заңға тәуелді нормативтік актіге де осылай жан-жақты талқылаудан өтіп барып қабылданады.

Берілген курстық жұмыстың мақсаты - құқық шығармашылығының жалпы түсінігін қарастыру және құқық шығармашылық процесінің мазмұнын, сатыларын, алатын орны мен рөлін анықтау.

Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:

Құқық шығармашылығының құқық процесіндегі мақсатын, міндеттерін, түсінігін, белгілерін қарастыру;

Құқық шығармашылығының заң шығару жүйесіне қатысуын, жобалау жүйесін, дайындау жұмыстарын зерттеу;

құқық шығармашылығының құқық жүйесіндегі ерекшеліктерін анықтау, жалпы сипаттама беру болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бірінші тарауы «әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі. » деп аталады. Бұл тарауда құқық әлеуметтік нормалардын ерекше жүйесі болып табылатыны және мемлекетпен бірге өмірге келгені мен құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі туралы жазылған. Екінші тарауы «әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде» деп аталады. Бұл тараудың бөлімдерінде әлеуметтік нормалардың қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал ретінде қарастырған.

Курстық жұмыстың объектісі - құқықтық шығармашылық процесс болып табылады.

Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесі және үрдісі.

Курстық жұмыстың құрылымы. Құқық шығармашылық процесінің мазмұны, түсінігі, түрлері, сатылары тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

  1. Құқық шығармашылықтың түсінігі

Құқықтық шығармашылық - пісіп жетілген қоғамдық даму қажеттіліктеріне сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді жасау мен қабылдау бойынша мемлекеттік органдар мен өкілеттелген қоғамдық, ұйымдардың ғылыми негізделген шығармашылық қызметі. Құқық шығармашылық - бұл мемлекет органдардың заңи нормалары қабылдау, өзгерту және жоюмен байланысты қызметі. Құқық шығармашылық субъектісі ретінде тиісті өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мемлекеттік емес құрылымдар, сондай-ақ референдумда заң қабылдаған кезде азаматтар бола алады. Құқық шығармашылық қызмет конституция, заңдар және регламентпен белгіленген көлемде жүзеге асады. Құқық шығармашылық жаңа құқық нормасын қабылдаумен өзгерістер мен түзетулер енгізу арқылы ескі заңдарды жетілдірумен сипатталады. Құқық шығармашылықтың белгілері: - ол белсенді, шығармашылық мемлекеттің қызметі; - оның негізгі өнімі - құқық нормалары; - бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; - құқық шығармашылықтың деңгейі және мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердің саласы - бұл қоғамның өркениетінің және демократиялығының бір белгісі. Құқық шығармашылықтың қағидаттары - бұл құқықтық нормаларды қабылдау, жою немесе ауыстырумен байланысты қызметтің негізге алушы идея, бастаулар, ережелер, құқықты шығаратын органдар үшін бағыт. Құқық шығармашылыққа келесі қағидаттар тән: 1) ғылымилық; 2) кәсібилік; 3) заңдылық; 4) демократиялық; 5) ашықтық; 6) жеделділік. Құқық шығармашылық субъектілеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: 1) референдум жүргізу барысында халықтың тікелей құқық шығармашылығы; 2) мемлекет органдардың құқық шығармашылығы; 3) жекелеген лауазымды тұлғалардың құқық шығармашылығы; 4) жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқық шығармашылығы; 5) локальді құқық шығармашылық; 6) қоғамдық бірлестіктердің құқық шығармашылығы. Құқық шығармашылық мәніне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: - заң шығармашылық (жоғарғы өкілдік органның құқық шығармашылығы) ; - құқық шығармашылықты тапсыру (Парламенттің тапсырысы бойынша атқарушы органның норма шығармашылық қызметі) ; - заңға тәуелді құқық шығармашылық - бұнда норманы Президент, Үкімет, министрлік, жергілікті органдардың ұйым жетекшілерінің қабылдауы. Құқық шығармашылық қызметі екі негізгі бөліктен тұрады: бірінші, әрекеттік заңи мәнінен тәуелсіз құқық шығармашылықтың ұйымдастырушылық мәселелерінен тұрады (заң жобасын дайындау, оны талқылау) . Бұнда заңның жобасын дайындауда мемлекет еркін алдын ала қалыптастыруды көздейді. Екінші, құқықтық бастауларға негіз болады, заң жобасын дайындау туралы шешімді қабылдаумен байланысты. Заңда мемлекеттің еркі ресми бекітіледі де, заң жобасы жалпыға міндетті құқықтық актіге айналады.

«Құкыктық шығармашылық» дегеніміз - мемлекеттің өкілетті органдарының әрекеттері, яғни нормативтік актілерді басуға, кай-та жөндеуге арналған әрекеттері, оларды мазмұнымен тұтас заң нормаларына айналдырады. Алайда, бұл мағынада «құқықтық-шығармашылық» атауы көбірек шартты және сол әрекетті құқықтық-шығармашылық деп атаған жөн, әрі кайта құру процестерін айыра білу кажет.

Мемлекет құкықты жасамайды. Құқықты құру процесі әлеуметтік организм қойнауында жүріп жатады, ал мемлекет қоғамда қалыптасқан құқықты талаптарға сай дайындауы керек. Сондықтан, кейбір авторлардың «құқықтық-шығармашылықты» құқықты құру процесіндегі ақырғы кезең деуі дұрыс емес. Профессор С. С. Алексеев негіздеме түрінде былай дейді: «Құқық-тық-шығармашылык принципті түрде, сол уақытта басталады, қашан коғам дамуындағы талаптар белгіленеді, тікелей әлеуметтік құқық қалыптасса, құқықтық жаңалықтардың қажеттігі шегіне жетсе, тек осы негізде ғана құқық құру процесіне міндетті органдар кіріседі».

Құқықтық-шығармашылық түсінігі қоғамның еркін, заңға айналдырудағы қызметтердің барлық түрлерін, жолдарын (нысанын) қамтиды:

а) мемлекеттік органдармен нормативтік актілерді қабылдау;

ә) референдум аркылы тікелей халыкпен ақылдасу;

б) құкық нормаларына сай әртүрлі келісімдер жасау;

в) мемлекеттік емес ұйымдардың шығарған әдеттері мен нормаларына санкция беру;

г) заңды прецеденттерді құру.

Юриспруденцияда көптеген құқықтық-шығармашылық принциптер шығарылған, олардың ішінен мыналарды бөліп көрсетуге болады:

а) демократиялық; ә) заңдылық;

б) гуманистік;

в) ғылымилығы;

г) кәсібилік;

ғ) бағдарламалықтығы.

Құқықтық-шығармашылық қызмет әр уақытта әртүрлі заңды процедураны көрсетеді, яғни құқықтық-шығармашылық қызыметін істегендегі құқықпен реттелген бірізділік, олар белгілі құқықтық-шығармашылық нәтиже. Құқықтық шығармашылық процедура жеткілікті түрде қиын және қызметі үзаққа жалғанады және өзінің кезеңдері бар, яғни бұл процестердің арасындағы кезеңдер, шешуі нақтылы мақсаттар.

Қазіргі кездегі көбірек таралған мынандай құқықтық-шығармашылық нысандар бар: мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауы. Ондай құқықтық-шығармашылық процедурада көбірек істелген заң шығару процедурасы (заңдарды баспаға беру процедурасы) . Заң шығару процедурасының мынандай кезеңдері бар: Заң шығару бастамасын іске асыру қүқығы, яғни елдің ең жоғарғы өкілетті органына заң жобасын арнайы үсыну, ол орган оны қарауға міндетті. Заң жобасын үсынуға қүқығы бар субъектілердің тізімі Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабында анық айтылған: «1. Заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады».

2-кезең заң жобасын талқылау. Бұл кезеңде негізінен заң жобасы талқыға түсіп өзгертулер, толықтырулар кіргізіледі, керегі жоқ жерлері алынып тасталады; 3-кезеңде заң жобасы қабылданады; 4-кезеңде арнайы ақпарат құралдарымен жарияланады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 61-бабында осы мәселе туралы былай бекітілген «1. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгізілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиісті екенін білдіреді. 4. Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік дауысымен мақүлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде алпыс күннің ішінде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі».

Заңды техника - нормативтік-құқықтық және жекелеген заң актілерін дайындаудағы пайдаланылған жолдардың, тәртіптердің және құралдардың жиынтығы, олардың жетілдірілуін қамтамасыз етуші. Заңды техниканың ішінде ерекше бөлінетіні заң шығару техникасы, ол мыналарды қамтамасыз етуге міндетті: а) жазудың қисынды бірізділігі; ә) нормативті актілердің ішінде қарама-қайшылықтың жоқтығы және толығымен заң шығару жүйесінде; б) нормативті материалдардың жинақы болуы; в) заң тілінің анықтығы және түсініктілігі; г) заң шығарудағы пайдаланылған терминдердің құрылуындағы дәлдік және белгілілік; ғ) тек бір мәселе бойынша белгіленген нормативтік актілердің көптігін болдырмау. Заң техникасының деңгейі, көп жағдайда заңдылық мәдениеттің деңгейін көрсетеді. Заңды техника, ең алдымен, заңды терминология мәселелеріне, заңды Конституцияға (толығымен және заңды қүралдардың қабысуы), өңдеу тәртібіне, жазылуына және нормативтік-қүқықтық актілерді жүйелеуге қатысы бар.

Құқық шығармашылығы мемлекеттік қызметтің маңызды бағыттарының бірі. Заң ғылымында құқық шығармашылық екі аспекті тұрғысынан түсініледі. Құқық шығармашылығы мағынасы құзырлы органдардың құқықтық нормаларды тікелей жасау процесі Ал кең мағынада құқық шығармашылық дегеніміз процесс деп қаралады. Ол құқық шығармашылық түпкі ойдың туындаған сәтінен басталады да құқықтық норманың нақты жүзеге асырылуына шейін созылады (яғни оны даярлау, қабылдау, жариялау және т. с. с. дейін) .

Құқық шығармашылығын ұғынудағы тәсілдердің айырмашылығына қарамастан, бұл әрқашанда құқық өкілеттігі бар органдардың белгілі бір нормативтік актілерді даярлау, қайтадан өңдеп даярлау және баспадан шығару бойынша атқарған қызметтік әрекеттері болып табылады.

Құқық шығармашылық қызметі негізгі екі бөліктен тұрады.

Біріншісі- заңдық мәні бар әрекеттермен байланысты болмайтын құқық шығармашылықтың ұйымдық мәселелері кіреді (нормативтік актінің жобасын даярлау, оны талқылау және т. с. с) .

Екіншісі - өз негізінде құқықтық қағидаттарға (принциптерге) сүйенеді. Ал оның қызмет етуінің басталу сәті болып нормативтік акт жобасын даярлау туралы шешімнің бекітілуі саналады.

Осы екі бөлік бір-бірімен тығыз байланысты және жалпы контексте қарастырғанда құқықтық құжатты талқылауға, қабылдауға және жариялауға дайындау процесі тұтас рәсім болып табылады. Осыған сәйкес құқық шығармашылық процесін негізгі екі сатыға бөледі.

Біріншісі - нормативтік актінің жобасын жасауда мемлекеттік ерік-ықтиярды алдын ала қалыптастыру қарастырылады. Осы сатыдағы барлық іс-әрекеттер дайындық сипатта болады және олар құқықтық салдарды туындатпайды.

Екінші саты - құқық нормаларында мемлекеттің ерік-ықтиярын ресми түрде бекіту, мұның өзі нормативтік актінің жобасын жалпыға бірдей міндетті сипаты бар құқықтық актіге айналдыру болып табылады.

Құқық шығармашылығы төмендегідей ерекшеліктер арқылы сипатталады:

- белсенді түрдегі, шығармашылықты білдіретін, мемлекеттік қызмет болып табылады;

- оның шығаратын негізгі өнімі - ең алдымен нормативтік актілерде іске асырылатын заңдық нормалар;

- қоғамды басқарудың ең манызды құралы, оның даму стратегиясы осы жағдайда қалыптасады, мінез-құлықтың (жүріс-тұрыстың) маңызды ережелері қабылданады;

- құқық шығармашылықтың деңгейі мен мәдениеті, осыған сәйкес қабылданылатын нормативтік актілердің сапасы да - қоғамның өркениеттенуі мен демократиялануының көрсеткіші;

- құқықтық нормаларды жасау, өзгерту және оның күшін жоюда объективті әлеуметтік қажеттіліктерді және коғам мүдделерін танып білуге негізделген мемлекеттің ерекше нысанды қызметі. Құқық шығармашылық ісі белгілі қағидаттарға: демократизмге, жариялылыққа, кәсіпқойлыққа, заңдылыққа және құқық қолданудағы іс-тәжірибемен (практикамен) байланыстыруға негізделінеді.

Осы қағидаттардың сипаттарын қарастырайық:

1) демократизм - азаматтардың құқық шығармашылық ісіне қатысу деңгейін сипаттайды; қоғамдағы рәсімді нормалар мен институттардың даму деңгейін сипаттайды;

2) жариялылық - құқық шығармашылық ісінің қалың жұртшылыққа ашықтығын білдіреді;

3) кәсіпкерлік - осындай қызметпен құзыретті адамдар - заңгерлер, басқару ісінің мамандары, экономистер (барлығы да білікті ғалымдар болуы қажет) және т. б. айналысады.

4) заңдылық - осы құқық шығармашылық ісімен айналысу қызметі Конституция мен басқа да заңдар аясында атқарылуы тиіс;

5) ғылымилық-нормативтік актілерді даярлау барысында әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқалай да ахуалдарды зерттеу аса маңызды болады; қоғамның дамуындағы объективтік қажеттіліктерді жете зерттеудің құқық шығармашылық ісіне тигізер ықпалы зор болады.

Осы параметрлерді анықтау үшін түрлі-түрлі әлеуметтік-құқықтық эксперименттер, социологиялық (әлеуметнамалық) сұраулар жүргізу, анкеталау және т. с. с. көрсетілген факторларды ескеріп барып қабылданған құқықтық ұйғарымдар дәлелді және тиімді болады,

Құқық қолдану іс-тәжірибелерімен болатын байланыс - заң шығарушы орган құқық қолданушылармен байланыс орнатпаса өз еңбектерінің нәтижелерінен бейхабардар болады. Қабылданған құқықтық шешімдердің тиімділігі жөнінде қорытындыларды жасауда, өз жұмыстарындағы олқылықтар мен кемшіліктерді түзетуде тәжірибені пайдалану ісі ақсайды. Құқық қолдану іс-тәжірибесі заң шығарушының тарабынан жіберілген олқылықтар мен кемшіліктерді табуға мүмкіндік береді, құқық шығармашылық ісіндегі қажеттіліктерді көрсетеді.

Субъектілерге байланысты құқық шығармашылық мынадай түрлерге бөлінеді:

1) халықтың тікелей құқық шығармашылығы - бұл мемлекет пен коғам болмысының ең маңызды мәселелері бойынша референдум - бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өткізіледі;

2) мемлекеттің өкілетті органдарының тікелей құқық белгілеу қызметі;

3) мемлекеттік органдардың өздеріне тәуелсіз әдет-ғұрып түрінде қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар даярлаған нормаларды бекітуі (санкциялауы) .

Заң қабылдау ісі құқық шығармашылықтың құрамдас бөлігі болып көрінеді. Заң шығармашылықтың мағынасы - ең жоғары заң қабылдау органының (парламенттің) ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық актіні қабылдауы. Мұның өзі негізгі төрт сатыдан тұрады:

1) заң шығару бастамасы;

2) заң жобасын талқылау;

3) заңды қабылдау;

4) заңды жариялау.

Заң қабылдаудағы осы сатылардың барлығының орындалуы Қазақстан Республикасы Конституциясында өз көріністерін тапқан.

Заң шығару бастамасы құқығы - құзырлы органдардың, қоғамдық ұйымдар мен жекелеген адамдардың парламентке заңдар немесе басқалай да актілер шығару жөнінде немесе өзгерту, күшін жою туралы ұсыныстар енгізуге құқықтылығы. Мұндай ұсыныстар енгізудің соңы бұл мәселенің парламентте міндетті түрде қаралуымен аяқталады. Бұл заң шығару бастамасы ұсыныс немесе дайын заң жобасын парламентке беру түрінде көрінеді. Заң қабылдаудың ең жоғары органы мұндайда жаңағы ұсыныс немесе жобаны өз өндірісіне алуы тиіс. Мұндай ұсыныстар қамтамасыз етілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабына сәйкес заң шығару бастамасы құқығы ҚР парламент депутаттарына, ҚР үкіметіне тиесілі.

Заң жобасын талқылау ең алдымен Мәжілісте өтеді. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қарастырылып барып қабылданған заң жобасы Сенатқа жіберіледі. Онда алпыс күн ішінде қаралуы тиіс. Сенат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданғаннан соң заң жобасы Заңға айналады, сөйтіп 10-күннің ішінде президентке қол қоюға тапсырылады.

Қазақстан Республикасының Заңдары республика Президенті қол қойғаннан кейін өз күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті заңға 15 күннің ішінде қол қояды, халыққа таратылады, жарияланады. Мұндай болмаған жағдайда заңды немесе оның жекелеген баптарын қайта талқылауға, дауысқа салуға парламентке жіберіледі.

Егер де парламент әрбір палата депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен осының алдында қабылданған шешімін растаған болса, онда Президент 7 күннің ішінде заңға қол қояды. Егерде президент заңға қарсы болып ол қарсылығы қабыл алынса, онда заң қабылданбаған болып саналады да президент ұсынған редакцияда қабылданған болып саналады.

ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу парламенттің әрбір палатасы депутаттарының жалпы санының төрттен үшінен кем емес дауыстарымен қабылданады.

Конституциялық заңдар Конституцияда көзделіп қарастырылған мәселелер бойынша өрбір палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінен кем емес дауыспен қабылданады.

Конституциялық заңдарды қабылдау немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөне Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мәселелерді қарауда заң жобасының екіден кем емес оқылуын жүргізу міндетті (ҚР Конституциясының 62-ші бабы) .

Барлық заңдар оған Президент қол қойғаннан кейінгі жеті күн ішінде ресми түрде жариялануға жатады.

Заңдар ресми жарияланғанынан он күн өткеннен соң өз күшіне енеді. Егер де заңның өз күшіне енуінің басқаша нақты тәртібі сол заңда белгіленсе, онда заң өз күшіне сол тәртіп бойынша енеді.

  1. Құқық шығармашылықтың белгілері

Құқық шығармашылығы құқықтық реттеу жүйесінде негізгі бір орталықты алады. Ол қоғам өміріне қажет нормаларды өмірге əкеліп, кемшілік тұстары барларын өзгертіп, уақыты жеткенін жаңарта отырып, барлық қоғамдық, мемлекеттік институттардың құқықтық негізін жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық және мемлекеттік - құқықтық. Құбылыстардың негізгі түсінігі
Тұрғылықты халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуы қай кезеңнің болмасын негізгі мәселесі
Шығармашылық құқық
Қазақстан Республикасының Парламенті мен заң шығару қызметінің жүзеге асырылуы
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Атқарушы биліктің нормашығармашылық қызметінің құқықтық негіздері
Құқық шығармашылығының қағидалары
Нормативтік - құқықтық актілер түсінігі
Құқық шығармашылық
Құқық шығармашылығының негізгі қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz