ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ҚҰРЛЫМЫ, ТҮРЛЕРІ


Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ . . . 5
- Құқықтық нормалардың түсінігі . . . 5
- Құқықтық нормалардың қағидалары . . . 7
2 ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ҚҰРЛЫМЫ, ТҮРЛЕРІ . . . 9
2. 1 Құқықтық нормалардың құрылымдық элементтері . . . 9
2. 2 Құқықтық нормалардың түрлері . . . 17
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қоғамдағы көптеген негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады.
Әлеуметтік нормалардың негізгі түрі ретінде құқық нормасы - мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған және оны бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қарастырылған жалпыға міндетті, формальды анықталған мінез - құлық ережесі; Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі - құқықтық нормалар. Әлеуметтік норманың барлық сапаларын иемдене отырып, олар мемлекетпен ажырағысыз байланысы арқылы анықталатын арнаулы ерекшеліктерімен де сипатталады: көрініс табуының, бұзудан қорғаудың үлгісі ерекше болады.
Құқықтық норма бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған әрекет тәртібі. Құқықтық норма - әлеуметтік құрылым ретіндегі құқықтың бастапқы элементі, бүкіл құқықтық жүйенің негізгі түсінігі. Құқықтық норманың салыстырмалы толық түсінігін анықтау үшін, оның құрулы процесін, негізделуін, табиғатын, қасиеттерін, әлеуметтік ролін ұғыну керек.
Жұмыстың өзектілігі. Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
Құқықтық норма атты ІІ тарауда Құқықтық қайнар көздер және құқықтық норманың ұғымы, түрлері және оның құрылымы жайлы айтылды. Аталған бөлімдерде құқық пен мораль ара-қатынасы жөнінде, құқықтың құқықтық норма тудыратыны және ол нормалар жазбаша нысанда болатыны жөнінде, құқықтық нормаларға жалпы және айрықша белгілер тән болып келетіндігі жайлы ауқымды дәлелдер келтірілді. Сонымен қатар, құқық, құқықтық норма жөнінде сөз еткенде міндетті түрде олардың қайдан бастау алатынын, яғни қайнар көздер жайлы айтылуы тиіс. Сол әдетінші, мен де осы бөлімде құқық негіздерін 4 түрге бөліп қарастырдым.
Құқықтық қатынас атты ІІІ бөлімде құқықтық қатынас түсінігі мен белгілері және заңды айғаққа қатысты ғалымдардың тұжырымын келтіре отырып, курстық жұмыс тақырыбын ашуға тырыстым.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Құқық нормасы туралы мәселе заң ғылымында даулы сұрақтардың бірі. Аталмыш дипломдық жұмыста зерттеудің мақсаты: құқық нормасының мазмұнын, оның құрылымдық сипаты мен құрылымдық бөліктерін жан - жақты қарастыру.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
- құқық нормасының түсінігін анықтау;
- құқық нормасының мәні мен маңызын қарастыру;
- құқық нормасын жіктеу;
- құқық нормасының құрылымын талдау;
- құқық нормасының элементтерін зерттеу, жалпы сипаттама беру болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жұмыста ғылыми зерттеудің жалпы және жеке әдістері: диалектикалық, тарихи, формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, лингвистикалық, конкретті (нақты) -әлеуметтік қолданылды. Жазбадағы көптеген ережелер, көрсетілген тұжырымдамалық мәні бар және дамудың келешегі үшін қолданылуы мүмкін.
Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік мемлекеттердің мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.
Курстық жұмыстың объектісі - құқықтық нормалар болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы мемлекет және теориясы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Құқықтық нормалардың түсінігі тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІҚұқықтық нормалардың түсінігі
Құқық нормасы (ағыл. rule of law; нем. Rechtnorm f ; лат. norma - улгі) - Құқықтың білдірілу нысаны; қоғамдық қатынас саласындағы сол немесе басқа да мемлекетпен рұқсат етілген жалпы сипаттағы (заң, жарлық, қаулы) міндетті тәртіп.
Біртекті қатынастарды реттеп, құқық саласын құрайтын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық және т. б. ) құқық нормасының жиынтығы.
Құқық нормалары жалпыға міндетті күшке ие, жауапкершілікті бұзған жағдайда, субъектілерге заңдық құқықтар мен міндеттерді беруді қарастырады.
Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор [1] .
Қоғамдық қатынастардың маңызды реттеушісі болып табылатын құқық нормалары да мемлекет бекітетін талаптарға сай болуы қажет. Уақыт пен қоғамның өзгеруіне байланысты, олар да объективтік өзгерістерге ұшырап отыратыны объективтік заңдылық. Бұл мақала тақырыбына қатысты бірінші мәселе. Заңнаманы жүйелеудің екінші мәселесі көптеген нормативтік актілерді, нормаларды пайдаланушыларға, тіпті кейбір жағдайларда құқық қолданушылардың өзіне де, ыңғайлы етуге байланысты. Сондықтан құқық теориясында нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу мәселелері де терең зерттеледі. Олардың нәтижелері қолданбалы сипатта, мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық қатынастарды реттеуге аса қажет, схоластикадан арылған, күнделікті қарапайым өмірге қажетті еңбектер мен ережелер.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы 20 жылдың ішінде мыңдаған заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылданды. Ал ведомстволардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, кәсіпорындардың қабылданған құқықтық актілерінің жалпы санын шығару мүмкін емес. Міне, осындай массивті құқықтық актілерді реттеу қажеттігі олардың бір-біріне қарама-қайшылықтарынан, деңгейлік орынсыздығынан, сапасыз дайындалғанынан, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының қостілдік тәжірибесінен туып отыр. Сондықтан ұлттық құқықтық жүйеде тұжырымдық қателер, тілдік сәйкессіздіктер, аударма қателері, «заңдар (нормалар) шайқасы» сияқты кемшіліктер орын алып келеді. Осыған орай, ұлттық заңнаманы жүйелеу мәселелерін ғылыми ортада талқылау орынды және қажет іс [2] .
Жалпы құқық теориясы бойынша жүйелеудің бірнеше түрі бар. Олардың ішінде, негізгілері ретінде кодификациялауды, инкорпорациялауды және консолидациялауды атауға болады. Олардың бәрі құқық теориясында сипатталған, мойындалады және тәжірибеде кең қолданылады. Аталған түрлерді жеке жұмыстар ретінде қарастыруға болады. Оларды жүргізу тек топтастыру, жіктеу, кемшіліктерін түзету ғана болып табылмайды. Сондықтан оларды жүргізген кезде құқықтық нормалар, міндетті түрде, кешенді сараптамадан өткізілуі тиіс. Жүргізілетін ғылыми сараптамалардың мақсаты - нормалардың сапасын өңдеу арқылы арттыру. Бұл жұмыс кешенді болғандықтан, сараптаманың бірнеше түрін бірге жүргізуді қажет етеді. Сондықтан, Қазақстан Республикасында қолданылатын ғылыми сараптамалардың құқықтық, экономикалық, криминологиялық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық сияқты түрлерімен бірге, жақында ғана институциялана бастаған лингвистикалық сараптаманың да алатын орны ерекше. Ғылыми лингвистикалық сараптама Қазақстан Республикасының тілдік саясатына орай, қазақ және орыс тілдеріндегі заңнамасының сапасын арттыру үшін қажетті құрал. Ұлттық заңнама сапасының төмен екендігін онымен айналысып жүрген мамандардың бәрі мойындайды. Оған қоса заңдардың қазақ тіліндегі кемшіліктерін жеке мүддесіне заңсыз оң пайдаланып жүрген жеке және заңды тұлғалар аз емес көрінеді. Сондықтан ұлттық заңнаманы жүйелеу - нормаларды реттеу деп түсінетін болсақ, ғылыми лингвистикалық сараптама құқық нормаларын тілдік қателіктерден тазарту деп түсінуге болады [3] .
Құқық нормасы - мемлекетпен бекілілген және қамтамасыз етілетін және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальді анықталған мінез құлық ережесі.
Заңдық норма - құқықтың бірінші ретті торкөзі, оның жүйесінің бастапқы элементі. Сондықтан әрине, берілген нормаға негізгі әлеуметтік көрініс ретіндегі құқықтың негізгі белгілері тән.
Бұдан, «құқық» және «құқық нормасы» түсініктері бірдей деген көзқарас туындамайды. Олар өзара тұтастай және бөліктей сәйкестіндеріледі. Құқық нормасының белгілеріне мыналар жатады:
Жалпыға міндеттілік (адамдардың мүмкін және міндетті мінезқұлқына қатысты мемлекеттің биліктік нұсқауы ретінде көрініс табады) ;
Формальді анықталғандық (субъектілердің әрекеттерінің шегі анықталатын ресми құжаттарда жазбаша нысанда сипатталады) ;
Мемлекетпен байланысы (ол мемлекетпен бекітіледі және мемлекеттік әсер ету шаралары - мәжбүрлеу және көтермелеумен қамтамасыз етіледі) ;
өкілді - міндеттеуші сипатта (ол бір субъектіге құқық беріп қана қоймай, басқа субъектілерге міндет жүктейді, демек құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыруға болмайды) [4] .
Өкілді - міндеттеуші сипат барлық заңдық нормаларда бірдей көріністе емес:
ол ең алдымен реттеуші нормаларда айқын көрінеді (азаматтық, еңбек, неке және отбасы және т. с. с. ) онда субъектілердің құқықтарымен қатар міндеттері де бекітілген;
қорғаушы нормаларда (қылмыстық, әкімшілік және т. б. ) тыйымдар мен міндеттерді жүзеге асыруға үлкен назар аударылған;
декларативті және дефинитивті нормаларда өкілді - міндеттеуші сипат әлсіз сипатталған не олар нақты мінез құлық ережелері болып табылмайды.
Заңдық нормалардың өкілді - міндеттеуші сипатын қарастырғанда нормативтік актінің бір бабында әрқашанда құқықтар да міндеттерде болуы мүмкін емес екенін ескереген жөн.
Құқық бір бапта, ал міндет осы нормативтік актінің басқа бабында немесе басқа нормативтік актінің бабында бекілілуі сирек емес. Сондай - ақ, заңның бабында нақты тек құқықтар көрсетіліп, ал міндеттер заң мазмұнынан шығып, туындауы мүмкін. Керісінше де болуы мүмкін, онда тек міндеттер көрсетіліп, ал құқық содан туындайды [5] .
Көрсетілген белгі құқықтың құқық және міндет бірлігі қағидасын сипаттау үшін көрініс тауып отыр. Міне неліктен сәйкесінше тұлғалардың шынайы міндеттерімен қамтамасыз етілмеген құқықтарды мақсаттық тілектер деп атауға болады.
Құқық нормасының түсінігін (құқықтық норма) заң шығарушы ҚР «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңының 1 бабының 3 тармағында бекітеді - нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез - құлық ережесі [6] .
1. 2 Құқықтық нормалардың қағидалары
Құқық нормаларының негізгі қағидалары:
1. Қоғамдағы әртүрлі мүдде - мақсаттарды нормативтік: жүйемен реттеп - басқару;
2. Адамдардың, ұйымдардың бостандығының іс- әрекетінің деңгейін, шеңберін норма арқылы анықтап отыру;
2. Адамдардың, ұйымдардың ара қатынасындағы келіспеушілікті шешудің, реттеудің негізгі түрлерін белгілеп отыру.
Құқықтың функциясы
Құқықтың функциялары - бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, өқұқықтық әсер етудің негізгі бағыттары.
Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп қарастыруға болады:
1) Сыртқы жақ, бұған сәйкес құқықтың әлеуметтік функциялары анықталады, олар:
-экономикалық (құқық өңдірістік қатынастарды, реттейді, меншік нысанын бекітеді және т. б. )
-саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді және т. б. ),
- тәрбиелік (құқық белгілі біридеологияны көрсетеді, тұл, аларға арнайы педагогикалық әсер етеді және т. б. ) функциялар [6] .
2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар реттеуші және қорғаушы функциялар.
Реттеуші функция- бұл позитивтік жүріс- тұрыс ережелерін орынқтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сәйкес қатынастарды дамытуға жәрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден және заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.
Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші статистикалық және реттеуші динамикалық функциялар.
Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға оларды белгілі бір құқықтық институттарда бекіту жолымен әсер етуінен көрінеді. Статистикалық функцияны жүзеге асыруда кронституцияда бекітілген саяси құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мәнге ие.
Реттеуші динамикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға құқық субъектілерінің белсенді жүріс- тұрысын қамтамасыз ету жолымен әсер етуінен көрінеді. Ол азаматтық, әкімшілік, еңбек құқығының инститтарынан көрініс табады.
Қорғаушы функция- бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық және жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын, оларды жүктеу мен орындаудың тәртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты [7] .
Бұл функцияның әдіс - тәсілдері;
- қоғамдағы қатынастардың дұрыс орындалуын бақылау;
- құқықты нормада тыйым салудың себептерін көрсету;
- жауапкершіліктің түрін көрсету;
- жасағанқателіктері үшін субъектілерді жаупқа тарту.
I. Құқықтың түсінігі .
Құқық - бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формалбды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
1) еріктілік сипаты;
2) жалпыға міндеттілігі;
3) нормативтілігі;
4) мемлекетпен байланысы;
5) формальды анықталғандығы;
6) жүйелілігі;
Құқықтың мақсаты.
Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік әртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады [8] .
2 ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ҚҰРЛЫМЫ, ТҮРЛЕРІ
2. 1 Құқықтық нормалардың құрылымдық элементтері
Құқық нормасының құрылымы - бұл оның функционалдық дербестігін қамтамасыз ететін қажетті элементтердің реттелген бірлігі. Берілген құрылым норма қандай бөліктерден тұратынын және олар қалай өзара байланысқанын көрсетеді.
Мұндай бөліктер үшеу:
гипотеза - заңдық фактілерді бекіту жолымен анықталатын оның әрекетінің жағдайын көрсететін (уақыты, орны, субъектілер құрамы және т. с. с) құқық нормасының құрамдас бөлігі.
Гипотезаның түрлері:
қарапайым - бір жағдайды көрсетсе (ҚР азаматына төлқұжат алу үшін 16 жасқа толу қажет) ;
күрделі - бір уақытта болуға тиіс екі немесе одан да көп жағдайды көрсетеді (ІІО қызметкерлері зейнеткерлікке шығу үшін еңбектену, белгілі жасқа толу қажет) ;
баламалы - жағдайлардың біріне нұсқау жасайды (алдын алу шарасы қамауды қолдану төрт жағдайдың бірі болғанда мүмкін) [9] .
2) диспозиция - гипотезада көрсетілген заңдық фактілерден туындайтын құқықтар мен міндеттерді бекіту мінез құлқының моделін анықтайтын құқық нормасының құрамдас бөлігі; диспозиция норманың негізгі реттеуші бөлігі, ядросы болып табылады;
Диспозицияның түрлері:
қарапайым - мінез құлықтың нұсқасын көрсетеді, бірақ оны ашпайды (Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады (ҚР Конституциясы 20 бап 1 тарм. ) ) ;
сипаттаушы - мінез құлықтың барлық мәнді белгілерін түсіндіреді, сипаттайды (Президент - мемлекеттің басшысы, ең жоғарғы лауазымды тұлға (ҚР Конституциясының 40 бабы) ; кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру (ҚР ҚК 96 бап) ) ;
сілтеме - мінез құлықты көрсетпейді, танысу үшін басқа нормаға сілтеме жасалады (Конституцияның 53 бабының 4 пунктімен қарастырылғандай, Республика Президенті заңдар шығарады, ал Конституцияның 61 бабының 2 тарм. қарастырылған жағдайда заңдық күші бар жарлықтар шығаруға хақылы (ҚР Конституциясы 45 бап 2 тарм. ) ; ҚР ҚК 106 бап «Тән ауруын келтірген, бірақ осы кодекстің 105-бабында көзделген зардптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерін жасау, - . . . » ) [10] .
бланкеттік - сілтемесі заңның нормаларына емес нұсқауларға, ережелерге және т. б. жасалады ( ҚР ҚК 269 бабы «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету » ) ;
3) санкция - диспозицияны жүзеге асыратын субъект үшін салдарды қарастыратын құқық нормасының құрамдас бөлігі. Санкция сипатына қарай жазалау шарасы ретінде жағымсыз, қолайсыз, сондай-ақ жағымды жағынан көтермелеу шарасы ( жұмысшылар қызметттік міндеттерін абыройлы орындағаны үшін сыйақы беру ) болып табылады [11] .
Көлемі және сипатына қарай келесі түрлерге бөлінеді:
нақты жаза (қызметтен шығару, өлім жазасы) түрін қамтитын абсолютты-анықталған санкция;
жазаның (екіден бес жылға дейін бас бостандығынан айыру, бір жылға дейінгі түзеу жұмыстары) шегін көрсететін салыстырмалы-анықталған санкция;
жазаның бірнеше түрі көрсетілген (бас бостандығынан айыру немесе түзеу жұмыстары) оның қажеттісін құқыққолданушы таңдай алатын балама-санкция;
Аталған құрамдас бөліктердің кез келгені құқық нормасының құрылымында өз орны бар және маңызды рөлге ие, заңдық ғылымда қалыптасқан әділ пайымға келсек, гипотезасыз норма мағынасыз, диспозициясыз түсініксіз, санкциясыз қуатсыз дейді [12] .
Құқық нормасының құрылымы әлі күнге дейін пікірталас тудыратын мәселелердің бірі. Кейбір авторлар құқық нормасы екі бөліктен - гипотеза және диспозициядан немесе диспозиция және санкциядан тұрады деп санайды. Заңгер ғалымдардың көпшілігі құқық нормасының құрылымы жоғарыда көрсетілген үш құрамдас бөліктерден (гипотеза, диспозиция және санкция) тұрады деген пікірді жақтайды. Құқық нормасының құрылымын қарастырғанда құқық саласының түрін де ескерген жөн. Егер бұл қылмыстық құқықтық немесе әкімшілік құқықтық нормалар болса, онда олардың құрамында диспозиция да, гипотеза да, санкция да болады. Гипотеза құқық нормасының құрамдас бөлігі ретінде онда көп жағдайда жасырын көрініс табады ( кері жағдайда қылмыстық кодекстің ерекше бөлмінің әр бір бабы «егер» деген союздан басталатын еді, егер ұрлық жасалса - бөтен мүлікті жасырын ұрлау (ҚР ҚК 175 бабы) ; егер адам өлтірсе (ҚР ҚК 96 бабы) . Конституциялық құқықтық нормада көп жағдайда санкция болмайды, мысалы, Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асырады Республиканың ең жоғары өкілді орган (ҚР Конс титуциясы 49 бап) [13] .
Бұған дейін айтылғандай, ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар, оның негізгі мақсат-міндеті айырықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі сол, олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы (тиісінше өзгертілуі және тоқтатылуы) мүмкін. Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша құқықғы құрайтын құқықтық нормаларға жүктелген.
Солай болғандықтан, аталған аядағы әр түрлі қоғамдық қатынастар ең жалпы түрде Қазақстан құқығының осы саласының пәнін құрайды деп айтуға болады. Құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады. [14]
Құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz