ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Құқықтық сана мен мәдениеттің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Құқықтық сананың түрлері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .11
2. ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.1 Құқықтық нигилизм мен оның мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.2 Құқықтық мәдениетті модернизациялау мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыстың тақырыбы "Құқықтық сана және құқықтық мәдениет" деп танылады. Сана - объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға ғана тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән-жайын, мазмұнын, ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық процестердiң заңды нәтижесi болып табылады. Сана - шындықты бейнелеудiң механизмi мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология және психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бiрi.
Құқықтық сана - қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. Антогонистiк қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты.
Тақырыптың өзектiлiгi - отандық мемлекеттiлiктiң жаңа даму сатысы, меншiк түрiнiң өзгеруi, экономикалық реттеудiң тәсiлдерiнiң өзгеруi құқықтық тәрбие нысанының әдеттегi қалыптасқан салттарының өзгеруiн талап етедi. Алайда бұрынғы қалыптасқан ережелердi жаңа талаптарға сай етiп өзгерту де жаңа құқықтық тәрбиенiң алдына қойған негiзгi мақсаттардың бiрi болып табылады.
Қылмыстылықтың өршiп, азаматтардың әлеуметтiк қорғалуының деңгейi төмендеген кезде азаматтарға олардың құқықтарын түсiндiру, олардың мүмкiндiктердiн айқындаудың маңызы өте зор.
Қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейiн қарастыра отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған ұлттық идеяның қажеттiлiгiн айта кету қажет.Қазiргi таңда бiздiң қоғамда келешектегi даму ориентирiнiң қалыптасу деңгейi өте нашар, ал барлық мемлекеттiк саясаттың өзi осы ориентирлер негiзiнде құрылатынын ескерсек, бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтiк саяси құндылықтар қоғамға өзiнiң керi әсерiн көптеп тигiзуде. Осының негiзiнде мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгiлi бiр дәрежеде жүзеге асыра алмай отыр. Қазiр мемлекет екi парралельдi әлемде қатар өмiр сүрiп келедi; оның бiрi - фантомдық легитимдiлiк, яғни заңның қағаз жүзiнде ғана болуы, ал екiншiсi - бiздiң қоғамның нақты жағдайы-онда заң да, құқық та қағаз жүзiнде қала бередi. Бұл құқықты әлеуметтiк құндылық ретiнде жоққа шығарып,құқықтық нигилизмге әкелiп соғады. Бұндай жағдайдың орын алу себебi - қазақстандық экономика деңгейi және көптеген азаматтардың өмiр сүру деңгейiнiң құлдырауы. Қоғамда ертеңгi күнге деген сенiмсiздiк,үмiтсiздiк дертi өршiп келедi. Бұның барлығы әлеуметтiк теңсiздiк негiзiнде болып отыр.
Мынаны атап өткен жөн: қазiргi қоғамның батыстық сипат алуы қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нолрмаларына түбегейлi қайшы келуде. жастардың қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нормаларымен келiспейтiндiгi, қазiргi қоғамдағы құықтық мәдениет және тәрбие деңге йiн құлдыратуы мүмкiн, ал аз ғана уақыттан кейiн бұл қылмыспен күресу деңгейiнiң де құлдырауына әкелiп соғатындығы рас. Сондықтан бiздiң елiмiз сықылды жас мемлекетке идеалды содель ойластырып табу керектiгiн атап өткiм келедi. Мiне, соның негiзiнде құқықтық мәдениеттi әлеуметтiк құндылық ретiнде танытуға болады. Бұл орайда баспасөз ақпарат құралдарының шексiз мүмкiндiктерiнiң бар екендiгiн атап айтайық және осы шексiз мүмкiндiктердi Қазақстан Республикасының гүлденуi үшiн жұмыс жасатуымыз керек.
Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі таңдағы құқықтық сана мен мәдениет туралы түсінік бере отырып, аталған бағыттағы басты мәселелерді қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Құқықтық мәдениет пен сананың теориялық аспектілерін қарастыру;
Құқықтық сананың негізгі функцияларына тоқталу;
Құқықтық сана мен мәдениеттің негізгі мәселелерін толықтау .
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі. Жұмыста Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева сияқты қазақстандық авторлардың, сонымен қатар, ресейлiк Хропанюк В.Н., А.В.Малько, Н.И.Матузов., сияқты авторлардың еңбегi қолданылды.
Курстық жұмыстың объектісі: құқықтық сана мен мәдениеті.
Курстық жұмыстың пәні: Қазақстан Республикасы құқықтық жағдайы.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ
Құқықтық сана мен мәдениеттің түсінігі

Құқықтық сана - мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстардың көрінісімен және құқықтық мәні бар құндылықтармен, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық тәртіппен байланысты қоғамдық, топтық, жеке сана аясын қамтиды. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, оның мәдени-құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады.
Философияда қоғамдық -- сана қоғамдық болмыстан туындайтын идеядар мен көзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана болмысының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп оны дамытуға үлесін қосады. Ал, қоғамдық сана құрамдық жағынан алып карағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, атникалық және т.б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар:
1. Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой-елегінен өткізіп баға береді. Соның нәтижесінде индивидтердің мемлекеттегі әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады.
2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әртүрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде құлдарды қанау, басып жаншу, баю сияқты ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі -- азаттық, тектік, бостандық (Мысалы, б.ғ.дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б.ғ.дейінгі I-II ғасырлардағы Қытайдағы Сары тартқандар және Қызыл қастар көтерілістері және т.б. сондай қарулы көтерілістер). Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады.
3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені және жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дәрежеде нығайту болса, қоғамдық кұқықтық сана сол саясаттың тікелей әсерінен халықтың құқықтық санасына халық жауы ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сана қалыптасты.
4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кәдімгі, діни, этикалық саналардың түрлері мен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Бірақ, бір сананың түрі құқықтық санаға мол әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы непрогрессивтік, нерегрессивтік, неконформистік, нениглистік және инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін.
Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдарды (мемлекеттегі заңдарға, құқыққа, олардың қағидалары мен мәніне әділ сотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы.
Құқықтық сананың экономикалық негізін жеке адамдардың меншікке деген қатынастары құрайды. Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзімен, құқықтық мекемелермен толыққанды дәрежеде әрекеттестікте болады. Атап айтқанда, әрекеттестік пен қарым-қатынастық бұзылған жағдайда бүкіл құқықтық реттеу дағларысқа үшырауы әбден мүмкін. Құқықтық сананың қоғам өміріне мынандай әсері бар:
1. Құқықтық сана құқық жасау процесіне белсенді түрде өзінің әсерін тигізеді. Халықтың, депутаттардың, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың құқықтық саналары неғұрлым жоғары болған сайын сапалы заңдар қабылданады, субъектизм мен лоббизмді шектейді, жалпы ұлттық мүддені жеке топтық, таптық, партиялық мүддеден жоғары қояды.
2. Құқықтық сана мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерден өзінің көрінісін табады.
3. Қоғамда қалыптасқан құқықтық сананың деңгейі құқық қолдану процесінде ерекше рөл атқарады, әділеттілік пен әділетсіздікке барудың айқын барометрі. Мысалы, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаның жеке адамнан пара алуы, бюрократияға жол беруі ақпараттық араластықтың нәтижесінде бүкіл халықтың құқықтық санасын дағдарысқа ұшыратып, нигилистік көзқарас қалыптастырады.
4. Құқықтық сана құқық бұзушылықпен күресудің, оның алдын алудың мүмкіндіктерін тудырады. Құқықтық сана деңгейі жоғары болған сайын мемлекеттегі қоғамдық тәртіп те нығая түседі.
Басқа тіршілік иелерінен адамдардың айырмашылығы -- олардың еркі мен санасының болуында. Сана, елестету, қабылдау, сезім, мұрат секілді құбылыстардың көмегімен адамдар бір-бірімен қоғамдық қатынастарға барады. Қоршаған орта, дүние тек қана адамның санасында бейнеленіп қана қоймайды, сол адамдардың санасы мен еркінің, еңбегінің негізінде өзгеріске ұшырайды. Сондықтан адамнын айналадағы шындыққа деген құндылық қатынасы қоғамдық және жекелік (даралык) сана арқылы қалыптасады.
Қоғамдық сананың формаларына құқық, мораль, ғылым, өнер, идеология, дін т.б. жатады. Аталған қоғадық сананың формалары қоршаған ортаның қыр-сырын өзінше танып, сол ортаға, құбылысқа байланысты өзінің қатынасын қалыптастырады. Мысалы діннің қоғамдык, сананың басқа формаларынан айырмашылығы сонда, ол бізді қоршаған дүниенің құбылыстарын діни жолмен не кұдайдың атымен байланыстырып түсіндіреді.
Құқықтық сана қоғамдық сананың бір формасы бола отырып құқықтық құбылыстар мен үрдістерді ұғына отырып, олардың өзгеруін бейнелейді. Құқық арқылы қоғамдық пайдалы және қоғамдық зияңды әрекеттер байқалады, сондықтан құқық өзіне тиісті белгілі бір қатынасты қалыптастырады. Бұндай құқыққа деген көзқарас болымды, дұрыс, яғни тұлға қоғамдағы құқықтын орнын, маңызын ұғынып, бағалап, құқықтың нормаларын мойындауға, оған бағынуға бейімділігін білдіреді. Керісінше, құқықтың қоғамдағы маңызын жоққа шығару, оның қажет емес екендігін, пайдасының жоқтығын дәлелдеуге тырысқан көзқарастар да болады.
Кұқық әуел баста әлеуметтік құбылыс және қоршаған ортаның нақты шындығын бейнелеуші ретінде, адамдардың әділеттілік ұғымына негізделген құқықтық нормалар, зандар жайындағы ниеттерінен барып қалыптасады. Әділеттілік деген бұл жерде бостандық, теңдік және коғамдық татулық, келісім деп түсініледі. Сөйтіп қоғам дамуының объективті қажеттіліктерін бейнелей отырып құқықтық сана құқықтың қайнар көзі болып табылады.
Құқықтық сана, құқықтық мә­дениет және құқықтық тәр­бие әрбір азаматтың қалыпта­суының, өсіп-жетілуінің басты қағидасына айналуы тиіс.
Құқықтық сана дегеніміз - тұ­л­ғаның қолданыстағы не­ме­се қабылданатын құқық норма­ла­рына деген көзқарас­та­ры мен сезімдерінен, олар­ға тиісінше баға беру мүмкін­дік­терінің жи­ын­тығы болып та­былады.
Бұдан құқықтық сананың не­гізінен құқықтық психология және идея жиынтығынан құра­латынын көреміз. Өйткені, құ­қық­тық психология қолданыс­тағы құқық нормаларын же­тіл­діруге, жаңа құқықтық норма­ларды қабылдау қажеттілігінің деңгейін, сезімін білдірсе, құ­қықтық идея құқықтық сананың өз дәрежесіне көтерілуінің нәти­жесінде адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін қажетті құқық нормаларының қабылдану қа­жет­тілігін білдіреді.
Құқықтық сана сезімнің бас­ты мақсаты - адам, азамат, қоғам мүддесіне сәйкес ке­ле­тін, олардың мүдделерін қа­на­ғаттандыратын құқықтық нор­маларды ортақ игілік үшін қа­былдау қажеттілігінің не­гіз­гі бастамашысы болып табы­латындығында. Құқықтық мәде­ниет болса - құқық нормаларын білу, толық түсіну, оларды бас­шылыққа ала отырып, адам­зат­тың ортақ мүддесіне қызмет іс­теуді білдіреді.
Құқықтық мәдениет құқық­тық сана-сезіммен тығыз бай­ланысты және содан негіз алып дамиды, жетіледі. Субъектінің өзінің іс-әрекетінде құқық нор­маларын басшылыққа алуы оның құқықтық мәдениетінің ерекшелігін, дәрежесін білдіре­ді.
Құқықтық тәрбие - қоғам мү­шелерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалып­тастырудағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым­дардың іс-әрекетінің көрінісі бо­лып табылады. Мемлекет неғұрлым құқықтық тәрбиеге ерекше мән берсе - құқықтық са­на, құқықтық мәдениет, құқық­тық білім биік дәрежеден көрініс табады. Өйткені, құ­қық­тық сана, мәдениет, құқықтық ғылым - тәртіптің қайнар көзі, бастауы.
Тәртіп -- барлық жетістік­тер­дің қайнар көзі, негізі Президент дәрісіндегі осы ай­тыл­ған идеяларды жүзеге асы­ру үшін не істеуіміз керек де­ген сұ­рақ тұындайды. Ол үшін - от­ба­сында, балабақшада, орта мектепте, жоғары оқу орын­дарында құқықтық тәрбие, бі­лім беруді заман талабына сай же­тілдіру қажет. Әрбір отбасы бала тәрбиесінде дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының тиім­ді жақтарын ұрпақтар сана­сы­на сіңіріп, оларды заңды құр­меттеуге, әділеттілікке, тура­шыл­дық жолға түсетіндей етіп тәр­биелеуі қажет.
Балабақшаларда - еліміз­дің Ата Заңы Конститу­ция­да көр­сетілген - адамның, аза­маттың басты құндылықта­ры - құқықтары мен бостандықтары туралы айқындалған түсініктер­дің мазмұнын мемлекеттің, мем­лекетіміздің рәміздерінің маңызын, мемлекеттік құрылы­сының негізгі ұғымдарын тү­сіндіру қажет. Орта мектепте оқылатын құқық негіздері пә­нін қайта сапалы түрде да­йын­дап, Қазақстанның негізгі заңы Конституциясына негіз­деп шығару керек, осы пәнге бөлінген сағат санын көбейтіп, бір жүктемеге толтырып, дә­ріс беретін пән мұғалімінің ар­нау­лы заң білімі болуына та­лап қойған жөн. Өйткені, білім сапасы ұстаздың мамандығына, білгір­лігіне тікелей байланысты.
Жоғары оқу орындарында қазіргі кезде Мемлекет және құқық негіздері пәні балама пән ретінде оқытылады. Яғни, студенттердің қалауы бойынша оқу жоспарына енгізіледі. Бұл дұрыс емес. Мемлекет және құ­қық негіздері пәні барлық жо­ғары оқу орындарының оқу бағдарламасында міндетті түрде оқытылатын пән болуы қажет. Президент дәрісінде, сондай-ақ, Президенттің Жал­пыға ортақ ең­бек қоғамына қарай 20 қадам­ды атты мақа­ласында да құқық не­гіздері оқу­лығын даярлау, жо­ғары білімді оқу орындарын бі­тірген жас­тардың құқықтық бі­лімді меңгеру қажеттілігі нақты көрсетілген. Осыған орай, осы аталған пән бойынша жаңа оқу­лық дайындау қажеттілігі өзінен-өзі туындап отыр. Құ­қық­тық білімді жетілдіру са­ла­сында бұқаралық ақпарат құ­ралдарының маңызы да ерек­ше. Осыған орай, құқықтық са­уаттылықты насихаттайтын ар­наулы телехабар арнасы да қажет. Бұқаралық ақпарат са­ласында құқықтық насихат, тәр­бие беру мен жұмыс істейтін жур­налистердің құ­қық­тық білі­мі болғаны жөн. Университеттерде журналист кадрларын даяр­лай­тын фа­культеттерде құқық­тық журна­лис­тика деген маман­дық ашып, болашақ жур­на­лис­терге заң мамандығы бойынша қосымша пәндерді оқытуды енгізіп, са­уат­ты, білімді журналист-заң­гер­лерді дайындауды жү­зеге асырған дұрыс болар еді, өр­ке­ни­ет­ті елдердің журналис­терінің құ­қықтық сауаттылығы осындай талаптарға не­гіз­дел­ген.
Құқықтық білімді, сананы, тәрбиені жетілдіру кең байтақ Қазақстанның барлық жерінде үздіксіз, біркелкі, биік дәрежеде жүзеге асырылуы керек.
Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары және арнаулы оқу орындарында заңгер мамандырын даяр­лау жарысқа түскендей көбе­йіп кетті. Көп­теген оқу орын­да­рында бо­ла­шақ заңгер­лер­ге са­палы білім беретін ұс­таз­дар же­тіс­пейді, заң оқу ор­ын­дарында оқитын студент­тер мемле­кет­тік тілдегі оқулықтар, оқу құралдарына, заң түсіндір­ме­леріне зәру, көптеген заң ма­мандарын даярлайтын оқу мекемелерінің ұстаздары, бас­шылары мемлекеттік тілде дә­ріс бере алмаса да, басшы­лық жасай отырып, мемле­кет­тік тіл­дегі оқулықтар мен бағ­дар­ла­малардың дайын­далуына немқұ­райлы қарауда. Міне, ос­ын­дай кемшіліктер болған рет­те құқықтық білім деңгейінің өз дәрежесінде көтерілуі қиын шаруа. Сапасыз даярланған заң­герлердің көбі қазіргі кезде жұмыссыз қалып отырғаны да осыдан. Бұл ағаттықтарды жою үшін мемлекет тарапынан елімізде құқықтық білімді, тәр­биені жетілдіруге арналған жа­ңаша бағдарлама қажет сияқты.
Құқықтық сана сезімнің бас­ты мақсаты - адам, азамат, қоғам мүддесіне сәйкес ке­ле­тін, олардың мүдделерін қа­на­ғаттандыратын құқықтық нор­маларды ортақ игілік үшін қа­былдау қажеттілігінің не­гіз­гі бастамашысы болып табы­латындығында. Құқықтық мәде­ниет болса - құқық нормаларын білу, толық түсіну, оларды бас­шылыққа ала отырып, адам­зат­тың ортақ мүддесіне қызмет іс­теуді білдіреді.
Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар. Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері. Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін. Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан. Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін. Мысалы, АҚШ-тың бабасы болған негізін қалаушылардың озық құқықтық санасының Солтүстік Америкадағы қоғамдық процестерді демократияға, бостандық пен гүлденуге қалай ілгерілеткені мәлім. Адам мен азамат құқықтарының, заң үстемдігінің, билікті бөлісудің, тәуелсіз сот әділдігінің идеялары өмірде орнықты, олар осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын Тәуелсіздік декларациясы мен АҚШ Конституциясында тұжырымдалған болатын және олар дүниежүзілік құқықтық санаға ықпалын осы кезге дейін жоғалтқан жоқ. Және басқа бір, неғұрлым жақындағы мысал: көптеген жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік дейтін құқықтық сана жинақталатын зейнетақы құқығының дүниежүзілік практикасы негізінде ортақ зейнетақылық құқық қатынастарын толғағы жеткен реформалаудағы жанталаса "қарсылық көрсетті". Құқықтық сана- сан қырлы феномен. Оның жеке адам мен қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне байланысты өз құрылымы бар. Құқықтық сананы негізгі екі элемент: құқықтық психология және құқықтық идеология құрайды.
Құқық теориясында құқықтық сана өзара байланысты 3 міндетке: танымдық, бағалаушылық, реттеушілік міндеттерге бөлінеді.
Танымдық міндет құқықтық шындық құбылыстарын субъектінің құқықтағы мәнділігі мен тиістілігі туралы түсініктері тұрғысынан ой елегінен өткізуден тұрады. Бағалаушылық міндет құқықтық шындық құбылыстарын ұқсастыруда, оларды реттеудің нақты ережелерімен сәйкестендіруде болып табылады.
Құқықтық сананы иеленушіге байланысты құқықтық сананың жеке, топтық (ұжымдық) және қоғамдық құқықтық сана түрлері туралы айтуға болады.
Жеке құқықтық сана адам күнделікті қатысатын алуан-түрлі әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың ықпалымен, сондай-ақ өзінің психикалы-физиологиялық ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның мәдениеті мен білімі деңгейінің әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен қабілетінің бірдей болмауы жеке құқықтық сана деңгейінің әртүрлі болуына себепші болады. Құқықтық сана деңгейін көтеру үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқына нысаналы идеологиялық ықпал жасаудың, азаматарға құқықтық тәрбие берудің де маңызы аз емес.
Топтық құқықтық сана тиісті әлеуметтік топтар мен оларға кіретін жеке адамдардың ерекшеліктерімен анықталады. Құқықтық құндылықтар әрбір топта бірдей танылмайды. Олардың ішінде топтық құқықтық сана заңдылық пен әділеттік идеяларын мүлде құрметтемейтіндерінде топтық құқықтық сананың әлеуметсізденуі, қоғамда бар құқықтық идеологиядан шеттеу, құқықтық нигилизмнің ескі түрін консервациялау, тіпті криминогендік жағдайлардың қалыптасуы мүмкін.
Қоғамдық құқықтық сана құқыққа және құқықтық өмір шындығының жалпы қоғамда қалыптасқан құбылыстарына көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық құқықтық санада қоғамда жеке адамның бостандығына және жеке меншікке ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік бере алатын теңдесі жоқ әлеуметтік құндылық ретінде құқық түсінігі орнығады. Құқық болмайынша, оның екеуі де жоқ.
Заңдардағы барлық уақытта дер кезінде жаңартыла бермейтін жаңсақтықтар мен жетілмегендіктің қоғамдық құқықтық санадағы құқық бейнесінің көрінуіне теріс әсер етеді. Тыйым салушы нормалар мен қызметтік көзқарастың басым болуы оған бүлдірушілік ықпал етеді. Соның салдарынан қоғамдық құқықтық санада құқықтың мәнін қажеттіліктің пен әділеттіктің шоғырланған көрінісі ретінде емес, қайта күштеу ретінде қабылдау мен түсіну сақталып келеді. Сондықтан да құқық нормаларын сақтауға азаматтан гөрі, мемлекет көбірек мүдделі деген пікір таралып кеткен.
Мазмұнының толықтыққа жақындау деңгейіне немесе дәрежесіне қарай құқықтық сана құқық теориясында дағдылы, кәсіби(заңгерлердің құқықтық санасы) және ғылыми болып бөлінеді.
Дағдылы құқықтық сана дегеніміз адамдардың жаппай түсініктері, олардың күнделікті және өмірлік тәжірибесінің ықпалымен туындайтын құқық пен заңдылық жөніндегі сезімі мен көңіл-күйі болып табылады. Бұл- құқықтық сананың ең жылжымалы түрі, толық емес және үздік-создық, фрагментарлық болған соң ол сонымен бірге құқықтағы жаңалыққа мейлінше сезімтал және құқық қолданудың кемшіліктерін байқауда "қырағы" болып келеді.
Кәсіби құқықтық сана бір түр ретінде кәсіби заңгерлер арасында қылыптасады, норма шығаруда, құқықты түсіндіруде және құқық қолдануда өзекті рөл атқарады. Ол екінің бірінде белгілі бір стереотиптермен (күдікшілік, "айыптауға бейімдік", дәлдік және формалдылық, ілеспе заң нормаларын, іс-әрекеттің секторын немесе тіпті негізгі құқықтық өрісін көру) белгіленген, жазудан ерекше стилі мен заң тілін қалыптастырады. Бұл- құқықтық сананың біршама толық түрі.
Ғылыми құқықтық сана құқықты және құқықтық өмір шындығының құбылыстарын теориялық тұрғысында ой елегінен өткізу арқылы қалыптасады, ол қоғамның құқықтық идеологиясын әзірлеуде, мемлекет пен заңдарды дамыту жолдарын негіздеуде белсенді рөл атқарады. Құқықтық сананың осы ең толық түрін иеленушілер құқықтанушы және мемлекеттанушы ғалымдар болып табылады.

Құқықтық сананың түрлері мен ерекшеліктері

Басқа тіршілік иелерінен адамдардың айырмашылығы - олардың еркі мен санасының болуында. Сана, елестету, қабылдау, сезім, мұрат секілді құбылыстардың көмегімен адамдар бір-бірімен қоғамдық қатынастарға барады. Қоршаған орта, дүние тек қана адамның санасында бейнеленіп қана қоймайды, сол адамдардың санасы мен еркінің, еңбегінің негізінде өзгеріске ұшырайды. Сондықтан адамнын айналадағы шындыққа деген құндылық қатынасы қоғамдық және жекелік (даралык) сана арқылы қалыптасады.
Қоғамдық сананың формаларына құқық, мораль, ғылым, өнер, идеология, дін т.б. жатады. Аталған қоғадық сананың формалары қоршаған ортаның қыр-сырын өзінше танып, сол ортаға, құбылысқа байланысты өзінің қатынасын қалыптастырады. Мысалы діннің қоғамдык, сананың басқа формаларынан айырмашылығы сонда, ол бізді қоршаған дүниенің құбылыстарын діни жолмен не кұдайдың атымен байланыстырып түсіндіреді.
Қүқықтық сана қоғамдық сананың бір формасы бола отырып құқықтық құбылыстар мен үрдістерді ұғына отырып, олардың өзгеруін бейнелейді. Құқық арқылы қоғамдық пайдалы және қоғамдық зияңды әрекеттер байқалады, сондықтан құқық өзіне тиісті белгілі бір қатынасты қалыптастырады. Бұндай құқыққа деген көзқарас болымды, дұрыс, яғни тұлға қоғамдағы құқықтын орнын, маңызын ұғынып, бағалап, құқықтың нормаларын мойындауға, оған бағынуға бейімділігін білдіреді. Керісінше, құқықтың қоғамдағы маңызын жоққа шығару, оның қажет емес екендігін, пайдасының жоқтығын дәлелдеуге тырысқан көзқарастар да болады.
Кұқық әуел баста әлеуметтік құбылыс және қоршаған ортаның нақты шындығын бейнелеуші ретінде, адамдардың әділеттілік ұғымына негізделген құқықтық нормалар, зандар жайындағы ниеттерінен барып қалыптасады. Әділеттілік деген бұл жерде бостандық, теңдік және коғамдық татулық, келісім деп түсініледі. Сөйтіп қоғам дамуының объективті қажеттіліктерін бейнелей отырып құқықтық сана құқықтың қайнар көзі болып табылады.
Құқықтық сана адамдардың өздерінің түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қоғамда белгілі бір тәртіп орнату арқылы іске асыру ниеттерінің қалыптасуына ықпал жасайды. Сөйтіп, құқықтық сана адамның мінез-құлығының себепкері бола отырып құқыққа әсер етіп, құқықтық нормалардың іске асырылуының маңызды құралына айналады.
Құқықтық сана тұлғаның, топтардың мінез-құлықтарының құқық нормаларына сәйкестігін анықтай отырып, әрекет етіп отырған құкыққа, заңға деген қатынасты, оны қолдауды не қолдамаудың құндылық, бағалық құралы ретінде көрінеді. Сондықтан, құқық пен құқықтық сананын арасында өзара тәуелді байланыс бар. Адамдардың құқықтык әрекетінен көрінетін, құқықтық сананың ең маңызды элементтерінің бірі олардың құндылықты құқықтық бағыттары. Аталған құндылықты құқықтық бағыттар қалыптасқан білімнің негізінде құралатын құқықтық шындыққа деген жағымды және жағымсыз бағаның негізінде жүйе болып бірігеді. Құқықтық қондырымдар сенім жүйесіне айналып, тұлғаның көңіл-күй, еркімен әрекет жасауға дайындығын көрсетеді. Құқықтық қондырымдардың жиынтығы ретінде кұндылықты құқықты бағыттар, тұлғаның, топтардың, қоғамның наұқты бір жағдайдағы әрекеттік реакциясының құқыққа (заңға) сәйкес не теріс қылықтық әрекетіне итермелейді. Бұндай реакция құқықтық шындыктың түрлі объектілеріне байланысты қалыптасқан құндылық пен қатынасқа негізделген. Солардың ішіндегі ең бастылары: әрекет жасаушы құқық пен зандарға қатынас, сонымен бірге ойындағы, ниетіндегі құқықты елестету; айналадағылардың кұқықтық мінез-құлығына және оның сыртқы көрінісі құқыққа (заңға) сәйкес не теріс қылыққа деген жағымды не жағымсыз қатынас; ағымдағы құқық шығарушылық және құқық қорғау органдарының іс-әрекетін бағалау; өзінің құқықтық мінез-құлығын бағалау.
Сонымен, құқықтық сана дегеніміз қоғамның, тұлғаның, құқық пен құқықтық құбылыстарға, осылай болса деген ниетіндегі құқықтық құрылысқа деген қатынасын білдіретін бір-бірімен байланысты мұраттың, теорияның, елестетутің, сезімнің, көңіл-күйдің жиынтығы.
Адамның құқықтық саладағы мінез-құлығына тікелей ықпал ететін құқықтық құндьлық, бағыттар тек қана экономикалық емес сонымен бірге мәдени, өркениетті тіректермен негізделген және олардың өзіндік даму зандылыктары бар.
Құқықтық сананың белгілері: құқықтық сана, экономикалык, әлеуметтік, саяси және басқада мүдделер құқықтық болып ұғынылатын, қоғамдық сананың ерекше түрпішіні; адамдардың әрекет етіп отырған және ойындағы, тілегіндегі құқыққа деген қатынасын білдіретін мұраттар, теориялар, сезімдер, көңіл-күй, тұжырымдамалар құқықтық сананың мазмұнын құрайды; құқықтық сана еткен шақтағы, осы шақтағы және адамдардың ойындағы, арманындағы, тілегіндегі құқықтық тәртіпке, құқықка деген қатынастарды білдіреді; қалыптасқан мұраттардың, құңдылықтардың, жалпы жүйесін жасай отырып, құқықтық сана құқықтық дерек көзі бола алады; құқықтық сананың иелері құқықтың субъектілері; құқықтық сана адамдардың тілегін, қызмет етуші құқықтык тәртіпке тән құбылыстарға деген қатынасын білдіретін құқықтық мінез-құлықтың тікелей ішкі себебі ретінде көрінеді.
Өмір сүріп отырған құқықтық шындықтың ажырамас бөлігі және оның рухани бейнесі ретінде құқықтық сана қоғамда белгілі қызметтер атқарады. Құқықтық сананың сондай қызметтерінің бірі оның танымдық қызметі. Оның мәні құқықтық сана құқықтық шындықты құқықтык, зандық білім түрпішінінде таниды. Ол білімдер біртіңдеп ұғым, санаттар, қағидаттар, анықтамалар ретінде қалыптасады.
Құқықтық сана құқықтық шындықты бейнелеп қана қоймайды сонымен бірге сол құқықтық шындыққа деген бағалау мен артықшылықтар түрпішініндегі қатынасты қалыптастырады. Бағалау не баға беру қалыптасқан құқықтық шындықтың құбыстарына деген эмоциялық қатынасты білдіреді. Бағалау не баға беру өмір сүріп отырған құқықтық шындықты сынай отырып, оны өзгертуге деген тілектердің қалыптасуына әкеледі. Солардың ішінде белгілі бір адамдар тобының құкықтық мақсатын, тілегін, мұратын білдіретін өзгерістер маңызды болады. Құқықтық сананың бағалау не баға беру қызметі жеке тұлғаның құқықтық ақпаратты, құқытық іс-әрекетті қабылдауға деген қабілетін, бейімін және сол бағалауға сәйкес әрекет етуге деген дайындыдығын көрсететін құқықтық қондырманың қалыптасуына әкеледі.
Құкықтық сананың реттеуші қызметі құқыққа сәйкес не теріс қылық түрінде көрінетін жеке тұлғаның мінез-құлық реакцинясын қалыптастырады. Жеке тұлғаның жоспарланатын мінез-құлық реакциясы оның құқықтық бағдарының бағытына, яғни оның нақты бір жағдайдағы мінез-құлығын анықтайтын құқықтық қондырманың жиынтығына тікелей байланысты.
Қоғамдық сананың, тіпті дүниеге көзқарастың маңызды түрпішіндерінің бірі ретінде, жалпы теориялық әдіспен катар, құқық теориясы құқықтың құрылымын бөліп, зерттейді, оқытады. Құқықтың кұрылымы құқықтық психология және құқықтық идеология сияқты екі бөлшектен тұрады.
Құқықтық психология қоғамның, ұжымның құқыққа деген қатынасын қалыптастыратын сезімдердің, әдеттердің, эмоцияның, ойлай берудің, көңіл-күйдің жиынтығы. Бұлар адамдардың күнделікті өмірдегі өзара араласуынан туындайды. Құкықтық психологияның мазмұны адамның құқыққа, заң актілеріне, мемлекетке деген психологиялық қатынасынан көрінеді. Бұндай психологиялық реакция белгілі бір тыйым салу, міндеттеу, шекті рұқсат беру сияқты құқықтық құбылыстарға ризашылық не риза еместік сезімдер түрінде болуы мүмкін.
Құқықтық құбылыстар деген кенеттен, үзінді, ұйымдаспаған түрде болатындығына қарамастан, құқықтық психологиямен негізделген эмоциялық қатынас құкықтың қалыптасуында және іске асырылуында барынша маңызды рөл атқарады. Сондықтан құқықтық нормативтік актілер жасау, қабылдау барысында олардың мазмұны салт-сана, дәстүр, наным-сенімге қайшы келетін болса, жиынтығында эмоциялық-психологиялық құқықтық сипат құрайтын адамдардың психологиялык үрдістері және қасиеттерімен санаспауға болмайды. Әйтпегенде қабылданған нормативтік құжаттар тиімді әрекет жасай алмайды. Сондыктан өнделетін, кабылданатын құқықтық нормативтік актілер тұрғындардың құқықтық психологиясының мазмүнына қайшы келмеу керек.
Құқықтық идеология жеке тұлғаның, қоғамның, әлеуметтік топтың құқыққа деген ұғынылған қатынасын білдіретін құқықтық идеялардың, теориялардың, қағидаттардың жүйесі. Құқықтық психологияға қарағанда психологиялык, идеология кәсіпқой құқықтанушылар іске асыратын құқықты мақсатты және тұтастай, тереңірек ұғынатын сипатта болады. Құқықтық психологияда құқықтық шындықтың эмоциялық-сезімдік жақтары басым болса, құқықтық идеология құқықтың мәні мен мазмұнын анықтауға тырысады. Құқық табиғатын бұндай тұжырымдамалық ұғынуға тырысу доктриналарда, теорияларда, ғылыми зерттеулерде көрінеді.
Құқықтық идеология адамдардың ұжым, топ, тап, саяси партия, ұлт сияқты үлкен топтарының мүддесін білдіреді. Ол үлкен топтардың биліктік қатынастарға араласуының негізі бола алады. Аталған үлкен топтардың ойын ережесі құқықтық иделогиямен анықталады. Осындай құқықтық идеологияға, демок­ратия, адам мен азаматтың құқықтарыньң үстемдігі, әділетті, ізгілікті құқықтық тәртіп сияқты жалпыадамзаттык құндылықтар шоғырланған құқықтық мемлекет тұжырымдамасын жатқызуғаболады.
Құқықтық сананың үшінші бөлшегі ретінде мінез-құлыктың әдет, қондырма, құндылық, бағдар сияқты жақтарын қарастыруға болады. Мінез-құлықтық жинақтар жеке тұлғаның құқықтық құбылыстарды қабылдауға дайындығын, бейімділігін, саналы түрде теріс қылық не құқыққа сай әрекет жасауға деген ниетін көрсетеді. Құкықтың мінез-құлықтьқ жинақтар құқықтық қондырманың жиынтығы нақты бір құқықтық үлгілік жағдайдағы мінез-құлықтың тұрақты кескінін жасайды.
Құқықтық сананың түрлері. Әлеуметгік топтардың құкықтық, мұраттарды, теорияларды, кағидаттарды меңгеруі және олардың құқықтық мінез-құлығы, құкықтык шындыкты қабылдау, оған бейімделу қабілеттілігі бірдей болмайды. Бұдан шығатын қорытынды біреулердің теріс қылықка, екіншілердің құкыққа сәйкес әрекеттер жасауға бейімділігі болады. Сондыктан құқықтық сана әр түрде көрінеді. Құқықтық сананы түрлерге бөлу бірнеше өлшемдердің негізінде жүзеге асады.
Мысалы құқықтық мұраттың, көзкарастың, пікірдің, ойлаудың иесі кімнің болуына байланысты құқықтық сананы жеке құқықтық сана, топтық және қоғамдық құқықтық сана деп бөлуге болады.
Жеке (дара) құқықтық сана жеке адамдарға, тұлғаларға тән және солардың құкықтық білімін, қалыптасқан құқықтық шындықты бағалауының жиынтығын құрайды. Тұлғаның құқыққа қатынасы егер ол белгілі бір топқа, ұжымға, қоғамдық қозғалысқа, саяси партияға араласқанда қалыптасады. Сондыктан дара құқықтық сана ұжымдық не коғамдык құқықтық санамен тығыз байланысты. Тұлғаның құкықтық белсендік деңгейі, өзінің құқықтары мен бостандықтары үшін күресу қабілеттілігі дара құқықтық сана арқылы көрінеді. Дара құқықтық сананың көріну түрпішіндеріне тұлғаның өмір сүріп отырған құқықтык жүйеге бейімделуі не қарсы, бейтарап болуы, зандарды орындау не бұзу жатады.
Топтық құқықтық сана әдетте, ұлттың, таптардың, этностардың, кәсіби топтардың, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партия-лардың мүдделерін білдіреді.
Қоғамдық құқықтық сана қоғам мүшелерінің көпшілігіти мойындаған мұраттарды, қағидаттарды, теорияларды, тұжырымдамаларды қамтиды. Қоғамдық құқықтық сана сайлау науқандарында, дауыс беру, референдум сияқты ірі саяси құбылыстарда анық байқалады.
Құқықтық шындықты бейнелеу терендігіне байланысты құқықтық сананы тұрмыстық,ғгылыми және кәсіптік деп бөледі.
Құқыққа, зандылыққа қатынасты көрсететін тұрмыстық құқықтық сана таптаурынның, өсектің, ауызекі әңгіменің, көңіл-күйдің, әсерленушіліктің негізінде туады. Тұрмыстық құқықтық сана халықтың әр түрлі топтарының нақты өмірлерінен қалыптасады.
Кәсіптік құқықтық сана сенімнің, дәстүрдің, таптаурынның негізінде заңгер-практиктерде калыптасады. Заңгер-практиктер күнделікті өмірде тікелей заңмен, құқықпен жұмыс істеп жүргендіктен, зандарды өңдеуге, қабылдауға араласып жүргендіктен, кәсіптік құқықтық сана құқықтың дамуында, құқықтың қолданылуында үлкен рөл атқарады. Кәсіптік құқықтық сана, көп жағдайда елдегі зандық практиканың барысында қалыптасқан дәстүрдің, зандық білімнің сапасын бейнелейді.
Ғылыми құқықтық сана құқықтық саланың заңдылықтарының дамуын бейнелейтін доктриналардың, теориялардың, тұжырымдамалардың, көзқарастардың жүйесі. Сондықтан осы себептен, ғылыми құқықтық сана құкықтық институттар мен құқықтың тұтас даму зандылықтарын зертгейді, анықтайды.
Құқықтық сананың тұрпаттары. Қоғамдағы басым құқықтық қондырмалар мен кұндылық бағыттардың мазмүны құқыққа деген катынастың не құкықтық сананың дүниеге құқықтық көзқарас және құқықтық немқұрайдылық сияқты екі тұрпатын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл аталғандар кұқықтың маңыздылығын, мәнін мойындайтын немесе керісінше оны жоққа шығаратын, төмендететін құқықтық құнды кондырмалардың өзара қарама-қайшы шектері. Олардың ортасында бірнеше аралык құқықтық бағдарлар болуы да мүмкін. Мысалы кұкықтық білімнің жетіспеуінен, өзінің құқықтық санасын жоғары бағалауынан туындайтын құқықтық қондырманың қалыптаспағандығымен сипатталатын құқықтық сананың бір тұрпаты құқықтық тежеленушілікті немесе құқыктың маңыздьлығын жоққа шығармайтын, бірақ кұкықтық білімді қылмыстық мақсатқа пайдаланатын құқықтық сананың криминалды тұрпатын айтуға болады. Осындай аралық құқықтық бағдарлардың бірі салақтық пен ұйымдаспағаңдыққа негізделген заңға қалай болса солай, үстіртін қарайтын мінез-қүұлықты көрсететін құқықтық сананың құқықтық таяздық деген тұрпатын атауға болады.
Құқықты сыйлау, құқықтың әлеуметтік жанжалдардың барлық түрлерін шеше алатындығына сену, зандардың талаптарын орындауға бейімділігі осының барлығы құқықтық сананың бір тұрпаты дүниеге құуқықтық көзқарастың мазмұны болып табылады. Дүниеге құқықтық көзқарас, адам туғанда бірге пайда болатын оның ажырамас құкықтарының тендігін жақтайтын табиги құқық тұжырымдамасынан анық байқалады.
Дуниеге құқықтық көзқарастың құқыктық сананың тұрпаты ретінде пайда болуы сословиялық бөлінуді жоққа шығарып, адамдардың субъективті құқықтары мен соттық кепілдіктерінің, формальды тендігі қағидатын бекіткен азаматтық қоғамның қалыптасуымен тығыз байланысты. Дуниеге құқықтық көзқарас батыс елдеріндегі құқықтық мемлекеттің, құқықтық мәдениеттің, азаматтардыңI заң талаптарын бұлжытпай орындау сезімдерінің қалыптасуына үлкен ықпал жасады.
Экономикалық, саяси, мәдени және ұйымдастырушылық накты жағдайлардан озып, құқықтың қоғамдағы рөлін ерекше әрлендіруге тырысу құқықтық сананың құқықтық идеализм не құқықтық романтизм сияқты тұрпаттарын тудыруы мүмкін. Бұл тұрпаттардың ерекшелігі қоғамдағы қылмыс, сыбайлас жемқорлық, соғыс т.б. сияқты жағымсыз құбылыстар мен әділетсіздіктерді тек қана құқықтың, заңның күшімен дұрыстауға болады деген астамшылык пікірлер қалыптастыруы мүмкін.
Құқық пен заңның қоғамдағы орнын жоққа шығаратын құқықтық сананың барынша келеңсіз тұрпатының бірі құқықтық немқұрайлык,. Құқыққа, заңға деген бұндай келеңсіз қатынастар, пікірлер, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары идеясының қажеттілігі мен құны болмаған қоғамда пайда болады. Құқықтық қараңғылық, құқық туралы қарапайым білімдердің болмауы құқықтық немқүрайлықтың таралуына себепші болады. Құқықтық немқұрайлықтың психологиялық жақтары барын­ша маңызды. Оның мәні кұқықтың, заңнын қоғамдағы атқаратын міндеттеріне, олардың бұқара халықтың тағдырына барын­ша өзгерістер әкеле алатын қабілетіне сенбегендіктен, күнделікті өмірде адамдар қалыптасқан құқықтық нормаларды айналып өтуге тырысып жатады.
Құқықтық мәдениет: уғымы, кұурылымы,міндеттері. Мәдениет термині ғылыми айналысқа көптен бері енгеніне қарамастан оның мазмұнының нақты, дәл бір баламасының болмауына байланысты, түсіндірудің бірнеше жолдары сақталған. Мәдениет термині латынның соіеге - егу, өндеу, өсіру деген сияқты мағына беретін сөзінен пайда болған. Тек XVIII ғасырда ғана мәдениет термині адамның мәнерін, үлгісін, оқығандығын сипаттауға қолданыла бастады. Әуелгі баста мәдениетті деп ақсүйектерді санаған. Кейін келе бұндай түсінік жойылды. Біртіндеп мәдениет белгілі бір әлеуметтік топқа ортақ сенім, кұндылық және олардың көріну түрпішіні ретінде қалыптаса бастады. Аталған құралдардың көмегімен мәдениет тәжірибені, адамдардың мінез-құлығын тәртіптендіреді. Сонымен бірге мәдениет мінез-құлықтың қоғамдық пайдалы не қоғамға зиян жақтарын реттейді.
Мәдениетті адамзат жасаған материалды және рухани жетістіктермен шектеуге болмайды. Мәдениет адамның іс-әрекетінен көрінетін қоғамдық өмірдің даму деңгейін, даму сапасын бейнелейді. Адамдардың бірігіп, өркениетті өмір сүруі, олардың қоғамда қалыптасқан жалпы ережелердің негізінде өзара іс-қимыл жасауын, мәдениетті қалыптастыратын белгілі бір мұраттар мен құндылықтарға жақын болуын талап етеді. Осындай жалпыға міндетті ережелердің өмір сүру түрпішінінің бірі құқық. Ал құқықтық мәдениет жалпы мәдениеттің бір көрінісі.
Құқықтық сана, ойлау мәнері, құндылықтар жүйесі, қоғамда қалыптасқан мінез-құлық стандарты арқылы көріне отырып, құқықтық мәдениет құқықтық шындықтың даму деңгейін сипаттайды. Сондықтан тұрғындардың салыстырмалы түрдегі жоғары құқықтық мәдениеті, мемлекеттік қызметкерлердің, лауазымды адамдардың кәсіби мәдениеті, құкықтық қана емес сонымен бірге әлеуметтік, демократиялық, зиялы мемлекеттің қалыптасуына тікелей ықпал етеді.
Отандық құқықтануда құқықтық мәдениеттің тар және кең түсініктері қалыптасқан. Кең түсінігінде құқықтық мәдениет барлык құқықтық құбылыстар мен институттарды, заңнамаларды, заң мекемелерін, мемлекеттің құқықтық қызметтерін, азаматтардың құқықтық мінез-құлығын, құқықтық сананы қамтиды. Сөйтіп құқықтық мәдениет құқықтық жүйемен теңестіріледі.
Тар түсінігінде құқықтық мәдениет құқықтық өмірдің сапасын негіздейтін құқықтық іс-әрекеттің деңгейін, бағытын, түрпішінін, тәсілдерін сипаттаумен байланысты. Сондықтан мемлекеттік билік органдарының құқықтық әрекетін және азаматтардың құқықтық мінез-құлығының сапасын сипаттау үшін құқықтық мәдениетті тар мағынасында қолдануға болады.
Сонымен қоғамның құқықтық мәдениеті дегеніміз құқықтық шындықтың даму деңгейінен, құқықтық нормативтік актілердің сапасынан, адамдардың құқықтары мен бостандыктарының, олардың құқықтық белсенділігі дәрежесінен көрінетін құкықтық өмірдің сапалы қалпы.
Құқықтық сана қоғам мен тұлғалардың құқыққа деген қатынасын көрсететін идеялардың, көзқарастардың, теориялардың, бағдарлардың жиынтығы болса, құқықтық мәдениет тұлғаның, заң мекемелерінің іс-әрекетінен көрінетін құқықтық құбылыстарға деген пайдалы қатынастың тұрпаты. Сондықтан құқықтық санаға қарағанда құқықтық мәдениет барынша кең ұғым. Құқықтық мәдениет атқару билігі мен лауазымды адамдардың қызметінің негізінде жатқан құқықтық білімнің, сот әділдігі, құқықтық бағдарлардың деңгейлерін сипаттайды.
Тұлғаның құқықтық белсенділігі құқықтық мәдениеттің ең жоғарғы деңгейі. Тұлғаның құқықтық, белсенділігі оның занды сыйлау, мойыңдау секілді мінез-құлығынан ғана емес, сонымен бірге, құқыкты іске асыру және құқықтық реттеу саласындағы адамның белсенді шығармашылык іс-қимылынан да көрінеді.
Құқықтық мәдениеттің құрылымы пайдалы құқықтық мінез-құлықтың (іс-қимылдың) әр түрлі құрамдарының өзара байланысы. Құқықтық мәдениеттің құрылымын шартты түрде мынандай үш топтамаға бөлуге болады: 1) танымдық (гносеологиялык); 2) құндылық-бағдарлық; 3) іс-әрекеттілік (мінез-құлықтық).
Танымдық топтама адамдардың құқықтық ақпараттылығын, құқықтык білім дәрежесін, занды білуін қамтиды. Тұлғаны заңдық дайындау оның құқықты сыйлау сезімін қалыптастыратын эмоцияға, сезімдерге, таптаурындарға негізделеді.
Құндылық-бағдарлық топтаманы құқықтық белсенділіктің бағытын анықтайтын, құқықтық ақпаратты пайдалы қабылдап, соның негізінде қалыптасқан қатынасқа сай іс-қимыл жасауға бейімділігін анықтайтын мінез-құлықтың жекелік құрылымына ауысатын кұқықтық қондырмалар, құқықтық кұндылық бағдарлар құрайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мораль мен құқықтың ара-қатынасы
Мектептің оқу процесінде оқушыларға құқықтық білімді қалыптастыру
Құқықтық сананың жалпы түсінігі
Саяси құндылықтар жүйесі
Құқықтық мәдениеттің элементі - құқықтық сана
Саяси мәдениет дамуындағы қоғамдық күштер
Құндылық түсінігінің тарихи дамуы
Саяси процестер жүйесіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу
Мемлекеттің дамуын нығайтудағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің ролі
ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
Пәндер