ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР


Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР . . . 5
- Құқық түсінігінің мәні мен мазмұны . . . 5
- Құқықтың пайда болу негіздері және белгілері . . . 12
2 ҚҰҚЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН БАСТЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 18
2. 1 Құқықтық фунциялар мен қағидалар . . . 18
2. 2 Қазақстандағы құқық функцияларының жүйесі . . . 24
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқық қоғамды реттеп, басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал т. б. Бұл пікірді жалғастыра беруге болады. Құқық -қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, маңызы, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде, қоғамның экономикалық, мәдени-рухани сипатына байланысты. К. Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде: «Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес» - деді.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделі талаптар қойылады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылауына түседі. Заң қабылдайтын орган - Парламент көпшіліктің ұсыныстарына жіті көңіл бөледі, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексеріліп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзіне асады. Заң жобасы туралы пікір айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды.
Құқық - бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі орынды деп атауға болады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - құқықтың пайда болу теориясын қарастыра отырып, оның құқықтық функцияларына талдау жасау және құқықтық жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
құқықтың құқық жұйесіндегі мақсатын, міндеттерін қарастыру;
құқықтың пайда болу тарихы мен құрылымын зерттеу;
құқықтық құқықт жүйесіндегі атқарылатын қызметтерін және ерекшеліктерін анықтау, жалпы сипаттама беру болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
Курстық жұмыстың теориялық базасы - мемлекет және құқық саласында алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың (РФ) еңбектері.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні - қарастырып отырған институттың құқықтық негізін ашудағы теориялық және практикалық мәселелерді кешенді түрде шешу болып табылады.
Құқықтың құндылығы - бұл кұкықтың азаматтардың және жалпы қоғамның әлеуметтік әділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті.
Курстық жұмыстың объектісі - құқықтың жалпы сипаты болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - құқықтық жүйе.
Курстық жұмыстың құрылымы. Құқықтың пайда болу теориялары мен құқықтық функциялары тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР
- Құқық түсінігінің мәні мен мазмұны
Құқық түсінігі және құқықтың әлеуметтік тағайындалу проблемалары құқықтың түсініктері мен ұғымдарының барлық жүйесі үшін, құқықтың барлық теориясы үшін шешуші болып табылады, қалайда барлық теория профилі(оның ғылыми танымдық) және тәжірибелік- идеологиялық көкжиегі олардың шешіміне тәуелді. Осыған байланысты соңғы кезде құқық түсінігі туралы пікірталасқа айналған материалдар қызығушылық тудырады, алдымен «тар» немесе «тар нормативті» деп аталынатын пікірталас туралы және «кең мағыналы» құқық түсінігіне, ал соңғы кезде құқық түсінігіндегі «үш тұжырым» туралы әр түрлі көзқарасқа деген қатынасты түзеу қажет.
Құқық - көпдеңгейлі, көпөлшемді, көпқабатты құбылыс. Жалпы құқық түсінігі дамуы біздің заң ғылымы тарихында келесі негізгі кезеңдерді басынан өткерген: «құқықтық нигилизмнен» - қоғамдық қатынас тәртібі ретінде құқық туралы жалпы түсінікке, содан құқықтың нормативтік түсінігіне, ең соңында, көп аспектілі, яғни қазіргі тілмен айтқанда құқық түсінігіне.
«тар», немесе «нормативті» құқық түсінігіне жүгінсек, «құқық- бұл жауаптылықпен бірлесе отырып, белгілі мінез құлық бостандығын өрнектейтін, сонымен құқықтық және құқыққа қайшы мінез құлықтарға мемлекеттік- биліктік критериі сипатында берілген - формальді- анықталған, жалпыға міндетті нормалар жүйесі »2. Көрсетілген теория ХХ ғасырда әлдеқайда жетілген нысанға ие болды. Өкілдері: Штаммлер, Кельзен және т. б.
Бәрінен бұрын құқық объективтік тұрғыда - нормалардың жүйесі, бірақ ол әрекет етуші жүйе нормасы - аталмыш норма бағытталған тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріне және мемлекеттік органдардың құзырына сәйкес белгілеу жолымен қоғамдық қатынасты реттейтін, тәртіпке келтіретін мінез құлық ережелер, бостандық көлемі болып табылады. Басқаша айтқанда, құқықтың өзара әрекеттенуінің объективтік және субъективтік мағынасын көрсететін нормалардың тірі жүйесі.
Бұл тезистік тұрғыда келесідей:
Негізгі идеялар:
бастапқыда, жекелеп алсақ Кельзеннің тұжырымы үшін құқық туралы түсінік, нормалар жүйесі туралы (пирамида) түсінік болып табылады, онда оның ең жоғарғы сатысында заң шығарушы қабылдаған негізгі (егеменді) норма орналасқан, бұл жерде әрбір төменгі норма маңызды заңдық күшке ие норма алдында өз заңдылығын жоғалтады.
Нормалар пирамидасының негізінде құқық түсінігіне кіретін және негізгі (ең алдымен конституциялық) нормаға сәйкес болуға тиісті соттардың шешімі, шарттар, әкімшілік нұсқаулар сияқты жеке актілер жатыр.
Жақсы жақтары:
Нормативтілік сияқты құқықтың негізгі касиеттерін дұрыс бөліп көрсетеді, және құқық нормаларының заңдық күшінің дәрежесіне қарай бағыныштылығының қажеттілігін сенімді дәйектейді;
Бұл көзқарас бойынша нормативтілік құқықтың формальдық анықтамасымен құрамдас байланыста, яғни заңдық талаптарды (белгілі нақты өлшемдер күшінде) жетекшілікке алу мүмкіндігін шамамен жеңілдетеді және субъектілерге келесі нормативтік - құқықтық актілермен танысуға мүмкіндік тудырады;
мемлекеттің қоғамның дамуына ықпал ету кең мүмкіндігі мойындалады немесе тек мемлекет негізгі номаны бекітеді және қамтамасыз етеді,
Әлсіз жақтары:
құқықтың формальдық жағына өте «бет бұрғаны» байқалады, демек оның мазмұнды жағын (жеке тұлға құқығы, заңдық нормалардың адамгершілік бастауы, олардың қоғам дамуының объективтік қажеттіліктеріне сәйкес келуі және т. с. с. ) есепке алмауын тудырады. Сондықтан да бұл теорияның өкілдері құқықтың әлеуметтік - экономикалық, саяси, рухани факторлармен байланысын бағаламайды, яғни олардан құқықты артығымен тазартады;
негізгі норманы заң шығарушы қабылдайды деген фактіні мойындай отырып, Кельзен тиімді заңдық нормаларды бекітудегі мемлекеттің рөлін артығымен бағалайды. Әртүрлі себептерге байланысты ол ескірген, және негізделмеген нормалармен қанағаттандырылуы мүмкін.
«Генетикалық» (марксистік) көзқарас құқықтың пайда болуы немесе тууы заңдылықтарымен және оның қалыптасуымен айналысады. Құқық түсінігіне деген осы көзқарастың тұғырын, құқықты қалыптастырушы таптық ерік, осы тап өмірінің материалдық жағдайымен анықталады деген марксистік формула қалады.
Әрекеттегі құқыққа, мемлекеттік құрылыс тәжірибесіне, олардың субъектілерінің қызметінің мінез-құлқына бағытталған құқықтүсінушілік «социологиялық» көзқарас деп аталады. Өкілдері: Эрлих, Жени, Муремцев және т. б. Бұл теория ХХ ғасырда әлдеқайда логикалы аяқталған нысанға ие болды. Әрекеттегі құқық дегеніміз «фактілік құқық» деп аталынатын яғни құқықтық қатынаста, құқықтықтәртіпте, құқықтық мінез-құлықта көрініс табатын, құқықтың іске асуы. Бұл құқықтық реттеудің тиімділігін, соңғы мақсатының жетістігін бағалауға мүмкіндік беретін қажетті көзқарас.
Бұл бағыттағы өкілдеріне тән қасиет құқық пен заңды қарама-қарсы қою. Бұл жерде құқықтық жариялылыққа және судьялық бостандықты және әкімшілік құқық шығармашылықты кеңейтуге басты назар аударады.
Бұл тезистік жоспарда келесідегідей көрініс табады:
Негізгі идеялар:
құқық пен заңды бөледі, бірақ табиғи құқықтық доктрина идеологтар сияқты емес. Құқық табиғи құқыққа, заңға сіңісуінде емес заңдардың іске асуында жүзеге асырылады;
құқық астарында, ұласпалы, заңдық әрекеттер, заңдық тәжірибе, құқықтық тәртіп, заңдарды қолдану және т. с. с түсініледі. Құқық- құқыққатынас субъектілерінің - жеке және заңды тұлғалардың шынайы мінез-құлық;
мұндай тірі құқықты ең алдымен судьялар юрисдикциялық қызмет үрдісінде қалыптастырады. Олар сәйкес шешімдер шығара отырып және бұл жағдайда құқықшығармашылық субъектісі бола отырып заңдарды құқықпен «толтырады».
Жақсы жақтары:
мұндай түсінік құқықтың іске асуына, тәжірибеде жүзеге асырылуын көрсететін мәніне бағытталады;
қоғамдық қатынас құқықтық нысандағы мазмұн ретінде басымдылығы шынайы негізді аталады;
бұл теория экономикаға мемлекеттің араласуын шектеумен, басқарудың жақсы үйлеседі.
Әлсіз жақтары:
егер құқықты заңдардың жүзеге асырылуы, нақты құқықтық тәртіп деп түсінсек, онда құқықтық және құқықтық емес нақты өлшемдер жоғалады, немесе құқықтың іске асуы заңды, сондай-ақ заңды емес болуы мүмкін.
құқықшығармашылық қызметіндегі соттар мен әкімшіліктерге «ауырлық орталығын» көшіру арқасында құзырлы емес және арсыз лауазымды тұлғалар тарапынан ашық қателік қауіптілігі өсуде [1] .
Өмірдегі құқық құқықтық тәртіпке және абсолютке айналады, барлық құқыққолданушылардың ұжымдық жағдайының жемісі болады. Құқықтың социологиялық түсінігіне психологиялық та тығыз байланысады. Құқықтың психологиялық теория өкілдері (Спенсер, Г. Гарл, В. Вунд, Л. И. Петражицкий) үшін құқық- психика өнімі. Осыдан келе, соттар мен әкімшілік эмоция, көңіл күйге және т. б. байланысты нақты құқықты тудырады, яғни көпе - көрнеу тұлғаның психологиясына қысым жасайды деген тезис заңды. Бұл тұрғыда, заң шығарушының, сондай-ақ азаматтың, құқық қолданушылардың және құқыққорғаушылардың құқық әрекетінің психологиялық механизмін: құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқықтық бағдарлар және құндылық бағыттарын оқып үйренуінің теоретикалық және тәжірибелік маңызы зор.
Құқыққа деген аксиологиялық (құнды) көзқарас - қазіргі құқық философиясының негізгі сипаты, табиғи құқық теориясы. Бұл теория ХҮІІ- ХҮІІІ ғасырлардағы буржуйлық төңкеріс кезеңінде мазмұны жағынан қисынды аяқталған нысанға келеді. Өкілдері: Гоббс, Локк, Радищев және т. б.
Бұл бағытты қолдаушы өкілдерді құқыққа деген адамзат құндылықтарына негізделген мәнді, терең көзқарас қызықтырды.
Заңның сөздері адамдардың санасына кірмесе және олармен менгерілмесе қағазда ғана қалады. Қабылданған немесе өзгерген заңның мәтіні бұқаралық санаға танылмаса, оны құқық деп қанағат тұтуға бола ма? Заң қоғамға сана (бұқаралық құқықтық сана, ресми құқықтық сана) арқылы ғана ықпалын жүргізеді. Сондықтан құқық - заң мәтіні ғана емес, ал жалпы білім беру нормасы, құқықтар, міндеттер, тыйымдар, олардың пайда болуы мен жүзеге асырылу шарттары, тәртіп және қорғау нысандары туралы түсініктер жүйесінің қоғамдық санада мазмұндалған түрі.
Адамзаттың тарихи дамуы тұтастай дәуірдің және жеке мемлекеттердің, қайда және қашан заңсыз және мәтінсіз құқықтың әрекет еткенін дәйектейді: прецедент жүйесі кезінде оның қайнар көзі кәсіби құқықтық сана болды, әдет - ғұрып құқығы кезінде бұқаралық құқықтық психологияға жүгінген.
Қоғамдық сананың мазмұны қоғамдық моральдің нормасы мен өлшемдерімен («бұзақылық», «балағаттау», «жала жабу», «исключительный ценизм» және т. б. ) санаспайынша түсініксіз және мүлдем жүзеге асырылмайтын терминдермен толықтырылып, нақтыланып және «бағалаушы ұғым» («уваж прич», «жеткілікті негіздер» және т. б. ) деп аталатын жалпы мәнге ие болатынымен маңызды. Оң көзқарас тұрғысында, бұл жерде заң мәтіні қоғамдық санамен бағаланып қана қоймай, сондай-ақ осы аталмыш қоғамдық санада адамгершілік және әділеттілік түсініктерімен салыстырылады, заң мәтіндерінде әрқашан адамгершілік құндылықтары, адам құқықтары мен бостандықтары туралы түсініктер белгіленбейді [2] .
Сонымен, адамгершілік тұрғыдағы құқық түсінушілік құқықтың орнына қоғамдық, топтық және жеке санада қалыптасқан жақсылық пен арамдық, теңдік пен теңсіздік, мақтанатын және жиренетін, моральды және моральға жат түсініктер туралы қарама қайшы және әралуан пікірлерді қабылдайды және бере алады.
Бұл тезистік жоспарда келесідегідей көрініс табады:
Негізгі идеялар:
аталмыш доктрина шегінде құқық пен заң бөлінеді (позитивтік құқық яғни мемлекетпен қабылданатын заңдармен қатар адамға тумысынан тән жоғары, нақты, табиғи құқық бар) .
құқық пен мораль ұқсастандырылған;
Жақсы жақтары:
бұнда заң құқыққа қайшы болуы мүмкін, демек құқыққа, яғни әділеттілік, бостандық, теңдік және т. с. с. сияқты адамгершілік құндылықтарымен сәйкес келтірілуі керек деп дұрыс көрсетілген.
Әлсіз жақтары:
осындай құқық түсінігі (абстрактілі адамгершілік құндылықтары сияқты) оның формальды - заңи қасиеттерін азайтады, оның нәтижесінде заңдылық және заңға қайшы нақты өлшемдерін жоғалтады, өйткені әртүрлі адамдардағы адамгершілік туралы түрлі елестерді әділеттілік тұрғысынан анықтау оңайға соқпайды;
Сондықтан, құқықтың шын мәнінде әрқашан бірдеңесі жетіспейді, жетілмеген, түрлі өзгертулер мен орны мен уақыты жағдайына байланысты бірдей емес трансформацияны талап етеді. Демек, ғылыми мақсатта және тиімді құқықшығармашылық мүддесі тұрғысынан құқыққа деген әртүрлі көзқарастарды, әртүрлі құқық анықтамаларын және бірыңғай анықтама шегінде оларды сомдауға ұмтылуды мақұлдау қажет [3] .
Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық кұбылыс ретінде түсінілетін философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек. Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құкығы секілді тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық - нормативтік құкықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда көрсетіп кету керек - субъективтік құқық объективтік құқықтың негізінде туындайды және тоқтатылады. Мәселен, 1999 жылдың 1 маусымынан бері "объективтік құқықтын" негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін жүруге деген "субъективтік құқықтары" тоқтатылып, жеңілдіктер алынып тасталған. Құқық бұл керсетілгендерге қоса, оқу пәні ретінде де түсініледі (әкімшілік құқық, Азаматтык, құқық, Еңбек құқығы және т. б. ) - Құқықтық объективтік және субъективтік мағыналардың біріктіріле түсінілетіндігі де жоққа шығарыл-майды. Осыларға қарап құқықтың аса күрделі категория екенін білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз - мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.
Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп, тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм, интерпационализм, гуманизм.
Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық болып табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі- мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.
Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар жеке меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық субъектілерінін. заң алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары мен занды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды.
Демократизм азаматтық күқьіқтар мен бостандықтардың кен. ауқымымен ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құкығын қамтамасыз ететін оның қүқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді. Демокра-тизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша орын алатыны - олардың мемлекеттік істерді басқа-руға қатысуы міндеттерін орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы қоғамдык, бірлес-тіктердің Конституция мен зандар шеңберінде мемлекеттік істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен кабылдауға, мемлекетгік және жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік береді.
Интернационализм - барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси, шаруашылык және мөдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі тендікті тану және оны қүқықпен қамтама-сыз ету болып түсініледі. Республикамызда нәсіліне, үлтына, тіліне және т. б. жағдаятгарға қарамастан қүкық пен бостан-дықтендігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халыкта-ры Ассамблеясы интернационалдык үйым.
Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз - адамдык, адамгер-шілік) - адамның жеке тұлға ретіндегі кұндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін көрсету құқығын тану. Адам-ның кадір-қасиеті мен кұқыктарын қадірлеуді қамтамасыз ету-ден тұратын басты күқықтық принциптердің бірі - оның игіліктеріне қамқорлык, жасау [4] .
Адамгершілік принципі Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда әркімнің өмір сүруге құқығы бар екені, ешкімнің ез бетінше адам өмірін қиюға хакысы жоқ екені, сондай-ақ адам мен азаматгың ар-ожданы мен абыройына қол сүғуға болмай-тыны женінде баяндалған. Сонымен қатар адамның кінәлі екендігі сот үкімімен дәлелденіп, үкім занды күшіне енбейінше, адам қылмыс жасады деп танылмайтындығы женіндегі қағида орнықтырылған. Осылайща, кез келген күдік дәлелденгенге дейін айыпталушы түлғаның пайдасына шешіледі.
Құкық пен моральдын, өзара байланысы және езара шарттастығының арақатынасы қандай? Біздің құкыққа моральдың жоғары принциптері тән. Мораль да, құқық та әлеуметтік нормалардың түрлері ретінде бір мақсатқа: әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі - мызғымас Қазақ мемлекеттілігінің құрылысына қызмет етеді. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетгі орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі - функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше үрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функ-цияны ішкі және сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін
- мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция - орган
- аппарат - мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде - мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-тәсілінен айыра білуге болады;
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі.
Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты аспектілері қүқықта бейнеленіп көрсетіледі [5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz