XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ СИПАТЫ
титулка
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ
СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...4
1. Қазақстандағы ХІХ ғасырдағы саяси-құқықтық
ойлары ... ... ... ... ... ... ... . ... ..4
2. Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...6
2. А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ ... ... ... 9
2.1 Абайдың еңбектеріндегі саяси ой-
пікірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2 Абай Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой- пікірлері. Қарамола
ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..16
КІРІСПЕ
Абай Құнанбаев (1845-1904) – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің,
қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси
қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық,
моральдық мәселелерін арқау етеді. Терең философиялық ой мен азаматтық
пафосқа толы оның өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады. Жаңа
заман ақыны ретінде Абай қазақ әдебиетінде поэма жанрының орнығуына ықпал
етті. Оның поэмаларының мазмұны (“Масғұд”, “Ескендір”) шығыс классикалық
әдебиетінің мәнерімен Абайдың өзгеше ойлауымен құрылған көркемдік прозаның
дамуына Абай қосқан үлес оның “Қара сөздерімен” бағаланады, бұл кітапта
Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы айқын көрсетіліп, көптеген тарихи,
педагогикалық және құқықтық мәселелер көтеріледі. Олардың айрықша
ерекшелігі тілдің көркемдігі, мазмұн байлығы, философиялық тереңдігі.
Ақынның азаматтық борыш, тұрмыс мәні туралы қасиетті ойлары жас ұрпаққа
бағытталған.

қайраткер.
Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық,

Абайдың музыкалық мұрасы қазақтың ұлттық өнері тарихында ерекше орын
алады. Абайдың әуендік таланты халықтық негізде дамып, ақынның рухани жан-
дүниесі, әлемге көзқарасы оның лирикалық әндерінде айрықша көрсетілген.
Абайдың “Көзімнің қарасы”, “Не іздейсің көңілім”, “Айттым сәлем, Қаламқас”,
“Татьянаның хаты” және т.б. әндері арқылы халықтық ән шығармашылығына жаңа
ырғақ, ана тілді көркемдік-мәнді қолданудың жаңа қағидалары ендірілді. Абай
халықтық музыка қорын ырғақтық ән өнерімен байыта отырып, жаңалық із салды.
Абай әндеріне М. Төлебаев, С. Мұхамеджанов, Ғ. Жұбанова, М. Қойшыбаев,
Н. Тілендиев, Н. Меңдіғалиев сияқты композиторлар әндер мен романстар
жазды.
1 XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ СИПАТЫ
1.1 Қазақстандағы ХІХ ғасырдағы саяси-құқықтық ойлары
Ресейдiң отарлық жаулап алуы нәтижесiнде XIX ға-сырдың 60-жылдарына
қарай бүкiл қазақ жерi Ресейге қосылды. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығына
капиталистiк қатынас-тардың енуi Қазақстанның саяси-әлеуметтiк және эконо-
мика-лық-мәдени өмiрiне едәуiр ықпал еттi. 1822 жылғы Сiбiр қырғыздарының
жарғысы экономикалық-әкiмшiлiк мәселелердi ға-на қамтып қоймай, сонымен
бiрге саяси өзгерiстердi де қам-тыды. Ресей саяси-құқықтық ойының көрнектi
қайраткерi, Ба-тыс Сiбiр губернаторы М. М. Сперанский дайындаған Жарғы
бойынша қазақ даласындағы хандық билiк жойылып, басқа-рудың жаңа әкiмшiлiк
түрi — округтiк жүйе енгiзiлдi. Барлығы 8 округ құрылды. Оларды округтық
приказдар аға сұлтан мен ресейлiк екi кеңесшi, болысты — болыс сұлтаны, ал
ауылды — ауыл старшыны басқарды. Кiшi Жүз бен Орта Жүзде патша өкiметi
билiгiнiң күшеюi бұрынғы сот жүргiзу тәртiбiнен де айқын көрiндi.
Мемлекетке опасыздық жасау, кiсi өлтiру, барымта алу сияқты iстердi пат-
шаның әскери соты қарады, ал билердiң қарауына ұсақ-түйек iстер ғана
қалдырылды. Жаңадан енгiзiлген әкiмшiлiк шаралар патша өкiметiнiң
отаршылдық белсендiлiгiн арттырып, отар-лаудың қазақ даласына тереңдей
енуiне мүмкiндiк бердi. Әкiм-шiлiк құрылымы қазақтардың дәстүрлi көшiп
қонатын аудан-дарын тартылтты, құнарлы жерлерге казактар жаппай қоныстана
бастады және олар патша өкiметiнiң қазақ жерлерiн отарлаудағы әскери күш
тiрегi қызметiн де атқарды. Қазақстан жер көлемi жағынан, халқының саны
жағынан және бағалы шикiзат көзi жөнiнен де Ресейдiң ең үлкен отары
болғандықтан, патша өкiметi бұл аймақта ерекше белсендiлiк та-нытты.
Капиталистiк қатынастар қазақ жерiне кеулей ене бас-тады, бұл процестi
отаршыл әкiмшiлiк те үнемi қолдап отырды. Бүкiл ресейлiк рыноктың шеткерi
аймақтарды қамти нығаюы да қоғамдық еңбектiң бөлiнуiн тереңдете түстi.
Қазақ әдебиетiндегi батырлық рух XVIII ғасырда жоңғарлар-мен қарсы күресте,
XIX ғасырда ұлт-азаттық күресте (Махамбет, Нысанбай) қайта көтерiлгенiмен,
Қазақстанның Ресей құрамына өтуi нәтижесiнде зар-заман кезеңi басталады.
Қазақ жерiне қол салған патша өкiметi халықты жарылқау үшiн келмеген-дi.
Жерiнен айырылған халық әдет-ғұрып мен қазақы мiнезiнен де айрыла бастады.
Патша өкiметi енгiзген жаңа әкiмшiлiк шаралар қазақ болмысына тән емес-тiн.
Ұрлық, өсек, талас-тартыс, алауыздық, арызқойлық — қазақ қоғамының осы
кезеңдегi жемiсi болды. Осы кезде өмiр сүрген қазақ ақын-жырауларының бiр
тобы қоғамда болып жатқан келеңсiз құбылыстарды аяусыз сынға алды. Олар
Қазақстанның Ресейге қосылуы мен капиталистiк қатынастардың енуiн керi
кеткендiк деп есептедi, өткен өмiрдi аңсады, болашақ туралы өз болжамдары
мен пiкiрлерiн бiлдiрдi. Қоғамда болып жатқан өзгерiстерге өзiндiк
көзқараста бол-ған және оны сол бағытта жырлаған ақындарды М. Әуезов Зар
заман жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тарихында да олар осылай
аталды [1].
Тарих ғылымының докторы М. Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтап
байланған халықтың мұң-мұқтажы мен қайғы-қасiретiн жырлаушыларды Зар заман
мектебiнiң ойшылдары деп атады. Қазақ халқының тәуелсiз-дiктен толық
айрылып, қазақ жерiнiң нағыз тонауға түскен — отарлау саясатының ең
күшейген кезеңiн зар заман мектебiнiң ақындары торығу, сары уайымға салыну
сарынымен жырлады. Еркiндiк пен бостандықтың, дәстүр пен европалық метро-
полиядан енген жаңа тәртiптердiң шегiне жете шиеленiсуi Шор-танбай, Дулат
және Мұрат сияқты зар заман ағымы ақында-рының шығармалары арқылы
пайымдалады. Олар XIX ғасыр-дағы қазақ өмiрiне тән барлық құбылыстарды
аяусыз сынайды. Әлеуметтiк үйлесiмдiлiк уақыты ретiнде өткен дәуiрдi
идеялан-дыра отырып, бүгiнгi заманның келешегiнен де үмiтiн үзiп, түңi-
ледi. Қазақтар ата-бабадан қалған рухани құндылықтарын ұмы-тып, елдiң iшiн
әдiлетсiздiк, арамдық, өтiрiк, өсек-аяң, ақымақ-тық, ата сөзiн
тыңдамаушылық жайлап кеттi, тiптi мал да жай-лап айдауға көнбей қойды.
Көңiл жұбататын ешнәрсе таппаған зар заман ақындарының кеудесiн кернеген
мұң, зар, шер әбден күнаға батқан замандастарының құлағына жете қоймайды.
Зар заман мектебiнiң көрнектi тұлғаларының бiрi — Дулат Бабатайұлы
(1802—1874). Қазаққа деген толғауында ол қазақ халқының Абылай хан
заманынан кейiнгi Ресей бұғауына қалай түскендiгi мен болашақты дұрыс
болжай алмағандығына өкiнiш бiлдiредi. Орыс за-ңын қуаттап, елдi жас балаша
жуатпақ болған билердi, шен-шек-пенге қызыққан бектердi жерден алып жерге
сала мiнейдi. Орыс сыйына сатылған ел жақсыларына орыс өкiметi сендердi әлi-
ақ сырғалыңды күң қылып, күнiңдi тұман түн қылып, шабақтай жемге қақалтып,
көмейiңе салар қармақты деп ескертедi. Мемлекеттiң бүтiндiгi мен күштiлiгi
ел билеген хандардың көрегендiгi мен ақылдылығына тiкелей байланысты
екендiгiн Дулат Абылай ханның қазаққа ағарып атқан таң болған дәуiрiн-дегi
толағай болған жылғадан, сарқырап тұрып су аққанын , елi еркiн , қара суы
май болғанын , шалшық суы көл болып , әр рудың құрамалы ел болғандығымен
салыстыра отырып дәлел-дейдi. Қара халықты бастайтын билер бен бектердiң,
батырлар мен сұлтандардың қоғамдағы орнын жоғары бағалаған ақын олардың өз
мiндеттерiн тура атқармағандығынан елге келетiн қиыншы-лықтың өте ауыр
болатынына қынжылады. Елдi тура жолға салмаған , оның ыстығына күйiп ,
суығына тоңбаған билер мен бектердi, түн ұйқысын төрт бөлiп , толғаулы
найза қолға алмаған батырларды, нашарға жәрдем бермеген , кем-кетiктi
көрмеген байларды , сынаған Дулат күш кеткен соң қолыңнан зарлаудың да,
сарнаудың да пайдасыз екендiгiн айтады. Езгiге түскен елде ата тiлiн бала
алмады , қызы шешеге назар салмады , мәстек озып бәйге алды , үлкеннiң
тiлiн кiшi алмай, елдегi жақсы бұзылды . Заманына қарай бұзылған адам-шылық
қасиеттерден жұрдай болған ел iшiндегi пысықайлар мен сөз тасушыларды,
жағымпаздарды сынаған ақын елдiң қамын жейтұғын, мынауың терiс дейтұғын ел
ағаларының шықпаға-нына қынжылыс бiлдiредi. Дулат қоғамдағы келеңсiз
құбылыстарды тiзбектеп сары уай-ымға ғана берiлiп қоймайды, ол елдiң
ертеңiне, болашағына, бұ-рынғы несiбелi, берекелi өмiрдiң қайта келетiнiне
сенедi. Ел бастар ерлердiң халқы үшiн күресiне қолдау көрсету қажеттiгiн
айтады [2].
2. Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуы
Қазақ халқының рухани мəдениетінің даму тарихында XIX ғасырдың екінші
жартысы өзгерістерге толы болды. Соған байланысты дəл осы кезде Қазақстанда
ағартушылық мəдениеті пайда болып, дамиды. Адам ойының жəне ғылымның даму
жолында дін тұрған жерде ағартушылық дүниетаным пайда болады. Бұл қазақ
ойларының тарихындағы өте ғажайып феномен болды десек, қателеспейміз.
Əр халықтың өз заманының ойшылдары дүниенің, болмыстың, өмірдің,
адамның жай-күйін жете түсінуге ұмтылғаны, əрине, белгілі. Бірақ олардың
ойларына сол бір кезеңде қалыптасқан дүниетаным мен жалпы өркениеттік
өзгерістер əсер тигізгені де қазіргі таңда біз үшін айдан анық болып тұр.
Міне, осыған байланысты, ХІХ ғасырда Қазақстанда қалыптасқан, адамдар
санасын өзгерту, халықтың басым көпшілігінің əлемдік өркениет үлгісімен
рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсетуде ағартушылықтың
маңызы, əрине, зор. Себебі сонау Жаңа дəуірде қалыптасқан бұл дүниетанымдық
ағым қоғамдағы өзгерістермен ұштасып, олардың негізінде ізгілік,
əділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары
арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын,
тұрмысын өзгертуге болады деген идеяны ұстанып, қоғам өміріне көп
өзгерістерді енгізуге ықпал етуде болды.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістер, əрине, бірден
қалыптасқан жоқ. Оған алдыңғы қатардағы адамдар да өз септігін тигізді деп
айтуға болады. Сондықтан да болар, Елбасшымыз Қазақстанның келер ғасырдағы
басты даму бағдарын белгілеп, берген стратегиялық жоспарларында халықтың
рухани жаңаруына ерекше көңіл аударады. Оның айтуынша: Адамның ой-санасын
бір сəтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді. Бірақ мемлекет өзгерістер
процесін объективті тенденцияларды түсіндіру, маңызды ақпаратты халыққа
жеткізу жолымен жəне де, ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған
əлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен жеделдетуге қабілетті.
Адамдардың жаңа дүниетанымы қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады. Сол
жыдардың өту барысында қазақ қоғамдық өмірінде ағартушылық көзқарастардың
ерекшелігі мен маңыздылығы өте жоғары.
Қазақстанда ағартушылық ойдың мəнін түсінуде қазіргі отандық ғылымда
келесі теориялық жəне əдіснамалық қағидалар қалыптасқан:
Біріншіден, қарастырылып отырған ағартушылық идеология нақты-тарихи
шындық болып табылады. Ресейге қосылу, оның мəдениетімен кең танысу жəне
сол арқылы еуропалық өркениетпен сусындау — Ресейге бодан кезеңінің
нəтижесі болып табылғанымен, қазақ ағартушылығы дүниежүзілік ағартушылық
ойдан оқшауланбай, керісінше, онымен ортақтастықта — XIX ғасырдың екінші
жартысы мен XX ғасыр басындағы жалпы ресейлік қозғалыстың ықпалы тиген
дербес құбылыс ретінде дамыды. Сондықтан Қазақстандағы ағартушылық
идеологияны зерттеуде жалпы ағартушылық құбылысқа тəн белгілермен қатар,
оны тудырған мəдени-əлеуметтік ортаның ерекшелігіне де баса назар аудару
қажет. [4]
Екіншіден, осы ағартушылық идеологияның басты ерекшелігі — оның
азаттыққа, бостандық пен теңдікке ұмтылыс ниетіндегі кеңес өкіметіне дейін
жəне сол өкімет тұсында өз мəнін жоймаған негізгі идеялық бағыт ретінде
сақталуында (М.Дулатов Оян, қазақ!, М.Жұмабаев Тəңір, Мен кім, Тез
барам т.б., А.Байтұрсынов Қазақ өкпесі, Тəні саудың жаны сау, Қазақша
оқу жайынан, Ə. Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев, М.Шоқаев, Ж.Аймауытов т.б.).
Патша өкіметі мен сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын басынан өткізіп,
əділет пен шындық жолында халқының мұң- мұқтажын жоқтаған қазақ
зиялыларының халықты оянуға, білімге, оқу-ағартуға шақырған еңбектері халық
бостандығы мен теңдігі жолындағы күреспен тығыз байланысты болды.
Үшіншіден, қазақ ағартушылығы күрделі де қайшылыққа толы эволюциялық
даму сатысынан өтті. Ол өз дамуында керітартпа идеялық бағыттармен күреске
толы болды. XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың алғашқы кезеңінде
ағартушылар кейбір діни түп негізшіл-клерикалды идеологиямен жəне əр түрлі
діни-мистикалық бағыттармен келісімде болмады. Қоғамдық-саяси өмірдің
маңызды бағыттары мен ілімдері де жеткілікті болатын. Оларға XIX ғасырдың
орта тұсында пайда болған дəстүрлі-консервативті Тəңіршілдік бағытын,
Ресейдің мұсылман халықтарының арасында кең тараған панисламизм мен
пантюркизм ілімдерін жатқызуға болады. Қарастырып отырған рухани құбылыстың
рөлі мен мəні нақтылы идеялық күрестің аясында көрінетіндіктен, берілген
бағыттар мен ілімдердің табиғатын жете ұғыну қажеттілік пайда болады.
Төртіншіден, Қазақстандағы ағартушылық ойдың қалыптасуына XIX ғасырдың
40–60- жылдарындағы орыс ағартушыларының, əсіресе батысшылдарының,
славянофилдердің қайсыбір мұраттары қазақ ағартушыларының жанына жақын
келді. Олар (Ш. Уəлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин) Ф. Достоевскийдің,
Н. Добролюбовтың, А. Герценнің, В. Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі
(Ш. Уəлиханов, А. Құнанбаев) олардың авторларымен таныс болатын.
Халықшылдықты тəжірибелік іс-əрекетке жетекші етіп, идеялық бағдарға ала
отырса да, нақты- тарихи жағдайда халық бұқарасының екіжақты, яғни,
əлеуметтік жəне ұлттық қанаушылық пен жалпы аймақтық артта қалушылық
себептеріне байланысты қазақ ойшылдары тұтас алғанда типтік ағартушылық
тұғырды ұстанды. Яғни, белгілі қоғамдық топқа, дəлірек бұқара халыққа,
бағытталып, қоғамдық прогресті саны басым топтың мүддесі үшін күреспен
байланыстырған революцияшыл демократтарға қарағанда қазақ ағартушылары
XVIII ғасырдағы Еуропадағы ешбір тап пен сословиені бөле-жармай, жалпы
ұлттың атынан сөйледі. Бұл, бір жағынан, көрсетілген кезеңде берілген
аймақтың қоғамдық қатынастарының пісіп-жетілгенін аңғартса, екіншіден,
осындай ерекше жағдайда жалпы халықтық прогресс идеясы өзекті болғанын жəне
оның аса маңызды қоғамдық қажеттілікті бейнелегенін көрсетеді.
Бесіншіден, қазақ ойшылдары ағартушылық тұғырда қалғанымен, аңсаған
қоғамды ұлт- азаттық күрес жолымен орнату əдістерін де жоққа шығармаған.
Əйтсе де негізінде барлығы еркін, азат қоғам құрудың бейбіт жолын таңдады:
жоғарғылардың реформасы көмегімен немесе əділ,таза білім мен басқару
жəне ағарту, ғылым-білім арқылы өз халқының көзін ашып, санасы мен көңілін
оятып, өздерін-өздеріне танытып, ескіліктен, езгіден арылтпақ болды. Бұдан
тарихи құрылымы мен қоғамдық күштердің жіктелуі əлдеқайда өзгеше орыс
революционер-демократтары секілді төңкеріс жолын қуаттап, оған бірден-бір
шешуші əдіс, айқын жол деп шақырмауын кемшілікке жатқызу орынсыз болар еді.
Керісінше, рух пен тəн арасындағы, жалпы аспан астындағы үйлесімділікті
іздеп, сол жолда, бойды сезімге емес, ақылға жеңдіртіп, мəселенің шеті мен
шегіне ауытқымай негізгі ортасын ұстануды үйрететін дана Шығыс
философиясының көрінісін аңғарамыз.
Алтыншыдан, қазақ ағартушыларына қоғамдық прогресс жолындағы күресті
француз немесе орыс ағартушылары сияқты феодализмнің немесе крепостнойлық
тəртіптің ыдырауы жағдайында емес, үзілмей жалғасып келе жатқан дəстүрлі
қауымдық қатынас үстемдігі кезеңінде жүргізуге тура келді. Осыған
байланысты олардың көзқарастарында қоғамдық прогресс идеялары ұлтаралық
ынтымақ, достық, орыс халқы мəдениетінің жетістіктері мен игі əсері жайлы
ойлармен астасып жатты [5].
Қорыта айтқанда, қазақ ағартушылық Қазақстанның XIX ғасырдың екінші
жартысындағы жағдайында əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени прогресс
жолындағы мықты қозғалыс беруші күшке айналып, орыс өркениетіне бейімделу
жолында дамыды. Сонымен қатар отандық ағартушылар осы прогреске жету жолда
өз мүмкіндігінше жағдай жасауға тырысты. Жалпы алғанда, Абайдың жəне басқа
алғашқы қазақ ағартушыларының адамның ақыл-парасатын дəріптеуінің,
надандықты, ескілікті, діни əдет-ғұрыптарды сынап-мінеуінің, сондай-ақ
қажетті саяси-əлеуметтік өзгерістерді қазақ даласына енгізу қажеттілікті
жəне басқа ағартушылық идеяларының зор прогресшіл маңызы болғанына толық
сенім білдіреміз. [6]
2. А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
2.1 Абайдың еңбектеріндегі саяси ой-пікірлер
Халқымыздың данышпан ұлы Абай Құнанбаев туралы ғылымның сан алуан
саласында жазылған еңбектер өте көп. Абай тануға елеулі үлес қосқан
ғалымдарымыз Мекемтас Мырзахметов пен Құлшат Өмірәлиевтың келтірген
деректері бойынша 50-жылдардан бастап Абайдың әр саладағы шығармашылық
қызметі туралы зертеушілердің қаламының 20 монография 2000-ға жуық мақала
мен зерттеу жарық көрген екен. Абайдың әр саладағы көзқарасын жан-жақты,
терең зерттеу нәтижесінде біз оның күнге дейін беймәлім келе жатқан баға
жетпес құнды ойларын танып білу, қазақ қоғамының сол замандағы, тіпті
қазіргі кездегі қайшылықтарының себептерін аңғарамыз.
Абайдың әдеби мұрасын зерттеу тарихында ұлы ақынның дүниеге
көзқарасының бір саласы-оның саяси әлеуметтік көзқарасы кеңестік дәуірдің
20 жылдардан бастап-ақ қызу таласқа түскен еді, бірақ соңғы жылдарға дейін
бұл туралы көптеген мақалалар мен зерттеулер еңбектерінде жол жөнекей сөз
етілсе де, арнайы түрде ғылыми зерттеу нысанасына алынбай келді. Әрі Абай
шығармаларының әлеуметтік беті туралы дұрыс шешімін таппай, көп жылдар бойы
өзекті талас- тартыстардың қайнар көзіне айналып келді. Абай мұрасының
әлеуметтік беті, көбінесе, тұрпайы социологиялық таным шеңберінен шыға
алмай келуіндегі басты кедергі тап күресідеген марксистік танымды қоғамдық
пікірді ендіруінде жатыр. Яғни Абайдың әлеуметтік беті жасанды таным
тұрғысынан қарайды. Оны бұзу ол тұста мүмкін емес болатын-ды. Әсіресе,
бұған зерттеушілердің назары ақынның сатералық шығармаларын сөз еткенде
көбірек ауды. [7]
Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселелеріне
тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: Биік мансап-биік жартас... дей келіп,
оны билік, байлық, білі деңгейі т.б. айқындайтынын түсіндірді. Оның
пікірінше адам: Барында баймын деп мақтанады. Жоғында маған да баяғыда
мал бітіп еді деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі.
Адамның қоғамдық баспалдақпен биікке өрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіп,
оны индивиттің әлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланыстырады. Қзақ
қоғамында байдық малы жұтта қырылып, кедейленуі жиі орын алғаны рас және
еңбегімен кедейлердің орта шаруа, одан кейін байлардың қатарына
қосылғандары да жоқ емес еді. Сөйтіп, олардың қоғамдық баспалдақта орнын
ауыстыруы әлеуметтік заңды процесс болды. [8]
Данышпан Абай қазақ халқының әлеуметтік дамуын еңбекпен
байланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтікмәнін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz