ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ... ... ... . ...5
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...5
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет болып дамуы және қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері және оның негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. .19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..24

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде дамуы жоғары заң білімін беру жүйесінде оқытылатын пәндер мен оларды оқытуыдң әдіс тәсілдерін мемлекетіміздің алдында қойған талап тілектерінің аясында және соған сәйкес болуды талап етіп отыр. Бұл Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тікелей қатысты. Себебі, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы болашақ еліміздің ХХІ-ші ғасыр заңгерлерінің дайындауында және олардың бойында отанға деген сүйіспеншілік орнықтырушы басты пәндердің қатарына жатады.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихына арналған оқулықтардың алғашқылары кеңес заманында өмірге келген болатын. Сондықтан да бұл оқулықтарда кеңестік құқықтану ғылымында қалыптасқан әдіс-тәсілдердің үстемдік құрып, оны кеңестік жүйеде қалыптасқан идеология аясында қарастырудың басымдық танытуы заңдылық еді.
Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің стратегиялық даму бағытына сәйкес келетін бұл бағыттағы оқулықтың қажеттілігі туды. Әрине, еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әр түрлі мәселелерін тілге тиек еткен еңбектерде, оқулықтарда жарияланып жатты. Өздеріңізге ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихына арналған дәрістер курсы осы бағыттағы қадамдардың заңды жалғасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы бойынша оқулықтар жазу ісіне еліміздің көптеген ғалым заңгерлері ат салысқан болатын. Солардың ішінде академиктер С.З.Зимановты, С.С. Сартаевты, Ғ.С.Сапарғалиевті, з.ғ.к. А.Н.Таукеловті, т.ғ.к. Ғ.Маймақовты, ф.ғ.к. Е.М.Абайдильдиновті т.б. ерекше атап өтуге болады.
Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы бойынша дәрістер курсы Қазақстан аумағында қалыптасқан басты-басты мемлекеттік құрылымдар мен құқықтық жүйелер, Қазақ хандығының саяси-құқықтық құрылымы, Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның саяси-құқықтық дамуы, Кеңестік Қазақстанда мемлекет пен құқықтық жүйенің орнығып, дамуы және Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы туралы негізгі мәліметтерден хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын оқытудың негізгі мақсаты шәкірттерді еліміздің өткен тарихындағы мемлекеттік құқықтық ерекше оқиғалар және құбылыстар желісімен таныстыру және олардың бойында отан сүйгіштікке негізделген таным жүйесін орнықтыру болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін ұсынылып отырған дәрістер курсында мынадай міндеттер қойылған:
- Шәкірттерді Қазақстан аумағында қалыптасқан ірі-ірі мемлекеттер мен олардың құқықтық құрылымдарымен таныстыру;
- Қазақстан аумағындағы мемлекеттік құқықтық құрылымдардың дамуының ішкі заңдылықтарын ашуға баулу;
- Қазақстанның өткен тарихындағы отарлық, тоталитарлық жүйелердің тигізген кереғаолық әсерлерін таныту;
- Тәуелсіз елміздің болашақтағы мемлекеттік құқықтық дамуының бағыттарын айқындауға машықтандыру.
Әрине бұл міндеттерді шешу бір оқу құралының аясында мүмкін еместігін түсінеміз, сонда да болса шәкірттердің бойында Қазақстанның өткен жолындағы мемлекеттік құққытық құбылыстарды тануға деген қызығушылықты тудырады деп ойлаймыз.
Біз бұл оқу құралында Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының негізгі мәселелерін ғана қамти алдық, былайша айтқанда үлкен тоңның бетін сылуға ғана ұмтылдық. Қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихына арналған мемлекеттік тілдегі бір ғана еңбектің барлығын ескерсек, біздің оқу құралымызда болашақ шәкірт тәрбиелеу ісінде өзіндік орнын алады деп сенеміз.
1 ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:
1) Малшылық
2) Жер игеру
3) Өндірістік
4) Саудагерлер тобы
Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың - қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.
Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:
1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:
1) Ірі су каналдарын жасау;
2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру;
3) Құрғақшылықпен күресу.
Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.
Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;
- барлық жұмысшыларды бір орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді.
2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афины мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті таптар мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т.б. қалыптасты.
Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде - Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.
Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.
Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.
Тарихи теория - осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы - монарх.
Психологиялық теория - адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы,
іс-әрекеті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.
Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі "әдет" заңына бағынып келген.
Құқықтық норма ұғымы. Норма дегеніміз - бір қатынасты ретеп, басқаратын ереже.
Құқықтық норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.
Сонымен, құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозициця - қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:
Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.
Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.
Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.
Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.
Санкция - құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
2. Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет болып дамуы және қалыптасуы

Саяси ғылымда өзінін ұзақ және тағлымдық тарихы бар құқықтық мемлекеттің калыптасу теориясы мен тәжірибесі жеткіліксіз зерттелген. Кұкыктык мемлекет идеясы ежелгі дүниеде туындады. Ежелгі Грекия философтарынын, еңбектерінде азаматты саяси адам, қоғам мүшесі деп есептеу негізделген, сондықтан да оның сол қоғамның зандарын орындауға міндетті екені атап көрсетілген. Коғам ішінде адамның өз құқықтары мен міндеттері болады. Алайда, адамның қоғамға бағынуы оның тұлғасын басып жаншуға деиін жетпеуі керек. Мемлекет қол астындағыларды заңмен басқаруды басшылыққа алған азаматтық өмірдің міндетті нормаларын орнатады.
Ежелгі Грекия философы Платон былай деп жазған: Мен заңыңда күші жоқ. және біреудің билігінде болатын мемлекетті таяуда күйрейді деп ойлаймын. Мен заң -- билеушілерге үстемдік еткен жерде, олар (билеушілер) онын. құлы болған кезде, мемлекет және оған құдай сыйлаған қаншама игіліктер аман қалады деп есептеймін
Көрнекті философтардың еңбектерінде құқықтық мемлекет идеясының жан-жақты негізделгенін, оның құндылықты мәні халық егемендігін биліктің қайнар көзі ретінде бекітуінде, онын еркіндіктері мен құқықтарына кепілдік беруінде, мемлекеттің қоғамға бағынуында жатқанын айтуға тиіспіз. Құқықтык мемлекеттің тұтас тұжырымдамасы ХҮШ ғасырдың соңы -- XIX ғасырдың басында қалыптасты. Құқықтық мемлекет ұғымының өзі XIX ғасырдың бірінші жартысында неміс ғалымдары К.Велькерт пен Р.Фон Мольдің еңбектерінде жазылып, еуропалық әдебиеттерде толығымен орнықты.
Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғы шарттары -- жеке меншік, азаматтық қоғам және азаматтық сана сияқты әлеуметтік ерекше құбылыстар болып табылады. Олардың әлеуметтік маңыздылығы бұлардың әрқайсысының дербестігімен, жеке-жеке өмір сүру фактісімен ғана анықталмайды, керісінше, олардың өзара қимыл-әрекеті, әрбір элементтің бірін-бірі күшейтуімен және соған тәуелділігімен анықталады. Жеке меншік қай уақытта тиімді болады, егер де ол сенімді корғалған болса ғана тиімді. Азаматтық коғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербестігін, олардың автономиялы болуын көздесе, бұл -- мемлекеттік биліктің ішкі шектеушілігі болғанда және онда адам құқығы алға қойылғанда ғана мүмкін нәрсе. Азаматтық сана адам мен мемлекеттің бір-бірімен карым-қатынасындагы өзара міндеттердің болуынан көрінеді. Яғни тұлғаның мем-лекетті әлеуметгік тәртіп пен жеке бастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторы ретінде қарастыруы мемлекеттің азамат алдындағы жәие азаматтың мемлекет алдындағы өзара борыштарлық сезімімен толыққанда ғана көрініс табады.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы жеке және қоғамдық өмірдің бүкіл салаларын табандьг түрде демократияландырумен тығыз байланысты. Өрке-ниетті заңдылық принциптерін сактап, нығайту және бұзбау керек, құқықты құрметтеу кажет. Қоғамның дағдарыссыз қалыпты дамуын қамтамасыз ететін, демократиялық принциптердің бұрмалануына жол бермейтін тұрақты әрекет ететін саяси және құқықтық механизмдер қажет.
Құқықтық мемлекет -- адамзат қоғамының гуманизм, әділдік, құқық, тендік, демократияшылдық, сонымен қатар қайырымдылық, тұлғаны құрметтеу, аяушылық білдіру сияқты құндылықтары оның өлшем-бірліктері болып табылатын, құқық үстемдік ететін, құқық идеясы биік тұратын мемлекет. Әрине, дегенмен, қайырымдылық және аяушылық білдіру құқықтың шеңберінен шығып кетеді, ол таза адамгершілік категориялары. Алайда, қоғамның құқықтық өмірі өзінің осы қырынсыз өркениетті деп танылуы екі-талай.
Құқық демократиялық қоғамға нұқсан келтіретін және оның прогрессивті дамуына кедергі жасайтын қайсыбір бассыздық, құқық бұзушылық, басқа да келеңсіз құбылыстардың көріністеріне қарсы тұруға қабілетті. Ол тұлғаның еркін дамуына ықпал етеді, өйткені, әлеуметтік еркіндік шаралары көрінісінің ең жоғарғы формасы алға шығады. Сондықтан құқыктык мемлекет қоғамдық. өмірдің ізгіліктік бастауларын нығайтуға шақыратын, бірден бір жоғары әлеуметтік құндылық болуымен қатар, адамның бостандығын, ар-намысын, абыройын қамтамасыз ететін және қорғайтын маңызды практикалық құрал.
Өзінің құқықтары және еркіндіктері бар адам құқықтың басты және негізгі субъектісі болып табылады. Кейде ғалымдар құқықты алып жүруші азамат емес, мемлекет деген пікір айтып қалып жүр. Мұнымен келісу мүмкін емес. Қалай дегенмен де, мемлекет халықтың атынан сөйлеуші ғана. Өркениетті қоғамда мемлекет құқықтық саналып, тұлғаның құқығын және еркін қорғайды. Адамның құқығы мен еркіидігі мемлекеттің, үкіметтің берген тартуы (сыйы) емес, керісінше, әрбір адамның, кез келген тұлғаның еркін ажырамайтын сапасы (қасиеті). Халық -- мемлекет пен үкімет және заң үшін өмір сүрмейді, керісінше мемлекет пен үкімет және құқықтық заң халық үшін тірлік етеді. Азаматтың құқығы мен бостандығын жариялау, оларды заңда бекіту маңызды. Бірақ сол құқық пен бостандықты қамтамасыз ету одан да маңыздырақ. Адамның құқығы мен бостандығына кепілдікті қамтамасыз ету сол адамның құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқандығының айқын айғағы. Құқықтық мемлекет құқықтың басымдығын, құқықтық заңның бәрінен жоғарылығын, халықаралық құқықтың артықтығын, таптық, ұлттық, жергілікті шектелген құндылықтардан жалпы адамзаттық, құндылықтардың басымдығын ұйғарады. Егер халықаралық құқық осы құндылықтарды мойындап, бекіткен болса, онда мемлекет өз ішінде қабылданған құқық нормаларын тек бекітумен шектеліп қалмай сөзсіз оған кепілдік те беруі тиіс.
Құқықтық мемлекеттің қағидалары
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ұзаққа созылатын және күрделі үрдіс. Ол саяси құрылымды қайта құруды, экономиканың, әлеуметтік-мәдени, рухани өмірдің жаңа салада дамуын, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті мейлінше арттыруды, құқыққа, құқықтық заңдарға құрметпен қарауды көздейді. Мұндай мемлекетте құқық органдары жазалаушы мекеме ғана емес, адамның құқығы мен бостандығын, ар-намысын және абыройын қорғайтын әрекет етуші құрал болып табылады.
Соған байланысты құқықтық мемлекеттің теориялық және практикалық маңызды сәті және оның түпкі мақсаты -- көпшілік саяси билікпен және құ-қықтың субъектілері ретіндегі билікке бағыныштылардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың (құқық пен міндеттер) құқықтық формаларын және құқықтық сипаттарын бекіту, барлық жеке адамдардың теңдігі мен еркіндігін, азаматтардың құқығы мен бостандығын мойындату және оған кепілдік беру.
Жалпы өткен мен қазіргі теориялық және практикалық тәжірибе көпшілік аяси билікті ұйымдастыру мсн оның қызметінің қажетті құқықтық формасы ретінде және оның жеке адамдармен ерікті, тең құқықты, құқық субъектілері ретіндегі өзара қарым-қатынасында құқықтық мемлекеттің құндылығын және қайталанбас маңыздылығын дәлелдейді.
Сонымен қатар, әртүрлі елдердегі құқықтық мемлекеттің ұйымдастырылуы мен оның кызмет атқаруының нақтылы тәжірибесі бүгінгі құқықтық мемлекет формаларының үлкен өзгешеліктерін, оның әрбір түрінің айтарлықтай ерекшеліктері бар екендігін айғақтап отыр. Осыған орай құқықтық мемлекеттің пайда болуы -- адамзат өркениетінің жалпы демократиялық жеңісі болып табылатынын атап айтуымыз керек
Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары (белгілері) мұқият қарастыруды талап ететін маңызды мәселелер болып табылады. Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына:
-- құқықтық, заңның жоғарылығы;
-- қоғамдық өмірдің барлық саласында заңнын үстемдігі;
-- тұлға еркіндігінін бұлжымастығы;
-- оның құқығы мен мүдделерінің, ар-намыстың, абыройдың мызғымастығы;
-- оларды мемлекет тарапынан қорғау және кепілдік беру;
-- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі мен сенімі;
-- биліктің заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлінуі;
-- заңның жүзеге асуын қадағалайтын тиімді бақылау формалары саяды.
Құқықтық занның жоғарылығы қағидасы -- қоғамдық өмірдің барлық саласында заңның үстемдік етуі (ережесі) құқықтық мемлекетте пайда болатын бүкіл экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени мәселелерді әрекет етуші демогкратиялық Конституция негізінде шешуді білдіреді. Билік органдарының Конституцияға қайшы келетін нұсқаулары, қаулылары, ведомствалык актілері заңсыз болып саналады, олар жойылуы нсмесе тоқтатылуы керек және азаматтар мұндай шешімдерді орындауға тиісті емес. Заңды халықтың өзі немесе бүкіл халықтың өкілі болып саналатын депутаттар қабылдайды. Сондықтан бүкіл қоғамдық қызмет құқықтық мемлекет Конституциясы бекіткен зандарға сәйкес қатаң жүзеге асуы тиіс. Құкықтык мемлекет әрбір азаматка жан-жақты тұлғаның даму мүмкіндігіне кепілдік беретін өзінің басты міндетін табандылықпен атқаруы керек.
Тұлға еркіндігі, оның құқықтары мен мүдделері, ар-намысы, абыройы оларды мемлекет тарапынан қорғау және кепілдік беру қағидаларының мызғымастығы басқа тұлғаларға қатысты тұлғаның еркі мен құқығын қорғаумен қатар, қоғамға қатыстыны да қорғау болып табылады. Адамның бостандығы мен құқығы билік берген сый емес, бұл оған тумысынан тиесілі. Адам қоғамның мүшесі ретінде өз еркіндігі мен құқығы барлығын түсінсе, дәл солай ол өзінің бағыныштылығын да ұғынуы керек. Бұл отбасылық, корпоративтік, сословиялық бағынуды мемлекет қоғамда тәртіп пен тыныштықты сақтау мақсатында шектемесе, ол керекті шекарадан асып, тұлғаны басын-жаншуға дейін жетуі мүмкін.
Құкықтық мемлекетте билікті бөлу олардын өзара әрекет ету ұйымдық-құқықтық механизмін, әрқайсысы ез құзыры шеңберіне тоқтау және қарама-қарсылықты ұстап тұру мақсатын және сонымен қатар өзге биліктерден дербестігін әрі тәуелсіздігін қамтамасыз етуді өзіне косып алган. Билікті бөлу -- бұл құкық пен мемлекеттің дамығандығының көрсеткіші. Билікті бөлмейінше құқықтық мемлекет пен құқықтық зандардың болуы мүмкін емес.
Парламент және жергілікті билік органдары құқық нормаларына сәйкес заңдық актілер қабылдайды. Атқарушы билік қабылданған заңдарға арқа сүйей отырып, оғамды басқарады. Сот билігі қоғамда және мемлекеттік билік жүйесінде заң-дардын бұзылмауын қамтамасыз етеді.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері және оның негізгі кезеңдері

Қазақстан Респібликасының мемлекет және құқық тарихы құқықтық жүйесінде ерекше орны бар, еліміздің өткен күндеріндегі мемлекеттік - құқықтық дамуын және оның қалыптасуының ортақ заңдылықтарын ашып беруге қабілетті ғылым бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының алдына қойған мақсаттарына сәйкес өзіндік таным жүйесі бар. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы Қазақстан территориясындағы мемлекеттер мен құқықтық жүйелерді ерекше кезеңдерге бөліп, топтасытра қарастырады.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы -- тарихи және құқықтық ғылым. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы Қазақстан территориясындағы мемлекет пен құқықтық жүйенiң пайда болуын, дамуын әрбiр тарихи кезеңге сәйкес қоғамдағы мемлекет пен құқықтың орны мен ролiн тарих ғылымының жалпы заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, хронологиялық реттiлiкпен құқықтық жүйеге сай зерттейдi Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, тарих, саясаттану, әлеуметтану, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы тағы басқа салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Жалпы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының салалық заң ғылымдарынан ерекшелiгi -- ол мемлекеттiк құқықтық құбылыстарды бiртұтас және бiр-бiрiмен тығыз байланысты әрi бiр-бiрiне тәуелдi пән ретiнде қарастырады. Бұл пән сонымен бiрге Қазақстан халқының пайда болуының ежелгi дәуiрiнен бастап қазiргi кезеңiне дейiн, сондай-ақ мемлекеттiк және құқықтық феномендердi уақыттық жағынан қарап қана қоймай, кеңiстiк жағынан да зерттейдi. Оның уақытылығы -- мемлекеттiң пайда болуы мен бүгiнгi мемлекеттiк және құқықтық жүйесiнiң жай-күйi болса, кеңiстiгi Қазақстан Республикасының сол тарихи уақыттағы қазiргi мекендеген территориясы.
Жалпы айтқанда, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пән ретiнде елiмiздiң территориясын қоныстанған халықтар мәдениетiн, заңды тұрмыс-салтын және оның құқықтық құндылықтарын зерттейдi. Әдетте мемлекет тайпа қоныстанған территорияның бiрлестiгi мен тұтастығы негiзiнде пайда болады. Құқық -- солардың әдет-ғұрпынан құралады. Мiне, осынау жайлар мемлекеттiк құқықтық даму процесiн зерттеуге негiз және бастау болады. Содан кейiн мемлекеттiк және құқықтық құрылымдағы заңды феномендерге дейiнгi құндылықтар мен iс жүзiнде қолданылатын (қолданбалы) заңды археология және тарихи құқықтану пәндерi айналысады. Тарихтан белгiлi -- құқық өзiнiң жаратылысына қарай мемлекетке қарағанда әлдеқайда көне. Оның алғашқы қауымдық құрылыстың кезiнде-ақ өзiндiк институты болды. Ең қарапайым қоғам өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын кәдiмгi қалыпты тұрмыс-тiршiлiк арқылы қалыптастырып отырғандығы да соны айғақтайды. Кез келген адамдар бiрлестiгi ең алдымен олардың шаруашылық жағын реттеу арқылы жүргiзiлiп, өзiн қоршаған ортамен табиғаттың қатал жағдайларымен күрестерi арқылы қалыптасады.Сондықтан да құқықтың пайда болуы мемлекетке қарағанда ерте саналып, алғаш дамуының да сыры сонда. Тұтастай алғанда Қазан төңкерiсiне дейiнгi Қазақстанның саяси-құқықтық тарихы бүгiнгi күнге дейiн аз зерттелген пән болып қала бередi. Тарихи әдiлдiктi қалпына келтiру үшiн бiр кездегi патшалық Ресейдiң отарлау саясаты мен оның қазақ халқына деген көзқарасы, әрi оның хандық жүйеде дамыған мемлекеттiлiгiне жасаған қиянаты бүгiнгi қазақ халқының саяси тәуелсiздiгiне сәйкес зерттелiп-зерделенуi керек. Кеңес мемлекетiнiң тоталитарлық жүйедегi жүргiзген саяси идеологиясы қазақ тарихшыларына Қазақстан тарихын терең зерттеуге мүмкiндiк бермей, ғалымдарға тосқауылдар қойды. Қазақстан Республикасының саяси егемендiк алуы ғана қазақ халқының өткенi мен оның мемлекет және құқық тарихын шынайы да шыншыл пән ретiнде оқытуға жол ашты.
Құқық алдымен материалдық объектiлерден басталады. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыстың өзiнде-ақ адамдардың құқықтық тұрғыда жеке меншiк мүлiктерi болған. Аңшының өз меншiгi ретiнде қару-жарағы болса, ал әйелдiң үйге деген құқығы болған. Кез келген қоғамдағы экономика мен қоғамдық қарым-қатынастардың дамуы жеке адам құқығына байланысты өрбiп, одан әрi мемлекеттiк дәрежеге дейiн көтерiледi. Оның арасында отбасылық құқықтың да орны ерекше. Мiне, осының бәрi мемлекет және құқық тарихы пәнiнiң негiзгi зерттеу объектiлерi болып табылады.
Кеңестiк кезеңдегi үзiп-жарып, не бұрмаланып оқытылған Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнi бүгiнде бiр жүйеге түсiрiлiп, елiмiздiң шынайы түрде тұтас қамтылған тарихы ретiнде оқытылуы тиiс. Аталған ғылым саласының алдында тұрған тағы бiр басты мәселесi, әрi негiзгi мiндетi бiздiң елiмiздiң мемлекет және құқық тарихын бұрмалаушыларды әшкерелеу. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы заңды бiлiм жүйесiнде өзiндiк орны бар пән. Бүгiнгi пайда болып жатқан мемлекеттiк-құқықтық құбылыстарды түсiну үшiн алдымен мемлекет және құқық тарихының қалай, қайда, неден құралғанын, қандай негiзде жасалғанын бiлген жөн. Сонымен, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнi болып саналатындар:
- мемлекеттiк-құқықтық жүйенiң пайда болу және даму процесi, әртүрлi тарихи кезеңдегi қоғам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар жайлы
Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні
Саяси процесс
Халықаралық құқық қалыптасу тарихы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәні, әдісі
Нормативтік актілердің күші
ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАНУ ТАРИХЫ
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы
Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі
Пәндер