Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ақтөбе кооперативтік колледжі

0201000 Құқықтану мамандығы

Курстық жұмыс

Пәні: Мемлекет және құқық теориясының негіздері
Тақырыбы: Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет

Орындаған:
ПЮ-21 топ оқушысы
Тексерді:

Ақтөбе, 2017 ж.
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Саяси жүйе және мемлекеттің арақатынасы
1.1 Мемлекет саяси жүйенің элементі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-8
1.2 Қоғамның саяси жүйесі негізгі түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-12
ІІ. Қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен рөлі
2.1 Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-16
2.2 Саяси жүйені жаңғырту және құқықтық мемлекеттің негіздерін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

КІРІСПЕ

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі. Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы. Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету. Жоғарыда көрсетілген саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр түрлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы-жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады. 1) Формациялық саяси жүйелері - құл иелену, феодалдық, буржуазиялық, социалистік формацияларының саяси жүйелері. 2) Авторитарлық саяси жүйелер - тоталитарлық, партократтық, деспотиялық, фашистік т.б. саяси жүйелер. 3) Демократиялық саяси жүйелер - либерал-демократиялық, социал-демократиялық т.б. 4) Прогрестік, реформаторлық, консервативтік, реакцияшыл т.б. саяси жүйелер. Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Мемлекет - қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде деп аталады. Бұл тақырыптың мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады: - Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі және оның мазмұны - Саяси жүйе түрлері және даму заңдылықтары - Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі - Қазақстан Республикасындағы саяси күштердің кемелдену үрдісі - Қазақстандағы саяси жүйені реформалау Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді. Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты. Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз. Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жөніндегі ұлығаусар міндеттерді еңсере алады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке - жеке қарастырып өтелік. Саяси жүйенің пайда болуы Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды.
Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды. Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін тұтынып қана қоймай, енді сонымен қатар өздерінің қолдарынан келетін істермен айналыса бастады. Олар қолға түскен аңдарды өздері асырай бастады. Осыдан барып мал шаруашылығы өріс алды. Енді өздеріне қажетінше мал өсірді. Дәннің жерге түсіп, қайта өнім беретінін байқаған адамдар, қажетті өнімді өздері өсіретін болды. Нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды. Құнарлы жерде жұмыс істейтіндердің өнімі өздеріне де, өзгелерге де жетті. Құнарсыз жерлердегі адамдар құнарлы жерлер иелеріне жалдануға мәжбүр болды. Қолға түскен адамдарды құлға айналдырды Артық өнім өмірге теңсіздік әкелді. Осылай құл иеленушілік құрылыс келді. Бұл қоғам құл иеленушілер мен құлдар, басқарушылар мен бағынушыларды тудырды. Үстем тапқа қоғамды бағындыру, таптар, жеке адамдар, тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу үшін құрал, қоғамның мәселелерін шешетін әлеуметтік топ қажет болды. Бұл топ төменгі топқа бақылау жүргізді.
Аталған жұмыстың басты мақсаты ретінде - қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны мен рөлін анықтап, тоқталу болып табылады.
Сол мақсаттың шешімін табу үшін келесіде міндеттерді алдымызға қойдық:
Саяси жүйе және мемлекеттің арақатынасын анықтау;
Мемлекет саяси жүйенің элементі ретінде қарастыру және қоғамның саяси жүйесі негізгі түсінігіне тоқталу;
Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлін анықтау;
Саяси жүйені жаңғырту және құқықтық мемлекеттің негіздерін қалыптастыру жолдарын қарастыру.

І. Саяси жүйе және мемлекеттің арақатынасы
1.1 Мемлекет саяси жүйенің элементі ретінде

Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі- мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым - қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.
Мемлекет белгілі бір территория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізіп отыру құқығына ие, барлық жұртқа міндетті заңдар мен ережелер шығарудың ерекше құқығына, салық салып отыру құқығына ие болатын құрылым.
Мемлекет саяси жүйеге белгілі бір жекелеген органдары арқылы емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық бөлік ретінде кіреді. Ол өз функцияларын басқа әлеуметтік институттармен, партиялармен, кәсіптік одақтармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші ролді иелеген, себебі:
а) оның аумақтық шекараларында азаматтық белгілі бойынша біріккен халықтың жалғыз ресми өкілі рөлін атқарады;
ә) егемендіктің жалғыз иесі болып табылады;
б) қоғамды басқаруға бағытталған әлеуметтік аппараты болады;
в) қарулы құрылымдары болады;
г) құқықшығармашылыққа қатысты монополияға ие;
д) материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығына (мемлекеттік меншік, бюджет , валюта және т.б.) ие.
Мемлекет - қоғамдық және саяси жүйенің құрамындағы басқарушы, реттеуші, ұйымдастырушы ең маңызды бірлестік. Оның себептері:
1) Мемлекет қоғамдағы қайшылықтарды өршітпей, дамытпай дұрыс келісімге келтірудің арбитры, әділ қазысы. Ф.Энгельс бұл жөнінде өте қасқаша былай деген: Егерде мемлекет пен құқық өмірге келмегенде, адам қоғамы көне дәуірде ақыр замаңға тап болатын еді. Қандай тамаша айтылған пікір...!
2) Мемлекет қоғамдағы сан қырлы қайшылықтарды, ретсіз жағдайларды халықпен, бірлестіктермен, ұйымдармен, одақтармен, саяси ағымдармен, партиялармен, еңбек ұжымдарымен, бірлесіп, оларды бір келісімге келтіріп, сол келісімді бәрі бірігіп іске асырушы күш.
3) Мемлекет басында қоғамды басқарушы, қаңаушы үстемдік таптың құралы ретінде өмірге келді. Кейін қоғам дамыған сайын, мемлекет демократияны жақтап, қоғамдық мүдде- мақсатты басым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай, сым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай.
4) Мемлекет адамдардың, саяси - әлеуметтің күштердің үздіксіз күрестерінің нәтижесінде қоғамдағы үзіліссіз қайшылықтарды келісімге келтірудің әділ қазысы болып отыр.
5) Мемлекеттің қоғамдағы барлық мәселені шешудегі егемендігі, қоғамның дұрыс дамуы, адамдардың бостандығы мен құқықтары, әділеттік пен теңдіктің шын мәнінде қалыптасуы мемлекеттің құзыретіндегі мәселе. Өйткені қоғамдағы билік мемлекеттің қолында.
6) Қоғамның саяси - экономикалық, мәдени- әлеуметтік жағдай үзіліссіз диалектикалық даму прроцесінде болғандықтан, бұл процесті дұрыс, пайдалы басқару тек мемлекеттің қолынан келеді. Өйткені мемлекеттің құзырында барлық материалдық, саяси, әлеуметтік, әскери күштер бар. Мемлекеттік билікті іске асыратын құқықтық механизм бар [1].
Мемлекет қоғамдағы барлық ұйымдарды, ұжымдарды біріктіріп, қоғамның саясатын, мүдде - мақсатын дұрыс, жақсы орындауын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің жан-жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды.
Егемендік алғалы Қазақстан халқының әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық саяси өміріне оң өзгерістер енгендігі ешбір дау туғызбайды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі қазіргі қоғамдық - саяси жағдайларды сипаттай отырып былай деген: Демократиялық дамудың жалпыға бірдей танылған заңдылықтары мен біздің қоғамымыздың дәстүрлерін үйлестіре отырып, біз одан әрі де саяси жүйеде мемлекеттік құрылыстың Қазақстандық моделін жетілдіру жолымен жүре беретін боламыз. Бұл - біз мақтануға құқылы және бәріміз ұқыптылықпен сақтауға міндетті Қазақстандық ноу-хау Мұның өзі тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі саяси тұрақтылықты сақтау және елімізде бір кісінің баласындай өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың өзара ынтымағын жарастыруға тікелей мүмкіндік туындатуда [2].
Қоғам- экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе сөздің кең мағынасында - белгілі бір қоғамдағы билік қатынастарының іс жүзінде анықталынып, қабылданып, орындалуының тұрақты формасы. Ол - елдегі бүкіл саяси өмір, саяси қатынастардың және саяси институттардың жиынтығы.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты. Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойынына алады. Әрине, бұл тоталитарлық мемлекеттің түсінігі емес, демократиялық мемлекеттің сипаттамасы, мазмұны.
Кез келген қоғамның саяси жүйесі жеткілікті күрделі, көпжақты және көпдеңгейлі жасалым болып келеді. Мемлекеттің орталық билік органдары және басқару аппараты аймақтық және жергілікті институттық жоғары орындармен бірге саяси өмірге қатысушы көпшілік қоғамдық топтар мен азаматтар қатары қалыптасқан институттық емес, төменгі деңгейлерде де өмір сүреді.
Жалпы айтқанда біздің қоғамда, ендігі жеке адамның билікке, қоғамның мемлекетке кеңістік, тоталитарлық бағыну нұсқасы жұмыс істемейді. Алайда, қазіргі жетілген елдерге тән мүдделер нұсқасы да бізде әлі қалыптаса қойған жоқ. Біздің елде көбіне, Э.Дюркгейм суреттеген ұжымдық қоғам түрінің белгілері сақталған. Онымен қоса, оның әсіресе көне элементтері (тоталитарлық, әлеуметтік, топтық) белгілі бір дәрежеде тіпті жаңарып отыр. Мұның бәрі, әрине біздің қоғамда биліктің сипатына және құрылымына, түгелімен саяси жүйе қалыптасуының ерекшеліктеріне елеулі әсер етеді.
Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қалыптасқан жаңа саяси жүйесі эволюциялық процестер, экономикалық реформалар мен дағдарыстар, қоғамдық-саяси санадағы күрт өзгерістер, жылдар бойы қалыптасқан идеалдар мен саяси құндылықтардың, бағдарлар мен сенімдердің күрт өзгеруі жағдайында өтті. Оның даму болашағы кең демократиялық өрісте болады деп есептейміз.

1.2 Қоғамның саяси жүйесі негізгі түсінігі

Қоғамның саяси жүйесі - бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған және өызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады: 1) Еңбек нәтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады, өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басп- жаншылып отырады; мемлекеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек бір саяси партия болады. 2) Әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің нарықтық - ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжерибесі мен идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау компаниларына қатысу арқылы жаулар алуға тырысады, құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады. 3) Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі- аралас түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тән болып келеді. Саяси жүйе қоғамның объективтік даму процесінде қалыптасып, өміреге келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани. Мәдени базиска сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді [3].
Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуерді әр қилы оқиғалардың болуы жа заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып, заңдылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардың күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, көрінісін шапшаңдатады немесе баяулата алады. Міне, осы қоғамдық заңдылыққа сүйене отырып, саясат қоғаммен бірге өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып келеді. Саясаттың қоғамда атқаратын жұмысы үшан- теңіз. Қоғамдағы барлық мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат пен мемлекет. Қоғамда бір мүдде-мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билік қалыптасады. Онсыз қоғамның мүдде-мақсатының дұрыс жақсы орындалуы мүмкін емес. Қоғамдық билікті реттеп, басқаратын қоғамның саяси жүйесі.
Қоғамдық биліктің түрлері: саяси билік, мемлекеттік билік, ұжымдық билік, ұйымдық билік т.б. ірі-ұсақ биліктер. Саяси жүйе мемлекетепн бірігіп қоғамның бағдарламасын, мүдде-мақсатын анқтап, оның бағыттарын, орындау механизмін белгілеп, міндетті нұсқау, бұйрықтар, іске асуын бақылап отырады. Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, ұжымдар кіреді, мемлекет саяси жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат. Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың басым көпшілігі мемлекеттің құзырында. Қоғамдық саясаттың тарихи түрлері: алғашқы қоғамның саясаты- қоғамдық меншік, қоғамдық еңбек, қоғамдық, теңдік; кұл иелену қоғамының саясаты - феодалдың жерге меншігі және қоғамдағы үстемдігі; капитализм қоғамының саясаты - капиталдың буржуазиялық үстемдігі; социализм қоғамының саясаты (теориялық түрде, іс жүзінде толық болған жоқ) - жалпы қоғамдық бостандық, теңдік, әділеттілік т.б. Әлеуметтік мазмұнына қарай саяси жүйе бірнеше түрге бөлінеді: демократиялық, либерал- демократиялық , шовинистік, ұлтшылдық, расистік, тоталитарлық, фашистік т.б [4].
Қоғамдық ықпалына қарай саясат жариялы және құпиялы болып екіге бөлінеді. Идеологиялық бағытына сәйкес саясат үш топқа бөлінеді: оңшылдар, центристер, солшылдар. Бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, т.б. ұйымдардың атқаратын саяси жұмыстары өздерінің ережелері-уставтарының мазмұнына сәйкес келеді, өздерінің қоғамның құзырының шеңберінде жүргізіледі. Бәрінің жұмысын біріктіріп айтсақ - олардың қоғамдық мүдде-мақсатты орындауда, саясатты іске асыруда үлестері өте зор. Мысалы: толып жатқан ұжымдар: зауыт, фабрикалар, акционерлік шаруашылық, өндірістік ұйымдар қоғамның материалдық, техникалық, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік негізін дамытып нығайтады. 2 Демократиялық саяси жүйені қарастырған кезде оның негізгі нысаны азаматтық қоғам туралы сөз қозғаған жөн. Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептеру қандай - бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылардың айтуынша- қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде- мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К.Маркс қысқаша: Қоғам- адамдардың өзара еңбек жасауының одағы,- дейді. Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығабға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік ерісіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер еді. Адам қоғамның бірінші- клеткасы.
Қоғам адамдардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлістік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқық пайда болды. Адамдар өз тарихын өздері жасайды,- деп Маркс,- бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барлы, бұрыңғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады. Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері: - саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы; - қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың қалыптасуы; - адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы; - қоғамдық мүдде- мақсат, тілек арқылы қарым- қатынастарды- басқару; - қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің өмірге келуі. Қоғам - саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін сапалы түрде өзара бірігуі. Мұнда мәндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі. Адамның объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым- қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғаи. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез тарап жатады.
Олардың өмірі, іс- әрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды. Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге- аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді. Азаматтық қоғам мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам.
Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз- дербестікке дамыту. Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы - онда Азаматтық қоғам бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-баптың 1- тармағы); адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің (ІІ бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27- бап); идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5- бап) және тағы юасқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық- азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады. Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді. Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде- мақсаты [5].

2. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
2.1 Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі

Мемлекет саяси жүйеге белгілі бір жекелеген органдары арқылы емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық бөоік ретінде кіреді. Ол өз функцияларын басқа әлеуметтік институттармен, партиялармен, кәсіптік одактармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші рөлді иеленген, себебі.
а) оның аумақтық шекараларында азаматтық белгілі бойынша біріккен халықтың жалғыз ресми өкілі рөлін атқарады;
ә) егемендіктің жалғыз иесі болып табылады;
б) қоғамды басқаруға бағытталған әлеуметтік аппараты болады;
в) қарулы құрылымдары болады;
г) құқықшығармашылыққа қатысты монополяиға ие;
д) материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығында (мемлекеттік меншік, бюджет , валюта және т.б.) ие.
Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері:
мемлекет саяси жұмысын қоғам көлемінде нормалар арқылы жүргізіледі;
мемлекет барлық қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып отырады;
мемлекет ішкі- сыртқы істерді атқаруға, егеменді тәуелсіз аппарат.
Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне кіретін барлық ұйымдарды, бірлестіктерді, одақтарды, ұжымдарды біріктіріп, көмек жасап отырады. Мемлекеттің бұл бағыттағы жұмыстарының түрлері:
Мемлекет Конституция арқылы барлық азаматарға өздерінің бірлестіктерін, ұйымдарын құруға толық мүмкіншілік береді; қоғамдағы демократияны дамытуға міндетті.
Мемлекет қоғамдық ұйымдардың құқықтық құзыретінің көлемін, шеңберін анықтайды .
Мемлекет қоғамдық ұйымдардың дербес жұмыс жасауына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі және құрылымы
Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясы
Жеке құқықтық әдістер
Саяси жүйелердің түрлері
Қоғамның саяси жүйесінің даму
Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекет пен қоғамның өзара әсерлесуі
Саясат тарихы туралы ақпарат
Саяси қатынастар
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Пәндер