ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Титулка үшін

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ . . . 5Жергілікті мемлекеттік басқарудың түсінігі . . . 5Жергілікті басқаруды мемлекеттік реттеу . . . 8

2. ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 11

2. 1 Жергілікті мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері . . . 11

2. 2 Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдіру бағыттары . . . 16

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30


КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.

Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі атқарушы органдарының қызметі ерекшеліктеріне, табиғаты мен қайшылықтарына, олардың атқарушы қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау - толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп отыр.

Курстық жұмыстың өзектілігі.

Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалардың басым бағыттарының бірі мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырылу және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылуы мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуымен барлық экономикалық жүйенің қызмет етуі, елдің экономикалық жағдайы байланысты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы «Қазақстан-2030» жолдауында: «Министерства ішіндегі орталықсыздандыру, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторларға орталықсыздандыру» қажеттігі жайында атап өткен.

Республика кең аумаққа ие, осыған байланысты ел аймақтары әртүрлі экономикалық потенциалға ие, бұл олардағы табиғи байлықтардың орналасуымен, климат жағдайымен, тағы басқа да жағдайларға байланысты. Сонымен қатар, аймақтардың демографиялық, этикалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Жоғарыда аталған мемлекеттік факторларды ескере отырып, орталықтандырылған стандарттар арқылы әсер ету механизмімен басқарыла отырып, барлық аймақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы өкілеттілікті бөліп көрсету қажеттілігі осыған байланысты.

Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесіне деген жаңа талаптар мемлекеттің басқару жағдайын зерттеу және сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің ғылыми негізделген моделін жасау қажеттілігімен байланысты.

Осыған орай Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқарудың конституциялық құқықтық мәртебесін қарастыру өзектілікті айқындайды.

Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы атқарушы үкіметінің жергілікті басқару органдарының мәні мен қызметін, ерекшеліктері мен табиғатын саяси ғылымдардың бүгінгі жетістіктері тұрғысынан терең, жан-жақты, кең ауқымды түрде талдау, сондай-ақ орындаушы үкіметінің жергілікті басқару органдары туралы жан-жақты түсінік алу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Мемлекеттік басқару органдары туралы, олардың құрылымы мен құзыретімен танысу;
  • Жергілікті мемлекеттік басқару, атқарушы биліктің орталық органдары туралы танып-білу;
  • әкімдер және әкімшіліктерді құру, олардың құзыретімен танысу.

Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі. Курстық жұмыс орындау барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінен, интернет желісінен пайдаландық. Мемлекеттік басқару жүйесінің дамуы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бірқатар ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан. Атап өтсек, А. С. Автономов, Г. Алимурзаев, Е. Г. Анимица, И. А. Василенко, Т. Г. Морозова, А. Н. Швецов, т. б.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері Қазақстандық ғалым-экономистердің де зерттеу обьектілеріне айналған. Олардың қатарына Я. А. Аубакиров, Ш. С. Ахметова, У. Б. Баймураторв, М. Б. Кенжегузин, К. Е. Кубаев, Н. К. Мамыров, К. С. Мухтарова, К. К. Шарипбаев және тағы басқаларын атап өтуге болады.

Курстық жұмыстың объектісі : Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстандағы атқарушы үкіметінің жергілікті басқару органдарының еліміздің саяси, демократиялық жүйесінде қызмет жасауы мен қалыптасуының ерекшелікетрін, нығаюы мен даму эволюциясын саяси талдау саналады.

Курстық жұмыстың пәні: Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамалары аясындағы мемлекет билік жүйесіндегі басқару органдарының атқарушылық деңгейін талдау.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы қарастырылады, екінші тарауда Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдарының қызметі қарастырылады.

1 ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ

  1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың түсінігі

Біздің қоғамымыздағы экономикалық реформалардың қазіргі құраушы бөлігі болып жергілікті өзін-өзі басқару сферасы табылады.

Экономикалық тұрғыдан қарастырғанда, жергілікті өзін-өзі басқару сферасындағы қайта құрулар ең алдымен, демократия принциптеріне сәйкес келетін, әлемде территориалды қоғамдастықтарды дамытудың бірден-бір жолы ретінде мойындалған, адамдардың жақсы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін тиімді аймақтық экономика құру қажеттілігіне бағытталған.

Жергілікті басқару - жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік істердің маңызды бөліктерін регламенттеу мүмкіндігі және олардың заң шегінде өз жауапкершілігі мен халық мүддесі үшін басқару.

Өзін-өзі басқару - бұл қандай да бірқоғамдық ұйымның автономдық қызмет етуі, бұл берілген ұйымның мүшелері қабылдаған нормлары мен шешімдерімен қамтамасыз етіледі.

Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекетте 3 негізгі мақсатты орындау үшін қызмет етеді: мемлекеттік басқаруда орталықсыздандыруды қамтамасыз ету; жергілікті мәнге ие мәселелерді шешудегі демократиялық бағдарларын дамыту және жергілікті істерді жүргізуде тиімділігін жоғарылату. Осыған сәйкес жергілікті басқаруды елдің конституциялық құрылымының негізі, халықтың жергілікті мәнге ие сұрақтарды шешуге қатысу хұқы және халық билігінің формасы деп анықтауға болады.

Жоғарыда айтқандарды ескере отырып, жергілікті өзін-өзі басқару - бұл азаматтардың жергілікті мәнге ие мәселелерді шешу үшін өздігінен территориалдық ұйымдасуы және бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі мен тәуелсіздігі, қоғамның пікірінің жариялылық пен есептілігі, заңдылығы, жергілікті және мемлекеттік мүдделер сәйкестігі негізінде жүзеге асырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару - жергілікті істерді сол ортада тұратын адамдардың өздерінің шешу құқығы. Бұл конституциялық құрылымның негізгі бөлігінің бірі болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару теориясына келетін болсақ, бұл мәселеге ең алғаш назар аударғандардың бірі француздық мемлекеттік қызметкер, тарихшы және литератор А. Токвиль болды. Өзінің «Америкадағы Демократия» деген еңбегінде ол: «Қоғамдық институттардың тәуелсіздікті қалыптастыру үшін ойнайтын ролі ғылым үшін мектептің болуы сияқты роль ойнайды. Олар халықтың тәуелсіздікке деген жолын ашады және осы дербестікті пайдалануға үйретеді. Қоғамдық институттарсыз ұлт еркін үкімет құруы мүмкін, бірақ та нақты еркіндіктің рухын сезіне алмайды» деп жазған болатын. [8]

Жергілікті өзін-өзі басқару теорияларын қалыптастыруға герман заң мектебі үлкен үлес қосты. Алғашында неміс ғалымдары жергілікті, қоғамдық жергілікті өзін-өзі басқару мәні мен табиғатын негіздей отырып, еркін қауымдастық теориясын (қауымдастықтың табиғи құқықтары теориясы) алға шығарылды, оның негізін француз және бельгиялық құқықтан алған болатын.

Бұл теория көрсеткендей, қауымдастықтың өз істерімен шұғылдану құқығы адамның еркіндік хұқы сияқты табиғи сипатқа ие, немесе, қауымдастық мемлекеттен бұрын пайда болды және мемлекет қауымдық басқару еркіндігін сыйлауы керек.

Еркін қауымдастық теориясы жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуының келесідей негізін құраушы бастауларын алға шығарады:

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қоғам мүшелерінің сайлауы

- қауымдастықпен жүргізілетін істердің өзіндік жұмыстар және мемлекетпен берілген істерге бөлінуі

- жергілікті өзін-өзі басқару - қауымдастықтың өз табиғаты бойынша мемлекеттік істерден ерекшеленетін өз істерін басқару

- жергілікті өзін-өзі басқару органдары - мемлекеттік емес, қауым органдары

- мемлекеттік органдар қауымдастықтың жеке концепциясына араласуға құқы жоқ. Олар тек қауымдастықтың өз компетенциясына шегінен шығып кетпеуін қадағалауы керек.

Бұдан соң, еркін қоғамдық теориясының орнына өзін-өзі басқарудың қоғамдық теориясы келді. Ол да алдыңғы теориялар сияқты мемлекет пен қоғамдастықты қарама-қарсы қоюдан пайда болды және жергілікті қоғамдастықтардың өз мүдделерін жүзеге асыруда еркіндікті мойындау қағидасынан шығады. Өзін-өзі басқару, бұл теорияға сәйкес, жергілікті шаруашылық істерін жүргізу.

Постсоветтік кеңістіктегі жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың советтік басқару кезіндегі ұйымдастырылуын реттеуді қарастырсақ.

Жергілікті өзін-өзі басқаруда орталықсыздандырылған биліктердің болуын негіздейтін жергілікті өзін-өзі басқару идеясы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тәуелсіздігі мен дербестігін қарастыруды мемлекеттің пролетариат диктатурасының тәжірибелік міндеттеріне сай келмеуі, себебі ол табиғаты бойынша орталықтандырылған мемлекет болып табылады.

Жергілікті жерлерде билікті ұйымдастыру негізіне мемлекеттік билік органдарының Кеңестік жүйедегі бүтіндік принципі қойылды. Жергілікті кеңестер және олардың атқарушы комитеті мемлекеттік биліктің және басқарудың жергілікті органдары ретінде қызмет атқарды және біртұтас орталықтандырылған мемлекеттік аппараттың құрылымдық бірлігі болып табылады.

СССР-ң 1936 ж. Конституциясын қабылдаған соң, өкілетті звеноның одақтың республикалық жүйелері жалпы, тең және тікелей құпия сайлау арқылы тағайындалды. Мемлекеттік жергілікті органдардың бәрі де Кеңес деп өзгертілді.

Кеңестік мемлекеттік құқық теориясы жергілікті Кеңестердің құқықтарын өз қызметінде шешім қабылдау, олардың орындалуын және өмірде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа типтегі өкілетті органдар ретінде қарастырды. Жергілікті кеңестер ең көп санды мемлекеттік билік органдары болып табылды. Олардың саны 50 000-нан асты.

Жергілікті кеңестер жеке өздерінің атқарушы аппараттарына ие болды, ол Кеңес депутаттарынан құрылды және солардың басшылығымен жұмыс істеді. Бірақ Кеңестер «жұмыс істеуші корпарациялар» сапасына ие болмады, себебі нақты билік партия органдарының қолында болған еді.

А. Черботаев өзінің «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі қалыптастыру проблемалары» деген еңбегінде тәуелсіз Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуына саяси талдау жасайды: «Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институттарының дамуы СССР өмір сүрген кезден бастау алған. 1991 жылы 15 ақпанда «ҚР халық депутаттарының жергілікті Кеңестерді және жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң қабылданған. Осы заңға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару ауыл, село, поселок, қала және аудандық деңгейде халық билігі түрінде жүзеге асырылды. Айта кететіні, ол кез үшін бұл жайт жергілікті өзін-өзі басқарудың демократиялық және жеткілікті дамытылған жүйесі болды. Бірақ оның бірқатар кемшіліктері болды. » Мұнда қоғамдық-территориалды өзін-өзі басқару институты белгілі дәрежедегі дамуға ие болған жоқ. Бұл негізінен қызмет ету үшін қаржылық-эконмикалық негізінің жоқтығымен байланысты болды, себебі қоғамдық меншікті басқару әкімшілік басшыларымен жүзеге асырылды.

Жергілікті қоғамдастықтардың өкілетті органдары - мәслихаттар - өзіндік материалды-қаржылық қаражаттарға ие болмады және әкімдердің олардың алдында нақты есептілігін қамтамасыз етуге қабілетсіз болды.

1996 жылы жеке үйлер мен үй топтарының деңгейінде пәтер иелерінің кооперативтері құрылды және жұмыс істей бастады. Олар тек қалаларда ғана дамыды және кейбір жағдайларда олардың қызметін тиімді деуге болады.

Қазіргі кезде республикадағы өзін-өзі басқаруды құру қажеттілігі мемлекеттің заңдық қызметінде көрініс тапқан. Заңның қабылдануы ең алдымен аймақтық экономиканың қалыптасуына бағытталған. 1998 жылы 8 қазанда ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгерістердің енгізілуі жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуын қамтамасыз етудегі келесі этап болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасында келесідей анықтамалар беріледі.

Жергілікті өзін-өзі басқару - халықтың өздігінен ұйымдасу жүйесі (ауылдық және қалалық қоғамдастықтар), ол коммуналды меншік, өзіндік қаржы ресурстары және жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау органдары негізінде жергілікті мәні бар сұрақтарды өздері және өз жауапкершіліктерімен шешетін халық топтары тұрып жатқан территорияларды қамтиды.

Жергілікті мәні бар сұрақтар - халықтың осы заңмен көрсетілгендей, ауылдық және қалалық жергілікті қоғамдастықтардағы өмір сүруін қамтамасыз ету жайындағы сұрақтар.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары - осы заңмен, мемлекеттік органдармен жергілікті мәні бар сұрақтарды шешуге өкілеттілік беретін жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау өкілдіктері немесе атқарушы органдар.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органдары - қалалық және ауылдық қоғамдастықтардың территорияларында әсер ететін, заңдық күші бар, тікелей таңдау жолымен сайланған және халықтың мүддесін қорғайтын және оның атынан шешім қабылдайтын жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау органы.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органы - жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау органдары делегирлеу шегінде және шарттар мен жергілікті қоғамдастық территориясында басқару қызметтерін жүзеге асыратын жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе лауазымдық тұлға.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімі - халық топтары өмір сүріп жатқан территорияда әсер ететін жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілі және орындаушы органның және халық билігінің басқа да формаларының актілері.

Жергілікті басқарудың лауазымдық тұлғасы - жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырушылық қызметтерін орындаушы, таңдап алынған немесе еңбек контракті бойынша жұмыс істеуші тұлға.

Қазақстан Республикасы азаматтары ауылдық және қалалық қоғамдасытқтарда келесі жолдармен жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру құқықтары бар:

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау арқылы

- халыққа сұрау жүргізу арқылы бастаманы жүзеге асыру

- халықтың құқықтық бастамащылықты жүзеге асыру арқылы

- осы территорияларда тұрып жатқан сайлаушыларды жазалау шараларын құрастыру және орындауға қатысу арқылы. [5]

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті өзін-өзі басқару обьектілерін пайдалану, иелену, билік еті құқына ие болады. ҚР Заңдары жергілікті өзін-өзі басқаруға кепілдендірілген құқықтырына, дербестіктеріне шектеу қоя алмайды. Осыған байланысты халықаралық келісімдер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған, оның заңдары алдында артықшылықтарға ие және сөзсіз қолданылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын атап өтер болсақ, ауылдық өзін-өзі басқару органдарына келсілер жатады: өкілетті орган - өзін-өзі басқарудың ауылдық кеңесі; атқарушы орган - ауылдық өзін-өзі басқаруды жүргізушія, территориалды өзін-өзі басқару органдары - жергілікті өзін-өзі басқарудың көщелік, кварталдық, үйлік комитеттері; жергілікті өзін-өзі басқару сұрақтарын шешуге өзін-өзі басқару мүшелерінің жиындары, жергілікті халыққа сұрау жүргізу арқылы және басқа да түрлері арқылы қатысуы.

Ал қалалық өзін-өзі басқару органдарына келсілер жатады: өкілетті орган - қалалық өзін-өзі басқару кеңесі; өкілетті орган - аудандық өзін-өзі басқару кеңесі; қалалық өзін-өзі басқарудың атқарушы органы - қала мэрі; аудандық өзін-өзі басқарудың атқарушы органы - аудан мэрі; территориалды өзін-өзі басқару органы - көще, кварталдық, үйлік жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау және олардың лауазымдық тұлғаларын сайлау жалпы қоғамдық тең жағдайда және тікелей сайлау құқы негізінде жергілікті халық қоғамдастығының құпия дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады. Оның мүшелерін сайлау тәртібі ҚР «Сайлау туралы» заңымен, жергілікті өзін-өзі басқару қаулысымен анықталады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттіліктірінің жойылуының негіздеріне келер болсақ, олардың өкілеттіліктері келесі жағдайда тоқтатылады, яғни халықтың сұрауы бойынша, егер сайлауға онда тұрып жатқан қоғамдастықтың территориясындағы халықтың жартысынан азы қатысса; соттың жергілікті өкілетті органының іс-әрекетінің ҚР Заңдары мен Қаулыларына сәйкес еместігі жөніндегі шешіміне байланысты әкімшіліктің немесе мәслихаттың шешімдері арқылы тоқтатылуы мүмкін.

1. 2 Жергілікті басқаруды мемлекеттік реттеу

Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық-экономикалық қаматмасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар билігі келесідей шараларды орындауы керек:

- мемлекеттік меншіктің обьектілерінің муниципалды меншікке берілуін заңдық реттеу

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарына олардың жеке мемлекеттік өкілеттіктері орындауы үшін заңмен белгіленген материалдық және қаржылық қаражаттар беруді жүзеге асыру

- мемлекеттік минималды әлеуметтік стандарттарды жасау және тағайындау

- республикалық бюджет пен жергілікті қоғамдастық бюджеті арвсындағы қатынастарды реттеу

- минималды бюджеттік қамтамасыз ету нормативті негізінде минималды жергілікті бюджеттің тепк-теңдігін қамтамасыз ету

- жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық дербестігін қамтамасыз ету

- мемлекеттік билік органдары қабылдаған шешімдердің нәтижесінде пайда болған жергілікті өзін-өзін басқарудың қосымша шығындарының орнын толтыру

- жергілікті міндеттерді орныдауда мақсатты мүлік және аймақтық бағдарламалар арқылы қатысу

Мемлекеттік басқару адамдардың қоғамдық іс-әрекеттілік қызметтерін оптимизациялауға және олардың қажеттіліктерін максималды қанағаттандыруға мақсатталуы тиіс. Жоғарғы иерархиялық құрылымның басқарушылық іс-әрекеті басқарылушы жүйемен тікелей байланыстар арқылы жүзеге асады. Басқарушылық әсерге жауап беру кері байланыс бойынша түсетін ақпараттармен анықталады. Мұндағы басқару субъекті ретінде мемлекеттік басқару органдарының жүйесі мен ондағы лауазымдық тұлғалар қарастырылса, обьекті - қоғамдық процестер, адамдар, шаруашылық субъектілері болып табылады.

Мемлекеттік басқарудың келесідей қағидаларын атап өтуге болады: мақсаттылық, орталықтандыру мен орталықсыздандырудың оптималды қатынасы, конкурстық таңдау, басқарудың кадрларын даярлау, динамикалық тепе-теңділік, қабылданған шешімдердің қолдануға икемділігі, басқару ақпараттарының сенімділігі мен уақыттылығы, ақпараттардың басқару функцияларына сай келуі, жауапкершілік, мерзімділік және кері байланыс, кешенділік, иерархиялылық пен бөлінушілік, басқарудың ескі ұйымдастыру формаларынан жаңаларына өтуі.

Отандық экономист И. Н. Дауранбаев берген бұл қағидалар жүйесі біздің ойымызша, отандық мемлекеттік басқарудың мемлекеттік трансформацяланып жатқан жағдайында адекватты болып табылады.

Мемлекеттің қызметтері оның қалыптасуы, дамуы мен нығаюы кезінде жүзеге асырылады. Қызметтер мақсаты қоғам алдына қойылған мәселелерге байланысты. Ішкі функциялары: экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық, салық салу және қаржылық бақылау, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін сақтау мен заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету. Сыртқы қызметтері: әлемдік экономикаға интеграциялану, елдің қорғанысы, басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы, т. б. Қызметтердің орындалуын ұйымға бекітілген ресурстармен қамтамасыз етіледі: материалдық, қаржыдық, ақпараттық және нақты жағдайға байланысты басқа да ресурстар.

Бұл жерде жоғарғы билік бұтақтарына төменгілердің тәуелділігі байқалады. Бұл әсіресе облыс пен аудан деңгейінде ерекше көзге түседі.

Мемлекеттік билік органдарының қызметтері мен құрылымдарына талдау жасап өтсек, мұнда «Мемлекеттің басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді бөлу және бюджетаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру концепциясына» байланысты мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру саласында келесідей мәселелерді атап көрсетуге болады:

- жалпылай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттің қызметтерін жүйелелі мен жақсарту әрі толық аяқталған жоқ. Мұнда мемлекеттік қызмет пен оның органдарының компетенциясын заңмен белгілемегендіктен, мемлекеттік органдар қызметі кеңейе түседі және заңға қайшы ретсіздіктер орын алуы мүмкін.

Рыноктық өзгерістердің экономикада тереңдеуі мемлекеттің сөзсіз жеке экономика сфералары және қоғам өмірін реттеу мен басқарудан алшақтауын қажет етеді. Бірақ тек мемлекетке тән емес қызметтер әлі күнге дейін мемлекетпен іске асырылып отыр.

- орталық және жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы қызметтер мен өкілеттіліктердің нақты, анық бөлінбегендігі салдарынан екі жақты қызметтер сақталып отыр.

Тәжірибе жүзінде мемлекеттік басқару органдарына жеке мемлекеттік қызметтерді беру орын алады. Бұл орталықпен бекітіледі және олардың қызмет етуін қаржылық қамтамасыз етпейді.

Жеке бақылау - қадағалау қызметі (лицензиялау, аттестация) астанадан жүзеге асырылады, бұл қосымша әкімшілік тосқауыл болып табылады және ол іскерлік белсенділік пен кәсіпкерлік бастамашылықты белсендіруге кедергі келтіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекет пен қоғамның өзара әсерлесуі
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі
Басқарудың негізгі принциптері, әдістері. Еңбек ұжымының жетекшісі
Мемлекет зайырлылығының мазмұнын және оның белгілері
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Орталық атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде
Қазіргі заманғы менеджменттің қалыптасу тарихы мен дамуы
Қаржының ғылыми-теориялық аспектілері
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz