ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Құқықтық қатынастардың түсінігі мен белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .5
1.2 Құқықтық қатынастардың түрлері мен пайда болу негіздері ... ... ... ... ... ...6
2 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... .12
2.1 Құқықтық қатынастар субъектілері мен объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Қазіргі таңда конституциялық құқықтық қатынастар мәселелері ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқықтық қатынастар -белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық катынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас -қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары - саяси, құқықтық, моралдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар. Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы - өзара заңды байланыста реттелген бұлжымас бірізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бірізділікті табу, оның ең басты, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу - ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі элеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді . Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір элеуметтік ортасы болып табыладСонымен, қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қаты-настарды реттеп, басқарып отырады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды
Құқықтық қатынас - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және адамдар арасында қалыптасқан күрделі де сан қилы қатынастар.
Мемлекет және құқық теориясында құқықтық қатынастардың алатын орны ерекше және ең маңызды тақырыптардың бірі болып саналады. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың бір ғана бөлігі. Қоғамдық қатынастардың құрамына саяси, топтық, экономикалық, діни, әдет - ғұрыптық, этикалық, құлықтылық, некелік сияқты көптеген қатынастар енеді. Немістің ірі ойшылы Георг Вилгельм Фридрих Гегель қоғамдық қатынастар хақында былай деп жазды: Бар нәрселердің бәрі қатынастардан тұрады және бұл қатынастар барлығының бар болуының, күнелтуінің ақиқаты. Қатынастар материя формаларының дамуынан пайда болады, сол, дамудын, қозғалыстар туындайды.
Осы орайда, курстық жұмысымның тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бүгінгі таңдағы құқықтық қатынастар түсінігін, оның түрлерін айқындап, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- құқықтық қатынастарды - құқық саласы ретінде қарастыру;
- құқықтық қатынастар түсінігі мен жүйесін талдау;
- құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілерінің ерекшеліктерін айқындау;
- құқықтық қатынастардың түрлері мен пайда болу негіздерін жүйелеу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Курстық жұмыстың барысында Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық және заң ғылымының саласы туралы мәліметтер келтірілген, құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшеліктері, құқықтық қатынастардың түрлері мен пайда болу негіздері қарастырылады, олардың жалпылама сипаты анықталды.
Курстық жұмыстың объектісі құқықтық қатынастар болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының конституциялық құқықтық жүйесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Құқықтық қатынастар тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Құқықтық қатынастардың түсінігі мен белгілері

Құқықтық қатынас категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас - бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс -- қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық қатынас дегеніміз -- мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:
Бірінші -- құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екінші -- қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші -- субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші -- егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Құқықтық қарым-қатынас - құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қарым-қатынас. Бұған қатысушылар субъективті құқық иелеріне айналып, оларға міндеттер жүктеледі. Құқықтық қарым-қатынас - жекелеген тұлғалар (азаматтар, ұйымдар, мемлекеттік органдар мен азаматтар) арасындағы қарым-қатынас, олар заңмен қамтамасыз етілген ықтимал және парыздық мінез-құлық өлшемдерін айқындайтын құқықтармен және міндеттермен өзара байланысты. Мүмкіндік пен парыз нақты іс-әрекетпен, нақты мінез-құлықпен іске асырылады. Құқықтық қарым-қатынас заңда көзделген фактілер орын алғанда, яғни шарттар жасасылғанда, әкімшілік актілер қабылданғанда, құқық бұзушылық немесе оқиға болғанда, т.б. жағдайларда туындайды.
Құқықтық қарым-қатынас - құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қарым-қатынас. Бұған қатысушылар субъективті құқық иелеріне айналып, оларға міндеттер жүктеледі. Құқықтық қарым-қатынас - жекелеген тұлғалар (азаматтар, ұйымдар, мемлекеттік органдар мен азаматтар) арасындағы қарым-қатынас, олар заңмен қамтамасыз етілген ықтимал және парыздық мінез-құлық өлшемдерін айқындайтын құқықтармен және міндеттермен өзара байланысты. Мүмкіндік пен парыз нақты іс-әрекетпен, нақты мінез-құлықпен іске асырылады. Құқықтық қарым-қатынас заңда көзделген фактілер орын алғанда, яғни шарттар жасасылғанда, әкімшілік актілер қабылданғанда, құқық бұзушылық немесе оқиға болғанда, т.б. жағдайларда туындайды. Құқықтық қатынас -- қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар. Құқық нормасы құқықтық реттеудің статистикалық жағдайын білдіретін болса, құқықтық қатынас оның динамикалық, яғни қозғалыстағы жағдайын көрсетеді. Құқықтық қатынас абстрактілі құқықтық нормаларды жекеленген байланыстар, яғни белгілі бір субъектілер үшін субъективті құқықтар мен заңды міндеттер деңгейіне аударуға мүмкіндік береді.
Құқықтық қатынастардың белгілері:
әлеуметтік субъектілер арасындағы екі жақты нақты байланысты көрсететін қоғамдық қатынас;
құқық нормасы негізінде пайда болады (құқық нормасының жалпы талаптары нақты субъектіге және оның жағдайына байланысты дербестенеді);
адамдар арасындағы субъективті құқықтар мен заңды міндеттер көмегімен жүзеге асырылатын байланыс;
ерікті қатынастар болып табылады, себебі оның пайда болуына қатысушылардың ең болмаса біреуінің еркі қажет;
қатынас белгілі бір объектінің, құндылықтың төңірегінде жүргізіледі;
мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынас.
Құқықтық қатынас күрделі құрамға ие. Оның құрамының элементтері қатарына мыналар жатады:
субъект;
объект;
субъективті құқық және заңды міндет (заңдық мазмұн).
Қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастың материалдық мазмұнын құрайтын болса, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер оның заңды мазмұнын білдіреді. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңды байланысы жүзеге асырылады. Субъективті құқық - субъектіге жеке мүддесін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін болатын әрекет мөлшері. Оның негізгі ролі, маңызы субъектіге өз мүддесін қанағаттандыруға, белгілі бір құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады. Субъективті құқықтың құрылымы:
өкілді жанның белгілі бір әрекетке мүмкіндігі;
міндетті жаннан әрекеттің белгілі бір түрін талап ету мүмкіндігі;
құқығын қорғау үшін құзіретті мемлекеттік органға қайырылу мүмкіндігі;
белгілі бір әлеуметтік құндылықты пайдалану мүмкіндігі.
Заңды міндет дегеніміз өкілді жанның мүддесін қанағаттандыру үшін тағайындалған заңды қажетті әрекет өлшемі. Міндеттілік субъективті құқықты жүзеге асыру кепілі. Заңды міндеттілік құрылымына мыналар кіреді:
белгілі бір әрекеттерді жасау немесе олардан бас тарту міндеті;
өкілді жанның талаптарына бет бұру қажеттілігі;
аталған талаптарды орындамаған жағдайда заңды жауапкершілік тарту қажеттілігі;
контрагентке құндылықтарды пайдалану құқығына кедергі келтірмеу.
Субъективті құқық пен заңды міндеттер арасындағы айырмашылықтар:
егер субъективті құқық өз мүддесін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет өзгенің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған;
субъективті құқық мүмкін болатын әрекет мөлшері болса, заңды міндет тиісті әрекет мөлшерін көрсетеді [1].
Құқықтық қатынас субъектілері құқықтарға және айқындалған міндеттерге ие болатын құқықтық қатынасқа қатысушылар. Құқықтық қатынас субъектілері өзінің құқық, әрекет қабілеттілігін пайдаланған құқық субъектісі. Құқық субъектісі деп заңдық нормалар негізінде жеке құқықтық қатынастарға түсетін, жеке құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды айтамыз. Құқықтық қатынас субъектілері екі топқа жіктеледі: жеке және ұжымдық. Жеке субъектілерге мыналар жатады:
азаматтар;
екі азаматтылығы бар адамдар;
азаматтығы жоқ адамдар;
шет ел азаматтары.
Ұжымдық субъектілерге мыналар жатады:
мемлекет;
мемлекеттік ұйымдар;
мемлекеттік емес ұйымдар.
Жеке құқықтық қатынастар аймағындағы ұжымдық субъектілер заңды тұлға белгісіне ие. Заңды ұйым -- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Құқықтық қатынас субъектілері мәселесін көтергенде құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік туралы ерекше тоқталу қажет. Құқық қабілеттілік - азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті. Құқық қабілеттілік адамға тумысынан беріледі, өлгенде жойылады. Кейбір жағдайда анасының құрсағындағы тіршілік белгісін берген балалардың да құқыққа қабілеттілігі танылады. Мысалы, мұрагерлік құқықта. Әрекет қабілеттілік құқық субъектілерінің өз әрекетімен құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі. Әрекет қабілеттілік субъектінің психикалық және жастық қасиеттеріне байланысты. Қазақстан Республикасында толық әрекет қабілеттілік 18 жастан бастап танылады. Әрекет қабілеттіліктің бірнеше түрі кездеседі:
-толық әрекет қабілеттілік (18 жастан басталады);
-жартылай әрекет қабілеттілік (14 пен 18 жас аралығында);
-шектелген әрекет қабілеттілік (ішімдікке немесе нашақорлыққа салынуына байланысты өзін немесе отбасын ауыр материалдық жағдайға әкелетін болса, жақын туыстарының өтінішімен немесе прокурордың талабымен 18 асқан азамат сот арқылы әрекет қабілеттілігі шектеледі);
-әрекет қабілеттілігінің болмауы. Жүйке ауруларымен ауруына байланысты кәмелетке толған субъект өз әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайда болса, сот органының шешімімен әрекет қабілетсіз деп танылады.
Қазіргі кезде азаматтық құқықта 16 толған жасөспірімдер еңбек шарты бойынша еңбек ететін болса немесе ата-анасының немесе қамқоршыларының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толық әрекет қабілетті деп сот арқылы тануға рұқсат етіледі. Құқық субъектілік - мемлекетпен танылған құқық, құқықтық қатынас субъектісі болу қабілеті (құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің бірлігі). жымдық субъектілер құқықсубъектілікке ие болады. Құқықтық қатынастың объектісі деп құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін (рухани, мүліктік, әлеуметтік игіліктер) мүдделерін қанағаттандыруын айтамыз. Құқықтық қатынастың пәні деп материалдық немесе рухани құндылықтарды, сондай-ақ құқықтық қатынастың пайда болуына себеп болатын адам әрекетін айтамыз [2].
Объектіні түсінудің екі түрлі жағы танылған:
құқықтық қатынастың объектісі болып тек адам әрекеті танылады;
құқықтық қатынастың объектілері сан қырлы.
Олардың қатарына:
материалдық құндылықтар (мүлік, зат, құндылықтар);
материалдық емес құндылықтар (адам өмірі, денсаулығы, намысы, ар-ұяты);
рухани шығармашылық туындылары (әдебиет, өнер, музыка, ғылым, т.б.);
құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрекетінің нәтижесі;
бағалы қағаздар мен құжаттар жатқызылады.
Құқықтық қатынастар әр түрлі негіздер бойынша топтастырылады. Құқықтық реттеу пәніне байланысты құқықтық қатынастар конституциялық құқықтық қатынастар, азаматтық құқықтық қатынастар, қылмыстық құқықтық қатынастар, экологиялық құқықтық қатынастар, әкімшілік құқықтық қатынастар, еңбектік құқықтық қатынастар және т.б. болып бөлінеді. Сипатына байланысты материалдық және процессуалдық болып бөлінеді. Функционалдық роліне байланысты реттеуші (құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады) және қорғаушы (мемлекеттік мәжбүр ету мен заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты) болып екіге бөлінеді. Заңды міндеттерінің табиғатына байланысты құқықтық қатынастар белсенді және бәсең болып жіктеледі. Қатысушыларының құрамына байланысты құқықтық қатынастар қарапайым және күрделі болып ажыратылады. Қарапайым құқықтық қатынас екі субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, сатып алу -- сату шарты. Ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, қылмыстық жазаны өтеу. Құқықтық қатынастар әрекет ету мерзіміне байланысты қысқа мерзімді (айырбас) және ұзақ мерзімді (азаматтық) болып бөлінеді. Жақтардың анықталу дәрежесіне байланысты салыстырмалы, абсолютті және жалпы құқықтық қатынастар болып айырылады. Салыстырмалы құқықтық қатынас деп екі тарап та дербес және нақты анықталған және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттердің иесі болып табылатын құқықтық қатынастың бір түрін айтамыз. Абсолютті құқықтық қатынас деп субъективті құқық иесі ғана нақты анықталған, өзге субъектілердің барлығына оның субъективті құқығын бұзбау міндеті жүктелген құқықтық қатынастың түрін айтамыз. Жалпы құқықтық қатынастар жеке тұлға мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынасты туындататын заңдардан бастау алатын қатынастың бір түрі. Нақты құқықтық қатынастар нақты заңдық фактінің негізіндн пайда болатын жеке тұлғалардың өзара немесе белгілі бір ұйыммен, мекемемен қарым қатынасын реттейтін құқықтық қатынастың бір түрі. Заңды факт деп құқық нормасы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстыратын өмірлік нақты мән-жайларды айтамыз. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың алғы шарты болып табылады. Олардың моделі заңдық норманың гипотезасында тіркеледі. Заңды фактілерді де әр түрлі негізде жіктеуге болады.
Туындайтын нәтижелерінің сипатына байланысты:
құқық қалыптастырушы;
құқық өзгертуші;
құқықты тоқтатушы болып бөлінеді.
Құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркіне байланысты:
оқиға;
әрекет болып бөлінеді.
Оқиға құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін, адамдардың еркінен тыс өтетін заңдық факт. Оған баланың туылуы, төтенше оқиғалар т.б. жатады. Әрекет құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің еркіне байланысты болады да екіге бөлінеді: құқықтық және құқыққа қарсы. Құқықтық әрекеттің өзі екіге бөлінеді: заңдық актілер және заңдық әрекет. Заңдық акт белгілі бір заңдық нәтижелерге жетуге бағытталған әрекет. Заңдық әрекет жанның ой-пиғылынан тыс заңдық нәтижелердің пайда болуына әкелетін әрекеттер. Құқыққа қарсы әрекеттер қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, тәртіпшілік болады. Кейде құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе жойылуына бір факті аздық етеді , бұндайда заңдық құрам әрекет етеді.
Құқықтық қатынас - тек құқық нормаларымен белгіленген қоғамдық қатынастардың бір жағы ғана, оның арнайы көріну нысаны. Н.М. Коркунов айтқандай, ғылыми зеттеулер үшін ең маңыздысы, жалпы заңдылық нысанындағы бір жақты қатынастарды әр түрлі мазмұндарынан айыру. Сол мақсат үшін, заңгерлер ой күйінде, заңды қатынастарды құрайды, тек олар түгелімен, қалтарыссыз бір ғана құқық нормаларымен белгіленуі қажет.
Құқықтық қатынас жалпы құқықтық нормалардағы бағдарламаларды (обьективтік құқық) белгілі (субьективтік) құқыққа және қоғамдық қатынастарға қатынасушылардың міндетіне айналдыратын құрал болып табылады. Құқық обьективтік мәнінде құқық нормаларының жиынтығы, құқықтың мазмұнын, жекеленіп белгіленбеген субьектілер ортасының міндетін белгілейді. Онда құқық нормаларының аясындағы көп адамдарға қатынасы бар бағдарламалар бар.
Құқық субьективтік жағынан алғанда, жекелеген құқық, ондағы жалпы заңды құқықтар және міндеттер белгілі адамдарға арналған, сондықтан оны құқықтық қатынас арасына көшіреді.
Құқықтық қатынас мемлекетпен қорғалатын жақтардың арасындағы пайда болатын, заңдылық құқыққа және міндеттілікке сай біріккен қоғамдық қатынастар. Құқықтық қатынас сыртқы еркіндіктің өлшемі, оның қатынасушыларына құқық нормалары арқылы беріледі.
Біріншіден, құқықтық қатынас құқық нормаларының негізінде құрылатын қоғамдық қатынастардың нысаны. Адамдар өздерінің өмір сүру процесінде бір-бірімен әр түрлі қатынастардың болады. Оларға еңбек, отбасы, мүліктік, достық, сүйіспеншілік қатынастар жатады және қоғамдық ұйымдарға мүше болуына байланысты қатынастарға жатқызуға болады. Дегенмен, өмірлік қатынастардың барлығы бірдей, құқық нормаларының көмегімен реттелмейтіндігін ескеруіміз қажет. Олардың көбісі моральдік, қоғамдық ұйымдардың ғұрып нормаларымен реттелетін қатынастар.
Құқық нормаларымен құқықтық қатынастардың қарым-қатынасы не десек? Құқық нормаларында адамдардың жалпы заңды құқықтары мен міндеттері бекісе, құқықтың ұйғарымына сай адамдардың мүмкіндігі, не болмаса міндеттеріне айналған қоғамдық қатынастардың кейіптік үлгісі белгіленеді. Олар белгілі адамдармен құқықтың талаптарына сай орындалса іске асады, яғни құқықтық қатынастарға кірсе. Құқықтық қатынастардың жақтары белгілі заңдылық құқықтарымен және міндеттерімен құқық нормаларында бекітілген жалпы нысанда қамтамасыз етіледі. Соған байланысты құқықтық қатынастар арқылы, құқықтық нормалардың талабы нақтылы түрде іске асырылады [3].
Екіншіден, құқықтық қатынастардың, қатынасушылары өзара заңды құқықтармен және міндеттермен қамтамасыз етілген. Егер, құқықтық қатынастың бір субьектісінің құқығы болса, екіншісіне заңды міндеттер жүктеледі. Мысалы, сатып алушы, сатушыдан сапалы затты беруді талап етуге құқығы бар. Осы ойды К. Маркс құқық міндетсіз болмайды , міндет те құқықсыз болмайды- деп тұжырымдаған.
Үшіншіден, құқықтық қатынас сапалы ерікті сипатта болады. Жеке адамдардың еркінен тәуелсіз обьективті пайда болатын эканомикалық қатынастардан айырмашылығы, құқықтық қатынас әр уақытта жеке-ерікті сипатта болады. Сапалы - еріктегі құқықтық қатынастың мазмұны, бір-біріне аралас екі бағыттан тұрады. Бір жағынан, олар құқық нормаларының негізінде пайда болған сапалы еріктегі адамдардың қызметі (құқықтық творчестводағы органдар). Екінші жағынан, құқықтық қатынастардың субьектілері құықтық нормалармен белгіленген заңдылық құқықты және міндеттерді өздерінің ерікті, саналы қимылдарымен іске асырады.
Төртіншіден, құқықтық қатынас мемлекет кепілдігіне алынады және қажет болған кездерде оның күшімен қорғалады. Мемлекет құқық нормаларын толық іске асыру үшін, қажетті экономикалық, әлеуметтік және басқа да жағдайларды жасайды.
Құқықтық қатынас әр түрлі негіздерге байланысты бөлінеді. Сол негіздерге байланысты мемлекет құқық , әкімшілік құқық, азаматтық-құқық, отбасы-құқығы, қылмыстық құқық және басқа да салалық құқықтық қатынастарға бөлінеді.
Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты смес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастар болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материялдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас - қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материялдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олрдың табиғатқа қатынасы болоды, өндіріс орын алады.
Идиологиялық қатынастар адамнның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары - саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар. Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысы, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу - ғалымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым - қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.
Қоғамдық қатынас антагонистік және антогонистік емес болып екіге бөлінеді.Антогонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдық - экономикалық формацияда болады. Антагонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам Марксизм болашақ коммунизм қоғамында да болкға тиіс деп түсіндіріледі. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты. Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде - мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтық ең жауапты қызметіне айналады [4].
Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік, байланысы, қарым - қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір - бірімен қарым - қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым - қатынастар да ескеріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс - әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым - қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экалогиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде - мақсатары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым - қатынастарға шектеу қойылады.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б байланыстар. Бұл байланыс -қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық қатынас дегеніміз - мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:
Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым - қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершілік түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асырылады [5].
Екінші - қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі . Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде - мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші - егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатысуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
Құқықтық қатынастардың түрлері:
1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтық жүйе - саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық - процессуалдық, азаматтық - процессуалдық, т.б. құқықтар.
2. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалао қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым - қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуы қамтамасыз етеді.
3. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басаталады. Мысалы, сауда - сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер [6].
4. Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсалюттік және салыстырмалы. Абсалюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке
қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады. Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.
2.Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері.
Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негіздегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез - құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас - бұл субъективтік құқықтыр мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындығы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптіде жақсартуға мүмкіншілік жасайды.
Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер.
1. Құқықтық қатынастың субъектісі - жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары сондай - ақ азаматығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабіліт және әрекеттілігі қалыптасу керек [7].
Құқықтық қабілет - құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық еодексі азаматардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдің валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу; шет елдерге кетуге, қайтып келуге ерікті;шаруашылық құруға, қарым - қатынас жасауға т.б.құқықтары бар. Әрекеттілік - адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және
Оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекетіктің басты шарт кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады.
Құқықтық субъектіліктің адамның тәртәп бұзғаны үшін заңдылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі: құқықтық жауаптылық
мүмкіндігі деп аталады. Бұл мүмкіндік Республиканың қылмысты істер заңды бойынша он алты жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр қылмыстар жасаған жағдайда он төрт жастан басталады.
Құқықтық субъктіліктің шарттар жасап басқа да келісімдер жүргізуге негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілігі деп аталады.
Толық әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие болады. Кәмелетке толмаған он төрт жасқа дейінгілер үшін келісімді олардың атынан ата - аналары, асырап алушылары, не қамқоршылары жасайды [8].
Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмаиды. Адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады:
- кәмелеттік жасқа толмаған адмадрдың, үйленуге (жанұяа құруға), қылмыстық жауапкершіліке тартылуына, жұмысқа орналасуына, әскер қатарына шақыруылына шектеулер бар. Оларды бұзуға тиым салынған (шектеудің түрлері):
- адамдардың денсаулығының нашар болуы;
- туысқандық - қандас болу;
- егерде азамат сотталған болса;
- діни нормаларға шектеу.
Шет елдің азамататры толық құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, сайлануға, әскер қатарына шақырлыуға құқығы жоқ.
Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік аппарат - мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамадық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтық қабілеті мен әрекеттілігі бар деп саналады, оның шеңбері олардың ережелері мен Уставында толық көсетілуге тиіс. Соған сәйкес олар жұмыс жасайды. Оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болатын, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. (АК - 33б.).
Құқықтық қатынастың объектісі - қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық әкімшілік, еңбектік, т.б. қарым - қатынастар. Материялдық дүние - заттар, рухани - шығармашылықтың өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер, құқыцқтыцқ субъектілердің іс - әрекеті және құқық қатынастарының нәтижелері - құқық қатынастарың объектілері.
Құқық қатынастың объектісі - тек қоғамдық және жеке тұлғалар мүдд е - мақсатын реттеп, басқарып отыратын қарым - қөатынастарды қамтиды. Оны мүдде - мақсаттарды орындаудағы субъектілердің іс - әрекеті, атқаратын жұмыстары құқықтық қатынастың объектісі болады.
Субъективтік құқық - құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде - мақсаттарының орындалуы. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер құқықтық қатынастың ең негізгі мазмұнын құрайды.
Субъективтік құқықтық алдындағы негізгі мүдде - мақсаттар: бірінші - қатынастың күрделі мақсатын толық орындау; екінші - көрсетілген іс - әрекетті дұрыс орындау; үшінші - көрсетілген міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші - егерде дұрыс орындалмаса, сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субъектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды. Субъективтік құқықтың орындалу әдіс - тәсілдері:
1) құқықтық алдында қойылатын өз мүдде - мақсатын анықтау;
2) құқықтық норманы дұрыс пайдалану;
3) құқықтық тәртіпті қатаң орындау.
Заңды міндеттер. Субъективтік құқық бар жерде сонымен бірге заңды міндеттер болады. Бұл екеуі бір - бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Олардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету субъектілердің өздерінің іс - әрекетіне, жұмысына байланысты. Егерде әр субъект өзінің тиісті міндеттерін дұрыс, уақытында орындаса, онда сөз жоқ құқық та дұрыс уақытында орындалады деуге болады [9].
Құқықтық қатынастың заңды міндеттерінің орындылуының екі түрі болады: бірінші - қатынастағы бір субъект басқа субъектілердің мүдде-мақсаты үшінміндетті түрде іс - әрекет немесе бір белгілі жұмыс жасауға тиіс; екінші - оның іс - әрекетіне шектеу қою. Сонда ғана қатынас дұрыс орындалып, нәтижелі болады.
Заңды себептер. Қоғамдағы толып жатқан неше түрлі, неше салалы құқықтық қатынастар өмірге келіп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның заңды себептері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Интеллектуалдық меншікті халықаралық қорғау
Мемлекет зайырлылығының мазмұнын және оның белгілері
Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі
Қазақстандағы мемлекет пен діни ұйымдардың құқықтық қатынастарының тарихын қарастыру
ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАУЛАРДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
Құнды қағаздар
Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекет пен қоғамның өзара әсерлесуі
Пәндер