МЕКТЕПТЕГІ СПОРТ АЛАҢЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ


Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 МЕКТЕПТЕГІ СПОРТ АЛАҢЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ . . . 5
1. 1 Мектептегі спорт алаңының түсінігі және ерекшеліктері . . . 5
1. 2 Спорт алаңы мен спорттың мектеп оқушыларына пайдасы мен маңызы . . . 8
2 МЕКТЕПТЕГІ СПОРТ АЛАҢЫН ЖАБДЫҚТАУ . . . 16
2. 1 Спорт алаңдары мен ойын алаңдарын жабдықтау жолдары . . . 16
2. 2 Спорт алаңдарың жабдықтаудағы қауіпсіздік ережелерін сақтау . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ… . . . 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ… . . . 30
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Спорт алаңдарының сипаты анықтағанда оның ойын және құрылыс өлшемдерін білу қажет. Ойын өлшемдері ойын ережелері арқылы тағайындалады. Құрлыс өлшемдері ойын өлшеміне гөрі қауіпсіздік аймағының көлемі жағынан үлкен болып келеді.
Ойын алаңдары жеке және бөгеттер арқылы бөлініп орналасуы мүмкін. Мысалы алаңның бір немесе бірнеше спорт түріне арналып бөлінуі тәжірибеден өтті. Қажет болған жағдайда белгілері бар құрамалы алаңдарды әр ойынға арнап және ауыспалы жабдықпен орнатуға болады. Алаңды кесіп өту сызығының бағдары күн ойын барысында жанынан (қапталдан, оның ортаңғы сызығына жақын) түсетіндей етіп өтеді осыған байланысты кешкі мезгілде пайдалынатын алаңдар меридианды бағдарланады, яғни, олардың кесіп өту сызығы солтүстіктен оңтүстікке 15 ° - тай ғана ауытқып орналасады. Игеріп бірнеше алаңды бірғана спорт ойыны түріне арнап орналастыру қажет болса, онда оның үш тен бір бөлігін ғана экваторлы бағдармен орнатуға болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Дене тәрбиесі сабағының нәтижелілігі оқытушының алдын-ала белгілеген жоспарын қаншалықты жүзеге асыруына көп жағдайда байланысты. Оқытушы шұғылданушылардың қызметін ұйымдастырудың барынша ұтымды әдістері мен әдістемелік тәсілдерін қолдануы, бар қондырғыларды, құрал-жабдықтарды, оқытып, үйретуге арналған техникалық құралдарды, тиімді пайдаланып, сонымен бірге сабақ өткізілетін орынның (спорт зал немесе мектеп жанындағы спорт алаңы, стадион немесе парк, тегіс немесе ойлы - қырлы жер), ауа райының температуралық жағдайы, оқушылардың дайындық деңгейі, олардың жас, жыныстық және жеке ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
Сабақтың ұйымдастырылуының қамтамасыз етілуінде мыналар қарастырылады:
-санитарлық - гигиеналық жағдай жасау;
- материалдық-техникалық қамсыздандыру;
-сабақта алға қойылған мақсатты, міндетті барынша жақсы орындауға мүмкіндік туғызатын шұғылданушылардың қызметін ұйымдастыру әдісін таңдау.
Соңғы жылдары республиканың көптеген дене тәрбиесі мұғалімдерінің бастамашылдығымен, ата аналардың демеушілігімен мектептердің спорт залдары мен спорт алаңдарын стандартты емес қондырғылармен, әртүрлі құрылғылар және тренажерлермен жабдықтауға қол жеткізді. Мұндай қондырғыларды пайдалану сабақ тығыздығын елеулі арттырады, оқушыларды қызықтырып тартады, сабақтың барынша тиімді ұйымдастыру-әдістемелік түрін қолдану үшін мол мүмкіндік туғызады, соңғы есепте көбіне сабақтың нәтижелілігіне жағдай жасайды.
Курстық жұмыстың мақсаты Мектептегі спорт және ойын алаңдарын жабдықтаудың жолдары мен маңыздылығын қарастыру болып табылады.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- спорттық алаңдардың жалпы түсінігін қарастыру;
- спорт және спорттық алаңдардың мектеп оқушыларына маңыздылығы мен пайдасына тоқталу;
- қазіргі кездегі мектептерде спорттық алаңдарды жабдықтау жолдарына тоқталу, олардың ережелерін сипаттау болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Курстық жұмыстың барысында спорттық алаңдардың түсінігі мен ерекшеліктері, түрлері мен пайда болу негіздері қарастырылады, олардың жалпылама сипаты анықталды.
Курстық жұмыстың объектісі мектептегі спорттық алаңдар болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - спорт және дене шынықтыру.
Курстық жұмыстың құрылымы. курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МЕКТЕПТЕГІ СПОРТ АЛАҢЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Мектептегі спорт алаңының түсінігі және ерекшеліктері
Спорт алаңы (ауладағы) физкультура және спортпен үзбей шұғылдануға қолайлы жағдай жасайды. Ауладағы шағын стадион көп орын алмайды, микроауданды көріктендіре түседі. Алаңның жобасы 42×26 м мқлшерінде болады. Алаңға төселетін төсемнің құрамы 40% - майда топырақ, 50% - құмқайрақ, 10% майда әк топырақ болуға тиіс. Спорт алаңына қойылатын снарядтар негізінен металл құбырлар мен ағаштан жасалады. Негізгу снарядтар айналмалы барабан, өрмелейтін сырықтар, гимнастикалық снарядтар, бөренелер мен штангалар. Онда сондай-ақ волейбол, баскетбол және басқа спорт ойындарын ойнауға арналған алаңдар белгілінеді.
Спорттық құрылыстар, спорттың әр түрінен жарыстарды және оқу-жаттығу сабақтарын өткізуді қамтамасыз ететін, әдейі салынып, жабдықтаған құрылыстар. Алғашқы спорттық құрылыстар деп ежелгі грек стадиондарын, палестраларды, стадиодромдары есептелінеді, олар Олимпия, Милет, Афины және өзге де қалаларда б. д. д. VIII гасырда салынған. Таң-ғажайып спорттық құрылыстар. Ежелгі Римде (Колизей, Ипподром және т. б. ) өткеннің бұл сәулет ескерткіштерді және қазіргі уақытта да өзінің көлемі мен және әдемілігімен таңдандырады. Мысалы, Колизейдегі тастан жасалған трибуналарға 50 мың шамасындағы адам сыйып келеді, ал екі доңғалақты күймемен жарысуға арналған Ипподромның трибуналары 250 мың адамды сыйғызуы мүмкін. Колизей трибуналарының сопақша болып келуі қазіргі Еуропа стадиондары трибуналарының түп бейнесі секілді. Орта ғасырда католик шіркеуі Олимпиядалық ойындардың өткізілуіне рұқсат бермеді. Спорттық құрылыстар қиратылып және ұзақ уақыт бойы олардың құрылысы тоқтап қалды. Еуропаның әртүрлі елдерінде спорт құрылыстарын салуды қолға алу ісі, халықаралық спорттық байланыстардың дамуымен, қоғамдар мен спорттық құрылыстардың пайда болуымен байланысты, тек XIX ғасырдың аяғында ғана басталды. Спорттық құрылыстардың көбеюі мен жетілдіруі бәрінен бұрын олимпиядалық спорт алаңдарын салуға әсер етті. Спорт құрылысын спорттың бір ғана түрімен шүғылданып және жарыс өткізу үшін жекелеген түріне және бірнеше спорт түрімен жаттығып және жарыс өткізу үшін қарастырылды. Көлемін жоспарлау құрылымы бойынша ашық және жабық деп бөлінді. Спорттық құрылыстың табиғи және жасанды жарық беру, оңтайлы микроклиматты, тиімді желдету үшін қажетті жабдықтарды болуы тиіс, жаттығу ететін орын мен өзге де бөлме, алаңдардың санитарлық жағдайда ұсталуы, сондай-ақ құрал- жабдықтарға қойылатын талаптардың сақталуын қарау да қажет. Жүзу үшін судың айналуы, тазаруы және залалсыздандыру, сондай-ақ бөлменің дезинфекциялануы бойынша шаралардың орындалуы ерекше маңызға ие. Бұдан бөтен де дене тәрбиесі және спортпен шұғылданушылардың, қызмет көрсететін адамдардың да, жеке гигиенаның ережелерін сақтауы бақылауға алынады.
Қазіргі спорт стадиондары
Қазіргі спорт стадиондары, сұрыпталуына сәйкес: а) негізгі; ә) қосалқы; б) көрермендер үшін орынға бөлінеді. Негізгі құрылыстарына:
1. Ашық (кешенді және жеке) .
2. жабық (кешенді және жеке) стадиондар жатады.
1. Ашық кешенді спорт құрылысына стадиондар (үлкен, орташа және кіші), спорт алаңдары және жүзу-есу стансалары жатады. Ашық жеке спорт құрылысына футбол алаңы, регби, қашақ, бейсбол, гандбол, ат поласы, допты хоккей, лақтырулар, гольф үшін, дене тәрбиесі шерулері, гимнастикалық өнер керсету және басқалар үшін алаңдар; волейбол, баскетбол, акробатика, бокс, күрес, ауыл атлетика, семсерлесу, атпен шабу, конькимен мәнерлеп сырғанау үшін, шайбалы хоккей, лапта, крикет, бадминтон, медицинбол, теннис және басқалар үшін алаңдар; жеңіл атлетикалық жүгіру жолдары, секірулер мен лақтыру үшін орындар, жүзу үшін жазғы бассейндер (табиғи және жасанды), өсу стансалары яхт-клубтар, жел- кенді және буэр, моторлы су стансалары, велотректер, велостансалар, мотоцикл тректері, автодромдар, атыс орындары, қалқандар, нысананы көздеп атуға арнайы жабдықталған орындар, шаңғы тұғыр-серіппелері (жаттығу және спорттық), шаңғы базаларын, альпинистік, туристік лагерлер, таудағы паналар, құтқару стансалары, мұз айдындары, коньки тебу жолда¬ры, шанамен сырғанау (скелтон және бобслей) жолы, көпшіліктің конькимен тебу үшін мұз айдын¬дары, шаңғы жолдарын, шаңгышылар үшін таудағы аспалы жолдар жатады.
2. Жабық кешенді спорт құрылыстарына спорт сарайлары мен залдары жатады. Қосалқы құрылыстар мен алаңдарда дене тәрбиесі мен спорт бойынша жаттығулар, сондай-ақ спортшылар мен көрермендерді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар өткізіледі. Сондай алаңдар мен бөлмелерге жататындар: вестюбильдер, гардеробтар, спортшылар мен нұсқаушылар үшін киініп-шешінетін бөлмелер, спортшылар мен бапкерлер үшін душ бөлмесі мен әжетхана, жалпы көпшілік пайдаланатын, сылап-сипайтын, дәрігерлік кабинеттер, бапкерлер мен нұсқаушылар бөлмесі, төрешілер белмесі, буфеті бар демалу белме¬лері, көрермендер ушін буфеттер мен мейрамханалар, жабдықтарды, снарядтар мен спорттық құралдарды сақтайтын қоймалар, спорт құрал-жабдықтарын жалға беретін, әкімшілік- шаруашылық алаңдары, ди¬рекция, комендатура, полиция, кассалар, күзет, шеберханалар, гараждар, қазандықтар, сорғылар, телефон стансасы, радио торабы, радиотелехабарлар тарату үшін ғарышпен байланыс жасау арнасы, монтаждау бөлмесімен байланысқан комментаторлар кабиналары, трансфор¬матор орналасқан, шаруашылық жабдықтарын сақтау үшін бөл¬мелер (жабық жене жартылай жабық) санитарлық-техникалық жабдықтар сақталатын қоймалар және басқалар (хлораторлық, фильтрлер, кондиционерлер және т. б. ), көрермендер үшін орын (трибуна) . Барлық спорт алаңдары пайдалануы бойынша олар негізгі төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. мектеп жасына дейінгі балалар үшін дене тәрбиесі алаңдары;
2. мектеп спорт құрылысы;
3. жоғары оқу орындарының, колледждердің, гимназиялардың, мектептердің, оқу орындарының;
4. өндірістік гимнастика үшін фабрика-заводтардың спорт құрылыстары;
5. клубтық-спорттық;
6. жалпы қалалық және муниципальдық;
7. шаруашылықтардың, фирмалардың;
8. ар¬найы спорт алаңдары;
9. емдеу-дене тәрбиесі алаңдары (жағажайлар, санаторийлер, курорттар, демалыс үйлері және т. б. ) . Жаңа қаланы жобалап, құрылысын салғанда және ескі қалаларды жаңартқанда жалпы қалалық маңыздағы спорт құрылысын салу қарастырылуға тиіс. Бұрыннан бар және жаңадан салынатын жекелеген барлық адамдарда қарапайым дене шынықтыру және ойын алаңдарын, 1 тұрғынға 0, 5 - 2 м. келетін есеппен мектепке дейінгі бала¬лар үшін алаңдарды орналастыруды қарастыру талап етіледі. 25-30 мың халық тұратын түрғын аудандарда клубтар мен іргелес етіп стадион, сондай-ақ жүзу үшін ашық жүзу әуездерін салу керек. Әрбір қалалық ауданда, саябақпен көршілес етіп аудандық стадионның, ал ірі аудан¬дарда жүзу үшін жабық жүзу әуезі қарастырылуға тиіс. Балалардың спорт алаңдарын әрбір мектеп пен колледждер немесе аудандық саябақтарда, бауларда және балалар саябақтарында орналастыру қажет. Мектептер жанындағы тиісті мектеп алаңын жасау арнайы нұсқаулармен реттеледі. Осы нұсқауға сәйкес кез келген мектептің жер телімі осы телімнің көлемі мен шамасына байланысты 0, 7-га дейін мектеп спорт алаңын оқушылардың өздерінің күшімен жасады. Әрбір осындай мектеп спорт алаңында ұзындығы 175 м-ден 333, 33 м-ге дейінгі жеңіл атлетикалық жүгіру жолымен қоршалады доп ойнау үшін (волейбол, бас¬кетбол, футбол, лапта) орын бо¬лады. Осында секіретін және лақтыратын орындар, сондай-ақ гимнастикалық қалашық орналасады. Қыста спорт алаңына су құйылып, мұз айдыны қатырылады, мұздан кішігірім тау тұрғызылып мектептің спортзалы жаңа мектептің алаңында тұрғызылады
Спорт құрылысын салу үшін орынды таңдауға санитарлық- гигиеналық талаптарды сақтау және олардың дұрыс орналасуы өте маңызды. Әсіресе ашық түрдегі спорт құрылысы үшін ылғалды бойына жеткілікті сіңіре алатын жене қақ тұрмайтын, өзге алаңдардың көлеңкесінде қалмайтындай, спорт құрылысы шаңнан, түтіннен, өндірістік кәсіпорындардың зиянды көздерінен және атмосфераның өзге де зиянды әсерлерінен қорғай алатын, қажетті санитарлық- қорғаныс аймағы бар телімдерден тұрақты жер таңдалып алынады. Спорт құрылысын салу үшін көгалы, жас көшеттері көп жерлердің артықшылығы бар. Ашық спорт құрылысы шекаралары ағаштардың және бұталардың көгалдандырылған алап стадион алып жатқан барлық аумақтың 30 % -дан кем болмайды. Спорт құрылыстың бағытталуы экваторлық (құрылыстың ұзын белдегі осі батыстан шығысқа қарай өтеді) және меридианға солтүстіктен оңтүстікке қарай өтеді. Жабық спорт құрылысын экваторлық етіп бағыттау ұсынылады. Бұл шұғылданатын негізгі алаңқа күн сәулесінің тура түсуіне кедергі келтіреді, көзді қарықтыратын жарықтан, сондай-ақ ауаның шамадан тыс қыздыруынан сақтайды. Бұл ретте солтүстік ендіктен 50° солтүстікке қарай орналасқан алаңтың жаттығуға арналған негізгі бөлмелерінің терезесін оңтүстікке қарай, солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай 50° солтүстікке қарай бағытта орналастырған тиімді, ашық спорт құрылысының (стадиондар, алаңдар) үлкен осі меридианға бағыттаған жөн. Бұл кешкі уақытта шұғылдану мен жарыс өткізуге жақсы жағдай туғызады. Тұрақты жел соғатын жерлерде ашық спорт құрылысы, олардың ұзын осі жел соғатын бағытқа қарай перпендикулярлы болатындай етіп орналастырған тиімді. Спорт құрылысының жарығы - организмнің жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін және зақымданып, жарақат алудан сақтандыратын маңызды фактор. Жабық спорт құрылысқа табиғи жарық түсуі тиіс. Бұл ретте жаттығуға арналған негізгі бөлмелер терезелерінің әйнектелген жалпы жоғарғы беті еден аумағының бөлігінен кем болмауы тиіс. Спорт құрылысының жылыту, бәрінен бұрын, оларда шұғылданатын спортшыларды қалыпты температурамен қамтамасыз ететіндей микроклимат туғызу үшін, бөлмені бірқалыпты жене жеткілікті қыздыратындай болуы керек. [1]
1. 2 Спорт алаңы мен спорттың мектеп оқушыларына пайдасы мен маңызы
Оқушыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты міндеттерге сүйеніп, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырайық.
Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының манызды кепілі.
Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әрбір мектепте, кәсіптік-техникалық училищеде, барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтармен және құралдармен жақсы жарықталған спорт залдары мен алаңдары болуы тиіс. Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін спорт ұйымдары мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің базасы кеңінен пайдалануы керек [1] .
Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүгіру, қарғу, жүзі, лақтырыу, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акрабатика, снорядта жаттығу тағыда басқалар.
Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімдік, икемдік сияқты адам қабілеттерін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Мысалы, жылдамдық ең қысқа мерзімде қимылды орындау қабілеті, әдептілік адамның жаңа қимылдарды тез игеру және жағдайдың өзгеруіне нақты шешім қабылдау қабылеті.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ жеке гигиена, денешынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарында күн ырғағын, дене жаттықтыру, организімді шынықтыру, тамақтану гигиенасы, ұйқы тағы басқа жөнінде оқушылар нақты білім алуы тиіс [2] .
Дене тәрбиесі ең басты ырғағын, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.
Негізгі ырғақтар қатарына әр түрл іс-әрекеттер түрлерінің ұзақтығы, және олардың кезетесуі белсенді демалыс, тамақтануды реттеу, ұйқының ұзақтық мерзімі жатады. Ырғақтық кезеңнің кезектесуін сақтау, организмде белгілі ритмнің және шартты рефлекстер тізбегінің пайда болуын қамтамасыз етеді. Бұл жағдай балалардың денсаулығына және олардың жалпы жұмыс қабілетіне қолайлы ықпал жасайды.
Оқу, еңбек және демалыс ырғағы гигиеналық талаптар негізінде оқушылардың әрбір жастық топтары еске алынып жасалады [3] .
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың істейтін жұмыстарының мазмұнына келетін негізгі мәселелер:
1 Шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
2 Мектеп ғимаратына, жұмыс жабдықтарына, спорт өткізілетін орындарға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау, оқушыларды жеке және қоғамдық гигиенаға дағдыландыру.
3 Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын тиімді өткізуді қажет етеді,
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында, спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды-міндеттерді еске алған жөн:
1 Оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу
2 Шәкірттердің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру
3 Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту
4 Негізгі қозқалтқыш сапаларын дамыту
Дене тәрбиесі денсаулықты нығайтуға, тіршілік үшін маңызды дағдылар мен ептіліктерді игеруге, жоғарғы жұмыс қабілетіне жетуге бағытталған. Оның адамды өнімді еңбекке даярлауда зор маңызы бар. Мұнда адамның жылдамдық, күш, ептілік, төзімділік секілді дене қасиеттерінен басқа, табандылық, ерлік, мақсаттылық, шешімділік, өзін-өзі ұстай білу секілді бағалы психикалық қасиеттері де дамиды. Алуан түрлі дене жаттығулары, қимылды ойындар, спорт-дене тәр-биесінің құралдары болып табылады. Олармен үйде гимнастика-зарядка, мектепте дене шынықтыру сабақтары, спорт және туристік секцияларда, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде айналысады [4] .
Әр түрлі бұлшық ет топтарын, буындар мен сіңірлерді ұдайы жаттықтыру олардың олардың атқаратын қызметі мен үйлесімділігін күшті дамытады. Дене еңбегі организмнің мүшелері мен системаларын жаттықтырады, қимыл апаратының қалыпты жұмыс істеуін, зат алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мөлшерде әр түрлі жаттығуларды күн сайын орындап отыру, оларды алдын ала белгіленген көлемде, өзіңді ешбір босаңсытпай дұрыс істеуге тырысу белгілі әдетті, одан соң мінез-құлық ережелерін бұлжытпай орындау мұқтаждығын қалыптастырады. Осының арқасында адамның тәртіптілігі артып, оның еркі нығаяды.
Ерлер мен әйелдер организімінің дене мүмкіндіктері әр түрлі. Ерлер шұғыл дене еңбегін оңай атқарады, олардың күшті, қимым амплитудасы көбірек. Әйелдер төзімдірек, бірқалыпты ұзақ жұмысты жақсы атқарады. Сондықтан ұлдар мен қыздарға дене тәрбиесін беру дістері де біраз өзгеше болады. Төзімділікті, жылдам-дықты, қимыл дәлдігін дамытатын жаттығулар екі жыныстағы оқушыларға да бірдей пайдалы, бірақ ұлдарға бұған қосымша күшті дамытуға, ал қыздарға - икемділікті дамытуға арналған жаттығулар қажет [5] .
Көптеген жас өспірім қыздар мен бойжеткендер дене шынықтыру жаттығуын жете бағаламайды. Олар дене шынықтыру жаттығуларын енжар орындайды, сондықтан да кейде 10-12 жастағы қыздардың дене мүмкіндіктері 16-17 жастағы бойжеткендерден жоғары болатындығы кездейсоқ емес. Бұл әйел адамның қалыптасуына теріс әсерін тигізеді.
Ұлдарға, жас өспірімдер мен жігіттерге өздерінің дене мүмкіндіктерін асыра бағалау мен белгілі бір абайсыздықтың, мұны өзі, кейде олардың шамасы келмейтін салмақты көтеруіне, үлкен биіктіктен секіруіне, сөйтіп орынсыз күш, батылдық және т. с. с. көрсетуіне себепші болады [6] .
Олар дене күшін көбіне асыра бағалап, көзге түсе бермейтін, бірақ әсіресе төзімділік секілді өмірлік маңызды сапаларды жете бағаламайды.
Әсіресе, қандай көзге түсерлік болса да дене артықшылықтарын көрсету жолымен емес, пайдалы істерді атқару арқылы айналадағылардың сый құрметіне бөленуге болатындығын жас өспірімдер мен жігіттер есте сақтауы керек.
Дене тәрбиесі организмге дамытушы, жетілдіруші және оңдаушы әсер етеді.
Ол омыртқа жотасының қисаюы, бүкірлік секілді мүсін кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, дене шынықтыру жаттығуының жәрдемімен көбірекқабысыңқылығын, иық қушықтығын, бұлшық ет әлсіздігін оңдауға болады. Организмнің ерекшеліктерін және ерлер мен әйелдердің сымбатына қойылатын эстетикалық талаптарды ескеретін ерлер мен әйел жынысына арналған арнаулы жаттығулар комплексі бар. Сонымен қатар, дене шынықтыру жаттығулары адамның психикалық күйін жақсартып, жалпы тіршілік тонусын арттырады [7] .
Адамның күші оның бұлшық еттерінің дамып, жетілуіне байланысты болады.
Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттерінің күші аз болады. Тек 10 жастан бастап қана бұлшық еттер біртіндеп жетіліп, күші молая береді.
Төменгі сынып оқушыларының бойы тез өсетін болғандықтан, бұлшық еттері көбінесе ұзынынан созылып өседі. Сондықтан оның күші аз болады. Бұлшық еттердің күшін арттыру үшін қосымша дене шынықтыру жаттығуларын орындау қажет.
Балалардың күші олардың сүйек бұлшық еттері жүйесінің дамуымен тығыз байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz