МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ МЕН САЯСИ РЕЖИМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Титулка үшін

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ МЕН САЯСИ РЕЖИМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ . . . 5Мемлекет нысаны мен саяси режимнің негізгі түсінігі . . . 5Мемлекеттің саяси жүйесі мен оның түрлері . . . 7

2. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ МЕН САЯСИ РЕЖИМНІҢ АРА - ҚАТЫНАСЫ . . . 18

2. 1 Мемлекеттің басқару нысанының ерекшеліктері . . . 18

2. 2 Қазақстанның мемлекеттік нысаны мен саяси режимі . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 31


КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Саяси ғылымда режим деген сөзді екі мағынада қолданады. Бірінші - саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси режимді тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси режимді мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың қүқықтарымен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану.

Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы болған режимдсрге болінеді. Саяси режимнің мынандай түрлері болады: деспотиялык, аристократиялық, шектелген демократиялық, теократиялық, әскери-полицейлік, формальды-демократиялық, ли-бералды-демократиялық, бонапартистік, әскери, авторитарлық. тоталитарлық, фашистік, расистік, отарлық, социалистік, пролетарлық және басқа түрлері.

Аталған курстық жұмыс саяси режим аясында болмақ:оның түрлері, мемлекеттік басқару нысаны ретіндегі мәселелерді қарастырдым. Соған байланысты негізгі бөлім өз кезегінше екі тарауға бөлінеді.

Алғашқы тарауда саяси режим түсінігіне тоқталып, оның түрлерін атап өттім. Екінші тарауда әр саяси режимнің функцияларына кеңінен тоқталдым және олардың мемлекетті басқарудағы ерекшеліктерін, әідістерін көрсеттім. Ал, жалпы курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерден тұрады.

Курстық жұмыстың өзектілігі.

Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, үйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.

Мемлекет дегеніміз бүл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси үйым:

а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген.

б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар.

в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамсыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.

Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты руына қарай емес жеріне сай бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттіқ қалыптасуы процесіне әсер етеді. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар, одақтар, бірлестіктер т. б. бүлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси үйымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғарғы өкімет билігіне иелігі. Мемлекеттік өкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық ұйымдарды қамтиды. Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:

Мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым, басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативтік акты қабылдай алады.

Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекет нысандарының мазмүнын талқылай келе, олрдың арақатынасын, жалпы әлемдік тарихтағы орнын қарастыру блып табылады. Сондықтан да, мемлекет нысандарының жалпы сипаттамсына, түсінігі мен мазмұнына тоқталуды жөн санадым. Сондай-ақ мемлекет нысандарының арақатынасы туралы сөз қозғай келе, мемлекет нысандары жөнІнде жалпы мағлұмат беруді орынды деген ұйғарымға келдім.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Мемлекеттік басқару нысаны туралы, олардың құрылымы мен құзыретімен, саяси режиммен танысу;
  • Саяси режим мен мемлекеттің нысандары түрлері мен оның мазмұнын ашу;
  • Мемлекет нысаны бағытындағы негізгі мәселелеріне талдама жасау.

Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі. Курстық жұмыс орындау барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінен, интернет желісінен пайдаландық. Мемлекеттік басқару жүйесінің дамуы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бірқатар ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан. Атап өтсек, А. С. Автономов, Г. Алимурзаев, Е. Г. Анимица, И. А. Василенко, Т. Г. Морозова, А. Н. Швецов, т. б.

Курстық жұмыстың объектісі : мемлекет нысаны мен саяси режим.

Курстық жұмыстың пәні: Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамалары аясындағы мемлекет билік жүйесіндегі басқару органдарының деңгейін талдау.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ МЕН САЯСИ РЕЖИМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ

1. 1 Мемлекет нысаны мен саяси режимнің негізгі түсінігі

Мемлекет нысаны- бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы.

Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы. Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия - бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның - монархтың қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз - бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі - бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай - да бір монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді. Республика - бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілген және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді.

Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер -министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады. ; 3) аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.

Мемлекеттік құрылым нысаны - бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай - ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.

Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер - бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.

Күрделі мемлекет - бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.

Империялар -бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік - құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады.

Конфедерацияларды империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық - құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады, өз азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері сақталады.

Федерация -бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет; онда жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады; федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады; формалды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық - мемлекеттік қағида бойынша орнауы мүмкін.

Достастық - бұл ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі. Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері - бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.

Мемлекеттердің қауымдастығы - бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады.

Саяси режим - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің жинақталуына байланысты режимнің екі түрін ажыратуға болады: - демократиялық және антиде­мократиялық. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зиялы, әлеуметтік мемлекет деп жариялады.

1. 2 Мемлекеттің саяси жүйесі мен оның түрлері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың тарихи типтері
Басқару нысаны
Саяси режим мемлекет нысаны ерекше түрі ретінде
Тоталитарлық саяси жүйенің қалыптасуы
Кұқықтық режимнің дамуындағы тенденцияларды қарастыру
Қазақстандағы құқықтық мемлекет
Қылмыстық саясат
Интеграция
Мемлекет нысандарының қалыптасуының теориялық аспектілері
Мемлекет нысанының соңғы элементі - саяси режим
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz