Мемлекет типологиясы және формалары



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ақтөбе кооперативтік колледжі

0201000 Құқықтану мамандығы

Курстық жұмыс

Пәні: Мемлекет және құқық теориясының негіздері
Тақырыбы: Мемлекет типологиясы және формалары

Орындаған:
ПЮ-21 топ оқушысы
Тексерді:

Ақтөбе, 2017 ж.
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
І. Мемлекет типологиясының жалпы сипаттамасы
1.1 Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері ... ... ...5-9
1.2. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері ... ... ... ... ... ... ...1 0-14
ІІ. Мемлекет басқару формаларының жалпы сипаттамасы
2.1 Негізгі басқару формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-19
2.2 Қазақстанның мемлекеттік құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20-23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24-25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

КІРІСПЕ

Мемлекет деген қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері қалыптасады. Мем-лекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты. Мем-лекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді: 1.Формациялық; 2. Өркениеттік.
Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне қызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды.
Мемлекет типі сәйкес тарихи кезеңде туындайтын оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Белгілі бір кезеңдегі барлық мемлекеттерге белгілі бір сипаттар тән болып келеді. Мемлекеттерді типке бөлу негізінен формациялық және өркениетті тәсілдер тұрғысынан жүзеге асырылады.
Формациялық тәсілдің шегінде негізгі талап ретінде әлеуметтік-экономикалық факторлар, яғни, қоғамдық-экономикалық формация орын алады. Бұл тәсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базисімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға сәйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің жиынтығы ретінде анықталады.
Өркениетті тәсіл шегінде негізгі талаптар ретінде рухани факторлар - мәдени, діни, ұлттық және т.б. факторлар орын алады. Өркениет - бұл қоғамның діни, ұлттық, географиялық және тағы да басқа белгілерінің ортақтығымен ерекшеленетін тұйық және локальды сипаты. Өз дамуында өркениет бірнеше кезеңдерден өтеді:
І кезең - локальды өркениеттер, олардың әрқайсысының өзара байланысты әлеуметтік институттары, оның ішінде мемлекет те, болады (ежелгіегипеттік, шумерлік, үнділік, эгейлік және т.б. өркениеттер).
ІІ кезең - белгілі бір мемлекет типтерімен байланысты ерекше өркениеттер (үндлік, қытайлық, батыс еуропалық, исламдық және т.б. өркениеттер).
ІІІ кезең - өз мемлекеттілігімен ерекшеленетін қазіргі кезгі өркениеттер, бұл өркениеттер енді-енді қалыптасып келе жатыр, бұларға әлеуметтік-саяси құрылымдардың дәстүрлі және қазіргі кезгі түрлерінің қатар өмір сүруі тән.
Ал, нысанына қазіргі өмір мемлекеттік ұйымдардың әртүрлілігімен сипатталады. Көптеген елдерде мұндай ерекшеліктер ғасырлар бойы, тіпті мыңдаған жылдарда сол не басқа мемлекеттердің барлық тарихи прцесінде қалыптасты.
Мемлекеттің нысаны (форма) - күрделі қоғамдық құбылыс, нақтылы елдің аумағындағы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуын және өзіне қосылатын бір-бірімен қарым-қатынастардағы үш бөліктерді сипаттайды: басқару нысанын, мемлекеттік құрылыс нысанын және саяси режим нысанындарын айтсақ болады.
Аталған жұмыстың негізгі мақсаты: дүниежүзіндегі мемлекеттердің формаларын және типологиясын анықтай отырып, Қазақстан Республикасының басқару формасына тоқталу.
Жұмыстың міндеттері:
мемлекет типологиясының жалпы түсінігін және тарихи қалыптасуын сипаттау;
мемлекеттердің негізгі басқару формаларына тоқталу;
Қазақстанның негізгі басқару формаларын, президент, үкімет, сот және т.б. ұғымдарға анықтама беру.

1 МЕМЛЕКЕТ ТИПОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері

Мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Типология - қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл дүние жүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз бүкіл тарихты жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз объективтік процесс.
Бұл даму процесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономикалық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғамның дифференциациялау процестері жатады. Ал тарихи типтің дамуы, мемлекет қай топтардың мүддесін қорғайды, халықтың қандай демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, басқару процесінде қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданатынын көрсетуге тиіс.
Мемлекет пен құқықтың тарихи типі қоғамның, экономиканың дамуымен байланысты болса да, мемлекеттің ерекше даму заңдары бар. Мысалы: Рим құқығы туралы айтатын болсақ Корпус Юрис Цивилис деген ірі кодификациялық заң қабылданған кезде мемлекет ыдырап басқа халықпен жауланып, экономикасы терең дағдарыска ұшыраған еді. Батыс Рим империясын франктер басып алып өздерінің Франк империясын құрған кезде, Византия императоры Юстиниан жүйелеу жұмыстарын басқарып, айтқан құқықтық кодекстің жазуын баскарды. Бұл кезеңде экономиканың, мемлекеттің және құқықтың дамуы бір-біріне сәйкес болған жок. Құқықтың дамуы мемлекеттен көп жоғары болды.
Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі. Бұл пікір қоғамды зерттеуде таптық мәселесімен байланысты. К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин мемлекет үстемдік таптың мүддесін қорғайтын құрал деп түсіндіреді. Марксистік тұрғыдан қарағанда тарихтағы мемлекеттер төрт түрге бөлінді: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер. Бірінші рулық қоғамда мемлекет әлі болған жоқ, ал соңғы коммунистік қоғамда мемлекеттің орнына коммунистік өзін-өзі басқару жүйесі келуге тиіс. Бір тарихи типтен екіншісіне революция арқылы өтеді [1].
Мемлекеттің негізгі мақсаты - бір таптың диктатурасын орнату. Таптық мінездеме экономикалық, әлеуметтік жағдаймен байланысты. Марксизм мемлекетті - бір таптың екінші тапты қанау аппараты деп анықтады. Типті осылай бөлудің прогрессивтік те, негативтік те жақтары бар. Бір жағынан мемлекет таптың құрылуымен байланысы анық көрінеді, топтар және таптар құрылмаған қоғамдарда мемлекет болмайды. Негізінде мемлекеттің алдындағы мақсат екіге бөлінеді: бір жағынан бүкіл қоғамның мүдделерін қорғап, жалпы қоғамдық мәселелерді шешу, ал екінші жағынан - таптардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдету. Қоғамда таптар анық құралмаған кезде де мемлекет пайда болған жағдайлар кездеседі. Мысалы, шығыс мемлекеттерді марксизм кұлиеленушілік мемлекеттерге жатқызады, ал негізінде бұл мемлекеттерде кұлиеленушілік қарым-қатынастар әлі қалыптасқан жоқ еді. Мемлекеттерді туғызған баска жағдай - географиялық жағдайлармен қоғамның жалпы экономикалык функциялары мен қызметтері (мысалы, Египет мемлекетінде - Ніл өзенімен байланысты жер суару жұмыстары). Сонымен, марксистік типологиясының негізін қалыптастыратын қоғамның экономикалық базисі мен таптық құрылысы. Марксизм мемлекеттің тарихи типтерін қоғамның даму кұрылысымен және экономикалық формация деген түсінікпен байланыстырады. Экономикалық формация базис (бұл қоғамның белгілі бір даму дәуіріндегі экономикалық құрылыс) пен кондырмадан (әрбір базистің өзінің қондырмасы болады) тұрады. Базисті өндірістің тәсілі белгілейді. Өндіріс - өндірістік қатынастар мен өндіруші күштерден тұрады. Осы формацияларға марксизм кұлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттерді сәйкес келтіреді. Мемлекеттің тарихи типтері осы экономикалық-коғамдық формациямен тығыз байланыста дамуға тиісті.
Бұлардан баска марксизмде өтпелі дәуірдің мемлекеті деген ұғым бар. Бұл типтерге рулық қоғамнан құлиеленушілік коғам арасындағы, кұлиеленушілік және феодалдық қоғам арасындағы, феодалдық және буржуазиялық типтің арасындағы, буржуазиялық пен социалистік типтердің арасындағы өтпелі мемлекеттер жатады. Қазіргі дәуірді алатын болсак, бірнеше континенттердің мемлекеттері осы өтпелі мемлекеттің типтеріне жатады. Латын Америкасының, Азияның, Африканың XX ғасырда тәуелсіздігін алған мемлекеттер осы өтпелі тарихи типке кірді. Олардың тарихи типтері социалистік те емес, буржуазиялық та емес, олар тек кана социалистік немесе капиталистік бағытта болуы аныкталады.
1991 жылдан кейінгі социалистік мемлекеттерде социалистік жүйе ыдырап, нарықтық экономикалық елдерге айналып, демократиялық қоғам кұру саясатына көшті. Кейбір мемлекеттер социалистік жолынан тайған жок (Куба, Солтүстік Корея, Қытай, Вьетнам).
Мемлекеттерді цивилизациялық, өркениеттік критериймен де бөлу казір жиі кездеседі. Цивилизациялық әдістің және формациялык бөлудің айырмашылықтары көп. Формациялык критерий көбіне коғамның таптык кұрылысы мен өндірістік тәсіліне көңіл аударады. Бұл типологияны сыңар жак түсіндірілуі. Мемлекеттердің ерекшеліктерін білу үшін коғамның барлык салаларының жағдайларына ыкылас салу кажет. Мемлекеттің экономикалык базисін зерттеген де оған коса коғамның мәдени, рухани деңгейін зерттеп, орнын көрсету кажет және қанаушы таптан баска коғамды құрған барлық топтарды зерттеп орындарын, рөлін, маңызын түсінген дұрыс. Қоғамның әдет-ғұрыптарын, әр топтың саналары мен кұкықтарының деңгейін білу өте қажет. Ал, зерттеудің ең маңызды мақсаты -жеке адамның, бостандығы мен құқыктарын, әлеуметтік жағдайын және еңбектегі карым-катынастарын жаксы білу - мемлекетке мінездеме беру үшін өте керек нәрселер. Қоғам бірнеше топтарға бөлінетін болса да, мемлекеттің алдында тұрған максат - сол топтардың арасындағы кайшылыктарды бәсеңдетіп бүкіл халыктың мүддесін корғау. Осы әдісті бізде цивилизациялық әдіс деп атайды. Цивилизациялық әдіс мемлекет өзінің елінде тұратын адамдар үшін кандай жақсылық істеді, экономикалык, саяси, әлеуметтік, өнегелі коғамның дамуы үшін кандай шара колданды деген сұрақтарға жауап береді [2].
Сонымен, цивилизациялык пікір бойынша мемлекеттің тарихи типі өзгеру үшін экономикалык базиска косымша коғамның мәдени және рухани сана-сезімі жоғары деңгейде болуы кажет.
Мемлекет типтерін егжей-тегжейлі қарастырар болсаң, онда төмендегідей мемлекеттер сипаттарына тоқталамыз:
1. Шығыстық мемлекет (Батыс елдері ғалымдарының зерттеулерінде осылай аталады) Египет (қазақша -ежелгі Мысыр), Вавилон (қазақша - ежелгі Бабыл).Бұл мемлекеттердің географиялық орналасуы мен табиғи жағдайлары ірі-ірі суландыру жүйелерін салу жұмыстарын ұйымдастыруды қажет еткен.
Сондықтан да бұл мемлекеттерде жерді суландыру құрылыстарына мемлекеттік меншік болды және мұның өзі сол мемлекеттің экономикалық негізін құрады. Осыдан барып шығыстың мемлекеттің қызметтері анықталды, ол қызметтер:
а) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
ә) Салықтар мен алымдарды өндіріп алу (жинастыру);
б) Өзінің аумағын қорғау немесе басқа мемлекеттің жер аумағын жаулап алу;
в) Қауымдастар мен құл-күндердің қарсылыңтарын басу.
Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі шығыстың деспотия түрінде болатын. Бүкіл билік мұрагер монархқа тиесілі болып, мемлекетті қуатты әскери-бюрократтық аппараттық күшімен басңарған.
2. Құл иеленуші мемлекет (ежелгі Грекия, ежелгі Рим). Бұл мемлекеттердің экономикасының негізі (базисі) тек өндіріс құралдары мен жабдықтары ғана емес, сонымен бірге өндіруші күштер болып табылатын құлдар да құл иеленушілердің меншігі болатын. Мұнда құл иеленушілер және құлдар негізгі таптар еді, бұлардан басқа әлеуметтік топ - қолөнершілер болатын және т.б.
Мемлекеттің қызметтері:
а) құл иеленушілердің жеке меншігін қорғау және қызметкерлерді қанауға жағдайлар туғызу;
б) құлдардың қарсылыңтарын болдырмау, оларды басып, езіп-жаншуды ұйымдастыру;
в) тәртіпті сақтау, тәртіпке келтіру мақсатында идеологиялық күш жұмсау арқылы ықпалын тигізу.
Бұл мемлекеттерде мемлекеттік билікті (өкіметті) ұйымдастыру монархия және республика түрінде болатын.
3. Феодалдық мемлекет, бұл мемлекеттердің эконо-микалық базисі (негізі) - жерге, толық басыбайлы шаруаларға жарым-жартылай түріндегі меншік иесі болу феодалдардың үлесі болатын. Мұндағы негізгі таптар феодалдар және басыбайлы шаруалар еді. Аралық тап - қолөнершілер мен т.б. болатын.
Мемлекет қызметтері:
а) феодалдық меншікті қорғау;
б) қаналушы таптың қарсылығын басу;
в) сыртқы шабуылдардан қорғану және басқаларды басып алушылық (басқыншылық) соғыстарын жүргізу.)
Мемлекеттік билікті (өкіметті) ұйымдастыру түрі -әртүрлі монархия. Басқарудың республикалық түрі (нысаны) тек қала - республика болғандарда кездесіп отырған (мысалы, Генуя, Псков).
4. Буржуазиялық (капиталистік) мемлекет. Мұндай мемлекеттің экономикалық базисі - өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуы, ал негізгі таптары буржуазия мен жұмысшылар, әлеуметтік таптарына - люмпен -пролетариат (қайыршыланғандар) жатады.
Мемлекет қызметтері:
а) экономикалық, яғни белсенді түрде қатысып араласу арқылы экономиканы мемлекеттік реттеу;
б) әлеуметтік (Халықтың кедей топтарына қолдау көрсету және т.б.).
Мемлекеттік билікті ұйымдастырудың түрі (нысаны) сан қилы (республикадан монархияға дейін).
5. Социалистік мемлекет.
Экономикалың базисі (негізі) - жер және т.б. қоғамдың мемлекеттік меншікте болды. Негізгі тап - жұмысшылар мен шаруалар. Әлеуметтік топ ретінде зиялылар алға шығады.
Қызметі:
а) мемлекеттің, қоғамның және еңбекшілердің мүддесін қорғау;
б) экономикалық;
в) әлеуметтік [3].

1.2 Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері

Мемлекеттік типологияның хронологиялық түрі. Бұл әдістің бірнеше түрлері бар. Мысалы, иллюстрациямен істелген дүниежүзілік тарих кітабында ағылшын тарихшысы Маргарет Олифант бүкіл тарихты былай бөледі: Ежелгі цивилизациялар, орта ғасырлар, ғылыми жаңалық ашу кезеңдері (1555-1650), өзгеріс және дағдарыс кезеңдері (1650-1800), одан кейін XIX ғасыр және казіргі дәуір. Сонымен, мемлекеттің дамуын бұл тарихшы сегіз кезеңге бөледі. Ал, кейбір шет елдердің ғалымдары мемлекеттің дамуын келесі кезеңдерге бөлетіні жаксы мәлім: 1) Ежелгі мемлекеттердің тарихы, бұл кезең екіге бөлінеді: Шығыс мемлекеттердің тарихы оған - біздің дәуірге дейін төртінші мың жылдығында пайда болған (Египет, Вавилон, Қытай, Ассирия, Үндістан, Персия) мемлекеттер жатады. Бұл кезеңнің мемлекеттері шығыс деспотияларға жатады. Бұдан кейін көне дәуірдегі антикалық мемлекеттер кезеңі басталады, бұл кезең т.ә. 476 жылына дейін созылады. 2) 476 жылдан басталған кезең орта ғасырларға жатады, араб халифатының көлеңкесінде пайда болған ислам мемлекеттерінің тарихы. Европа мемлекеттерінде бұл кезең феодалдық мемлекеттердің тарихы, ол ағылшын буржуазиялық, революциясына дейін жалғасады. 3) Келесі кезең XX ғасырдың басына дейін жаңа ғасырларға жатады. 4) Ал қазіргі XX ғасыр қазіргі дәуір деп аталады.
Хронологиялық бөлудің басқа да түрлері бар: ежелгі ғасырлар, орта ғасырлар, жаңа ғасырлар және қазіргі дәуір. Бұл хронологиялық бөлудің көп прогрессивтік жақтары бар. Мемлекет қай таптың мүддесін корғайды немесе оның экономикалық жағдайының ерекшеліктері барма деген сұрактарға жауап бергеннен баска, осы дәуірдің жалпы ерекшеліктері бар екенін аныктайды.
Шығыс мемлекеттері. Оған біздің дәуірге дейінгі 4 мыңжылдықтың соңында Египет мемлекеті, одан кейін 3 мыңжылдықта - Шумер, Ассирия мемлекеттері, 2 мыңжылдыкта Үндістан, Қытай, Хеттердің патшалығы пайда болғаны белгілі. Бұл мемлекеттерді құлиеленушілік мемлекеттерге жатқызады, бірақ бұлардың құлиеленушілік мемлекеттерден айырмашылығы өте көп. Олар шығыс деспотия деген ерекше мемлекеттік типті кұрады. Бұл мемлекеттерді біріктіретін жалпы негізгі нышандары бар: экономикасында рулык коғамның қалдықтары көпке дейін сакталғаны белгілі. Сондыктан, жеке меншікпен катар коғамдық және мемлекеттік меншігі калыптасты. Экономикалық жағдайға климаттың ерекшеліктері өзінің әсерін тигізді. Қоғамның мүддесін корғау үшін жер суару және басқа да қоғамдық жұмыстар жүргізілді. Осы мемлекеттер ұлы өзендердің Хуанхе, Тигр, Евфрат, Ніл жағасында орналасты. Бұл елдердің саяси жағдайларын дұрыс түсіну үшін осы ерекшеліктерді ескеру кажет. Құлдық институтының ерекшеліктері болатын. Құлдар көбіне мемлекеттің, кауымның және аздап әрбір жанұлның жеке меншігінде болған. Жердің жеке меншігі күшті дамыған жоқ. Шығыс мемлекеттерде көбіне монархия түрінде дамыды. Құкықтың жазулы түрлері де пайда бола бастады, мысалы Ману, Хаммұрапи заңдары. Шығыс мемлекеттер тарихтағы бірінші мемлекеттердің типін кұрады. Келесі тарихи типтерге Греция және Рим, солармен катар дамыған антикалық мемлекеттер жатады. Бұл мемлекеттердің ерекшеліктері: кұлиеленушілік өндірісі шығыс мемлекеттерден көп жоғары, рулық қоғамның қалдықтары сирек кездеседі, құлдардың еңбегін канап пайдалану экономиканың негізін кұрады. Қоғам негізінде кұлиеленушілерге және кұлдарға бөлінеді. Байлардың жеке меншігінде құлдар, жер және баска өндіріс кұралдары болатын. Құлдардың кұкықтык жағдайлары ашык айтылатын, олар сөйлей алатын құралдарға жатады. Құлдардың ешкандай кұықтары жок, ол өзінің мырза-сының жылжымалы заты. Қоғамның негізгі байлыктарын осы топ жарыкка шығаратын, олардың еңбегін өндірісте, ауыл шаруашылығында, кұрылыста, жалпы жұмыстарда, спортта, басқа да жерлерде пайдаланатын. Сонымен, антикалық мемлекеттерде кұлиеленушілер мен кұлдар екі негізгі таптарды кұрды. Ал олардан басқа топтарға саудагерлер, қолөнершілер, шаруалар жатты. Құлиеленушілік мемлекеттің негізгі максаттары - құлдарды, басқа топтарды езгіге салып, олардың еңбектерін пайдалану. Оның осындай негізін мемлекеттің ішкі және сырткы функциялары дәлелдейді: мемлекеттің негізгі ішкі функциясына құлдарды және басқа кедей топтарды қанау және сол үшін тиісті жағдай туғызу. Мемлекеттің өзі жерлердің, құлдардың, кен шығаратын жерлердің, басқа байлыктардың иесі болатын. Сондыктан, ол жеке меншікті қорғау қызметіне катты көңіл бөлетін. Құлдардың көтерілістері катаң соққымен басылатын, тарихта бұндай жағдайлар өте жиі болды. Антикалық мемлекеттердің сырткы функциялары да соғыс - күреспен байланысты (Рим мемлекеті).
Осы сырткы және ішкі функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттің аппараты ыңғайлы еді, оның демократиялык формалары да кездесетін.
Көне дәуірдегі антикалык мемлекеттер республика және монархияға бөлінеді. Греция, Рим, Спарта республика және монархия болғаны мәлім. Республика аристократиялық және демократиялық түрінде болатын, ал монархияның тек шексіз монархия болғаны анық белгілі.
Құлиеленушілік антикалық мемлекеттердің арасындағы ең ірі және соңғы мемлекет - Рим мемлекеті. Оның патшалык, республика және империя кезеңдері болды. Рим мемлекетінде жаксы белгілі кұкық жүйесі құрылды. Рим кұқығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің типологиясы және формалары
Құқықтық қатынастардың классификациясы
Мемлекеттің пайда болуына байланысты көптеген басқа тарихи деректер
Саяси жүйе институттары
Мемлекет түсінігі және мазмұны
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Саясат тарихы туралы ақпарат
Мемлекеттің типологиясы жайлы
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Саяси жүйелердің негіздері ұғымы мен мәні
Пәндер