Мемлекет аппараты, тетігі
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ақтөбе кооперативтік колледжі
0201000 Құқықтану мамандығы
Курстық жұмыс
Пәні: Мемлекет және құқық теориясының негіздері
Тақырыбы: Мемлекет аппараты, тетігі
Орындаған:
ПЮ-21 топ оқушысы
Тексерді:
Ақтөбе, 2017 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
І. мемлекет аппаратының теориялық аспектілері
1.1 Мемлекет аппараты мен тетігінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-11
1.2 Мемлекеттік аппарат қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІІ. Қазақстанның мемлекеттік аппараты мен механизмі
2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік аппаратының түсінігі және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13-15
2.2 Қазақстанның мемлекеттік органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...16-23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
КІРІСПЕ
Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; Мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі үйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктермен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның екінші бабында; Мемлекеттік қызмет туралы - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттік, өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет делінген.
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынас бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым - қатынастар, сана - сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір - бірімен қарым - қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамудың обьективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттері мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттердің аппараты мен механизміне анықтама беріп, еліміздің аппараты мен тетігіне тоқталу.
Аталған курстық жұмыстың міндеттері:
мемлекет аппаратының, тетігінің түсінігін және қағидаларын қарастыру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратына сипаттама беру;
Қазақстанның мемлекеттік органдарына тоқталу.
1 МЕМЛЕКЕТ АППАРАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Мемлекет аппараты мен тетігінің түсінігі
Мемлекет тетігі -- мемлекеттің қызметін (функциясын), алдына қойған мақсатын іске асыруға арналған мемлекет органдарының жүйесі.
Мемлекеттік аппарат құрылымы мәселесі - бұл оның ішкі құрылымы туралы, оны құрайтын элементтер туралы мәселелер. Олай болса, мемлекеттік биліктің құрылымын әртүрлі қырынан, түрлі көзқараспен қарастыру қажет. Бұл мемлекеттік билік туралы және оның элементтері мен құрамдас бөліктері туралы тереңірек түсінік алуға мүмкіндік береді.
Ғылыми әдебиеттерде биліктің ерік-жігер және күш секілді екі құрылымдық элементтерін ажыратып қарастырады.
Ерік-жігер - биліктің анықтаушы элементі. Кез-келген билік - ол әлде кімнің ерік-жігерінің көрініс беруі. Мысалы, жеке адамның, адамдар ұжымының, таптың, халықтың және т.т. ерік-жігері. Билік ету - өз ерік-жігерін жүзеге асыру, оны біреуге күштеп таңу (күшпен мойындату), оған біреуді бағындыру (бағынышты ету). Мемлекеттік билік - бұл да біреудің ерік-жігері. Қазіргі уақытта оны не халықтың ерік-жігері, не болмаса қайсы таптың ерік-жігері, немесе қандай да бір әлеуметтік топтың ерік-жігері деп санайды.
Күш - ерік-жігерді нығайтады, оның өмірде жүзеге асуына жағдай туғызады. Күшсіз ерік-жігер басқаның қылығына ықпал етуге қабілетсіз болады, яғни өзін толық көрсете алмайды. Мемлекеттік биліктің күші оның абыройы, идеологиялық ықпалдары, мәжбүрлеуі, зорлап көндірулері арқылы көрінуі мүмкін. Мемлекеттік биліктің күші әлде қайда мемлекеттік биліктің органдарында, соның ішінде мәжбүрлеуші органдарда - армия, полиция және т.с.с. нақтырақ көрінеді. Өзінің ерік-жігерін көрсетуі кезінде мемлекеттік биліктің абыройы жеткіліксіз болса, әдетте сәйкес органдары арқылы мемлекеттік мәжбүрлеу тетіктері (механизмдері) әрекетке көшеді.
Егер, мемлекеттік аппарат серпіні бойынша қарастырар болсақ, онда іс жүзінде ол билік етушілер мен билікке бағыныштылар арасындағы туындайтын қатынастар ретінде, яғни билік етушілердің ерік-жігерін жүзеге асырулары мен билікке бағыныштылардың осы ерік-жігерге мойын ұсынулары ретінде көрінетін болады.
Егер, мемлекеттік аппарат серпіні, әрекет етуі бойынша қарастырар болсақ, онда мемлекеттік биліктің құрылымынан келесі элементтердің қалай көрініс беретіндігін ажыратып қарастыруға болады:
Билік субъектлері - бұл мемлекеттік билікті алып жүрушілер, яғни оларға мемлекеттік билік тиесілі болады. Әдетте, мемлекеттік биліктің субъектлері ретінде қазіргі сәтте мемлекет кімнің ерік-жігерін, кімнің мүддесін білдіретін болса, соларды атайды. Сонымен бірге, кей кездері мемлекеттік биліктің субъектлері ретінде не жалпы алғандағы мемлекетті, немесе оның органдарын қарастырады.
Билік объектлері - бұл билікке бағыныштылар, яғни мемлекеттік билік оларға бағытталып жүргізіледі. Әдетте, мемлекеттік билік объектлеріне жекелеген тұлғаларды, олардың бірлестіктерін (ұйымдарын), әлеуметтік және ұлттық қауымдарды, таптарды, жалпы алғандағы халықты жатқызады.
Биліктік қатынастар - бұл мемлекттік билікті жүргізу, жүзеге асыру барысында билік субъектлері мен билік объектлері арасында туындайтын қатынастар. Мұндай қатынастар, бір жағынан билік субъектлерінің ерік-жігерінің көрінісі арқылы, кейде тіптен билік объектлеріне күштеп таңу арқылы білдірілетін болса, екінші жағынан билік объектлерінің билік субъектлеріне бағынуы арқылы көрініс береді.
Билікті жүзеге асыру құралдары - бұл мемлекеттік биліктің өзінің әрекет етуі үдерісінде сүйенетіндері. Мемлекеттік билік билік құралдарының көмегімен жүргізіледі, жүзеге асырылады. Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың арнайы құралдары болып мемлекеттік органдар (мемлекеттік аппараттар) және позитивті құқық нормалары табылады.
Мемлекеттік аппараттың құрылымын басқа да қырынан қарастыруға болады.
Билікті бөлу ұстанымы (принципі) бойынша, көптеген заманауи мемлекеттердің, соның ішінде біздің де еліміздің мемлекеттік билікті ұйымдастыру тәжірибесінде өз орынын тапқан, мемлекеттік биліктің заңдық билік тармағы, атқарушы билік тармағы және соттық билік тармағы секілді билік элементтерін (тармақтарын) атап айтуға болады.
Мемлекеттік билікті аумақтық ұйымдастыру бойынша билігі елдің барлық аумағына тарайтын орталық (жоғарғы) билік және іс-әрекеті сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылым шеңберінде шектелетін жергілікті билік деп бөліп қарастыруға болады.
Жұмыстың мақсаты: мемлекеттік аппараттың қызметін зерттеу зерттеу мақсатына сай келесі міндеттері анықталды:
- Мемлекеттік аппарат түсінігін ашу;
- Мемлекеттік аппарат құрылымына талдау жасау;
- Мемлекеттік органдар түсінігі, белгілері, түрлерін анықтау;
- Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаларын зерттеу;
- ҚР мемлекеттік органдар жүйесіне таллдау жасау;
- Сот билігіне сипаттама беру
Заң ғылымында мемлекет тетігі және мемлекеттік аппарат түсініктері синоним ретінде колданылады. Бірақ, кейбір көзқарастар бойынша мемлекеттік аппаратқа, тікелей басқару ісімен шұғылданатын сол үшін өкілеттілік берілген оргаңдарды жатқызады, ал мемлекет тетігі түсінігіне мемлекеттік аппараттың материалдық қосылымдары кіреді және (қарулы күштер, ішкі істер органдары, түзету мекемелері), себебі мемлекеттік аппарат өзінің қызметін соларға сүйеніп атқарады.
Мемлекет тетігінін, қоғамның өркениетті даму кезендерінде әр түрлі құрылымдары және қызметтері болған. Адам баласының коғамы, прогресс жолымен жылжи отырып, мемлекеттік органдар құрған, мемлекеттің қызметін өз мәнінде қамтамасыз еткен. Мемлекет тетігінің құрамдық және қызметінің әртүрлілігі, онын жалпылама және көптеген бұрынғы және қазіргі мемлекеттерге тән сипаттағы маңызды белгілерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Мемлекет тетігіне -- қоғамды мемлекеттік басқару және оның негізін мүдделерін қорғау жатады және арнайы органдардың мекемелердің жүйесі арқылы іске асырылады.
Мемлекеттік тетіктің жалпы сипаттағы белгілері мынадан кіреді:
Біріншіден, мемлекет тетігі арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).
Екіншіден. мемлекеттік тетік органдардын және мекемелердін киын жүйесі. өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруда тығыз байланыста болды.
Үшіншіден, мемлекет аппарат бөліктерінің барлык қызметтері ұйымдастыру және финанс құралдарымен қамтамасыз етіледі, ал керек жағдайда мәжбүрлеу арқылы іске асырылады.
Төртіншіден, мемлекет тетігі азаматтардың занды мүдделерін және құқықтарын қорғауға арналған. Мемлекеттік органдардың өктемдік міндеттері құқықпен шектеледі, ол жағдай мемлекет пен жеке адамдардың арасындағы адамдық қатынасты толығымен қамтамасыз етеді.
Адам баласы қоғамының дамуындағы әртүрлі кезеңдеріндегі мемлекет тетіктерінің өздеріне тән, ерекшеліктері және құрылымдары болды. Бұны, экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттің ұлттық құрамдарына, жер көлемдеріне, географиялық жағдайларына, тағы басқа себептерге байланысты түсіндіруге болады.
Ертедегі шығыс және алғашқы еуропа еддерінде мемлекеттердің тетіктері көбінесе тұрақты жүйеде болды. Олар мемлекеттің басшысынан (монарх не болмаса коллегиялды орган), орталық мекемелерден, лауазымды адамдардан, жергілікті органдардан, шенеуніктерден, армиядан, соттан, полициядан және басқа да мемлекеттік құрылымдардан тұрған. Мысалға, Рим республикасының негізгі мемлекеттік органдарына Сенат, үлттық жиналыс, магистраттар жатқан.
Сенат -- Рим мемлекетінің ең жоғарғы өкімет органы болған. Заң шығару жағынан, Сенат центриаттармен трибундардың қабылдаған зандарын бекіткен. Сенатта жайластыру және қоғамдық қауіпсіздікке сәйкес жалпыға бірдей қаулы қабылдаған. Финанс жағынан сенат мемлекеттік бюджетті жасап, салықты белгілеген. Сыртқы саясат жағынан басқа мемлекеттермен келісімдер жасаған не болмаса ондай келісімдердің жүргізілуін қадағалай отырып, бейбітшілік келісімдерді жасауға қатысқан. Әскери құрылым жағынан, Сенат мынадай маңызды мәселелермен шұғылданған: ол армияға шақырылатын адамдардың мөлшерін белгілеген, әскер басшыларына армиялармен провинцияларды бөлген, соғыс жүргізуге қаражат бөлген, төтенше жағдайды хабарлаған, тағы сондай көптеген міндеттерді орындаған.
Ұлттық жиналыс (комицин) жоғарғы заң қабылдаған және басқару қызметтерімен шұғылданған. Оның міндетіне заң жобаларын қабылдау не болмаса қайтарудан басқа мемлекеттің лауазымды (магистраттарды) сайлау, шағымдарды шешу кірген.
Магистраттар, басқару функциясын орындаған, оның ішінде армияны басқарған. Заң жүзінде, Рим мемлекетінің кез келген азаматы магистрат болуға құқығы болған, бірақ шын мәнісінде ол орынға, тек үлкен жер иеленушілердің өкілдері сайланған. Магистрат бір жылға сайланған және ол талас орынға бірнеше адам сайланып, ал басқаруды әрбір магистрат жеке жүргізген. Өздерінің орыңдаған лауазымды міндеттері үшін, магисграттар жалақы алмаған. Магистраттардың міндетіне мына қызметтер кірген: жоғарғы әскер басқарушылығы, келісімге келуді шешу, Сенатты және Халық жиналысын жинап, оны басқаруға, соттың жаза белгілеуге, ұйғарымды орындамағаны үшін айып салуға құқығы болған.
Магистраттар -- өздерінің белгілі басқару міндеттеріне байланысты: консулъдерге, диктаторларға, преторларға, цензорларға, квесторларға бөлінеді.
Консульдар -- ең жоғарғы магистраттарға жатқан. Солар ғана әскер басқарған. Сенат пен Халық жиналысын жинаған, ішкі басқаруды жүргізген.
Диктатор -- төтенше магистрат. Ол ерекше жағдайда, Сенаттың ұсынысы бойынша консульдардың арасынан біреуі ғана, алты айға сайланған. Диктаторлар елге соғыс қаупі туғанда, көтеріліс болғанда және тағы сондай төтенше жағдайларға байланысты құрылған.
Преторлар -- алғашқы кезде, консульдардың көмекшісі одан кейін, мүлік туралы жұмыстарды шешуге, сот фунциясын тұрақты атқаруға көшкен.
Цензорлар -- лауазым иесі ретінде сенаторлардың тізімін жасап, Рим республикасының азаматтарын соғыс және аумақтық жерлерге бөлген, бір мезгілде азаматтардың дүние-мүлкін бағалаған және адамгершілік жөнінде бақылау кызметін жүргізген.
Квесторлар -- әртүрлі міндеттерді орындаған: біреулері, кейбір қылмыстық істер туралы жұмысты басқарған, басқасы байлықты сақтаған, төлемдер қабылдаған және ақша төлеген. Сонымен бірге, магистраттар сауда-саттықты тексерген, ақша шығарған, құрылыс және жолды пайдаланумен шүғылданған.
Феодальдық (ортағасырлық) мемлекеттің тетігі өздерінің даму кезеңдеріндегі ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады: ерте феодальдық, сословиялық -- өкілеттік және абсолюттік монархия. Ерте феодальдық монархия кезінде мемлекеттің құрамы аса қиын болмады. Ол мемлекеггің басы (король, князь). сарай ма-ңындағы ақсүйектер, әскери дружиналар, салық жинаушылар. Кейіннен сословиялық -- өкілетті, орындаушы және басқа мемлекеттік билік органдары пайда бола бастайды.
Ортағасырлық мемлекеттердің шоғырлануына байланысты оның тетігі қиындай түседі. Бірнеше салаға бөлінген басқару аппараты пайда болады: әртүрлі министірліктер, орталык ведомстволар, арнайы сот мекемелері, полиция аппараты барлау және басқа мемлекеттік органдар жетіле түседі. Жекелеген феодальдардың әскери дружиналары бір жерден басқарылатын тұрақты армияға айналады. Сонымен бірге, мемлекеттің алдында тұрған көп мәселелерді шешуге шіркеу мекемелерімен діни ұйымдардың үлкен маңызы болды.
XVII-XVIII ғасырларда,әсіресе Еуропадағы буржуазиялық революция кезеңдерінде мемлекеттік аппараттың құрылымына жаңа жөндеулер және функциональдық қызмет істеу тәртібі кіргізіледі. АҚШ-та мемлекет тетігі өкіметтің бөлінуінің классикалық жолымен құрылған. Заң шығарушы өкімет 1787 жылғы Конституция бойынша екі палатадан тұратын Конгресске тапсырылады: Өкілдік палатасы және Сенат. Мемлекеттің және үкіметтің басы болып АҚШ-тың Президенті белгіленген. Ең жоғарғы сот ретінде Жоғарғы Федеральды сот белгіленген, ол Конституцияға сәйкес келмейтін зандарды қайта қарауға құқығы болған. Мемлекеттік аппарат штаттарда да құрылған: заң шығарушы жиналыс, үкімет, жергілікті органдар, полиция, сот, олардың өздеріне тән, азаматтық, қылмыстық және процессуальды заңдары болған.Францияда мемлекеттік тетіктің жаңа элементтері -- Ұлттық конвент, Директория, Напольеон кезіндегі Консульство, Париж коммунасы т.с.с. пайда болады.Россияда Мемлекеттік кеңес құрылып жоғарғы заң талқылайтын органға айналған азаматтық, рухани, өндіріс, ғылым, сауда жөне әскери департаменттер құрылған. Кейіннен министрлер кабинеті пайда болған. Мемлекеттік Дума кұрылып, зандарды шығаруға әрекет жасайтын құқыққа ие болған. Александр-П патшалык кұрған кезде жер-жерде губерниялық басқару земствосы, уездік және губерниялық земство жиналысы құрылған.
Қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты мемлекет аппаратында ескілері жойылып, жаңа кұрылымдар пайда бола бастады. Дегенмен де, барлық тарихи кезеңдерде мемлекеттік аппарат қоғамның саяси жүйесінің құрылуындағы негізгі, алғашқы бастама.
Мемлекет тетігін құру және қызметін белгілеу объективтік сипаттағы белгілі принциптердің негізінде іске асырылады. Мемлекеттік органдарды құруда және жұмыс процессінде жан-жақты есепке алу, қоғамды мемлекеттік басқаруда толық тиімділікті қамтамасыз етеді.
Осыған дейінгі кеңес үкіметі кезінде, мемлекеттік аппаратты құрудағы негізгі принциптерге заң ғылымдары, мына принциптерді ұсынды: мемлекетті басқарудағы халықтың толық қатынасу принципі, демократиялық централизм, пролетарлық интернационализм, социалистік зандылық, социалистік жоспарлылық, есеп және тексеру, мемлекет аппараты бөлімдерінің қызметінде партиялық басшылықты күшейту.
Қоғам өміріндегі саяси, экономикалық тағы басқа салалардағы үлкен өзгерістер, мемлекеттік органдардың құрылымына, мазмұнына және қызметтерінің сипатына айтарлықтай өзгерістер кіргізді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
Мемлекеттік аппараттардың барлық бөліктеріне азаматтардың мүдделерін жоғары қою принципі тән. Ол демократиялық сайлау жүйесімен, әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке адамдардың құқықтарына, азаматтардың бостандығына кепілдік (гарантия) жасауы, мемлекеттік органдардың әртүрлі қызметтерімен камтамасыз етілуі.
Өкіметті бөлу принципі (заң шығаратын, орындайтын, соттық), сол арқылы өкімет органдары және лауазымды адамдар жағынан болатын бассыздықты жоятын тетіктер құрылады.
Мемлекеттік аппараттың жұмысындағы жариялылық және ашықтық принципі. Мысалы, мемлекет азаматтарының жалпы халықтық дауыс беру негізінде (референдум), халықтың мүдделеріне қарсы, мемлекеттің қай органдары болмасын өз шешімдерін жояды, сонымен бірге, бұған халықаралық қатынастардағы да мәселелер кіреді.
4)Жоғарғы мамандық және мемлекеттік органдардың құзіреттілігі, олардың жоғарғы ғылыми деңгейде мемлекет өміріндегі мәселелерді халықтың мүддесіне сай шешуінде. Кәсіби принцип, мемлекеттік басқаруда ең алдымен, білімді адамдарды пайдалану, яғни басқару қызметі сондай адамдардың негізгі мамандығына сай болуы қажеттігі. Басқаруды білмейтін адамдарды мемлекеттік жұмысқа шақыру, отандық тәжірибе көрсеткендей жарамсыз жағдайларға әкеліп соққаны белгілі. Ондай адамдардың басқа, ондіріс не болмаса, ауыл-шаруашылығының жақсы мамандары бола тұрып, мемлекеттік қызметте (кеңесте, олардың комиссиясында, комитеттерінде) өздеріне жүктелген міндеттерді тікелей толығымен кәсіби жағынан орындай алмайтындығы.
5)Заңдылық принцип -- барлық мемлекет тетігін құратын бөліктердің елмен және бірімен-бірінің қарым-қатынасы, сонымен қатар әртүрлі қоғамдық топтармен және ұйымдардың құқықтық бастамасы.
Демократизм принципі, мемлекеттік органдардың қызметін белгілегенде, азаматтардың көпшілігінің әртүрлі мүддесін, олардың діни ерекшеліктерін, ұлттық мәдениетін, дәстүрлерін есепке алуға мүмкіндік береді.
Федеративті (одақтық) мемлекеттерде, мемлекеттік аппараттың қызметін белгілегендегі ең маңызды принципке, субординация және жалпыфедерлдық органдардың (орталықпен) және мемлекеттік билікпен федерация мүшелерінің арасындағы бірбірімен келіскен әрекеті жатады.
Ұлттық федерацияда, олардың өз арасындағы тұрақты міндеттерін қолайлы бөлудің өте үлкен маңызы бар, себебі ондай бөлу федерация мүшелерінің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, олардың ішкі-сыртқы мәселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттің тетігі, мемлекеттік биліктің негізгі орындаушы субъектісі ретінде көрінеді. Мемлекеттік аппарат арқылы, оның органдары өздеріне тапсырылған міндеттерді орындайды, қоғамдық өмірдің дамуына, тұрақтылығына, демократиялық ұйымдастырушылықтың елде сіңуіне, тұрғындардың гүлденіп, жақсаруына белгілі түрде ықпал етеді. Белгілі жағдайда, егер оларға мемлекет ұрықсат етсе, мемлекет органдарының билігін мемлекеттік емес ұйымдар атқаруы мүмкін.
Мемлекеттік органның түсінігі мен белгілері
Мемлекеттің тетігі, арнайы құрылымдағы және өздеріне тән қызметтерді орындайтын әртүрлі бөліктерден тұрады. Тетіктің негізгі бөлігіне мемлекет органдары жатады.
Мемлекет органдары -- мемлекет тетігінің бір бөлігі, заңға байланысты өзіндік құрамы бар, қоғамдық өмірдің бір жағын басқаруға қатаң түрде міндеттелген, басқа мемлекеттік тетік бөліктерімен әрекеттес, бір тұтастықты құрады.
Жоғарыдағы түсініктемеден көрінгеніндей, мемлекеттік органдардың өзіндік белгілері бар:
-мемлекет тетігінің дербес бөлігі ретінде көрінеді;
-мемлекеттік органдар тек құқықтық актылар негізінде құрылып әрекет жасайды (Конституция, заңдар);
-тек өзіне тән мақсаттар мен функцияларды орындайды және соған сай нысандармен әдістерді пайдаланады;
-билік өкілдігі берілген және қажетгі кезде мәжбүрлеу шарасын қолдана алған;
-алдына қойған мақсатқа жету үшін, құрылған мемлекеттік қызметтермен соған сай бөлімдерден тұрады;
Міндетін жүзеге асыру үшін, өзіне сай құрамы, материалдық негізі және финанс құралдары бар.
Мемлекеттік қызметті іске асыру нысанымен мемлекеттік органдар: өкілетті, атқарушы, иелік, сот, прокурорлық және басқа тексеру-бақылау органдарына топтасады:
-билікті бөлу принципі бойынша -- заң шығарушы, атқарушы және сот;
-ескі жолмен -- федеральдық, республикалық және жергілікті;
-өкілеттік, уақытына қарай -- тұрақты (әрекеті тежелмейтін уақытқа құрылады) және уакытша (уақытша мақсатқа жету үшін құрылады);
Мемлекет органдары өздерінің құрылу тәртібіне және атқаратын міндеттеріне байланысты топтарға бөлінеді. Көрсетілген белгілерге байланысты, мемлекеттік органдарды мынадай үш, негізгі топқа бөлуге болады: өкілетті органдар, орындаушы органдар, соттық (құқыққорғау) органдар, оның ішінде Конституциялық бақылау органдары бар.

1.2 Мемлекеттік аппарат қағидалары
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қжет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары - оларды сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33-бабында Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін -өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.
Құбылыстың, заттың жұмыс жасауының, ең басты идеясы, талабы, бастауы.
Мемлекеттiң механизiмiнiң принципi дегенiмiз -- бүл механизм жұмыс iстеуiнiң ең басты идеалары, талаптары.
Мемлекеттiң механизiмiнiң принципi екiге бөлiнедi:
1. Жалпылық
2. Арнайы
1) Заңдылық -- бар адамдар, мемлекеттiк органдар, ұйымдар заңды бұлжытпай орындауы керек ал егер орындамаған жағдайда жауапқа тартылуы керек.
2) Халықтың билiгiн қамтамасыз ету принципi.
Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша мемлекет билiгiнiң қайнар көзi халық. Сондықтан ең маңызды мәселелер шешiлгенде халық тiкелей қатысты болады. Ол: Референдум немесе бүкiл халықтық дауыс беруi арқылы.
3) Гуманизм принцiпi -- мемлекеттiк орган заңға сүйенуi керек және онеге имандылық талаптарына сәйкес болуы керек.
4) Заң алдында барлығы тең принцiпi.
5) Мемлекет қызметкерлерiнiң құзiретi жоғарғы кәсiби принципте болуы.
Арнайы принциптер.
Кейбiр мемлекет органдарына қойылатын талаптар мен бастаулар.
1) Кiнәсiздiк принципi: адамның кiнәсi жоқ деп есептелiнедi, егер адамды кiнәлiдеп тапса онда адамның кiнәсi сотпен дәлелденуi керек, және үкiмiмен анықталуы керек. Сотта туысқандар куә бола алмайды. Егер сот кiнә туралы күмән тапса онда адам кiнәсiз деп есептелiнедi.
Мемлекеттік аппараттың ерекше мінездемесі және ішкі құрлысы бар. Оның ішкі құрлысы және органдардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері бар.
1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс;
2) демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдірді;
3) биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген;
4) заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді;
5) жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпараттармен танысуын білдіреді;
6) кәсібилік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде мейлінше кәсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды;
7) алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы сәйкестігін қамтамасыз етеді;
8) сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесіру қағидасы, бұл қағида мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді байланысын білдіреді;
9) бағыныстылық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдардың мемлекеттік аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді.
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТЫ МЕН МЕХАНИЗМІ
2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік аппаратының түсінігі және мазмұны
Мемлекеттік аппарат -- алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі Конституцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір мемлекеттік аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және зорлау күшімен қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында тұрған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz