ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 4
- Меншік құқығының негізгі түсінігі . . . 4
- Меншік құқығының формалары мен түрлері . . . 10
2 ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ . . . 13
2. 1 Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы заңнамасының дамуы . . . 13
2. 2 Меншік құқығының туынды негіздері . . . 14
3 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ . . . 18
3. 1 Меншік құқығының мазмұны мен жүзеге асырылуы . . . 18
3. 2 Меншік құқығы туралы жалпы ережелер . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 28
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы жөніндегі нормативтік ережелердің азаматтық -құқықтық дәтүр аясында туындағаны сөзсіз. Әйтседе сырқы сипат тағы белгілі бір тарихи себептерге қатысты өзіндік ерекшелігі де болады. Меншік құқығы меншіктің өзі сияқты қоғамдық өмірде негізгі орнының бірін алады. Меншіктік қатынастарды нормативтік реттеу Қазақстан Республикасында мемлекеттің қалыптасуының бүкіл кезеніңде жүрді. Бұл курстық жұмысымда меншік құқығы саласындағы азаматтық заңдар мен дорториналық ережелері генезисінің басты ерекшелігіне топталу. Осылайша зетрреу біздіңше меншік туралы заңдардың даму деңгейін түсінуге ықпал етіп, басты теориялық және іс жүзіндегі проблемаларды анықтауға, оларды шешу жолдарын айқындауға мүмкіндігін береді. Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеудің басты екі бағытын ерекшелеуге болады. Бірінші меншік құқығы туралы неғұрлым жалпы нормативтік және доктриналық ережелерді ағылшын - саксон және роман -герман құқықтық жүйесінде қарастыру.
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезенді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналысына топталады.
Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны өте зор. Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет.
Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден, құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөніндегі пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Аталған жұмыстың мақсаты: еліміздегі меншік құқығының жалпы түсінігін, оның түрлері мен мазмұнына және заңнамасының сипаттын қарастыру.
Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз.
Тиісінше біздің жұмыстың мақсатына сайкес келесі міндеттер қойылды:
- Меншік және меншік құқығы туралы ұғымға, оның негізгі түрлері мен формаларына тоқталу;
- Меншік құқығының Қазақстан Республикасындағы заңнамасын қарастыра отырып, негізгі ережелерін сипаттау;
- Меншік құқығының мазмұнын ашу.
1 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Меншік құқығының негізгі түсінігі
Меншік Құқығы - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін. [1]
Мүлікті меншіктенуге қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі;
Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі.
Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады:
Иелену хақысы - меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;
Пайдалану хақысы - мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;
Билік ету хақысы - құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.
Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде.
Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде орныққанына 15 жыл толып отыр. Қазақстан - зайырлы, әлеуметтік, бастысы құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуға міндет қойып отыр. Оның стратегиялық мақсаттары: экономиканы нарықтық қатынастарға негіздеу, либерал-демократиялық қоғам құру және құқықтық мемлекет орнату. Осы мақсаттарды жүзеге асыру жолында реформалар жүргізіліп жатыр және алдағы уақытта да жүргізіле бермек. Қоғамдағы ең басты құндылық: адам және оның құқықтыры мен бостандықтары болып табылады. Қоғам қашанда белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа сүйене отырып өмір сүреді. Ол әрбір азаматтың саналы, жақсы тіршілігі мен жарқын болашағына жол ашады. Ал қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, ондай қоғамның келешегі болмайды. Сол себепті қоғамды белгілі бір заңдылыққа сүйене отырып, тәртіп орнатудың маңызы зор. Қоғамдағы тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Барлық қарымқатынасты құқықтық тұрғыдан реттеу өте күрделі; ол көп салалы және көп жүйелі процесс. Дегенмен, қазіргі уақытта құқықтық реформаның бірінші кезеңінде ел өміріне қажетті көптеген маңызды заңдар қабылданды. 1994 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі қабылданып, оған Елбасы қол қойды. Бұл кодексте меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар жан-жақты қарастырылып, сараланған. Менің курстық жұмысымның мақсаты - Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы және өзге де заттық құқықтарды теориялық және практикалық тұрғыдан таразылау. Осы мақсатқа орай өзіме төмендегідей міндеттер қойдым: Меншік құқығы ұғымының мәнін ашу, Меншік құқығының нысандары мен түрлерін айқындау, Қазақстан Республикасындағы меншікке байланысты шыққан заңдарды талқылау, “Пайдаланудың өкілеттік құқығы”, “билік ету құқығы”, “иелену құқығы” ұғымдарына анализ жасау, Меншік құқығының тоқтатылу жағдайларын қарастыру.
Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құкық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалык категория деп түсіну керек. Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді - табиғаттың өнімдері мен еңбекті - меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы аркылы пайда болады. Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы кұқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады. Әлемдік құқықтану доктринасы мен отаңдық заң ғылымы меншік кұқығын объективті жағдайдағы меншік құкығы және субъективті жағдайдағы меншік құкығы деп бөледі. Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс, зандар мен басқа да заңдық, нормативтік құжаттар) әңгіме болғаңда - шын мәнінде объективтік мағынадағы меншік кұкығы, яғни меншіктің құқық институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенін көреміз (мысалы, АК-тің 188-276-баптары) . Меншік құкығының объективті нормалары негізінде нақтылы меншік иесі өз калауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті пайдалануына және оған билік етуге құқылы екендігін, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгілі заңдық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік кұқығының субъективті жағына тап боламыз (АК-тің 188-бабы) . Азаматтық кодекстің 188-бабында меншік құқығына мынадай анықтама берілген: “Меншік кұқығы” дегеніміз - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Бұл анықтама мейлінше дәл әрі ғылыми жағынан толық берілген. Өйткені, субъектіге "тиесілі" деген сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын береді. Меншік құқығына анықтаманы субъектінің мүлікке заңға сәйкес билік етуі, оны өзінің қалауынша пайдалануы деп түсіну керек. Яғни субъектінің затқа үстемдік етуі заңдастырылған және оған толық құқылы. Осындай үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген қасиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өндеуге, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, жойып жіберуіне толық құқы бар. Затқа заң арқылы үстемдікті тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені, затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді, демек, затқа меншік иесінің билігі шексіз болуы мүмкін емес. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 188-бабындағы меншік құкығын шектеу мұндай құқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету кұқығы заң арқылы айқындалады. Меншік иесінің еркіндігін шектеу меншік иесінін өз өкілепігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туыңдайды. Мұндай құқықты немесе занды мүддені бұзу басқа түрлерде де кездесуі мүмкін, айта-лық, меншік иесі өзінің монополиялық немесе басым жағдайларын пайдаланып, нарықта көрер көзге қиянатқа жол беруі мүмкін (АК 11-бабының 3тармағы) .
Міне, осындай теріс пиғылды әрекеттерге жол бермеу үшін де осындай талап заңға енгізілді. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті (АК-тің 188-бабының 4-тармағы) . 1. 2. Меншік құқығының иелену, пайдалану және билік ету құрамдас бөліктері Азаматық кодекстің 188-бабында қаралған меншік құкығының иелену, пайдалану және билік ету тәрізді құрамдас бөліктерінен басқа оны заңмен қорғау да ескерілген [2] .
Мұндай құқық өзгенің кұқығына тәуелді емес, меншік иесі өзінің мүлкін сақ-тауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан өрекет етпеуіне тыйым салуына хақысы бар. Егер осындай құқықтары бұзылып жатса, онда ол затты қайтарып алуға, қалпына келтіруге, келген залалдың орнын толтыруға кұқылы. Азаматтық кодекстің 188-бабы 5-тармағына сәйкес меншік құқығының мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін. Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану жөне билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады. Меншік иесі аталғандардың қай-қайсысын да үшінші бір тұлғаға бере алады, тіпті үш өкілеттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі больш қала береді. Мысалы, ол заттарын теміржол, әуежай және қонақ үйдің зат сақтайтын жеріне тапсырып, өз қарауындағы затты күзетшінің игілігіне береді. Кейде заң талаптарына сәйкес меншік иесінен несие берушінің талабын қанағаттандару үшін мүлкі ықтиярсыз алынуы мүмкін, онда меншік иесі әлгі үш өкілеттіктен де айрылады. Бірақ ол мұндай жағдайда меншік иесі болып қала береді. Қарызын өтегеннен кейін мүлкін сатқаннан қалған каржы алуға құқылы, сөйтіп, заттарын кері қайтарғаннан соң оның пайдалану және билік ету өкілеттігі қалпына келтіріледі. Иелену құқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғышарт жасайды. Заң иеленуді занды, заңсыз, адал ниетті және арам ниетті деп бөледі. Егер мүлікті иелену занды негізде жасалса, онда ол занды иелену болып табылады. Яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты (мүлікті) заңсыз иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса, немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп, оны қайтару жөніндегі талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бұзу деп есептеледі. Сондай-ақ иеленуші иеленген затының заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті болса, оңда ол арам ниетті иеленуші делінген. Қарсы жақ өзінің талабын дәлелдемейінше, зат иеленуші адал алушы қатарьна жатады (АК-тің 261-бабы) . Ал, керісінше, егер де мүлік оны иеліктен айыруға құкығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса (адал алушы), мүлікті меншік иесі немесе меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғалтқан не мұнын екеуінен де ұрланған, не олардың иеленуінен бұрын бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруга құқьілы. Азаматтық кодекстің 188-бабында иеленудің әр түрі туралы айтылмаған, тек аталған баптың 3тармағыңда ғана бөтеннің затына кұқық ретінде иеленудің жасалу жолы мен тәуелділігі көрсетіледі. Сонымен бірге занда ерекше негіз бар "Иелену мерзіміне" жол беріледі (АК-тің 20бабы) . Иеленудің мұндай кұқығы меншік құкығынан тұлғаның затты өз билігінде нақты түрде ұстауымен ерекшеленеді. Бұл иеленудің зандық салдары болады, яғни иеленуші мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оны басқалардан қорғауға құқылы (АК-тін 240-бабы, 2-тармағы), ал екінші жағынан, осы баптың нормалары негізіңде өзінің иелігіндегі затты меншіктенуге құқық алады. Сонымен, иеленудің мерзімне мынадай белгілер тән: а) ол иелік ететін мүлікке нақты үстемдік етеді; ө) осы тұлғаның затқа адал, ашық және үздіксіз түрде нақты үстемдік етуі. Демек, иеленудің мерзімі иелену құқығынан меншік құқығының құрамдас бір бөлігі ретінде ерекшеленеді. Оған қоса бұл иелену түрі затты иелену кұкығынан да ерекшеленеді, сонымен бір мезгілде затты иелену құқығын өзгеге бергенімен, меншік иесі болып қала береді (мысалы, кепілдік шарты бойынша) . Пайдаланудың өкілеттік құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, соңдай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде камтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысаңдарында болуы мүжін (АК- тің 188-бабы 2-тармағы) . Пайдаланудың өкілеттік құқығынан жай пайдалануды ажырата білу керек. Пайдаланудын өкілеттік құқығы - затты пайдалануға құқықты қамтамасыз ететін меншік құқығы субъектісінің өкілеттілігі. Пайдалану - осы құқықты жүзеге асыру болып табылады, ягнн затты нақты пайдаланып немесе оны кашан кіріс алғанша тұтыну. Меншік иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік құқығьн қалай жүзеге асырды.
Меншік иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік құқығьн қалай жүзеге асыруды өзі шешеді. Бірақ та, Конституцияның 6-бабын бұрмаламауы тиіс, яғни меншікті пайдалану қоғамдық игілікке карсы келмеуі керек. Демек, қоғамдық маңызы бар объектіні пайдаланғаңда, меншік иесі тек өзінің ғана емес, қоғамның да мүддесін ойлауына тура келеді. Мысалы, қазақ өнерінің көрнекті шығармаларын, айталық мұрагер меншік иесі ретінде бүлдірмеуге міндетті. Меншік иесі баска тұлғаға өзінің пайдалану құқығын беруіне хақылы (мысалы, жалға, арендаға беру т. б. ) . Пайдалануға өкілеттік алған тұлға оны өзі үшін пайдалана бастайды (мысалы, затты пайдалану, өнім алу) . Мұндай жағдайда меншік иесі өзінің өкілеттігіне сәйкес табысты жанама жолмен түсіреді, айталық, затты пайдаланудан түскен кірісті иеленеді, немесе бслгілі бір пайызды еншілейді. Заң негізіңде немесе басқа да құқылық құжаттарға орай меншік иесі өкілеттігінен айрылуы не құқығы шектелуі мүмкін. Мәселен, тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрғын жай мақсатынан тыс пайдалану жағдайы заң арқылы жүзеге асады ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 4-бабы) . Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіңдегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі (АК-тің 188-бабы 2-тармағы) . Билік етудің өкілеттігі меншік құқығының объектілеріне қатысты мәмілелер жасауға өкілетті. Мысалы, меншік иесі өзінің меншік құқығын өзгеге беріп, кепілдік құқық жасап, жалға беруді жүзеге асырса, онда ол билік құқығын жүзеге асырғаны больш табылады. Билік ету құқығы арқылы мәмілелер жасалған кезде меншік иесінің құқығы өзгеге толықтай не жекелеген түрде өтеді (мысалы, арендаторға иелік ету және пайдалану құқықтары беріледі) . Билік етудің өкілеттігін жүзеге асырудың маңызды түрі меншік иесінің мүлікті өз иелігінен шығарып, басқа адамдарға беруі болып табылады. Нарықта өз орнын табу үшін меншік иесіне билік ету қажет. Әдетте тауарлар ауыстыру үшін өндіріледі. Ауыстыру кезінде меншік иесінің құкығы сатушыдан сатып алушыға ауысады. Сондықтан да сатушы тауардың меншік иесі ретінде меншік құқығын өзгертуге мүмкіндік алуы тиіс. Билік ету құқығын жүзеге асыру мақсаты меншіктің әр түрлі түрлеріне сәйкес келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz