Отбасылық құқықтың жалпы мінездемесі



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ақтөбе кооперативтік колледжі

0201000 Құқықтану мамандығы

Курстық жұмыс

Пәні: Мемлекет және құқық теориясының негіздері
Тақырыбы: Отбасылық құқықтың жалпы мінездемесі

Орындаған:
ПЮ-21 топ оқушысы
Тексерді:

Ақтөбе, 2017 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім
І. Отбасы құқығының жалпы сипаттамасы
Отбасы құқығының негізгі түсініктері мен принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Отбасы және отбасылық қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ІІ. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі
2.1 Некенің құқықтық табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Некені тоқтату және оның негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-23
2.3 Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..23-26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

КІРІСПЕ

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болтатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік, немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқықтың басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастары реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу турала арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сөз қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдей реттеуге жатпайды. Профессор О. С. Иоффс атап көрсеткендей, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыда нормалаудың объективтік мүмкіндіктері белгілі бір дәрежете шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқынан шығып кетеді.
Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипаты да неке-отбасы қатынастарының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу бала асырап алушы мен асырап алынушының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды жеке және отбасы туралы заң нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.
Отбасы құқығын зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е. М. Ворожейкин: Өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа жолмен реттелуі керек деп жазды.
Отбасы құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Неке және отбасы туралы Заңы болып табылады. Осы аталған Заң актісі 1969 жыллғы 6-тамызда Республиканың Жоғарғы Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды. Неке және отбасы туралы Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан 213-баптан тұрады.
1 ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Отбасы құқығының негізгі түсініктері мен принциптері

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатыныстар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатыныстар құқықтың басқа да саласының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құрайды. Бірақ, аталған қатыныстардың басымдылығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті - мүліктік қатынсатарды реттеу болып табылады. Ол әзіндік қатыныстарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасы өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осыда жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сез қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдей құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О.С.Иоффе атап көрсеткендей, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыдан номалдаудың обьективтік мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқына шығып кетеді.
Отбасы кұқығын зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е.М.Ворожейкин: Өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа жолмен реттелуі керек, деп жазды.
Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Неке және отбасы туралы Заңы болып табылады. Осы аталған Заң актісі 1969 жылғы 6-тамызда Республиканың Жоғары Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды.
Неке және отбасы туралы Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213- баптан тұрады.
Бірінші бөлімдегі Жалпы ережелерде неке-отбасы заңдарының негізі жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.
Неке деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
Отбасы деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары деген 5 бөлімде ата-аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата-аналардың бағып-күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.
Жетінші бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке-отбасы заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.
Отбасы құқығы бойынша неке - бұл ерлі-зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқы одақ
Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы заңдары негіздерінің бірі болып табылады.
Қазақстан аумағында қолданылып жүрген неке және отбасы туралы заңда некені міндетті түрде тіркеу барлық кезде талап етілмеді. Мұндай ереже 1926 жылға дейін болды да, кейін 1944 жылғы 8-шілдедегі КССР Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығы болды. Бұл Жарлық бойынша іс жүзінде некеде болып, бірақ тіркелмеген адамдардың некесі мойындалмады. Ал, мұндый қатынастағыларға бірге тұрған кездерінің уақыты көрсетіле отырып АХАЖ органдарында тіркеу жолымен рәсімдеу құқығы берілді. Кейін ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған, майданда хабарсыз кеткен жағдайларда аман қалғанының және балаларының мүддесі үшін іс жүзіндегі неке қатынастарын заңдастыру мүмкіндігі сот тәртібімен шешіліп отырады.
Некеге түру үшін заңда белгіленген шарттарды (9-11 -баптар) сақтау қажет. Аталған шарттарды оң (пазитивтік) деп бөлу қабылданған. Басқаша айтанда, онды жағы көбірек болып, теріс жағы болмаған жағдайда некеге тұруға болады.
Оның біріншісіне мыналар жатады: некеге тұратын еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі.
Некеге тұратын адамдардың өзара келісімі некеге тұрудың шарты ретінде еркек пен әйелдің ерікті және еркін одағы болып табылатын неке мәнінен туындайды. Осы шарт біреудің мәжбүр етуімен болатын неке одағына заң мән бермейтін көрсетеді.
Неке және отбасы туралы Заңның 10-бабында белгіленгендей, еркектер мен әйелдердің неке жасы - 18. Ертеректе Қазақ ҚСР-інің неке және отбасы кодексінің 16-бабына сәйкес еркектердің неке жасы 18, әйелдердікі-17 деп белгіленген болатын.
Неке және отбасы туралы Заңның 10-бабында азаматтық хал актілеріне жазу органдары некеге түруды мемлекеттік тіркеу орындарында дәлелді себебтері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендету мүмкіндігі (некеге тұрушылардың өздерінің және олардың ата-аналарының, немесе қорғаушылардың келісімімен) көзделеген.
Белгілінген неке жасын кемітудің қажеттілігіне келетін болсақ, мұндай жағдай әдетте неке жасына толмаған, бірақ іс жүзінде некеге тұрғандар үшін, әйелдің аяғы ауырлығы мен баласын тууы үшін жасалады.
Некеге тұруға кедергі жасайтын қолайсыз жағдайлардың, немесе басқа да себептердің болатындығы Неке және отбасы туралы Заңның 11 - бабында қарастырылған. Осы бапқа сәйкес мына тараптағы адамдардың некеге тұрудың тыйым салынады:
1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балаларыдың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңлілердің (аға-қарындастардың);
3) асырап алушылар мен асырап алынғандардың;
4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың.
Заңмен белгіленген шарттар бұзылған жағдайда неке жарамсыз деп танылады. Сондай-ақ жалған неке (Неке және отбасы туралы Заңның 24-бабы) жарамсыз деп танылады. Белгіленген заң тәртібімен тіркелсе де, отбась құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардыі құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке (заңның 1-бабы) жалған нею деп танылады. Некеге тұру фактісінен көрінетіндей, жалған нек кейбіреулердің бас пайдасы үшін, ғана жасалады (мысалы, қалада тіркеге түр үшін, армия қатарына шақырудан жеңілдік алу үшін т.б.).
Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқығы бар адамдар Неке және отбасы туралы Заңның 25-бабында аталған. Некені жарамсыз де тану туралы талап қоюға жүбайлар, прокурор, қорғаншы және қамқоршы және органдар, сонда-ақ осы некені тіркеу кезінде қүқығы бүзылған басқа , адамдар құқылы.
Неке жасы жөніндегі шарт бұзыла отырып қиылған неке кәмелет толмаған адамның ата-анасының, қорғаншысының (қамқоршысының) және прокурордың талап қоюымен жарамсыз деп танылады. Егер кәмелеі толмағандардың ісін қорғау кезінде жұбайы он сегіз жасқа толса, онда неке тек соның өзінің талабы бойынша жарамсыз деп танылады.
Заңның некені жарамсыз деп тануға қатысты ережелерінің негіздерін атап көрсетуге болады.
Біріншіден, некені жарамсыз деп тануды сот қана жүргізеді.
Екіншіден, егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтте заңға орай оның қиылуына кедергі жасалған мән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Мысалы, ері некеге түру кезінде басқа әйелімен некелескенін жасырған жағдайда, істі сот қарағанда дейін ол өзінің бірінші қиылған некесін бұзып, ажырасып үлгере алады.
Үшіншіден, некені жарамсыз деп тану осы некені қиюдан туындаған немесе зауыптылардың барлық жеке және мүліктік құқығының, сондай-ақ Неке я отбасы туралы Заңның 27-бабында қарастырылған басқа да құқықтық салдарлардың жойылуына әкеледі
Алайда некені жарамсыз деп тану осы некенің қиылуы нәтижесінде туған немесе некені жарамсыз деп танығаннан кейінгі 270 күннің ішінде туған балалардың құқығына нұсқан келтірмейді.
Тіркелген некеге ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.
Неке және отбасы туралы Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зауыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықтары, тұрғылықты жерді таңдау құқығы, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешеу құқығы.
Заңға сәйкес ерлі-зауыптылар тең құқықтырды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зауыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зауыптылардың ешкасысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.
Қолданып жүрген заңда текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зауыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі-зауыптылар өз қалаулары боынша ортақ бір тек таңдауға қүқылы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зауыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) таңдайды.
Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. Қазақ КСР-нің неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ елі. Ал, енді Неке және отбасы туралы Заңның 30-бабында жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанаға дейінгі тегі қосарлас болғанда болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.
Қызмет мамандықты ерікті таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орнынын табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып жүзеге асыратын ісі.
Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-зайыптылардың жеке тұруларына болады, немесе әртүрлі тұрғын үйлерді иемденуге құқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұратындықтан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да бір-бірін белгілі бір жерде түруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтың өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек.
Заңда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары, т.б), осы табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі) және т.б. жатады.
Жалпы тәртіп бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған, немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.
Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді. Мұндай жеке дара мүліктерге ері мен әйелінің некеге тұрғанға дейінгі немесе ерлі-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары, ері мен әйелінің сый ретінде алған, немесе мүрагерлік жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киім, аяқ киім, т.б) ерлі-зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрі жатады. Мысалы, әйелінің қүндыз мантосы, ерінің алтын сағаты т.б. ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады.
Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін. (Неке және отбасы туралы Заңның 34-бабы).
Жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікке ерлі-зайыптылар өзара келісім бойынша иелік ете алады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлікке байланысты өз бетінше келісім жасай алады. Бұл жерде жаңа Заңның талап етуі бойынша басқа жұбайдың келісімін алуы қажет. Ортақ мүлікке байланысты нотариалды рәсімденуі талап ететін мәміле жасау үшін (мәселен, түрғын үйді сату кезінде) екінші жұбайдың жазбаша келісімі қажет.
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы некені тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанда олардың үлестері тең болуы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, отбасының жалпы табысына ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша ескерілмейді. Сонымен бірге жекелеген жағдайларда сотқа кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін ескере отырып ерлі-зайыптылардың үлестерінің теңдігі негізін ескермеу құқығы берілген.
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқада нысандарына орай, пайда болатын яғни отбасы қатынастарын, өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады. Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүлітік емес) немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік құқықтың басқа да саларының бірінші кезекте азаматтық құқықты реттейтін пәнін құруды мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы, бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндетттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірден құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О.С. Иофоде атап көрсеткенде, жеке отбасы қатынастырына жататын заңды тұрғыда нормалаудың обьектік мүмкіндіктері белгісі бір дәрәжеде шектеулі болады да, сырттан бақылаудың ырқынына шығып кетеді.
Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипатында неке отбасы қатынастарнының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу, бала асырап алушы мен асырап алунышының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді.
Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды неке және отбасы туралы заң нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.
Отбасы құқығын зертттеуші кеңес ғалымы Е.Н. Вороженкин, өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқталуы тиіс немесе ол басқа жолымен реттелді деп жазды.

1.2 Отбасы және отбасылық қатынастар

Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз - бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы - неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңы болып абылады.
Неке - отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі - зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты - неке деп түсінуіміз қажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата - анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе - бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата - анасыз бірге тұрып, бір - біріне қамқорлық жасайтын болса - бұл да отбасы.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет - ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей - тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылық - некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындаңы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынстардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондақтан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармақ - арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).
Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негіздеген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары; бір жағдайда ортақ атасы - әкесі, ал енді бір жағдайда - атасы болып табылатын көкесі мен жиені.
Мысалы, азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай - ақ алыс туысқан да есепке алынады. Бүгінгі күнгі мұрагерлердің алты кезектілігі анықталған. Оларға: балалары, ерлі - зайыптылар мен ата - аналарынан басқа (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толық туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай - ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтәлері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде ое жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары, өгей әкесі мен шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады. Туған ағалары мен қарындастары толық туыс және толық емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар - бір ортақ ата - анадан тарайтын аға - іні, апа - қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні - қарындастары толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері басқа болса, оларды бір кіндіктен тарағандар (яғни, бір анадан туғандар) деп атайды. Егер олардың әкесі бір, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар деп атайды. Қазақстанның отбасылық заңнамасы құқықтық жағынан ағасына іні - қарындастарды толық туыс не толық емес туыс деп айырмайды.
Толық емес туыс аға - қарындастарды ерлі - зайыптылардың бұрынғы некелерінен немесе некеден тыс туған туыс аға - қарындастарымен шатастыруға болмайды. Олардың ортақ әкелері де шешелері де жоқ, демек, олар туыс емес, сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның тусытары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары - екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке - шешесі және өгей ер бала мен қыз да сүйек жақындар деп есептеледі.
Отбасының түрлері. Толық және толық емес отбасы.
Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата - анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері - атасы мен әжесі болады.
Толық емес отбасы балалардың ата - анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата - аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата - анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі - зайыптыны бағып - қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі - зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекетарқыы қорғалады.
Неке мен отбасын қорғау.
Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асрылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде - отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер органдары.
Екінші түрі - отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың азаматтар мен ұйымдардың іс - әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей - ақ өздері іске асырады. Мұндай іс - әрекеттерді - құқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата - анасы тәртіп бұзушы баланың ата - анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жаайды және т.б.
Сот арқылы қорғау - отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар - әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата - аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балалары есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай - ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.
Отбасы әр адамның өмірінде, қоғам мен мемлекетте ерекше маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім. өйткені отбасы әр адам үшін махаббат пен қолдаудың сарқылмас бұлағы болып табылады. Мықты, әрі берік отбасы - кез - келген қоғамның дамуына, оның тұрақты болуына кепілдік береді.
Отбасы - қоғамның маңызды әлеуметтік институты, оның құрамындағы адамды репродуктивті қызмет атқаратын қоғамның мүшесі ретінде қарастырады.
Отбасы - кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бар туыстығымен, тұрмыстық ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрлымының негізі болып табылады.
Ер мен әйел - отбасының екі іргетасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі.
Қоғамның тұрақты болуына, дамуына отбасының тигізетін әсері зор. Өзінің табиғаты бойынша ол ортамыздағы түбегейлі мәселелерді шешуге көмектеседі - депопуляцияның азайюына, балалардың әлеуметтенуіне, мәдениет, экономика мен отбасылық кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай ықпалын тигізеді.
Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады. Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларға ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді.
Социологтардың пікірінше, отбасы және оны сақтау халықтың фзиологиялық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Отбасының негізін қалайтын неке - ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әр түрлі жыныстар арасындағы жұбайлық қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық - эстетикалық қатынасқа негізделі керек, жұбайлардың сүйіспеншіліктен қанағат алу материалдық есепке негізделуі тиіс. Отбасының қоғамдық құндылығы тек меншікке, мұрагерлік мүддеде негізделуі қажет, ол жеке адамдардыі рухани қалыптасуы, дамуына байланысты болуы қажет.
Неке - қоғаммен санкцияланған, жыныстық қатынастардың әлеуметтік және тұлғалық қалыпты формасын айтады.
Отбасының негізін некелік жұбайлар құрайды, сонымен бірге толық емес, юридикалық түрде рәсімденбеген отбасылар.
Отбасы тұрақты жүйе. Олардың тұрақтылығынан беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі.
Сондықтан да қоғам некелік - отбасылық қатынастардың нығайуына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата-ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі нәтижесінде дамып, нығая түсуі керек.
Тұрақты махаббаттың негізі Абай: Махаббатсыз - дүние бос, хайуанға оны қосыңдар. Махаббат өмір көркі деген. Ол өзінен-өзі пайда болмайды, оның мыңдаған қыры мен сыры, өз мұңы, өз бақыты мен хош исі болады.
Олай болса, некеге дейінгі қатынастың негізі - сүйіспеншілік, махаббат. Онсыз некеге тұратындардың бақытсыздыққа кездескен мысалын әр ұлт адамдарының өмірінен көптеп келтіруге болады. Тұрмыс құрмағандар - адамдық міндетін орындаудан қашқандар. Адам баласы адамгершілік қасиетінің борышы мен міндетін тек үйлену ғана орындай алады. Бальзак: Ерлі-зайыптылар бастары қосылғанша бір-бірінің мінез-құлқын, әдеттерін біліп алмаса, некенің бақытты болуы мүмкін емес, -- деген болатын.
Неге тұру ер мен әйелдің жауапкершілігін арттыратынжоғарыда айттық. Соған байланысты өмірге жаңа адам келеді. Қоғамның материалдық негізі - экономика, өндіріс, адамның іс-әрекеті арқылы дамиды. Ол үшін ұрпақ жалғасы үнемі дамып отыруы керек. Демек, некелесіп отбасын құру адамзат ұрпағын дамытудың бірден-бір негізі болып табылады.
Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаты, өмір сүру ортасы материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесін сақтайтын әдет-ғұрыптар, әрбір жаңа отбасының адамдық динамикалық негізі. Бұлар отбасы мүшелерінің, адамгершілігін, жауапкершілігін сезінуіне байланысты.
Отбасының маңызы оның атқартын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасының қызметі деген түсінік оның жүйесімен қатынасының жүйесін көрсетеді. Отбасы адамның бастапқы ұясы,қоғамдық-әлеуметтік негізігі компонеттерінің бірі бола отырып,көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Отбасының қызметі қоғамдық тарихи жауапкершілікке оның мүшелерінің жігерлілігі мен еңбек сүйгіштігінде тәуелділділігі мен қатар отбасының негізгі қызметтеріне тоқталайық.
Отбасының бірінші міндеті-ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де,жеке адам үшін де маңызды қызмет болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі,қоғамының қай кезеңінде болмасын,оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған,қазірде солай.
Отбасылық міндеттері мен лидерлік қасиеттеріне байланысты отбасы үш негізгі типтерге бөлінеді:
дәстүрлі (патриархалды)отбасы;
-- дәстүрлі емес(эксплуататорлық)отбасы;
-- эгалитарлы(теңдіктері бірдей отбасы);
Дәстүрлі отбасыларда бір баспанада кем дегенде үш ұрпақ тұруы тиіс. Бұл типтің мінездемесі:
1) әйелдің күйеуіне экономикалық тәуелділігі;
2) әйел мен еркектерінің міндеттерінің білуі;
3) еркектің отбасының басында тұруы.
Дәстүрлі емес отбасыларда:
1) әйел мен еркектің қоғамдық еғбекке бірдей қатысуы;
2) үй шаруашылығын әйел атқарады.
Эгалитарлы отбассының мінездемесі:
1) үй шаруашылығының бірдей бөлінуі;
2) туған мәселені отбасының барлық мүшелерімен келісуімен шешілуі;
3) отбасындағы қатынастардың эмоционалдылығы [1].
С.П.Дружинин эгалитарлы отбасыдеген ұғымды - біздің ешкім де басшы емес, би емес, ерлі-зайыптының екеуі де билікке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқыққа сай жүріс тұрыс ұғымы және мінез құлық түрлері
Заңды мінез-құлық түрлері және қалыптасу ерекшелігі
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшеліктері
Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы
Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні
Афинының мемлекеттік құрылысы
Қылмыс пен жаза
Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар
Қазақстан Республикасының неке туралы жалпы түсінік
Қылмыстық заңның қолдануы
Пәндер