Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен сипаттамасы


МЕСТО ДЛЯ ТИТУЛЬНОГО ЛИСТА
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
- Пайдалы қазбалардың жалпы түсінігі мен сипаттамасы . . . 5
- Қазақстанның пайдалы қазбалары . . .
- ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫҢ ПАЙДАЛЫ ЖАҚТАРЫ МЕН САЛДАРЫ . . . 19
2. 1 Пайдалы қазбалардың сапалық сипаттамалары . . . 19
2. 2 Қазбалардың пайдасы мен шаруашылықта пайдалануы . . . 21
2. 3 Пайдалы қазбаларды тиімді пайдалану . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31
КІРІСПЕ
Қазақстан өзінің жер қайнауының байлығымен әйгілі. Оның байлығы территориясының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу кезінде магмалық жыныстар енгенде және шөгінді жыныстар метаморфтанғанда, рудалар және түрлі минералдар пайда болады. Қатпарлы жақпарлы таулар (Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань) қатты бұзылып күшті кемірілген сайын рудаға бай теңдігі жатқан тау жыныстары жер бетіне жақындап кейде тіпті жер бетіне шығып қалған. Көбіне бұзылған ескі таулардан рудалы қазбалар табылады.
Платформалар облыстарда пайдалы қазбалар беткі шөгінділерде де қатпарлы негізінің метаморфталған жыныстарында да кездеседі. Шөгінді жыныстарда көбнесе рудасыз қазбалар қалыптасады.
1919-1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір бассенінің өнеркәсіптік мүмкіндігі анықталады. Содан бері Қазақстанның геологтары пайдалы кендерді ашып жоспарлы зерттеу жөнінде зор жұмыстар жүргізді.
Қазақстарн қазір хром, ванадий, рений, висмут, фтор қоры жағынан дүние жүзінде бірінші орын алады. Ал темір, хромит, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, фосфорит, мыс, калий және кадмий қорынан елімізде алдыңғы орындардың бірінде. Пайдалы қазбалар кен орындары үш топқа бөлінеді: жанатын, рудалы және рудасыз.
Мұнай мен газдың қоры Атырау, Ақтөбе және Орал облыстарында шоғызланған. Мұнай фантаны бірінші рет 1911 жылы Жайық-Жем бассенніндегі Доссор жерінде атқылады. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегінде Өзен және Жетібай қосылады. Кейін олардан аса зор Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңқияқ пен Жаңа жол (Ақтөбе облысы), және Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) кен орындары ашылды. Оқыту іс әрекеттері мен әдістері. Тектоникалық және физикалық карталарды беттестіре отырып пайдалы қазбалардың пайда болуы заңдылықтарын түсіндіру. Қазақстанның дүние жүзінде пайдалы қазбалар жөнінен алатын орнын баяндау. Қазба байлықтары кен орындары мен олардың ерекшеліктерін анықтауда «Қазақстанның пайдалы қазбалары» картасымен жұмыс істеу.
Қазақстан жер қыртысында тоқсаннан астам пайдалы қазбалар кездеседі. Республика аумағында пайдалы қазбаларды іздестіру жиырмасыншы ғасырдан бастау алған.
Кен орны пайдалы қазбаларды іздестіру өндіруге жарарлықтай жер қыртысында табиғи шоғырлануы. Біздің елімізде 6мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Мысалы: Жезқазғанда мыстың, ал Қарағандыда тас көмірдің кен орны пайдалы қазбалар бар. Қарағанды көмірінің жалпы қоры 45 млрд тонна кен орны ұғымын одан әрі қалыптастыру масатында оқушыларға мынадай сұрақ қояды. Пайдалы қазбалар картасынан басқада кен орындарын тауып атаңдар. Кен орындары жанатын, кен және кен емес болып үшке бөлінеді. Үш топқа қандай пайдалы қазбалар мен кен орындары жататынын, олардың ерекшеліктерін атап өтеді. Сол себепті пайдалы қазбалардың пайдасы жөнінде қарастыру өзекті.
Пайдалы қазбалардың таралу ерекшеліктері: Архей протерозой, полезой, эраларының қалың шөгінді жыныстарының да мыс, мырыш, никель, темір, алтын, фосфор рудалары кездеседі.
Нәтижесінде аталған жұмыстың басты мақсаты бұл - пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен сипаттамасын қарастыра отырып, қазбалардың шаруашылықта пайдалану мен жалпы негізгі пайдаларына тоқталу.
Міндеттері:
- Қазақстанның және жалпы пайдалы қазбалардың түрлеріне, кездесетін аймақтарын қарастыру;
- Пайдалы қазбалардың сапалық сипаттамаларына тоқталу;
- Қазбалардың түрлеріне негізделе отырып, олардың шаруашылықта пайдалануы мен жалпы өңдірудің пайдасын толықтай ашу.
Нысаны: пайдалы қазбаларды өңдіру.
1 ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Пайдалы қазбалардың жалпы түсінігі мен сипаттамасы
Пайдалы қазбалар - техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар. Өзінің физикалық қасиеті бойынша пайдалы қазындылар қатты, сұйық және газ тәріздес болып үшке бөлінеді.
Пайдаланылуына байланысты олар мынадай топтарға белінеді:
- жанғыш - көмір, мұнай, жанғыш газдар мен тақтатастар;
- құрылыстық - гранит, мрамор, утас, құм тағы басқалар;
- химиялық шикізат - күкірт, калий тұзы, апатит, графит тағы басқалар. ;
- отқа төзгіш шикізат - қара, түсті және сирек металл кендері тағы басқалар.
Орналасу жағдайы бойынша бұл қабаттың, желілік тағы басқалар. болып бөлінеді.
Жердің минералды ресурстарын, яғни шикізат пен энергия қорларын пайдалану, адамзат өркениетінің барлық сатыларында дамуының негізі.
Табиғи ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін деп екіге бөлінеді. Бірінші - қалпына келетін ресурстарға Күннен алынатын жылу және жарық энергиясы, жаңбыр суы, жел энергиясы, өсімдік және жануардан алынатын өнімдер жатады. Екінші - көмір, мұнай, металдар мен құрылыс материалдарының миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан шөгінділері қазіргі тұтынушылар үшін қалпына келмейтін ресурстарға жатады. Олардың көпшілігі, мысалы, көмір мен мұнай да Күн энергиясының әсерінен түзілген. Сондықтан қалпына келмейтін ресурстарды қалпына келетін ресурстарға қарағанда тиімді пайдалану қажет. Жіберілген қателердің салдары орасан көп зиян келтіруі мүмкін.
Көптеген қосылыстар мен материалдардың өндірісі үшін негізгі шикізаттардан басқа, соңғы өнімнің құрамына кірмейтін, бірақ өндірістік процеске белсенді қатысатын қосымша заттар: отын, су, атмосфералық ауа, өршіткілер, еріткіштер, балқымалар, тұрақтандырғыштар, тежегіштер және т. б. қажет. Оларды қолданғаннан кейін де іске жаратуға болады.
Химиктер үшін кендер және бос жыныс ұғымдарының маңызы ерекше. Кен орындарындағы пайдалы қазбалардың құрамында бағалы минералдар мен бос жыныстар болады. Бірақ кейде бір минералдың өзі (минералдық қосылыс) пайдалы компонент немесе бос жыныс болуы мүмкін. Мысалы, флюорит, оптикалық өнеркәсіптің шикізаты үшін пайдалы, ал түсті металдар кендерінде - бос жыныс минералы болып табылады.
Кен және бос жыныста бөгде заттар мен серіктес элементтер болады. Оларды пайдалы және зиянды деп екіге бөледі. Пайдалы бөгде заттар бағалы компоненттермен бірге концентраттарға өтіп, олардың құнын көтереді.
Қайта өндіру процесінде қолданылмаған, сол қалпында сұранысқа түспейтін шикізатты қалдықтар деп атайды. Олар көбінесе, екіншілік ресурстарды түзеді. Өңдеуге және өндірісте қолдануға қажетті жағдайға жарамды жинақталған екіншілік ресурстарды - техногендік кен орындары деп атайды. Шикізатты максималды қолдануға және қалдықтарын өндірістің қосымша өнімдері мақсатында іске жаратуға бағытталған шикізаты өңдеу технологиясын қалдықсыз технология деп атайды. Шикізатты және оның компонеттерін өңдеу кезіндегі шығын технологиялық тәртіп пен өндіріс мәдениеті көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Пайдалы қазбалардың физикалық құрылымы бойынша типтері
Халық шаруашылығында қолданылатын табиғи минералды заттар пайдалы қазбалар деп аталады, ал олардың жер қыртысында немесе жер бетінде жинақталуы - кен орындары деп аталады. Пайдалы қазбалар физикалық құрылымына қарай бірнеше типке бөлінеді:
Қатты (әр түрлі рудалар, көмір, мәрмәр, гранит, тұз) ;
Сұйық (мұнай, минералдысулар) ;
Газ күйідегі (жанғыш табиғи газдар, гелий, метан) .
Оларды қолдану саласы бойынша 5 топқа бөледі:
I топ - отын-энергетикалық минералды заттар (көмір, мұнай, табиғи газ, шымтезек, тақтатас, уран) ;
II топ - металдар кендері: қара (темір) , түсті (мыс, алюминий, мырыш, қалайы, сирек және асыл ванадий, германий және т. б. ) ;
III топ - химиялық шикізат: күкірт, калий тұздары, апатиттер, фосфориттер және т. б;
IV топ - құрылыс материалдары, жасанды және бағалы тастар (гранит, мәрмәр, яшма, агат, алмаз және т. б. ) ;
V топ - гидроминералды пайдалы қазбалар (жерасты тұщы сулары және минералды сулар) .
Кен орнының маңызы
Кен орнының өнеркәсіптік құны минералдың өңделу күрделілігіне және бөгде заттардың сипатына тәуелді. Геологиялық және географиялық жағдайларға байланысты анықталатын кен орындарының қолайлы орналасуының үлкен мағызы бар. Кен орнының маңызды сипаттамаларының бірі «шөгу тереңдігі» болып табылады. Беттік және онша терең емес кен орындары салыстырмалы түрде арзан ашық карьерлі жолмен өңделеді. Тереңде орналасқан кен орындарын игеру үшін қымбат шахта қондырғылары қажет. Кен орнының экономикалық құндылығы климат жағдайына, жол торабының болуына және тұтынушыдан қашықтығына байланысты. Өнеркәсіптік өнімдердің өндірісіне қолданылатын табиғи материалдар «шикізат» деп аталады. Әр түрлі кен орындарындағы шикізаттардың табиғи сапасы бірдей емес, сондықтан бөлінетін пайдалы компоненттердің бағасы да әр түрлі. Көптеген өндірістерде шикізат ретінде басқа өндірістердің қалдықарын немесе өнімдерін қолданады.
Пайдалы қазбалардың түрлері
Жасалыну эволюциясына байланысты барлық пайдалы қазба магмалық, жауындық және метаморфтық болып бөлінеді. Олардың Жер бетінде орналасуында да белгілі бір заңдылық бар. Бір мекенде жинақы күйде табылатын пайдалы қазбалар магмалық болып есептелінеді. Бұл руданың магмадан және одан бөлінетін ыстық су қоспасынан қалыптасатынын білдіреді. Магма Жер қыртысына дейін көтеріліп, қатты күйге өзгеріп отырады. Магманың қозғалысқа енуі, яғни жер бетіне көтерілуі тектоникалық қозғалыстың әсерінен болады. Нақтырақ айтар болсақ, Жер қыртысының әр қабатынан біркелкі көтеріле, Жер бетіне жақындайды.
Пайдалы қазбаларды өндіріп алудың бірнеше жолы бар. Бірінші, ашық түрде руда табылған мекенді алқапқа айналдырып, қазып алу. Бұл экономикалық тұрғыдан өте үнемді тәсіл болып келеді. Себебі бұл жолмен қазуға салыстырмалы тұрғыдан көп техникалық жабдықтар қажет болмайды. Көмір қазып алудағы шахта тәсілі біршама көп қаржыны талап етеді. Сондықтан көмірдің бағасы қымбаттау болып келеді. Ал мұнайды алу тәсілі де өте тиімді ойластырылған. Оны мамандар труба арқылы сорып Жер бетіне шығарады. Одан бөлек, сораппен (насос) шығару жолы да кең қолданысқа енген. Айта кетсек, пайдалы қазбаларды өндіруде қолданылатын ерекше әдіс-тәсілдер де бар. Олардың бірі геотехнологиялық әдіс деп аталады. Аталған әдіс көбіне руданы өндіруде қолданылады.
Пайдалы қазбаларға деген сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Сонымен қатар, минералды шикізаттар да күнделікті өнеркәсіпте тиімді пайдаланылып жатыр. Дегенмен, пайдалы қазбалар қайта қалпына келмейтін шикізат болғандықтан, олардың тек қажет кезінде ғана өндіріп алған дұрыс болады.
Ол үшін:
Қазып алу кезінде қазбалардың шығынын азайту;
Барлық компонентті қамтитын рудаларды ғана қазуға рұқсат ету;
Пайдалы қазбалардың жан-жақты қолданысқа енуіне жол беру;
Бір жерден қазып ала бермей, өзге кен орындарын табуға тырысу.
Осы жолдармен, пайдалы қазбалардың өндірілу көлемін алдағы уақытта артуына емес, тиімді қолдануына мән беру керек. Себебі шамадан тыс пайдалы қазбалардың өндірілуі Жердің тартылу күшіне де өз әсерін бермей қоймайды. Айта кетсек, Жер бетіндегі үлкен болған кен орындар негізінен солтүстік жартышарда орын тепкен. Демек, көп өтпей екі полюстің тепе-теңдігін сақтап тұрған Жердің салмағы өзгеруі мүмкін. Ал Жердің салмағы өзгетерін болса, гравитацияның ауытқып кетуі де ықтимал.
1. 2 Қазақстанның пайдалы қазбалары
Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден - үшінші, мыс - төртінші, уран - бесінші, алтын - алтыншы, темір кені - жетінші, қалайы мен никель - сегізінші, көмір мен табиғи газ - тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастүз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік-Балқаш) және Орал-Каспий (Жайың-Жем) жатады.
Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі больш табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газды конденсат - 15-ші, мұнай өндіру - 23-орында. Қазақстанның үлесіне барланған мұнай қорының 2%-на дейін (Каспий шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен кен орындарының өндірілетін қоры 2, 2 млрд. тонна, конденсат - шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна
Қазақстанның жер қыртысы мұнаймен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50-100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қоры 1, 3 триллион куб метрді құрайды.
Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры, табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұнай мен газга қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан-Алакөл ировинцияларының болашағы зор. Қазақстанда металл кен орындары барланған.
Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай темір кен бассейнінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлактар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
Алатау темір марганец бассейнінде шамамен 500-дей кен орындары мен металл іздері табылган. Бассейндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна және марганецті кендер - 80 млн. тоннаны құрайды.
Ұлытаудағы Қарсақатай темір кен орындарында 500 млн. тонна темір кені бар.
Шағын темір кен орындары Кеңтөбеде (Қарағанды), Атансарда (Көкшетау), Қаратаста (Жезқазған), Иірсуде (Оңтүстік Қазақстан) және т. б. жерлерде табылған.
Марганец кендері Атасу темірмарганец бассейнінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда, Маңғыстау мен Семейде анықталған.
Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындары бар. Кеннің ұзындыгы 80 км, ені 0, 6-дан 30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60% ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кең орны жоқ. Хромит кенін өндіру бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты.
Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарғада, Ақтауда, Семейде табылған.
Ванадий кендері Қаратау мен Жабағылтауда табылған. Кендегі ванадийдің мөлшері шамамен 1% және молибден 0, 22 %. Кеннің сапасы жоғары емес. Ванадий бар кендер Шыңғыс тауларында, Бетпақдалада, Кіндіктаста, Теріскей Алатауы мен Жезқазған аймағында кездеседі.
Титан кендері Қостанайда, Көкшетауда, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында барланған. Ұлытау, Оңтүстік Алтайда және Жезқазған облысындағы қоры белгілі.
Қазақстан түсті, бағалы және сирек металдардың көптүрлілігімен, байлығымен сипатталады.
Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады.
Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.
Никель және кобальт кендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Карағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді Жоғары сапалы никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындағы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері басқа Семей және Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан металлургиялық өндеу барысында талқыланады.
Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпатында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда, Атбасар-Терісқанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай, Сәуір тауларында және т. б. орналасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саян, Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т. б. еліміздің ұлттың байлығы болып табылады.
Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден, күкірт және т. б. компоненттер алынады.
Қорғасын-мырыш (полиметалл) кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен Жоңғар Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және металлургиялық кәсіпорындар Лениногорскіде, Зыряновскіде, Өскеменде, Текеліде, Шымкентге, Қарағайлыда, Кентауда жәие т. б. жұмыс істейді.
Полиметалл кендерінің құрамында қорғасын мен мырыш немесе мыс пен мырыш немесе қорғасын мен мыс немесе тек мырыш болады.
Сарыарқада Атасу тиіндегі полиметалл кендері Қарағанды және Жезқазған облыстарында орналасқан. Комплексті, қосымша компоненттері бар кен орындары Балқаштың солтүстігінде орналасқан. Бірнеше полиме-талл кендерінен біреуі ғана - Ақжол іске қосылған.
Қаратауда Ақсайдан басқа Аралтау, Ақсоран, Байжансай кен орындары бар. Жоңғар Алатауында Текелі, Көксу, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе және т. б. кен орындары іске қосылған.
Шу мен Іле тауында да полиметалл кен орындары табылған.
Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысымен солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстікте - Ақсу, Машайық, Жусалы, Жақтабыл, Төртқұдық және т. б. кен орындары. Шығыста - Қалбы алтынды ауаны. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған.
Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады. Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10-15-тен 100-120 тоннаға дейін арттыруға болады.
Сирек металдар Қазақстан жерінде кеңінен таралған.
Вольфрам мен молибденнің өнеркәсіптік кен орындары Сарыарқада (Байназар, Ақмая, Шалқия, Саран, Батыстау және т. б. ), Таулы Алтайда (Көкшіл, Шындығатай), Іле Алатауында ашылған. Солтүстік Балқаш кен орындарында (Қоңырат, Бозшакөл, Саян) және Қаратаудың, ванадийлі кен орындарында әр түрлі мөлшерде молибден қоры бар.
Тантал-ниобий кендері Қалба мен Мұғалжарда таралған. Комплексті ниобий кендері Семей және Көкшетау облыстарының гранитті шөгінділерінен табылған.
Цирконий Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Торғай ойпатында, Арал маңы мен Мұғалжарда таралған.
Висмут қорғасынды, мырышты және мыс кендерінде кездеседі. Сураманың бірден бір кен орны (Торғай) Акмола облысында орналасқан.
Сынап Шар ауданында, Шу, Іле және Жоңғар Алатауында табылған.
Мышьяктың негізгі қоры алтын кен орындарында орналасқан.
Кадмий Кенді Алтайда, Сарыарқа мен Қаратауда таралған. Оның қоры қорғасынды-мырышты, мысты кен орындарында орналасқан. Кадмийді концентраттардан өндіреді.
Галий Амангелді және Торғай бокситінде, Алтайдың полиметалл кендерінде кездеседі.
Индий Мырғалымсай, Текелі, Майқайыңның полиметалл кендерінен алынады.
Рений Жезқазғанның мыс кендерінен табылған.
Талий Алтай кендерінен (Лениногорск, Зыряноск, Ертіс маңы), Сарыарқа (Жайрем, Ақжал, Ұзынжал, Қарағайлы), Жезқазған және Қоңырат кен орындарынан алынады.
Селен мен теллур Кенді Алтай, Маңайының, Шыңғыс тауының полиметалл кендерінен, Саян, Қоңырат, Бозшакөлдің, Шатыркөл, Жезқазған және т. б. мысты кендерінен алынады.
Сирек металдардың қасиеттері мен алыну технологияларын меңгеруде үлкен еңбек сіңірген ғалым, ССРО-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Е. А. Букетов.
Қазақстанның үлесіне уранның дүниежүзілік қорының 25, 7 проценті тиеді (3, 5 млн. тоннаның 900 мың тоннасы) . Уран кен орындары Созақ ауданында, Маңғышлақта, Қордайда, Атбасар ауданында және Көкшетаудың бірқатар ауданында орналасқан.
Қазақстан рудалы емес пайдалы қазбаларга да бай. Калий тұздары маңызды химиялық және агрохимиялық шикізаттық ресурстардың бірі болып табылады. Калий тұздарының қоры республикамыздың батыс бөлігінде, Жайық-Жем аймағында орналасқан.
Полиметаллдық кендермен әдетте серіктес болатын барит қоры Жалайыр, Бадам, Шығанақ және т. б. кен орындарынан табылған. Жыл сайын полиметаллдық кендерден 1, 1-1, 2 млн. тонна флотациялық бариттік концентрат өндіріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz