Кәсіподақтық түсінікті қалыптастыру



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I Тарау

1.1. Кәсіподақтық түсінікті қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Кәсіподақтық . Парламенттік ынтымақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

II Тарау

2.1. Кәсіподақтар қозғалысының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы»Қазақстан республикасының 1997жылғы 20 маусымдағы №136-1Заңы

2. Қазақстан Республикасында « Мүгедектігі бойынша, Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы №126-1

3. Әлеуметтік кепілдіктерді реттеу жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республткасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1996 жылғы 23 қаңтар №2788

4. Интернет көздері www.google.kz

5. www.rambler.ru

6.Әлібаев А.Б. Қазақстанның зейнетақы реформасы: Алматы,

7.Сансызбаева Г.Н. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның проблемалары/ Оқу құралы.-Алматы: Экономика,1998

8.Адам дамуы: әлеуметтік-экономикалық прогрестің жаңа өлшемі/Колесов В. және Маккинли ред. М.: Адам құқықтары ( Права человека),2000

9.Жұмағұлов Ғ.Б. Ахметов А. Ахметова г. «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» Алматы,2005
Сілтемелер
1. Учрежден знак Федерации профсоюзов Республики Казахстан «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін». 8 сентября.
2. Съезд профсоюза железнодорожников и транспортных строителей, г. Астана. 21 сентября.
3. Встреча Премьер-Министра Республики Казахстан К. Токаева с председателем Федерации провсоюзов С.О. Мукашевым. 22 января.
4. Семинар «Женщины в обшественном движении». 27 сентября.
5. Заевление председателя Федерации провсоюзов Мукашева С.О. «О ситуации в Федерации провсоюзов Республики Казахстан». 21 ноября.
6. Принято постанавление Правительства РК №91 « О внесении изменений и дополнений в постанавление Правительства Республики Казахстан от 11 января 2002 года №41». 24 января.
7. Принята Программа развития провсоюзного туризма в Республике Казахстан на 2003-2005 годы. 30 января.
8. Чествование ветеранов провсоюзного движения – участников Великой Отечественной войны и трудового фронта, посвященное 60-летию Победы (г. Алматы). 28 апреля.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I Тарау

1.1. Кәсіподақтық түсінікті
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Кәсіподақтық – Парламенттік
ынтымақтастық ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..11

II Тарау

2.1. Кәсіподақтар қозғалысының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 15

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..20
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Кіріспе
Қазақстан Республикасы саяси тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік және
келісім жағдайында он бес жыл бойы тәуелсіз, егеменді құру бағытын жүзеге
асырып келеді. Осы жылдарда Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясы, оның
мүшелік ұйымдары жаңа демократиялық қоғам құрудың белсенді қатысушылары
болып табылды., әлеуметтік-бағдарлы нарықтық өзгерістерді қолдап жалдамалы
жалдамалы еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғады.
2000 жылдың мамыр айында болған кәсіподақтар Федерациясының ХҮІ-ІІ
съезі кәсіподақ ұйымдарының өміріндегі маңызды кезең болды, кәсіподақтар
қызметінің үшінші мыңжылдық алдындағы негізгі бағыттарын айқындады.
Республикалық салалық кәсіподақтардың, облыстық одақаралық
бірлестіктердің, Федерацияға біріккен барлық кәсіподақ ұйымдарының іс
жүзіндегі күштері кәсіподақтар Федерациясының ХҮІІІ съезінің бағдарламалық
құжатында, Халықтың еңбекақысы және табыстары туралы, Жұмыссыздыққа
қарсы, халықтың толық және жемісті жұмыс істеуі үшін, Шетелдік
қатысушылары бар кәсіпорындардағы еңбекшілердің жағдайы туралы, Еңбекші
әйелдердің құқықтары мен мүдделері қамтамасыз етілсін, Әділ зейнетақыны
қамтамасыз дету үшін деген съездің мәлімдемелерінде, үндеулерінде және
қарарларында мазмұндалған, Қазақстан еңбекшілерінің өзекті әлеуметтік-
экономикалық проблемаларын шешуге арналған міндеттерді орындауға
бағытталған болатын.
Съезд Күшті кәсіптік одақтар – еңбекшілердің сенімді әлеуметтік-
экономикалық қорғаушысы атты ұранмен нарықтық экономиканы жаһандандыру
кезеңінде күшті әлеуметтік саясат жүргізуге қол жеткізу, кәсіподақтар
қызметінде экономикалық және саяси күрес әдістерін байланыстыру,
паламенттік, заң шығару қызметіне және әлеуметтік серіктестікке белсенді
қатысу міндеттерін алдына қойды.
Өткен бес жылда кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырушылық жағынан
нығайып, бірлігі мен ынтымақтастығын сақтады және өзінің негізгі мақсатын
ақтады, яғни еңбекшілердің ең ірі өкілді ұйым бола білді. Қазір
кәсіподақтар Федерациясы дегеніміз – 26 салалық республикалық және аумақтық
кәсіподақтар, 14 облыстық одақаралық бірлестіктер және Астана қаласының
Кәсіподақтар Кеңесі. Кәсіподақтар мүшелерінің жалпы саны шамамен екі
миллион адамды құрайды.
Кәсіподақтардың Федерациясы және оның мүшелік ұйымдары жаңа ХХІ
ғасырға аяқ баса отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеудің жаңа
баламалы нысандары мен әдістерін тапты. Әлеуметтік серіктестік жаңаша
дамуда, атқарушы билік органдарымен және жұмыс істеудің жаңа баламалы
нысандары мен әдістерін тапты. Әлеуметтік серіктестік жаңаша дамуда,
атқарушы билік органдарымен және жұмыс берушілермен жүйелі, іскерлік қарым-
қатынастар пайда болды. Кәсіподақтар қызметі келісімдер және ұжымдық
шарттар жасасуда нақтылық пен тиімділікке қол жеткізді. Бұл жұмысқа
кәсіподақ ұйымдарының көпшілігі тартылды. Парламентпен және Еңбек
депутаттар тобымен өзара тығыз жұмыс істей отырып, еңбекшілердің әлеуметтік-
экономикалық құқықтарын заңнамалық түрде қамтамасыз ету бойынша күнделікті
жұмыстар жүргізілді, кәсіподақтық ұйымдары қызметінің құқықтық базасын
нығайтуға және кеңейтуге қол жеткізілді.
Федерацияға біріккен кәсіпшілер одағы 2003 жылы болған еліміздің
жергілікті өкілді органдарының сайлануына және 2004 жылы Парламент
Мәжілісінің сайлануына белсенді қатысты. Осы сайлаулардың қорытындылары
кәсіподақтардың абыройының көтерілгенін, кәсіподақтар Федерациясының сайлау
алдындағы ұстанымдарын сайлаушылар қолданғанын көрсетті. Кәсіодақтардың
сайлау науқаны кезінде жинақталған жұмыс тәжірибелері жаңа депутаттық
корпуспен бұдан әрі белсенді ынтымақтастық жасау үшін алғышарт, үшінші
шақырылым Парламентінде Еңбек депутаттық тобының жаңа құрамын
қалыптастыру үшін негіз болды.
1.1. Кәсіподақтық түсінікті қалыптастыру
Кәсіподақтар Федерациясының ХҮІІІ съезінің Қазақстан Республикасының
Парламентіне Әділ еңбек қатынастары үшін деген үндеуін басшылыққа алып,
кәсіподақтар 1999 жылдың желтоқсан айында қабылданған Еңбек туралы Заңға
өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған жалпы республикалық акция
жүргізді. Кәсіподақтардың наразылығына қарамастан, бұл заңға еңбек
рыногында қызметкерлерді кемсітетін бірқатар нормалар енгізілгені белгілі.
Әсіресе жұмыс берушілерге өздерінің қалауы бойынша барлық жеңілдіктер мен
әлеуметтік кепілдіктерден айырып, қызметккерлерден қысқа мерзімді еңбек
шарттарын жасауға мүмкіндік беретін ережелер наразылық тудырды.
Проблемаларды шешу мақсатында кәсіподақтар Федерациясының басшылығы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшыларымен, Парламент
депутататарымен кездесулер мен келіссөздер жүргізді. ХҮІІІ съездің үндеуіне
Еңбек тобының депутаттары назар аударып, 2001 жылдың маусым айында Еңбек
туралы Заңға енгізілетін 5 елеулі түзетулерден тұратын жобаны ұсынды.
Федерация, оның мүшелік ұйымдары депутаттардың бастамасын қолдады.
Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар барлық кәсіподақтық ұйымдарында
талқыланды. Федерацияға 130-дан астам қосымша ұсыныстар келіп түсті [1].
Кәсіподақтардың қозғалысы Үкіметті еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша
нақты жұмысты бастауға, осы мақсатта арнайы жұмыс тобын құруға мәжбүрледі.
Алайда, Федерация берген ұсыныстардың көбісі үкімет ұсынған заң жобасында
орын таппады. Ал жобаның кейбір нормалары кәсіптік одақтардың қызметіне
нұқсан келтіруге бағытталып, жұмыс берушіге оның қызметіне араласу, құқығын
беруге Кәсіптік одақтар туралы қолданыстағы Заңды, сондай-ақ Қазақстан
бекіткен Халықаралық Еңбек Ұйымының келісімін елемеуге бағытталды. 2002
жылдың желтоқсан айында заң жобасын Үкімет Мәжілісінің қарауына енгізді.
Заң жобасын өткізу Парламентте күрделі және ұзақ болды. Заң жобасы екі
жыл бойы талқыланды және әрбір бабы, әрбір тармағы мен тармақшасы бойынша
даулар мен таластар болды. Федерацияның және салалық кәсіподақтардың
өкілдері Парламенттің жұмыс топтарында және комитеттерінде депутаттармен
белсенді жұмыс жасап, білікті мамандарды тартты және салыстырмалы
кестелерге ұсыныстар мен негіздемелер дайындады.
2003 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының
Еңбек дауларын шешу кезінде соттардың заңнаманы қолданудың кейбір
мәселелері туралы Нормативтік қаулысының шығуы кәсіподақтардың
ұстанымдарына едәуір қолдау көрсетті. Атап айтқанда, Жоғарғы сот Кәсіптік
одақтар туралы заңға сай кәсіпшілер одағының мүшесі болып табылатын
қызметкермен әкімшіліктің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу тиісті
кәсіподақ комитетінің рұқсатымен ғана жүзеге асырылуы мүмкін екенін
айқындады.
Кәсіподақтар қысымының және Еңбек тобы депутаттарының жігерінің
арқасында үкіметтік заң жобасына едәуір оң өзгерістер енгізіліп, 2004
жылдың мамыр айында Мәжіліс заңға 66 түзеті қабылдап, оларды Сенаттың
қарауына жолдады. Алайда Сенаттың Әлеуметтік-мәдени дамыту жөніндегі
комитетінің кеңейтілген мәжілісінде, содан кейін Сенаттың пленарлық
мәжілісінде еңбекшілердің құқығын қорғау және кәсіподақтардың іс-
әрекеттерінің бостандығы үшін аса маңызы бар кейбір өзгерістер мен
толықтырулар алынып тасталды.
Парламент Мәжілісі мен Сенатының келісім комиссиясының талқылауынан
кейін ғана заңға кәсіподақтар Федерациясы ұсынған 50-ден астам өзгерістер
мен толықтырулар қабылдданды. 2004 жылдың 23 желтоқсанында Президент Н.Ә.
Назарбаев Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Қазақстан
Республикасының Заңына қол қойды, ал 28 желтоқсанда, оны ресми жарияланған
күні Заң күшіне енді [2].
Ескі заңнан жұмыс берушіге өз бетімен қызметкермен қысқа мерзімді
еңбек шарттарын жасауға мүмкіндік иберетін нормалардың жалып тасталуы ерек
ше қуантады. Заңнамалық түзетулер бір жылға дейінгі мерзімге арналған жеке
еңбек шарттары қасқа мерзімді сипаттағы жұмыстарға немесе оны орындау
жағдайларына, сондай-ақ уақытша жұмыс орнында жоқ қызметкердің орнын
ауыстыруға ғана жасалу мүмкін екенін белгіледі. Қызметкерлерді кемсітетін
нормалар алынып тасталды: жұмыс беруші бұдан кейін ұйымның жұмысын
тоқтатуға (локаут жариялауға) және қызметкерді сот заңсыз деп танылған
ереуілге қатысқаны үшін жұмыстан босатуға құқығы жоқ.
Жұмыс істейтін әйелдердің, жасөспірімдердің құқықтары мен кепілдері
едәуір кеңейтілді. Меншік иесі ауысқан немесе жұмыс беруші қайта
ұйымдастырылған кезде қызметкермен еңбек қатынастарын тоқтатуға тыйым
салынды. Кәсіподақтар үлкен құқықтарға ие болды. Жұмыс беруші кәсіподақ
комитетінің келісімінсіз еңбек жағдайларын өзгертумен байланысты актілерді
қабылдауға сондай-ақ кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкерлерді кейбір
жағдайларда жұмыстан босатуға құқығы жоқ. Заңға барлығы 60-тан астам
түзетулер енгізілді. Еңбек туралы заңға енгізілген өзгерістер мен
толықтырулар қазіргі кезде Парламентте талқыланып жатқан Қазақстан
Республикасы Еңбек кодексінің жобасы үшін негіз болып табылуы тиіс.
Еңбек туралы кодталған нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге
бағытталған жолда ұзақ және күрделі болды. Кәсіподақтар Еңбек кодексінің
жобасын жасау жұмысын 1994 жылы бастаған болатын, Еңбек кодексімен жұмыс
жасауды бастау туралы ұсыныспен орталық мемлекеттік органдарға бірнеше
мәрте жүгінді. Тек 2002 жылдың қараша айында ғана Үкімет Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігіне Кодекс Тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге
тапсырма берді.
Кәсіподақтар Федерациясы ми нистрліктің жобасына тері бағасын берді,
әзірлеушілердің жеңіл тәсілдерін ескеріп қазақстандық тұжырымдаманың
негізіне ТМД мемлекеттерінің – қатысушыларының Парламент аралық
ассамблеясында қабылданған Үлгілік еңбек кодексі тұжырымдамасының
ережелері, сондай-ақ Халықаралық Еңбек ұйымдарының еңбек қатынастарына
қатысты негізгі қалаушы келісімдерін енгізуді талап етті.
2003 жылдың мамыр айында кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің
Атқарушы комитеті Тұжырымдама жобасын және Қазақстан Республикасының Еңбек
кодексін әзірлеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобын құрды,
жүргізілетін жұмысты қаржылық қамтамасыз ету үшін Федерацияның заң шығару
қызметінің қорын құрды. Көптеген кәсіподақ ұйымдары Қорды құрудың белсенді
қатысушылары болды; оны пайдалану заң жобаларын әзірлеуге және Парламент
Мәжілісі депутаттарын сайлау нәтижелеріне оң әсерін тигізді.
2004 жылдың жазында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің жобасын
әзірлеу іс жүзінде іске асырылды. Алайда, кәсіподақтардың үміттеріне және
ұсыныстарына қарамастан, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
еңбекшілерінің наразылығын тудырған жоба дайындады. Кәсіподақтар
Федерациясы Үкіметке және Парламентке мынадай үндеу жолдауға мәжбүр болды:
2004 жылдың 31 шілдесінде орталық басылымда Қазақстан Республикасының
Еңбек кодексі жобасының үкіметтік нұсқасы жарияланды. Жобада кәсіподақтар
Федерациясының өкілдері де кірген жұмыс тобымен мақұлданды деп жазылған.
Бұндай бекітулермен келіспейтінімізді білдіреміз[3].
Шындығында, жұмыс тобының мүшелері, ал кәсіподақтар Федерациясының
өкілдері хаттамаға немесе жоба мақұлданған қандай да болмасын құжатқа қол
қойған жоқ. Сонымен қатар, кәсіподақтар жобада елеулі кемшіліктер бар
екенін, мазмұны бойынша нақты емес құжат болып табылатынын бірнеше рет
ескерткен.
Кәсіподақтар Федерациясы жобаға 48 ескертулер мен ұсыныстар ұсынған
болатын, алайда оның 10-ы ғана ескерілді,оның өзінде аса маңыздылары емес.
Жарияланған жоба еңбек құқығының негізгі принциптерінің біреуіне, атап
айтқанда еңбек қатынастарының әлсіз жағы болып табылатын, қызметкерді
әлеуметтік қорғауға арналған құқығына жауап бермейді деп санаймыз. Жобаны
әзірлеушілер қолданыстағы заңнамада бекітілген заңнамалық жалдамалық еңбек
қызметкерлерінің құқығын, кәісіподақтардың еркін қызметінің негізгі
кепілдерін негізсіз елемегені түсініспеушілік және наразылық тудырады.
Жарияланған заң жобасының авторлары ұжымдық-шарттық жұмыстарды жоққа
шығарады, себебі құқықтық акт ретінде ұжымдық шарттың мәртебесін алып
тастаған, ал шарт жасасу жұмыс беруші үшін міндетті болып табылмайды.
Кәсіподақтар Федерациясында жобаға қатысты көптеген басқа да принципиальды
ескертулері мен ұсыныстары бар, бірақ өкінішке орай Қаазқстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оларды
ескермеді.
Қоғам, кәсіподақ мүшелері кәсіптік одақтар Федерациясы, оның құрамына
кіретін салалық кәсіподақтар және аймақтық кәсіподақтық бірлестіктер 31
шілдеде жарияланған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің жобасын
қолдамайтындығын және келешектегі кодекс қызметкерлердің және
кәсіподақтардың заңды құқықтары мен мүдделеріне шек қоймауы үшін барлық
мүмкін іс-әрекеттерді жасайтынын білуі тиіс.
Кәсіподақтар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Ш.А. Оразалинов Отан республикалық саяси партиясының қатысуымен әзірлеген
және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жұмыс жасауға қабылдаған
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі жобасының негізгі ережелерін қолдайды,
себебі онда еңбек қатынастарының барлық аспектілері толық көрсетілген.
Қазіргі кезде әзірлеушілердің әкімшілік ресурстарды пайдаланып, өздерінің
нұсқасын мүлтіксіз мақұлдау бойынша қолданып жатқан төтенше шараларын
тиімсіз және әлеуметтік серіктестік принциптеріне қарсы деп санаймыз.
Кәсіподақтар Федерациясы әлеуметтік серіктестіктерге – атқарушы
органдарға және жұмыс берушілер бірлестіктеріне мынадай өтініш білдіреді:
Елімізді әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін еңбек кодексінің
маңыздылығын және мәнін ескеріп, осы жобаны мақұлдайтын жедел шешімдер
қабылдамаңдар, себебі бұл еңбекшілердің теріс әсер етуіне әкеледі
2004 жылдың тамыз айында Отан республикалық саяси партиясы және
кәсіподақтар Федерациясы Еңбек кодексінің жобасы бойынша дөңгелек үстел
өткізіп, Мәжіліс депутаты Ш.А. Оразалинов әзірлеген жобаның негізгі
ережелерін мақұлдайтын және қолдайтын, бірлескен коммюнике қабылдады.
Қазақстан еңбекшілерінің екінші Съезінің делегаттары Келешектегі
Еңбек кодексі – Қазақстанның барлық еңбекшілерінің мүддесі үшін атты
№үндеу қабылдады. Үндеуде, атап айтқанда былай делінген:
Қолданыстағы еңбек заңнамасының жетілдірілмегендігі мәдениетті еңбек
қатынастарын құруға кедергі жасайды, қызметкерлерді кемсітуге мүмкіндік
береді, жалдамалы қызметкерді әлеуметтік қорғауды толық мөлшерде қамтамасыз
етуге мүмкіндік бермейді, бұл жағдай көптеген даулар мен сот талқылауларын
тудырады. 2004 жылғы 30 желтоқсанда Үкімет Парламентке Еңбек кодексінің
жобасын енгізді. Қазіргі кезде Мәжілістің Әлеуметтік мәдени дамыту
жөніндегі комитетінің жұмыс тобы жобаның әрбір бабын қарқынды өңдеу
жұмыстарын жүргізуде.
ЕКХК өкілдерінің Америка халықаралық кәсіподақтық ынтымақтастық
орталығының; Еуропа және Орталық Азия бойынша Халықаралық Еңбек бюросының;
Халықаралық Валюта қорының өкілдерімен, Ұлыбританияның парламенттің
делегацияларымен кездесулер өткізіліп, кеңес өткізіліп, кеңес барысында
халықаралық ұйымдардың мәселелері қарастырылды. Кәсіподақтардың еңбекшілер
арасындағы жаппай дене шынықтыру және спортты қайта жаңғырту және дамыту
ісінде 2002 жылдың қазанында өткен Қазақстан кәсіподақтардың І салааралық
спартакиадасы маңызды рөл атқарды.
Федерация, мүшелік ұйымдар уәсіподақ қызметкерлерінің еңбегін
моральддық және материалдық ынталандыру мәселесіне аса көңіл бөле бастады.
Федерацияның Туы және Құрмет белгісі, Құрмет грамотасының жаңа үлгісі
бекітілді.
1.2. Кәсіподақтық – Парламенттік ынтымақтастық
Федерацияға ведомствалық бағынышты шаруашылық субъектілерінің қызметі
айқын бола бастады. Бас Кеңестің әрбір мүшесі санаториялық-курорттық
мекемені немесе туристік кешенді басқарудың алқалық органының (директорлар
кеңесі, қадағалау кеңестері т.б.) құрамына кіреді; шаруашылық жүргізу
субъектілерінің қызметіне тұрақты бақылау-тексеру жұмыстары жүргізіледі.
1993 жылдан бастап Қазақстанның кәсіптік одақтары заң шығаруға
бастамашылық ету құқығын жоғалтқанына қарамастан, бұл жағдай олардың заң
шығару қызметіне қатысу деңгейін төмендеткен жоқ. Кәсіподақтар
Федерациясының тікелей қатысуымен республикада нарықтық республикада
нарықтық экономика жағдайындағы еңбек қатынастарын және кәсіпшілер одағының
қызметін реттейтін заңнамалық база қалыптастырылды.
Кәсіпшілер одағы Парламент депутаттарын сайлау науқанына белсенді
қатысты. 2000 жылы Еңбек адамына – лайықты өмір! сайлау мақсатнамасын
ұсынып, Мәжіліске тоғыз кандидаттың сайлауына қол жеткізді. 25
парламентариден Еңбек депутаттар тобы құрылды, бұл топ Парламентте жұмыс
істейтін ең ірі фракциялар мен топтардың бірі болып табылады.
Оның жұмыс жоспарлары кәсіподақтардың сайлау мақсатнамаларын,
Федерацияның бағдарламалық құжатының, Бас келісімінің ережелерін іске
асыруды көздейді және елімізде қалыптасып келе жатқан әлеуметтік –
экономикалық жағдайды ескереді. Кәсіподақтар Федерациясы республика
Парламентінің шешімдер қабылдауға ықпал ету жүйесін жасады. Кәсіподақтар
белсенділерімен парламентарилердің кездесулері тұрақты болып тұрады, заң
жобаларын пысықтаудың және талқылаудың ортақ әдістері жасалуда.
Кәсіподақтар Федерациясының және мүшелік ұйымдардың өкілдері
Падрламенттің Комитеттерінде және жұмыс топтарында белсенді жұмыс жасауда.
Заң шығару қызметіне кәсіподақтың білікті мамандары, ғылыми кадрлары
тұрақты тартылып отырады. Солардың қатысуымен осы немесе өзге заң жобаларын
әзірлеу және бағалау жөніндегі жұмыс топтары құрылуда, салыстыру кестелері,
кәсіподақтардың заңнамалық ұсыныстарының негіздемелері дайындалуда.
Кәсіптік одақтардың жұмыс істеуі мен байланысты заң шығару жұмыстарын
қаржылай қамтамасыз ету, кәсіподақтардың қызметкерлерді әлеуметтік қорғау,
еңбек құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыру мақсатында кәсіподақтар
Федерациясының Заң шығару қызметінің қоры құрылды.
Парламентте Еңбек тобының депутаттары мен бюджеттік саладағы
кәсіподақ ұйымдарының, тау – кен – металлургия, көмір, химиялық өнеркәсіп,
құрылыс және өнеркәсіптік құрылыс материалдары, машина жасау
кәсіпорындарының қызметкерлерімен және өкілдерімен еңбекақыны жоғарылату
және еңбек жағдайын жақсарту, ауыр және зиянды еңбек жағдайларындағы
еңбекшілерді зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері бойынша
кездесулер ұйымдастырылды.
Әлеуметтік маңызды әрбір заң жобасын тек кәсіподақтар Федерациясының
және Парламенттің жұмыс топтары ғана емес, сондай-ақ мүшелік ұйымдарда,
қызметкерлер ұжымында талқыланды [4].
ХҮІІІ съезден кейін кәсіподақтардың заң шығару қызметінің ең маңызды
нәтижелерінің бірі Қазақстан Республикасының Парламентінің кәсіподақтар
Федерациясы бастамашылық еткен Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік
серіктестік туралы Заңның қабылдануы.
Кәсіподақтар Федерациясының ұсыныстарын ескеріп, Парламент мынадай
бірқатар маңызды заңдарды қабылдады: Коммерциялық емес ұйымдар туралы,
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы, Міндетті әлеуметтік
сақтандыру туралы, Еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында кәсіподақтардың қорғау қызметі
Мемлекеттік қызмет пен еңбек құқығы
Еңбек құқының әдістері
Еңбек ақы төлеудің маңызы
Азаматтық қоғам ұғымы
Әлеуметтік институттар түсінігі. Әлеуметтік институттар негізгі ұғымдары
Қызметшілерді басқару
1890-1914 жж. АҚШ социалистік қозғалыс
Азаматтық қоғам түсінігі мен оның қызметі
Қазақстан Республикасындағы адами ресурстардың дамуы
Пәндер