Мектепте алгоритмдеу және Паскаль тілін оқыту әдістемесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Программалау тілінің түсінігі мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 5
1.2 Программалау тілінің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
2 МЕКТЕП КУРСЫНДА ОҚЫТЫЛАТЫН ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1 Мектепте алгоритмдеу және Паскаль тілін оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... .19
2.2 Паскаль - программалау тілі. Формальды жазылу тәсілі бойынша сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 29

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адам көп істі компьютер пайдалану арқылы атқарады. Кез келген міндетті орындау алгоритмінің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын-ала жазылуын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде программа түзіледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу процесінің мәні алгоритмдерді құру екені көрінеді.
Қазіргі қоғам өміріндегі алгоритмдеудің ролі оны пайдаланудың техникалық аспектілермен ғана айқындалмайды. Алгоритмдік қатынас адамның күнделікті өмірінен, олардың әдеттегі жұмысынан айырғысыз. Басым көп жағдайларда адам қызметінің нәтижесі оның өз әрекеттерінің алгоритмдік мәнін қаншалықты дәл білетіндігіне тәуелді: әр мезетте, қандай ретте не істеу керек; әрекеттер қорытындысы қандай болу керек. Бұл белгілі дәрежеде алдгоритмдерді құрастыру мен пайдалана білуге қатысты.
Информатика және есептеуіш техника негіздері пән ретінде қалыптасқан ғылымның бір саласы. Мұнда алгоритм құрастыру, жазу түсініктері беріліп, қазіргі кезде кең тараған программалау тілінің бірі -- Паскаль тілінің ерекшеліктері қарастырылып, оны пайдаланып математика, физика есептерін шығаруды компьютерде орындау жүзеге асырылады.
Информатика пәні негізінен мынадай тақырыптарды қамтиды:
:: Алгоритм, программа ұғымы.
:: Алгоритмдерді қарапайым тілде, блок-схема түрінде жазу.
:: Паскаль тілінде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды компьютерде орындау.
:: Әр түрлі операторларды жазу, функциялар мен процедураларды пайдалану жолдары т.б.
Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде программалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып алынған.
Біздің негізгі мақсатымыз - мектеп курсындағы жаңа бағдарлама бойынша 2005-2006 оқу жылында ғана Информатика пәніне енгізілген 9-сынып оқулығындағы Паскаль тілі программасының оқытудың әдістемелік ерекшеліктеріне тоқталамыз және көкейтесті бірнеше мәселелерді қарастырып, шешу жолдарын ұсынамыз. Ойымыз дәлелді болу үшін жоғарғы оқу орнының материалдарымен салыстырып, айырмашылықтарына баса назар аударып, ондағы қолданатын тәсілдерді мектеп деңгейінде қарастырамыз.
Күнтізбелік жоспар бойынша 9-сыныпта Паскаль тілін оқытуға (алгоритмдерді қоса есептегенде) бар-жоғы 24-26 сағат ғана бөлінген.
Жобаның өзектілігі: Сондықтан оқушылардың материалды толық меңгеруге- сағаттардың аздығы, игеретін материалдардың тығыздығы өте үлкен әсер етіп отыр.
Практикалық маңызы: Қосымша мұғалімдерге арналған әдістемелік оқулық, ал оқушыларға арналған есептер мен жаттығулар жинағы бар, бірақ есептер деңгейлерге бөлінбеген, шығару жолдары көрсетілмеген. Осы себептен біз осы жұмыста есептерді 3 деңгейге бөліп қарастырдық және әрбір тараудан кейін тест тапсырмасын беріп отырмыз. Сондай-ақ біз жаңа материалдарды түсіндіргенге интелект картаны ұсынып отырмыз.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мәлімет ақпараттың диалектикалық құрылымды, негізгі бөлігі. Ол тіркелген сигналдар жиынтығын құрайды. Бірақ, физикалық тіркелу тәсілі әр түрлі болуы мүмкін: денелердің механикалық қозғалуы, олардың пішінінің өзгеруі немесе сырт аумағының сапасының өзгеруі, электрикалық, оптикалық, химкалық, магниттік, қасиеттерінің өзгерісі. Тіркелу әдісіне қарай мәлімет түрлі мәлімет сақтаушыларда жинақталуы мүмкін.
Ең кең тараған, бірақ ең арзан емес мәлімет сақтаушы - бұл қағаз. Қағаз бетінде мәлімет оның бетінің оптикалық қасиеттерін өзгерту арқылы тіркеледі. Бетінің оптикалық қасиеттерін өзгерту арқылы CD дискілері де жазылады. Магниттік қасиеттерін өзгертіп тіркелетін мәліметтерге мысал ретінде магниттік дискілерді келтіруге болады. Химиялық құрамын өзгерту арқылы тіркелу әдісі фотографияда кеңінен қолданылады. Биохимиялық деңгейде мәлімет жинақталып тірі табиғатқа беріледі.
Мәлімет сақтаушы қасиеттерінен ақпараттың толықтығы, жеткіліктілігі, ақиқаттылығы секілді қасиеттері тәуелді болады. Мәліметтерді сақтаушыларды өзгерту мақсатымен ақпаратты өзгерту информатика ғылымының негізгі, әрі маңызды мақсаты болып келеді. Осы орайда, курстық жұмысымның тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бүгінгі таңдағы есептеуіш техниканың жалпы түсінігі қарастырылып, оның құрылымдары мен тарихына тоқталу, ерекшеліктерін талдау.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- есептеуіш техниканың түсінігі мен түрлерін қарастыру;
- есептеуіш техниканың құрылымына тоқталу;
- есептеуіш техниканың даму сатыларына тоқталу, буындарын сипаттау болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Курстық жұмыстың барысында есептеуіш техниканың түсінігі мен ерекшеліктері, түрлері мен пайда болу негіздері қарастырылады, олардың жалпылама сипаты анықталды.
Курстық жұмыстың объектісі есептеуіш болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - есептеуіш техниканың даму сатылары.
Курстық жұмыстың құрылымы. Есептеуіш техниканың даму сатылары тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Программалау тілінің түсінігі мен ерекшеліктері

Алгоритмді компьютерге программалау тілдері түсінікті етіп көрсете алады. Алдымен әрқашан да алгоритм әрекеті әзірленеді, сонан кейін ол мұндай тәсілдердің бірінде жазылады. Жалпы қорытындысында программа мәтіні -- толықтай аяқталған, алгоритмді программалау тілінде бүге-шігесіне дейін сипаттаған күйінде пайда болады. Содан соң программаның бұл мәтіні транслятор деп аталатын арнайы қызмет қолданбаларымен өңдеуден өтеді немесе машина кодына аударылады, не болмаса орындалады.

Программалау тілдері - жасанды тілдер. Олардың табиғи тілдерден айрмашылығы - мағынасы трансляторға түсінікті болатын әрі жазу командасының (операторлардың) қатаң ережесіне бағынатын сөздері шектеулі болады. Мұндай талаптардың жиынтығы программалау тілінің синтаксисін қалыптастырады, ал әрбір команданың және тілдің басқа да конструкциясы (құрылымы) -- оның семантикасын қалыптастырады. Программаларды жазудың формасы бұзылатын болса, бұл транслятордың оператор міндетін түсінбей қалуына әкеп соғады және синтаксистік қате туралы хабарлайды, ал команда тілін пайдалануға қажетті алгоритмге жауап бере алмайтын дұрыс жазу семантикалық қателікке (оны логикалық қателік немесе орындау уақытындағы қателік деп те атайды) ұрындырады.

Программалау тілінің көмегімен дайын программа емес, оның бұрын әзірленген алгоритмді суреттейтін мәтіні ғана жасалады. Жұмыс істейтін программаға қол жеткізу үшін бұл мәтінді автоматты түрде машина кодына ауыстыру керек (бұл үшін компилятор -- программасы пайдаланылады), содан соң оны бастапқы мәтіннен бөлек пайдалану қажет немесе программа мәтінінде көрсетілген тіл командасын бірден орындау керек (мұнымен интерпретатор - программасы айналысады).

Процессорлардың әр тұрпаты әр түрлі теру командасына ие. Егер программалау тілі процессорлардың нақты тұрпатына бағдарланып, оның ерекшеліктерін ескеретін болса, онда ол деңгейі төмен программалау тілі деп аталады. Бұл жағдайда деңгейі төменнің мағынасы нашар деген ұғымды білдірмейді. Бұл арада - тіл операторының машина кодына жақындығы және процессордың нақты командасына бағдарланғаны жөнінде сөз болып отыр. Ең төменгі деңгейдегі тілге Ассемблер тілі жатады. Ол машина кодының әрбір командасын сан түрінде емес, мнемоника деп аталатын символдық шартты белгілердің көмегімен жай ғана көрсетеді.

Алғашқы буындағы ЭЕМ-ның программасын жасау сандардың көмегімен ЭЕМ әрекеттерін кодтау ережелерінің жиынтығын білдіретін машина тілінде ғана жүзеге асырылды. Барлық ЭЕМ-ға жазуды қысқарту үшін әдетте сегіздік және он алтылық есептеу жүйелерінің орнын алмастыратын, қос есептеу жүйесі ғана түсінікті.

Машина тілімен салыстырғанда символикалық кодтаудың машиналық-бағдарланған тілдері ең жоғары деңгейге ие. Символикалық кодтау тілдерін жасаудың негізгі принципі машина кодын олардың қаріптік белгілеуімен (буквенные обозначеиия) ауыстыру, сондай-ақ жадында сақтауды және қателіктер диагностикасын бөлу процесін автоматтандыру болып табылады. Мұндай машиналық-бағдарланған тіл Ассемблер тілі деген атауға ие болды. Ассемблер тілінде жазылған программаны машина тіліне аудару транслятордың (аудармашы) - ассемблер деген атауға ие арнайы программаның көмегімен жүзеге асырылады. Алғашқы процедура бағдарлы программалау тілінің (процедурно-ориентированный язык программирование) бірінде Фортран (FORmula TRANslation - формуланы тұрлендіру) жатады. Фортран компилирлік тіл болып табылады. Ол осы күнге жетіп қана қоймай, кең таралуы жағынан әлемде алдыңғы орынды бермей келеді. Осылайша ұзақ жасауының көптеген себептері бар. Олардың ішіндегі ең басты себеп - Фортранның өзінің де және оны транслятордың машина кодына айналдыруға арналған құрылымының қарапайым болуында жатыр. Фортран ғылыми және инженерлік-техникалық есептеулер саласында пайдаланылады.

Фортран тілі программалаудың басқа тілдерін тудырып әрі дамуына зор ықпал ете отырып, өзі де жетілу үстінде дамуын жалғастырыл жатыр. Мысалы, Фортран тілі Бейсик (Ваsіс - beginners all-purpose symbolic instruction code) сұхбат тілінің негізі етіп алынды.

Бұл тіл әуел баста негізінен программалауды оқытуға арнап жасалған болатын. Бейсик тілінің осы заманғы нұсқасы міндетгерді кәсіби тұрғыдан шешуге мүмкіндік береді.

Алгол-60 (ALGOritmic Language - алгоритмдік тіл) - бұл Фортранға қарағанда әлдеқайда жетік тіл (жетілген тіл) болып табылады. Ол программаның үлкен икемділігі мен сенімділігіне ие.

Экономикалық міндеттерді шешу - (материалдық құндылықтардың, кәсіпорын шығарған өнімдердің, жеке құрамның есебін) XX ғасырдың 60 жылдарында Кобол тілінде орындау қолайлы болды.

Лисп және Пролог тілдері өнер интеллектісіне қатысты міндеттерді шешу үшін жасалған. Бұл тілдер мәтіндік (символдық) информацияны өңдеуге, логикалық және математикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мәселен, Лисп тілінің негізінде белгілі Derive математикалық жүйесі әзірленді.

ЛОГО тілін балаларға программалау негіздерін оқьпу үшін пайдаланады. Бұл тілдің өзіне ғана тән өзгешелігі - тасбақа деп аталатын графикті қолданады.

ЭЕМ-ның екінші буынын әзірлеп, енгізу кезеңінде пайда болған алгоритмдік тілдердің өте көптігін олардың бірде-біреуі әр түрлі міндеттерді қолайлы сипаттап бере алмауымен түсіндіруге болады. ЭЕМ-ның үшінші буыны әмбебап (универсальный) алгоритмдік тілдерді жасаудың жаңа тәсілін ойлап табуды күн тәртібіне қойды.

Мұндай ұмтылыстардың біріне ІВМ фирмасы тудырған ПЛ1 (Programming Language) тілін жатқызуға болады. Ол Фортран, Алгол және Кобол тілдеріне негізделген.

1971 жылы Алгол-60-қа сабақтас болып табылатын Паскалъ тілін сипаттаған жариялым жарық көрді. Оның конструкциясы (құрылымы) ПЛ1 және Алгол-60 құрылымдарына ұқсас, алайда Паскальдың конструкциясы әлдеқайда қысқа (лаконичный) болды. Паскальда құрылымдық программалау йдеясы жүзеге асырылады. Паскалъ тілінде жазылған программаның жақсы құрылымдануының арқасында күрделі жобаларды әзірлеу кезінде бірнеше программалар бір мезгілде қатар жұмыс істей алады.

70-жылдардың соңында АҚШ Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша Францияда Паскаль негізінде АДА тілі әзірленді. Бұл тіл Ч. Бэббиджеймен жұмыс істеген алғашқы программашы Аugusta Ada Byron-ның құрметіне орай осылайша аталды, алайда өте қолайсыз әрі сөзі көп еді.

СИ тілі аса күрделі Ассемблер тіліне жүгінбей-ақ программаны өте тиімді етіп жазуға мүмкіндік бере алатын осы заманғы компьютерлердің мүмкіндіктерін толық бейнелейді. Бұл тілде әйгілі UNIX операциялық жүйесі жазылған.

Осы заманғы есептеуіш техникаларының дамуы коп процессорлы компыотерлер мен есептеуіш желілердің кеңінен тарауымеи сипатталады. Сондықтан да программалы ету саласында кең тараған программаларды (яғни, бірнеше процессорлардың немесе машинаның көмегімен орындалатын программа) әзірлеуде пайдаланылатын тілдер уақыт озған сайын үлкен сұраныс тудырып отыр.

Мұндай тілдердің бірі - Linda. Ол деректерді параллельді өндеуге арналган. Linda тілін пайдалану барысында есептеу процесі процессорлардың топтарына бөлінеді. Аталған процестер бір мезгілде бірнеше процессорларда жүзеге асырылып, олардың біреуі басқасымен синхрондалады.

Ада және Линда тілдерінен басқа параллельдік программалаудың басқа тілдері де бар, атап айтқанда, Erlang, Modula, occam.

Объекті бағдарланған тілдерді жасау - программалаудың технологиясын одан ары дамытудың келешегі бар бағыты болып табылады.

Программалаудың алғашқы объекті бағдарланған тілі (объектно-ориентированный язык) - Simula 67 (Симула). Ол 60-жылдардың соңында моделдеу міндетін шешу үшін Норвегияда жасалды.

Smalltalk тілі - программалаудың ең дамыған әрі қуатты объекті бағдарланған тілдердің бірі. Онда объекті бағдарланған тілдердің барлық негізгі белгілері, оның ішінде, деректердің инкапсуляциясы мен полиморфизмі, туындатуы (наследование).

Дельфи (Delphi) -- Borland фирмасы Турбо-Паскал тілінің негізінде жасаған. Программалаудың бұл тілі көбінесе клиент-сервер технологиясы бойынша деректер базасымеи жұмыс істеудс пайдаланылады. Delphi - де негізгі күні қолда бар программаны барынша көп қайталап пайдалануға жұмсалады. Бұл құрастырушыларға бұрын дайын болған объектілерден қолданбаларды жасауына, сондай-ак өздерінің жеке объектілерін әзірлеуіне мүмкіндік береді.

Visual Basic - тің алғашқы нұсқасы 1991 жылы пайда болды. Ол объекті бағдарланған тілге жақын, алайда бұрынғысынша процедуралык тіл болып қала береді.

Бұл тіл кеңінен тараған, ол Microsoft Office дестесінде интеграцияланған: Ассеss СУБД, Excel электрондық кестесі, мәтіндік редакторы.

НТМL (HyperText Markup Language) гипермәтіндік белгілеу тілін World Wide Web (WWW) кеңінен тараған гипермәтіндік жүйені әзірлеу технологиясының бір компоненті ретінде 1989 жылы Тим Бернерсон-Ли ұсынған болатын.

НТМL тілі электрондық құжаттың құрылымын полиграфиялық деңгейде ресімдеумен сипатгауға мүмкіндік береді. Нәтижелендіруші құжат әр түрлі иллюстрацияны, аудио-, бейне-фрагменттерді және т.б. қамтиды.

Web-беттерімен жұмыс істеу үшін Реrl тілі жасалды.

Регl интерпретирленген тіл болып табылады, Лари Уолл мәтіндер мен файлдарды өндеу үшін ойлап тапты. Реrl-дың шифрын былайша ашуға болады: Practical Extraction and Report Language (деректерді іс жүзінде шығарудың және есептіліктерді жасаудың тілі).

W 30 консорциум ұсынған виртуль шындықты моделдейтін Virtual Reality Modeling Language (VRML) тілі WWW бетін жасау үшін үш өлшемді кеңістікті ұқсатушы (имитирующих) ортаны сипаттауға арналған. Ол жалпақ кескіндерді суреттеуде пайдаланылатын НТМL белгілеудің гипермәтіндік тілінің кеңейтушісі болып табылады.

Java тілі (джава немесе ява деп айтылады) желілерде жұмыс істейтін программаларды (қолданбаларды) жасауға арналған. Java тілінде жазылған программалар көбінесе ғаламдық желілерге (в глобальной сети) динамикалық жарнамаларды орналастыруда пайдаланылады. Java -қолданбасы web-беттерінің статикалық картинкаларын тірілтіп, осылайша пайдаланушылардың назарын аударады.

SUN Microsystems және Netscape Communications корпорациялары JavaScript тілін жасады. Java және JavaScript негізінде WWW адрестелген беттерін, сондай-ақ қолданбалы программаларды жазуға мүмкіндік бар.

Операциялық жүйелер (ОЖ) жүйелі программалы етудің негізі болып табылады. Операциялық жүйесіз осы заманғы компьютердің аппараты мен программасына қатынау (яғии компьютердің аппараты мен программасына еніп, жұмыс істеу) мүлдем мүмкін емес. Барлық аппарат, сондай-ақ программа құралдарына пайдаланушы операциялық жүйе деп аталатын делдал арқылы ғана қол жеткізе алады.

Операциялың жүйе - барлық программаның, ЭЕМ аппараты құралдарының және желілердің жұмысын жүргізуді қамтамасыз ететін программалар кешені.

Компьютерді коректендіруге қосқанда ең алдымен ОЖҚ-ға ЭЕМ-ның жұмысқа жарамдылығын тексеруді және одан кейінгі жұмысын басқаратын операциялық жүйе жүктеледі (загружаются). Операциялық жүйе компьютердің қосылған сәтінен бастап жұмыс істейді, ал компьютер ажыратылған сәттен бастап ол жұмыс істеуін тоқтатады. Егер компьютер жергілікті желіден ажыратылған болса, онда оны қызмет көрсетуші персонал қосып береді.

Дербес жұмыс істейтін компьютерді қосудың рет-тәртібі өте қарапайым:

1. Модем, дыбыс колонкасы, принтер, сканер және т.б. аса кажетті сыртқы құрылгылардың электрлік қоректендіргіші ерікті рет-тәртібімен қосылады.

2. Дисплейдің электр қоректендіргіші қосылады (егер дисплейдің қоректендіргіш жеке кнопкасы болса ғана).

3. Соңғы сәттн Power кнопкасын басу арқылы компьютердің жүйелік блогын қосады.

Компьютерді ажырату (сөндіру) керісінше рет-тәртіппен жузеге асады:

1. Алдымсн Power кнопкасын басу арқылы жүйелік блогы қосылады.

2. Содан кейін дисплейдің электр қоректендіргіші сөндіріледі (егер дисплейдің қорекіендіргіш жеке кнопкасы болса ғана).

3. Ерікті рет-тәртіппен бұрын қосылып қойылған барлық сыртқы құрылғылардың электр қоректендіргіші сөндіріледі.

Әрбір үлгідегі компьютердің жеке операциялық жүйесі болады. Біріктірілгеи дербес компьютер ІВМ үшін бірнеше әр түрлі операциялық жүйелер әзірленеді: MS DOS, Windows, OS2, Unix және тағы басқалар. Операциялық жүйелердің ішінде бір жолғы пайдаланылатын әрі бір программалы MS DOS операциялық жүйесі ең қарапайым деп саналады.

MS DOS операциялық жүйесінің алғашқы нұсқасы 1981-1982 жж. әзірленген болатын. MS DOS пайда болғалы бері осы жүйенің көптеген нұсқалары мен үлгілері әзірленді. MS DOS 6.22. ең соңғы нұсқасы. MS DOS - командалық (текстік) ОЖ. Бұл мынаны білдіреді: қажетті операцияларды орындау үшін пернетақтаның көмегімен тиісті команданы теру қажет. Мұндай енгізу (ввод) қолайсыз және көптеген қателіктердің пайда болуына әкеп соғады.

Дискілік операциялық жүйенің көмегімен жұмысты қамтамасыз ету үшін операциялық қоршам деп аталатын графикалық қондырма жасалды. Қоршамдар тәуелсіз программа болып табылмайды, олар тек операциялық жүйелермен бірігіп қана жұмыс істей алады. Олар (қоршамдар) сол үшін де (операциялық жүйелер) жасалынған. MS DOS үшін бірнеше әр түрлі коршамдар жасалды - QDoc, Doc Shell, Norton Commander, Volkov Commander, Windows 3x, осылардың ішіндегі ең әйгілі қоршамдар - Norton Commander (NC), Volkov Commander (VС).

Қоршам - бұл ОЖ-дың басқаруымен іске қосылатын және осы ОЖ-мен адамның жұмыс істеуіне көмектеседі. Қоршам -- программасы компьютердің барлық файлдық құрылымын: дискілерді каталогтарды және файлдарды экраннан көрнекті (наглядно) етіп көрсетеді.

Мұндай программа мен командалық жол арқылы (в командной строке) MS DOS-тың күрделі командасын теріп жатудың еш қажеті жоқ. Файлдарды бар-жоғы бірнеше пернені пайдаланып, іздестіруге, көшіруге, ауыстыруға, жоюға, сұрыпауға, өзгертуге және іскс қосуға болады. Қоршам-программасы командаларды MS DOS (DOS Navigator, Volkov Commander ) тіліне аударады.

Қоршам-программасының пайда болуы компьютермен және оның операциялық жүйелерімен жұмыс істеуді біршама оңтайлатқанмен, ол ұзақ уақыт бойы графикаландырылмады.

Бұдан сәл кейін тағы бір қоршам - Windows жасалды, ендігі жерде пайдаланушының графикалық интерфейсін пайдалануға мүмкіндік туды. Windows-тың графикалық интерфейсі терезе ұғымына (понятии окно) негізделеді, сондықтан да оны кейде терезелі интерфейс деп атайды. Windows интерфейсіндегі терезенің айрықша рөлін өзінің атауынан да көруге болады (Windows -- терезе). Бұл қоршамның бірнеше нұсқалары жасалған болатын. Ең танымал болған нұсқалары - Windows 3.0, Windows 3.10 және Windows 3.11. Бұлар кейін Windows 3.х-тың сыбайлас қоршамдары (семейством оболочек Windows 3.х) деп аталып кетті.

Содан кейін MS DOS-тың орнын Windows 95, Windows 98 және Windows МЕ (Millenuium Edition) дербес операциялық жүйелері басты. Оларға Windows 9х жалпы белгіленді. Екі тон - Windows 3.х және Windows 9.х -- бөлшектерінде аздаған айырмашылықтары бар ұқсас интерфейстерге ие. Операциялық жүйелерінде дамыған желілік мүмкіндіктері бар Windows NT, Windows 2000 және Windows ХР ұқсас интерфейстерге ие. Жиі айтылатын графикалық орта сөз тіркесі графикалық интерфейс ұғымымен толық эквивалентті екенін байқауға болады.

Windows 9.х (Windows 95, Windows 98) - бұл графикалық интерфейсті дербес компьютердің танымал операциялық жүйесі, алдындағы нұсқалардан айырмашылығы - Windows 3.1 және Windows for Workgroups 3.11 программалық қоршамдары өз құрамында DOS 7.0 операциялық жүйені қамтиды әрі 32-разрядты операңиялық жүйенің жаңа буынына жатады. Ол осы заманғы дербес компьютердің әлеуетін (потенциалын) әлдеқайда толық пайдалануға мүмкіндік береді және Windows-тың осы нұсқасындағы көптеген операциялар оңай әрі жылдам орындалады. Windows 9.х - жақсы қорғалған, көп есепті ОЖ, ол мультимедия жүйесіндегі және информациялық-есептеу желілеріндегі (оның ішінде Иктернеттегі) жұмыстың тиімділігін, электрондық поштамен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.

Windows 9.х-тың графикалық ортасында жұмыс істегенде файлдардын ұзынсонар (длинные) информативтік атауларын пайдалануға, тіпті ондағы бос орындарды да назарға алмауға (допускаются даже пробелы), кез келген объектіні экранның кез келген жерінен ауыстыруға әрі экранның кез келген жерінен контекстік мәзірді (контексное меню) шақырып, контекстік көмекке жүгінуге болады.

ОЖ-дың бірінші нұсқасы Windows NТ нарықта алғаш рет 1993 жылы пайда болды, қазіргі уақытта оның 3.5 және 4.0 нұсқалары әр түрлі ұйымдар, банктер, өнеркәсіптік және жекелеген пайдаланушылар кеңінен қолданылып жүр.

Windows 2000 - көптеген сервистік пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілсе де, пайдалануда үлкен қиындықтары бар Windows NТ және Windows 9.х екеуінің мүмкіндіктерін біріктірген операциялық жүйе. Windows 2000 негізінде оңтайландырылған нұсқа ретінде Windows МЕ - Windows 9.х.-ны дамытушы болып табылатын ОЖ нұсқасы жасалды. Windows ОЖ-дың жаңа - 2002 жылғы нұсқасы - Windows ХР жасалды. Windows ХР Windows 2000-да пайдаланылған технологиялардың негізінде әзірленді. Ол үйдегі және кеңседегі компьютерде жұмыс істеуге қолайлы әрі оны пайдаланушылардың саны күннен күнге артып келеді. Windows ХР жүйелік ресурстарға қоятын талабы жоғары (оперативті есте сақтау 128 Мб-тан және қатқыл дискідегі кеңістік 2 ГБ-тан кем болмауы керек).

ІВМ РС-тың графикалық операциялық жүйесімен жұмыс істеу Microsoft компаниясында 1981 жылы бсталған болатын, алайда мұндай жүйе алғаш рет 1995 жылы Microsoft Windows 95 пайда болғанға дейін ІВМ РО компьютерлері MS DOS графикалық жүйесімен жұмыс істеген жоқ болатын, бірақ ол үшін жұмысшы тобына арналған Windows 1.0, Windows 2.0, Windows 3.0, Windows 3.1, Windows 3-11 секілді бірнеше графикалық қоршамдар жасалды.

Мәтіндік экранмен жұмыс істеу ұзақ уақыт бойы қызметтік мақсаттарға өте қолайлы болып келеді. Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдарда графикамен жұмыс істеуге деген қажеттілік бола қойған жоқ, егер мұндай қажеттілік пайда бола қалған күннің өзінде Microsoft компьютерлері пайдаланылды. Алайда ІВМ РС-ты үй компьютері ретінде пайдалану туралы мәселе көтерілгенде информацияны экраннан көрнекті етіп көрсететін әрі тышқан-тетіктің көмегімен басқаруға болатын графикалық операциялық жүйеге деген қажеттілік (зәрулік) өткір сезілді.

ІВМ РС компьютерлерінің бір ерекшелігі - онда экранмен жұмыс істеуде мәтіндік және графикалық жұмыс режимдері бөлек болады. Компьютер не осы режимге, не басқа режимге қосылады. Мәселен, экранның бір бөлігін текстік режимде, ал тағы бір бөлігін графикалық режимде етіп жасауға болмайды. Бұл режимдер бір-бірімен қатар тұра алмайды.

Windows тобындағы операциялық жүйенің артықшылығы - пайдаланылатын -интерфейстер (қоршам) бірыңғайластырылған. Осының арқасында - әр түрлі программаларда олардың жұмысын басқарудың біркелкі (бірдей) принциптері сақталады. Бұл ОЖ бір мезгілде бірнеше міндеттерді қатар орындаудың мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Мұнда әрбір программа терезе деп аталатын жекелеген тік бұрышты аймақтарға орналасады. Терезені экран бойынша жылжытуға, мөлшерін өлшеуге, бір-біріне келтіруге немесе графикалық таңбашасына (ярлык) (пиктограммалар немесе таңбаша) дейін кемітуге болады.

Windows, ОS2, Unix жүйелері көп прграммалығына қарай әрі оларға қосылатын желілік мүмкіндіктерге қарай әлдеқайда күрделі болып келеді.

Unix ОЖ-дың басты ерекшелігі - модульдігінде, ЭЕМ-ның басқа тұрпаттарын (типтерін) жеңіл тасымалдайтындығында және негізгі міндеттері жаңа жүйелік программаларды жасау болып табылатын мамандарға жайлы жағдай тудыруға мүмкіндік беретін жүйелік программаның мол жиынына ие.

Жүйе 1969 жылы жасалып, әсіресе телефон компанияларының арасында ерекше танымал болып үлгерді, өйткені ол диалог режимінде және уақыттың белгілі бір аралығында желілердегі жұмыстың орындалуын қамтамасыз етті.

Windows ОЖ-ды жасауда Microsoft фирмасы объектік-бағдарланған тәсілді пайдаланды. Пайдалану деңгейінде мұндай тәсіл мынаны білдіреді: интерфейс нақты әлемге ұқсастықты (подобие реального мира) білдіреді, ал ЭЕМ-мен жұмыс істеу жай ғана объектімен әрекет етуге (іс-қимыл жасауға) келіп тіреледі (сводится). Папканы ашуға, жабуға, жылжытуға, портфельге жинауға болады. Құжаттарды қарап көруге, түзеуге, бір орыннан басқа орынға ауыстырып қоюға, жоюға немесе кәрзеңкеге тастауға болады.

Windows ОЖ-де жұмыс істегенде программаларды қолданбалар деп атау әдетке айналған.

ОS2 операциялық жүйесі бір жолғы пайдаланылатын, көп есепті ОЖ, MS DOS-пен программасы бір жақты біріккен, ол МП 80386 және одан жоғарғысымен (ПК ІВМ РС и РS2) жұмыс істеуге арналган. ОS2 бір мезгілде 16 программаға дейін (олардың әрбіреуі өзінің жадында сақтау сегментінде болады) орындай алады, алайда олардың ішіндегі біреуі ғана MS DOS-әзірленген.
0S2 операциялық жүйесінің тобы бірнеше қолданбалы программалардың жұмысын параллель ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Операциялық жүйе ығыстырушы көп міндеттердің режимінде (в режиме вытесняющей многозадачности) жұмыс істейді. Бұл арада жүйе әрбір қолданбаның (приложения) жұмысыиа қатал шектеумен белгілі бір уақыт бөледі.
ІВМ фирмасы жасап шығарған бұл ОЖ Microsoft фирмасы әзірлеген Windows ОЖ-іне бәсекелес болып табылады. Осы топтағы ОS2 Connect нұқсқасы желілік ОЖ болып табылады.
ОS2-нің аса маңызды ерекшеліктері мыналар:
көп терезелі пайдалану интерфейсі; мәліметтер базасының жүйесімен жұмыс істеудің программалық интерфейстері; жергілікті есептеу желілерінде жұмыс істеудің тиімді программалық интерфейстері. ОS2 оперативті жадыны (ОЖ) көлемі 16 Мб-қа дейін және виртуалдық әрбір міндетті 512 Мбайтқа дейін физикалық қолдау көрсетеді. 0S2-нің кемшіліктеріне ең алдымен қазіргі уақытқа арналып жасалған программалық қолданбалардың көлемі айтарлықтай төмен.
Unix операциялық жүйесі. Unix - әр түрлі пайдаланушылар мен программаларды қорғаудың аса қуатты құралдарын қамтитын, көп пайдалануға болатын, көп міндетті ОЖ (операциялық жуйе). Unix ОЖ программаларының көп бөлігі С тілінде (DOS жоне ОS2-дегі сияқты ассамблерде емес) жазылған, ол машинаға тәуелді болып табылмайды, бұл қасиеті (өзгешелігі) ОЖ-нің мобильдігін (жылжымалылығын) арттырады әрі әмбе-бап (универсальные) компьютсрлсрде және эр түрлі архитек-турадагы дербес компыотерлерде қолданбалы программалардың жеңіл тасымалдануын қамтамасыз етеді.
Unix иерархиялық файл құрылымын, виртуальды жадында сақтау көптерезелі интерфейсті, көппроцессорлы жүиелерді, мәліметгер базасын басқарудың көп пайдаланылатын жүйесін, бір текті емес есептеу желілерін қолдап-қуаттаиды, яғни қамтамасыз етеді.
Unix-тың кемшіліктері - ресурс сыйыдылығы үлкен әрі ол дербес компьютер базасындағы азғантай бір жолғы пайдаланылатын жүйеде көбінесе шығындалып қалады.
Unix пен оның Linux нұсқасы ОЖ-дың машинаға тәуелділігі зор маңызға ие болатын Интернет желілерінде кеңшен тараған.
Windows 95 - қорғау режимінде жұмыс істейтін кеңейтілген желілік мүмкіндіктері мен графикалық интерфейске ие, өнімділігі жоғары, міндеттері көп 32-разрядты операциялық жүйе.
Windows 95-тің функциялық мүмкіндіктері сапа жағынан MS DOS және Windows 3.х-ке салынғандардың бәрінен де асып түседі.
Windows 95-тің негізгі артықшылықтарын тізіп көрсетеиік:
Компьютер сөндірілер сәтінде ядро пайдаланушының графикалық интерфейсын активтендіріп, MS DOS операцияльщ жүйесімен толық үйлесімділікті қамтамасыз ететін біріктірімген операцшлық жүйе. Ығыстырушы көп есептілік (бір қолданбаның барлық аппараттық ресурстарды қамтуына жол бермеитін, қолданбаның басқаруына мүмкіндік ұсынатын немесе оны (басқару мүмкіндігін) басқа қолданбаға ауыстырып беретін ішкі ахуалға қарай операциялық жүйеге дербес тән өзгешелік). Көп ағындылық (многоточность) (процесс деп аталатын бірнеше 32-биттік ағымдармен жүзеге асырылатын операцияларды бір мезгілде орындай алатын операциялық жүйенің өзгешелігі). Windows 95 - мулътимедианың тиімділігі жоғарғы платформасы, дискілердің, бейнемагнитафондардың және т.б. лазер ойнатушыларын қамтыған. Windows 95-пен салыстырғанда Windows 98 жаңа құралдың көмегінсіз мүмкіндік беретін барлық құралдарды қамтиды. Windows 98-дің құрамына біріктіріліп қатар қолданырғанда компьютердің енімділігін арттыратын бірқатар программалар кіреді.
Windows 98-де компьютердің сенімділігі жаңа мастерлерді (құрал мастері программаларды жылдам орындауға, қатқыл дискіде қателіктердің бар-жоғын тексеруге және дискіге орын босатуға мүмкіндік береді), жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызмет программалары мен ресурстарын қолдану арқылы нығаяды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика курсының мазмұны
Визуалды тілдерде графиканы программалау. Нұсқаулық
Информация, информатика
ИНФОРМАТИКАНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары
Программалау тілдерімен танысу
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛГОРИТМДІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОҚЫТУ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
Алгоритмдердің түрлері
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімінің кәсіптік дайындығы, оның білім беру жүйесіндегі орны
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер