САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ . . . 4
- Саяси партияның құқық түсінігі, принциптері және жүйесі . . . 4
- Саяси партиялардың түрлері . . . 9
- Саяси партияларды құру бостандығы . . . 11
2 САЙЛАУ ПРОЦЕСІ . . . 14
2. 1 Сайлау құқығы принциптері . . . 14
2. 2 Сайлау жүйелері ұғымы . . . 17
3 МЕМЛЕКЕТТІҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ . . . 22
3. 1 АҚШ сайлау жүйесі . . . 22
3. 2 Франция сайлау жүйесі . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 31
КІРІСПЕ
Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестіккүресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.
Қазіргі кезде әлемдегі барлық елдерде екі мыңнан астам саяси партиялар бар. Саяси партиялардың өзінің алдына қойған мақсаты бар, яғни ол мемлекеттік билікті жүзеге асыру болып табылады. Өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру жолында саяси партиялар өздеренің билікке келуіне дауыс берумен сайлауда көмектесетін сайлаушыларының, яғни өз тараптарының мақсат - мүдделерін жүзеге асыру. Сонымен бірге, соңғы жылдардағы тәжірибелер көрсетіп отырғандай, көптеген саяси партиялар мен ұйымдардың, қоғам ішінде әлеуметтік шиеленістер мен қарама - қайшылықтарды болдырмау жолында, басқа әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің мүддесімен санасуларына тура келеді.
Дегенмен басты мақсаттарын берік ұстанған саяси партиялар өздерінің іс - әрекеттерінің бағдарламаларын нақтылап, оны жүзеге асыру жолында өз мақсаттары мен міндеттерін, стратегиясы мен тактикасын қоғамда жиі - жиі жариялап отыру. Сонымен бірге олар өз қатарын әлеуметтік шиеленістерді шешуге жәрдемдесетін жаңа мүшелермен толықтыра түсіп, қайткенмен да қоғамда азаматтық бейбітшілік пен өзара түсініктерге қол жеткізуге тырысады, сондай - ақ халықаралық ынтымақтастықты өркендетуге және т. б. күш салады.
Бұл жұмыстың басты мақсаты: әрине жалпы саяси партия туралы жалпы ұғым беру, оның инститтутарын, олардың ұйымдастырулары мен жүйелерін қарастыру, сонымен қатар АҚШ және Франция мемлекеттерінің сайлау жүйелерін қарастыру болып табылады. Осы негізгі сұрақтарды қарастырамыз.
Аталған мақсатқа негізделе отырып, біз келесідей міндеттерді алдыға қойған болатынбыз:
- саяси партияның құқық түсінігі, принциптері және жүйесіне, партиялардың түрлеріне және оның құрылу ерекшеліктеріне тоқталу;
- сайлау принциптері мен сайлау жүйесінің ұғымын қарастыру;
- әртүрлі мемлекеттердің, атап айтқанда АҚШ пен Франция мемлекеттерінің сайлау жүйелеріне көңіл бөлу.
- САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫСаяси партияның құқық түсінігі, принциптері және жүйесі
Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М. Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен (сурет 1) :
Сурет 1. Саяси партиялардың даму кезеңдері
Демократиялық тәртіп жағдайында партиялар азаматтар, әлеуметтік топтар мен қоғам мүдделерін шынайы саяси үрдіске айналдыра алады.
Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.
Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады [1] .
Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Институтционалдық тәсіл партияларды топтастырғанда үйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады. М. Дюверже ХХ ғ 50 жж сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты паритяларды кадрлық және бұқаралық деп бөледі. 60 жж аяғында Ла Паломбараның көрсеткен екі партиясынан басқа әмбебап партиялар (универсалдық немесе сайлаушылар партиясы) деген үшінші түрін бөледі. Саяси жүйедегі рөлі мен мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады: авангардтық партиялар ( лениндік тұжырымдама) ; сайлаушылар партиясы; парламенттік партия; қауымдастық партиясы. Саяси идеологиясына қарай партияларды бес түрге бөледі: социал демок. партия; буржуазиялық демократ. ; консервативтік; фашистік партиялар. Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрайды. Саяси Билік үшін күресте қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екіпартиялық, бірпаритялық болады. Мемлкеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция (латын «бірлестік») құруы мүмкін, коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін атады. Саяси партиялардың жұмысы әдетте құқықпен немесе Конституциямен реттеледі. Себебі, олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен мақсаттарына қайшы келмеуі керек.
Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. “Партия” деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік, билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етгі. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламентгер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшьшықтар шиеленіседі. Осыған байланысты сая-си партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.
Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы-олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын) . Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды. Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі - олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартгы. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызметт. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.
Дегенмен, көрсетілген үш кезенді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы кысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты. Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда либералдық партия кұрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кеңтараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863 жылы Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф. Лассальдың басшылығымен) құрылды. XIX ғ. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партия-лар пайда болды. Мұндай партиялар басқа континенттерде де құрыла бастады [2] .
Американың белгілі саясаттанушысы Дэе Ла Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде әжептеуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақсаты - билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады) ; 4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын камтамасыз еткісі келеді.
Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардың саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат береді. Оның белгілі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың басты принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық құрылысы мен практикалық іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағдарламалары мен жарғыларында айқындалады. Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың, таптардың, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажетгігінен шығады.
Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:
а) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;
ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б. ;
г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмы-сының бағдарламасын жасау;
д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
е) қоғамдық пікірді қалыптастыру;
ж) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;
и) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т.
Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсатгары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті - азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметгік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.
Коғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның сайлаушылар тобы деген сөзінен) құрайды. Еуропадағы социал-демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жататын. Либералдық-демократиялык партияларды орта жіктегі қызметкерлер, зиялы қауым, ұсақ кәсіпкерлер және т. б. қолдайтын. Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін. Консервативтік партиялар ірі меншік иелерін, шаруалар мен орта буындылардың бір бөлігін тірек ететін. XX ғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді. Ірі партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарының даусын жинады. Демек, солардың мүддесін де көздейді.
Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталган, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатынасады.
Саяси өмірде мемлекет пен қатыр партиялар да үлкен орын алады, олар саясаттың негізгі субъектісі болып табылады. Саяси партиялар қандай ба бір класстық, ұлттық, әлеуметтік топтың қажеттіліктерін қарастыратын ұйым болып есептеледі. Саяси партиялар 19-20 ғ. дами бастады, бұл бірнеше дәлелдермен түсіндіріледі:
1. 19-20 ғ. аралған көптеген елдер дамыған капиталистік елдер қатарына қосылды. Бұл мемлекеттердің негізгі таптары болып буржуазия мен пролетариат таптары есептеледі, және олар достаспас таптар болғандықтан, араларында әрқашан күрес жүреді. Осы таптардың қажеттіліктері мен тәптәушылықтарын қорғау үшін, күресті басқыру үшін саяси партиялар құрылады. Жұмысшы тап өз партияларын, буржуазиялық тап өздерішінін.
2. Халықтар мен ұлттардың ұлттық сана - сезімі оянып, дамиды, сондықтан олар өз қажеттіліктерін ақамдау үшін партиялар құрады.
3. Биліктің танымдық және сайлаулық жүйесі құрылады. Биліктік құрылымға кіру партияның өзіне байланысты. Қоғамның белгілі бір табылың қолдауымен партия биліктің құрылымына енгісі келеді. Кез келген саяси партияға мынадай белгілер тәң:
1) Қоғамның белгілі бір табылың қажеттіліктерін айқылдайтын идеологияның кесі болып партия табылады.
2) Партия - жергілікті деңгеден халықаралық деңгейге дейінгі адамдардың ұзақ бас қосуларының ұйымы.
3) Партияның қоғамдық бағыттардан ерекшілігі - билікті алудың және ұстаздың мақсатты құрылымы.
4) Сайлау компаниялары кезінде немесе олардың арасында халықты демеуге талпынада.
Кез келген саяси партия белгілі бір функцияларды, міндеттерді атқырады. Ол партияның функциялары мысалар:
• әлеуметтік топтардың активтілігі;
• саяси идеологияларды ойластыру;
• мемлекеттегі билік ана үшін күресуге қатысу;
• қоғамдық көзқарасты қалыптыстыру;
• қоғамды саяси тәрбиелеу;
• мемлекеттік аппаратқа кадрларды даярлау және ұсыну;
• мемлекеттік билікті іске асыруға қатысу.
Саяси партиялар әр түрлі, және олар өте көп, сондықтан партияда саяси партиялардың типтілігі бар. Саяси партиялардың бірнеше типтілігінің ішінде, кең тарағамы негізгісі басып құндылықтарын бағалай алатын партиялар табылады. Осыған байланысты партиялар:
• коммунистік;
• әлеуметтік-демократиялық;
• либералдық;
• консервативтік;
• фашистік.
Коммунистік - Марксистік, Лениндік идеологияны қосдайтындағы. Негізгі мақсаты - тапсыз коммунистік қоғам құру. Көп елдерде бұл партия билік басында бірнеше жылдар бойы болды, бірақ бірде-бір елде олардың мақсаты іске асқан жаң 80 жылде соңы мен 90 жылде басында. Батыс Еуропа елдері мен КСРО-да демократиямендыру үшін процестер өтті. Оның нәтижесіне Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде коммунистік билік жойылды.
Әлеуметтік - демократиялық партиялардың да мақсаты - осындай. Социализм құру; айырмашылығы: компартиялар революциялық жолмен жаңа қоғам орнатуды кездесе, әлеуметтік - демократтар қоғамдық бірізділікпен эволюциялық жасда өзгертуді қалайды. Қазіргі кезде бұл партиялардың саны өте көп, және олар көп елдерде билік басында [4] .
Либералдық - бұл партиялар өз іс - әрекеттің ең жоғары шықына жеке тұлғамы және оның қажеттіліктерін қояды. Бұл партиялардың негізгі құндылығы - құңықтары. Олар адамды мемлекет билігінен, мемлекет қорлауынан сақтайды. Либералдық партия кезінде мемлекет жеке тұлғаның құқығын кепілі басып есептеледі.
Консервативтык - бұрынғы тәртіптер мен дәстүрлерді қайта жаңғыртуда кездесу. Саяси бағыт ретінде консервативтік партия отбасы тұтастығын, азамат абырайын қорғайды.
Фашистік - негізгі құндылығы болып қатаң орталық және қатаң тәртіп есептеледі, олар жеке тұлға қажеттілігінен мемлекет қажеттілігін жоғары қояды.
Партиялық жүйе.
Саяси өмірге қатысу мүмкіндігі бар саяси жүйелер қоғамның саяси жүйесін құрастырады. Партиялық жүйе бір-бірімен бәсенелесу негізінде қалыптасады. Партиялық жүйеге сандың көрсеткіш иегіз басады. Партиялық жүйе: бір, екі және компартиялық басып бөлінеді. Бірпартиялық жүйе - демократиялық емес мемлекеттерге байланысты; тоталитарлық, авторитарлық. Бұл мемлекетті бір ғана билік жүргізуші партия болады.
Екіпартиялық жүйе - бұл билік үшін күресті екі партия жүргізетін жүйе, олардың ішіндегі жеңіске жеткені биліктің қарама-қарсы құрылымынен көп орын ала алады. Өте көп, бірақ негізгі күрес республикалық және демократиялық партиялар арасында жүреді және жеңіске жеткені ғана билік басына тұра алады.
Компартиялық жүйе - партиялардың саны өте көп болады, олардың барлығы да билідене таласа алады және олар бірлесіп үкімет құра алады, осындай партиялық жүйеде бір уақытта билік басында бірнеше саяси партия отыра алады.
- Саяси партиялардың түрлері
Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің көтеген өлшем және белгілері бар.
Француз ғалымы М. Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына қарай екіге бөлген:
Кадрлық:
Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз, ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы.
Бұқаралық
Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партия¬лық билеті жоқ мүшелік жар¬на төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары.
Сайлаушылар партиясы - бұл партияның, негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т. с. с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ
Парламенттік партия - екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.
Авангардтық партия - орталықтанған өзінің барлық мүшелерінен партиянын жұмысына белсенді катынасуын талап етеді.
Қауымдастық партиясы - ортак көзкарас, ұқсас мүд-делеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін бірік-тіріледі.
Коммунистік партиялар - К. Маркстің ілімін басшы-лыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.
Социал-демократиялық партиялар - бұл партиялар үнемі еңбекші халыктың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық.
Буржуазиялық-демократиялық - билік үшін ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің, де тең болғанын қалайды.
Консервативтік партиялар - ірі буржуазияның мүдде¬сін қорғайды. Тенсіздікті сақтағысы келеді.
Фашистік партиялар - адам құқықтары мен бостанықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары тұрады. Күштеу басым болады.
Билеуші партиялар - билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.
Оппозициялық партиялар - олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қарсыластық қасиет тән.
Ресми партия - жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жартылай ресми партия - формалды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.
Құпия партиялар - заң бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын жүргізеді
Бірпартиялық - өзінен баска партияның болғанын қаламайды. Мұндай партия тоталитарлық және авторитарлық коғамға тән. Мысалы: бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партия.
Екіпартиялық - мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі пар¬тия арасында болады. Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бір-бірін сынға алып отырады. Мыса¬лы: АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялары. Ұлыбританиядағы консерваторлар мен лейбористер партиялары, Германиядағы христиандық демократтар мен социал-демократтар.
Көппартиялылық - мүнда үш немесе одан да көп пар¬тиялар болады. Саяси мәселелер жан-жақты қаралады, бюрократияға тежеу салынады. Билік басына нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік туады. Мысалы: қазіргі Қазақстан Республикасы. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция құруы мүмкін.
Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Мынандай түрлері бар:
Парламентке қатысатын партиялардың, ешқайсысы өз алдына бөлек басқара алмаған уақытта құралған көппартиялық коалиция;
2. Екіпартия бірігіп үкіметті баскара алатындай уақытта құрылатын екіпартиялық коалиция:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz