ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ МЕН СИПАТТАМАСЫ



Место для титульного листа

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ МЕН СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Қазақстанның минералды ресурстарына сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .5
1.2 Қазақстанның жер ресурстарының сипаты мен аймақтық ерекшеліктері..10
1.3 Қазақстанның су ресурстарының сипаттамасы және аймақтық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.4 Қазақстанның агроклиматтық ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...18
1.5. Қазақстанның биологиялық ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..21
2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРЫН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.1 Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.2 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері ... ... ... ... ... 25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 31

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты мен қазіргі кезде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаның негізгі қорытындысы табиғатты тиімді пайдалану мен оны пайдаланудың тегін түрінен төлемді түріне өту болып табылады. Қазіргі кезде бұл өтпелі жағдайға келудің өзі әкімшілдік-әміршілдік әдістің экономиканы басқарудағы тегін табиғатты пайдалану теориясының табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қанағаттандыра алмауы салдарынан болды.
Қаржы-экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тегін табиғи ресурстарды қорғау мен үнемдеу туралы ойдың керегі де жоқ болатын. Табиғат пайдаланушыны табиғи ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалану мүлдем қызықтырмайтын. Табиғат пайдаланушы негізгі және айналымды өндірістік қорлар сияқты төлемді қажет ететін өндірістік ресурстарды үнемдеуге қызығатын, яғни, ең жақсы экономикалық жоспарлық-есеп беру нәтижесіне тырысу мақсатымен тегін беріліп тұрған табиғи ресурстарды жұмыс күшін аз пайдалана, шектеусіз түрде таңдай отырып пайдаланды.
Табиғатты тегін пайдалану принциптерін қолданудың көпжылдық тәжірибесі тек қана әкімшілік-әміршілдік әдіспен оны реттеудің жеткіліксіздігіне, көз жеткізді және оларды экономикалық әдіспен алмастыру қажеттілігі, яғни табиғатты төлемді түрде пайдалану әдісімен алмастыру мәселесін талап етті. Мысалы, біздің еліміз, табиғатты пайдалануда әкімшілік-әміршілдік жүйесіндегі елдер сияқты табиғи ресурстарды тек жалпы экономикалық жағынан тиімді пайдалануы бойынша ғана емес, сонымен бірге өндірістің материалмен қамтамасыз етілуі жағынан да дүние жүзінде артта қалғандардың бірі болып шықты.
Көп мөлшерде табиғат ресурстарын пайдалану ылғи да қоршаған табиғи отраны интенсивті түрде ластау мен табиғаттағы экологиялық тепе-теңділікті бұзумен байланысты болды. Бұл жағынан бұрынғы КСРО және оның ішінде, әсіресе Қазақстан Республикасы планетарлық масштабтан алғанда өте бір келеңсіз көріністе болған және қазірде солай болып қалуда.
Қазақстан Республикасының табиғат пайдалану мәселесі төңірегінде қалыптасқан қазіргі кездегі тығырыққа тірелудің жағдайы, ғалымдар, экономистер, халық шаруашылығындағы жұмысшыларының бірауыздан білдірген пікірлері бойынша негізінен табиғат ресурстарын тегін пайдалану салдарынан болған. Дәл осы қалыптасқан жайды ескере отырып, түбегейлі экономикалық реформа бойынша құжаттарды басшылыққа ала, оған қоса Қазақстан Республикасы-ның Конституциясын, табиғи ресурстардың негізгі түрлерін пайдалану бойынша кодекстерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау Заңына сәйкес табиғатты төлемді пайдалану принциптерін енгізу қарастырылады. Табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеудің ғылыми негізделген жүйесін құрып алмай және оны қолданбай тұрып табиғатты төлемді пайдалану принципін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Табиғатты төлемді пайдаланудың теориялық негізі Л.В.Кантарович, Н.Г.Федоренко, Н.Н.Баранский, Э.Б.Алаев, Н.Н.Колосовский, Ю.Г.Саушкин, А.А.Минц, М.И.Агашковтың еңбектерінде қаланған. Бірақ, сол кездегі (экономиканы басқарудың әкімшілік-әміршілдік жүйесінің үстемдігі кезінде), социалистік шаруашылық жағдайында табиғи ресурстарды тегін пайдалану туралы пікірдің басым кезінде олар ашық түрде табиғатты төлемді пайдаланудың теориясын қалыптастыра алмады. Сөйтсе де, аталған ғалымдардың ойларының қисыны қалай болғанда да табиғатты тиімді пайдалану үшін төлем төлеудің қажет екендігіне әкеп саяды. Сайып келгенде, аталған тақырыптың қарастырылып отырған мәселелері өзекті болып табылады.
Өзектілікке сүйене отырып біз келесідей мақсат қойдық:
Қазақстанның табиғи ресурстарының жіктемесін қарастыра отырып, табиғи ресурстардың тиімді пайдалану жолдарын, оларды қорғау мәселелерін қарастыру болып саналады.
Жұмыстың мақсатын айқындап алып, біз аталған жұмысты жазу үшін келесідей міндеттерге сүйенуді жөн көрдік:
- Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарының жіктемесіне сипаттама беру;
- табиғат ресурстарының аймақтық ерекшеліктерін қарастыру;
- табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жайында ұғым қалыптастыру;
- табиғатты тиімді пайдалану мен қорғау мәселелеріне тоқталып, шешу жолдарын анықтау.
Жұмыстың құрылымы. кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ МЕН СИПАТТАМАСЫ
1.1 Қазақстанның минералды ресурстарына сипаттама

Қазақстанның табиғи ресурстарына сипаттама бермес бұрын олардың жіктемесін анықтап алу керек. Негізінен еліміздің табиғи ресурстарын негізгі түрге бөлуге болады, оны 1 суреттен көре аласыздар:

Сурет 1. Қазақстанның табиғи ресурстарының жіктемесі

Адамзат қоғамының минералды - шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Қазақстан - жердегі минералды - шикізат базасына бай аздапған елдердің бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың ( олардың 29 - ы металдар) Қазақстанда 39 - ы алынады. Салыстырмалы түрде алсақ жоғар көрсеткіштер тек Ресейде - 49, Қытайда - 45, Австралия және АҚШ - 42, Бразилия - 41 түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.
Мұнай мен табиғи газ қорлар бойынша республика әлемі елдерінің бірінші ондығына кіреді, мұнда тас және қоңыр көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран және сирек кездесетін металдар т.б. табылған.
Аталған пайдалы қазбалардың түрлерін өндіру, қайта өңдеу және байыту процесінде литосфера мен тұтас қоршаған орта жағдайына неғұрлым мұнай, табиғи газ концентраттарын өндіру ықпал етеді.
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында кен-металлургия кешені Қазақ­стан­ның әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің қата­ры­на қосылуын қам­тамасыз етуге жәр­демдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады.
Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат балансында айтарлықтай күшті позицияға ие, әлемдік минералды шикізат рыногы­ның дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2015 жылы) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай (кесте 1):

Кесте 1. Қазақстанның минералды ресурстарының үлесі (2015 жылғы мәліметтер)
Минералды ресурс атауы
Пайыз есебімен
Дүние жүзіндегі алатын орны
алтын
2,7 %
8 орын
күміс
16 %
2 орын
мыс
7,1 %
2 орын
марганец
30 %
2 орын
қорғасын
22 %
1 орын
мырыш
15,2 %
1 орын
барит
47,2 %
1 орын
темір
6 %
5 орын
кобальт
3,9 %
5 орын
хром
37,6 %
10 орын
боксит
1,4 %
10 орын
никель
1,4 %
12 орын

Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша - екінші-үшінші, мырыш және қорғасын бойынша - алтыншы, марганец бойынша - сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы орында.
Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат рыноктарында Қазақстанның атқаратын рөлі аз емес, ал Еуразиялық суб­континентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.
Бұл жетістіктер өздігінен келген жоқ, ол ғалымдар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің ерен еңбегінің жемісі болды. Кезінде осы сала Қазақстан ғылы­мының қарыштап дамуына зор әсер етті. Отан­дық геология, кен ісі, металлургия са­ла­л­ары әлемдік жетістіктерге қомақты үлес қосты.
Соңғы 15 жылда Қазақстан ғылымы­ның алдында қосымша міндеттер пайда болды. Яғни, отандық ғылымның жауап­кершілігі артты. Кеңес өкіметі кезінде осы саладағы қазақстандық ғалымдар тек ғылыми ізденістермен - жаңа технология жасау, оларды сынақтан өткізу, өндіріске енгізу сияқты мәселелермен айналысатын, ал өндірістің даму стратегиясын жасауды үкімет ол кезде тек мәскеулік ғалымдарға тапсыратын.
Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін, біздің үкіметіміз ондай маңызды бағдарламалар дайындауды Қазақстан ғылымына жүктейтін болды. Сол себепті, еліміз экономикасының стратегиялық ба­ғыттары бойынша Президент Жарлығымен бірнеше ұлттық орталықтар құрылды, олар­ға өз салаларында мемлекеттік бағдарлама­ларды іске асыру жүктелді. Сондай құрыл­ған орталықтың бірі - "Қазақстан Рес­публикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталы­ғы" РМК. Бізге тау-кен, металлургия ба­ғыт­тары бойынша бағдарламаны орындау жүктелді. Әрине, біз бұл міндетті бұрынғы істеп жатқан жұмыстарымызға қосымша атқарып жүрміз. Мекеме қазір Орталық Азиядағы ірі ғылыми кәсіпорындардың бірі.
Ал жекеменшікке өтіп кеткен кәсіп­орындарға келсек, әрине, нарықтық эко­но­микада мемлекет кәсіпорынның шаруасы­на араласпайды. Әйтсе де үкімет өз мен­шігіндегі кен орнын кәсіпорынға пайда­лануға бергеннен кейін, сол пайдалы қаз­ба­ны өндіру мен өңдеу барысында жеке қожайындардың мемлекет мүддесін бұзбауын қадағалап отыруы тиіс.
Біріншіден, кен орнын пайдаланушы­лар руданы өндірген кезде үкімет белгі­леген норматив бойынша, руданы барын­ша толық (тек қана бай руданы емес) қа­зып алулары керек.
Екіншіден, руданы өң­деген кезде оның құрамында бар элемент­терді мейлінше толық бөліп алу керек.
Үшіншіден, металдардың өзіндік құнын шектен тыс жоғарылатпауы, сату бағасын төмендетпеуі тиіс.
Төртіншіден, өндіріс үдерісінде қоршаған ортаны ластамауы, ал егер оған нұқсан келтірсе, сол үшін үкімет­ке жеткілікті мөлшерде төлем төлеуі тиіс.
Бесінші, өндірісте істейтін жұмыскерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Осы бағыттарда кәсіпорынның жұмысын бақылайтын мемлекеттік органдар бар. Біздің жұмысымыз жоғарыда аталған пункттер бойынша әлемдегі осындай өн­дірістердің көрсеткіштері мен ғылыми же­тістіктерін назарға ала отырып, өндірілетін шикізаттардың ерекшеліктерін ескеріп, үкімет органдары нормативтерді белгілеуі үшін қажетті материалдармен, ұсыныс­тармен қамтамасыз етуге саяды.
Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол екі ірі саладан тұрады - қара металлургия және түсті метал­лургия:
- қара металлургия темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферро­құймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан тұрады;
- түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.
1996-2015-жылдар аралығында Қазақстанның минералды-шикізат кешеніне 55 млрд. доллардан астам, соның ішінде жер қойнауын игеруге 40 млрд. доллардан астам инвестиция салынды. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін Алматыда ІІІ инвестициялық саммит барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, көмірсутегі шикізатына бағытталған инвестициялардың орта есеппен 79 % өнім өндіруге, 21 проценті геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.
Министрдің айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстан көмірсутегі шикізатының қорына қарай әлемдегі алдыңғы ондыққа кіреді. Ал табиғи газдың барланған қоры бойынша еліміз дүниежүзінде 15-ші орында.
Расталған және алып пайдалануға болатын мұнай қоры 35 млрд. баррельді, газ қоры 3 трлн текше метр
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде 120-ға жуық құрылым анықталған. Олардың арасында көмірсутегі шикізатының үлкен қоры болуы әбден мүмкін. Мамандардың болжамы бойынша, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің көмірсутегі ресурстары 12-17 миллиард тонна болады.
Солтүстік Каспий жобасының аясындағы алғашқы барлау бұрғылау жұмыстарының алғашқы нәтижелері - Каспийдің қазақстандық бөлігінің болашағы зор деген қорытынды жасатып отыр.
Республикамызда 197 мұнай және газ кен орындары, олардың ішінде 102 мұнай, 29 газ конденсаты, 30 мұнай - газ конденсаты, 6 мұнай - газ, 11 газ конденсаты және 12 газ кен орындары ашылған. Мұнайдың ашылған кен қорлары 3млрд. тоннасы, ал газдың анықталған қорлары 3 трлн. текше метрді құрайды. Негізгі мұнай мен газды өндіру Батыс Қазақстанда жүзеге асырылады. Онда мұнайдың 90,4% және газ конденсатының 100% өндіріледі. Бұл регион Қазақстан территориясындағы неғұрлым ластанған және экологиялық жағдайы нашар аудандар қатарына жатады. Тау - кен өндіру өнеркәсәбәнің мұнай өндірі саласы жеке тұрғыдыан алғанда да басымдық маңызға ие ( 2030 жылға қарай мұнай өндіруді жылына қарай 150 млн.т - ға дейін жеткізу болжамын есепке алғанда).
Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік.
Сондай ақ темір, марганец, хром, қорғасын, мырыш, мыс рудаларын алтын, фосфориттер, құрылыс тастары, мен минералды шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және карьерлер табиғи ортаға жағымсыз әсер етеді.Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафтар табиғатының литогенді ортасын қорғау жөнінде тиімді шараларды қолдануды талап етеді.
Жер қойнауларын қорғау мәселесі литосфера қабаттарынан минералды шикізатты рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар түрінде неғұрлым толығымен айырып алуды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды. Жер қойнауларын қорғау жөніндегі шаралар кешені сондай - ақ рельеф формасының сақталуын, геодинамикалық процестердің көрініс табуда жоюын қамтиды.
Осыған байланысты пайдалы қазбалардың кен орындарын кешенді түрде өңдеу , минералды шикізатты өндіру , өңдеу , және тасымалдау кезінде шығынды жан - жақты жоюға ұмтылу жер қойнауын эксплатациялаудың басты қағидасы болуға тиіс.Бұл шығындар неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым көп пайдалы қазбалар болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жер қойнауында қала береді .
Тау - кен өндіру өнеркәсібі қоршаған ортаға жан - жақты әсерін тигізеді .бұл рельефтің өзгеріске ұшырауынан , карьерлердің , жарлардың , террикондардың пайда болуынан және тау жыныстарының құлауынани көрінеді.Пайдалы қазбаларды өндіру топырақ , атмосфера , су бөгендері мен жерасты суларының сулық режимінің жағдаййына әсер етеді.Мұның үстіне өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің мән жайлы түбірімен өзгереді.Пайдалы қазбалардың кен орындарынөңдеу тікелей ландшафтардың геохмиялық жағдайына , техногендік аномалиялардың пайда болуына әсерін тигізеді.
Өндіру және қайта өңдеу процесінде пайдалы қазбаларды шала алу минералдарды - шикізат ресурстарын эксплутациялаудағы басты кемшілік болып табылады.Технологиялық дамымаудың нәтижесінде түсті металлургияда өндірілген рудаларды байыту кезінде алынған шикізаттың 10-20% ғана пайдаланылатыны ал80-90% лақтырылатынымәлім болды.
Бұл қалдықтар химиялық реагенттер сіңген тау жыныстарының ұсақталған түрін білдіреді.Концентраттарды балқыту процесінде материалдың пайызына жуығы шлаққа айналады.
Байыту фабрикаларында өңдеу процесінде минералды шикізат көп жұмсалады.Руданың гегізгі компоненттерін айыру кезінде қосалқы лақтырылып тасталады да , су мен жел эрозиясы нәтижесінде жойылып кетеді.Қосалқы пайдалы компоненттердің жалпы құны көбінесе негізгі түрдің құнынан жоғарғы болатынын ұмытпауымыз тиіс. Өндірістік қалдықтарды қайтадан эксплутациялау үлкен экологиялық және басқа да қиыншылықтармен жалғасады және барлық уақытта мүмкін бола бермейді.Нәтижесінде қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстар үлкен шығынға ұшырайды.
Қалдықсыз кен қалдығы аз өндірісті жасау жер қойнауының байлықтарын неғұрлым толық пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.
Жер қойнауы ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау негізінде келесі басымдықтар жатқызылуы тиіс:
- пайдалы қазбалар өндіру технологиясын жетілдіру;
- бос, өңделген жынысты пайдалану арқылы кен орындарын кешенді түрде өңдеу;
- пайдалы қазбалар кен орындарын үнемдеп пайдалану олардың іске жарау мерзімін ұзартуға ұмтылу;
- қажетті жағдайларда сирек кездесетін минералды шикізаттардың орнына басқа нәрсе қолдану;
- тау - кен орындары игерілген жерлерді кеңінен рекультивациялаужәне т.б.
Жер қойнауын пайдалану мен қорғау тәртібі мен мән жайларын реттейтін және олардың рациональды , кешенді пайдаланылуына және экологиялық зардаптың алдын алуға бағытталған құқықтық нормалар бар.Табиғатты қорғау аясындағы тау - кен игеру қызметі Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ҚР заңымен реттеледі.

1.2 Қазақстанның жер ресурстарының сипаты мен аймақтық ерекшеліктері

Жер шарының түгелдей дерлік аймақтарында көрініс тапқан осы зардаптар адамдар тарапынан олардың қоршаған ортаны сақтауға тікелей тәуелді екендігін түсінуіне , табиғат қорғау проблемасына жауапкершілік көзқарастың қалыптасуына алып келді. Көптеген жүзжылдықтар бойы адамзат өзінің тіршілігін өндірістің қарқынды дамуымен байланыстырып, алынған өнімнің басым бөлігін өндірісті одан әрі дамытуға жұмсады. Бұдан қорытындылайтынымыз табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және оларды сақтау, қалпына келтіру тірі табиғатты, адамды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінен алшақтағандығында.
Адам - табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адам табиғатқа тәуелді. Сондықтан өзінің өмір сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл жасайтын, аяулы армандарын жүзеге асыратын ортасы, күнкөріс көзі болып табылатын табиғатқа адамның қалай болса солай емес,аялай есіркей қарауы - оның перзенттік міндеті.
Табиғаттың тілін тауып, сырын тану арқылы оны жасартып, жаңғыртуға ғылыми практикалық үлес қосқан көрнекті табиғат зерттеуші ғалым И.В Мичуриннің өзіі большевиктік желікке бой алдырып, ашқан жаңалықтарынана жалған қорытынды шығарды: Біз табиғаттан рақымшылық күтіп отыра алмаймыз, оның бермегенін күшпен тартып аламыз , -- деп, аракідік айтылып қап жүрген пікірді одан сайын асқындырып жіберді.
Ф.Н.Реймерс бойынша жүйелі түрде пайдаланатын немесе белгілі бір шаруашылық мақсатта пайдалануға болатын жерді жер ресурстары деп түсінеді. Жер ресурстарды төмендегідей мағынада түсінуге болады: а) егістік жер ресурстары; б) ауылдық жарамды барлық жерлерді; в) аумақтық ( территориялық ) ресурстар. Әдетте, бұл термин а) және б) мағынада түсінеді ( Реймерс, 1990, 453 бет.)
Белгілі бір жағдайды сақтап үздіксіз пайдаланған жағдайда жер ресурстары қалпына келетін ресурс деп есептейді. Егістік мақсатпен пайдаланғанда жер ресурстары өңдеу құралы болып табылады. Мұндай жағдайда табиғаттан жер ресурстары емес, оның көмегімен пайда болған өсімдік өнімдері алынады.
Жер ресурстарын пайдалануда барлық табиғи компоненттердің өзара байланысқан ықпалы айқын байқалады - жанама болып ландшафттың негізгі компоненттердің әрекеттестігін интегралды сәулелендіретін топырақ арқылы және тікелей, себебі жер бедері климаттың, сулардың, өсімдіктердің және жануарлардың сипаты ауыл шаруашылық әрекеттің нәтижесіне тіке ықпалы бар. Сондықтан топырақты немесе әдебиетте жиі айтылатын топырақ - климаттық ресурстары ауыл шаруашылық деп қарастыру бірнеше авторлар дұрыс емес деп есептейді.
А.А. Минц бойынша ауыл шарауашылық ресурстар деп табиғи кешендерді түсінеміз, (ландшафт, мекеннің типтері т.с.с.). Яғни, ауыл шаруашылық ресурстардың бас қасиеттері табиғи территориалдық кешеннің қалыптасу заңдылықтарымен анықталады. Осыған байланысты жерді шаруашылықта пайдаланудың географиялық айыпмашылықтар пайда болады.
Құнарлық немесе биологиялық өнімділік ауыл шаруашылықта пайдаланатын жердің негізгі қасиеті болғандықтан табиғи шарттанған өнімділік деңгейіндегі географиялық айырмашылықтарды анықтау негізгі орын алады.
Жердің бас қасиеті, оны пайдаланудағы әмбебаптылығында. Себебі адамның іс - әрекетінің барлық түрлері жер пайдаланумен байланысты, жер еңбектің предметі және еңбектің жалпы құралы, яғни кез - келген материалдық өндірістің қажетті шарты.
Пайдаланудың белгілі бір түрлері арасында, жер бөлістірудің әлеуметтік, экономикалық факторлармен анықталатын стихиялық немесе жоспарлы механизм қалыптасуының алғышарттары болып территорияның шектелуімен ауыспашылығы, оны пайдаланудың көптеген түрлерінің бір - бірін жоққа шығаратындық сипаты болып табылады.
Әдетте пайдаланатын ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері ондай көп емес, себебі дақылдардың түрлері әрбір ауданда экономикалық және басқа да себептер бойынша ауыл шаруашылық бағытымен таңдалады, бірақ уақыт бойы қатты өзгеруі мүмкін. Таралу аймақ шегінде дақылдардың өнімділігіндегі үлкен географиялық айырмашылықтар, осындай таңдауға әсер ететіні негізгі факторлардың бірі. Дақылдардың әртүрлі экологиялық талаптарының себебінен әрбір дақылдың өнімділігінің айырмашылық сипаты ерекше болады.
Жер қоры -- мемлекеттің аумағындағы бүкіл жер құрамы. Қазақстан Республикасы "Жер туралы" (2001) заңына сәйкес жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді (сурет 2):

Сурет 2. Қазақстанның жер ресурстарының санаттары

Қазақстанның "Жер туралы" заңы бойынша (1-бөлім, 1-бап) табиғи жағдайларға байланысты республика аумағындағы жер қоры орманды дала, дала, қуаң дала, шөлейт, шөл, тау етегіндегі шөлді дала, субтропикалық шөлді дала, субтропикалық тау етегіндегі шөлді дала, ортаазиялық таулы, оңтүстік-сібірлік таулы жер болып жіктеледі.
Жердің әрбір түрінің өнімділігінің айырмашылығына, онда егілетін жеке бір дақыл егудің экологиялық тімділігі, сонымен бірге жалпы ауыл шаруашылық өндірістің тиімділігі тәуелді.
Қазақстан аса зор жер қорына ие. Егістікке жарамды жердің жалпы ауданы 2001 жылдың 1 қаңтарында 30,2 млн. га болды. Жайылымдық және шабындық жерлер 190 млн. гп. Республикамыздағы жайылымдық жерлердің негізгі бөлігі шөл және шөлейт зоналарында жатыр.
Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи жағдайлар бойынша 10 аймақ ерекшеленедi: орманды дала; дала; қуаң дала; шөлейттi; шөлдi; тау етегi-шөлдi-далалық; субтропикалық шөлдi; субтропикалық-тау етегi-шөлдi; орта азиялық таулы; оңтүстiк-сiбiр таулы аймақтар. Аймақтардың табиғи жағдайлары бойынша республика аумағында орналасуы 6.1-суретте берілген.
Орманды дала аймағы Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік бөлігін алып жатыр. Аймақтың көлемі 0,8 млн. га құрайды, соның ішінде 0,5 млн. га ауыл шаруашылығы алқаптары.
Дала аймағы Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстік бөлігін, жалпы көлемі 26,5 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары - 23,5 млн. га құрайтын Солтүстік Қазақстан облысының негізгі аумағын қосады.

Сурет 3. Республика аумағын табиғи жағдайлары бойынша аймақтарға бөлу

Жердің 40%-дан астамын босалқы жерлер құрайды, яғни шаруашылықта пайдаланылмайтын жерлер. Мұндай жерлердің пайызы 2009 жылдан 42,8-ден 40,1-ге азайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер республиканың барлық жерлерінен 35,1% -дан 36,9%-ға артты.
Сонымен қатар, 2012 жылы 8,9% - ға 2013 жылы 8,8%-ға төмендеген орман қоры жерінен басқа категориялардың өсуі байқалуда. (2-кесте) . Жер қорын бөлу құрамы бойынша жер категориясы қимасы 6.2-кестеде ұсынылған. Пайдаланылмаған жерлерден тек 1,5 млн. га астам жер қорының тыңайған аудандарын құрайды.

Кесте 2. Жер қорын есептік санаттар бойынша бөлу (мың га)
Атауы
2012
2013
2014
2015
Қазақстан Республикасының пайдалануындағы барлық жер
261173,8
261173,8
261173,8
261173,8
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
93727,4
93428,2
96278,3
98580,2
Пайыздағы үлес салмағы
35,9
35,8
36,9
37,8
Елдi мекендер жері
23684,1
23789,8
23749,7
23804,8
Пайыздағы үлес салмағы
9,1
9,1
9,1
9,4
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс,
қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
2688,0
2620,8
2726,4
2778,7
Пайыздағы үлес салмағы
1,0
1,0
1,0
1,0
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi
5755,1
5776,5
6515,2
6634,3
Пайыздағы үлес салмағы
2,2
2,2
2,5
2,5
Орман қорының жерi
23029,0
23059,9
22943,6
22850,6
Пайыздағы үлес салмағы
8,8
8,8
8,8
8,8
Су қорының жерi
4108,5
4113,2
4112,9
4120,9
Пайыздағы үлес салмағы
1,6
1,6
1,6
1,6
Босалқы жер
108181,1
108385,4
104847,7
102404,3
Пайыздағы үлес салмағы
41,4
41,5
40,1
39,2

1.3 Қазақстанның су ресурстарының сипаттамасы және аймақтық ерекшеліктері

Қазақстан жер региондарының ішіндегі сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады. Сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі ең соңғы орынды алады, тіпті Түркіменстаннан кейін тұр. Қазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларының қоса алғанда) жалпы мөлшері жылына 89.5 текше шақырымды құрайды. Мемлекетте таза ауыз суды тым тапшылығы байқалады.
Қазақстанның жер беті су ресурстары түгел дерлік таусылған. Республиканың су шаруашылығы мәселелері тек жер беті суларын шектеп пайдалану және жер асты суларының ресурстарын меңгеру есебінен ғана шешілуі мүмкін. Республикада жалпы су пайдаланудың 9 % жер асты суларының үлесіне тиеді, біздің ойымызша, оны 25% дейін көтеруге болады.
Жер бетіндегі және жер асты суларының Қазақстанның геожүйелеріне экологиялық ықпалы көп жақты сипатқа йе. Ол өзен жүйесінің жйілігі және су қоймаларының гидрологиялық және гидрохимиялық режимі арқылы көрінеді. Өзендердің бастаулары, су режимі, жылдық су қорының өзгермелілігі және т.б. гидроэкологиялық факторлар неғұрлым маңызды болып табылады. Осы факторлардың ішіндегі кейбіреулерінің экологиялық ролін қарастырумен шектелеміз. Олардың ішінде:
өзен жүйесінің Қазкстанның үлкен, жазық бөлігінде тым әркелкі орналасуы техногез өнімдерінің геохимиялық миграциясы процестеріне жағылуы ықпал жасамайды;
Тянь-Шань, Алтай, Жоңғар Алатауы тау жүйелерінің өзен жүйесінің жиілігі және су бөгендерінің суы молдығы осында орналасқан өндірістік региондардың шегіне табиғи сулар мен топырақты ластаушыларды шығарып тас-тауға ықпал жасайды;
Республика территориясындағы гидрологиялық режимнің Қазақстандық типтегі өзендердің су айналымы су қоймаларының өзін -өзі тазартудағы маңызды фактор болып табылады. Көктемдегі су тасқыны өзенді ластаушылардан тазартуға жағдай жасайды, ал судың төмен деңгейі ( тіпті тартылуы) техногенез өнімдерінің аккумуляциясына ықпал жасайды.
Тянь-Шань тауларында кездесетін Тянь-Шаньдық типтегі өзендер жоғары емес, жайылған көктемгі- жаздық қар суымен және деңгейінің төмендігімен ерекшеленеді. Мұндай гидрологиялық режим су қоймаларының техногенез өнімдерінің өзін- өзі тазалауына әсер етеді.
Төменгі және жайылыңқы қөктемгі сулармен және жоғарғы жаздық-күздік сулармен ерекшеленетін алтайлық типтегі өзендер шаруашылыққа пайдалануға және су қоймаларының өзін-өзі тазалауына жағымды ықпал жасайды.
70- тен астам артезиандық бассейндердің болуы Қазақстанның альптік региондары қатарының экономикалық даму мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Алайда, жер асты суларын минерализациялаудың жиілігі және олардың жоғары дәрежеде болуы экологиялық қысымды тереңдететін экологиялық фактор болып табылады
Судың жиналу режимі мен су деңгейінің толқуы, өзендердегі сулардың максималды және минималды шығындарын және қоршаған ортаның экология жағдайына тікелей әсер ететін басқа да гидрологиялық факторлар тығыз байланысты.
Су ресурстарын қорғау және рационалды пайдалану мәселесі адамзат үшін өмірлік маңызды мәселе болып табылады. Табиғаттағы су айналымының арқасында жердегі су ресурстары таусылмайды. Алайда планетамыздың кейбір бөліктерінде табиғи жағдайлардың жағымсыз болуына байланысты тұщы су ресурстары жеткіліксіз.бұған қазақстан Республикасы территориясының басым бөлігі кіредіжәне сондықтан аридтік және семаридтік климат жағдайларына су ресурстарының өте тапшылығымен сипатталады.
Қазақстан біздің планетамыздағы су ресурстары жетіспейтін азғана региондардың қатарына жатады. Ол тұщы су қорлары бойынша ТМД елдері бойынша сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады. Бұл территорияда су ресурстары әркеркі орналасқан және бастаулары республика шекарасынан тыс жерде жатқан транзиттік өзендерден тұрады.
Оңтүстік - шығыс Қазақстанның таулары және таулы жазыктары тұщы сумен көбірек қамсыздандырылған. Республиканың басым бөлігінде адамдардың өндірістік әрекетінің, су көздерінің және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарымен ластануының және басқа да себептердің нәтижесінде таза түщы суға деген тапшылық байқалады. Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800 шақырымнан асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария, Шу, Нұра Торғай өзендері. Қазақстандағы сегіз мың өзен ғана он шақырымнан ұзын. ірі өзендердің көпшілігі (Орал, Ертіс, Сырдырия ,іле , Шу) трансшекаралық өзендер болып табылады. Және Қазақстанға шекаралас мемлекеттерден ластанған ағын әкеледі.
Оңтүстік-шығыс Қазқстан тауларында 1673 ,9 шаршы шақырым ауданда мүздық бар. Республика территориясында 47 мыңнан астам көл бар, олардың көпшілігі (8 мыңнан астамы) көктемгі қар суымен толады, ал жазда құрғап кетеді. Қазақстандағы жер беті суларының көлемі жылына 89,5 текше метр шақырымды құрайды. Соңғы жылдары оның көлемі көрші мемлекеттердің шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалуымен байланысты біршама азайды. Нәтижесінде Сырдария өзенінің суы 19,8-ден 9,8 текше шақырымға, Іле өзенінің суы жылына 17,9-дан 7,4 текше шақырымға дейін азайды. Осының бәрі Арал теңізі мен Балқаш көлінің экологиялық жағдайына күшті әсерін тигізді.
Республикамыздың жерасты су ресурстарының мол екендішгін айта кеткеніміз жөн. Жер асты суларының анықталған қорлары 15,8 текше шақырымды құрайды, оның 2,6 текше шақырымы пайдаланылады.2 Бұл сулар өте минералды болғандықтан және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады. Жерасты сулары Қазақстанда пайдаланылатын су мөлшерінің 8 пайыздан астамын құрайды. Болашақта олар республиканың су қажеттіліктерінің 25 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін.3 Жерасты суларның бастаулары өте әркелкі орналасқан. Су қорларының 63 пайыздан астамы республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде жатыр. Республикамызда анықталған жерасты суларымызддың 60 пайызының 16 пайызы ғана пайдаланылады. Осы мөлшердегі жерасты суларының 52 пайызы шаруашылық-ауыз су мақсатында, 22 пайызы техникалық мақсатта, 9 пайызы жер суғару үшін және 7 пайызы жайылымдарды суландыру үшін пайдаланылады, 69 қала, 4000 - нан астам елді-мекен, 100-ден астам өндірістік кәсіпорын жерасты суларымен қамтамасыз етілген, 90 мың гектарға дейінгі жерлер суғарылады. Жерасты суларын пайдалану үлесі республикамызда анықталған қорлардың 15, 6 пайызын, ал жалпы табиғи суларды пайдаланудың 7, 5пайызын құрайды.
Адамдардың шаруашылық қызметі Қазақстанның су ресурстарына жан-жақты әсер етеді. Мұнай өңдейтін кәсіпорындардың өнірістік, ағын сулары, қара және түсті металлургияның қалдықтары су ресурстарына негативті ықпал жасайды, қалалардың коммуналдық тұрмыстық өалдықтары көптеген су бөгендерін тұрмыстық және техникалық мақсаттарға паайдалануға жарамсыз етіп тастайды. Мұның үстіне судың тұнықтығы, түсі, температурасы өзгеріске ұшырайды, жағымсыз дәм мен иіс пайда болады, құрамындағы оттегі төмендеп кетеді.
Солтүстік Қазақстан өзендерінің негізгі сипаттамасы:

Өзендер
Ұзындығы, км
Су алабының көлемі, мыңкм2

Жалпы
Қазақстан жерінде
Жалпы
Қазақстан жерінде
Ертіс
4248
1400
1592
234
Есіл
2450
1781
177
123
Тобыл
1591
800
426
130
Нұра
978
978
71,3
71,3
Негізгі су шаруашылығының өзен алаптары. Қазақстанда халықаралық өзен бассейндірінің құрамдас бөлігі болып табылатын сегіз өзен бассейні бар: Ертіс, Есіл, Тобыл-Торғай, Нұра- Сарысу, Орал- Каспий, Арал-Сырдария, Шу-Талас және Балқаш-Алакөл.
Ертіс өзен бассейні. Өзеннің Қазақстандағы ұзындығы - 1200 км. Бассейн аумағының жалпы көлемі - 1, 64 млн. км2
Бүгінде өзен суы екі жасанды канал арқылы тармақталады. Біріншісі - Ертіс-Қарағанды (ұзындығы 485 км), ал екіншісі - 2000жылдардың басында Қытай аумағында Қарамай қаласындағы мұнай өндірісі үшін салынған (ұзындығы 300 км). Ертіс суын Астананың қажеттіліктеріне жарату үшін оны Есіл бассейнімен канал арқылы байланыстыру жобасы қарастырылып жатыр. Бұл да Ертіс өзеніне қосымша қысым болып келері сөзссіз.
Өзенді ластау факторлары: тау-кен өндірісі және ежелден келе жатқан - Семей ядролық полигонының салдары.
Есіл және Тобыл-Торғай өзен бассейндері. Есіл және Тобыл өзендері СҚО басталып, Ертіс өзеніне қосылып, Қазақстан-Ресей шекарасының арғы жағына ағып өтеді. Судың гидрологиялық тәртібіне байланысты су қорларын тиімді пайдалану өте қиын. Жерасты суларының қоры Есіл бассейнінің аймағында тым аз, сондықтан су қоры жетіспейді.
Екі бассейн де өндіріс қалдықтарымен және қалалардағы қалдық сулармен ластанады.
Нұра-Cарысу өзен бассейндері. Бассейн құрамындағы Нұра өзені ұзындығы 978 км, бассейн көлемі 58 100 км2 тең. Нұра Теңіз көліне барып құяды. Мұнда аса ірі өндірістік қала - Қарағанды бар. Су қоры өте шектеулі.
Ластанудың басты көздері - өндіріс қалдықтары және канализация. Нұра өзенінің ең басты ластаушысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теориялық және тәжірибелік мәселелері
Жылжымайтын мүлік объектілерінің сипаттамасы және типологиясы
Өсімдіктер. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктің даму кезеңдері
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Тұрғын үй нарығының құрылымы мен қызмет ету механизмы
Рекреациялық ресурстар
Қаратау таулы аймағына туризмді дамыту
Моноқалаларды қалыптастыру мен дамыту
Пәндер