ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖАЙЛЫ



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
титулка
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Қазақ хандығындағы құқық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .4
2. Қазақ хандығындағы билердің орны мен
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. ТӨЛЕ БИДІҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ
ЫҚПАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1 Төле би Әлібекұлының тарихи
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 10
2.2 Төле бидің саяси
ойлары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..18

КІРІСПЕ

Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға
биі Әйтеке Бәйкенұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәукенің басты кеңесшісі болды.
Төле бидің басшылық, шешендік дарыны Қазақ хандығы жойқын қолмен шабуылға
шығып, қазақ халқын қырғаны, қалғанын ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға
ұшыратқан кезде айқын көрінді. Ол сол кездегі қазақтың белгілі батырлары –
Қабанбай, Бөгенбай, Ханкелді, Өтеген, Жәнібек батырлармен бірыңғай халық
майданын құрып, азаттық күресін басқарады. Қазақ жерін басқыншылардан азат
етуге басшылық етеді. Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар мен
ертегі-әңгімелер сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан нақыл,
мәтел сөздер, билік-келісімдер халық арасында кең тараған. Төле би өзі
билік еткен Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік
пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле бидің
басшылығымен (XVIII ғасырда салынған) ескі Ташкент қаласындағы Төле би
(Қарлығаш) мавзолейі осы күнге дейін сақталған.
Төле бидің есімі тек Ұлы жүзге ғана емес, сондай-ақ Орта жүз бен Кіші
жүздегі ірі-ірі тарихи оқиғалармен де тығыз байланысты. Сол үшін де Орта
жүз бен Кіші жүз қазақтары арасында да ол жөнінде аңыз-әңгіме, өлең-жырлар
көп сақталған. Демек, ол тек Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып
қоймай, бүкіл қазақ елінің саяси, мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген
адам.
Төле би Әлібекұлы туралы тарихи құжаттар осындай аз ғана дерек
қалдырса, қазақ ауыз әдебиетінде ол жөнінде ертегі, аңыз-әңгімелер,
шешендік сөздер өте мол. Олардың көпшілігінде Төле ақылды, әділ, шешен әрі
халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында Төле би өз
заманының ақылды, білімді, парасатты адамы болған. Аңыздардың айтуынша Төле
орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған. Әулие-Ата маңында туғанымен
көбінесе Ташкент төңірегінде, Жиделі-Байсын жерінде, Сыр өзені бойында
көшіп-қонып жүрген. Көп тұрған жері – Шыназ (ескі Ташкент), сол жерде
қайтыс болған. Сүйегі Ташкенттегі Шайхан-тәуірде, мешіт түбінде жерленген.
Төле би Әлібекұлы – Ұлы жүзді басқарған, қазақ хандығын мемлекеттік
деңгейде нығайтысып, заңын жасасқан белгілі қоғам қайраткері, 1723-1730
жылдардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресін
бастаушылардың бірі. Қазақ елінің бауырлас, көршілес елдермен татулығын
жақтаған, елімізде халықтар достығын қалыптастыруға өзіндік үлес қосқан
көреген мәмлегер. Сондай-ақ, ол артына аталы сөз, үлгілі өнеге-өсиет
қалдырған, өзінің даналық, тапқырлық әділ биліктерімен, шебер, көркем
сөздерімен халық әдебиетін дамытқан, байытқан дарынды шешен, кемеңгер
ойшыл.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. Қазақ хандығындағы құқық жүйесі

Әдетте руларды сол рудан шыққан ақсақалдар басқарды немесе кейбір
жағдайларда төрелер хан көтеріліп басқару құқығына ие болды. Ру ақсақалының
юрисдикциясына ішкі сот, өзара көмек беру, рудың ішкі қатынастарының
мәселелері жатты. Әскер құру принципінде Керей салған жүйе хандық билік
жойылғанша сақталып отырды деп айтуға толық негіз бар. Қазақ әскерінің
негізін еркін көшпеліден тұратын жасақ құрады. Жасақ рулық тайпалық принцип
бойынша құрылды. Бас қолбасшы болып хан сайланды. Кейде бас қолбасшылық
міндеттері сайлау негізінде өзін дарынды көрсете алған адамдарға өтетін.
1473-1480 жылдары билік құрған Жәнібек Түркістан өңірінде ықпалын
күшейтуге тырысты. Қазақ хандарының мемлекет өмірінің алғашқы кезеңіндегі
маңызды реформалары бұдан кейінгі дәуірдегі хандықтың дамуы мен өркендеуіне
қуатты негіз қалыптастырды. Қазақтың алғашқы билері мен жырауларының саяси-
құқықтық идеяларының мәні деген атауға ие екінші бөлімшеде жыраулардың
саяси-құқықтық ойлары қарастырылады.[1]
Қазақтың тұңғыш билерінің бірі – Асан қайғы саяси тұрақтылық пен
бейбіт өмірді жақтаушы. Ол геостратегиялық тұрғыдан Қазақ хандары үшін ең
маңызды орын алуы керек жәйт – Батыс пен Шығысты жалғастырып, Шыңғыс хан
дәуіріндегі мәдени, рухани орталық болып табылған Еділ мен Жайықты иеленуді
ұсынады. Бұл жырау тілімен айтқанда Жерұйық түсінігіне саяды.
Асан қайғы – хандық биліктің жақтаушысы, әрі жыршысы. Жырау үшін
халықтың жағдайын жақсартудың көзі – монарх. Кез келген жағдайда Асан қайғы
реформаның жоғарыдан жасалуын қалайды, яғни эволюциялық дамуды қолдайды.
Қазтуғанның саяси-құқықтық ойлары туған жер, атамекенді қорғау, ата
жұртты мадақтау, елдің тыныш өмірін жақтау екендігі айқын. Ол Еділ мен
Жайыққа жетер жер жоқ екендігін, Ноғайлы қазаққа жететін халық жоқ
екендігін, бірақ халықтың бұрынғыдай дәстүрлі өмір кешуіне қауіп төніп келе
жатқандығын баса айтады . Заманның өзгерісін ескеріп, жаңа заман
талаптарына сай өмір сүру керек. Халық бірлігі – басты құндылық. Саяси және
құқықтық ойлардың ішінде Қазтуған ойларының ерекшелігі сонда, көп жылдар
алдын ала болатын жәйларды болжаған жырау, халық тағдырын дәл табады. Дәл
тауып қана қоймайды, осы жағдайлардың орын алуына ықпал еткен себеп,
салдарды қарастырады. Бодандықтан аман қалудың жалғыз жолы – рухы тәуелсіз,
күшті келешек буын, ұрпақ қалыптастыруда. Алайда, түрлі тарихи процестер
нәтижесінде бодандыққа түскен қазақ халқының өзі де бұл проблемалардан
алшақ қала алмады. Жастарды тәрбиелеуде ұлттық нышандарды ескермеу, ұлттық
ділдің, діннің, тілдің қолдану аясынан шығып кетуі ұлттың аман қалуына
қауіп төндірді. Бұл қауіп еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де жойылған
жоқ. Қазтуған шығармалары мен саяси-құқықтық көзқарасы бүгінгі күні де өз
маңыздылығын жойған жоқ. Жыраудың ұлттық мемлекетке деген көзқарасы бүгін
Қазақстан үшін ғана емес, саяси тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізген
барлық мемлекеттер үшін ерекше. Билікті орталықтандыру және қалалық
өркениетті дамыту Қасым ханның ойы бойынша мемлекеттің беріктігін
қамтамасыз ететін факторлар болды. Осыған байланысты Қасым өз жоспарларына
Қазақ хандығының құрамына Сыр өңіріндегі бекініс қалаларды енгізуді мақсат
етіп қояды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев
былай деп жазады: Кезінде қоныс алу үрдісін шапшаң жүргізген көрнекті
хандардың бірі Қасым еді. Оның сыртқы саясаттағы сәтті қадамы Сырдария
бойындағы қалаларға қазақ билігін бекіте түсу жолындағы күрес болды. [2]
Қасым хан дәуіріндегі сыртқы саясаттың тағы бір векторы Ресей болып
белгіленді. Құқықтық реформаларына тоқталар болсақ, Шыңғысхан заманынан
бері кодификацияланбаған Яссыларды жүйелеп, нормативті актілердің жаңа
жинағы Қасым ханның қасқа жолының шығуына ықпал етті. Бұл құқық жүйесі
бүкіл халқы бір қазақ ұлысы болған үш жүзге түгел таралды. Заңдар жинағы
бес тараудан тұрды:
1. Мүлік заңдары (мал, мүлік, жер дауы мәселелері).
2. Қылмыс заңдары (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау,
ұрлық мәселелері).
3. Әскери заңдар (қосын, аламан, әскери міндет, тұлпар ат, қара қазан
мәселелері).
4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, сыпайылық, әдептілік).
5. Жұртшылық заңы (ас, той, мереке, жасауыл және т.б.).
Хақназардың негізгі саяси-құқықтық мақсаты хандықтың тұтастығын
сақтап, көршілерінен қорғану болатын. Вся политическая деятельность
Хаккназар-хана была направлена на интеграцию казахского общества и
обеспечение безопасности своей страны от внешних вторжении.
Тәуекел ханның негізгі ойы Қазақ хандығын қуатты, күшті мемлекет етіп
қана қою емес, оны Орта Азияны біріктіретін алпауыт империяға айналдыру
еді.
Заңгер-ғалым М. Сәрсембаев Тәуекел хан Мәскеуге өз елшісін әскери одақ
құру үшін жіберген деген дерек келтіреді: Посол казахского хана Тевеккеля
Кул-Мухамед в 1594 году прибыл в Московское государство для заключения
военного союза.
Есім ханның сыртқы саясаттағы бағыты Тәуекел ханның сыртқы саясатының
зањды жалғасы болып табылды. 1580-1594 жылдары Сырдария қалаларын,
Түркістан жерін құтқару үшін өзбек хандарымен шайқастар үздіксіз жалғасып
жатты. Нәтижесінде Есім ханның (1598-1628) тұсында Ташкенттен бастап,
Сырдария бойындағы қалалар Қазақ хандығының билігіне өтті [13, 142 б.].
Есім ханның ескі жолы нормативті актілерінің жиынтығы Қазақ
хандығында кең қанат жайып келе жатқан жаңа қатынастарды реттеуге
бағытталды. Қасым хан қағидаларынан ауытқымай, оны келесідей баптармен
нығайтты.
1.Хан болсын, ханға лайық заң болсын (яғни, хан өз мемлекетінің
қолайына жаққан заңды белгілеуге құқылы).
2.Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын (яғни, ер-азамат жау алдынан
белсеніп шығуға, әрі жауды жеңіп қайтуға тиіс). [3]
3.Абыз болсын, абыз сайлау парыз болсын (яғни, білімді кісілерді
құрмет тұтуға тиіс).
4.Би болсын, би түсетін үй болсын (яғни, билер өздерінің іс басқару
аппараттарын құрғаны ләзім).
Тәуке ханның 1680 ж. билікке келуі қазақ қоғамында бұрын-соңды орын
алмаған кең қоғамдық саяси реформаларға жол ашты. Профессор Б. Кенжебаев
Тәуке ханның қазақтың бірлік-ынтымағын, жауынгерлік күш-қуатын күшейту, ел
басқару ісін тәртіптеу мақсатында мынадай заң шығарды дейді: 1) жыл сайын
рубасылар мен ақсақалдардың кеңесі болсын, ол ханның қатысуымен халық
тұрмысының аса маңызды мәселелерін қарап шешсін; 2) кеңеске қатысатындар
тегіс қару-жарақты болсын, қару жарағы жоқтарға кеңесте дауыс берілмейді;
3) хан тұқымдарынан басқа қару-жарақ асынуға жарайтындар жыл сайын мал-
мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлесін, бұл ханның
қазынасына түсіп, халық ісін басқаруға жұмсалсын.
Тәуке ханның реформаторлық қызметінің шырқау шегін оның Қазақ
даласындағы нормативтік құқықтық актілерді кодификациялауы деп қарастыруға
болады. Жеті жарғы негізінде жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын,
қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір
дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар
арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен орталық биліктік
органдардың өкілеттігін айқындау. Жеті жарғыдағы әкімшілік, қылмыстық,
азаматтық, мұрагерлік, меншіктік құқықтар мен алым-салық, рухани,
әлеуметтік, саяси өмір қағидалары бүкіл қазақты бір шаңырақ, орталықтанған
мемлекет туы астына топтастыру, хандық аппаратын нығайту, жамағатты бір
заңға бағындыру, сол арқылы халықтың саяси-әлеуметтік салаларын қорғауға
бағышталған еді. [4]
Есім ханның тұсындағы саяси процестердің күрделенуі бір топ жырауларды
тарих сахнасына шығарды. Солардың бірі – Марқасқа жырау. Есімді Қазақ
хандығын нығайтушы деп қарастырып, қолы келгенше осы ханның жеке билігін
нығайтуға үлес қосқандығын ескерсек, жыраудың монархиялық бағытты
қолдайтындығын айқындау аса қиынға соқпас. Есім хан партиясының белді
өкілі:
Ей, Қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңрісіп жатырсың– деп саяси көзқарастарын жеке адамға
байланыстырып емес, қайта еркіндік пен бейбітшілік идеяларына басымдық
беретіндігін білдіреді. [5]
2. Қазақ хандығындағы билердің орны мен рөлі

Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр
және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып
нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы.
Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, малым жанымның садағасы, жаным арымның
садағасы деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік
қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ, көшпелі
қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне,
ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың
туындысы болды.
Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті
сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен
мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. Шын
мәніндегі би атанған кісілер – қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше,
біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар – шешендігі
мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді.
Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар
кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше
алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң
шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған. Қазақ қоғамының
әлеуметтік құрылымын қарастырған зерттеушілердің көбісі билер институтын
хандық және сұлтандық институттардан кейінгі үшінші орынға қояды.
Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа
түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша хандық билік
мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ киізге көтеріп
сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мәселелер билер кеңесісіз шешілмеген.
Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік бөлінісі принципінің
болғанын көреміз. [5]
Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең – тарихымыздың
тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің
кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен
айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен
ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны
мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын
жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен. Дегенмен,
билердің атқаратын қызметі негізінен қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз
етуге, яғни сот билігіне келіп саяды. [6]
Қазақ билерінің өзіне тән ерекшелігі мен басқа халықтарда кездеспейтін
қасиеті – дау-жанжалдарды мағыналы, шешендік сөздермен шешуі. Мұны қазақ
халқына тән феномен деп бағалауымыз қажет. Арнайы том-том болып жазылған
кодекстерге, толып жатқан құқықтық-нормативтік актілерге сүйенбей-ақ, өз
орнымен қисынды айтылған бір сөзбен дауды тоқтатуды қалыптастырған қазақ
ұлты сөз мағынасына, оның шексіз мүмкіндігіне ертеден-ақ назар аударған.
Қап салмағы дәнінде, сөз салмағы мәнінде деп білетін билер әділдікті
шешендікпен ұштастырып, елдің қамын жеген. Алты алаштың да бүтіндігін,
татулығы мен басының амандығын тілеп, сол үшін еңбектенді.
Тарихи деректерге сүйене отырып, зерттеушілер қазақ билерінің іс
қарауы қоғамдық іс-шара ретінде қаралып, қандай дау болса да билердің
шешімі бүкіл жұртшылықты қанағаттандырғанын көрсетеді. Жалпытанылған пікір
бойынша билер сотының мынадай қайталанбас ерекшеліктері болған:
1) қылмыстық жауапкершілікке тарту 13 жастан бастап жүзеге асқан.
Қазақтардың арасында он үште отау иесі деген ұғым қалыптасқан.[7]
2) билер институтының қоғамдық қызметі мен құқықтық бағыт-бағдарын
айқындауда өзіндік дала конституциясы ретінде танылған Қасым ханның қасқа
жолы, Есім ханның ескі жолы, Жеті жарғы құқықтық ережелері құнды
болды. Егер де даулы істерді қарау барысында шешім шығаруға қатысты
мәселелер осы аталған заңдарында қаралған болса, онда соларда көрсетілген
ережелерге сүйенген.
Ол туралы ұлы Абай өзінің үшінші қара сөзінде: ...Бұл билік деген
біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы
Қасым ханның Қасқа жолы, Есім ханның Ескі жолын, Әз Тәуке ханның Күл
төбенің басында күнде кеңес болғандағы Жеті жарғысын білмек керек. Әм,
ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға
келіспейтұғын болса, оның орнына тартымды толық билік шығарып, төлеу
саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ.
Бұрынғы қазақ жайын білетін жақсы білген адамдар айтыпты: Би екеу болса,
дау төртеу болады – деп. Оның мәнісі – тақ болмаса, жұп билер таласып, дау
көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс
елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе,
жаманшылығы әшкере болғандықтан түссе, әйтпесе түспесе – деуі көп нәрсені
аңғартады.
Қазақ қоғамын саяси басқару мен сот жүйесін модернизациялаудың жемісті
болуы – саяси реформалардың бұрынғы қалыптасқан саяси дәстүрлермен,
қоғамдық құндылықтармен сабақтасуына тығыз байланысты екендігін Абай
тәжірибелі саясаттанушыға тән көрегендікпен ашып көрсетеді. Қазір Қазақстан
Республикасы құқықтық мемлекет құру жолына түскенде осы мәселе қайтадан
алдымыздан шығып отыр: сот судьяларын өмір бойына тағайындау өзекті болып
отыр. [8]
3) Сонымен қатар, билер сотының шешімі әрқашан да әділеттікке
негізделіп, олардың кескен үкімдері мен шешкен даулары өзіндік құқықтық
норма сипатына ие болған. Сол арқылы жаңадан туындаған дау-жанжалды, нақты
бір қиын істі шешкен ереже, қағида, нақыл сөздер норма, сот прецеденті
ретінде ел арасына тарап, келешекте орын алған ұқсас сот істерінде, дау-
жанжалдар туындағанда қолданылған. Кезінде осындай дауды Едіге би былай
шешкен екен, мұндай дауға қатысты Төле бидің мынадай шешімі болған деген
сияқты, немесе қандай да бір рудағы ерекше әдіс-тәсіл арқылы әділ шешілген
даулы прецеденттердің тәжірибесін келтіре отырып, дәстүр сабақтастығы
негізінде әділетті шешімдер шығарылған. Сондықтан да, қазақ билерінің адал
қызметіне арқау болған прецедент ұғымының мәнін ашып, арнайы тоқтала
кеткеніміз жөн. Бүгінгі күні прецеденттік құқық шеңберінде екі түрлі бұтақ
қалыптасқан: жалпы құқық және әділет құқығы.Мінеки, көріп отырғанымыздай,
қазіргі кезде құқықтық мемлекет деп танылған батыстық елдердің қолданып
жүрген сот прецеденті ұғымын қазақ билері өз заманында түрлі дауларды
шешуде шебер пайдалана білген. [9]
4) Егер бидің шешіміне тек бір тарап қана разы болса, онда істің
әділетсіз шешілгені, мұндай келеңсіз жағдай бидің беделін түсірген.
Болашақта мұндай сыңаржақ шешімді билерге дауласқан адамдар іс қарауға
өтініш бермеген. Соның нәтижесінде билердің әділ шешім шығаруға деген
жауапкершілігі мен кәсіби мүдделігі артқан, оған қоса мұндай жағдайда
жарыспалылық ұстанымы бойынша кәсіби тұрғыдағы әділ бәсекелестіктің
орнайтыны да сөзсіз.[10]

2. ТӨЛЕ БИДІҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ
2.1 Төле би Әлібекұлының тарихи бейнесі

Төле би – қазақ тарихында аса маңызды іс-әрекеттерімен бағаланатын
атақты шешен, ірі қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ халқының бірлігін
қалыптастырып, нығайтуға зор үлес қосқан әйгілі үш бидің бірі. Он бес
жасынан ел билігіне араласқан, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік
өнерімен ерекше көзге түскен. Атақты Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен
бірге Тәукені хан етіп сайлауға қатысады. Үш жүздің ұлықтарын бір орталыққа
бағындыруға, бірегей қазақ хандығын нығайтуға атсалысады. Жоңғар
шапқыншылығына қарсы туыстас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының
жауынгерлік одағын құруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға белсене
араласады. Әсіресе Қазыбек би, Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының
дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының
қабылдануына атсалысуы ұлттық заңнама тарихымыздағы аса маңызды шаралардың
бірі болып қалды. Қазақ тарихында ең бір ауыр кезеңде ел басшысы болған,
екі жағындағы алып империялар Ресей, Қытай секілді алпауыт мемлекеттермен
өз халқы үшін оңтайлы саясат жүргізген Абылай ханды тәрбиелеп, азамат
қатарына қосуда Төле би зор еңбек сіңірген. [11]
Ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанған Төле бидің әділ, шыншыл,
даналығы мол, ойлы тұлға екендігі жөнінде көп әңгімелер ел ішіне кең тарап,
сақталған.
1748 жылы орыс сауда керуені тоналғанда бұған кінәлі болған өз туысы
Қойгелді батырды билер алқасына шақыртып алып, оған керуен шығынын жұрт
көзінше төлеттіреді. Тағы бір мысал, 1748 жылы Әбілқайыр хан қаза тапқанда
оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Төле биге шағымданады. Төле
би Әбілқайырдың өлімі үшін Жеті жарғы заңына сәйкес айыпкерлер жеті құн
төлеуі керек деген шешім шығарады. Төле би Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті
адамның құнын кескенде де, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда
керуенінің шығынына екі мың жылқы төлеуге шешім шығарғанда да елдің елдігін
бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныштығын, тұтастығын сақтауды көздейді.
Оның артына қалдырған көптеген өсиет сөздері ұрпаққа адаспайтын жол
көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін терең ойлы мағынаға толы. [12]
Шешендігі мен даналығы, әділдігі мен парасаттылығы ұштасқан Төле бидің
Көпті қорлаған көмусіз қалады, Хан азса халқын сатады, халық азса
хандыққа таласады т.б. осы тәріздес өсиет сөздерінде бүгінгі күнде де
басшылыққа алатын, көңілге түйетін мәні зор ойлар жатқаны айқын көрініп
тұр.
Төле би халық арасында Қарлығаш әулие, Қарлығаш би деген атпен де
танымал. Бұлай аталуы туралы да аңыз сақталған. Құрманғазы секілді Төле
бидің сүйегі де өзге мемлекетте Өзбекстан астанасында жатыр. ХІХ ғасырдың
20-жылдарына дейін Ташкент қазақтың жері болғаны белгілі. Ұлы би өмірінің
соңғы жылдарында Ташкентте тұрып, ел басқарған. [13]
Еліміз егемендігін алып, цензура жойылып, халқымызға сөз бостандығы
берілгелі, тарих тақырыбына қалам тартатындардың саны көбейіп кеткені
белгілі. Олардың арасында, маман-тарихшылардан көрі, әуесқойлар мен арнайы
тапсырыспен жұмыс істеп, ат мініп, шапан киіп жүргендер басымдау!
М.Қойгелдиев айтқандай: Бұл, жалпы алғанда, жағымды тұрғыдан бағалануға
лайық... Өйткені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Саяси ойлар
Қазақ даласындағы саяси-құқықтық ойлардың даму үрдісі жайлы
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
Қазақ хандығындағы заңдар жинағын оны қазіргі заманғы билік жүйесіне сай үйлестіру
Саяси білімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар
Ұлттық және саяси процестер мен технологиялар
Қазақ сөзінің этнонимі
Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
Пәндер