XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ СИПАТЫ



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
титулка
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ
СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .4
1. ХІХ - ХХ ғғ. басындағы Қазақстандағы саяси-құқықтық
ойлары ... ... ... ... ... 4
2. Қазақ зиялыларының қоғамдық.саяси қызметінің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ..7
2. Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ ... ... ..11
2.1 Ш. Уәлиханов- қазақ қоғамының саяси- әлеуметтік өзгерістеріне, саяси
ойдың дамуына ықпал еткен
ғалым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..11
2.2 Ш. Уалихановтың Сот реформасы туралы жазбасының саяси-идеялық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..15

КІРІСПЕ

Жұмыстың тақырыбына сай 19 ғасырдағы саяси құқықтық ой тарихындағы
мемлекеттік басқару туралы ойларды зерттей отыра Қазақстанда саяси
құқықтық, демократиялық мемлекет құру идеясы және оның Конституциямызда
бекітілгендігі адамзат өркениетінің ондаған ғасырлар бойы қалыптасқан озық-
ойлы тарихи және саяси-құқықтық ілімдері мен ой-пікірлері қарастырылады.
Казақстанда құқықтық, демократиялық мемлекет құру идеясы және оның
Конституциямызда бекітілгендігі адамзат өркениетінің ондаған ғасырлар бойы
қалыптаскан озық-ойлы тарихи және саяси-құқықтық ілімдері мен ой-
пікірлердің тікелей жемісі деп айтуға болады.
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында демократиялық
мемлекеттерге тән билікті бөлу, сот тәуелсіздігі, адам құқығының тиімді
қорғалуы, дұниежүзілік қауымдастықпен теңдік дәрежеде болу, елімізді бай
және қуатты мемлекеттер санатына көтеру сияқты идеяларды данышпан ата-
бабаларымыз өткен заманның қилы-қилы кезеңдерінде тек мәселе ретінде күн
тәртібіне қоюмен ғана шектелмей, сонымен қатар оларды шешудің арнайы
тетіктерін қасқа жол, жораны тайға басқан таңбадай етіп қалдырып кеткен.
Міне, осыған байланысты ұлы даланың данышпан ойшылдарының ұлағатты
идеялары мен асыл сөздерін бүгінгі мемлекеттік билік жұргізу, басқару,
құқықтық реформа жасау жүйесінде тиімді пайдалану - тарихтан сабақ алудың
айқын үлгісі екені ақиқат. Көрнекті ойшыл Джордж Оруэлл тарихтың қоғамды
дамытуға орасан зор себепші екенін айрықша атап, өз ойларын мынадай
тобықтай түйінмен қорытқан: "Кім өткенге билік жүргізсе, ол болашақты да
билейді". Себебі қазіргі уақытта көрегендік идеялар жоққа тән.
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-саяси және экономикалық шындықтар Қазақстан
халықтарының сана-сезіміне өзгерістер әкелуде. Халықтың тарихына деген
қоғамдағы көзқарас өзгеріп келеді. Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана
айтатын тарихына деген ынта-ықылас та қауырт өсе түсуде. Болып жатқан
өзгерістерге өткен кезеңдерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі заманның
күрделі проблемаларын шешеу жолын табуға талпыныс жасалуда. Қазақтан бой
көтерген Шоқан өз халқының мәдени, ғылыми өркендеуін аңсаған ағартушы. Ұлы
ғалымның этнографиялық зерттеулерінің ғылыми дүниедегі орны қандай екенін
анықтау және оның шығармаларының этнографиялық тұстарының тарихи
деректілігін көрсету жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Шоқан Уәлиханов жөнінде бірқатар
зерттеулер мен шығармалар жарық көрген болатын.
Ш.Уәлихановтың өз кезіндегі оның достары мен әріптестері Г.Н.Потанин,
Н.М.Ядринцев, К.К.Гутковский, ақын А.Маяков, академик Н.И.Веселовский,
П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Е.П.Ковалевский т.б. ғалымдар өз естеліктерінде
және еңбектерінде оны өте жоғары бағалап және оның есімі мен шығармаларына
құрметпен қарайды, оның замандасы болғанын мақтаныш етеді.
1 XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ
СИПАТЫ
1. ХІХ - ХХ ғғ. басындағы Қазақстандағы саяси-құқықтық
ойлары

Ресейдiң отарлық жаулап алуы нәтижесiнде XIX ға-сырдың 60-жылдарына
қарай бүкiл қазақ жерi Ресейге қосылды. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығына
капиталистiк қатынас-тардың енуi Қазақстанның саяси-әлеуметтiк және эконо-
мика-лық-мәдени өмiрiне едәуiр ықпал еттi. 1822 жылғы Сiбiр қырғыздарының
жарғысы экономикалық-әкiмшiлiк мәселелердi ға-на қамтып қоймай, сонымен
бiрге саяси өзгерiстердi де қам-тыды. Ресей саяси-құқықтық ойының көрнектi
қайраткерi, Ба-тыс Сiбiр губернаторы М. М. Сперанский дайындаған Жарғы
бойынша қазақ даласындағы хандық билiк жойылып, басқа-рудың жаңа әкiмшiлiк
түрi — округтiк жүйе енгiзiлдi. Барлығы 8 округ құрылды. Оларды округтық
приказдар аға сұлтан мен ресейлiк екi кеңесшi, болысты — болыс сұлтаны, ал
ауылды — ауыл старшыны басқарды. Кiшi Жүз бен Орта Жүзде патша өкiметi
билiгiнiң күшеюi бұрынғы сот жүргiзу тәртiбiнен де айқын көрiндi.
Мемлекетке опасыздық жасау, кiсi өлтiру, барымта алу сияқты iстердi пат-
шаның әскери соты қарады, ал билердiң қарауына ұсақ-түйек iстер ғана
қалдырылды. Жаңадан енгiзiлген әкiмшiлiк шаралар патша өкiметiнiң
отаршылдық белсендiлiгiн арттырып, отар-лаудың қазақ даласына тереңдей
енуiне мүмкiндiк бердi. Әкiм-шiлiк құрылымы қазақтардың дәстүрлi көшiп
қонатын аудан-дарын тартылтты, құнарлы жерлерге казактар жаппай қоныстана
бастады және олар патша өкiметiнiң қазақ жерлерiн отарлаудағы әскери күш
тiрегi қызметiн де атқарды. Қазақстан жер көлемi жағынан, халқының саны
жағынан және бағалы шикiзат көзi жөнiнен де Ресейдiң ең үлкен отары
болғандықтан, патша өкiметi бұл аймақта ерекше белсендiлiк та-нытты.
Капиталистiк қатынастар қазақ жерiне кеулей ене бас-тады, бұл процестi
отаршыл әкiмшiлiк те үнемi қолдап отырды. Бүкiл ресейлiк рыноктың шеткерi
аймақтарды қамти нығаюы да қоғамдық еңбектiң бөлiнуiн тереңдете түстi.
Қазақ әдебиетiндегi батырлық рух XVIII ғасырда жоңғарлар-мен қарсы күресте,
XIX ғасырда ұлт-азаттық күресте (Махамбет, Нысанбай) қайта көтерiлгенiмен,
Қазақстанның Ресей құрамына өтуi нәтижесiнде зар-заман кезеңi басталады.
Қазақ жерiне қол салған патша өкiметi халықты жарылқау үшiн келмеген-дi.
Жерiнен айырылған халық әдет-ғұрып мен қазақы мiнезiнен де айрыла бастады.
Патша өкiметi енгiзген жаңа әкiмшiлiк шаралар қазақ болмысына тән емес-тiн.
Ұрлық, өсек, талас-тартыс, алауыздық, арызқойлық — қазақ қоғамының осы
кезеңдегi жемiсi болды. Осы кезде өмiр сүрген қазақ ақын-жырауларының бiр
тобы қоғамда болып жатқан келеңсiз құбылыстарды аяусыз сынға алды. Олар
Қазақстанның Ресейге қосылуы мен капиталистiк қатынастардың енуiн керi
кеткендiк деп есептедi, өткен өмiрдi аңсады, болашақ туралы өз болжамдары
мен пiкiрлерiн бiлдiрдi. Қоғамда болып жатқан өзгерiстерге өзiндiк
көзқараста бол-ған және оны сол бағытта жырлаған ақындарды М. Әуезов Зар
заман жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тарихында да олар осылай
аталды [1].
Тарих ғылымының докторы М. Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтап
байланған халықтың мұң-мұқтажы мен қайғы-қасiретiн жырлаушыларды Зар заман
мектебiнiң ойшылдары деп атады. Қазақ халқының тәуелсiз-дiктен толық
айрылып, қазақ жерiнiң нағыз тонауға түскен — отарлау саясатының ең
күшейген кезеңiн зар заман мектебiнiң ақындары торығу, сары уайымға салыну
сарынымен жырлады. Еркiндiк пен бостандықтың, дәстүр пен европалық метро-
полиядан енген жаңа тәртiптердiң шегiне жете шиеленiсуi Шор-танбай, Дулат
және Мұрат сияқты зар заман ағымы ақында-рының шығармалары арқылы
пайымдалады. Олар XIX ғасыр-дағы қазақ өмiрiне тән барлық құбылыстарды
аяусыз сынайды. Әлеуметтiк үйлесiмдiлiк уақыты ретiнде өткен дәуiрдi
идеялан-дыра отырып, бүгiнгi заманның келешегiнен де үмiтiн үзiп, түңi-
ледi. Қазақтар ата-бабадан қалған рухани құндылықтарын ұмы-тып, елдiң iшiн
әдiлетсiздiк, арамдық, өтiрiк, өсек-аяң, ақымақ-тық, ата сөзiн
тыңдамаушылық жайлап кеттi, тiптi мал да жай-лап айдауға көнбей қойды.
Көңiл жұбататын ешнәрсе таппаған зар заман ақындарының кеудесiн кернеген
мұң, зар, шер әбден күнаға батқан замандастарының құлағына жете қоймайды.
Зар заман мектебiнiң көрнектi тұлғаларының бiрi — Дулат Бабатайұлы
(1802—1874). Қазаққа деген толғауында ол қазақ халқының Абылай хан
заманынан кейiнгi Ресей бұғауына қалай түскендiгi мен болашақты дұрыс
болжай алмағандығына өкiнiш бiлдiредi. Орыс за-ңын қуаттап, елдi жас балаша
жуатпақ болған билердi, шен-шек-пенге қызыққан бектердi жерден алып жерге
сала мiнейдi. Орыс сыйына сатылған ел жақсыларына орыс өкiметi сендердi әлi-
ақ сырғалыңды күң қылып, күнiңдi тұман түн қылып, шабақтай жемге қақалтып,
көмейiңе салар қармақты деп ескертедi. Мемлекеттiң бүтiндiгi мен күштiлiгi
ел билеген хандардың көрегендiгi мен ақылдылығына тiкелей байланысты
екендiгiн Дулат Абылай ханның қазаққа ағарып атқан таң болған дәуiрiн-дегi
толағай болған жылғадан, сарқырап тұрып су аққанын , елi еркiн , қара суы
май болғанын , шалшық суы көл болып , әр рудың құрамалы ел болғандығымен
салыстыра отырып дәлел-дейдi. Қара халықты бастайтын билер бен бектердiң,
батырлар мен сұлтандардың қоғамдағы орнын жоғары бағалаған ақын олардың өз
мiндеттерiн тура атқармағандығынан елге келетiн қиыншы-лықтың өте ауыр
болатынына қынжылады. Елдi тура жолға салмаған , оның ыстығына күйiп ,
суығына тоңбаған билер мен бектердi, түн ұйқысын төрт бөлiп , толғаулы
найза қолға алмаған батырларды, нашарға жәрдем бермеген , кем-кетiктi
көрмеген байларды , сынаған Дулат күш кеткен соң қолыңнан зарлаудың да,
сарнаудың да пайдасыз екендiгiн айтады. Езгiге түскен елде ата тiлiн бала
алмады , қызы шешеге назар салмады , мәстек озып бәйге алды , үлкеннiң
тiлiн кiшi алмай, елдегi жақсы бұзылды . Заманына қарай бұзылған адам-шылық
қасиеттерден жұрдай болған ел iшiндегi пысықайлар мен сөз тасушыларды,
жағымпаздарды сынаған ақын елдiң қамын жейтұғын, мынауың терiс дейтұғын ел
ағаларының шықпаға-нына қынжылыс бiлдiредi. Дулат қоғамдағы келеңсiз
құбылыстарды тiзбектеп сары уай-ымға ғана берiлiп қоймайды, ол елдiң
ертеңiне, болашағына, бұ-рынғы несiбелi, берекелi өмiрдiң қайта келетiнiне
сенедi. Ел бастар ерлердiң халқы үшiн күресiне қолдау көрсету қажеттiгiн
айтады [2].
Жүйрiкке керек көтерме ,— дейдi. Шер мен мұңға, үмiт пен сенiмге толы
өлеңдер жазған, халық мүддесiн қорғап, оның мұ-ңын жоқтаған, жарқын
болашаққа сенген Дулат ақынды қазақ халқы қасиет тұтып, әулие санаған,
өсиетiнен үлгi алған. Зар заман мектебiнiң аса iрi өкiлдерiнiң бiрi —
Шортанбай Қанайұлы (1818—1881) Зар заман атауы да ақынның сол дәуiр халiн
жырлаған өлеңдерiнiң бiрiнiң атынан алынған. Ақынның туған жерi Түркiстан
маңындағы Қарнақ ауылы болғандығы оның өлеңдерiнде айтылады. Бiрақ
консерватор ақын өмiрiнiң көп уақытын Қарқаралы өңiрiнде өткiзедi. Өзiнiң
атамекенiне жас кезiнен кейiн бармағанға ұқсайды. Ақындық өмiрiн алғашқы
кезде Жамантай төренiң, кейiн-нен Жанқұты бидiң қолында өткiзген ол патша
өкiметiнiң отар-лау саясатының қазақ халқының болмыс тiршiлiгiне керi әсер
еткенiн, көптеген қайшылықтарды алып келгенiн, заманның азғанын, әдет-
ғұрыптың тозғанын, ел-жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты
тақырыбы етiп алады. Қазақ халқының дәстүрлi шаруашылығы мен тұрмыс салтына
едәуiр ықпал еткен капиталистiк қатынастарды қабылдамаған ақын халық
өмiрiнде болып жатқан өзгерiстерге сын көзбен қарады. Шортанбай адамдардың
әлеуметтiк топқа бөлiнуi олардың шыққан тегiне сәйкес болу керек деп
есептедi. Елде ұрлық пен парақорлықтың, өсек пен жалақорлықтың көбеюiн, ұлы
атасын сыйламаған, атасы батасын бермеген әлеуметтiк құбылысты заманақырға
теңеген Шортанбай оның себебiн патша өкiметiнiң отарлау саясатынан iздейдi.
Көшпелi тұрмысқа бейiмделген қазақ тұрмыс-салтындағы өзгерiстердiң
адамдардың мiнезiне де ықпал еткенi ақиқат едi. Қазақ қоғамындағы өзiне тән
адамгершiлiк ережелерiнiң бұзылу-ын ақырзаманның жақындауы деп түсiндiрген
Шортанбай ұл мен қыздың ата-ана тiлiн алмауы, олардың орыс киiмiн киюi,
жақсы әдептiң қалмауы жесiр әйел мен жетiм баланың көбеюiне себепкер
болғандығын айтады [3].

2. Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің маңызы

Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік
даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері
бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс
революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты
патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған
білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге
ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болтаны
күмәнсіз.
Сондықтан бұл жолда жетістіктермен қатар, әрине, қателіктер де,
жаңсақтықтар да болып отырды. Алайда кейіннен сталиндік идеологияның
түсіндіргеніндей, оларды өз халқына деген қаскүнемдік көзқарас емес, қайта,
өз халқының өмірін женілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтары туғызды.
Қазақ зиялыларының ең басты ізгі мақсаты — халқына қызмет ету мақсатын
Алаш жетекшілерінін бәрі Міржақып Дулатов Бутырск түрмесінен жазған
хатында былай деп айқын баяндаған: ...Мен өзімнің құлдыққа түсіріліп,
езгіге салынған бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді
өз борышым деп санадым... Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай
алмадым деп санаймын, ал қазір [[[Кеңес өкіметі]]не қарсы күрес деп
отырғанның бәрі менің қазақ ұлтың дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім
келген тілегім ғана [4].
XX ғасырдың басындағы алдынғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси
қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басхи
мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан
азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір адамның және
әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің
жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық
қазыналар үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта
дала өнірінде қызу қызмет жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары
халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты
ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл
қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық Қазақ, Қазақстан
газеттерінің, Айқап, Сарыарқа, Абай журналдары мен басқаларының
беттерінде олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың
ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды.
Тіл мен әдебиетті дамыту ерекше бөліп көрсетілді. Қазақ тілі мен
әдебиетінін дамыту проблемалары жөнінде араб графикасы нетізіндегі қазақ
әліпбиінің тұңғыш талантты реформаторы, Оқу құралы (1912), Тіл құралы
(1914), Жаңа әліпби (1928) атты қазақтың тіл ғылымында ғана емес, бүкіл
ғылыми түркітану әлемінде де жаңашылдық деп саналтан енбектердің авторы А.
Байтұрсынов көптеген мақалалар жазды. Қазақ беттеріндегі еңбектерінде А.
Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап
көрсетті. Ол өзінің қазақ және орыс мектептеріндегі оқыту проблемалары
туралы ой-пікірлерін баяндай келіп, балаларды міндетгі түрде екі жыл қазақ
тілінде оқытуды талап етеді, бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс
болуға тиіс, яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы
болуға тиіс деп санайды. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену
қажет екенін атап өтеді. XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде
құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені қолданыстағы патша зандары
көшпелі халықтың құқығына нұқсан келтірді, мұның наразылық туғызғаны табиғи
нәрсе. Өз халқының ежелгі өз жеріндегі қасіретті жағдайы туралы толық
хабардар болған олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік қажеттері
туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың
көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді, бұл олардың халық
бүқарасының құқықтық білімін кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы
мен терендетуіне мүмкіндік берді [5].
2. Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
2.1 Ш. Уәлиханов- қазақ қоғамының саяси- әлеуметтік өзгерістеріне,
саяси ойдың дамуына ықпал еткен ғалым

Ұлт мақтанышы Шоқан Уалихановтың атқарған қай ісі, соңында қалған
қандай мұрасы болса да - зор қазына, ұрпаққа өнеге. Туған елінің мәртебесі
мен бүгінгі болашағы үшін соңғы демі қалғанша тер төгіп еңбектенген ғалым
рухын жаңғыртып, оның атқарған мәңгілік істеріне тағзым ету – баршамыздың
борышымыз.
Елімізде соңғы жылдары іске асқан оң өзгерістер - жариялық пен
демократия, саяси тәуелсіздіктен рухани тәуелсіздікке ұмтылыс қазақ
халқының тарихи дамуында жаңа көзқарастар туғызды. Жалпы, халықтар мен
мемлекеттердің қалыптасуының ортақ сипаттары қазақ қоғамының даму үдерісіне
тән. Қандай да болмасын мемлекет сыртқы басқыншылыққа қарсы күрес пен
ұлттық тәуелсіздік, әлеуметтік теңдік жолындағы майдан үстінде туып,
қалыптасады, жетіледі. Кеңестік идеологияның қасаң қағидалары осы бір
әлемдік тарихи шындықты мойындамайтын. Халықтың ұлт тәуелсіздігі үшін
күресін, сыртқы басқыншылыққа қарсы наразылықты, салт-дәстүрін сақтауға
деген ұмтылысын – бәрін-бәрін ұлтшылдықтың тар шеңберіне сыйғызып, тарихи
фактілер жайында теріс қорытындылар жасауға үйретті. Отарлануға өз
еркімізбен құлшынған ел болып көріндік. Ресейге қосылғанға шейін бұратана,
надан атанып, В.И. Ленин сөзімен айтқанда: Жабайы, жартылай жабайы қазақ
халқы ұлы орыс халқының көмегімен ғана ел болды, көшпелі тұрмыстан
отырықшылдыққа ауысты, бұрын екі проценті ғана хат танитын халық Ұлы
Октябрьден соң ғана жазу мәдениетіне ие болды, – дейтін жалған
тұжырымдардың құны неге тұрғанын бүгін әркім-ақ көріп отыр [6].
Қазақтар осы күні өмір сүріп отырған тарихи мекенінде көп ғасырлар
бойы дербес мемлекет құрғанын, гүлденген қалалары болып, байырғы Жібек
жолы, кейінгі керуен жолдарымен Азия мен Еуропаның көптеген елдерімен
байланыс жасағанын көнеден жеткен жәдігерлер дәлелдеді. Содан бергі
дәуірлердің бәрінде басқа халықтар сияқты қазақтар да дүниеден оқшау
қалмай, қатар елдермен иық тіресе дамыпты. Өктемдердің озбырлығына көнбей,
азаттығына қуанып, жеңілісіне қайғырып, жалпыға ортақ бұралаң, қайшылықты
жолдан өтіпті. Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды,- деп бабаларымыз
айтқандай, азапты жолда елін еркіндікке бастар, ұлт боп ұйысуына ұйытқы
болған дана да көсем ұлдары, ел басшылары, жау жүрек батырлары, ақылгөй
билері өткен қазақ халқының. Соңғы жылдары көбейген мерейтойлар, ғылыми-
практикалық конференциялар - бүгінгі қауымның кешегі ардагерге, ел
көсемдеріне, батырлары мен билеріне құрметі, өткендегі қателіктері үшін
олардың аруағы алдында сұраған кешірімі мен иілген басы. Бұл – екінші
жағынан, бүгінгі ұрпаққа тарих сабағын жаңа заманға сай оқытумен бірдей.
Қазақ қауымы көп жыл бойы аңсаған тәуелсіздік дәуірі басталды.
Тәуелсіздік ұлттық сананы оятты, баршаны ата-баба жолына үңілдірді. Ол
Отан, Бостандық, Тәуелсіздік, Егемендік, Ұлт сүйгіштік,
Отаншылдық деген ұғымдарды тәуелсіздік биігінен қайта қарауды түсінді.
Ұлтымыздың мақтанышы Шоқан Уәлиханов­ты ағартушы, саяхатшы, этнограф,
фольклорист, Қазақстан, Шығыс Түркістан және Орта Азия халықтарының тарихы
мен мәдениетін зерттеуші ретінде ғана біліп келдік.
Алайда, Шоқанның адамдық болмысы, саясаткерлігі мен құқықтанушылығы
жайлы ертелі-кеш дүниеге келген рухани мұралар күні бүгінге дейін түбегейлі
зерттеліп, саяси-құқықтық тарихы тұрғысынан біртұтас ғылыми еңбекке арқау
бола қойған жоқ, менің пайымдауымша.
Ресей патша үкіметінің қатыгез отаршылдық саясаты мен сол кездері
байтақ даланы билеген әскери-қанаушы басқарушылардың аяусыз қыспағына
қарамастан, қазақ даласын басқару аппаратында жауапты қызмет атқара жүріп,
отаршылардың солақай саясатына қарсы шықты өзінің көрқарасын ашық
жариялады. Ғалымның отаншылдық идеяларын, дербес мемлекетті, халқының
тәуелсіздігі мен еркіндігін және әділетті теңдікті аңсаған армандарын ешкім
тұншықтыра алмады [7].
Қазақ саяси-құқықтық тарихының бастауы – ең алдымен, көшпелі тайпалар
тарихы. Көшпеліліктің өзегі – азаматтық қоғам. Сонымен қатар, қазақ саяси-
құқықтық тарихын зерттеу үшін, оның шежіресін пайдалану, Шығыс, Қытай,
Ресей және басқа да шетел деректеріне көңіл аудару қажеттігі – алғышарт. Ел
тарихына қатысты мәселеде тапшылдыққа, отаршылдыққа, еуропоценристік
идеяларға бой ұрмай, өткенімізге байсалдылықпен қарағанымыз жөн. Төл
тарихымызды және ата-бабаларымызды өзгеден биік қылып көрсетуге тыраштану
да ғылым үшін зиян болмаса, пайдалы емес.
Сол кездегі қазақ даласындағы саяси-құқықтық ахуал туралы Шоқанның
еңбектеріне шолу жасап, қысқаша тоқталып өтейік.
Шоқан Уалихановтың Қазақ шежіресі деген әйгілі еңбегінде:
Қазақтардың әрбір рубасылары өз ру-тайпасының шежіресін, шыққан тегін,
елдің әдет-ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи
жайларды көп жасаған ақсақалдардан иждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік
өнерін шыңдауда көптеген аңыз-әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, маңызды
оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайды. Сондай
дайындығы бар билердің аузынан шыққан сөздерді халық ұйып тыңдайды, ол
нақыл сөздердің мәні өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнерге, тәлім-
тәрбиелік, патриоттық мазмұнда болып келеді,- деп, сол кездегі ел
басқарған тұлғалар тек рубасы ғана емес, бүкіл халықтық құрметке ие болған
би болғанын дәлелдейді.
Шоқан Абылай ханға арналған зерттеу еңбегінде XVIII ғасырды Век
казахского рыцарства деп атайды. Қазақ хандығы Еуразияда бірнеше мың жыл
үстемдік еткен көшпелі өркениеттің, мәдениеттің, далалық демократиялық
мемлекеттің соңғы үлгісі еді. Ресей патшасының отарлау саясатынан кейін,
XIX ғасырдың басында ол күйреді.
Абылай хан секілді, сол кездегі батырлар да, билер мен шешендер де
ата-бабаларымыз негізін қалаған далалық демократияның көрнекті өкілдері
еді.
Ресей өкіметінің әкімшілік және сот ісін қайта құру шараларын зерделеу
үшін Ш. Уалиханов сол кезде Орталық Қазақстанда орналасқан дуандардың
орталықтарында болып, осы дуандарға жататын болыстардың жер қонысын
белгілеп, қыс қыстағы, жаз жайлауларының атын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін
жан-жақты зерттеп, былай деп жазады: Соңғы кезде біздің әкімшілік және сот
ісін қайта құрумен жіті айналысып, халық ағарту ісіне де ерекше назар
аударды [8].
Азаматтық дамудан қалтқысыз үміткер адамдардың өздерін орыстармен
отандас бауыр санап, орыстың қол астында өз еркімен қосылған миллиондаған
адамдардың тағдыры, меніңше, үлкен қамқорлықты қажет етері даусыз, яғни
мұндай үзілді-кесілді мәселеде Шекспирдің не өлім, не тірлік деген ойы
туады. Мешеулігіне байланысты өзін-өзі қорғау жолын дұрыс игере білмей,
енжарлық, селқостық ұялауы патша үкіметі тарапынан біздерге аса
сергектікпен, өте сақтықпен қарауды қажет етеді... Сібір қазақтарының
облысындағы сот реформасы жайындағы біздің жұмысымыздың жоғарыда
келтірілген деректеріне қарап, жалпы халықтың қалың көпшілігі, билер
сотының ежелгі тәртібінде қалуын қалаған, ал шенді, мансапты, ауқатты
қазақтар керісінше, билер сотына сол негізде өзгеріс енгізу жағында болғаны
аңғарылады... Комитет бұл пікірлерге қарап, беделді ордалықтардың айтуымен
жасалған сот реформасымен, билер сотын қайта құру ережесі бүгінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқығының дамуы жайлы қазақ ойшылдарының идеялары
Жоғары мектеп педагогикасы және жоғары білімді жетілдіру міндеттері
Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі саяси ілімдер
Саясаттану ғылым және оқу пән ретінде. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендері
Ұлттық педагогикалық ойлардың дамуы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Ш.Уалихановтың саяси-құқықтық көзқарасы
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
А. Байтұрсынұлы және Алаш әдебиеті
Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептедің тарихы
Пәндер