Шетелдегі мемлекет басшысының түсінігі мен мемлекет механизміндегі орны
титулка
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ШЕТЕЛДЕГІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Шетелдегі мемлекет басшысының түсінігі мен мемлекет механизміндегі орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Шетелдердегі мемлекеттің органдарының түрлері мен олардың жіктелуі ... ...7
2 ШЕТЕЛДЕГІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Президенттің сайлау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Шетелдегі президент нысандарының түрлері мен оларды сайлау үрдісінің сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
КІРІСПЕ
Мемлекеттік биліктің институттарын қалыптастырудың негізгі міндеті жүйе ретінде қоғамның даму деңгейі мен саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайына сәйкес оның саяси және құқықтық рәсімдеуін таңдау болып табылады. Мұндай таңдау мемлекетті қалыптастыруда саяси және құқықтық негізін және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының сипаттамасын анықтайды. Ғылыми талдауда объективті қажетілік берілген мәселемен, сонымен қатар Қазақстан қатысты ауыспалы қоғамда басқару үлгісінің саяси және құқықтық табиғатын зерттеуде көрінеді. Бұл қазақстандық қоғамның басқарудың қазіргі заманғы және демократиялық үлгіні таңдаудағы бірінші тәжірибесі жөнінде сөз болып отырғаны анық. Бір жағынан, Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан кейін басталған кезеңде саяси реформаның негізгі мақсаттарының бірі - ауыспалы кезеңдегі қоғамның қажеттілігін толық жүзеге асыру үшін, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың әдістерінің өзгеруі болды.
Біздің көзқарасымыз бойынша, таңдау мәселесін ғылыми-теориялық дәлелдеу, Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы және мемлекеттік құрылыстың қиын процссінің стратегиялық концепциясын, басқарудың берілген үлгісін таңдауды жүзеге асырғандағы жағдайын, саяси және конституциялық табиғатының ерекшеліктерін, барлық заңдылықтарды шығару жоспарында қазақстандық ғалымдар әлі аяғына дейін әзірлеген жоқ.
Қазақстан Республикасының президенті - мемлекет басшысы, мемлекеттік биліктің және халық бірлігінің кепілі және рәмізі, тұрақты Конституция, азаматтар мен адамның бостандығы мен құқығы.
Негізгі өзгерудің шешуші факторы президенттік институт республикасында қазақстан мемлекетінің барлық қалыптасу процесі табысты іс-әрекет болып табылады. Осыған байланысты басқарудың президенттік үлгісінің қазақстандық нұсқасы, шетел мемлекетінің конституциясының тәжірибесі есебімен қалыптасқан процесс, біздің елдің ұлттық дәстүрі актуалды болып отыр.
1 ШЕТЕЛДЕГІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ
1.1 Шетелдегі мемлекет басшысының түсінігі мен мемлекет механизміндегі орны
Мемлекет басшысы - мемлекеттің жоғарғы өкілі есептелетін және атқарушы биліктің тасымалдаушысы болып табылатын жоғарғы лауазымдық тұлға (кейде коллегиалды орган).
Саяси ілімдер тарихында президен идеясының қалыптасуы мен дамуы.Мұнда ең алдымен мемлекет басшысы мен атқарушы билік басшысын неге Президент ұғымымен атағанын анықтап алайық. Саяси ілімдер тарихында бұл жөнінде бірнеше пікірлер бар:
Біріншіден, Президент ұғымы латынның сөзінен шығады елді атқарушы деген мағанада білдір еді.Президент деп әртүрлі жиындарда төрағалық етілетін атникалық дәуірде атаған. Сонымен бірге антикалық дәуірде Сенат Прездент деген кызмет ие болған.[8]
Екіншіден, Конституиялық конвентке дейінгі американ мемлекетінін номиналды басшысы- американ штаттары конференциясы конгресінің төрағасы Конгресс Президенті деп аталған.
Үшіншіден, Филадельфия Конституциялық конвентінде төрағалық етуші Дж.Вашингтон да Прездент деп аталған.
Төртіншіден, Президент деп кейбір отарлардың губернаторлары (атқарушы билік басшысы) аталған.
Президент институты феномен Т.Лейн, Т.Джефферсон, А.Гамильтон, Дж.Адамс, Дж.Мэдисон еңбектерінде жан-жақты зерттелген.
Американдық саяси ілімдер тарихының көрнекті өкілі Т.Пейн (1737-1809 ж.ж.) болып табылады. Оның Американдық дағдарыс, Адам құқығы, Ғасыр тағлымы атты кұнды еңбектері бар. Т.Пейн алғаш рет американ саяси ілімінде тәуелсіз американ мемлекеті мен республикалық басқару формасындаға мемлекетті құру концепциясын қалыптастырды.Т.Пейн монархиялық билікті сынау негізінде Президент институтының моделін қалыптастырды. Монархиялық билік кемшіліктері мыналардан көрді: ,
королдер билігінде құдайлық беделдің жеткіліксіздігі. Мұнша ойшыл королдер билігі тұстарында кұдайшылыққа жатпайтын әрекеттер болғандығын атап айтады.
монарх билігі жемқорлық, сыбайластық, қазына тонаушылық заңсыздық сияқты кұбылыстардың тарауына қолайлы.
монарх билігінде рационалдық негіз жоқ, ескі мен дәстүрді қалдығы, сондықтан одан тез арада бас тарту қажет.
Міне сондықтан да Т.Пейн монарх билігін президент билігімен ауыстыруды қалады. Оның пікірі бойынша президент институтының мәні мынадай:
:: президент заңшығарушы ұйымда бірден-бір басшы болуы керек;
:: Президент қызметі- елдің бірлігін, оның тәуелсіздігінбекітеді,мемлекеттік биліктің орталықтануын әлсіретеді.
:: Президент сайлауының жанама тәртібі;
:: Президент билігі тек конституция негізінде әрекет етуі тиіс;
::Президент институты тәуелсіздік, республикашылдық, егемендік халық билігі сияқты идеялардық символы болуы тиіс.
Т.Пейннің шығармашылығы қарапайымнан бастап саяси элитап дейінгі американдықтардың көзқарасы қалыптасуына ықпал етті Бірақ оның мемлекетгік билік жүйесін конституциялык жобалау әсіресе президент институты моделі сұранысһа ие болмады, дегенмен де кейбір идеялары президент институтын калыптастыруда есепке алынды.
Президент институтын қалыптастыру адамының негізгі өкілдерің бірі Т.Джефферсон (1743-1826 ж.ж.) болып табылады, бірақ ол Т.Пейн сияқты Конституцияны түзуге қатысады.
ТДжефферсон республикалық басқаруды мынадай тәртіппен, орналастырды:
:: барлық мәселелер, ішкі және федералды саясат үшін жалпы федералды республика;
:: штат республикасы, тек азаматтарға арналған;
:: аймаақтық республикалар, аймақ істерімен, мүдделері мен айналысатын;
:: аудандық республикалар жергілікті мәселелер үшін.
Т.Джефферсон өзінің халық билігі моделін, өкілділік биік пен өзін-өзі басқару жүйесін парламенттік моделде калыптастыра отырып, ол мына бағыттарға қайта кұрулар жүргізуді ұсынды:
♦жаппай сайлау кұқығы;
♦заңшығарушы мекемедегі тең өкілділік;
♦атқарушы билік өкілдері халық сайлаған;
♦соттар, сайланбалы және ауыстырылатын;
♦әкшшілік аудандарға бөлу;
♦Конституцияға кезекті өзгертулер ендіру.
Осылайша Т.Джефферсон бұқараның жаппай қатысуына негізделген мемлекеттік билік моделін құрастырды. Ол негізінен жергілікгі өзін-өзі баскдру құрылымын дамытуды ұсыңды, ал жоғарғы мемлекеттік билік жүйесінде Парламентке қолдау көрсетті, Президент институтына парламенттік республика жүйесінен орын берді. Ол Президент институты моделінде мына нормаларды есепке алуды ұсынады: Президент билігін атқарушы кеңес (Министрлер Кабинеті) ескі арқалы шектеу және бір адамды Президентке қайта сайлауға жібермеу. Оның пікірі бойынша бір адамның шексіз сайлануына мүмкіндік беру, мемлекетті сайланбалы монархияға айналдырады. Ол күшті президенттік басқару жүйесін қолдамады.
Президент[1] (латын тілінде praesіdens -- басшы, алдыңғы қатарда отыратын) -- 1) республикалық елдердегі мемлекет басшысы. Президент конституциялық талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік тілді білуі, т.б.) сәйкес келетін азаматтар арасынан белгілі бір мерзімге (3 жылдан (Латвия) 7 жылға (Франция) дейін) сайланады. Көбіне бір адам екі реттен, кейбір елдерде (мысалы, Мексикада) бір реттен артық президент бола алмайды. Бірқатар елде (Франция, Египет, т.б.) қайта сайлану санына шек қойылмаған. Президентті тікелей азаматтар (Ресейде), іріктелген сайлаушылар (АҚШ-та), парламент (Түркияда), арнаулы сайлау алқасы (Германияда) сайлайды.[2] Көлемдері әр түрлі болғанмен президент өкілеттігі барлық елдерде бір-біріне ұқсас (ішкі және сыртқы саясатты анықтау, үкімет мүшелерін тағайындау, заң күші бар құқықтық құжат шығару, бас қолбасшылық) яғни президентке басты билік тетіктері (үкімет, әскер) берілген, бірақ президент өкілеттігі басқару нысанына байланысты әр түрлі жолмен жүзеге асырылады. Көптеген мемлекеттерде президентке ешкімнің тиіспеушілік құқығы берілген. Оны әкімшілік тәртіпте ұстауға және әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды, қылмыстық жазаға лауазымынан айырғаннан кейін ғана тартылуы мүмкін;[3]
2) қоғамдық, ғылыми, коммерциялық, т.б. ұйымдардың басшысы.
Күшті, атқарушы билік тармақтарына бөлінген орталықтанган федералды билікті, әсіресе президенттік институты жақтаушы көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, Конституциялық конвент мүшесі А.Гамильтон (1757-1804 ж.ж.) бодды.[9]
А.Хамильтонның Филадельфия Конституциялық конвентіне Президент институтының авторитарлы моделін ұсынуы кездейсоқ емес. Бұл жоба бойынша американдық биліктің жоғарғы қызмет иелері- сенатор мен Президент өмірінің соңына дейін сайлануы керек. Сенатор екі сатылы, ал Презңдент үш сатылы сайлау арқылы сайлануы тиіс.
А.Гамильтон ұсынған мемлекеітік билік жүйесіндегі парламенттің төменгі палатасы мемлекетті демократияның басты артықшылығы- жалпы халықтық сеніммен, сенат- аристократад мемлекеттік көрегендігінен, Президент- монархиялық табандылық пен, атқарушылықпен қамтамасыз етеді деп санады.
А.Гамильтон өз еңбектеріііде Ш.Моитескьснің тұтас және бөлім-бейтін атқарушы билік деген формуласын жиі қолданады. Онщ пікірі бойынша, атқарушы билік бір адамның қолында болса шектеу жеңілдеу. Сонымен Г.Гамильтон Президент институтының маңыздылығын дәлелдеді, оның авторитарлы формасын жасап шықты.[10]
Бұл аымның тағы бір өкілі Дж.Лдаме (1735-1826 ж.ж.), олКонституциялық конвент мүшесі, күшті президенттік билікті жақтаушы АҚШ Конституциясын қорғауда, Давил туралы тұжырымдар деген еңбектерінде мемлекет туралы теориясын калыптастырды.
Демократия Дж.Адамс пікірі бойынша баска классикалық басқару формалары- монархия, аристократия сияқгы уақыты келгенде деспатқа айналады. Сондықган оның идеалы аралас басқару формасы, үш құрылымдық элементтен тұратын: атқарушы билік, жоғарғы палата және төменгі палата.
Дж.Адамс 1787 жылғы АҚШ Конституциясы әлсіз Президент институтын қалыптастырды деп санады, сондықтан оньщ өкілеттегін қеңейту туралы ұсыныс жасады. Басқа сөзбен айтқанда ол Президент өкілеттігін монархияландыруға талпынды.
Дж.Мэдисон (1751-1836 ж.ж.) Филадельфиядағы Конституциялық конвент мүшесі, АКДІ Конституциясы авторларының бірі. Ол плюралистік басқару қағидасын қолдаған. Дж.Мэдисон үшін республика-өкілдері арқылы өз билігін жүзеге асыратын халық билігі. Оның пікірі бойынша Президент институты- республикалық басқару формасындағы ең тиімді және нәтижелі балама.
Дж.Мэдисон шығармашылығына тән нәрсе, ол тек бір саяси институтты бөліп алып қарастырмайды, бүкіл саяси билік жүйесін талдайды. Мемлекеттік билік тармақтары- заңшығарушы, атқарушы, сот билікгерінің саяси мәнін ашуға талпынды.
1.2 Шетелдердегі мемлекеттік органдарының түрлері мен олардың жіктелуі
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды солай ұғымды топтастыру үшін жіктеу негізін табу керек.Бірінші жіктеу негізі-мемлекеттік органдардың құрылу тәртібімен алдына қойылған мақсаттары. Бұл бірінші белгімен мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді:
Өкілетті органдар;
атқару органдар;
сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Призиденті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс жасауын және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент-мемлекеттің басшысы,мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғары лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді:
Заң шығарушы: АҚШ Парламенті -- Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады.
Атқарушы: АҚШ Президенті -- мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады
Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар
АҚШ-да екі бас партия бар:
Демократиялық партиясы -- 1824 ж. құрылған. Джон Кеннеди, Билл Клинтон, Барак Обама осы партияның мүшелері.
Республикалық партиясы -- 1854 ж. құрылған. Джордж Буш, Рональд Рейган осы партияның мүшелері.
Әкімшілік жағынан 50 штаттан (бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттары) және Колумбия федерациялық аймағынан тұрады. Штаттар 3133 аймаққа (немесе соған сай келетін әкімшілік бөліктерге) бөлінеді.
Қазіргі уақытта муниципалды басқаруды жетілдіру демографияның, әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық және құқықтық саласының даму тенденциясынан бөлек қарастыруға мүмкін емес. Ресей қоғамындағы муниципалды тәжірбиеге әсер ететін факторлар, ол орналастыру жүйесінің қарқынды өзгерiсi, орталықтандыру мен орталықсыздардыру тенденцияларының қарама-қайшылығы, Ресейдің қазіргі замаңғы құқықтық жүйесінің құрылуының аяқталуы. Ресей Федерациясындағы жүргізіліп жатқан муниципалды реформасы жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғамдық трендына қарама-қайшылықтар байқалды. Ресейдің муниципалды жүйесін әрі қарай дамуы үшін жоғарыдағы айтылған тенденциялардың өзектілігін ескеру қажет.
Қазіргі Ресейдің ұлттық, саяси және әлеуметтік саласындағы қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары мен мәселелері Ресей Федерациясының дамуын тежейді және мемлекеттің тұтастығын бұзады. Ресей мемлекетін сақтап қалу мен тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін сыртқы тұрақтандырушы фактор ретінде тұрғындардың өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі басқару деңгейін көтеру қажет. Өзін-өзі басқару әр индивиттің басқару процесіне қатысу формасын білдіреді. Бұл басқару арқылы территориалды құрылымдағы тұрғындардың қызығушылығын бағыттау мен іске асыруға, әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Демократиялық мемлекеттің негізгі міндеті азаматтрадың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай құру. Мемлекеттік құрылым негізінде билік пен басқарудың қолайлы жағдайын жасау арқылы, қайылған міндетті нәтижелі ұйымдастыру арқасында жүзеге асрылады.
Орталықтандырылған құралдар мен ресурстарды қатыстыру арқылы жалпы мемлекеттік деңгейде ғана шешілетін мәселелер бар. Осындай мәселелерге мыналарды жатқызуға болады: территорияның тұтастығын сақтау, біріңғай құқықтық базасын қалыптастыру, сыртқы экономикалық және сыртқы саяси саласындағы мемлекеттік саясатын ұйымдастыру және жүзеге асыру,
әлеуметтік қорғау және т.б.
Бірақ көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру, тұрғындардың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету жалпы мемлекетте іске аспайды. Бұл белгілі бір нақты қалыптасқан территориядағы азаматтар тұратын муниципалды құрылымдарда жүзеге асырылады. Нақ осы жерде мемлекетпен кепілдендірілген құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың шарттары құралады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметтерінің сапасына, қалыптасудың қағидаларына, өкілеттіктердің ерекшеліктері мен қызметтерді жүзеге асырылуына байланысты Ресей Федерациясының азаматтарының конституционалдық құқықтарына байланысты. Соңғы уақытта Ресей Федерациясының Президенті Путин В.В. қоғамдық басқару мәселесіне үлкен назар аударып отыр. Қоғамдық басқарудың негізгі мәселесі ретінде қабылданған шешімдер өмірде нақты түрде жүзеге асыралмауында деп қарастырды. Одан шығудың жолы ретінде, әр түрлі деңгейдегі басқарудың нақты функцияларын, олардың ерекшеліктері мен әрекет ету зоналарын, тұрғындардың өмір сапасын жоғарлатуы үшін әрекет жасау керек. Осы сұрақты шешуде бәрі маңызды: федералды басқару да, аудандық басқару да, бірақ жергілікті немесе муниципалды басқарудың орны ерекше.
Заң шығарушы билік органдары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың құрылымына мыналар жатады:
1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары
Мемлекеттік органдар өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған органдардан тұрады.
Мемлекеттік орган дегеніміз - бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
-- мемлекеттік билік органдары;
-- мемлекеттік атқару органдары;
-- сот билігі.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар жиырма бес жасқа толуы керек.
Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа отыз жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жұмыс органдары - тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес, Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
1) заңдар қабылдайды;
2) республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін белгілейді;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;
7) Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық Заңының 9-бабына сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.
Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар шығарады.
Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.
Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
Атқарушы билік органдары
Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі - атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқым тұрғысынан - Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген.
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық Заңның 1-бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Үкіметті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, орынбасарлары, Республика Үкіметінің аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттердің төрағалары құрамында Республика Президенті құрады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық Заңның 4-бабына сәйкес, Республика Үкіметінің өкілеттік мерзімі төмендегідей: Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттіктерін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика үкіметі өз міндеттерін атқара береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 60-бабында Үкіметтің келесідей құзыреті берілген. Оларға қысқаша сипаттама беріп өтелік:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2)Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3)Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
6) Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
8)Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.
Үкімет құрылымы төмендегідей: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өздерінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премъер - Министр және оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.
Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz