Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1
Электрондық оқулық туралы түсінік

1.1
электрондық оқулықтардың қолдануы

1.2
Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі

1.3
Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері

1.4
Электронды оқулық қашықтықтан оқытудың бір әдісі

1.5
Оқытудың компьютерлік кұралдарының бір түрі тестілеу

2
Delphi ортасы туралы түсінік

2.1
Delphi-де жұмыс істеу

2.2
Мәзір пункттеріне енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелерпроект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы терезесі

2.3
Бағдарлама кодының терезесі

3
Информатика пәнінен электрондық оқулық құру

3.1
Программаның бас формалары

3.2
Зертханалық жұмыстар

3.3
HTML тіліне кіріспе

3.4
Білім сапасын тексеру

4
Экономикалық бөлім

4.1
Жүйені құруға және енгізуге кеткен шығын есептеулері

4.2
Жобаланатын өндірістегі өнімнің өзіндік құнын анықтау

4.3
Экономикалық сферасының есептеулері

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .

КІРІСПЕ

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлға-лығын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар алып, тиімді шешім қабылдауы үшін ақпараттық технологияларды таңдай білуі және оларды пайдалана білу дағдысын қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы зор.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан халқына жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси - мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Осы жолдаудағы жоғары білім беру қызметкерлері үшін ерекше аталып көрсетілген маңызды міндет: Білім реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі - тиісті білім мен іскерлік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі тиіс, - делінген.
Сондай - ақ, еліміздің әлеуметтік экономикалық өмірінде болып жатқан өзгерістер мен ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесі мен әдістерін, технологиясын қайта қарауды талап етеді. Бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өз бетімен тұжырым жасауға, студенттің өз іс - әрекетінің субъектісі болуына жағдай жасау қажет. Олай дейтін себебіміз, тек жоғары білімді маман ғана қоғамның, экономикалық және мәдени өркендеуінің көш басшысы бола алады.
Осыған байланысты қазіргі жоғары білім беру жүйесінің алдындағы тұрған негізгі мақсат: әлемдік білім беру кеңістігімен интеграцияланған, қоғамның және жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті, көп деңгейлі білім беру жүйесінің ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады.
Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, Delphi программасы. Бұл программаны көбінесе үлкен обьектіліпрограмма құруда көп қолданады. Соңғы кезде электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia Flash технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер қолданушысына программалық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады. Сөзсіз Macromedia Flash технологиясы анимациялық беттердің үздігі, бірақ менің дипломдық жұмысымда анимациялық беттен бұрын нақты теория, практика, тест анық ашылуын көздедік.
Электрондық оқыту құралдарын жасау технологиясын меңгеру қажеттілігі мен оны үйрету әдістемесінің анықталмағандығы арасында қайшылық туындайды. Электрондық оқыту құралдарын жасауға студенттерді немесе мектеп оқушыларын баулу мәселесі туындайды. Бұл мәселе дипломдық жұмыс тақырыбын Информатика пәнін оқытудың жаңа әдістеріне арналған электронды оқулық құрастыру деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты - Білім беру жүйесіндегі электрондық оқу басылымдарын жасаудың теориялық негіздеріне талдау жасап, кредиттік технологиямен оқыту жағдайында жоғары оқу орындарында оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін ескере отырып, электрондық оқыту құралдарын жасау технологиясын ұсыну.
Зерттеудің міндеттері:
1. Педагогикалық оқу процесін ұйымдастыруға психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау;
2. Электрондық оқу басылымдарына қойылатын талаптарды негізге ала отырып, электрондық оқу құралдарын құру технологиясын ұсыну.

1 Электрондық оқулық туралы түсінік
1.1 электрондық оқулықтардың қолдануы

Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін аткаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Мулътимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға "ену" жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады.
Қәзіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан біздің мемлекетіміз де коғамның акпараттық мәдениет деңгейін көтеру мәселесінен шеткері кала алмайды. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі білім беру саласын жаңа прогрессшіл бағыттарда жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы осы істі қолға алудың алғашқы қадамы болды. Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы арқасында елімізде жоғары оқу орындарының (ЖОО), мектептердің көпшілігі жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталды. Ендігі кезекте осы ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуді жоғары деңгейде меңгеру, оларды қолдану шеңберін кеңейту, т.с.с. мәселелер тұр. Бұл мәселелерді білім беруді ақпараттандыруды одан әрі жетілдіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын (ОКҚ) жасау және пайдалану. Мысалы, дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдарды даярлауда оның авторлары мен техникалық жағын орындайтын (безендіру, көбейт, т.с.с.) мамандардың арасында айқын шекара бар. Ал ОКҚ даярлауда оны баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды. Бұл жерде ОКҚ дайындау технологиясынан хабары аз мұғалімдер дидактикалық материалды дәстүрлі құралдар шығару сияқты даярлау жеткілікті деп есептейді. ОКҚ-да дидактика оқу материалымен қоса, программалық өнімнің негізі болып есептелетін алгоритм мен модельдерде де ескерілуі тиіс. Дидактикалық есепті шешуді ақпараттық технология мамандарына жүктеу барысында (программалаушы, безендіруші, мультимедиялық компоненттер жасаушылар) тиімділігі төмен әдістемелік және дидактикалық сауатсыз ОКҚ пайда болады.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі құралдарының бірі компьютерлік дедактикалық программалар (КДП) болып табылады. Бүгінде бақылаушы, оқытушы программалар, программалық тренажерлер, дидактикалық ойындар, гипертекстік жүйелер сияқты КДП кеңінен танымал. Сонымен қатар оқу процесінде сараптау-оқытушы жүйелер мен автоматтандырылған жобалау жүйелері де қолданылуда.
Мұндай программалардың көпшілігінің ортақ кемшіліктері баспа оқулықтың көшірмесі ретінде ұсынылуында, компьютердің иллюстрациялық, тестілік мүмкіндіктерін ғана пайдалануында және берілетін тапсырмалар жүйесінің өте шектеулі болуында. Бұл жағдай студенттің шығармашылық ойлау қабілетін толығымен пайдалануын жүзеге асыра алмайды, яғни оның интеллектуалдық потенциалын дамытпайды.
Бүгінде білім беру саласында компьютерлік дидактикалық програм-малардың соңғы жетілдірілген түрі - электрондық оқулықтарды пайдалану қолға алынған. Электрондық оқулық оқу курсын өз бетінше игеруге мүмкіндік беретш программалық-әдістемелік комплекс. Ол жоғарыда аталған КДП-дан универсалдығымен және оқытушының оқыту процесіндегі іс-әрекетінің кейбір аспектілерін (студентке қажет жағдайда, дер кезінде көмек беру, білім деңгейін дұрыс бағалау, т.с.с.) жүзеге асыра алатын интеллектуалдығымен ерекшеленеді.
Біздін елімізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл окулықтар қазіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді.
Білім берудің кез-келген саласында "Электрондык оқулықтарды" пайдалану оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін арттырып кана коймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулыктарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы бағытта "Білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығының" "Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын" жүзеге асырудағы атқарып жатқан көп салалы жүмыстарының бір сатысы "Электрондык оқулықтар" шығару болып табылады. Бүгінгі танда бұл орталықтан 11 пәннен электрондық оқулықтар жасалып, оқу жүйесіне енгізіле бастады.
Электрондық окулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек:
:: белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондык оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын;
:: электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан түратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан түратын тест; материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын;
:: электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмүнын қайталамауын, яғни берілетін тақырыпка қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
:: белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса онда экранда пайда болатын оң жақ тік, төменгі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді;
:: бір катардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі, материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек;
:: оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық түрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ, кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін МРЕG, АVІ типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондык оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады.
Электрондық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұ-нында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда берген жөн.
1. Мазмүндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с. түрінде
беріледі. Сонымен қатар мүнда, баспа оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сиякты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
2. Схемокурс - оқулық мазмүнын қысқартылған мәтін-график қатынасы
түрде бейнелеу. Бүл оқу материалының қүрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмүнды ассоциативті есте сатауда үлкен көмек береді.
3. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалынын мазмүны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сүрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулыктың ең қызықты бөлігі болуы да мүмкін.
Оқу материалының бүлай үш түрде берілуі, студенттің оку материалын бірнеше рет қайталап шығуы арқылы материалды есте сақтауын жақсартады.

1.2 Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі

Компьютерлік оқу кұралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қәзіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақгарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мүғалімдер де жиі айтып келеді. Соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бүл щюблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.
Қәзіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шүғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Үйретуші программа қолданушыға теориялық материалды оқып үйренуді ұсынады. Бұл программадағы есептер мен сұрақтар адам мен машина диалогын ұйымдастыру үшін қолданылады.
Программаның талап ету типі 60 жылдардығы программалық үйретудің тікелей ұрпағы болып табылады, яғни қарапайым компьютерлік немесе автоматтандырылған үйретудің негізгі теориялық негізгі программалық үйрету болады. Қазіргі кезде "программалық үйрету" термині қазіргі кездегі компьютерлік технологиясымен тиісті. Программалық үйретудің негізгі элементі- есептердің тізбектелу ретін түсінетін программа. Көптеген құралдаржүйесі оқытушыларға әртүрлі жауаптар типін қолдана отырып үйретуші және бақылаушы тапсырмаларды құру мүмкіндіктерін береді.
1. Таңдаулы жауап. Үйренушіге тапсырма және дұрыс жауаптар жинағы беріледі. Дұрыс жауабын табу ықтималдығы келесілердің ең кішілеріне сәйкес келеді:
- бірнеше түрлі формада мағынасына қарай қайталануы
- таңдау үшін элемент санын көбейту
- 1-ші дұрыс жауаптың санын 2-ге немесе бірнешеге көбейту.
2. Конструкторлық бөлік жауап. Бұл типтің тапсырмасы мен жауап таңдау және бос конструкторлық арасындағы аралық. Конструкторлық бөлік жауабы оқытушы ұсынғын бөліктерден құралған.
3. Оңай конструкторлық жауап. Бұл типтің тапсырмасы автоматтандырылған үйрету және бақылау үшін қажет болып табылады. Бұл таңдаушы компьютермен өз тілінде байланыс жасауға мүмкіндік береді. Оңай конструкторлық жауап тапсырмасы үйренуші.Оңай конструкторлық жауап. Бұл типтің тапсырмасы автоматтандырылған үйрету және бақылау үшін қажет болып табылады. Бұл таңдаушы компьютермен өз тілінде байланыс жасауға мүмкіндік береді. Оңай конструкторлық жауап тапсырмасы үйренуші үшін қиып, себебі мүмкіндіктері не толық шек қояды және компьютерге жауап берерде ақылды жұмысты талап етеді.
Осындай құралдық программалар бар және ары қарай өңделуде.
Орындаушы программаның негізгі іс-әрекеттері:
- сұрақ және жауап нұсқалардың мәзірін беру
- анализ және жауап бағасы
Құралдық программаның көмегімен үйрету жүйесін құру 4 негізден тұрады:
1. Үйретуші программа сценарийін өңдеу. Мұнда педагог үйретуші программаға қандай оқу курсының қай бөлігін енгізу керектігіне шешім қабылдау керек.
2. Компьютерге жаңа программалардың жеке кадрлар текстік енгізу, сурет салу, бақылау фрагменттерін формалау. Мұнда, педагог компьютер функциясының кіші иелігі және енгізу және редакторлеу мүмкіндіктері болу керек.
3. Үйретуші программаның жеке элменттерін бүтін диалогтық жүйесімен байланыстыру, кадрлар арасында байланыс орнату.
4. Эксплуатация кезінде программаны қадағалау, оған жөндеулер және толықтаулар енгізу.
Құралдық жүйе тәсілдерімен үйретуші программаны құру басты кедергілерді құртуға көмектеседі. Компьютер технологиясын үйренудің бірінші қадамы бақылаушы программаларды қарастыру керек.
Үйрету кезінде компьютерді жеке бағытта қолдану - пәндік оқу құралы интегралдану және информатика. Мұнда компьютер үйрену үшін ғана емес, сонымен бірге математика, биология, физика, экология , геология пәндерін оқып үйренгенде ақпараттарды оң дейді: құралдық программалар арқылы компьютерде аналогтық түрдегі математикалық есептерді шешуге болады.
Оқу активизациясы компьютердің диалогтық қасиетімен байланысты. Дәстүрлі кластық оқу үшін ақпараттарды оқушылардың ауызша формада қабылдауы басты болып табылады. Бұл жағдайда оқушыларға сабақта белсенділік көрсету керек емес және мұғалім әр оқушының белсенді жұмысын, бақылауға ұйымдастыруға мүмкіндігі болмайды. Сондықтан дәстүрлі оқудың білімі 20-30% -ке төмен көрсеткіш береді. Егерде компьютерлік класта жүрсе, онда диалогтық компьютердің қасиеті оқушының іскерлігін қадағалайды және оның нәтижесін бақылайды.
Оқу индивидуализациясы компьютерді қолдану кезінде интерактивті компьютер жұмыстарының қасиетімен байланысты. Оқушылардың индивидуалды ерекшеліктерін тереңдету түрінде есепке алуан компьютерлік бағдарламалар орындай алады. Ғылыми білімді қолданғанда әрқашан теория мен практикаға тиісті сұрақтар болады. Дәстүрлік оқу бұл теориялық болып табылады. Шын мәнәнде кез келген педагог тақтада теорияны оқи отырып, оның орындалуын оқушылардан талап ету оңайырақ болады. Конструкторлық және функционалдық негізделген персоналды компьютер бұл өз мүмкіншіліктерін машинамен үйретуші болып табылады. Персоналды компьютер мүмкіндіктері мынадай:
- интерактивті жұмыс реті
- персоналдық
- графикалық, кляюстративтің жақсы мүмкіндіктері
- регистрация жеңілдігі, процесті оқу туралы ақпаратты сақтау, көшіру және программаны үйретуді көбейту мүмкіндіктері
Персоналды компьютерлік техникалық мүмкіндіктері:
- оқу процесін активтеу
- үйретуді индивидуалдау
- берілген материалдық көзқарасын дамыту
- теориялық білімдегі акцентті практикалыққа қосу
- оқушылардың оқуға деген көз қарасын дамыту
Жақсы оқудың негізгі шарттары бұл оқушылардың оқып үйреніп жатқан пәнге қызығушылығы болып табылады. Бұл қызығушының көптеген факторлармен байланысты. Олар:
- оқып үйреніп жатқан пән мазмұны
- оның күрделі деңгейі
- оқу процесінің ұйымы
- ұстаудың қолданатын жүйесі
- ұстаудың жеке сапасы және т.б.
Сонымен, компьютер - бұл мүмкіндіктері күшті үйретуші машина
Электрондық оқулықтың титул беті көкшіл түсті келген. Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне. түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі. Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршататынын білеміз. Түстер комбинациясы да адамға түрліше әсер етеді екен. Мұнда тек титул беті ғана емес бүкіл оқулық көкшіл түсті етіп таңдалды, себебі бүл түс және оған жақын түстерді де адамды демалдыратын түстерге (Негізінен көк түс - уақытты" және кеңістікті" сезімін, тағы сол сияқты салның сезім береді. Адамдардың тәртібін рационалды және ойластыра алатындай күйге келтіреді. Бір әалыптылыә және салмақтылық сезім силайды.) жатқызуға болады.
Оның титул беті (обложкасы) (3-сурет) келесі бөлімдерден тұрады
1. Оқулықпен жұмыс
2. Оқулықты қалай пайдалану жөнінде.
3. Оқулық жайында.
Окулықты қалай пайдалану жөнінде бөлімінде программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі пайдаланушыға оқулықтың интерфейсін тиімді қолдануды үйретеді. Ол қысқа әрі нақты нұскау түрінде:
Оқулық жайында бөлімі аннотациядан - программа жөнінде қысқаша мәліметтен және электрондық оқулықтың авторы жөнінде мәліметтер, оқулықты құрастыруға қатысқандардың аты-жөндері, жұмыс орындары, телефоны, бар болса электрондық почта адресі т.с.с. тұрады:
Оқулықпен жұмыс бөлімінен гипермәтінді шерту арқылы электрондық оқулықтың мазмұнына көшеміз. Мазмұн - электрондық оқулықтың ең маңызды кұрылымдық элементі. Ол бір жағынан оқу материалын толық қамтып, екінші жағынан екі экранға сиятындай көлемде құрылды.

1.3 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ДАЙЫНДАУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. Пәнге байланысты қажетті оқу материалын іріктеп алу және оның
күрылымын анықтау дәстүрлі оқыту материалының мейлінше нақтылап, ықшамдап алуға және ондағы сөздердің, сөйлемдердің, абзацтардың, тақырыптардың, тараулардың өзара байланысын мүқият зерттеп, айқындауға саяды.Мүны бай тәжірибелі пән маманының орындағаны жөн.
2. Оқулықтың интерфейсін жобалау кезеңі. Бүгінде жүргізіліп жатқан
зерттеулер компьютерлік оқыту программаларының тиімділігі көпшілік жағдайларда оның интерфейстік жүйесіне байланысты болатындығын көрсетуде.
Программаның безендірілуі студенттің ынтасына, қызығушылығына материалды қабылдау жылдамдығына, т.с.с. маңызды көрсеткіштерге тікелей әсерін тигізеді.
Шет ел психологтарының еңбектерінде компьютерлік программалардын безендірілуі жайлы көптеген зерттеулер жүргізілген. "Жақсы интерфейс ыңгайлы аяқ киімге ұқсас, - деп жазады атақты безендіру маманы М.Донской. -Оған ешкім көңіл бөлмейді. Көңіл аударған күнде де, "Мұнда тұрған не бар" - дейді. Ал нашар интерфейс барлық жұрттың назарында. Шындығында жақсы ұйымдастырылған интерфейсті пайдаланушы байқамайды, өйткені ол программаның ажырамас функционалдық бөлігі ретінде қабылданады" .
Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулері негізінде компьютерлік окыту күралдарының интерфейсін жобалауда келесі мәселелерді ескерген жөн:
1. Безендіруде жүйелік тәсілді қолданудың ерекшеліктері. Жүйелік тәсіл -
жүйелік безендірудің негізі, ол қүрылып жатқан үлгіні жобалау мен жасау
процесіне, оны пайдалану мен оның ары қарай жұмыс істеуіне әсерін тигізетін
факторлардан қүралатын шығармашылық жобалаудың ерекше түрі. Бұл
тәсіл программаны безендіруде дәстүрлі баспалық әдістерден басқа, информа-
тика, семиотика, құрылымдық, лингвистикалық, функционалдық, коммуника-
тивтік, компоненттік, құндылық т.б. сияқты ғылыми бағыттарды пайдалануға
мүмкіндік туғызады.
2. Оқу материалдарының мазмүны мен қүрылымына койылатын талаптарды аньщтау. Студент жаңа оқу материалымен алғаш танысқан кезінде
материал мен осы материал жайлы өзі білетін информацияны салыстырудан
бастайды. Мүндай салыстыру үйрену тиімділігін арттырады және бүл оку материалының психологиялық негізін, логикалық байланыстарын көрсету деңгейіне тәуелді анықталады. Электрондық оқу материалына және оның берілуіне қойылатын талаптар студенттің жаңа информацияны қабылдау қабілеттілігін және қызығушылық деңгейін анықтауға да тікелей қатысы бар.
3. Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесін үйымдастыру. Оқу материалында бағдар алу оның мазмүндық жылжу, ауысу, сілтемелер жүйесінің қаншалықты тиімді үйымдастырылғанына байланысты.
"Ни одна болыиая книга, не должна выходить без указателя. Книга без указателя - дом без окон, тело без глаз, имущество без описи: не так легко ими вослользоваться", - дейді Я.А. Коменский .
Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесі мынадай негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: электрондық оқулықтың оқытудың негізгі этаптарын бейнелейтін графикалық схема орналасқан кілттік экраны болуы тиіс, бұл студентке өзінің оқытудың қай кезеңіне жеткендігін біліп отыруға мүмкіндік туғызады; гиперсілтемелердің асты сызылатындықтан, оқулықтың материалын-Да асты сызылған мәтін бөліктері болмауы тиіс; гиперсілтемелер тізбегінде Жылжығанда олардың келесі қадамы қатар логикаға сүйеніп қүрылуы керек (Қайда алып барады? Нені көрсетеді?); программаның міндетті түрде іздеу жүйесі болуы қажет және кілттік сөздер мен мазмүн элементтері арасындағы мета-тегтер дұрыс қойылуы тиіс, т.с.с
4. Адамның түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру. Адам көру сезімінің көмегімен 180 түрлі түсті қабылдай алады. Түс пен оның косылыстарының безендіру мүмкіндігі шексіз. Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі. Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Түстер комбинациясы да адамға түрліше әсер етеді.
Оқыту программаларын жобалағанда адамның түстер мен формаларды кабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Сонымен бірге құрамында қозғалып тұратын объектілері (анимация) көп оқу материалын қабылдау өте қиын, себебі қозғалып түрған объект адамның назарын өзіне аударады. "Анимациялык интерфейс - өте күшті қару, сондықтан оны аса сақ колдану қажет. Пайдаланушыны таң қалдырамын деген әрекет көп жағдай-ларда, пайдаланушының тез шаршауына себеп болады да, оның бүкіл жүйені кабылдамай тастауына соқтырады",-дейді М.Донской .
5. Оқулықты қүруда колданылатын қүралдарды анықтау. Казіргі талап-
тарға сай электрондық окулық жасап шығаруда программалау тілдері (Dеlрhі,
Vіsual Ваіс, С++, НТМL, Jаүа Sсrірt т.с.с.) және FгоntРаgе Ехргеss, Місгоsоft
Рublіshег. программалары да информациялық байланыстарды гиперсілтемелік
ұйымдастыру орталары және информацияны бейнелеудің мультимедиалық
құралдары сияқты жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы
ғана жүзеге асыруға болады.
Бүгінгі таңда окушылар мен студенттер үшін электрондық оқулық мектепте, ЖОО-да оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры болып келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.
Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Сол себепті электрондық оқулықтарды әзірлеп, оны дамытудағы Республикалык білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығының (РБАО) жұмысы да қайта оралып келіп түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлер арқылы тиімділігін бірте-бірте арттыратыны талас тудырмаса керек.
Білім беру саласында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Оқу материалы студентке компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Соның нәтижесінде студенттердің пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сондай-ақ, оқытушылар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші кұралдарды молынан ала алады. Міне, білімді жоғарылатуға электрондық оқулықтың қаншама пайдасы бар. Ал біздің елде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп. жұмыстар атқарылуы тиіс, мектептің, кәсіптік -оқу орындарының, колледждердің, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар шығарылуы тиіс. Заман талабына сай жас үрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану - білім берудің жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

1.4 Электронды оқулық қашықтықтан оқытудың бір әдісі
Электронды оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда берілген жөн:
1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с. түрінде беріледі. Сонымен қатар мұнда, баспа оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтер орын алмауы мүмкін.
2. Схемокурс - оқулық мазмұнын қарастырылған мәтін - график қатынасы түрде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық бейнелер арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті есте сақтауда үлкен көмек береді.
3. Өзін-өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалының мазмұны арқылы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтық ең қызықты бөлігі болуы да мүмкін.
Оқу материалының бұлай үш түрге берілуі, студенттің оқу материалын бірнеше рет қайталап шығуы арқылы материалды есте сақтауын жақсартады.
Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулері негізінде компьютерлік оқыту құралдарының интерфейсін жобалауда келесі мәселелерді ескерген жөн:
1. Безендіруде жүйелік тәсілді қолданудың ерекшеліктері. Бұл тәсіл программаны безендіруде дәстүрлі баспалық әдістерден басқа, информатика, семиотика, құрылымдық, лингвистикалық, функционалдық, коммуникативтік, компоненттік, құндылық т.б. сияқты ғылыми бағыттарды пайдалануға мүмкіндік туғызады.
2. Оқу материалдарының мазмұны мен құрылымына талаптарды анықтау. Студент жаңа оқу материалдарымен алғаш танысқан кезінде материал мен осы материал жайлы өзі білетін информацияны салыстырудан бастайды. Электрондық оқу материалына және оның берілуіне қойлатын талаптар студенттің жаңа информацияны қабылдау қабілеттілігін және қызығушылық деңгейін анықтауға да тікелей қатысы бар.
3. Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесін ұйымдастыру. Оқу материалында бағдар алу оның мазмұндық жылжу, ауысу, сілтемелер жүйесінің қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанына байланысты.
Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесі мынадай негізгі этаптарын бейнелейтін графикалық схема орналасқан кілттік экраны болуы тиіс, бұл студентке өзінің оқытудың қай кезңіне жеткендігін біліп отыруға мүмкіндік туғызады; гиперсілтемелердің асты сызылатындықтан, оқулықтың материалында асты сызылған мәнін бөліктері болмауы тиіс; гиперсілтемелер тізбегінде жылжығанда олардың келесі қадамы қатар логикаға сүйеніп құрылуы керек (қайда алып барады? Нені көрсетеді?); программаның міндетті түрде іздеу жүйесі болуы қажет және кілттік сөздер мен мазмұн элементтері арасындағы мета - тектер дұрыс қойылуы тиіс, т.с.с.
4. Адамның түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру. Адам көру сезімінің көмегімен 180 түрлі түсті қабылдай алады. Түс пен оның қосылыстарының безендіру мүмкіндігі шексіз. Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі. Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Түстер комбинациясы да адамға түрліше әсер етеді.
Оқыту программаларын жобалағанда адамның түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Сонымен бірге құрамында қозғалып тұратын объектілері (анимация) көп оқу материалын қабылдау өте қиын, себебі қозғалып тұрған объект адамның назарын өзіне аударады. Анимациялық интерфейс - өте күшті қару, сондықтан оны аса сақ қолдану қажет. Пайдаланушының таң қалдырамын деген әрекет көп жағдайларда пайдаланушының тез шаршауына себеп болады да, оның бүкіл жүйені қабылдамай тастауына соқтырады, - дейді М.Донской.
5. Оқулықты құруда қолданылатын құралдарды анықтау. Қазіргі талаптарға сай электрондық оқулық жасап шығаруға программалау тілдері (Delphi, Visual Basic, C++, HTML, Java Script т.с.с.) және FrontPage Express, Microsoft Publisher программалары да информациялық байланыстарды гиперсілтемелік ұйымдастыру орталары және информацияны бейнелеудің мультимедиалық құралдары сияқты жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Электрондық оқулықтың сыртқы құрылымын, яғни пайдаланушыға көрінетін элементтерін қарастырайық. Қазіргі кезде электрондық оқулықтар жөнінде жазылған мақалалар және электрондық оқу басылымдары туралы ҚР-ның Мемлекеттік стандарты бойынша оның құрамында мыналар болуы керек:
Электрондық оқулықтың титул экраны түрлі-түсті әдемі болуы керек. Мұнда анимация мүмкіндіктерін пайдаланып оқулық аннотациясын жүгіртпе жол түрінде шығарып қойуға да болады.
Мазмұн электрондық оқулықтың ең маңызды құрылымдық элементі. Ол бір жағынан оқу материалын толық қамтуы тиіс, екінші жағынан бір ғана экранға сиятындай көлемде құрылуы қажет.
Аннотация - программа жөнінде қысқаша мәлімет, оның ұзындығы 60-65 символдан аспауы керек.
Жақсы электрондық оқулық құрудың бастапқы шарты оқу материалынеың толық қамтылуы, яғни тақырыпқа байланысты мәтін, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, анимациялар болуы мүмкін. Оқулықтың әрбір бетінде, мәтінге, қажет болған жағдайда кішігірім графиктерге, материалды игеруге қажетті басқару элементтеріне арналған орындар болуы керек.
Тапсырмалар жүйесі әрбір тақырыптың соңында іске қосылуы керек. Ол студентке осы тақырыпытар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді. Бұл студентті ізденуге, оқу материалдарын мұхият қайталауға мәжбүр етеді. Қайталау арқылы студент алған білімін толықтырып отырады. Нақты тапсырма дұрыс орындалмаған жағдайда оған көмекші жүйе қажетті информацияны айтып жіберуіне де болады.
Тесттік жүйе студенттің соңғы қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған. Ол тесттік сұрақтар түрінде беріледі. Тесттік сұрақтардың түрлері мен формаларын оқулықты жазушылар таңдап, құрастырып, тесттік сұрақтар қорына енгізіп қояды. Жүйе сонымен қатар тесттік сұрақтарға жауап берген адамдар жөнінде мәліметтер қорын құра алуы қажет.
Терминдер сөздегі оқу кезеңінің кез-келген тұсынан іске қосыла алатындай етіп ұйымдастырылуы керек. Онда оқу материалдарына қатысты негізгі ұғымдарға қысқаша түсініктемелер (глоссарий) келтіріледі.
Мәтін бөлігін іздеу жүйесі оқулықтың қажетті бөлігін жылдам іөзеп тауып алуға көмектеседі. Ол оқулықтың кез-келген тұсынан іске қосылып, іздеу нәтижесінде экранға шығара алуы тиіс.
Авторлар жөнінде мәліметтер - оқулықты құрастырушылардың аты жөндері, туылған жылдары, жұмыс орындары, телефоны, электрондық пошта адресі т.с.с.
Әдебиеттер тізімі оқу материалындағы сілтемелер арқылы не оқулықтың мазмұны арқылы ғана іске қосылады және сілтемеге сәйкес оқулық жөнінде мәліметтер береді.
Программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі пайдаланушыға оқулықтың интерфейсін тиімді қолдануды үйретеді. Ол әдетте қысқа әрі нақты нұсқау түрінде болып келеді.
Қашықтан оқытудың шет елдік мамандарының пікірінше бүгінгі оқу құралының құрамында: баспа оқу құралы (графикалық иллюстрациялары бар оқу мәтіндері, оқу құралын пайдалану туралы оқытушыға және студентке арналған нұсқаулар), электрондық оқу комплексі (құрылымданған оқу материалы, оқу құралын толығымен оқып болған соң оның игерілгендігін және есте қалуын бекітетін тапсырмалар жүйесі), тренажер (практикалық дағды мен ебдейліктің қалыптасуын, кәсіби тәжірибенің жылдам жинақталуын қамтамасыз ететін құрал), оқу материалдарының қолданбалы программалар пакеті (оқу комплексін тақырыптар бойынша берілетін тапсырмалары, есептер жиыны) болуы тиіс.
Осы дидактикалық құралдар өзара тығыз байланыстырылып,бірін-бірі толықтыра отырып злектрондық оқулық-оқытудың программалық-әдістемелік комплексі алынады. Электрондық оқулық пәнінің оқытылу мақсатына сәйкес өз бетінше білім алыуда, дағды мен ебдейлікті қалыптастыруда студент белсенділігін арттыруға, сонымен қатар студентке өз мүмкіндігіне қарай, оқу материалының шамасын таңдап алуға және оқытушыдан қажет жағдайда ғана кеңес сұрауға мүмкіндік туғызады. Сондықтан оқытудың бұл түрі мүдделілігі және танымдық қабілеті дамыған студенттерге тән.

1.5 Оқытудың компьютерлік кұралдарының бір түрі тестілеу
Тест тапсырмасы көптеген өркениетті елдерде білім алудың бір сатысынан екінші сатысына көіпу барысында оқушы немесе талапкердің білім деңгейін анықтау үшін қолданылады. Тест (TEST) сөзі ағылшын тілінен аударғанда "Сынақтан өткізу", "тексеру" деген мағынаны білдіреді.
Үйрену - көп жақты процесс және білімді бақылау, яғни оның тек бір жағы. Дәл осы жағында компьютерлік технология максималды түрде ұзақ жерге дамыды және соның ішінде тестілеу бастысы болып табылады.
Тестілеу - ауызша, жазбаша емтихандар түрінде болады.
Адекватты және эффектілі тест құру оңай емес. Бұл жағдай компьютер көмегінің маңызы зор. Мектеп және жоғарғы оқу орын оқытушылар үшін басты актуалдық бұл компьютерлік тест құру үшін программа дайындау.
Тестілеу - эксперттік білім моделіндегі оқушының жеке білім моделіне тиісті баға процесі. Тестілеудің басты мақсаты - осы модельдерінің бір - бірімен тиіс еместігін табу және олардың тиіс емес деңгейінің бағасы. Тесттік тапсырма - бұл бір мәнді жауапты немесе анықталған алгоритм әрекетін орындауды талап ететін пән облысы бойынша анық және толық тапсырма.
Тест - пән облысында эксперттік білім моделіндегі оқушы білімін бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланысқан тест тапсырмалардың жинағы.
Өздеріңізге белгілі педогокикалық тәжрибеде білімдерді тексерудің алуан түрлі әдістері мен түрлері бар. Дегенмен қазіргі қолданылып жүрген дәстүрлі әдістері оқу материалдарын меңгерудің сапалық жағынан анықгайды.
Дәстүрлі бақылау жұмыстары есепті шығарудың әдістерін игеруге, есептерді шығару кезінде қиыншылыктарды көруге, жұмысты орындағанда, әдетте жіберілген кателерді айыра білуге септігін тигізеді. Бірақ олардың көмегімен оқушы игеруге тиіс оқу материадцарының тек 30-50 процент! ғана тексерілуі мүмкін. Ал тестік тапсырмалар оқыту тиімділігінің сапалық жағымен қатар сандық жағын бағалауга мүмкіндік береді. Демек тестік тапсырмаларды қолдану оқушы білімін обьективті бағалуға мүмкіндік береді.
Эквивалент класы - тест тапсырмаларының жинағы.
Эффектілі тілі - толыс тесттің көлемі бойынша оптималдығы.
Эксперт үшін ең қиын есеп, бұл тест өңдеу болып табылады. Тесттік тапсырма құрудың ең оңай тәсілді түсінуге тиісті тұрақты формалау, жаттығуларды өңдеу.
Компьютерлік тесттердің типтері:
Білім моделіне тиісті 3 компьютерлік классты бөліп аламыз: знания, умения, навыки. Компьютерлік тестілеу типтерінің тапсырмасы тестілеу әрекетінің бір мәнді жауабы тәсілімен анықталады.
1. "Знания" блогы бойынша тесттік тапсырмалар типтері.
oo альтернативті сұрақтар
oo факті біліміне тиісті информативті сұрақтар
oo формалды сруктурасы бар факт біліміне тиісті сұрақтар
oo тақырып бойынша жауаптарды бақылайтын сұрақтар
oo қандайда бір әдіспен жауапты бірден табуға болатын сұрақтар
2."Навыки" блогы бойынша тесттік тапсырмалардың типтері.
oo стандарттық алгоритмдерге тапсырма
oo әрекеттің орындалуы
Тест типін таңдау былай анықталады:
oo құралдық тесттік программа негіздерімен
oo пәндік облыс негіздерімен
oo эксперт шеберлігімен
Бұл жағдайда тест үйрену ретінде былай қолданылады:
oo үйрену
oo бақылау
Оқытушы үшін тест:
oo оқу процесінің корректісіне
oo бақылау үшін көмекші тәсіл ретінде пайдалану
oo үйрену үшін дидактикалық тәсіл ретінде пайдалану
oo дистанциялық үйрену үшін

2 DELPHI ортасы туралы түсінік
2.1 DELPHI-де жұмыс істеу

Жоғарғы деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі - бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері - Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland, Borland C++ for Windows.
ОБП тілінде программаның жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual- көзбен көру). Олар әсіресе Delphi программалау тілі - кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi ортасы - бағдарламаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады, бұл Word тексттік процессор немесе Exsel кестелік процессор ортасының қатаңдығына үйренген қолданушының дисккомфорт сезімін оятуы мүмкін.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6,7 - нұсқалары жарық көрді. 5,6 - нұсқаулардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген.
Delphi-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында (VCL - Visual Component Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.
Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу жене т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді, оның ішінде:
- Әртүрлі бағыттағы аяқталған қосымшаларды Windows үшін құру;
- Кез келген тілде кез келген қосымшалар үшін профессионалды көрінетін интерфейсті тез құру. Интерфейс Windows- тың барлық талаптарын қанағаттандырады және қолданушы компьютерінде орнатылған жүйегеавтоматты түрде ыңғайланады. Өйткені Windows- тың көптеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Қорыта келе электрондық оқулықтың құрамында
12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері
Delphi ортасы туралы түсінік
Информатиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Delphі программалау тілін қолданып Информатика пәнінен электрондық оқулықты пайдалану технологиясы
Форма қасиеттерін өзгерту
Кіріспені оқыту әдістемесі
Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері
Орта мектептегі жаратылыстану пәндерін оқытудағы мултимедиялық кабинет мүмкіндіктері
Пәндер