Тұрғындардың аллергияға ұшырауы. Қатерлі ісік аурулары. Жұқпалы аурулар және оның алдын алу


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СОӨЖ Тұрғындардың аллергияға ұшырауы. Қатерлі ісік аурулары. Жұқпалы аурулар және оның алдын алу.
Орындаған:Кәрібай А. Б.
Қабылдаған:Жуманова Г. С.
Алматы 2017ж.
Мазмұны
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Тұрғындардың аллергияға ұшырауы
- Қатерлі ісік аурулары
- Жұқпалы аурулар және оның алдын алу
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Аллергия - иммундық жауабының үлгісі, ол әр түрлі құрамдағы бөгде заттарға ағзаның жоғары ерекше сезімталдығының дамуынан пайда болады және осы заттармен аллергияны қоздырушы зат аллергендер деп аталады. Аллергияның патогенезін, диагностикасын, алдын-алу және емін аллергология зерттейді.
Аллергияның шығу себептері:
- үй-шаруашылығының, өндірістің, ауыл шаруашылығының химикаттануы;
- дәрілік заттар спектрының көбеюі;
- иммундық алдын алу масштабының үлкендігі;
- жануар белогын көп пайдалану;
Аллергия келесі факторлардың әсерінен пайда болады:
а. инфекциялық аурумен ауырғандар
б. бауыр, бүйрек, ұйқы безінің соматикалық аурулары
в. гормоналды дисбаланс
г. салауатсыз өмір салты
д. жұмыста және үйде жағымсыз факторлардың әсері
е. иммундық жүйесін жоятын дәрілік препараттарды қабылдау
ж. радиация
з. белоктық ашығу және белок алмасуының бұзылысы
Негізгі бөлім
Тұрғындардың аллергияға ұшырауы
Аллергия - (көне грекше: ἄλλος- басқаша, ergon - әрекет, жауап) - организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К. Пирке мен Б. Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр) раушан гүлінен адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т. б. ), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан аллергиялық ауру пайда болады. Аллергияның кең тараған түрлеріне: бронхиалдық демікпе, есекжем, Кванке ісінуі, поллиноздар (грекше pollen - шөп тозаңдарынан дамитын ауру) және анафилаксиялық шок жатады. Аллергиямен ауырған адам аллерголог-дәрігердің бақылауында болуы керек.
Аллергиялық аурулардың патогенезінде аллергиялық қабыну негізгі рөл атқарады. Аса нәтижелі емге арнайы гипосенсибилизация - вакцинотерапия жатады. Бірақ бұл ем аурудың қозған кезінде қолданылмайды. Сонымен бірге гипосенсибилизацияны жүргізуге көп қайшылықтар бар және антиген табылмаған жағдайда тағайындалмайды. Псевдоаллергиялық реакцияларда вакцинотерапия нәтижесіз. Сондықтан аллергиялық ауруларды басқа әдістермен жақсы емдеуге болады.
Көптеген дәрілердің емдік нәтижесі торша ішіндегі циклді аденозинмонофосфатқа (ЦАМФ) және циклді гуанозинмонофосфатқа (ЦГМФ) әсер етумен жүреді. Торшалардың аллергенге төзімділігін көтеру торша ішіндегі ЦАМФ -тың қорын көбейтумен және ЦГМФ-тың қорын азайтумен жүргізіледі. Аллергоздардың барлық емдеу тәсілдерін үшке бөледі: симптоматикалық емдеу әдістері, патогенетикалық әдістер, спецификалық гипосенсибилизация - вакцинотерапия.
Симптоматикалық емдеуді аурудың қозған кезінде тағайындайды. Аллергиялық қабынудың патофизиологиялық (клиникасы) көріністеріне бағытталады.
Патогенетикалық емдеу әдістері аллергиялық қабынудың негізгі патогенезінің иммунологиялық немесе патохимиялық фазасына бағытталады. Бұл емдер аурудың қозған кезінде (емдеу үшін) және ремиссия кезінде (профилактика үшін) тағайындалады. Арнайы емдеу жүргізілмеген жағдайда негізгі нәтижелі ем болып саналады. Көбінесе жоғарғы жүйке және эндокрин жүйесінің қалыпқа келтіретін, ағзаның арнайы емес реактивтігін төмендететін дәрілер жиі пайдаланылады.
Арнайы емдеу әдістері аллергиялық қабынудың иммунологиялық фазасына бағытталады. Бұл емдер нәтижелі болуымен бірге ауру қоздыруы, асқынулар беруі мүмкін. Сондықтан иммунотерапия тек қана аллергиялық кабинеттерде жүргізіледі.
Патогенетикалық емдеу дәрілері.
Бұл ем аллергиялық қабынудың көптеген патогенетикалық механизмдерінің біріне әсер етумен жүргізіледі.
Антимедиаторлық әсерлі дәрілер.
Аллергиялық реакциялар биологиялық белсенді заттардың (қабыну медиаторлары) шығуымен жүреді, көптеген медиаторлардың ішінде ең негізгісі гистамин. Бұған қарсы дәрілерді антигистаминдік препараттар дейді. Олардың саны 150-ден артық. Бұлардың бәрінің ағзадағы торшалардың гистамин рецепторларына туыстығы бар. Гистамин антагонистері болып саналып, «шок» мүшенің Н. рецепторларына байланысып гистаминнің және басқа медиаторлардың торшаға әсер етуін тоқтатады. Антигистаминдік препараттардың баяу жүретін аллергиялық реакцияға әсері жоқ және «шок» мүшенің арнайы емес гиперреактивтілігін баспайды. Бұл препараттар гематоэнцефалиттік кедергіден өтіп седативтік әсер береді. Дәрілерді күніне 2-3 реттен, 5 күннен ұзаққа тағайындамайды. Жиі қолданылатын препараттар-димедрол, дипразин, фенкарол, димебон, бикарфен, перитол, супрастин, тавегил, лоратиден (АҚШ), азеластин (Жапония) . Лоратиден, азеластин, диазолиннің седативті әсері нашар. Фенкарол гистаминазаны белсендіріп гистаминді ыдыратады. Пипольфеннің седативті әсері күшті және М-холинолитикалық әсері бар (түкірікті қойылтады) . Пипольфен, дипразин және терилен ұзақ емдегенде торшаларды бұзып (цитотоксикалық әсер) гистаминнің шығуын көбейтеді.
Кейбір препараттар антисеротониндік (сандостен, перитол) немесе холинолитикалық (ипратрониум бромид, азатадин) белсенділікке ие. Кейінгі жылдары баяу реакция беретін субстанциясына қарсы әсері бар (диатилкарбамазин паомат) препараттар шықты. Антимедиаторлы препараттардың емдік әсері 30-70%, қанағаттанарлық. Аурудың қозуы 3-4 күн емдеуден соң басылып 1-2 айға дейін сақталады. Гистамин жиі тағайындалып, көбінесе инъекциямен беріледі.
Гистамин Н-рецепторларын тітіркендіріп, жаттығуымен торша ішіндегі нуклеотидтерді - цАМФ-ты қалпына келтіреді. Гистамин тері ішіне 0, 1 мл (10-7 ертіндегі) егіп, оған 0, 1 мл-ден қосып отырады. Бронх демікпесін емдеуге гистамин ингаляциясы беріледі. Бастапқы дозасы 10-8 ертіндісінен, максимум - 10-4 концентрациясына жеткізеді.
Қатерлі ісік аурулары
ҚАТЕРЛІ ІСІК, саркома (лат. cancer, carcіnoma және грек. karkіnos - шаян, краб) - тіндердің айналасында өсіп, олардың қызметін бұзатын ісіктер; осы ісіктердің жайылуынан организмде метастаз процесінің басталуы. Ісіктің тарамдалып, айналасы шаянның аяғы сияқты болғандықтан Қ. і. рак деп аталған. Қ. і-тің негізгі бөлігі - эпителий паренхимасы және көптеген қан тамырлары мен лимфа талшықтары болатын дәнекер тін. Сыртқы пішіні саңырауқұлақ пішінді ісік ас қорыту жолдарының кілегей қабаттарында болады. Ал жайпақ табақ тәрізді түрі тері қабатының клеткасына, ауыз қуысының кілегейлі қабатына, тыныс алу, зәр шығару және жыныс мүшелеріне түседі. Қ. і. ауруы өте ертеден белгілі. Б. з. б. (2 мыңжылдықтағы) Мысыр, Үндістан, Қытай дәрігерлерінің қолжазбаларынан бұл ауру туралы мәліметтерді кездестіруге болады. Қ. і-тің неден пайда болатыны белгісіз болғанымен қандай жерде, қандай сыртқы факторлар әсер ететіндігі зерттелген. Қ. і. аяқ астынан пайда болмайды, оның өсуіне әр түрлі ұзаққа созылған патол. жағдайлар, мыс., мезгілінде емделмеген, ұзақ уақыт жазылмай жүрген жара (ішек-қарын жарасы, тері, жатыр жаралары, т. б. ) себеп болады. Қ. і-тің биол. ерекшеліктеріне адамның біраз уақытқа дейін ауруын сезбеуі, ісіктің көлемі 5 см-ден асқанда ғана науқастың ауырсынуы жатады. Қ. і-тің пайда болуына: рак туғызушы вирустар, сәуле көздері (радий, рентген), канцерогендік хим. заттар, (бензпирен, т. б. ) гормондар, онкогендер әсер етеді. Қ. і-терді туғызатын зиянды заттар тікелей клетканың ядр. құрылымына (ДНҚ, РНҚ) әсерін тигізіп, клетканың өсіп өну процесін реттеп отыратын белоктардың сандық-сапалық қасиеттерін өзгертеді. Қ. і. клеткасы - организм ішінде пайда болатын тіршілік көзі. Ол организмге түсетін тағаммен, тіннің, мүшенің қалыпты клеткаларымен қоректенеді. Қ. і-тің клиникасы: ісіктің қай түрі болсын алғашқыда жанға батып ауырмайды, ісіктің мөлш. 1 - 2 см болғанша ауру сезілмейді. Ісік өсе келе кілегей қабыршағын жарақаттап, ондағы қан-тамырлар қабырғасын теседі. Егер ол асқазан-ішекте болса, қан адамның нәжісімен араласып, тік ішек арқылы сыртқа шығады. Ал ісік өкпеде болса, кеңірдек арқылы қан аралас қақырық түседі. Қ. і. түйіні өсе келе, қан-лимфа сұйықтықтары арқылы басқа мүшелерге тарайды. Егер адамның иммунитеті жоғары болса, ісіктің денеге таралуы баяу жүреді. Қ. і-тер өсіп жайылған кезде адамның ең маңызды органдарын зақымдап, олардың қызметін тежейді. Мыс., өңеш Қ. і-гі (қылтамақ) адамды ашығуға душар етсе, несеп жолдарының Қ. і-гі несепті жүргізбейді. Ал Қ. і-тің қай түрінде болсын, асқынған кезде науқаста кахексия дамиды. Қ. і-ке диагностика жасау үшін клиник., параклиник. әдістер қолданылады. Нақты диагноз ісіктен алынған биопсияның қорытындысы бойынша қойылады. Емі: ісікке хирургиялық операция жасайды, ультра-сәулемен күйдіреді; хим. терапиялық заттар (дәрі-дәрмек препараттарымен) және гормондар иммундық әдіс қолданылады.
Жұқпалы аурулар және оның алдын алу
Жұқпалы аурулар - зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз - ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.
Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар:
- Ішек аурулары;
- Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;
- Қан немесе трансмиссивті аурулар ;
- Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек аурулары (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады.
Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді.
Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді.
Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі.
Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында) . Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит) . Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі - баяу ауру . Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.
Жұқпалы аурулардың түрлері
Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo-жұқтыру) :
- тірі организмдерге ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактерия, риккетсия, вирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел;
- осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы.
Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін “миазмалар” себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л. Пастер, неміс микробиологы Р. Кох (1843 - 1910), орыс ғалымдары И. И. Мечников (1845 - 1916), Н. Ф. Гамалея (1859 - 1949), т. б. еңбектерінің маңызы зор болды.
Жұқпалы аурулар пайда болуының факторлары
Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар:
- ауру қоздырғышы (микроб),
- сыртқы орта және
- қабылдаушы сезімтал организм.
Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т. б. ) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т. б. - су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т. б. - ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері - ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек - сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т. б. ) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады.
Негізінен бұл іс-шаралардың екі тобынан құралады: жалпы және арнайы.
1. Жұқпалы кеселдердің жалпы алдын алу - тұрғындардың экономикалық, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау жүйелерін дамытуға, медициналық қызметті, медициналық және фармацевтикалық өндірістерді, ғылыми орталықтарды, медициналық білім беру мекемелерін материалдық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған жалпы мемлекеттік масштабта жүргізілетін іс-шаралар.
2. Жұқпалы кеселдердің арнайы алдын алу - емдік-профилактикалық мекемелерде (ЕПМ) және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары, ветеринарлық қызмет көрсету, ауыл және орман шаруашылығының қызметкерлерімен бірлесе отырып, қоздырғыштармен, инфекция көзімен, оның жұғу жолдарымен және механизмдерімен күресу бойынша іс-шаралар.
Адамдар үшін жұқпа көзі - науқас адам (антропоноздарда), үй және жабайы жануарлар (зооноздарда) және сирек жағдайларда дерт топырақтан жұғады.
Антропонозды ауру кезінде, ең алдымен дерт жұққан адамды тауып алып, оны оқшалау (үйде немесе ауруханада) және қоздырғышты жоюға арналған этиотропты ем қолдану керек. Бұл эпидемияға қарсы шаралар емханаларда, жұқпалы аурулар ауруханасында (аудандық, қалалық, обылыстық, республикалық) жүреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz