Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 ақпанда № 10250 тіркелді.
Жоспар
Мұнай, газ, газконденсаттық кен орындарын жайластыру жобаларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
Ұңғымалардың құрылысына арналған жобаларды әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
Қауіпті өндірістік объектілерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1 Мұнай, газ, газконденсаттық кен орындары объектілерін жобалау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1 . Зиянды және жанғыш заттарды бөліп шығаратын, жарылу және өртену қаупі бар процесстер орын алатын ғимараттар мен құрылыстар, болжамды апаттық тасталынды көздері - басым жел бағытының, жер бедерінің, климаттық және сейсмикалық жағдайлардың ескерілуімен жобаланады. Мұнай-газ кен орындарын (бұдан әрі - МГКО) жайластыру объектілеріның ғимараттар мен құрылыстардан минималды қауіпсіз қашықтығы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
2. Тоттану-агрессиялы заттармен түйісу жағдайында жұмыс жасайтын технологиялық жабдықтар мен құбырларды жобалау барысында, техникалық жағдайын бақылау әдістері алдын-ала қарастырылуы тиіс.
3. Жобалық құжатпен қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың (бұдан әрі - ҚЗӨФ) жабдықтарға, құбырларға, қызметкерлерге және қоныстық аймақтағы тұрғындарға әсер етуінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.
4. Жобалық құжаттамада қызметкерлерді жинау және көшіру орындары мен бағдарлары, жұмыс істеушілер мен тұрғындардың ұжымдық қорғану құралдары (бұдан әрі - ҰҚҚ), қоршаған ортаның газдылығын бақылау бекеттері, газ қауіпсіздігі қосындары, жел көрсеткіштерінің, газ қауіпсіздігінің орындары көрсетілуі тиіс.
5. Азаматтық қорғау саласындағы инженерлік-техникалық шаралар, көмірсутек кен орындарын жайластыру объектілерін жобалау мен құрылысы кезінде, осы объектдардың қауіпсіз жұмыс істеу, локализациялау және болжамды апатты жағдайларды төмендету бойынша шарттарды қамтамасыз етуге міндетті және келесілерді қарастырады:
1) қауіпсіз қашықтықтарды есепке алумен, МГКО орналасуы;
2) қауіпсіз пайдалану бөлігінде жабдықтарды таңдау негіздемесі;
3) ұңғымалардың өнімдерін жинау, дайындау және тасымалдау жүйесі, зиянды заттар мен ілеспе газды пайдаға асыру;
4) технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі - ТП БАЖ);
5) қауіпті және апатты жағдайлардың алдын алу жөніндегі сақтандыру және белгі беру құрылғылары, бұғаттаулар, апатқа қарсы қорғану жүйесі;
6) қауіпті факторларды ерте анықтауға арналған дабылдама және ауа ортасын бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің құралдары;
7) авариялық байланыс пен құлақтандырудың тұрақты өндірістік және автономдық жүйелерін ұйымдастыру;
8) объектілерді автоматтандыру және телеметрикалық бақылау;
9) қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
10) өндірістік қалдықтарды, жанармайды, зиянды және уытты заттарды бейтараптандыру және пайдаға асыру;
11) ұңғымаларды, объектілерді қауіпсіз бұрғылау, игеру, сынақтан өткізу, зерттеу, тоқтатып қою және жою жағдайлары;
12) сынақтардың әдістері мен технологиясы;
13) объектінің жарылу және өртену қаупі көрсеткіштерін ескере отырып, қауіпті және авариялық жағдайлардың туындау ықтималдығын бағалау;
14) жабдықтарды, құбырларды, металл құралымдарды бүлдірмей бақылау және коррозияға қарсы қорғау әдістерін қолдану.
6. Ғимараттарда, құрылыстарда, үй-жайларда құбырларды жер астымен төсеуге рұқсат берілмейді.
7. Өндірістік және тұрмыстық объектілер ауа алмастырумен, жылытумен, су жабдықтаумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етіледі.
8. Өндірістік ғимараттар мен қондырғы аумақтар үшін технологиялық ағындарды, жерасты суы мен нөсер суын бұру үшін жабық өнеркәсіптік кәріз жүйелері жобаланады.
Өнеркәсіптік кәріз желісі бойымен құдықтарда орналасқан гидравликалық ысырмалар көзделуі тиіс.
9. Жарылу қаупі бар аймақтарда пайдалануға арналған жобаланатын жабдықтар, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (бұдан әрі - БӨАжА), жарықтандыру, дабыл беру және байланыс құрылғылары - жарылудан қорғалған орындауында алдын-ала қарастырылады.
10. Агрессиялық және улы сұйықтықтарды, жанғыш булар мен газдарды ығыстыру үшін инертті газдарды қолдануды қамтитын жобалық шешімдер - оттектің мөлшерін бақылаудың және технологиялық орталарда қауіпті шоғырланудың алдын алу әдістері мен құралдарын алдын ала қарастыруы тиіс.
11. Жобалық құжаттамада табиғи ресурстардың ұтымды пайдалануды, табиғи ортаның қайтымсыз техногендік өзгерістер мүмкіндігін болдырмау, оның ішінде зиянды заттарды авариялық тастандылар кезінде, өнеркәсіптік үдерістер мен жабдықтардың сенімділігі мен апатсыздығын бағалаудың негіздемесін, болжамды апаттық жағдайлардың туындау қаупі мен болжалды салдарын бағалауды, варияларды болдырмаға, оқшаулауға, жоюға және қаупті өндірістік факторлардан жұмыс істеп жүргендер мен халықты қорғауға бағытталған шешімдер көзделуі тиіс.
12. Жобалау құжаттаманы әзірлегенге дейін бас жобалаушы санитарлық-қорғау аймағының (бұдан әрі - СҚА) көлемін анықтайды.
13. Кен орынды жайластыру жобалау құжаттаманың құрамында әртүрлі метеорологиялық жағдайларда атмосфералық ауаның жер бетіндегі қабатындағы зиянды заттардың рұқсат берілген шектік шоғырлануы (ШРШ) - оның шекарасында асып кету мүмкіндігін жоққа шығаратын, газдық қауіпті объектдардың СҚА көлемдерінің есептері мен негіздемесі толық көлемде көрсетіледі.
14. СҚА есептері мен негіздемесі зиянды заттардың (көлемі мен ұзақтығы бойынша) барынша болжанатын апаттық тасталындыларды ескере отырып6 орындалады. СҚА аумағында тұрғындардың тіршілік етуіне, көпшілік пайдаланатын спорттық құрылыстарды, саябақтарды, мектептерді, балалар мекемелерін, емдеу-профилактикалық және сауықтыру мекемелерін орналастыруға рұқсат берілмейді. Кен орнында вахта әдісімен жұмыс істеген кезде вахталық кенттерде орналасуға рұқсат беріледі.
15. Кен орнын жайластырудың жобалау құжаттамасында аспаптардың, материалдардың және жабдықтардың нақты түрлері мен саны, оларды сақтауға және жұмысқа дайындауға арналған орындар (құрылыстар) негізделеді және анықталады.
2 Ұңғымалардың құрылысына арналған жобаларды әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
16. Жобалауға арналған техникалық тапсырмада, параметрлер қатарында кен орнының қабаттық флюидіндегі күкіртті сутектің мөлшері көрсетіледі.
17. Жобалау құжаттамада қосымша:
1) жекелеген ұңғымалардағы күкіртті сутектің іс жүзіндегі мөлшерінің қысқаша талдауы;
2) жабдықтар мен құбырлардың коррозиялық қорғанысына қойылатын талаптар;
3) мұнай және газ атқымаларының туындауының алдын алу жөніндегі іс-шаралар келтіріледі.
18. Бірінші барлау ұңғымасының қабаттық флюидінде күкіртті сутектің көп мөлшерде болуы анықталған жағдайда СҚА орнатқаннан кейін оны одан әрі тереңдетуге және осы алаңдағы келесі барлау ұңғымаларын бұрғылауға жол беріледі.
19. Ұңғымалардың құрылысына арналған жобаларда қосымша:
1) ашық бұрқақ (бұдан әрі - АБ) жағдайында сағасын жабу (саңылаусыздандыру) мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сорғылық-компрессорлық құбырлар (бұдан әрі - СКҚ) ұстынының, шегендеу бағандарының беріктігі;
2) бұрғылайтын, жетекші, сорғылық-компрессорлық құбырлардың және құбыр колонналары элементтерінің тоттану жағдайын бақылау және тозуын тексеру әдістері мен мерзімділігі;
3) колонналық бас тиектердің түрлері, оларды сынақтан өткізу және монтаждау әдістері (дәнекерленген қосылыстарды пайдаланбастан);
4) бейтараптандырғыштар тұрлері, бұрғы ерітіндісіндегі күкіртті сутекті бейтараптандыру әдістері мен технологиясы, ұңғымаларды бұрғылаудың бүкіл үдерісіндегі осы мақсатқа арналған реагенттердің жұмсалу шығыны;
5) бұрғы ерітіндісіндегі бейтараптандырғыш-реагенттің және күкіртті сутектің мөлшерін бақылау әдістері;
6) бейтараптандырғыш-реагентпен бұрғы ерітіндісін қосымша өңдеу шарттары;
7) бұрғы ерітіндісін тазалауды және сорғы блогының үй-жайын қоса есептегенде, бұрғы алаңының жұмыс аймағын, мұнара астындағы кеңістікті және бұрғының үй-жайларын желдету әдістері мен құралдары;
8) ұңғыманы бұрғылау, сынақтан өткізу және игеру барысындағы адамдарды және қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары;
9) жұмыс аймағының ауасындағы күкіртті сутектің мөлшерін бақылау әдістері мен құралдары;
10) кейіннен өртеуге бұра отырып газды бұрғы ерітіндісінен бөліп алу технологиясы;
11) апаттық цемент көпірді орнату технологиясы;
12) ингибиторлардың түрлері, олардың қажетті көлемі;
13) мұнай-газ-су көрінулерін ерте анықтау және алдын алу жөніндегі іс-шаралар;
14) бейтараптандыруға және бұдан әрі пайдаға асыруға дейін сұйық өнімдерді жабық ыдыстарға жинау және сақтау тәртібі;
15) аспап көтерілген кезде ұңғыманың толуын бақылау әдісі;
16) аспапты түсірген кезде ұңғымадан ығыстырылған ерітіндіні бақылау әдісі;
17) шегендеу бағандарын цементтеуге арналған, күкіртті сутектің әсеріне төзімді және геологиялық-техникалық шарттарға сәйкес келетін тығындаушы қоспалар көрсетілуі тиіс.
3. Объектілердің құрылысын және іске қосу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
20. Өндірістік объект құрылысына бөлінген аумақ жобалау құжаттамаға сәйкес салынады.
Күкіртті сутек құрамы жоғары мұнайлы таулы аймақтарда, газ және газконденсатты кен орындарында өндірістік және мұнай, газ және газконденсат өндірумен байланысы жоқ объектдарды салуға рұқсат берілмейді.
Қауіпті өндірістік объектілер құрылысының аумағын күзетудің режимділігі мен тәсілін құрылысты жүзеге асыратын ұйым, ал пайдалануға берілгеннен кейін пайдаланатын объект орнатады.
21. Салынып жатқан, жөндеуден өтіп жатқан және пайдаланылудағы қауіпті өндірістік объектдар (бұрғылау қондырғылары, ұнғымалар, топтастырылған өлшеуіш қондырғылары, мұнай және газды дайындау қондырғылары, сұйыққоймалар, сорғы және компрессорлық бекеттер, терминалдар) тұрақты және сенімді көлік қатынасымен, (кіретін жолдар, жолдар) материалды-техникалық қамтамасыз ету базаларымен және ұйымның өндірістік қызметін дислокациялау орындарымен, өрт және авариялық-құтқару қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
22. Қауіпті өндірістік объектіде апатты жою жоспары (бұдан әрі - АЖЖ) әзірленеді. АЖЖ ұйымның басшысы бекітіледі және кәсіби авариялық-құтқару қызметі мен (немесе) құрамасымен келісіледі.
23. Қызметкер болатын үй-жайларда бекітілген құжаттар ілініп тұруы тиіс:
1) жабдықтар және құбырлардың орналасуының БӨАжА, сақтандырғыш, бітегіш реттегіш қондырғылар көрсетілген технологиялық сұлбасы (мнемосұлба), күкіртті сутек датчиктерін орнату сұлбасы және ауа кеңістігін бақылау бөлімдерін орнату;
2) апаттық қоймалардың, газ қауіпсіздігі аралының, өрт инвентарларының, жұмысшылардың қорғаныс құралдарының, адамдар және көлік қозғалысының негізгі және қосымша жол сапарларының, апатты жағдайларда ауада күкіртті сутектің жиналу орны және таралу бағыты, байланыс және құлақтандыру құралының орналасуы көрсетілген объект сұлбасы;
3) Инвестициялар және даму министрлігі, АҚҚ, өрт күзеті және медициналық қызмет бөлімшелерінің телефон нөмірлері көрсетілген құлақтандыру сұлбасы;
4) АЖЖ оперативтік бөлімі;
5) көшіру сұлбасы.
24. Өндірістік объектілер, газдан қауіпті орындар және оларға қатысты аумақтарда (оның ішінде кіретін жолдар), газ-мұнай- және конденсат құбырларының жұмыс жасап тұрған трассалары қауіпсіздік белгілерімен және жазбаларымен қамтамасыз етіледі.
25. ҚЗӨФ әсер етуі мүмкін қауіпті өндірістік объектілердің жұмыс орындары мен аумақтарында сақтандырғыш белгілер және жазбалар орнатылады, жұмыстың қауіпті бөліктері қоршалады немесе қауіпсіздік белгілерімен және жазбалармен белгіленеді.
26. Өндірістік объектілер және үй-жайлар күкіртті сутектің бөлінуі мүмкін көздеріне қатысты жел жақтарда (жел бағыты бойынша) орналастырылады.
27. Жұмыс орындары, объектілер, өтпе жолдар және оларға өтетін жолдар және түнгі уақытта кіретін және өтетін жолдар жарықтануымен қамтамасыз етіледі.
28. Өнеркәсіптік алаңдарда, өндірістік үй-жайларда технологиялық қажеттіліктен туындаған жағдайлардан басқа, жертөлелер, ойықтар, орлар және арналар болмауы тиіс.
29. Өрт сөндіру құралдары болмаған жағдайларда және құрамында тез тұтанатын және жарылысқа қауіпті заттар бар материалдар қоймасынан 50 метр қашықтыққа дейін отпен жұмыс жасауға рұқсат берілмейді.
30. Газдану қауіптілігі бар және ҚЗӨФ әсері мүмкін нормалардан асатын жерлерде, сонымен қатар, оқшауланған үй-жайларда, жабық ыдыстарда, құдықтарда, орларда және шурфтарда жұмысты бастамас бұрын ауа кеңістігіне талдау жүргізіледі және рұқсаттама-жіктелім рәсімделеді. Газдалғандылық байқалған жағдайда, жұмыс өндірісі бұл орындарда тоқтатылады және газдалғандылықты жойғаннан кейін жұмыс қайта жалғасады.
31. Жұмысшының 0,75 метрге дейінгі биіктікке көтерілуін талап ететін объектдар баспалдақтармен, ал 0,75 метрден жоғары биіктікке көтерілуін талап ететін объектдар шарбақты сатылармен жабдықталады.
32. Құбырлардың үстінен адамдар өтетін жерлерде биіктігі 1,0 метрден кем емес, ені 0,65 метрден кем емес, сырғанап кетудің алдын алатын жабыны бар шарбақты өтпе көпірлер орнатылады.
33. Құрамында күкіртті сутек бар сұйықтықтар төгілуі мүмкін өндірістік үй-жайлар оны үлкен мөлшерде сумен жууға және кәріз құдығының жабық жүйесіне бұруға арналған қондырғылармен жабдықталады.
34. Бұрғылау қондырғыларының үй-жайлары, өндірістік объектілер тұрақты түрде жұмыс жасайтын ШРШ-на жеткен кезде күкіртті сутектің датчиктерінен автоматты түрде іске қосылатын құйылатын-сорылатын ауа алмастырғыштармен жабдықталады.
35. Мезгіл сайын үй-жайларда болатын қызмет көрсететін қызметкер үй-жайдың сырт жағында қолмен іске қосылатын газдабылдамалар және ауа алмастырғыш қондырғылар орнатылады.
36. Кен орнында жұмыс жасайтын қызметкер сенімді екі жақты телефон немесе радиобайланыспен қамтамасыз етіледі.
37. Құрамында күкіртті сутек бар қабаттарды ашу, ұнғымаларды жерасты жөндеу (бұдан әрі - ҰЖЖ) және ұнғымаларды күрделі жөндеу (бұдан әрі - ҰКЖ) кезеңінде газдан қорғайтын және құтқарушы құралдарының, құрал-саймандардың, дәрі-дәрмектердің қоры жиналатын тасымалданатын қоймамен (вагон-үйшік, автофургон) жабдықталады, ол ұнғыма сағасынан 65-70 метр қашықтықта жел соғатын бетінде (желдің бағыты бойынша) орналасады.
38. Ұнғыманы зерттеуге арналған геофизикалық жабдықтар (зертханалар, көтергіштер) ұнғыма сағасынан кемінде 25 метр қашықтықта орнатылады.
3 Қауіпті өндірістік объектілерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
39. Кәсіпорындардың аумағы және ондағы ғимараттардың, құрылыстардың және әр-түрлі өндірістік объектілердің орналасуы МГКО қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Науалар, орлар, қазаншұңқырлар және ойықтар - биіктігі кемінде 1 метр болатын қоршаумен немесе қорғаныс жабынмен қамтамасыз етіледі. Науалар кәріз құдығына қарай еңкейтілген гидроысырмалар арқылы кәрізге жалғанады.
Аумақта өндірістік объектдардың, қауіпті, күзету және СҚА шекаралары көрсетіледі және белгіленеді.
40. МГКО объектілерінде орналасқан ғимараттар мен үй-жайлар тұрақты түрде жұмыс жасайтын құйылғыш-сорғыш ауа алмастыру жүйесімен қамтамасыз етіледі.
41. МГКО үй-жайлары мен өндірістік алаңдары газ, өрт және апат дабылдамасының детекторлары бар, ауа ортасының жағдайын бақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. МГКО игеру объектілеріның сыртқы қондырғылары мен құрылыстарының жарылу-өртену қаупі және өрт қаупі бойынша жіктелуі осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.
42. Өндірістік ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар, қондырғылар, қоймалар қосымша шығу жолымен және өрт сөндіру керек-жарақтарымен қамтамасыз етіледі.
43. МГКО объектілеріның ғимараттары мен үй-жайларынан апаттық шығу жолдарын, баспалдақ торларын, өтпелерді, кіреберістерді, жолдарды, өрт сөндіру жабдықтарына, өрт сөндіру құралдарына, байланыс пен дабылдамаға апаратын өтпе жолдарды бітеуге және ластауға рұқсат берілмейді.
44. Жабдықтар орналасқан өндірістік ғимараттарды және қауіпті объектдар аумағындағы алаңдарды бу, су, ауа, азот, қауіпсіз жоюға арналған қажетті реагенттерді жер асты жүргізуге арналған техникалық және технологиялық құралдармен, жабдықтарға, құбырларға, сұйыққоймаларға қызмет көрсету және жөндеу жүргізуді қамтамасыз етеді.
45. Өндірістік объектдар және үй-жайлар алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық аптечкалармен жабықталады.
46. Өндірістік үй-жайлар таза және қауіпсіз жағдайда ұсталады. Едендерді және алаңдарды тазалау мақсатында жанғыш және тез тұтанғыш сұйықтықтарды қолдануға рұқсат берілмейді. Пайдаланылған ысқылап сүртуге арналған материал және қалдықтар үй-жайдың сыртында орналасқан қақпағы бар металлдан жасалған контейнерлерде жиналады және ауысым сайын арнаулы орындарда жойылады.
47. Белгілі мөлшерде және сақтаудың қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, өрт қызметімен келісілген, осы мақсаттарға арналған үй-жайларда және алаңдарда материалдар, уақытша сақтауға арналған жабдықтар орналастырылады.
48. Өндірістік үй-жайларда майлағыш материалдарды қақпақпен жабылатын металлдан жасалған ыдыстарда бір тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде сақтауға рұқсат беріледі.
Өндірістік үй-жайларда тез тұтанғыш және зиянды заттарды сақтауға рұқсат берілмейді.
49. Өндірістік үй-жайлардың едендерінде өртке қауіпсіз жабындар, кәріз құдығына қарай еңіс болады және дұрыс жағдайында ұсталады.
50. Қызметкерлердің зиянды және агресивті заттармен (қышқылдар, сілтілер және уытты күйдіргіш реагенттер) байланысы болуы мүмкін қондырғы және үй-жайлардың аумағында, дененің зардап шеккен жерін жууға арналған су ағыны реттелмелі шүмектер қондырғысы орнатылады.
51. Киімдерді, аяқ киімдерді өндірістік үй-жайларда кептіруге, құбылардың, аппараттардың және жылыту құралдарының үстінде жанғыш материалдарды сақтауға рұқсат берілмейді.
52. Ысырма және арматураларды құдықтарға, науаларға және ойықтарға орналастыру барысында қашықтықтан басқару қарастырылады (ұзартылған штоктар немесе басқару штурвалдары, электропневможетектер) және техникалық қызмет көрсету үшін және жөндеу немесе арматураны ауыстыру үшін қауіпсіз кіру қамтамасыз етіледі.
53. Жолдар, тротуарлар, үстімен және ішімен өтетін жолдар таза және ұқыпты қалпында ұсталады, эстакада үстімен жүретін биіктікті есепке ала отырып, жол сілтегіштер және жол белгілерімен қамтамасыз етіледі.
Объектілердің көлік жүруге рұқсат берілмеген аумақтарындағы жерлерге тыйым салатын жол белгілері орнатылады.
54. Мұнай-газ кен орнының объектілеріның қауіпті аумақтары бойынша көліктердің және арнайы техникалардың ұшқын басқыштарсыз жүруіне рұқсат берілмейді.
55. Жолдардың және тротуарлардың темір жолдармен қиылысқан жерлерінде рельс деңгейімен тұтас төсеніштер орнатылады және қорғаныс қондырғылары, қауіпсіздік белгілері, дыбыстық және жарықтық дабылдамалар және жарық түсірулер қарсатырылады.
56. Мұнай-газ кен орындарында жерасты, құрылыс және жөндеу жұмыстары ұйым немесе объект басшылығының жазба түріндегі рұқсатынсыз, рұқсаттама-жіктелімсіз, жұмыс сұлбаларысыз және осы бөлімде жерасты және жер үсті коммуникациясына қатысы бар қызметтер өкілдерінің келісімісіз жүргізуге рұқсат берілмейді (байланыс желілері, кәріз құдықтары, электр, құбырлар).
57. Жолдың жүретін бөлігін жабуға байланысты жүргізілетін жөндеу жұмыстары объект басшылығымен және өрт қызметімен келісіледі.
58. Қауіпті өндірістік объект аумағында және қауіпті айлақтарда рұқсаттама-жіктелімсіз отпен жұмыс істеуге (арнайы орындардан басқа) және газға қауіпті жұмыстарды жүргізуге рұқсат берілмейді.
59. Жөндеу-құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, қондырғы аумағын жоспарлайды, тазалайды және абаттандырады. Жоспарлау, абаттандыру және құрылыс қалдықтарынан тазалау аяқталмайынша объектіні іске қосуға рұқсат берілмейді.
60. Қауіпті объект аумақтарында қауіпсіз жұмыс жүргізу туралы плакаттар, Жарылыс қауіпті, От қауіпті, Шылым шегуге тыйым салынады, Бөгде адамға кіруге болмайды деген сақтандыру жазбалары орнатылады.
61. Өндірістік жұмыс айлағындағы қауіпті объект аумағында көлік қозғалысының жылдамдығы тура бөлімшелерде сағатына 10 километрмен және бұрылыстарда сағатына 5 километрмен шектеледі.
62. Үй-жайларда және қауіпті объектілердегі нақтыланбаған орындарда өндіріс қалдықтарын қалдыруға және сақтауға рұқсат берілмейді.
63. Объект аумағында және өндірістік үй-жайларда мұнай, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz