Жөндеу-механикалық цехты желдету. Цехтың жылулық бөлімшесіне негізгі жылу тасымалдану


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СОӨЖ
Жөндеу-механикалық цехты желдету. Цехтың жылулық бөлімшесіне негізгі жылу тасымалдану. Цех бөлмесіндегі жылу шығынын есепке алу.
Орындаған:Кәрібай А. Б.
Қабылдаған:Абдибаттаева М. М.
Алматы 2017ж.
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Жөндеу-механикалық цехты желдету
- Цехтың жылулық бөлімшесіне негізгі жылу тасымалдану
- Цех бөлмесіндегі жылу шығынын есепке алу
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Желдету- артық жылуды, ылғалды, зиянды және т. б. заттарды жояды, бөлмедегі ауаның алмасуын реттейді және ұйымдастырады, сондай-ақ микроклиматтық жағдайларды жұмыс немесе қызмет ету аймағында жақсартады. Желдету жергілікті және жалпы алмасу болып табылады.
Жалпы алмасу желдетуі бөлмесіндегі зиянды буларды, газдарды, шаңды, артық ылғалды, жылуды жоюға арналған немесе бөлменің бүкіл көлеміндегі зияндылықтардың мүмкіндігінше мәніне жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Бөлмеге бір уақытта бірнеше зиянды заттар түсуі мүмкін. Бұл уақытта ауа алмасу әр зияндылыққа есептелінген, ал жобаланатын желдету жүйесі үшін, алынған ауаның көп мөлшерін қабылдайды. Егер бөлінетін заттар адам ағзасына бір бағытта әсер етсе, онда есептелінген ауаның көлемдері ұлғаяды.
Есептелінген ауаның көлемін бөлменің жұмыс аймағына жылытылған күйде беруі керек, ал ластанған ауа - бөлменің жоғарғы аймағынан бөлінетін зияндылықтарды жояды.
Негізгі бөлім
- Жөндеу-механикалық цехты желдету
Жөндеу-механикалық цехтың атқаратын қызметі - технологиялық және тасымалдау жабдықтарының, инженерлік құрылыстың өндірістік ғимараты мен өндіріс тораптарының, өндірістік жиһаздар мен инвентарлардың жұмыс істеп тұруын қамтамассыз ету. Бұл өндіріс өте үлкен болмағандықтан жобада цех емес, басу цехының территориясында орналасқан бөлімше түрінде болады.
Жөндеу-механикалық цехының жұмыс сиымдылығына байланысты негізгі жұмысшы технологиялық және басқа да жабдықтардың жұмысын қамтамассыз ету, мұнда ең ірісі слесарь стонок бөлімшесі болып табылады.
Жабдықтарды жөндеу мен ЖАЖ (жоспарлап алдын-алып жөндеулері) жүйесі бойынша жүргізіледі.
Өнім көлеміне және тапсырмасына сәйкес жөндеу-механикалық цехы мынадай болып жобаланады: құралдар мен материалдар қоймасы бар слесарлы-стонокты бөлімше; қайрап-тегістеу; электрожөндеу; электропісіру; жөндеу-тұрғызу; санитарлы-техникалық бөлімшелер.
Механикалық цехтар
Жергілікті соруларды қорғау, тозаңнан тазартқыш құндақтар түрінде қайрау және ажарлату станоктардың қасына құрастырылады. Шығарылатын ауаның мөлшерін м 3 /сағ, келесі формулалар бойынша анықтайды:
Шеңбердің диаметрі dк < 250 мм болса L = 2 dк; dк = 250 - 600 мм болса L =1, 8 dк; егер dк >600 мм L = 1, 6 dк.
Жылтырату шеңберлерінің жабуларынан шығарылатын ауа мөлшері, м 3 /сағ: киіз шеңберлер L = 4dк; мата шеңберлер L = 6 dк. Қорғау-тозаңнан тазартқыш құндақтар жеке тозаң ұстағыш агрегаттарына жалғанады. Олардың сипаттамалары 6-шы кестеде келтірілген. Қазіргі мезгілде қол доғалық пісіруге еңіс панельді және төменгі торлы пісіру столдар қолданылады. Столдың төменгі бөлігінде желдеткіш орнатылған. Шығарылатын ауаның көлемі α= 1800 м 3 /сағ.
Гальваникалық цехтар
Негізгі жергілікті сорулар болып ванналардың борттық сорулар болып табылады. Соратын саңылаудың ені 50 мм. Егерде үстінде қалақша болса - аударылған сору, ал қалақша болмаса - кәдімгі сору болады. Сорудың өлшемдері 6-ші кестеде келтірілген.
Қарқындатылмаған борттық сорулар арқылы шығарылатын ауаның көлемі келесі формула бойынша анықталады:
Мұнда В- ваннаның есепті ені, м; l - ваннаның ұзындығы, м; h - ерітіндінің бетінен сору тесікшесінің осіне дейінгі есепті қашықтығы, м. Ct- ерітіндімен бӛлме ішіндегі ауаның температуралары арасындағы айырмашылығын ескеретін коэффициент; Ct = 1 + 0, 0157Δt; Δt =tраств - tв; Сtох- зиянды заттардың зияндылығын ескеретін коэффициент; (Сtох=1, 0 . . . 1, 6) ; С1, С2, С3, С4 - сорудың конструкциясын, ауаның араласуының барлығын, қалытқылармен жабылуын, көбікпен жабылуын ескеретін коэффициенттер. Коэффициенттер 6-ші кестеде келтірілген.
6 кесте. С1, С2, С3, С4 коэффициенттерінің мәндері
Тазарту және ажарлату бӛлімшелерінде жергілікті сорулар механикалық цехтардағы сияқты алынады. Щеткалармен құрғақ крацовкалағанда тозаңды жергілікті сору ұйымдастырады: L= 2dкр, бірақ бір щеткаға 500 м 3 /сағ - тан кем болмауы керек.
- Цехтың жылулық бөлімшесіне негізгі жылу тасымалдану
Әртүрлі температурасы бар екі дене жанасқан кезде, құрылымдық бөлшектердің (молекулалар, атомдар, бос электрондар) қозғалыс энергияларымен алмасу пайда болады, сол үшін температурасы төмен дененің бөлшектерінің қозғалу қарқындылығы өседі, ал температурасы жоғары дененің бөлшектерінің қозғалу қарқындылығы азаяды. Нәтижесінде жанасқан денелердің біреуі қызады, ал екіншісі суиды. Көбірек қызған дененің бөлшектерімен суық дененің бөлшектеріне беретін энергия ағыны жылу ағыны деп аталады. Сонымен жылу алмасудың пайда болуының жалғыз шарты-қарастырылып отырған денелердің арасында температуралар айырмашылығының болуы, осымен бірге жылу ағыны кіші температуралар жағына бағытталады.
Жылу алмасудың техникадағы да, табиғаттағы да маңызы - денелердің физика-химиялық қасиеттері негізінде температураға, яғни жылулық күйіне байланысты. Жылулық күй жылу алмасудың шарттарымен анықталады, сол үшін олар заттың агрегаттық күйінің өзгеру процесстеріне, химиялық реакциялардың өтуіне (жеке алғанда жану процессіне), денелердің механикалық, электризоляциялық, магниттік және басқа қасиеттеріне шешуші ықпал тигізеді.
Жылу беру немесе жылу алмасу дегеніміз кеңістіктегі жылудың таралуының өздігінен өтетін қайтымсыз процесстері туралы оқу. Жылудың таралу процессі деп қарастырылып отырған жүйенің жеке элементтері мен аумақтарының арасындағы ішкі энергиямен алмасу алынады. Жылу алмасу негізгі үш тәсіл арқылы іске асырылады: жылу өткізгіштік, конвекция және жылулық сәулелену арқылы.
Жылу өткізгіштік дегеніміз қарастырылып отырған кеңістіктегі температураның өзгергіштігімен шартталған, денелердегі (немесе олардың арасындағы) жылудың молекулярлық тасымалдануы.
Конвекция - сұйықтық немесе газ (аққыш орта) көлемінің кеңістікте бір температурасы бар аумақтан басқа температурасы бар аумаққа жылжу кезіндегі жылудың тасымалдану процессі. Оған қоса жылудың тасымалдануы ортаның өзінің тасымалдануымен тікелей байланысты.
Жылулық сәулелену - сәулеленетін дененің температурасы мен оптикалық қасиеттерінен тәуелді болатын, жылудың электрмагниттік толқындар арқылы таралу процессі, онымен қоса дененің (ортаның) ішкі энергиясы сәулелену энергиясына айналады. Заттың ішкі энергиясының сәулелену энергиясына айналуы және энергияның тасымалдану, затпен осы энергияның жұтылу процесстері сәулелену арқылы жылу алмасу деп аталады. Табиғатта және техникада жылуөткізгіштік, конвекция және жылулық сәулелену сияқты қарапайым жылудың таралу процесстері өте көп жағдайларда бір мезгілде жүріп отырады.
Таза түрде жылуөткізгіштік көбінесе қатты денелерде кездеседі.
Жылудың конвекциясы әрқашан жылуөткізгіштікпен қосарласып келеді. Жылудың конвекциямен және жылу өткізгіштікпен қатар тасымалдану процесі конвективті жылу айырбас деп аталады. Қатты бет және сұйықтық (немесе газ) арасындағы жылулықпен айырбас конвективті жылу айырбас немесе жылу беру деп аталады.
Булы қазандарда жылудың оттық газдан қайнатпалық құбырдың сыртқы беттеріне тасымалдану процесі барысында жылу айырбастың үш түрінің барлығы бір уақытта қатысады - жылу өткізгіштік, конвекция және жылулық сәулелену. Қайнатпалық құбырдың сыртқы беттерінен ішкі беттеріне күйе қабаты, металл қабырғасы және тосап қабаты арқылы жылу жылуөткізгіштік жолымен беріледі. Құбырлардың ішкі беттерінен суға жылу жылуөткізгіштік және конвекция арқылы беріледі, демек, жылудың өтуі кезеңдерінде жылу айырбастың элементарлық түрлері ең әртүрлі үйлестірулерде кездеседі. Есеп-қисаптарда осындай күрделі процестерді кейде біртұтас деп санау мақсатқа лайықты болады. Дәл осылай, ыстық сұйықтықтан салқынға оларды бөлуші қабырға арқылы жылудың берілуі жылу жеткізу процесі деп аталады.
- Цех бөлмесіндегі жылу шығынын есепке алу
Қоршау конструкциялары арқылы жылу шығындарын ғимаратты жылыту пәні бойынша қарастырылады. Еңбек сиымдылығын азайту мақсатта цех бойынша жылу шығындарын ірілетілген көрсеткіштер бойынша анықтауға болады.
мұнда Q- қоршаулар арқылы жылу шығындарының қосындысы, Вт; q- ғимараттың жылулың сипаттамасы (кесте), Вт /( м °С) ; tіш, tсыр - ішкі және сыртқы ауаның есепті температуралары, °С; V - ғимараттың көлемі, м 3 .
Кесте. Ғимараттардың меншікті жылулық сипаттамалары
Терезенің және есіктердің саңылаулары арқылы кіретін (инфильтрация) сыртқы ауаны қыздыруға қажет жылуды QИ барлық жылу шығынынан 30 % алуға болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz