Қолдану саласы. ҚР нарығында өнімді пайдалану шарттары



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СОӨЖ
Тақырыбы: Қолдану саласы. ҚР нарығында өнімді пайдалану шарттары.

Орындаған:Кәрібай А.Б.
Қабылдаған:Абдибаттаева М.М.

Алматы 2017ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қолдану саласы. ҚР нарығында өнімді пайдалану шарттары
Көтеру-тасымалдау құралдарын құрастыруға, қайта құрастыруға және жөндеуге қойылатын талаптар
Көтеру-тасымалдау құралының жүк қармайтын бөлігіне қойылатын талаптар
Арқанына, барабанға, блогына қойылатын талаптар
Тежегішке, жүріс дөңгелегіне, тірек бөлшегіне және т.б. қойылатын талаптар
Қауіпсіздік құрылғысы мен приборлары
Кабельді түрдегі көтеру-тасымалдау құралдарына қойылатын талаптар
Консервация мен жоюға қойылатын талаптар
Сәйкестікті растау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар мен мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде қалыптастырылатын өзге де құжаттары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен үйлестірілуге жатады.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз нормативтік құқықтық актілерін осы Техникалық регламентке сәйкес келтіруді, сондай-ақ олардың бейімделген енгізілуін қамтамасыз етсін.

Негізгі бөлім
Қолданылу саласы
1. Осы "Көтергіш-көлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) көтергіш-көлік құралдарына және олардың тіршілік циклінің үдерісіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Көтергіш-көлік құралдарын сәйкестендіру осы Техникалық регламентке қосымшада келтірілген Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) кодтарын пайдалану жолымен, таңбалау және ілеспе құжаттар бойынша, жиынтығында тану үшін жеткілікті болатын белгілері, өлшемдері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша жүргізіледі.
3. Осы Техникалық регламент мыналарға:
1) кран-манипуляторларды қоса алғанда, барлық типтегі жүк көтергіш крандарға;
2) басқару кабинасымен бірге жер үстіндегі рельсті жолдармен
қозғалатын электр жүк арбаларына;
3) арқанға тек ілмекпен немесе электромагнитпен ілінген жұмыстарға арналған қазып-тиегіш крандарға;
4) электр тальдарға;
5) жүкті және (немесе) адамдарды көтеруге арналған шығырларға;
6) ауысымды жүк қарпығыш органдарға (ілмек, грейфер, жүк көтергіш электромагнит) қолданылады.
4. Осы Техникалық регламент мыналарға:
1) шахталарда, теңізде және өзенде жүзетін кемелерде, өзге жүзу
құрылыстарда орнатылған көтергіш-көлік құралдарына;
2) жер қазатын жабдықпен немесе грейфермен жұмыс істеуге арналған қазып-тиегіштерге;
3) аспалы жабдықпен ғана жұмыс істеуге арналған крандарға (дірілді тиегіштермен, қада суырғыштармен, бесікшелермен, бұрғылау жабдығымен);
4) еденде тұратын көтергіш-көлік құралдарына, төңкеру және отырғызу машиналарына, құбыр төсегіштерге, электр және авто тиегіштерге, реттеп салғыштарға, жол және белдік төсейтін машиналарға, манипуляторларға;
5) олар ілінетін құрастыру полиспастары мен құрылымдарына (діңгектер, тісқырғыштар, арқалықтар);
6) әскери ведомствоның көтергіш-көлік құралдарына;
7) қолмен істейтін тальдарға қолданылмайды.
5. Сақтануды қажет ететін негізгі қауіпті факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады:
1) жұмыс істеуге жарамды және жұмыс істеуге жарамсыз жағдайдағы тұрақсыздық;
2) қозғалыс жылдамдығын арттыру;
3) бұрылу бұрышын арттыру;
4) жүк көтергіштікті арттыру;
5) персоналға механикалық әсер ету;
6) қолданыстағы электр қондырғылар;
7) желді жүктемелер;
8) өрт қауіпті және жарылыс қауіпті элементтер.

Нарықтағы айналым шарттары
7. Көтергіш-көлік құралдары (бұдан әрі - ККҚ), егер олар осы
Техникалық регламент талаптарына сәйкес болса және адам өміріне,
денсаулығына және қоршаған ортаға залал келтірмесе, нарықта сатылуға рұқсат беріледі.
8. ККҚ-ны тұтынушыларға ілеспе құжаттамада келтірілген толық және анық ақпарат ұсынылады.
9. Ілеспе құжаттамада мыналар болуы тиіс:
1) жобалық құжаттар және өнімге паспорт;
2) ККҚ жөндеу жөніндегі нұсқаулық;
3) ККҚ пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
4) ККҚ жинақтау сызбалары мен жинақтау бірліктері;
5) болат арқандарға паспорт;
6) илемдеу мен бекіту бөлшектеріне паспорт;
7) жинақтау ведомосы.
10. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық мыналарды қамтуы тиіс:
1) монтаждау, жинақтау, жөндеу немесе реттеу жөніндегі нұсқаулар;
2) ККҚ штаттық қолдану, пайдалану кезінде (пайдалануға енгізуді, тағайындалуы бойынша пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеудің және техникалық куәліктердің барлық түрін, қорғау құралдарын, тасымалдау мен сақтауды қоса алғанда) сақталуы тиіс қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар жөніндегі нұсқаулар;
3) қызмет ету мерзімінің көрсеткіштері немесе нақтыланған ресурс;
4) критикалық істен шығулар тізбесі, авария мен әрекетке әкеп соқтыратын, көрсетілген қателердің алдын алатын персоналдың ықтимал актілері;
5) шекті жағдайлар өлшемдері.
11. Таңбалау "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 277 қаулысының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
12. ККҚ, ал қажеттілігі болғанда жекелеген жинақта бірліктерінің анық және өшірілмейтін таңбасы болуы тиіс.
Қауіпсіздікке қойылатын талаптар
13. ККҚ жұмысының жарылыс өрт қауіпті ортадағы (орта санатын
көрсетумен) мүмкіндігі паспортта көрсетілуі тиіс.
14. ККҚ, олардың тораптары, механизмдері, басқару станциялары, қорғау жүйелері мен қауіпсіздік аспаптары осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес болуы тиіс.
15. Өздігінен жүретін ККҚ жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін күйінде тұрақты болуы тиіс.
16. Мосылық және кертеш ККҚ жүк арба жолдарының еңістігі барынша көп жұмыс жүгімен арбаның барынша қолайсыз жағдайында 0,003 аспауы тиіс. Көрсетілген еңістік нормасы арбаның қозғалыс механизмі жабық үлгідегі автоматты тежегішпен жабдықталған немесе арбасы арқанды тартумен орын ауыстыратын ККҚ жатпайды.
17. Жүк көтеру және шығарықты өзгерту механизмдері жүкті немесе нұсқарды түсіру қозғалтқышпен ғана жүзеге асырылатындай болып орындалуы тиіс.
Жұдырықшалы, үйкелісті немесе басқа механикалық құрылғылармен жабдықталған ККҚ механизмдері оларды сөндіру немесе жұмыс қозғалыстарының жылдамдығын ауыстырып-қосу үшін механизмнің өз еркімен қосылуы немесе тіркеуден ағытылу мүмкіндігі болмайтындай етіп орнатылуы тиіс. Жүк пен нұсқарды көтеретін шығырларда тежегіш салынбай жетектің сөндірілу мүмкіндігі болмауы тиіс
18. Адамдарды, балқытылған металды немесе қожды, улы және жарылғыш заттарды көтеру үшін тағайындалған механизмдерде үйкелісті және жұдырықшалы жалғастырғыштарды қосуды қолдану, электр жетекті механизмдерде:
1) бір жылдамдықтан екіншісіне ауыстырып-қосу үшін, жылдамдықтың бірнеше ауқымы болатын қозғалу немесе бұрылу механизмін;
2) оларды бөлек басқаруға арналған екі шынжыр табанды ортақ жетегі болатын шынжыр табанды ККҚ қозғалту механизмін қоспағанда, рұқсат берілмейді.
3) Тежегіштің ККҚ бұрылатын бөлігімен, шынжыр табандармен немесе доңғалақтармен ажыратылмайтын кинематикалық байланысы болуы тиіс.
19. Айналдыру сәтін беретін ККҚ механизмдерінің түйіндерінде
оймакілтекті, кілтекті және (немесе) бұрандамалық жалғанулар қолданылуы тиіс.
20. ККҚ бұрандамалық, кілтекті және сыналық жалғанулары ерікті ажыратылудан немесе үзіп тастаудан сақтандырылған болуы тиіс.
21. Жылжымалы нұсқарлары және (немесе) мұнаралары бар ККҚ жылжытылатын құрылманың сенімді орнықтырылуы қарастырылуы тиіс.
22. Арқанды, шынжырлы тальдар мен ККҚ полиспастары арқанның (шынжырдың) тальдан өздігінен түсіп қалуын, арқанның (шынжырдың) шығыр мен осьтің (жұлдызша мен ось) арасында сыналануын болдырмауы тиіс.
23. Қосарланған полиспасты қолданған кезде теңестіргіш шығырды немесе теңгергішті орнату міндетті.
24. ККҚ металл конструкциялары мен металл бөлшектері жемірілуден сақтандырылған болуы тиіс.
25. Техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін ККҚ механизмдеріне, сақтандырғыш құрылғыларына, электр жабдықтарына, металл конструкциялары элементтеріне қауіпсіз қол жеткізу қамтамасыз етілуі тиіс. Осы мақсат үшін галереялар, алаңдар, баспалдақтар орнатылады. Блоктар мен қауіпсіздік аспаптарына қызмет көрсетуге арналған алаңдар мен баспалдақтар болмаған кезде нұсқарда оның түсірілу мүмкіндігі көзделуі тиіс.
26. Гидравликалық жетегі бар ККҚ үшін құбыржолдар жарылған кезде немесе гидрожүйеде қысым түскен кезде механизмдердің (бұрылатын, жүк таситын және нұсқарлы шығыр, нұсқар мен берік тіреулерді көтеру, нұсқар секцияларын жылжыту) автоматты тоқтатылуы және тіркелуі қамтамасыз етілуі тиіс. ККҚ-манипуляторлар үшін механизмдердің автоматты тоқтауы майысқақ құбырларды үзген кезде қамтамасыз етілуі тиіс.
27. ККҚ гидрожүйесі әрбір жұмыс контурындағы қысымды бақылау мүмкіндігін және гидроагрегаттарды, майтүтіктерді, сүзгілерді бактағы жұмыс сұйықтықтарын ағызбай ауыстыруды қамтамасыз етеді.
28. ККҚ мотосағаттарда жұмыс көлемін есептеуге арналған, оны
пайдалану үдерісінде ККҚ қалдық қорын анықтауға мүмкіндік беретін
құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

ККҚ монтаждауға, қайта жаңартуға және жөндеуге қойылатын
талаптар
29. Алдын ала сынауларды жобалық құжаттамамен анықталған
бағдарлама мен әдістеме бойынша ККҚ тәжірибелік үлгісін дайындаушы
ұйымдастырады және жүргізеді.
30. ККҚ сынауларына жобалық құжаттаманы әзірлеген ұйым өкілінің қатысуы міндетті.
31. Бағдарламалармен ККҚ паспорттық деректерге сәйкестігіне, көзбен шолу байқауы, статикалық және серпінді сынаулар, өздігінен қозғалатын нұсқарлы ККҚ тұрақтылығын сынаулар көзделуі тиіс.
32. ККҚ тәжірибелік үлгісінің алдын ала және қабылдау сынауларының нәтижелері ККҚ конструкциясы жөніндегі ұсынымдар көрсетілген актімен ресімделеді.
33. ККҚ болат конструкцияларын пісіру үшін қолданылатын пісіру
материалдары металл жігінің және пісірме қосылыстардың (орнықтылық шегі, аққыштық шегі, салыстырмалы ұзарту, бүктеу бұрышы, соғу тұтқырлығы) болаттың берілген маркасы үшін белгіленген төменгі шекті көрсеткіштен төмен болмайтын механикалық қасиеттерін қамтамасыз етуі тиіс. Осы талап шарбақтар, сатылар және алаңдарды пісіруге қолданылады.
Әр түрлі маркалы болаттарды бір қосылыста қолданған кезде балқытылған металдың механикалық қасиеттері болаттың үлкен шекті қасиеттеріне сәйкес болуы тиіс.
Қондырма материалдар, қождамалар және қорғаныш газдар маркалары ККҚ дайындауға, жөндеуге немесе қайта жаңартуға арналған конструкторлық құжаттамада көрсетілуі тиіс.
34. ККҚ дайындау, құрастыру, қайта жаңарту және жөндеу кезінде
өткізілетін пісірме қосылыстар сапасын бақылау конструкторлық құжаттамада көзделген ішкі қарап байқаумен және өлшеумен, механикалық сынаулармен, бұзбай бақылау әдістерімен іске асырылуы тиіс.
35. Пісірме қосылыстардың сапасын бақылау термиялық өңдеу
өткізілгеннен кейін жүргізілуі тиіс (егер ол аталған пісірме қосылыс үшін міндетті болып табылса).
Пісірме қосыластарды бақылау нәтижесі тіркелуі тиіс.
36. Бұзбай бақылау уақытында пісірме қосылыстардағы жіберілуге тиіс емес ақауларды анықтаған кезде, барлық қосылыс бақылауға түсуі тиіс. Бақылау кезінде анықталған пісіру жіктерінің ақаулы участоктары механикалық тәсілмен алынып тасталуы және қайта пісірілуі тиіс.
37. Егер бақылаудың кез келген түрінде пісірме қосылыстарда нормалар шегінен шығатын ішкі немесе сыртқы ақаулар табылатын болса, оның сапасы қанағаттанарлықсыз болып есептеледі.

ККҚ жүк қарпығыш органдарына қойылатын талаптар
38. ККҚ жүк таситын ілмектері алынатын жүк қарпығыш құрылғының өздігінен құлап кетуін болдырмайтын сақтандырғыш құлыппен жарақтандырылуы тиіс. Балқытылған металды немесе сұйық қожды тасымалдайтын ККҚ жүк таситын ілмектерін сақтандырғыш құлыптармен жабдықтамауға рұқсат беріледі.
39. Жүк таситын ілмектер дайындаушысы, ілмек нөмірі, жүк көтерімділігі және қандай материалдан дайындалғаны көрсетілген паспортпен жабдықталуы тиіс.
40. Арқанды грейфер конструкциясы шығыршық жылғаларынан
арқандардың өздігінен шешілуін және шығып кету мүмкіндігін болдырмауы
тиіс.
Грейфердің жүк көтергіштігі грейфер иесінің оны пайдаланудан бұрын өткізген сынамалық батырып алуынан кейін, материалды таразыға тартумен анықталады.
41. Грейфер дайындаушы ұйым, материал түрінің нөмірі, көлемі,
тағайындалған теңселіске арналған меншікті салмағы және батырылатын
материалдың барынша қол жетімді салмағы көрсетілген көрсеткіш белгімен жабдықталуы тиіс. Зауыттық көрсеткіш белгі бүлінген кезде оны грейфер иесі қайтадан қалпына келтіруі тиіс.
Жеке дайындалатын грейферлер көрсеткіш белгіден бөлек, паспортпен жарақталуы тиіс.

Арқандарға қойылатын талаптар
42. Жүк таситын, нұсқарлы, темір арқан, көтеретін, тартпа ретінде қолданылатын болат арқандар жобалық құжаттамаға сәйкес сыналуға ұшырауы тиіс.
43. Балқытылған немесе қыздырылған металл мен сұйық қожды тасымалдайтын ККҚ арқандары сәулелі жылудың тікелей әсерінен және металл шашырамасынан тиісті қоршаулар орнатумен қорғалуы тиіс.

Атанақтарға, блоктарға қойылатын талаптар
44. Атанақ сыйымдылығы жүкқарпығыш органның ең төменгі ықтимал жағдайында атанақта қысқыш құрылғының астында болатын орамдарды есептемегенде, арқанның немесе шынжырдың жартысынан кем болмай орамдалып қалатындай болуы тиіс.
45. Арқанның бір қабат орамдалуында ККҚ атанақтарының бұрандалық сызық бойынша кесілген бунақтары болуы тиіс. Атанаққа арқанның бір қабат орамдалуы кезінде грейферлі ККҚ және жұмыс кезінде арқанның жұлқынуы мен босаңсуы мүмкін арнайы ККҚ атанақтардың арқан диаметрінің жартысынан кем болмайтын тереңдіктегі бунағы болуы немесе атанақта арқанның дұрыс төселуін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталуы тиіс. Тегіс атанақты қолдануға конструктивтік себептер бойынша атанаққа шынжырлар орамдағанда, атанаққа көп қабатты орамдау қажет болған жағдайда рұқсат беріледі.
46. Тегіс атанақтарда және арқанды көп қабатты етіп орамдауға арналған бунақты атанақтарда атанақтың екі жағынан доңғалқырлары болуы тиіс.
Арқанның екі тарамымен бір қабаттап орамдауға арналған бунақтары бар атанақтарды, егер тарамдар атанақтың шетінен ортасына орамдалса, доңғалқырлармен жабдықтамауға болады. Атанаққа арқанның бір тарамды бунақтарымен орамдағанда, атанақта арқанды бекітетін жағынан доңғалқыр орнатылмауы мүмкін.
Атанақтың арқанға арналған доңғалқырлары орамдалған арқанның оның екі диаметрінен кем болмайтын жоғарғы қабатының үстінде, ал шынжырлар үшін - шынжыр буынының енінен кем болмай көтерілуі тиіс.
47. ККҚ атанақта арқанды көп қабатты орамдаған кезде әрбір қабатты дұрыс төсеу қамтамасыз етілуі тиіс.

Тежегіштерге қойылатын талаптар
48. Жүк көтергіш механизм мен машиналық жетегі бар ККҚ нұсқар ұшып шығуының езгеруі жетекті іске қосқан кезде автоматты ажыратылатын жабық типтегі тежегіштермен жабдықталуы тиіс.
Қолмен істейтін жетегі бар көтергіш механизм автоматты қозғалатын жүкке орнықты тежегішпен жабдықталуы тиіс.
Жүк көтергіш механизмдерінде, ұшып шығудың өзгеруі және гидроцилиндрлі нұсқарды телекөшіруде гидрожүйедегі қысым түскен кезде жүктің немесе нұсқардың түсу мүмкіндігін болдырмайтын құрылғы (кері клапан) қарастырылуы тиіс.
Механизмдерді қосудың жалғастырғыштармен басқарылатын жүк көтергіш және шығарықты өзгертетін механизмдерінде жүктің немесе нұсқардың ерікті түсуін болдырмау мақсатында, қосу жалғастырғышымен бұғатталған, қалыпты жабық типте басқарылатын тежегіштер қолданылуы тиіс.
49. Жеке электрлік жетегі бар грейферлі қос атанақты шығырлардың тежегіш әрбір жетекте орнатылуы тиіс.
Ұстап тұратын атанақтың жетегінде жұмыс істемей тұрған қозғалтқышта механизмді тежеуге арналған басқыш (нүкте) құрылғыға рұқсат беріледі; мұндайда тежеу басқышқа (нүктеге) үздіксіз басу кезінде ғана мүмкін болуы тиіс.
Электр қорғанысы іске қосылған кезде немесе желідегі ток сөндірілгенде тежегіш басқыштың (нүктенің) басылып тұрған күйінде де автоматты тұйықталуы тиіс.
50. Жүккөтергіш және шығарықты езгертетін механизмдер атанақтармен ажырамайтын кинематикалық байланысы болатын тежегіштермен жабдықталуы тиіс.
51. Жылжымалы мехнизмдерде тежегіштер:
1) таза ауадағы жұмыс кезінде;
2) еденге төселген жол бойымен жылжығанда үй-жайдағы жұмыс кезінде;
3) жер үстіндегі рельсті жолдарда үй-жайдағы жұмыс кезінде орнатылуға тиіс
Бұру механизмдерінде тежегіштер ашық ауада жұмыс істейтін барлық ККҚ, үй-жайда жұмыс істейтін ККҚ орнатылады.
52. Айдауға қарсы құрылғылармен ашық ауада жұмыс істейтін белдікті ККҚ, егер ККҚ желдің барынша қолжетімді жылдамдығы әрекетінде жұмыс істемейтін күйіндегі ККҚ үшін жылжыту механизмінің тежеу қоры 1,2 кем болмайтын шаманы құраса, жабдықталмауы мүмкін.

Қозғалу доңғалақтарына қойылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франчайзингтың теориялық аспектілері
Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы: негізгі тенденциялары және даму мәселелері
Қаржы ресурстарының көзі
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы жағдайын талдау
Сақтандыру компанияларының инвес‬тициялық қызметтерің басқару
Жылжымайтын мүлік объектісінің жіктелуі
Франчайзинг жүйесі
Нарықтық экономика жайлы мәлімет
Маркетинг бөлімдері жоқ компаниялар
Пәндер