Техникалық регламент өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізі


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу срс казну титульный лист

СОӨЖ

Тақырыбы: Техникалық регламент өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізі. Негізгі түсініктер мен терминдер. Қолданыстағы регламенттің сақталуын қамтамасыз ету жүйесі. Техникалық регламент құрамы. Техникалық регламентті бұзғаны үшін жауапкершілік. «Техникалық реттеу туралы» заңның қолданылу саласы. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік реттеу жүйесі. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және тексеру. Техникалық реттеудің объектісі мен субъектісі. Өнім мен қызметтің өмірлік цикліне, үдеріске, қызметке, өнімге қойылатын талаптар. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қызмет, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру. Табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің бірлігі мен тұтастығы.

Орындаған:Кәрібай А. Б.

Қабылдаған:Абдибаттаева М. М.

Алматы 2017ж.

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Техникалық реттеу
  2. Техникалық регламенттер
  3. Өнімнің қауіпсіздігі
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

2004 жылдың қарашасында «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы қабылданды, бұл заңға сай «Стандарттау туралы» заңының күші жойылып, кейбір баптары ғана уақытша қалдырылды.

«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы өзгертіліп, толықтырылады, 2008 жылдың шілдесінде бұл заңға бірнеше өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері болып табылады.

Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.

Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:

1) міндетті регламенттеу саласында:

өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;

саудадағы техникалық кедергілерді жою;

2) стандарттау саласында:

отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;

табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.

Негізгі бөлім

Техникалық реттеу:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;

2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;

3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;

4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;

5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;

6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;

7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;

9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;

10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;

11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;

12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;

13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.

Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау нысандарына тиісті нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар (талаптар және т. б. ) нормативтік құжат түрінде өңделеді.

ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға келесілер жатады:

1) халыкаралык стандарттар;

2) өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалык ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері;

4) ұйымдар стандарттары;

5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;

6) шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары жатады.

Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде құрады.

Мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзірленетін және қабылданатын нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, өңірлік стаидарттар мен техникалык-зкономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар туралы ресми акпарат, сондай-ақ көрсетілген қүжаттар пайдаланушыларға қолжетімді болуға тиіс.

Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік қүжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін басып шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Құжатты әзірлеген тұлға әрбір стандарттың және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бір данасын уәкілетті органға бірыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер базасын құру үшін жібереді.

Техникалық регламент дегеніміз тауардың сипаттамасы немесе соған байланысты өндіріс процестері мен әдістерін қоса алғанда сақталуы міндетті болып табылатын әкімшілік ережелерді белгілейтін құжат. Халықаралық тәжірибеге сәйкес техникалық регламентті қабылдау үкіметтің құзыреттілігіне кіреді. Техникалық регламенттің қабылдауынсыз орын алған мәселенің шешілуі мүмкін болмауы тиіс. Себебі өнімге немесе оның қауіпсіздігіне байланысты процестерге қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін регламентті қабылдай отырып мемлекет көптеген шаруашылық субъектілерінің (конструкторлар, өндірушілер, өткізушілер мен өнімді тұтынушылар) іс-қимылын шектейді.

Техникалық регламенттер төмендегі мақсаттар үшін әзірленіп қабылдануы тиіс:

- адамның денсаулығын қорғау, жан-жануарлар мен өсімдіктер, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- ұлттық қауіпсіздік;

- зиянды әрекеттерді болдырмау, мысалы тұтынушыларды өнімнің қауіпсіздігі мен арналымы туралы ақпараттандыру;

Егер орын алған мәселе аталмыш мақсаттарға қатыссыз болса, онда оны шешу жолдары міндетті регламенттеу аумағына жатпайды. Сондықтан техникалық регламентті әзірлеудің қажеттілігін айқындау үшін мынадай факторларды ескеру қажет:

- нарыққа әсері;

- бәсекелестіктің дамуы немесе шектелуі;

- өндірушілер мен тұтынушылардың шешілуі тиіс мәселелер жөнінен нақтылы хабардар болуы;

Техникалық регламентті әзірлеудің қажеттілігі туралы шешім қабылдамас бұрын мәселені шешудің басқадай жолдарын қарастыру керек. Мысалы жаңа стандарт әзірлеу немесе қолданыстағы (күшіндегі) стандартқа өзгертулер енгізу т. б.

Ұқсас нұсқаларды таңдау кезінде тиісті заңнамалар мен стандарт, бағдарлама, ережелерді неғұрлым өзгертпей немесе аздап қана өзгертулер енгізу арқылы пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет. Сонымен қатар таңдалып алынатын нұсқаның мәселені шешудегі экономикалық тиімділігі (шығын және пайда көлемі) ескерілуі тиіс.

Шет мемлекеттердің тәжірибесіне қарағанда техникалық регламенттер жалпылай немесе арнайы болуы мүмкін. Жалпы техникалық регламенттер өнімнің барлық немесе макроэкономикалық тобына қатысты жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналады. Мысалы жалпы техникалық регламенттерге «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Радиациялық қауіпсіздік туралы», «Тамақ өнімдерінің қаіпсіздігі туралы» регламенттер жатады.

Егер жекелеген өнім немесе қызметтер тобына қатысты қауіпсіздік ережелерін жалпы техникалық регламентке сыйғызу мүмкін емес болса, онда сол өнім тобы немесе қызмет үшін арнайы регламент әзірленеді. Мысалы «Балалар тамағының қауіпсіздіг туралы», «Бензин және дизель жанармай қауіпсіздігі туралы» т. б.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес техникалық регламентті бекіту үкіметтің құзыреттілігіне кіреді.

Бүгінгі күні техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры барынша толық және саны 55 мыңға жуық аталымға жетеді (Сутет 1. 2), олардың ішінде 20 мыңнан астам мемлекетаралық стандарттар, 8 мыңнан астам халықаралық, 11 мың шет елдерінің ұлттық стандарттары және 1, 83 мыңнан астам Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттары. 1, 83 мыңнан астам Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарының ішінде халықаралық нормалар мен талаптармен үндестігінің жалпы деңгейі 60, 1 пайызды құрайды. Эконоиканың шынайы секторында үндескен стандарттар деңгейі 66 пайызды құрайды.

Бүгінде республикада мемлекеттік, мемлекетаралық деңгейінде қолданылатын 16 классификатор жұмыс істейді: 12-сі мемлекеттік мәртебеге ие, олардың 10-ы халықаралық классификациялармен үндеседі; 4-уі мемлекетаралық классифика- тор мәртебесіне ие.

Техникалық регламенттерді әзірлеу. Техникалық регламент- тердің жалпы құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамалары мен ҚР СТ 1. 46-2004 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды халықаралық стандарттармен және Еуропалық жаңа директивалармен үйлестіру» стандартының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Техникалық регламент өнім сипаттамасы, өндірістік процесс, өнімді сақтау, пайдалану, тасымалдау, өткізу, қайта өңдеу үрдістеріне қойылатын талаптарды мазмұндауы тиіс.

Техникалық регламентте белгіленген техникалық талап нормативтері қауіпті факторлардың ең төменгі деңгейін көрсету тиіс. Объектіге қойылатын техникалық талаптың ең төменгі деңгейін анықтау үшін қолданыстағы (өз күшіндегі) нормативтік құжаттармен қатар шетелдердің ұқсас техникалық регламенттерін, сондай-ақ Қазақстан біріккен халықаралық және өңірлік келісімшарттарды пайдалану қажет.

Ең төменгі деңгейдегі талаптардың құрамын анықтағанда бұрын болған қауіп-қатерлер туралы статистикалық мәліметтерді талдау, өнімнің конструкциясы, құрамы, қолдану жағдайы, қорғаныс шаралары, болашақ нұсқалары туралы ақпараттарды зерттеу қажет. Кейбір жағдайларда тұтынушылардың арнайы қажеттілігі мен жекелеген азамат санаттарын (балаларды, мүгедектерді, қарт адамдарды) қорғау мәселесін де ескеру қажет.

Ең төменгі деңгейдегі талаптарды белгілеу жөніндегі жұмыстар сол талаптарды мүмкін болатын тәуекелдік деңгейге сәйкестірумен өз мәресіне жетуі тиіс.

Тәуекелді талдау өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде жүрілуі тиіс. Сол талдаудың нәтижелері техникалық шешім қабылдаудың негізі болады.

Техникалық регламентте белгіленетін өнім қауіпсіздігінің деңгейі адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға келетін зиянның ең төменгі деңгейімен сәйкесетіндей болуы тиіс.

Сондай-ақ техникалық регламенттер мен оларға үйлестірлген стандарттарда белгіленетін талаптар мемлекеттің экономикалық және ғылыми- техникалық даму деңгейіне сәйкес болуымен қатар ғылыми- зерттеу, тәжірибелік- конструкторлық, жобалау, патенттік зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне, қауіпсіздік саласы бойынша отандық және шетелдік ғылым мен техника, технология жөніндегі ресми ақпараттарға негізделуі тиіс.

Жалпы техникалық регламенттерде белгіленетін ең төменгі қажетті талаптар құқықтық нормалар сияқты жалпылама түрде, сандық көрсеткіштерсіз келтіріледі. Мысалы «ауыр металл тұздарының болуы рұқсат етілмейді» деген сияқты.

Арнайы техникалық регламенттер өнім және оның қауіпсіздігіне қатысты міндетті талаптарды стандарттарға сілтеме жасау арқылы немесе нақтылы сандық мәндерді көрсету арқылы белгілейді.

Арнайы техникалық регламенттерде өнімнің техникалық сипаттамаларының сандық мәндері мынадай жағдайларда белгіленуі мүмкін:

- егер техникалық сипаттамалардың сандық мәндері тұрақты шамада болса. Мысалы, «жоғары емес», «төмен емес», «болуы ұйғарылмайды» т. с. с.

- сәйкестікті дәлелдеу базасы болмаса. Яғни осы регламентпен үйлестірілген мемлекеттік стандарт жоқ болса немесе осы стандарттардың халықаралық және өңірлік стандарттармен үйлесімдік дәрежесі жоғары болмаса.

Жалпы және арнайы техникалық регламенттерде халықаралық және өңірлік стандарттармен үйлестірілген мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарға сілтемелер жасалуы мүмкін. Үйлестірілген стандарттар жоқ болса өнімге негізгі техникалық талаптарды белгілейтін халықаралық, өңірлік стандарттарға сілтеме жасау керек. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіп бойынша қолданылатын өнімді қабылдау, бақылау, тасымалдау, сақтау ереже, әдістеріне сілтеме жасауға болады.

Стандартқа сілтеме жасағанда оның қабылданған жылын көрсетпей-ақ стандарттың нөмірін белгілеу жеткілікті. Бірақта ол стандарт күшінде болуы тиіс. Сонымен қатар қажет болған жағдайда санитарлық норма ережелеріндегі көрсеткіштерге сілтемелер жасауға болады.

1 Техникалық регламенттер «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады.

Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.

Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.

Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.

Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.

Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.

Техникалық регламент мемлекеттік саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерістер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.

Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламентті қолданысқа енгізуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.

Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады.

Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.

Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.

2 Техникалық регламентте:

1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;

2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.

Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткізу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.

Техникалық регламентте, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.

Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттерді әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.

Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.

Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:

1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;

2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;

3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.

Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар техникалық регламенттерде ғана белгіленеді.

Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.

Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөніндегі ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады.

Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.

Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерістер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.

Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган уәкiлеттi орган арқылы:

1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;

2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган:

1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;

2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;

3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.

Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.

Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.

Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.

Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.

Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгізу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл өнеркәсіп орындарындағы қауіпсіздікті техникалық реттеу
Химиялық өнеркәсіп орындарындағы техникалық реттеу шешімдері. Лак-бояу өнеркәсібі аймағындағы өрт-жарылыс қауіпсіздігін есептеу
Халықаралық стандарттау және техникалық реттеу (сүт өнімі мысалында)
Процестерге қойылатын техникалық регламенттермен анықталған талаптар
Өрт қауіпсіздігі жүйесі
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары
Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тiркемелер мен машиналардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентi
Дәрілер технологиясының міндеттері
Минералдық тыңайтқыштар және олардың маңызы
Кәсіпорынның қауіпті және зиянды өндірістік факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz