Жалпы жағдайлар. ҚР аумағында техникалық регламенттің міндетті болуы және іс-әрекеті
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СОӨЖ
Тақырыбы: Жалпы жағдайлар. ҚР аумағында техникалық регламенттің міндетті болуы және іс-әрекеті. Техникалық регламентпен анықталған талапты анықтау және қолдану. Үдеріске техникалық регламентпен анықталған талаптар. Техникалық регламенттің мемлекеттік саясат мүддесіне, материалды-техникалық базаның дамуына, ғылыми-техникалық даму деңгейіне және де ҚР келісілген халықаралық келісімшартқа сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті органның міндеті. Техникалық реттеу саласындағы заңды және жеке тұлғаның міндеті.
Орындаған:Кәрібай А.Б.
Қабылдаған:Абдибаттаева М.М.
Алматы 2017ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жалпы жағдайлар. ҚР аумағында техникалық регламенттің міндетті болуы және іс-әрекеті
Техникалық регламентпен анықталған талапты анықтау және қолдану
Үдеріске техникалық регламентпен анықталған талаптар
Техникалық регламенттің мемлекеттік саясат мүддесіне, материалды-техникалық базаның дамуына, ғылыми-техникалық даму деңгейіне және де ҚР келісілген халықаралық келісімшартқа сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті органның міндеті
Техникалық реттеу саласындағы заңды және жеке тұлғаның міндеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Техникалық реттеу туралы Заң негізінде елімізде техникалық реттеуді реформалау республика мекемелерінің бәсекеге түсу мүмкіндігін ұлғайтуға, оларға экспорттың бағыт беруге Қазақстан экономикасын әлемдік қауымдастыңңа интеграциялауға бағытталған. Бұл мәселелерді шешу техникалық нормалау саласындагы саясатты өзгертуге, стандарттау, сертификаттау, мемлекеттік техникалық реттеу және тексеру жүйелерін реформалауға, оларды мемлекеттік техникалық басқару жүйесіне енгізуге тікелей байланысты. Халықаралық тәжірибеде міндетті түрде қолдануға және сақталуға тиісті талаптар техникалық регламенттерде, заңнамаларда, ңұсқауларда және Үкімет органдарының жарлықтарында көрсетіледі. Техникалық регламенттерге енгізілетін талаптар: адамдардың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі, ұлттық қауіпсіздік және тұтынушыны алданудан сақтау. Халықаралық тәжірибенің ерекшелігі стандарттардың міндетті құжаттар болып есептелмеуі, оларға техникалық регламенттерде сілтемелер келтірілмеген жағдайда ерікті негізде қолданылуы. Елімізде бағалау және сәйкестікті растау жүйелерін жетілдіру бағыттары Еуропалық Одақтың техникалық реттеу практикасына, соның ішінде сәйкестікті бағалау саласына негізделген.

Жалпы жағдайлар
1. Техникалық регламенттер осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады.
2. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.
3. Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.
Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.
4. Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.
5. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.
6. Техникалық регламент мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.
7. Техникалық регламенттерде оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламенттердi қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.
8. Өнiмдi өндiру кезiнде үйлестiрiлген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердiң талаптары орындалған болып саналады.
Өнiмдi өндiру кезiнде техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.

1. Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.
2. Техникалық регламентте:
1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;
2) техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.
Техникалық регламенттерде өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.
3. Техникалық регламенттерде, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.
4. Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттердi әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.
5. Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламенттерде тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.
6. Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:
1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;
2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;
3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.
7. Өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн талаптар техникалық регламенттерде ғана белгiленедi.

1. Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.
2. Техникалық регламенттерді әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшін жою жөніндегі ұсыныстарды өздерінің құзыретіне міндетті қағидалар мен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкілетті органға береді.
3. Уәкiлеттi орган техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiту үшiн ұсынады. Техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi бекiтiлген жоспар бекiтiлген күннен бастап бiр ай iшiнде жариялануға тиiс.
Техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарда көзделмеген техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
4. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz