Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құруға қатысу. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясат



Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СОӨЖ
Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құруға қатысу. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясат. Техникалық реттеу саласында заңды және жеке тұлғаның, мемлекеттік органның қызметін салааралық бағыттау. Аккредитация және сәйкестікті растау, стандартизация бойынша халықаралық ынтымақтастық. Техникалық регламентпен анықталған талаптың сақталуын мемлекеттік бақылау және тексеру.

Орындаған:Кәрібай А.Б.
Қабылдаған:Абдибаттаева М.М.

Алматы 2017ж.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құруға қатысу
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясат
Техникалық реттеу саласында заңды және жеке тұлғаның, мемлекеттік органның қызметін салааралық бағыттау
Аккредитация және сәйкестікті растау, стандартизация бойынша халықаралық ынтымақтастық
Техникалық регламентпен анықталған талаптың сақталуын мемлекеттік бақылау және тексеру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Техникалық реттеу туралы Заң негізінде елімізде техникалық реттеуді реформалау республика мекемелерінің бәсекеге түсу мүмкіндігін ұлғайтуға, оларға экспорттың бағыт беруге Қазақстан экономикасын әлемдік қауымдастыңңа интеграциялауға бағытталған. Бұл мәселелерді шешу техникалық нормалау саласындагы саясатты өзгертуге, стандарттау, сертификаттау, мемлекеттік техникалық реттеу және тексеру жүйелерін реформалауға, оларды мемлекеттік техникалық басқару жүйесіне енгізуге тікелей байланысты. Халықаралық тәжірибеде міндетті түрде қолдануға және сақталуға тиісті талаптар техникалық регламенттерде, заңнамаларда, ңұсқауларда және Үкімет органдарының жарлықтарында көрсетіледі. Техникалық регламенттерге енгізілетін талаптар: адамдардың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі, ұлттық қауіпсіздік және тұтынушыны алданудан сақтау. Халықаралық тәжірибенің ерекшелігі стандарттардың міндетті құжаттар болып есептелмеуі, оларға техникалық регламенттерде сілтемелер келтірілмеген жағдайда ерікті негізде қолданылуы. Елімізде бағалау және сәйкестікті растау жүйелерін жетілдіру бағыттары Еуропалық Одақтың техникалық реттеу практикасына, соның ішінде сәйкестікті бағалау саласына негізделген. Мұндай таңдау мына себептерге байланысты:
Еуропа Одағымен тауар айналымының артуы;
соңғы жылдары ЕО-да тұтыну рыногын сапасыз, зардаптарының ауырлық деңгейі жоғары өнімдерден қорғауда және елдер арасындағы саудада техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік беретін нұсқауларды жасаудың және қолданудың мол тәжірибесі жинақталған.

Негізгі бөлім
Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құруға қатысу
Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құру және дамыту мынандай негізгі бағыттарда жүргізілуі және негізделуі қажет:
жүйенің мақсаты мен принциптерінанықтау;
жүйенің құрылымдық элементтері мен ұйымдық құрылымдарын анықтау;
құқықтықжәне техникалық заңдарды құру;
техникалық регламенттерді жасау және қолдану саласына қатысты ережелерді анықтау;
мемлекеттік стандарттау жүйесін жетілдіру бағыттарын анықтау;
сертификаттау жүйесін реформалау және тіркеу жүйесін оның құрамынан шығару;
сертификаттаудан сәйкестікті дәлелдеу механизміне көшу;
мемлекеттік тексеру және бақылау органдарының жұмысын реформалау;
халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі қамтамасыз етуге тиісті:
техникалық регламенттердіжәне стандарттарды жасауға мүдделі тұлғалардың қатысуын;
техникалық регламенттер мен стандарттарды қарастырғанда мүдделі жақтардың пәтуасын (консенсусын);
шығарылып жатқан техникалық регламенттер мен стандарттар туралы және олардың халықаралың нормалар мен талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) жөніндегі ақпараттардың ашықтығын;
дискриминацияламауды(барлық субъектілерге бірдей талаптар белгілеу).
Техникалық реттеу негізіне халықаралық принциптер, талаптар мен стандарттар, сәйкестікті бағалау тәртіптері, тексеру және бақылау жүйесі, сондай-ақ Қазақстанда қолданылып жүрген техникалық регламенттер алынуы қажет.

b) Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы өкiлеттiгi:
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi
бағыттарын әзiрлейдi;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды
әзiрлейдi;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау мен
қадағалауды ұйымдастырады;
Өнеркәсiптiк объектiлердiң қауiпсiздiгi декларациясын ұсыну ережесi
мен нысанын бекiтедi;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық ынтымақтастықты
жүзеге асырады.
7-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы өкiлеттiгi бар төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының өкiлеттiгi:
Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы өкiлеттiгi бар төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы:
Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы қызметiн үйлестiредi;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияны басқарады;
мамандандырылған мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарта отырып, өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң ережелерiн әзiрлеудi ұйымдастырады, көрсетiлген ережелердi бекiтедi немесе келiседi;
қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi аварияларды тексерудi ұйымдастырады;
қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi аварияларды оқшаулау және жою жөнiндегi жұмыстарды басқарады;
өнеркәсiптiк қауіпсiздiк саласындағы ведомстволық бағыныстағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметiне басшылық жасайды, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдарының жұмысын үйлестiредi;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ғылыми зерттеулердi, бiлiмдi насихаттауды, халықты, ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерiн оқытуды ұйымдастырады;
өз құзыретi шегiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерi талаптарының орындалуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқыламаларға қарсы қызметтер мен құрамалардың қызметiне басшылық жасайды;
белгiленген тәртiппен Өнеркәсiптiк объектiлердің қауiпсiздiгi декларациясының сараптамасын жүргiзуді ұйымдастырады;
қауiптi өнеркәсiптiк объектілердi бiрдейлендiру - ұйымның құрамындағы объектiнi қауiптi өнеркәсiптiк объектi санатына жатқызудың негiзгi талаптарын белгiлейдi;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызметiн қамтамасыз етедi.

c) Техникалық реттеу саласында заңды және жеке тұлғаның, мемлекеттік органның қызметін салааралық бағыттау

Стандарттау жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар қатысуы мүмкін. Мемлекеттік басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар өз құзіреті шегінде стандарттау облысында жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді және осы жұмыстарды орындау үшін тиісті стандарттау жөніндегі бөлімшелер мен қызметтер құруы мүмкін. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды стандарттау жөніндегі сарапшы- аудиторлар атқарады. Стандарттау жөніндегі сарапшы- аудиторлар техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет тағайындаған тәртіп бойынша аттестациядан өтуі керек.
Кәсіпорындар және мекемелердің стандарттау жөніндегі қызметтер өз құзыреті шегінде стандарттау облысында ұйымдастыру- әдістемелік және ғылыми- техникалық басқаруды жүзеге асырады. Бұл мақсатта олар ғылыми- зерттеу, тәжірибелік- конструкторлық және басқа өнімді, көрсетілетін қызметтерді, өндірістік процестерді, оның ішінде өндірісті басқару процестерін стандарттау және унификациялау жөніндегі жұмыстарды орындайды. Бұл жұмыстар нәтижелері сапа жүйесін және экологиялық басқару жүйесін енгізу арқылы іске қосылады.

d) Аккредитация және сәйкестікті растау, стандартизация бойынша халықаралық ынтымақтастық
Аккредиттеу саласындағы халықаралық тәжірибелер.
Шет мемлекеттерде аккредиттеу бойынша жұмыстар келесідей деңгейлерде жүргізіледі: ұлттық, аймақтық және халықаралық. Аккредиттеу бойынша халықаралық ұйымдар: 1) ILAK; 2) МЭКСЭ; 3) МЭК, ЕЭК; 4) ООН МОЗМ. ILAK - лабораторияларда аккредиттеу саласындағы халықаралық ұйым 1986 жылы ашылған. 1996 жылы - нақты дамыған құрылымы аяқталды. Меморандум қабылдаған барлық мемлекеттер құрамына кіретін 44 елді саудадағы мәселелермен сәйкестендіріп ДСҰ - ға кіргізу үшін құрылды.2003 жылы заңды түрде танылды. Мақсаты - аккредиттеу зертханаларының процедуралары мен тәжірибелерін өңдеу. Басқа мемлекеттермен келісімі: 1) Ұлттық аккредиттеу жүйелерін өзара тану. 2)Жүргізілген тәжірибе нәтижелерін өзара тану ( мемлекеттік деңгейде). 3) Халықаралық сертификаттау жүйесіне қатысу ( үкіметтік емес ұйымдар - МЭКСЭ. 4) Өзара түсінушілік жөніндегі меморандум. Аккредиттеу зертхана нәтижелерінің шешімдерін өзара тану, оларды гармонизациялау жөнінде жұмыс істейді. Осы бағытта ИЛАК келесідей ұйымдармен тығыз байланыста: ИСО, МЭК, ЕЭК, ООН, МОЗМ. IAF ( Аккредиттеу бойынша халықаралық форум) - аккредиттеу және сәйкестікті бағалау облысы, сонымен қатар менеджмент жүйесі, өнім , қызмет, персонал жөніндегі халықаралық ұйым. Негізгі міндеттері: 1) бүкіләлемдік сәйкестікті бағалау жүйесін дамыту,кәсіп үшін тәуекелділікті азайту. 2) Ішара ұйым мүшелерінің көпжақты келісімдерді мойындау, оның мақсаты- өзара сертификаттарды тануды қаматамасыз ету.
Өнімнің, көрсетілетін қызмет, процесстердің сәйкестігін ерікті растау.
Сәйкестiктi бағалау - өнiмге, процеске, көрсетiлетiн қызметке, менеджмент жүйесiне, персоналға, өлшем құралына, сынақ жабдығына, өлшемдердi орындау әдiстемелерiне қойылатын талаптардың орындалуын сәйкестiктi растау, сынақтар, зерттеулер, өлшемдер, салыстырып тексеру, калибрлеу және аттестаттау жүргiзу арқылы дәлелдеу. Сәйкестiктi бағалау объектiлерi - сәйкестiктi растауға, зерттеуге, сынауға, өлшемге, салыстырып тексеруге, калибрлеуге, аттестаттауға жататын өнiм, процестер, көрсетiлетiн қызметтер, менеджмент жүйелерi, персонал, өлшем құралдары, сынақ жабдығы, өлшемдердi орындау әдiстемелерi. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар - меншiк нысанына қарамастан, өнімді (көр-сетілетін қызметті) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілер мен тұтынушылардан тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы
Электр энергетикасы саласын дамыту
ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Экономикалық қауіпсіздік элементтері
Кеден ісі және оның кеден құқығындағы орны
Экспорт пен ұлттық экономика
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Жеңіл өнеркәсіп орындарындағы қауіпсіздікті техникалық реттеу
Көлік қызметтерін реттеу қажеттілігі
Инвестициялық саясаттың модельдері
Пәндер