Ядролық және радиациялық қауіпсіздік


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СОӨЖ
Ядролық және радиациялық қауіпсіздік
Орындаған:
Қабылдаған:
Алматы 2017ж.
Мазмұны
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- ЯРЭҚ-ты жобалау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптар. Жобалауды басқару
- ЯРЭҚ-ты жобалау, жоспарлау және орналастыру
- ЯРЭҚ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерін жобалау кезіндегі талаптар
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi. Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері болып табылады. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
Осы "Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) ядролық, радиациялық және электрлік-физикалық қондырғыларды (бұдан әрі - ЯРЭҚ) қанағаттандыруға тиіс ядролық және радиациалық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды белгілейді[1] .
Негізгі бөлім
ЯРЭҚ-ты жобалау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптар. Жобалауды басқару
ЯРЭҚ-ты жобалауды басқару қауіпсіздікке әсер ететін конструкциялардың, жүйелер мен элементтердің тиісті сипаттамалары, ерекшеліктері болуы және қауіпсіздік функцияларын жүзеге асыруға және ЯРЭҚ-ты тіршілік циклінің барлық жобалық кезеңінің ішінде қажетті сенімділікпен қауіпсіз пайдалануға болатындай есеппен материал құрамының болуы үшін, басты мақсаттар ретінде аварияларды болдырмауды және алаңдағы персоналды қорғауды, халықты және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге тиісті.
Жобалауды басқару кезінде, қатер-информативтік тәсіл негізінде аварияларды болдырмауға және олардың салдарларын жұмсартуға тиісті көңіл бөлуді қамтамасыз ету үшін, қауіпсіздіктің айқындаушы және ықтималды талдауларының нәтижелері ескерілуі тиіс.
Техникалық регламенттердің талаптарына немесе халықаралық талаптарға немесе олардың шыққан елінде бекітілген талаптарға сәйкес келетін, ЯРЭҚ конструкциялары, жүйелері мен элементтері үшін қолданылатын инженерлік-техникалық нормалар мен ережелердің тізбесін жобалау ұйымы анықтауға және ұйымды пайдаланушы атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілуі тиіс.
ЯРЭҚ жобасының құрамында қауіпсіздікті талдау бойынша есеп әзірленуге тиіс (арнайы бөлім), онда қалыпты пайдалану және апатты қоса алғанда, қалыпты пайдалану бұзылған жағдайда оның қауіпсіздігінің негіздемесі ұсынылуы тиіс. Онда қауіпсіздіктің детерминистік және ықтимал талдауларды пайдалана отырып орындалған қауіпсіздіктің жүйелі, толық және қайшылықсыз негіздемесі келтірілуі тиіс.
Жүргізілген талдаудың негізінде қауіпсіздікке ықпал ететін жүйелердің жобалық негіздері белгіленеді және ЯРЭҚ-тың белгіленген қауіпсіздік өлшемдеріне сәйкестігі расталады.
ЯРЭҚ үшін қолайсыз оқиға халықты санитарлық-қорғау аймағынан тысқары көшіру қажеттігі болып табылады. Мұндай қажеттілік радиоактивті заттардың шығарындысымен бірге шекті авариялық шығарындыдан асып түсетін авариялар кезінде туындауы мүмкін. Мұндай оқиғалар егер олар ішкі өзін-өзі қорғау қасиеттері мен қондырғы құрылғысы қағидаттарының негізінде жойылса, талдауда қаралмауы мүмкін.
Жобалық негіздерде ЯРЭҚ-тың пайдалану жағдайының санаттары олардың туындау ықтималдығына сәйкес белгіленуі тиіс. Бұл санаттар оқиғаларды, жобалық аварияларды және жобадан тыс аварияларды пайдалану кезінде күтілетін қалыпты пайдалануды қамтиды[2] .
Пайдалану жағдайларының әрбір санаты үшін олардың шекті жиынтық радиациялық қатерге қосқан үлесін (ықтималдығы үлкен бастапқы оқиғалардың болмашы радиологиялық зардаптарының болатындығын немесе тіпті болмайтындығын, ал ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін оқиғалардың екіталай екендігін) ескере отырып, қолайлылық өлшемдері анықталуға тиіс.
ЯРЭҚ-тың жобалық негіздерінде терең эшелондырылған қорғаудың барлық деңгейлерінде қауіпсіздік проблемаларының туындауы мүмкін екендігі ескерілуі тиіс, сол себепті қауіпсіздік функцияларын орындауды және қауіпсіздік мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін қажетті шаралар көзделуі тиіс. Қауіпсіздік функцияларының қажетті көлемі мен іске асыру нысандары әрбір ЯРЭҚ-қа сәйкес белгіленуі тиіс және жобада негізделеді.
ЯРЭҚ қауіпсіздігін талдау кезінде қауіпсіздіктің мақсатты көрсеткіштері ретінде (типіне байланысты) жобалау сатысында және пайдалану процесінде (пайдаланудан шығаруды қоса алғанда) мыналар қолданылады:
1) ядролық реакторы бар қондырғының қатты бүліну немесе белсенді аймағының балқу ықтималдығының бағаланған мәні авариялар кезінде жылына бір реакторға оқиғалардың 10-5 мәнінен аспауға тиіс, ал қайталама сындарлы массалардың түзілуі, белсенді аймақ бұзылған және (немесе) балқыған жағдайда, техникалық құралдармен жойылуға тиіс;
2) халықты қорғаушы іс-шараларды жоспарлау аймағынан тысқары жерлерге көшіру қажеттігін болдырмау мақсатында радиациялық қауіптіліктің I (бірінші) санатындағы ЯРЭҚ үшін радиоактивті материалдардың шекті авариялық шығарындысы ықтималдығының бағаланған мәні жылына қондырғыға арналған оқиғалардың 10-7 мәнінен аспауға тиіс;
3) аварияларды басқару және жобадан тыс авариялардың зардаптарын бәсеңдету бойынша көзделетін шаралар радиоактивтіліктің авариялық шығарындыларының ықтималдығын азайтуға тиісті, ол үшін ЯРЭҚ алаңынан тысқары жерлерде кемінде 10 рет шұғыл қарсы шаралар қолдану қажет;
4) ядролық материалдарды сақтау, тасымалдау, өңдеу кезінде нейтрондар көбеюінің тиімділік коэффициентінің (Ктиімд) мәні, ядролық материалдар сақталған жеке жабдықтың кез келген бірлігі сияқты, тұтастай алғанда кез келген нейтронды-оқшауланған жүйе үшін де, қалыпты пайдалану кезінде 0, 95 мәнінен және қалыпты пайдаланудың кез келген бұзылулары кезінде 0, 98-тен аспауға тиіс;
5) ЯРЭҚ-ты қалыпты пайдалану жағдайларында персонал мен халықтың техногендік сәулеленуінің жеке өмір бойғы радиациялық қатерінің шегі жыл бойы тиісінше 1х10-3 және 5х10-5 мәндерінен аспауы тиіс[3] ;
ЯРЭҚ-ты жобалау, жоспарлау және орналастыру
1) ЯРЭҚ аумағында техникалық қызмет көрсету, жабдықты жөндеу, ауыстыру, сынақтар мен инспекциялар жүргізу, радиоактивті материалдар мен персоналдың орын ауыстыруы бойынша жұмыс уақытында барлық көздерден радиациялық сәуле алу мен радиоактивтік ластануды барынша азайтуды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) тікелей және шашыранды сәуле алудан қорғануды қамтамасыз ету;
3) газ тәрізді және аэрозолды радиоактивтік материалдарды бақылау үшін желдету және сүзу, мониторинг құралдарын қамтамасыз ету;
4) материалдарды тиісінше іріктеу арқылы коррозия өнімдерінің белсенділік деңгейін шектеуді қамтамасыз ету;
5) зарарсыздандыру үшін қажетті жабдықтың болуын көздеу;
6) радиациялық қауіпті аймақтарға және ықтимал радиоактивтік ластану аймағына кіруге бақылауды қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылуы тиіс.
Технологиялық процестерді таңдаған кезде радиоактивтік материалдармен, сондай-ақ ең аз, іс жүзінде қол жетерлік: технологиялық операциялардың санымен; шығарындылармен және тастандылармен; жарылыс-және өрт қаупі бар заттардың шоғырлануының пайда болуымен; пайда болатын радиоактивтік қалдықтардың мөлшерімен, үздіксіз және қауіпсіз процестермен жұмыс істейтін технологияларға артықшылық беру керек.
ЯРЭҚ жобасында ядролық қауіпті және (немесе) радиациялық қауіпті жұмыстардың тізбесі келтірілуі тиіс. Жобада ЯРЭҚ-тың өрт қауіпсіздігіне бағалау жүргізілуі және тиісті нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес ЯРЭҚ ғимараттарының, үй-жайлары мен құрылыстарының жарылыс- және өрт қауіпсіздігі бойынша сыныптамасы орындалуы тиіс. Жобада жану ошағын анықтау және сөндіру құралдарын қоса алғанда, ЯРЭҚ-тың өртке қарсы қорғанысы үшін қажетті және жеткілікті техникалық құралдары көзделуі тиіс. Үй-жайлар мен жүйелердің өрт сөндіретін техникалық құралдары ЯРЭҚ-тің ядролық қауіпсіздігі мен радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары мен критерийлерін орындау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті. Жобада іске қосу алдындағы реттеу жұмыстарын жүргізу үшін ЯРЭҚ жабдығына кернеу берілген сәттен бастап өрт сөндіру жүйелерінің автоматтандырылған жұмыс режимі көзделуі тиіс[3] .
Қауіпсіздікке әсер ететін барлық конструкциялар, жүйелер мен элементтер үшін жобалау кезінде қызметтің барлық жобалық мерзімі ішінде қауіпсіздіктің талап етілетін функциясын орындауға конструкциялардың, жүйелердің немесе элементтердің қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ескіру және тозу тетіктері, сондай-ақ ескіру нәтижесінде сипаттамалардың әлеуетті төмендеуі есепке алынуы үшін тиісті сенімділік қоры қамтамасыз етілуі тиіс. Ағымдағы жөндеу үшін ажыратылған кезеңдегі, сондай-ақ ЯРЭҚ-тың жобалық бастапқы оқиғалар басталған және одан кейінгі жағдайлардағы жай-күйіне техникалық қызмет көрсету бойынша сынақтар мен жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланудың қалыпты жағдайларында ескіру мен тозу әсерлері де назарға алынуы тиіс. Жобалау кезеңінде болжанатын ескіру тетіктерін бағалау және пайдалану кезінде күтпеген мінез көрсетуді және олардың сипаттамаларының нашарлауын анықтау мақсатында бақылауды, тексерісті, сынақтарды, сынамаларды іріктеу және инспекциялауды жүзеге асыру үшін шаралар да көзделуі тиіс.
Бастапқы оқиға апаттарына бастамашы болатын сыртқы және ішкі қатерлердің тізбесі мен олардың сипаттамалары ЯРЭҚ-ты жобалау кезінде анықталуы тиіс. ЯРЭҚ қауіпсіздік жүйелері мен элементтерін көп мақсатты пайдалану жобада арнайы негізделуі тиіс. Бұл ретте ұсынылатын функцияларды қоса атқару ЯРЭҚ қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бұзуға және қауіпсіздік функциясын орындайтын жүйелер мен элементтердің қажетті сенімділігін төмендетуге әкеп соқтырмайтыны көрсетілуі тиіс. Қауіпсіздікке әсер ететін ЯРЭҚ жүйелері мен элементтері үшін пайдалануға қосу кезінде ЯРЭҚ-ты пайдаланудың барлық мерзімі ішінде кезеңдік және жөндеуден кейін жобалық сипаттамаларға сәйкестікте тікелей және толық тексеру көзделуі тиіс. Егер тікелей және (немесе) толық тексеріс жүргізу мүмкін болмаса, техникалық жобада жанама және (немесе) ішінара тексерулердің жеткіліктілігі негізделуі тиіс. Жобада 1 және 2-сыныптарға жатқызылған қауіпсіздік жүйелері мен элементтерінің жай-күйін диагностикалау (тексеру) мүмкіндігі және оларды барынша аварияға жақындастырылған жағдайларда сынау мүмкіндігі көзделуі тиіс. ЯРЭҚ жобасы 1 және 2-сыныптарға жатқызылған қауіпсіздік жүйелері мен элементтерінің сенімділік көрсеткіштері жөніндегі деректерді қамтуы тиіс. Сенімділікті талдау ортақ себептен болған істен шығулар мен персоналдың қателіктерін ескере отырып жүргізілуі тиіс.
Жобада персоналды радиациялық әсерден қорғау жөніндегі техникалық құралдар мен ұйымдық іс-шаралары, оның ішінде мыналар:
1) жүргізу кезінде радиациялық әсері болуы мүмкін технологиялық процестерді автоматтандыру және механикаландыру;
2) жұмыс орындарының ӨТР туындауы мүмкін учаскелер мен жабдықтардан қашық орналасуы;
3) қорғаныш экрандарын қолдану;
4) авариядан кейін радиациялық жағдайды бақылау құралдарын қолдану;
5) персоналды жинау үшін авариялық пунктерді ұйымдастыру және авария салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды басқару көзделуі тиіс.
Жобада ядролық немесе радиациялық авария туындаған жағдайда персоналды кедергісіз көшіру мүмкіндігі көзделуі тиіс. Жобада персоналдың бірлі-жарым қателіктерін жоюға және олардың салдарын бәсеңдетуге бағытталған шаралар көзделуі қажет. Жобада ЯРЭҚ үй-жайларының ауасында радиоактивті және улы заттардың мөлшерін бақылау жүйелері көзделуі тиіс. Жобада үй-жайларға радионуклидтердің түсуін шектеу, ауаның және жұмыс бөлмелерінің үстіңгі қабаттарының, персоналдың тері қабаттары мен киімдерінің, сондай-ақ ЯРЭҚ-ты қалыпты пайдалану кезінде, жобалық авариялар кезінде және осы авариялардың зардаптарын жою кезінде ластануды болдырмау жөніндегі техникалық құралдар мен ұйымдық іс-шаралар кешені көзделуі тиіс. Жобада жеке киім ілгіштерді, ерлер мен әйелдердің санитарлық өткізу пункттерін және радиациялық бақылау қондырғыларын, санитарлық шлюздерді, арнайы кір жуатын орындарды қамтитын санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың кешені көзделуі тиіс. Жобада ЯРЭҚ-тың физикалық қорғау жүйесі көзделуі және ЯРЭҚ қауіпсіздігіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар ескерілуі тиіс.
ЯРЭҚ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерін жобалау
кезіндегі талаптар
ЯРЭҚ жобасында қауіпсіздік жүйелерін жұмыс ортасын энергиямен жабдықтау және түпкілікті сіңіргішке жылу беруді қоса алғанда, олардың жұмыс істеуіне талап етілетін жағдайлар жасау функцияларын орындайтын қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері көзделуге тиіс. Қамтамасыз ету жүйелерінің берілген функцияларды орындау сенімділігінің көрсеткіштері олар қамтамасыз етіп отырған қауіпсіздік жүйелерінің көрсеткіштерінен төмен болмауға тиіс. Қамтамасыз ету жүйелерінің функцияларын орындау өз элементтерін қорғау әрекетінен сөзсіз басымдыққа ие болуға тиіс. ЯРЭҚ жобасында энергиямен жабдықтау жүйесі мен қондырғы арасында өзара іс-қимылдар қаралуға, оның ішінде энергиямен жабдықтау қондырғысының тәуелсіздігі мен желілер саны және ЯРЭҚ-тың авариялық тоқтауына байланысты электрмен жабдықтау жүйелерінің орнықтылығы анықталуға тиіс. Радиациялық қаупі 1 (бірінші) және 2 (екінші) санатты ЯРЭҚ жобасында кез келген пайдалану жағдайында және (немесе) өзінің құрамында электрмен қоректенудің жеке көздері, жобалық аварияда таратқыш және коммутациялық құрылғылары бар энергия жүйелерінен жұмыс пен резерв көздерін жоғалту жағдайында авариялық электрмен жабдықтау жүйелерінің (бұдан әрі - АЭЖ) болуы көзделуге тиіс. АЭЖ және оған кіретін техникалық құралдар берілген функцияларды қондырғыларды орналастыру алаңының ерекшелігіне табиғи құбылыстардың әсер ету жағдайларында, ортақ себептер бойынша тоқтаулардың туындауы жағдайларында, сондай-ақ ЯРЭҚ-тағы авариялар нәтижесінде туындайтын жылу, механикалық және химиялық әсерлер кезінде орындауға тиіс. Тоқтан ажырату жағдайларында АЭЖ жұмысының талап етілетін ұзақтығы жобада негізделеді. Жобада сенімділік өлшемдері, сондай-ақ АЭЖ сенімділігі мен оның жекелеген элементтерінің сандық көрсеткіштері анықталуға тиіс[3] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz