Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, құс фабрикаларының әр шаршы метр жерінен өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Осыған байланысты негізгі мақсат және міндет құсты дұрыс және тиімді пайдалануға бағытталған қоршаған ортаның экологиялық нормативтерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін, азықтандыру мөлшерін түгел қамтитын экологияландырылған технологиялық процестің адамға қажет таза өнімдер (жұмыртқа, ет, мамық) алуға арналған тақырыптың өзектілігі арта түседі.
Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеті. Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымын мынандай мәселелерді шешу қажет: құс фабрикалары мен фермаларын мамандыру, озық технологияны пайдалану, құсты инфекциялық аурулардан қорғау, құсқаналар мен қоршаған ортаның экологиясын сақтау.
Тақырыптың жаңалығы. Құс шаруашылығында бройлер етін өндіру, гибрид құстарды өндірістік технология жағдайында толықтай азықтандыру негізінде орындалады. Үлкен экономикалық жетістікке ірі шаруашылықтар, құс фабрикалары жетеді. Бройлерлерді еденде, торша клеткада өсіргенде шығындалған азықтық өлшемінің 1 кг-на 2, 4-2, 6 кг өнім беретін, балапан-дардың 7-8 апталық мерзімінде 1, 6-1, 7 кг салмақ тартатын технологиясын жасау.
Практикалық маңызы. Бройлерді өнеркәсіптік өндіру, балапандарды еденде немесе клеткада жыл бойынша қарқынды жүйемен өсіруге бағытталған технологияны ендіруге негізделген. Бройлерді қалың төсеніште өсірген кезде отырғызу тығыздығын арттыра түсу тенденциясы қолдануда. Бұл бройлердің 49 күндік мерзімде сойылуына байланысты болып отыр. Отырғызу тығыздығын арттыру қораның алаңын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Клеткада өсірілген балапандардың тәуліктік салмақ қосуы еденде өсірілген балапандарға қарағанда 9-13 пайызға артық, ал өсіру мерзімі 10-14 күнге қысқарады, азық мөлшері 20 пайызға кем жұмсалады. Ал өзіндік құны - 13-18 пайызға қысқарып, сонымен қатар бір шаршы метр алаңға 1, 5-2 есе құсты артық орналастыруға болады.
Өндірістік шаруашылықтарда аналық түрлерді жыл сайын жаңартып отыру керек. Себебі әр түрге жататын аналық тауықтарды будандастыру арқылы жаңа балапандарын, одан әрі жақсы қасиеттермен қамту болып табылады.
Міне, осы айтылған көптеген мәселелерді дер кезінде орындап, оларды жітілдіру жұмыстарының мерзімдерін қысқарту құс шаруашылықтарының тиімділігін арттыра түседі.
Жұмыстың көлемі және құрылымы. Дипломдық жұмыс 61 бетке компьютерлік мәтінмен терілген, 24 кесте, 4 сурет, кіріспеден, зерттеу нәтижелерінен, қорытынды және 24 әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Негізгі бөлім
1. 1 Бройлер өсіру технологиясы
Бройлер өндірісінде етті балапандарды өсіруде негізінен үш технология-лық жүйені қолданады. Оған бройлерді еденде, клеткалы батареяда, торша еденде өсіру жатады [1, 2, 3, 4] .
Бройлер шаруашылықтарында бройлер етті балапландарын бір күндігінен бастап сойғанға дейін үлкен көлемдегі құс қораларында орналастырады. Азықтаныруды, суаруды, саңғырық жинауды механикаландыру бройлер өндірісінде экологиялық проблемаларды жақсарту мүмкіндігі.
Клеткада өсіру кезіндегі жұмсалатын энергия шығымының төмен және өсу қарқынының жоғары болуына байланысты азықтандыру мерзімі қысқарады.
Клеткада өсіру әдісі экологиялық жағдайды жақсартуға, аурудың таралуын төмендетуге, механизациялық деңгейін жоғарылатуға, еденге жұмсалатын шығымды азайтуға, сонымен қатар 1 м 2 ауданнан 2, 2-2, 5 кг ет алуға мүмкіндік береді [5, 6, 7, 8] .
Бройлер өндірісінде соңғы жылдары бройлерлерді жоғары тығыздықпен қоршауда отырғызып, кейін қоршаулар алынып, балапандарды қораның бүкіл алаңына жайып жіберу технологиясы қолдануда.
ВНИТИП-та бройлерді жоғары тығыздықпен отырғызудың түрлі өсіру әдісіне зерттеулер жүргізілген. Ең жоғары көрсеткішке бройлерлерге құс қораның ауданына балапандарды үш апталығында 1 м 2 алаңға 40 бас балапан отырғызғанда тиімді екендігі дәлелденген.
Дж. Лудас [19] және т. б. зерттеулер бойынша үш апталық бройлер балапандары құс қораның жылу жүйесімен қамтылған жарты бөлігінде өсіреді де, ал қалған қораның жарты бөлігі 21 күндік балапандарды отырғызу үшін жылытылады. Нәтижесіне өсірудің соңында 16 мың бастың тірі салмағы: қораздар - 1960 г, тауықтар - 1673 г, өсімнің 1 кг салмағына 2, 28-2, 35 кг жем жұмсалады. Жылу беру жүйесіндегі шығым 50 пайызға қысқарды. Ағылшын зерттеушілері бройлер балапандарын өсіру кезеңінің алғашқы төрт апталығында 1 м 2 алаңға 43 бас балапан отырғызып, қалған аптасында 1 м 2 алаңға 18-22 бастан отырғызуды ұсынады.
Өзге де мәліметтер бойынша қораны үш бөлікке бөліп қолдануға болады. Бір бөлігінде балапандарды 2, 5-3 апталығына дейін өсіреді, сосын балапанды қораның екінші бөлігінде 24 0 С температурада бес апталығына дейін ұстайды. Соңынан қораны толықтай пайдаланады. Нәтижесінде жарық жүйесі 60 пайызға үнемделініп, жем барынша аз қолданылады [9, 10] .
Бройлер балапандарын өсіру кезеңінің алғашқы үш апталығында клетка еденінің 1 м 2 алаңына 90 ұрғашы балапан, 70 әтеш балапан отырғызылады. Ал кейінірек еденнің 1 м 2 алаңына 41 ұрғашы балапан және 28 әтеш балапан отырғызылады. Бройлерлер өсірудің технологиялық басқаша түрін Рязан құс фабрикасында қолданады. Бройлерлерді 10 күндігіне дейін еденде өсіріп, кейін КБУ-3 клеткалық батареясына ауыстырады [11, 12, 13] .
1-кесте. Әртүрлі жолмен өсіргендегі бройлердің өнімдік көрсеткіштері
Құстар орын ауыстыру кезінде стреске шалдығады. Стреске шалдыққан құс ауруға шалдыққыш келеді де, ұшасының сапасы төмен болады.
Алайда құс шаруашылығында көп уақыттан бері жүргізіліп келе жатқан зерттеулер стресті басуға болатындығын көрсетеді. Егер де белгілі бір себептермен стресті күйді баса алмаса, онда стреске қарсы дәрі егіледі.
Тәжірибеде стреске қарсы транквилизаторлар, антибиотиктер, витаминдер және басқа да заттар қолданылады.
Құсты ұстап алу кезінде айқай шу болмауы керек. Құсты ұстауды негізінен жарық төмен жерде жүргізу керек. Жоғарыда жүргізілген әдебиетке шолу нәтижесінде бройлерлерді өсірудің ең қолайлы әдісі оларды жасына байланысты орналастырып өсіру. Ол еденнің 1 м 2 алаңынан алынатын еттің көлемін арттыруға жарық пен жылу жүйесінің шығымын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өндірісте бройлерлерді өсіруде орын ауыстырудың технологиялық түрі қолданылады.
1. 2 Етті бағыттағы бройлер тұқымдары
Қазақстанда бройлер етін өндіруде «Бройлер-6», «Гибро», «Смена», «Ыртыш», «Бройлер-Компакт-8» кросстарын қолданады. Шаруашылықтардың 90 пайызы осы кросстарды өсіреді. Орыс ғалымдары В. И. Фисинин, Т. А. Столляр [18] мәліметтері бойынша бұл кросстар өте жылдам өседі, бір күнде 40 г салмақ қосады. «Смена» кроссының балапандарының еті жоғары қасиеттерімен сипатталады.
«Бройлер-6» кроссы өндірістік технология жағдайларына жақсы үйренген. Ол аутосексті кросс болып табылады. Бұл кросстардың аталықтары жылдам өседі де, аналықтары жоғары еттік қасиеттерге ие. Төрт тізбектік гибридтің 7 апталығында салмағы 2 кг болады. 1 кг өсіміне 2, 2-2, 5 кг азық жұмсалады [14, 15, 16] .
«Бройлер Компакт-8» кроссы жоғары генетикалық потенциалды кросс. «Бройлер-6» кроссына 6, 7, 9 және 10 тізбекті плимутрок тұқымының аталық, аналық түрлері кіреді. Селекция нәтижесінде ата-аналық табында толықтыруға арналған жеңіл салмақты тауықтар шығарылды. Дене бітімінің ерекшелігіне қарай аналық түрдің тірі салмағы аталығынан 10 пайыз төмен. «Бройлер Компакт-8» кроссының тірі салмағы «Бройлер-6» кроссынан біршама төмен. 7 апталығында олардың салмағы 1, 6-1, 65 кг болады.
«Гибро-6» кроссы 1982 жылы Нидерландыдан әкелінген. «Бройлер-6» кроссынан өсу жылдамыдығымен етті қасиеті жағынан бірнеше төмен келеді. 7 апталығындағы орташа салмағы 1, 84 кг.
Т. А. Столляр [16] мәліметі бойынша төрт тізбекті Бройлер кроссы аутосексті кросс. Бұл кросстың балапандары өте жылдам өседі. 8 апталығында 1900 грамм салмақ тартады. 1 кг өсіміне 2, 1-2, 3 кг азық жұмсалады.
Төрт тізбекті «Бройлер-Компакт 8» кроссының балапандарының аяқтары қысқа, денесі кішкентай болып келеді. 7 апталығында 1600 грамм салмақ тартады. 1 кг өсіміне 2, 3-2, 5 кг азық жұмсалады. Бұл кросстың бройлерлері клеткада өсіру технологиясына жақсы бейімделген. Құс шаруашылығында 7 апталағында 2, 1-2, 2 кг салмақ тартатын жаңа етті бағыттағы бройлерлерді шығару қаралып отыр. Ол 1 кг өсіміне 2, 1-2, 3 кг азық жұмсайды.
Д. А. Ковинько, Ю. Г. Агулярний [7] айтуы бойынша бройлер жоғары етті жетілгіш, өсу жылдамдығы қарқынды, яғни 60 күнде салмағы 1, 4-1, 6 кг болады, еті мен терісі жұмсақ, еттік қасиеті жақсы гибридті етті балапан дейді.
Бройлер балапандарын 1 м 2 алаңына тығыз орналастыру тірі салмағына, жем өтеміне тікелей әсер етеді. Сондай-ақ өсіру әдісіне, климатқа және экономикалық жағдайына тікелей байланысты. Балапандарды клеткада немесе еденде өсіру кезінде отырғызу тығыздығы біркелкі болмайды. Бройлер балапандары еденде отырғызу тығыздығына қатысты айтылған нұсқаулар әртүлі болып отыр.
В. Б. Хон, В. А. Пепелина [22] айтуы бойынша 1 м 2 еден алаңына 15, 5 бас бройлер балапанын отырғызуға болады. Авторлардың ұсынған отырғызу тығыздығы балапандардың тірі салмағына, тіршілік қабілеттілігіне ешқандай кері әсер етпейді.
Қазіргі кезде дамыған құс фабрикаларында бройлерлерді өсіру үшін механикаландырылған клеткалық батареяларды пайдаланады. Сондықтан отырғызу мен еденде өсіру мәселелерін жедел түрде қарастыру қажеттілігі туып отыр.
А. А. Арьков [16, 17] бройлер балапандарын КБУ-3 клеткалық батареялар-да жынысына қарай бөліп өсіру жолын дұрыс деп есептейді. Сонымен қатар отырғызу тығыздығын 1м 2 алаңға 35 басқа дейін көбейтсе, экономикалық жағдайды жақсарта түсер еді.
М. П. Силаеваның [22] ойынша Бройлер-6 кроссты балапандарын КБН-У клет-калық батареяға отырғызу тығыздығы әтештерді 22-ден 28 басқа дейін өсіріп, ал мекиендерді - 34 басқа басқа дейін өсіру керек. Соның нәтижесінде 1 м 2 клетка алаңынан 30 пайызға дейін ет артық өндіруге болады.
Л. Самойловтың [21] жүргізілген зертеулерінде бройлерлерді бөлек өсіру әдісі барысында әтештердің салмағы 7, 2 пайыз, ал мекиендердікі 11, 4 пайызға артты. Жынысына қарай балапандарды бөлек өсіру әдісі экономикалык жағынан тиімді деп есептейді.
Т. А. Столляр [16] бройлер балапандарын КБУ-3 клеткалық баареяларда 1 күндігінен 8 апта еш қоршаусыз өсіріледі. Бройлерлерді клеткалық батареяда өсіруге кез-келген шарушылықтағы көлемі 18x24x3, 2м болатын мекемені қолдану болады дейді. отырғызу тығыздығы бройлерлерді өсіру мерзіміне, олардың сойыс кезіндегі салмағына, сондай-ақ клеткалардың конструкциясы мен азықтандырғыштардың орналасуына байланысты болады. Бройлерлерді 49 күндігіне дейін өсіргенде бір балапанға клетка еденінен 245 см 2 алаң бөлінеді. Клетка еденінің 1 м алаңына 28 балапан әтеш немесе 37-38 ұрғашы балапан отырғызылады.
1. 3 Құс (тауық) етін өндірудегі селекциялық және технологиялық жұмыстар
Ет өнімділігі бағытындағы тауықтар негізінен бройлер өндіру үшін өсіріледі, аталық түр ретінде корниш тұқымы, аналық түр ретінде ақ плимутрок пайдаланылады. Корниш тұқымынан аталық тізбек құрған кезде мынадай көрсеткіштерге назар аударады: еттің тез пісіп жетілуіне, бұлшық еттерінің әсіресе сан еттерінің жақсы жетілуіне, тез қауырсындануына, қауырсыны мен терісінің ақ немесе сарғыштығына, әтештерінің ұрықтандыру қабілетінің жоғары болуына. Аталық тізбекті селекциялағанда инкубациядан жұмыртқа шығымына, тіршілік қабілетіне, ет сапасына, ересек мекиендердің тірі салмағына 1 кг өсіміне, кұрама жем шығынына басты назар аудару керек. Селекциялық жұмыстар жүргізу үшін тізбек құру барысында құстың жеке басының қасиеттеріне баға беріп, келесі белгілеріне қарайды. Стандартқа сәйкес тізбек құру үшін 8 апталық мерзімінде тірі салмағына қарай сұрыптау жұмыстары жүргізіледі. Қатаң тәртіп бойынша тірі салмағы төмен құстарды бракқа шығарады.
Жас балапандардың салмағын арттырудағы селекциялық жұмыстар ересек құстардың салмақ қосуына әкеледі. Сондықтан селекцияны жүргізген кезде ересек тауықтардың салмағы мен 8-апталық кезеңдегі жас балапандар салмағының арақатынасына ескерген жөн.
К. В. Заевская, Э. Э. Пенионжкевич, Л. В. Махнова [23] балапандардың тез қауырсындануы маңызды мәселе дейді. Оны балапандардың 7, 10 және 56 күндігінде бағалайды. Баяу қауырсынданған корниш балапандарын тез арада бракқа шығарады. Сонымен қатар балапандар жынысын анықтауда тез қауырсындануы мен баяу қауырсындануына қарайды. 8 апталық балапандарды бағалау үшін кеуде кеңдігіне, сирақтарының ұзындығына, сан және кеуде бұлшық еттерінің жетілуіне қарайды. Селекциялық жұмыстарды жүргізу үшін кеуделі құстар қалдырылады. Кеудесінің кеңдігін 5 балдық жүйемен бағалайды [24] .
А. Астратова зеттерулері бойынша бройлер балапандарының жоғары қарқынмен және жақсы жетілуі көп мөлшерде құрама жемді пайдаланып, тез сіңіруіне негізделген.
Ғылыми тәжірибелік құс шаруашылықтарында негізгі мақсат құс етін өндіру технологиясын жетідіру. Әр шаршы метр жердер өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендету. Бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Сонымен қатар құрама жемнің биологиялық құндылығын жақсартып, рационды толықтыру құс шаруашылығының ең өзекті мәселелері-нің бірі болып отыр.
1. 4 Құс азықтандыру мөлшері мен мерзімдік азық үлестері
Құстың тәуліктік азығындағы қоректік зат пен оның қуаттылығына қажеттілігі өз тіршілігіне және өнім беру қабілетіне байланысты.
Жалпы, аталған заттардың мөлшері құстың генетикалық ерекшелігіне, жасына, тірілей салмағына және жақсы азықтандырып, күтіп-бағуына тікелей қатысты.
Әрине, құс азықтандырғанда, оларды керек заттармен толық қанағаттан-дыру үшін дайындалған жемнің негізгі құрамына және оның қоректілік қабілетіне өте қатты кеңіл бөліну керек.
Құсқа дайындалған жемді негізінен екі түрге бөлуге болады. Біріншісіне - жем құрамында мал өнімдерінің қалдықтары көбірегін (яғни 4-5%), ал, екіншісіне - аздауын (2%) жатқызады.
Негізінде, бұл мал өнімдері қалдықтары ретінде, сүйек пен еттен дайындалған ұлпаларды (ұн) қолданады. Бірінші рецепте жем құрамына дәнді дақылдар ретінде жүгері, бидай немесе арпа кіреді. Жүгері - бұршақ құрама жемінің 30-40% жүгеріден, 10-15% бұршақ күнжарасынан тұрады.
Бидайлық кұрама жемнің 40% бидай және 10%-дан артығы жүгері болып келеді.
Протеині көп жем ретінде күнбағыс күнжарасы мен ет-сүйек-қауырсын ұлпасы көбірек колданылады.
Арпа құрама жемінің 30%-дан көбі арпа, ал 10% кейде жүгері болады, кейде болмайды.
Протеин көзі ретінде әлгінде аталған күнжара мен ұлпа пайдаланылады. Мал өнімдері қалдықтары жоқ немесе өте аз (2 түрлі құрама жемге жүгері, бидай және арпа пайдаланылады) .
Құрамдары әртүрлі, бірақ жалпы қоректік заты мен қуат көлемі бірдей құрама жем құс өнімділігіне әрқалай әсер етеді. Оның үстіне 1 өлшем өндіруге қоректік зат шығыны да бірдей болмайды. Себебі жемнің қоректік заттарының қорытылуы мен сіңімділігі де әртүрлі. Сондықтан нашар қорытылатын қоспалары бар жем құрамына биологиялық белсенді зат қосу керек.
Егер де өндіріс жағдайында құстың жем жеуі төмендесе, онда тәуліктік азық құрамының қоректілігін күшейту керек.
«Құс жетпеген коректік заттын жемді неғұрлым көп жесе, соғұрлым жақсы толықтырады» - деген ұғым - теріс ұғым.
Оның үстіне тәуліктік жем мөлшерін 10%-дан артық көбейткен, өзін-өзі ақтамай, өнімнің өзіндік құнын арттырады.
Құстың салмағы, жұмыртқалағыштығы, жем жеуі қаншалықты жақсы қадағаланса, соншалықты дер кезінде құрама жем қоректілігіне өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік туады.
Бірінші және екінші айналымдағы (күрігін басқаннан кейін) жұмыртқа-лауында жемнің қоректік зат мөлшері бірдей болады және олардың тәуліктік жем мөлшері тірілей салмақтарына және өнімділіктеріне қарай белгіленеді.
Жан-жақты теңестірілген толық тәуліктік азық үлесінде (рационында) құрама жеммен барлық құс түрін азықтандырудың әр басқа грамм есебімен жобалап алған мөлшерлері 2-кестеде берілген.
2-кесте. Толық тәуліктік азық үлесінің құрама жемімен құс азықтандырудың жобалап алынған мөлшері, г/тәу.
Ескерту: *1 - мөлшерлеп азықтандыру;
*2 - еркек және ұрғашыларына
Құрама жем өндіру оның құрамының (рецептісінің) есебінен басталады.
Құс фабрикаларында азық қорын жасаудың үш түрлі жолы бар:
1. Толық тәуліктік азық үлесін дайындау үшін құрама жемді жем өндіруші зауыттан қажетінше әкеліп, қажет болса өз күшімен керегінше толықтыру;
2. Толық тәуліктік азық үлесі үшін құрама жем дайындау;
3. Толық тәуліктік азық үлесі үшін құрама жемді-протеинді-витаминді-минералды құнарлы азық - АВМЖ негізінде өз күшімен дайындау.
Рецепт есебін жасауға керек көрсеткіштер:
- құрама жемнің қоректілігіне қойылатын талаптар;
- құрама жем дайындауға пайдаланылатын шикізаттың тізімі мен саны;
- шикізаттың сапалық көрсеткіштері;
- құстың жасына қарай дайындалатын жемнің құрамына кіретін шикізат түрлерінің мөлшері;
- дайындалатын құрама жем көлемі.
Сонымен қатар, рецепт құрамының, есебін дайындағанда шикізаттың сол кездегі қоректілігі мен химиялық құрамы есепке алынады.
Пайдаланылатын шикізат сапасын өте мұқият тексеріп отыруды естен шығармау керек. Сондықтан, рецепт есебін жасаған кезде үнемі зертханалық зерттеулер нәтижесін пайдаланып отырған жөн.
Егер ондай мүмкіншілік болмаса кестеде берілген дайын көрсеткіштерді пайдалануға болады. Кестелік көрсеткіштер орташа статистика ретінде, әсіресе балық және ет-сүйек ұндарын салыстырмалы бағалаған кезде қажет.
Витаминдер мен микроэлементтерді қоспа жемнің (премикстің) рецептісіне қосу жолымен оның керсеткіштерінің үстіне (шикі протеин, амин қышқылы, кальций, фосфор, ауыспалы қуат) құрама жемнің жалпы қоректілік қасиетін құс қажетіне сай мөлшерлік деңгейге жеткізеді.
Премикстің сапасына сатушылар жауап береді, негізінде биологиялық белсенді заттар (0, 25 мен 2, 0) толық тәуліктік азық үлесінің аралығында болады.
Құсты дұрыс азықтандыру үшін және жем мөлшерін есептегенде оның қоректілік қуатына қарау керек. Негізгі қуат көзі - дәнді дақылдар мен майлар.
Жем кұрамының қуаттылығын жеткілікті деңгейге апару үшін жоғары калориялық азықтар (май, фосфат) пайдаланылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz