Қоршаған ортада қалыптасқан экологиялық факторлардың қой шаруашылығы өнімділігіне және оның сапасына тигізетін әсері


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Сайрам ауданындағы табиғи-климаттық жағдайы қойларды жыл бойы жайылымда ұстап, оларды қысқа жинаған жемшөп қорымен үстеп азықтандыруға негізделген. Сондықтан қойлардың интенсивті өсіп-даму процесіне, жоғарғы өнімділігіне әсерін тигізетін қоршаған ортаның абиотикалық факторларымен бірге жайылымды пайдалану және үстеп толыққұнды азықтандыру маңызды роль атқарады. Малды нашар азықтандырғанда жануарлар эмбрионализм, инфактилизм және неотения сияқты жетілмей қалушылықтың формаларына душар болады. Оның үстіне қазіргі техногенез дәуірінде алыстағы жайылымның өзі қысқа дайындалған жем-шөп химиялық агенттермен ластанып, қазба байлықтарды өндіру (уран, көмір, фосфор, т. б. ) және мал шаруашылығын жекешелендіру барысында жайылымды пайдаланудың технологиясы бұзылып, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалық атып отыр. Осы жағдайларға байланысты біздің ғылыми-зерттеу жұмыстарымыздың мақсаттары мен міндеттерінің өзектілігі арта түседі деп айта аламыз.

Жануарларға нақты әсер ететін факторлардың негізгілер деп ауыз су сапасы, ауа райы, қора-қопсы және басқа өндірістік орындардың экологиялық жағдайын қосатын болсақ біздің ғылыми-зерттеу жұмыстарымыздың маңыздылығы арта түседі деп сенеміз.

Ғылыми-зерттеу жұмыстардың мақсаты - қоршаған ортада қалыптасқан экологиялық факторлардың қой шаруашылығы өнімділігіне және оның сапасына тигізетін әсеріне баға беру болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет етеді:

  • қойды жайылымда күтіп-бағу технологиясы;
  • қой өсіру технологиясының экологиялық негіздері;
  • табиғи климаттық факторлардың, қой қораларының микроклиматының қойдың өнімділігіне тигізетін әсері;
  • су көздерін ластаушыларды анықтау;
  • жайылым өсімдіктерінің, жем-шөп қорының сапасының қой өнімдеріне тигізетін әсері.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңалығы. Қой шаруашылығы жекешелендірілгеннен кейін пайда болған майда фермерлік шаруашылық-тардың көшіп-қонуы шектеліп, жалға алған жер көлемінде қысы-жазы тұрақтап, су көзі және қора маңының табиғи жайылымның өнімділігі күрт төмендеп және көңге батып нашарлаған кезінде қоршаған ортаның компоненттерінің жиынтығының қой өнімділігіне тигізетін әсерін зерттеу болып табылады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызы. Жайылымға түскен ауыртпалық, су көздерінің ластануы, қой қора микроклиматы, тұрғын үй маңының санитарлық-гигиеналық жағдайы туралы мәліметтер қойды күтіп-бағудың жаңа технологиясын жасауға негіз болып, жайылымды түбегейлі жақсартып, қой шаруашылығының өнімділігін арттырады.

І. Негізгі бөлім

Оңтүстік қазақ меринос биязы жүнді және етті қойы 1946-1966 жылдары жергілікті қазақы қылшық жүнді саулықтарды кавказдық, ставропольдық, грозныйлық, австралиялық биязы жүнді қошқарларымен шағылыстырылып шығарылды. Бұл жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы «Қарабұлақ», Жданов атындағы кеңшарларында жүргізілді. Климаты, оты, суы басқа жерден әкелінген қошқарларды оңтүстік өңіріне жерсіндірі, күрделі жұптаулардың арқасында ОҚО-ның климатына төзімді, төлдегіштігі, жүнінің сапасы жоғары меринос қойы жыл бойына жайылымға бейім таулы аймақтарды жақсы пайдаланатын жергілікті жерге қолайлы қой тұқымы. Бірақ жекешелендірулерге байланысты мал басы тым азайып қалды. Меринос биязы жүнге дүние жүзінің жеңіл өнеркәсіп орындарынан, қашан да болса, сұраныс көп болғандықтан, баяғы жұмысты 5-6 фермерлік шаруашылықта жандандыра бастады.

1. 1 Қойды жайылымда күтіп-бағу технологиясы

Сайрам ауданындағы табиғи-климаттық жағдайында, кейбір жылдары қойларды жыл бойы жайылымда ұстайды да оларды қыс мезгілінде тек үстеп азықтандырады. Сондықтан бұл өңірде азық қорының 75% жайылымнан алынады. Алайда жайылымдар негізінен шөлейт, жартылай шөлейт жерлерге орналасқандықтан олардың өнімділігі мардымсыз (1, 5-2, 5 ц/га) . Бұл жайылымдар жыл мезгіліне байланысты алмасып пайдаланады. Шамамен барлық жайылымдардың 32 пайызы жаздық, 44 пайызы көктемгі-күздік, 12 пайызы қыстық деп белгіленсе, ал қалған 12 пайызы жыл бойы пайдаланатын жайылымдар. Басты мақсат осы әр түрлі жайылымдарды дұрыс пайдалана білу шаруашылық, экономикалық және экологиялық жағынан өте

Малды жайылымда ұстаудың экологиялық маңызы өте жоғары. Жайылым шөбінде қырдан дайындалған пішенмен салыстырғанда қоректік заттар 1, 5 есе артық. Өйткені шөпті кептіру барысында ондағы қоректік заттардың біразы жоғалып, олардың мал организміне сіңімділігі (15-20%) нашарлайды. Көк шөптің құрамында мал организмінің қажеттілігін қанағаттандыратын әртүрлі витаминдер бар. Көк шөптің құрамында пішенмен салыстырғанда каротин мөлшері 10 есе жоғары болатыны белгілі. Жайылымдық кезеңді малды толыққұнды азықтандыру оның өнімділігін жоғарылатады

Жүрек-қантамыр, тыныс алу, ас қорыту, эндокриндік және жүйке жүйесінің қызметін және зат алмасуды жақсартатын моцион (серуен), кн сәулесі және қолайлы ауа ортасы жайылымдық кезеңнің маңызды экологиялық факторлары болып табылады.

Жайылымдық кезеңде мал өнімдерінің (сүт, ет, жүн) көлемі артады және өзіндік құны төмендейді. Көптеген аймақтарда жайылымдық шөптің азық бірлігінің өзіндік құны басқа азықтармен салыстырғанда 1, 5-3 есе төмен.

Дегенмен, малды жайылымда ұстау тиімділігі жайылымның өнімділігіне, оның рациональды пайдаланылуына және экологиялық-санитариялық тәртіпке байланысты (зиянкес жәндіктермен және кенелермен күресу) .

Малдың жаздық бағым-күтімі, әсіресе өрісте (жайылымда) ұстаған кезде арзан жем-шөптің есебінен ең мол өнім алуға болатын қолайлы маусым болып саналады. Жаз маусымын түліктің сақайып, сауығатын, толығып, денсаулығы қалыпқа келетін кезең деуге тұрады.

Жаздық бағым-күтімнің профилактикалық маңызы өте жоғары. Жазда қойды өрісте бағудың шынықтырушы, сақайып-сауықтыратын маңыздылығы-ның мәні организмге сыртқы ортаның қолайлы да, оңтайлы да құрамдағы экологиялық факторларының әсер етуінің нәтижесі деп саналады. Ондай қолайлы факторларға - аэроиондарға бай таза ауа, күн сәулесінің қызуы, температураның, ылғалдылықтық, ауа қозғалысы жылдамдығының белгіленген шекке дейін көбейіп құлдырауы, үйлесімді моцион, жас әрі құнарлы жем-шөп жатады. Әрі жаз айларында мал организмінің табиғи төзімділігін төмендетумен қатар зат алмасу процесінің бұзылуына, жем-шөпке зауқы (тәбет) соқпау және де қан-тамыр, тыныс алу жүйелерінің қызметін бұзатын факторлар мал қорада баққанда кездесетін ортаның жағымсыз, кері әсерлері (дымқылдық, улы газдар, күн сәулесінің жетіспеушілігі, қозғалыстың шектелуі, яғни гиподинамия, құнарсыз азықтандыру, т. б. ) жойылады. Аталмыш құбылыстар жем-шөптің құнын толық өтемеу, қысыр қалу, ацидоз, остеодистрофия, өкпе сырқаттарының төлде жиі өршуінің басты себепкері болып табылады

Әрбір, әсіресе шалғайдағы жайылымдар ерте көктемде мамандар тарапынан тексеріліп, мал өлекселері мен жемтік сүйектерінен, минералды тыңайтқыштар қалдықтарынан, өсімдік шірінділері, көң, тас, шөпшек қалдығы, ағаш үйінділерінен тазалануы қажет. Бұршақ тұқымдастар өскен жайылымға және қатқақ шықты күндері малды аса сақтықпен жаю талап етіледі. Өйткені, ондайда малдың жем қорыту қызметі бұзылып (тышқақтау, іш кебу) іш тастайды, суықтан болатын аурулар өршиді

Кей өлкелерде фермадан шалғай жайылымға шыққанда отарлап бағу тәсілін пайдаланады. Отардағы (отгондағы) жайылымға төл, бойдақ мал және семіртетін қойларды шығарады. Малды шалғайда бағуға арналған шаралар жүргізіледі. Олар мал жайлауға келерден бұрын алдын-ала дайындалуы тиіс.

Өрісті дұрыс әрі тиімді пайдаланудың тетігі - жайлауға малды дұрыс айдап не тасымалдап жеткізу.

Егер жаздық жайылым тауда болса (3 км-ден биікке көтерілерден бұрын) алдын-ала түлікті көндіктіріп, биіктікке бейімдеу процесі бірте-бірте көтерілу арқылы жүргізіледі.

Жайылым (өріс) топырақ қыртысының сипатына, жер рельефіне (бедеріне), шөптілігі мен оның ботаникалық құрамына, шаруашылықтан қашықтығына байланысты әр түліктің түрлі топтарына бірдей үйлесе бермейді

Қойлар үшін құрғақ тозаңсыз қою аласа шөптер өскен жайылым қолайлы. Ормандағы жайылым ішінен қойға үлкен алаңқайлар ғана жарамды. Қой тау, жазық жайылымы жақсы, керісінше батпақты шалғындар мүлдем жарамсыз. Ондайда қойда тұяқтың бөлінуі, бақайқұрт және бауырқұрт (фасциолез), диктиокаулез инвазиялары жиі кездеседі. Сондай-ақ тікенекті селеу шөп өскен жайылымда жаю, әсіресе масақтану мен пісіп жетілуі кезеңінде (маусымның алғашқы жартысында) қойды жаю өте қауіпті. Жетілген селеу масағы қой жүніне ілініп, терісін жарақаттай, тері астындағы клетчатка (қоң) қабатына енеді, одан әрі ішкі ағзаларға өтіп жарақаттайды. Тіптен көп ретте өлім қаупіне ұшырайды. Арам шөп кездеспейтін екпе жайылымдағы қой жүні таза әрі жарақатсыз келеді

Шаруашылықта жайылымда бағылатын түлікті дайындау, жоспарлау тәртібі қатаң сақталуы тиіс. Қой шаруашылықтарында түлікті бірнеше отарға бөледі. Олар қозыларын енесінен айырға (бөлінген) және айырмаған саулық қой тобы, семіретін қойлар, ісек еркек қойлар отары.

Жаздық жайылымның тиімділігі - жайылымды дайындауға, көшіруге, айдауға және әртүрлі топ пен түлікке сәйкес өрісті үйлесімді пайдалануға байланысты болады.

Малды жайылымда ұстауға ауыстырар алдында шаруашылықтың ветеринариялық шараларының жсопары бойынша малды тексереді және экологиялық-санитариялық шаралар жүргізіледі: әлсіз, ауру және ауруға күдікті малды анықтайды; сәйкесінше ем тағайындайды; созылмалы індеттерді (туберкулез, бруцеллез) анықтау үшін арнайы диагностикалық зерттеулер (туберкулинизация және т. б. ) жүргізіледі.

Індетті ауру малды оқшаулайды және шаруашылықтарда ветеринариялық заңдылыққа сәйкес шараларды іске асырады. Ішқұрт ауруларын анықтау үшін гельминтологиялық зерттеуер жүргізеді. Ауру малдар және қарауыл иттерді дегельминтизациялайды.

Жайылымға шығар алдында малға топырақ індеттерінің (топалаң, қарасан және т. б. ) алдын алу үшін дуалық вакцина егеді.

Жайылымда ұстауға дайындық барысында топтарды құру үшін қойдың сырғасының нөмірін тексереді, тірілей салмағын анықтайды және жынысына, жасына, өнімділігіне және денсаулығының жағдайына қарай топтайды.

Малды жайылымда ұстауға ауыстырар кезінде мал организмін азықтандыру жағдайының өзгеруіне дайындаудың маңызы зор. Балауса көк шөпті малға бірден тойдыра жегізуге болмайды, себебі көп жағдайда диарея, тимпания және өнімдліктің төмендеуімен сипатталатын ас қорытудың бұзылуы байқалады, ал кейбір жағдайларда ол іш тастаумен, жайылымдық тетаниямен және басқа да асқынулармен сипатталады.

1. 2 Қой өсіру технологиясының экологиялық негіздері

Еліміздің экономикасын көтеру мен халықтың әл-әуқатын күшейтуде қой шаруашылығының алатын орны ерекше. Себебі Қазақстан жағдайында бұл саланы өркендету үшін толық мүмкіншілік бар: табиғи жайылым молдығы, халқымыздың осы малды өсіруде жинаған тәжірибесі және т. б. Қазіргі кезде қой басын көбейту мен оның тұқымын асылдандыру бағытында елімізде көптеген жұмыстар жүріп жатыр. Қой шаруашылығы жекешеленген жағдайда бүгінгі күнде бұл салада көңіл аударарлық мәселелер жеткілікті: қойды өз деңгейінде күтіп-бағуды ұйымдастыру, дұрыс жайып азықтандыру, жылы да әрі жайлы қоралармен қамтамасыз ету, гигиеналық, экологиялық талаптарды сақтау және т. б.

Қой шаруашылықтарында қойды күтіп-бағудың мынадай жүйелері қалыптасқан: қолда - жайылымға шығарып бағу, жайылымда - қолда және жайылымда бағу.

Мал басын қолда-жайылымда күтіп-бағу әдісін ОҚО шығыс аудандарындағы шаруашылықтардың басы көпшілігі қолданады. Қыста қойды қорада ұстау ақылы құнарлы азықпен азықтандырса, ал жазында - жайылымдық жердің өріс отын иімді пайдаануға күш салады. Өріске шығарып - қолда бағу әдісін жазғы және қысқы жайылымдықтары бар аймақтарда қолданады. Бұл жүйеде шаруашылықтарда саулықтар төлдейтін кезде беретін немесе қыс пен ерте көктемде қойды азықтандыратын қажетті жем-шөп қоры болады.

Қойды жайылымда күтіп-бағу жүйесі - жазда да, қыста да жайылымдық жерлері жеткілікті ірі мал азығы мен құрама жем қоры бар, көбінесе оңтүстік аудандарда қолданылады.

Қой шаруашылығында жасы мен жыныстық құрамына қарай (малды күтіп-бағудың қабылданған технологиясына сәйкес) мынандай топтарға бөлінеді: қошқар мен жастан жоғары сынаққа түсетін қошқар, қозысы бар бөлінгеннен кейін ұрықтандырылмаған бойдақ саулық, буазданудың бірінші және екінші жартысындағы саулықтар, қозысын бөлгенге дейін емізіп жүрген саулықтар, туғаннан бөлгенге дейінгі қозылар, тоқтылар мен тұсақтар етке ткізілетін ісектер, бордақыға қойылған қойлар

1. 2. 1 Қой қоралар қойылатын экологиялық-санитариялық талаптар

Меринос қойын өсіру қора-жайлардың болуын талап етеді. Оларда қыста және ерте көктемде төлдейтін саулықтарға арналған жылы күркесі бар бөліктер (төлдеу бөлмесі), асыл тұқымды қошқарларға арналған бөлік, жынысы мен жасына қарай әртүрлі қой қоралары болады.

Қой фермаларының құрылыстары негізгі (қой қора, жылы күрке, бастырма-база, карантин мен санитариялық бөлме) және қосалқы (қойды тоғытатын орын, изолятор, мал азығын сақтайтын орын мен басқа да малды орналастыруға тікелей байланысы жоқ объектілер) болып бөлінеді.

Қой қорасын салуға аз жылу өткізетін материалдарды пайдаланады. Олардың жылу сақтау коэффициенті ең кемі 2-2, 5 Вт/м 2 0 К/ болуы тиіс.

Кеңес үкіметі заманында жобалау ұйымдары тарапынан қой шаруашы-лығы практикасына көптеген жобалар жасалып, енгізілген. Ал енді қазіргі кезде қой басының азаюына және олардың шағын жекеменшік шаруашылық иелігінде болуына байланысты шағын әрі жергілікті құрылыс материал-дарынан салынған қора-жайлар қолдануда.

Қой қораларының басым көпшілігінің еденіне тығыздалған саз топырақ пен қиыршық тастар пайдаланылады.

Қой қораларындағы еденге жылына 1-2 мәрте ауыстырып отыратын сабан төсеніш төселеді

Әртүрлі жобадағы қораларда қойлардың әр басына мынадай оптимальды алаң мөлшері белгіленген: жабық қораларда көктемде төлдейтін сауықтарға 1-1, 2 м 2 , топтастырылып ұсталатын қошқарларға 1, 8-2 м 2 ; ал жеке ұсталатын-дарына 3-4 м 2 ; 1 жасқа дейінгі төлдерге - 0, 7-0, 8 м 2 . Бастырмалы базада ересек қойға 0, 5 м 2 дейін, бір жасқа дейінгі төлге - 0, 3-0, 4 м 2 . Тұрақты қозы күрке-лердегі алаң (суық аудандарда) 2-2, 5 м 2 .

Төлдейтін саулықтарға орынды қой қорасының ең жылы жерін бөледі. Мал төлдету науқаны кезінде оларды жиналмалы қалқандары бар торлармен қосымша жабдықтап, астаулар, суаттар, қозыларды жылытатын термосәулелер орнатады.

Ашық базадағы алаң қой қорадағыдан гөрі 2, 5 есе үлкен болуы тиіс. Оны ауа райы қолайлы болған күндері (жаңбырсыз, борансыз, аязы жоқта) күн ұзақта сыртта серуендеп, азықтануы және су ішуі үшін пайдаланылады. Қойға арналған ашық база алаңына бетон асфальт немесе қиыршық тас пен топырақ төселуі тиіс

1. Қой қораларындағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері

Қоралар
Ауа темпе-ратурасы, 0 С
Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, пайыз
Ауа қозғалыс жылдам-дығы, м/с
Зиянды газдардың концентрациясы
опт.
мин.
СО 2 , пайыз
NH 3 , г/м 3
H 2 S, мг/м 3
Қоралар: Қошқарларды және 20 күннен үлкен қозылары бар саулықтар үшін
Ауа темпе-ратурасы,0С: 6
Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, пайыз: 4
Ауа қозғалыс жылдам-дығы, м/с: 75
Зиянды газдардың концентрациясы: 0, 3 . . . 0, 5
0, 25
20
10
Қоралар: 20 күнге дейінгі қозылар үшін
Ауа темпе-ратурасы,0С: 12
Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, пайыз: 8
Ауа қозғалыс жылдам-дығы, м/с: 75
Зиянды газдардың концентрациясы: 0, 2
0, 25
10
10
Қоралар: Қоздау кезінде
Ауа темпе-ратурасы,0С: 16
Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, пайыз: 10
Ауа қозғалыс жылдам-дығы, м/с: 75
Зиянды газдардың концентрациясы: 0, 2
0, 25
10
10
Қоралар:

Қозыларды қолдан өсіру кезінде жасы:

45 күнге дейінгі

45 күннен артық

Ауа темпе-ратурасы,0С:

16

12

Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, пайыз:

12

6

Ауа қозғалыс жылдам-дығы, м/с:

70

75

Зиянды газдардың концентрациясы:

0, 2

0, 2

0, 25

0, 25

10

10

10

10

Қоралар: Қошқарлар манежінде
Ауа темпе-ратурасы,0С: 18
Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, пайыз: 6
Ауа қозғалыс жылдам-дығы, м/с: 70
Зиянды газдардың концентрациясы: 0, 3 . . . 0, 5
0, 25
20
10
Қоралар: Қозысыз жас төлдер, бордақы малдар манежінде
Ауа темпе-ратурасы,0С: нормаланбайды
Қоралар: Ескерту: Ауаның қозғалыс жылдамдығы жылдың жылы мезгілінде 1 м/с дейін

1. 2. 2 Қой топтарын күтіп-бағудың ерекшеліктері

Қошқарлардың гигиенасы. Саулықтардың ұрықтануы және алынатын қозылар саны асыл тұқымды қошқарлардың денсаулық жағдайына және олардан алынатын ұық сапасына байланысты болады.

Ұрыққа түсетін қошқарларды және сыналатын қошқарларды уақытында індетті ауруларға, әсіресе жыныс жолы арқылы таралатын (бруцеллез, инфекциялық эптдемит, вирустық түсік және т. б. ) ауруларға тексеріледі. Сырттан әкелінген асыл тұқымды қошқарларды 30 тәулікке, ал шетелден әкелінген қошқарларды 60 тәулікке карантинге қояды. Карантин кезінде малды диагностикалық тексеруден өткізеді. Жұқпалы ауру анықталған жағдайда ауру қошқарларды оқшаулап, ветеринариялық нұсқауға сәйкес шаралар қолданылады.

Ұрықтануға қошқарларды 12-15 айлық жасынан (тез өсетін тұқым) және 1, 5-2, 5 жасында (кеш өсетін тұқым) пайдалана бастайды. Қолдан шағылыстыру кезінде 1 қошқар 50-70 саулықты, ал қолдан ұрықтандыру кезінде 700 саулықты ұрықтандыра алады.

Жыныстық белсенділік кезінде қошқар рационында протеин, минералды заттар және витамин мөлшері жоғары болуы керек. Ұрық сапасына протеиннің мөлшері және құрамы, фосфор мен каротиннің жеткілікті болуы айтарлықтай әсер етеді. Қошқарларды интенсивті пайдалану барысында рационға жануар тектес азық қосу қажет (көк сүт, балық ұны, жұмыртқа және т. б. )

Аналық қойлар гигиенасы. Толық құрамды азықтандыру - жақсы қоңдылықта ұстаудың, қойдың төлдегіштігі мен сүттілігін, жүнділігін арттырудың биологиялық негізі болып табылады. Қойлар әртүрлі мал азығын: жоңышқаны, бедені, әртүрлі шөпті, сабанды, топанды, қант қызылшасын, күнжараны, бұрышты, ұрпақты және басқа да азықты сүйсіне жейді. Қоңдылығы орташа қой төлдегіштік пен өнімділік жөнінен жақсы көрсеткішке қол жеткізеді. Оңтүстік қазақ меринос тұқымды саулықтар, қоңдылығы ортадан төмен болғанда қысыр қалуы 9 пайыз болса, қоңдылықтағы саулықта 2, 8 пайыз ғана болады. Қоңды саулықтың қозысы неғұрлым ірі болып келеді. Оның үстіне қоңдылығы төмен саулықтармен салыстырғанда сүттілігінің жоғарылығымен ерекшеленеді.

Малды шағылысуға 1, 5-2 ай қалғанда жармаланған арпамен, сұлы ұнымен, жүгерімен және басқа да биологиялық құнарлы азықтармен азықтандырса төлдегіштігі 10-30 пайызға дейін артады. Буаз саулықтар минералдық азықты көп мөлшерде қажет етеді, оның үстіне төлдейтін уақыт жақындағанда кальций мен фосфорға тәуліктік қажеттілігі он есеге дейін артады. Рационға кальций, фосфор, кобальт, йод, мыс, темір, марганец, А, Д, Е витаминтері жетіспесе әлжуаз, тіршілікке бейімі аз төлді туып, саулықтың сүттілігі төмендейді.

Саулықтарды сүрлеммен азықтандырғанда сүттілігі 15-22 пайызға, қырқылатын жүннің мөлшері 20 пайызға артатыны белгілі.

Саулықтардың рационына жұғымдылығына қарай 30 пайыз құрама жем енгізу керек. Түйіршіктелген азықты саулықтың буаздануының екінші жартысынан бастап пайдаланған жөн. Жай азықтармен салыстырғанда олар ішкі орган, әсіресе ішек, бауыр, көпенің ұлғаюына ықпал етеді. Мұндай кезде мал күйіске аз уақыт жұмсап, көбірек демалады. Қозы жақсы дамып жетілуі үшін оларды ұысында түйіршік жеммен азықтандыру мен жазғы жайылымдықты пайдалануды ұштастыра жүргізу керек [16, 23] .

Қойдың азығында протеин жетіспесе қырқылатын жүннің мөлшері 20-25 пайызға төмендейді. Жұпыны азықтандыру барысында жүн талшықтарының көлденең кесігі шамамен 20, ал ұзындығы 10 пайызға азаяды екен. Рационад көмірсутегі жетіспесе, қойдың организміндегі көмірсутегі мен май алмасуының бұзылуына әкеп соғып, ацидоз, бауырдың майлануы пайда болады.

Қойға берілетін азықтың бәрі сапалы әрі дұрыс өңделуі тиіс. Сапасы төмен азықтан қой ауруға шалдығады. Қойды азықтандыру барысында қылқанды дақыл топанын пайдалану асқазан-ішек жолының қабынуына әкеліп соғатынын есте сақтаған жөн. Сусымалы тозаңды азықты (ұрпақ, құрама жем) қойға тамыр жемісті немесе күнжарамен қосып беру керек. Соңғысы алдын-ала майдаланып, барлық азықтық қоспа жеңіл түрде ылғалдандырылады. Мес қарынның қабынуынан сақтану үшін қара бидай дәні мен ұрпағын қой рационына енгізбеген жөн. Зат алмасу бұзылмас үшін және уланбау үшін ересек қойдың рационындағы ас тұзының тәуліктік мөлшері 10-15 г, ал төлдердің рационында 5-8 г болып белгіленуі тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында өсірілетін меринос қойларының өнімділігіне әсер ететін экологиялық факторлар
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Жамбыл облысындағы жайылымның жағдайы
ОХ Заречное шарттарында аналық ұядан алынған қара–ала тұқымдарының өнімділік сапасының салыстырмалы көрсеткіштері
Шымтезек және шымтезек компосттары
Қазақстандағы агроэкологиялық мониторинг
«Шымкентқұс» фабрикасында ветеринариялық-гигиеналық жағдайды жақсартудың экологиялық негіздерін жасау
Мал қораларындағы ауа газдарының құрамы
Ауыл шаруашылығын көтеруге байланысты туындаған экологиялық проблемалар
Сүтті ешкі тұқымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz