Мал ауруларының алдын алушы жалпы шараларды ұйымдастыру



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Ветеринарияның теориялық негізін жалпы биологиялық ғылымдар қарайды. Соған орай ветеринарлық ғылым құрамында жануарлардың ішкі, сыртқы кұрылысын зерттейтін морфологиялық, жалпы биологиялық және арнайы ғылым пәндер кіреді. Ветеринарлық ғылымдар қатарындағы ветеринарлық істі ұйымдастыру пәні арнайы ғылыми пән біріктіруші ғьлм саласы болып табылады. Ғылым саласы ретінде оның мақсаты - мал өсіруші шаруашылықтарда ет, сүт, мал өнімдері текті шикізат даярлаушы, сақтаушы, өңдеуші кәсіпорындарда, көлікте халық шаруашылығының басқа да салаларында мал дәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін және ветеринария мамандарыньщ жұмыс атқаруы негізгі формалары мен әдістерін зерттеу.
Сонымен қатар мемлекеттік, ведомсвтолық және жеке кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің негізгі құрылымы мен заңдылықтарын зерттеуге бағытталган.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде элеуметтік экономикалық реформаның дамытуда ветеринарияның өте зор. Әлеуметтік экономиканың қайта құру нәтижелі деңгейіне байланысты. Ветеринария ісін ұйымдастыруды нашар жүргізу - шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басының кемуіне және эртүрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.
Республикадағы ветеринарлық істің жағдайы әлеуметтік-экономикалық істің факторларға байланысты. Оған жататындар: қоғамдық құрылыс, өндіріс деңгейі, гылым мен мэдениеттің дамуы, жоғары және арнаулы орта вет еринарлық білім беру орталықтары, ветеринарлық мекемелерді, өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын білікті мамандармен қамтамасыз ету, сонымен қатар материалдық техникалық жағынан дұрыс жабдықтау. Өкінішке қарай, Қазақстан Республикасында және көршілес тәуелсіз мемлекеттерде әлеуметтік-экономикалық өзгеріс кезеңі ветеринарлық қызмет жағдайына айта қалғандай кері әсерін тигізіп отыр. Нарықтық экономика қиыншьшығына қарамастан, мемлекеттік деңгейде ветеринарлық істі жақсарту барысында эртүрлі жұмыстар жүргізілуде. Мысал ретінде айта кететін болсақ, ветеринарлық заңдар ережесі, нормативтік құқықтық құжаттар, білікті мамандарды даярлау, эртүрлі ветеринарлық қызметке арналған құрал-жабдықтар , препараттар, дәрі-дәрмектермен аспаптар жасау. Ветеринарлық басқару қызметін жаңа құрамда қайта құру, мал шаруашылыгындағы объектілерге қатаң түрде ветеринарлық-санитарлық бақылау жасау және адам мен малға ортақ ауруларға қарсы тиімді күрес шараларын жүргізу сияқты жұмыстар атқарылып жатыр.
Пән құрамында ветеринарлық зандылық жинағынан негізгі қағидалары, ветеринарлық істің экономикасы мен статистикасы , ветеринарлық санитарлық бақылау
ұйымдастыру, ветеринарлық қызметті жабдықтау, құрылыс салу, іс қағаздарын жүргізу және тағы басқа тауарлар бар.
Пән тарауының әрқайсысында өзіне тән ветеринарияның ұйымдастыру экономикалық іс-әрекетті мэнісі, қыры, сипаты қаралады.
Мәселен ветеринарлық заңдылық деп - ветеринария туралы үкімет тарапынан жарияланған заңдар, басқарушы органдар бекіткен нұсқаулар, типтік анықтамалар, ережелер және т.б. құжаттар жинағы болып табылады. Бұл жинақта ветеринарлық мамандар жергілікті экімшілік және барлық азаматтардың мал шаруашылығында ет-сүт, мал текті шикізат өндеуші өнеркәсіпте, көлікте , халық шаруашылығының басқа да салаларында ветеринарлық санитарлық қолайлықты қамтамасыз ететін қызмет тэртібін шектеп, міндеттерін айқындайды. Осыған орай, ветеринарлық істі ұйымдастыру істі ұйымдастыру пэні ветеринарлық заңдьшық қағидаларына сэйкес, мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетуді, ветеринарлық мекемелер мен қызмет топтарының жұмыс тәсілдері мен формаларын , ветеринария мамандарымен азаматтардың ветеринарлық қызмет көрсету барысындағы өзара қарым-қатынасын, сүт өндіру, шошқа өсіру, мал бордақылау, қой өсіру шаруашылықтарының арнайы кешендер мен құс фабрикаларында ветеринарлық қызмет көрсету ерекшеліктерін мемлекеттік және ведомсвталық ветеринария мамандары жұмысын нормалауды және еңбек ақы төлеуді зерттейді.
Ветеринарлық ісі экономикасы мал аурулары алдын алу , емдеу, оларды жойып жіберу шараларының, ветеринарлық шараларды жүзеге асыру әдіс-тәсілдерінің, мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетудің ветеринарлық мекемелер жұмысының экономикалық тиімділігін зерттейді.
Ветеринарлық статистика - малдардың ауруға, өлім-жітімге ұшыраушылығын, ауру таралуын, қолданылған шаралар тиімділігін және оның эр түрлі себептерге тәуелділігін(мал фермалары мен кешендердегі мал басы саны, ветеринарлық мамандар және қажетті ветеринарлық мүлікпен қамтамасыз етілуі) зерттейді.
Ветеринарияга жүргізілетін бухгалтерлік тіркеу мен есеп жұмыстары ветеринарлық шараларды қаржьшандыру, втееринарлық жұмысқа арналған дүние-*мүлік пен қаржыны тіркеуге және ветеринарлық мекемелерге қаржы бөлу жоспарлары мен олардың шығын сметасын құру тэртібін, қаражат пен дүние мүліктің үнемді эрі тиімді пайдалануын бақылауга бағытталған.
Пәннің өзекті тарауларының бірі - ветеринарлық-санитарлық қадағалау. Ол мал фермаларында, көлікте өңдеу ұқсату өнеркәсібінде, базарларында мемлекет шекарасьшда ветеринарлық-санитарлық бақылау ұйымдастыруды және мал өсіру , жануарлар текті өнім мен шикізатына байланысты барлық кәсіпорындар мен ұжымдарда ветеринарлық - санитарлық шараларды ұйымдастыруды зерттейді.
Ветеринарлық ғимараттар құрылысын салуды ұйымдастыру тарауында құрылыс алаңын таңдау, оны жергілікті жағдайға үйлестіру, қаржыландыру сметасын құру, құрылыс барысын бақылау және құрылыс жұмыстары аяқталған соң қабылдау мәселелеріне тоқталады.
Ветеринарлық бұйымдар мен мүлікке негізделген тапсырыстар жасауды ұйымдастыру, оларды құру тэртібі, ветеринарлық мүлік қорларын бөлу, ЗООВЕТ жабдықтау бірлестіктерінің , бөлімдерінің және дэріханаларының жұмысын ұйымдастыру, бөлінген ветеринарлық бұйымдар мен мүліктердің тиімді пайдаланылуын қадагалау мэселелержі ветеринарлық жабдықтау бөлімінде қаралады.
Ветеринарлық іс қағаздарын жүргізу тарауында ветеринарлық мекмемелер ветеринарлық қызмет топтары іс-қағаздарын Ауыл шаруашылық министрлігі нұсқаулары мен мемлекеттік стандарт талаптарына сэйкес жүргізу сөз етіледі. Бұл бөлімде соған орай ветеринарлық кұжаттар, куэліктер, анықтамалар, актілер, хаттамалар, бұйрықтар, нұсқаулар және т.б. құжаттар жасау, толтыру ережелері мен тәртіптері баяндалады.
1.1. Ветеринария ісінің мағынасы, мақсаттары және маңызы.
Ветеринарияның негізгі мақсаты - мал шаруашылығының ветеринарлық- санитарлық сэттілігін сақтап, одан санитарлық сапасы жоғары өнімдер мен шикізаттар өндіруді қамтамасыз ету. Сондай-ақ , ол халықты зооантропоноздардан сақтау, елімізді шет елдерден келетін қауіпті мал ауруларынан қорғау шараларында ұдайы жүргізіліп отырады. Ветеринария ісінің жалпы мағынасы оның өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін, сан- алуан арнайы шараларды іске асыруда екені көрінеді.
Сондықтан ветеринария ісі деп, малды аурудан сақтандыру, емдеу, одан санитарлық тұрғыдан сапалы өнім алу, адамды зооантропоноздардан сақтау сияқт ы мемлекеттік, шаруашылық , қоғамдық шаралар кешенін айтады.
Ветеринария ісінің жағдайы қоғамдық құрылысқа, өндірістің даму деңгейіне , материалдық-техникалық жабдықтауға, ғылым мен мәдениеттің, ветеринария саласында білім берудің дамуына, кадрлар мен қамтамасыз етуге көп байланысты болады.
Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырауы және оның кұрамындағы елдердің егемендік алуы терең экономикалық реформаларға, нарықтық қатынастардың қалыптасуына әкеледі. Бұл жағдай өкінішке орай ветеринария ісінің бұрынғы қалпына кері әсерін тигізді. Мал шаруашылығының күрт құлдырауы ветеринарлық қызметтің де ыдырауына және мал ауруларының таралуына соғатына сөзсіз. Мұндай жағдай қоғамды да, мемлекетті де ешбір қанағаттандырмайды. Себебі, ветеринария ісінің төмен деңгейде мал ауруларына орасан зор шығындар жасауға мэжбүр етеді.Бұл - ветеринария ісін ұйымдастыру деңгейінің экономикалық және элеуметтік түйінді мәселелерін шешу үшін зор ықпалы бар екенін
көрсетеді. Еліміздегі ветеринария ісінің жағдайын нығайту үшін , Республика Үкіметі және мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар соңғы уақытта көптеген қүқықтық нормативтік қүжаттар қабылдап отыр. Соның ішінде Ветеринария туралы заң және оны дамыта түсуші бірсыпыра тіркес қүжаттар бар. Үкімет тарапынан мемлекеттік және жеке меншік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің күрылымын жетілдіру, мамандар дайындаудың сапасын арттыру, материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту, мал шаруашылығының ветеринарлық-санитарлық жағдайына, шаралардың тиімділігіне қатаң талап қою сияқгы жұмыс жүргізілуде.
Ветеринария ісінің арнайы шаралар жүйесі ретінде халық шаруашылық немесе экономикалық зор маңызы бар, мәселен ветеринарлық қызметтің тікелей қатысуымен мал ауруларынан сақтандыру. Малдан сапалы өнім алу қамтамасыз етіледі. Осының өзі -ақ бұл істің экономикалық маңызын көрсетеді.
Ветеринарияның элеуметтік маңызы - оның қалыпты зооантропоноздардан сақтандыру, қорғау шараларын жүргізуден көрінеді. Осыдан: адам медицинасы - адамды, ал ветеринарлық медицина - адамзатты емдейді - деген, қанатты сөздер пайда болған.
Ветеринария ісіне қорғаныстық мағына да беріледі. Мәселен, шекарадағы экспорттық-импорттьщ тауар алмасу кезінде елімізді шет елдерден қауіпті жұқпалы мал аурулары енуінен қорғау, шекаралық ветеринарлық бақылау мекемелеріне жүктелген.
Қазіргі кезеңде ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келмейтін көптеген шағын кэсіпорындар, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, шаруа қожалықтары және т.б. жеке меншік іскерлік құрьшымдар пайда болуда. Бұл жағдай нарықтық экономика кезінде ветеринария ісінің маңызын арта түсетінін көрсетеді және м емлекеттік ветеринарияньщ Ветеринария туралы заңының орындалуын бақылауды күшейте түсуін талап етіп отыр.
IІ. Негізгі бөлім
2.1. Мал ауруларының алдын алушы жалпы шараларды ұйымдастыру
Фермадағы ветеринарлық шаралар жүйесі малдың жұқпалы емес және жұқпалы ауруларының алдын алуға бағытталған жалпы алдын алу шаралары кешенінен сондай-ақ белгілі бір жұқпалы аурулардан сақтандыруша арнайы шаралардан тұрады. Осындай шаралар жүйесінде ветеринарлық-санитарлық жұмыстар - дезинфекция, дезинвазия, дезинсекция, дератизация ерекше орын алады. Өйткені, бірден-бір жалпы сақтандырушылық та арнайы да әсері болады.
Жалпы деп малды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан қолма-қол немесе болашақта сақтандыруға тікелей немесе жанама әсері бар шараларды айтады. Осындай шараларға малды толық қоректі азықтарымен жарамды ішер сумен талапқа сай қоржайлармен қамтамасыз етіп, тиісті күтім-бағым жағдайларын туғызу жатады. Бұлар шаруашылық өндірістік жұмыстар қатарында болғанымен де , азықтардың судың сапасына , малдың денсаулығына фермада ветеринарлық-гигиеналық және санитарлық нормативтер мен ережелердің сақталуына күнделікті дәрігерлік қадағалауды талап етеді. Сол себептен, малды клиникалық байқаулар диспансерлік зерттеулерден өткізу, мал азықтарының, судың, малдың қанының сынамаларын жолдап, азықтарды қоректік заттардың, витаминдердің, минералдық заттардың шамасын анықтау, азықтар мен су сапасын бағалар ветеринария мамандары жұмысындағы негізгі бағыттың бірі болып табылады. Шаруашылық мамандарының жұмысы мен лабораториялық сарап нәтижесінде сапасы жарамсыз азықтарды, суды пайдалануға тиым салу туралы шешім қабылданады.
Мал ауруларынан жалпы сақтандырудың тағы бір естен шығаруға болмайтын шарты - мал өсіруші және оның өнімдерін өндіруге , өңдеуге қатысы бар ферма кәсіпорын аумағында эпизоотиялық, ветеринарлық-санитарлық ахуалды ұдайы бақылау, сол туралы ақпарат жинап отыру.
Мемлекеттік пен ведомстволық ветеринарлық қызмет мамандары өз құзыры жүретін аймақтағы малдың аурушаңдығын (попырақ инфекциялары бойынша соңгы 20-25 жыл ішінде) жер бедері, топырақ, өсімдік дүниесінің ерекшеліктерін, өлекселер жерленген орындарды, өңдеуші кэсіпорындар мен өтелдеуші зауыттардың ветеринарлық-санитарлық жағдайы мен орналасуын патматериал мен қан сынамалары лабораториялық зерттеу нәтижелерін білуге тиісті.
Ақиқат мәлімет алу үшін , шаруашылық және мемлекеттік ветеринария мамандары бірлесіп қажет болған объектілердің ветеринарлық-санитарлық ахуалын тексереді.
Тексеріс нэтижесінде объектілердің нақты эпизоотиялық және ветеринарлық- санитарлық жай-күйі көрсетілген акт жасалады. Ондағы мал-бағу күтудегі беті ашылған
кемшіліктерді, ауру тудыратын себептерді жою туралы нұсқаулар беріледі және ауруларды емдеу, алдын алу шаралары ұсынылып оларды орындау мерзімі мен жауапты тұлғалар тағайындалады.
Жалпы алдын алу шаралары ретінде ерекшеленетін жұмыстардың бірі клиникалық байқаулар. Клиникалық байқаулар жоспар бойынша немесе лажсыздан жүргізіледі және жекеше топтық жалпы байқауға жіктеледі.
Шаруашылықтың өндірістік бағытында байқаудың көздеген мақсатына орай оны жылына екі рет, итоқсан сайын, ай сайын одан да жиі жүргізуге болады, ағымы тез ауру малды күніне бірнеше рет бақылап отырады. Жоспарлы байқаулар көктемгі және күзгі науқандар қарсаңында өткізіледі.
Малға жалпы яки топтық байқауларды ветеринария маманы фермаға келген немесе мал табындары мен топтарын аралаған сайын жүргізеді. Мұндай байқау үстінде азық үлестіру, азықтану, серуендеу , су ішу кезіндегі малдың мінез-құлқына кеңстегі қозғалысына назар аударады, әдеттегіден ауытқулар байқалған малды жеке зерттейді.
Жоспарлы байқауды ойдағыдай ұйымдастыру үшінт оның уақыты орны туралы алдын ала құлақтандыру жасайды. Кейде оны бонитировка немесе жаппай жүргізілетін шаралармен қоса өткізеді.
Жекменшік малдардың қорасанды немесе эпизоотиялық жағдай бойынша мүмкін болса арнайы жабдықталған алаңда қарайды. Бұл жұмыс жергіліктіт әкімшілік өкілінің қатысуымен атқарылады.
Клиникалық байқаулар нәтижесінде малдың тізімі жасалады. Онда бастапқы диагноз, емдеу шаралары, азықтандыру, бағып-қағу шарттары көрсетіледі.
Малды диспансерлік зерттеуден жоспарлы түрде жүргізілетін кешенді шаралар жүйесі, оған аурулардың субклиникалық, клиникалық көріністер дер кезінде анықтап, олардың алдын алу, емдеу үшін жүргізілетін диагностикалық емдік алдын алу шаралары енеді.
Диспансерлеу клиникалық зерттеу малды ауырған емдеу және аурулардың алдын алу кезеңдерінен тұрады. Оның бірінші кезеңінде эр малды жеке клиникалық зерттеуден өткізіп , биохимиялық тексеріс үшін сиырлар мен құнажындардың 5-10% қан , зэр, сүт сынамаларына лабораторияның қорытындысын, алады.
Осындай ақиқат деректерге сүйеніп, барлық малды 3 топқа бөледі. Бірінші топ - ешбір ауытқулар байқалмаған, клиникалық тұрғыдан дені сау малдар;
ші топ - аурудың клиникалық көріністері байқалмағаны мен қан, зэр, сүт көрсеткіштерінде қалыптағыдан ауытқулар байқалған малдар;
ші топ - клиникалық көрсеткіштері айқын білінген ауру малдар.
Диспансерлеудің екінші кезеңінде 2 және 3 топтардағы ауру малдарды қайта мүқият зерттеп диагнозын анықтайды және ем шараларын белгілейді.
Үшінші кезеңде ауру тудырушы себептерді анықтап, олардан арылу алдын алу шараларын жүргізеді. Жұмыс нәтижесінде эр малға жеке диспансерлеу парағын толтырады және диспансерлеу туралы акт жазады. Актіде мал иесіне , шаруашылық басшысына нақты ұсыныстар , нұсқаулар беріледі. Олардың орындалуын бас мамандар мен шаруашылық басшысы бақылауға және қамтамасыз етуге міндет ті.
Жалпы алдын алу шаралары кешеніне малдарды өсіріп , көбеут, күтіп-бағу , азықтандыру, өндірісте пайдаланудың ветеринарлық-гигиеналық ережелерін өндіріске енгізу, сақтау да кіреді. Бұл ережелер ғылым мен озық тәжірибе негізінде эзірленіп, мемлекеттік ветеринарияны басқарушы республикалық орган бекітеді. Сондықтан олар, барлық өндірістік эрекет етуші тұлғалар үшін орындауға міндетті болып саналады. Осы ережелерді енгізу, орындату жауапкершілігі тшаруашылық әкімшілігіне, мал иелеріне жүктеледі. Бұл іске ветеринария мамандары да белсенді түрде қатысып, алғашында ферма жұмыскерлеріне негізгі ережелерді үйретеді. Кейіннен олардың орындалуына қатаң бақылау жасайды.
2.2. Малдың жұқпалы емес ауруларының алдын алу шараларын уйымдастыру
Жұқпалы емес аурулардың алдын алу шараларына ауруларды анықтап, тіркеу, малдың жаппай ауруға, өлім-жітімге ұшырау себептерін айқындау, ауырған малды бөліп алып емдеу, малды жарақаттанудан сақтау, рациондарға өзгерістер енгізу, бағып-күту кемшіліктерін жою, ферма аумағын тазалау, көгалдандыру жалпы түсінік - насихат жұмысын ұйымдастыру жатады.
Мал табындарында аурудың белгілері байқалысымен кешіктірмей диагнозьш анықтау емдік шаралар тиімділігін арттырады. Әсіресе, зат алмасу бұзылуын, улануды, жас төл ауруларын алғашқы бетте анықтап, асқындырмай емдеу жақсы нәтиже береді. Ауруды анықтау кезінде мал топтарына жаппай клиникалық-лабораториялық зерттеулер жүргізу зат алмаудагы субклиникалық ауытқуларды айқындап, диагноздың дұрыс қойылуына ықпал етеді. Бірақ, мұндайда арнайы зерттеулер көмегімен дер кезінде жұқпалы аурулар жоқтығына көз жеткізіп алу қажет.
Мал өнімділігінің төмендеуі патологиялық құбылыстардың басталуымен байланысты болуы ықтимал. Сондықтан, ветеринария мамандары зат алмасу деңгейін, өнімділік көрсеткіштерін ұдайы қадағалауға тиісті. Бұл ауруларды дер кезінде анықтауға емдік және алдын алу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.
Малдардың жұқпалы емес аурулары туу оқиғаларының әрқайсысын және малга көрсетілген емдік көмек туралы деректер ауырған малдарды тіркеу кітабында жазылады. Шаруашылықта оны емдеуші дәрігер толтырады. Осы тіркеу кітабы емдеу жұмысымен шұғылданушы мекемелерде де жүргізіледі. Мал стационарда емдегенде оның әрқайсысын ауру тарихы да жазылады, бұл құжаттар бойынша ауру тегіне қарай оның кездесу жиілігін емдеу тәсілдерінің тиімділігін бағалауға болады.
Аурудың диагнозын анықтаған соң қалган малды аурудан аман сақтау үшін малдың ауруға ұшырау өлу себептерін тауып, оларды жоюға кіріседі. Сол мақсатта алдымен малды күтіп-бағу азықтандыру жагдайын, рационның толық қоректілігін , азықтар мен су сапасын, зат алмасу деңгейін тексереді. Сонымен бірге, аурудың клиникалық белгілері байқалып, қызметі бұзылған мүшелер мен жүйе жағдайын жан-жақты зерттейді. Егер жұқпалы емес аурулардың тууына азық-жем сапасының жарамсыздығы, рациондардың қоректілігі жетіспеуі себеп болса , аурулардың алдын алып , бетін қайтарудың негізгі шарты - азықтандыру рациондары құрамын өзгерту болу табылады. Мысалы, мал улануы байқалса, күнделікті рационмен азықтандыруды тоқтатып, оның құрамынан уытты азықтарды шыгарады. Орнына сапасы текреілген жарамды азықтар қосады.
Малдарды күтіп-бағудың негізгі кемшіліктеріне қора жайларда ауа ылғалдылығының жоғарлауы, ауа алмастыру, жылу, құбыр жүйелерінің істен шығуы, есік-терезелердің дұрыс жабьшмауы , зиянды газдар мөлшерінің қалыптан тыс жоғарлауы, малдың тығыз орналастырылуы, еденнің тегіс болмауы және т.б. жатады.
Малдарды күтіп-бағудағы, азықтандырудағы кемшіліктерді жою үшін малшылар мен ферма басшылары тиісті ветеринарлық-гигиеналық ережелерді орындап, өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауын бақылау керек.

2.3. Малдың жұқпалы ауруларының алдын алу шараларын ұйымдастыру
Жұқпалы аурулардың алдын алушы жалпы шараларға мал организмінің төзімділігін арттыру шаруашылықтың жұқпалы ауру қоздырушылары әкелінуден қорғау, мерзімді дезинфекция, деритизация жасау, өлекселерді кешіктірмей жинап , залалсыздандыру. Жергілікті эпизоотиялық жағдайда үнемі бақылау. Ветеринарлық насихат жұмысын жүргізу және т.б. жатады.
Малдың ауруларға төзімділігін арттыру мақсатында бағып-күту азықтандырудың ветеринарлық-санитарлық ережелерін орындау қамтамасыз етіледі.
Шаруашылықтың жұқпалы аурулардан сақтандырудың негізгі жолы - ақатаң ветеринарлық-санитарлық тэртіп орнату. Осы мақсатта мал топтары мен табындарын араластыру, алмастыру дәрігердің рұқсатымен ғана жүргізіледі. Фермадағы мал мен бөгде малдың жақындасуына жол бермейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұкпалы аурулардың алдын алушы ветеринарлық шаралары
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Ветеринария ісін ұйымдастыру
Мал шаруашылығындағы жүргізілетін ветеринариялық – санитариялық іс-шаралар
Ветеринария жүйесін ұйымдастыру
Мал қоралары мен шаруашылық аумағын ветеринариялық-санитариялық ережеге сай тәртіпке келтіру
Пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Бота ешерихиозы (ақтышқақ) ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Ет қоректілердің оба ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пәндер