Шаруашылық көлемінде жүргізілген ветеринарлық жұмыстардың жалпы экономикалық тиімділігі



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Ветеринарияның теориялық негізін жалпы биологиялық ғылымдар қарайды. Соған орай ветеринарлық ғылым құрамында жануарлардың ішкі, сыртқы құрылысын зерттейтін морфологиялық, жалпы биологиялық және арнайы ғылым пәндер кіреді. Ветеринарлық ғылымдар қатарындағы ветеринарлық істі ұйымдастыру - арнайы ғылыми пәнының біріктіруші ғылым саласы болып табылады. Ғылым саласы ретінде оның мақсаты - мал өсіруші және асыл туқымды малшаруашлықтарда ет, сүт, мал өнімдері текті шикізат даярлаушы, сақтаушы, өңдеуші кәсіпорындарда, көлікте халық шаруашылығының басқа да салаларында мал дәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін және ветеринария мамандарының жұмыс атқаруы негізгі формалары мен әдістерін зерттеу.
Сонымен қатар мемлекеттік, ведомсвтолық және жеке кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің негізгі құрылымы мен заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде элеуметтік экономикалық реформаның дамытуда ветеринарияның өте зор. Әлеуметтік экономиканың қайта құру нэтижелі деңгейіне байланысты. Ветеринария ісін ұйымдастыруды нашар жүргізу - шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басының кемуіне және эртүрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.
Республикадағы ветеринарлық істің жағдайы әлеуметтік-экономикалық істің факторларға байланысты. Оған жататындар: қогамдық құрылыс, өндіріс деңгейі, ғылым мен мэдениеттің дамуы, жоғары және арнаулы орта вет еринарлық білім беру орталықтары, ветеринарлық мекемелерді, өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын білікті мамандармен қамтамасыз ету, сонымен қатар материалдық техникалық жағынан дұрыс жабдықтау. Өкінішке орай, Қазақст ан Республикасында және көршілес тэуелсіз мемлекеттерде элеуметтік-экономикалық өзгеріс кезеңі ветеринарлық қызмет жағдайына айта қалғандай кері әсерін тигізіп отыр. Нарықтық экономика қиыншылығына қарамастан, мемлекеттік деңгейде ветеринарлық істі жақсарту барысында әртүрлі жұмыстар жүргізілуде. Мысал ретінде айта кететін болсақ, ветеринарлық заңдар ережесі, нормативтік құқықтық құжаттар, білікті мамандарды даярлау, эртүрлі ветеринарлық қызметке арналған құрал-жабдықтар , препараттар, дәрі-дәрмектермен аспаптар жасау. Ветеринарлық басқару қызметін жаңа құрамда қайта құру, мал шаруашылығындағы объектілерге қатаң түрде ветеринарлық-санитарлық бақылау жасау және адам мен малға ортақ ауруларға қарсы тиімді күрес шараларын жүргізу сияқты жұмыстар атқарылып жатыр.
Пән кұрамында ветеринарлық заңдылық жинағынан негізгі қағидалары, ветеринарлық істің экономикасы мен статистикасы , ветеринарлық санитарлық бақылау
ұйымдастыру, ветеринарлық қызметті жабдықтау, құрылыс салу, іс қағаздарын жүргізу және тағы басқа тауарлар бар.
Пән тарауының әрқайсысында өзіне тэн ветеринарияның ұйымдастыру экономикалық іс-әрекетті мэнісі, қыры, сипаты қаралады.
Мәселен ветеринарлық заңдылық деп - ветеринария туралы үкімет тарапынан жарияланған заңдар, басқарушы органдар бекіткен нұсқаулар, типтік анықтамалар, ережелер және т.б. құжаттар жинағы болып табылады. Бұл жинақта ветеринарлық мамандар жергілікті экімшілік және барлық азаматтардың мал шаруашылығында ет-сүт, мал текті шикізат өңдеуші өнеркәсіпте, көлікте , халық шаруашылығының басқа да салаларында ветеринарлық санитарлық қолайлықты қамтамасыз ететін қызмет тәртібін шектеп, міндеттерін айқындайды. Осыған орай, ветеринарлық істі ұйымдастыру істі ұйымдастыру пәні ветеринарлық заңдылық қағидаларына сәйкес, мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетуді, ветеринарлық мекемелер мен қызмет топтарының жұмыс тәсілдері мен формаларын , ветеринария мамандарымен азаматтардың ветеринарлық қызмет көрсету барысындағы өзара қарым-қатынасын, сүт өндіру, шошқа өсіру, мал бордақылау, қой өсіру шаруашылықтарының арнайы кешендер мен құс фабрикаларында ветеринарлық қызмет көрсету ерекшеліктерін мемлекеттік және ведомсвталық ветеринария мамандары жұмысын нормалауды және еңбек ақы төлеуді зерттейді.
Ветеринарлық ісі экономикасы мал аурулары алдын алу , емдеу, оларды жойып жіберу шараларының, ветеринарлық шараларды жүзеге асыру әдіс-тәсілдерінің, мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетудің ветеринарлық мекемелер жұмысының экономикалық тиімділігін зерттейді.
Ветеринарлық статистика - малдардың ауруға, өлім-жітімге ұшыраушылығын, ауру таралуын, қолданылған шаралар тиімділігін және оның эр түрлі себептерге тәуелділігін(мал фермалары мен кешендердегі мал басы саны, ветеринарлық мамандар және қажетті ветеринарлық мүлікпен қамтамасыз етілуі) зерттейді.
Ветеринарияға жүргізілетін бухгалтерлік тіркеу мен есеп жұмыстары ветеринарлық шараларды қаржыландыру, втееринарлық жұмысқа арналган дүние-*мүлік пен қаржыны тіркеуге және ветеринарлық мекемелерге қаржы бөлу жоспарлары мен олардың шығын сметасын құру тэртібін, қаражат пен дүние мүліктің үнемді эрі тиімді пайдалануын бақылауға бағытталган.
Пәннің өзекті тарауларының бірі - ветеринарлық-санитарлық қадағалау. Ол мал фермаларында, көлікте өңдеу ұқсату өнеркәсібінде, базарларында мемлекет шекарасында ветеринарлық-санитарлық бақылау ұйымдастыруды және мал өсіру , жануарлар текті өнім мен шикізатына байланысты барлық кәсіпорындар мен ұжымдарда ветеринарлық - санитарлық шараларды ұйымдастыруды зерттейді.
Ветеринарлық ғимараттар құрылысын салуды ұйымдастыру тарауында құрылыс алаңын таңдау, оны жергілікті жағдайға үйлестіру, қаржыландыру сметасын құру, құрылыс барысын бақылау және құрылыс жұмыстары аяқталған соң қабылдау мәселелеріне тоқталады.
Ветеринарлық бұйымдар мен мүлікке негізделген тапсырыстар жасауды ұйымдастыру, оларды құру тэртібі, ветеринарлық мүлік қорларын бөлу, ЗООВЕТ жабдықтау бірлестіктерінің , бөлімдерінің және дәріханаларының жұмысын ұйымдастыру, бөлінген ветеринарлық бұйымдар мен мүліктердің тиімді пайдаланылуын қадағалау мәселелержі ветеринарлық жабдықтау бөлімінде қаралады.
Ветеринарлық іс қағаздарын жүргізу тарауында ветеринарлық мекмемелер ветеринарлық қызмет топтары іс-қағаздарын Ауыл шаруашылық министрлігі нұсқаулары мен мемлекеттік стандарт талаптарына сэйкес жүргізу сөз етіледі. Бұл бөлімде соған орай ветеринарлық құжаттар, куәліктер, анықтамалар, актілер, хаттамалар, бұйрықтар, нұсқаулар және т.б. құжаттар жасау, толтыру ережелері мен тәртіптері баяндалады.
1.1. Ветеринария ісінің мағынасы, мақсаттары және маңызы.
Ветеринарияның негізгі мақсаты - мал шаруашылыгының ветеринарлық- санитарлық сәттілігін сақтап, одан санитарлық сапасы жоғары өнімдер мен шикізаттар өндіруді қамтамасыз ету. Сондайақ , ол халықты зооантропоноздардан сақтау, елімізді шет елдерден келетін қауіпті мал ауруларынан қорғау шараларында ұдайы жүргізіліп отырады. Ветеринария ісінің жалпы мағынасы оның өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін, сан- алуан арнайы шараларды іске асыруда екені көрінеді.
Сондықтан ветеринария ісі деп, малды аурудан сақтандыру, емдеу, одан санитарлық тұрғыдан сапалы өнім алу, адамды зооантропоноздардан сақтау сияқт ы мемлекеттік, шаруашылық , қоғамдық шаралар кешенін айтады.
Ветеринария ісінің жағдайы қоғамдық құрылысқа, өндірістің даму деңгейіне , материалдық-техникалық жабдықтауға, ғылым мен мәдениеттің, ветеринария саласында білім берудің дамуына, кадрлар мен қамтамасыз етуге көп байланысты болады.
Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырауы және оның құрамындағы елдердің егемендік алуы терең экономикалық реформаларға, нарықтық қатынастардың қалыптасуына әкеледі. Бұл жағдай өкінішке орай ветеринария ісінің бұрынғы қалпына кері әсерін тигізді. Мал шаруашылығының күрт құлдырауы ветеринарлық қызметтің де ыдырауына және мал ауруларының таралуына соғатына сөзсіз. Мұндай жағдай қоғамды да, мемлекетті де ешбір қанағаттандырмайды. Себебі, ветеринария ісінің төмен деңгейде мал ауруларына орасан зор шығындар жасауға мэжбүр етеді.Бұл - ветеринария ісін ұйымдастыру денгейінің экономикалық және элеуметтік түйінді мәселелерін шешу үшін зор ықпалы бар екенін
көрсетеді. Еліміздегі ветеринария ісінің жағдайын нығайту үшін , Республика Үкіметі және мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар соңгы уақытта көптеген қүқықтық нормативтік құжаттар қабылдап отыр. Соның ішінде Ветеринария туралы заң және оны дамыта түсуші бірсыпыра тіркес қүжаттар бар. Үкімет тарапынан мемлекеттік және жеке меншік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің қүрылымын жетілдіру, мамандар дайындаудың сапасын арттыру, материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту, мал шаруашылыгының ветеринарлық-санитарлық жағдайына, шаралардың тиімділігіне қатаң талап қою сияқты жұмыс жүргізілуде.
Ветеринария ісінің арнайы шаралар жүйесі ретінде халық шаруашылық немесе экономикалық зор маңызы бар, мәселен ветеринарлық қызметтің тікелей қатысуымен мал ауруларынан сақтандыру. Малдан сапалы өнім алу қамтамасыз етіледі. Осының өзі -ақ бұл істің экономикалық маңызын көрсетеді.
Ветеринарияның элеуметтік маңызы - оның қалыпты зооантропоноздардан сақтандыру, қоргау шараларын жүргізуден көрінеді. Осыдан: адам медицинасы - адамды, ал ветеринарлық медицина - адамзатты емдейді - деген, қанатты сөздер пайда болған.
Ветеринария ісіне қорғаныстық мағына да беріледі. Мәселен, шекарадағы экспорттық-импорттық тауар алмасу кезінде елімізді шет елдерден қауіпті жұқпалы мал аурулары енуінен қорғау, шекаралық ветеринарлық бақылау мекемелеріне жүктелген.
Қазіргі кезеңде ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келмейтін көптеген шағын кэсіпорындар, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, шаруа қожалықтары және т.б. жеке меншік іскерлік құрылымдар пайда болуда. Бұл жағдай нарықтық экономика кезінде ветеринария ісінің маңызын арта түсетінін көрсетеді және м емлекеттік ветеринарияның Ветеринария туралы заңының орындалуын бақылауды күшейте түсуін талап етіп отыр.
II. Негізгі бөлім
2.1. Ветеринарлық жұмысты экономикалық талдаудың маңызы
Ветеринарлық шаралар малдан неғұрлым мол және сапалы өнім алуға бағытталады. Олардың мал шаруашылық өнімдерін өндіруге ықпалын зерттейтін ғылым саласын ветеринарлық шаралар экономикасы деп атайды. Малдардың ауруларға өлім-жітімге ұшырауын төм ендететін, олардың өнімдері сапасын жақсартатын ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін бағалау. Еңбек пен материалдық шығындар мейлінше аз жұмсалатын және экономикалық тиімділігі барынша жоғары болатын шараларды анықтап, өндірісте қолдануға мүмкіндік береді. Бұл мэселенің шешімдерін табу, нарықтық экономикалық жағдайында арта түсіп отыр. Осыған орай шаралардың тиімділігін арттырудың элі ашылмаған тың мүмкіндіктерін табу. Аурулар келтіретін экономикалық зиянды зерттеу, ветеринарлық шараларды өндіріске енгізудің экономикалық тиімділігін бағалау емдеу мен алдын алу шараларының жаңа әдістерін әзірлеуге қолғабыс ету. Ветеринарлық жұмысты ұйымдастыру мен жоспарлау тәсілдерін жетілдіру, бұл ғылым саласындағы шешімін табатын негізгі мәселелерге жатады.
2.2. Ветеринарлық шаралардың тиімділігін талдау үшін қолданылатын экономикалық көрсеткіштер жүйесі сипаттамасы
Малды ауруға шалдығып, өлім-жітімге ұшыраудан сақтандырушы емдік алдын алушы, сауықтырушы шараларды экономикалық тұрғыдан бағалау үшін, арнайы көрсеткіштер жүйесі эзірленген, оған кіретіндер: нақты және келуіне жол берілмеген экономикалық зиян, ветеринарлық шараларды жүргізуге жұмсалған шығындар, ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігі, шаралардың бір теңге шығынға шаққандағы экономикалық тиімділігі жұмсалған күрделі қаржының өз құнын ақтауға, ветеринарлық жұмыстар тиімділігінің жалпы индексі , ветеринария мамандарының еңбек өнімділігі, нақты экономикалық зиян деп - мал аурулары әсерінен жоғалтылған өнімдердің ақшалай құнын айтады. Аурудың тегіне қарай, экономикалық зиян эртүрлі болады. Оларға: өлім-жітімнен малдарды лажсыз союдан немесе жоюдан мал өнімділігі, немесе құндылығының өнімдердің сапасы төмендеуінен зақымдалған өніммен шикізат жарамсыздығынан, төлді толық ала алмауынан, малдың жұмысқа жарамсыздығынан болатын экономикалық зияндар жатады. Олардың ақшалай құнын мал шаруашылық өнімдерінің орташа сатылу бағалары бойынша есептейді.
Келуіне жол берілмеген экономикалық зиян деп - ауру әсерінен жоғалуы мүмкін, бірақ тиімді ветеринарлық шаралар жүргізу нәтижесінде сақтап қалған өнімдердің ақшалай
құнын айтады. Оған өлім-жітімнен сақталған мал құны, аурудың алдын алу, малдың ауыру мерзімін қысқарту, өнім сапасы төмендеуінен және олардың бұзылуына жол бермеу нэтижесінде сақталған өнім құны жатады.
Ветеринарлық шараларды жүргізуге жұмсалған шығындар деп - оларды жүзеге асыру үшін жұмсалған барлық қаржы және материалдық шығындар кұнын айтады. Оларға жататындар ветеринария мамандары мен жұмысшылардың еңбекақысы, қолданылған ветеринарлық препараттар, құрал-саймандар, жабдықтардың құны, сондай-ақ ветеринарлық техниканы, ғимараттарды ұстауға, өнім зарарсыздандыруға жұмсалатын шығындар.
Ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігі деп - келуіне жол берілмеген экономикалық зиянның, қосымша алынған өнімдердің және өнім сапасын жақсарту арқылы алынған түсімдердің, жұмыста жаңа жарақтар мен әдістер қолдану арқылы үнемделген ветеринарлық шығындардың ақшалай кұны қосындысынан ветеринарлық шығын айырмасын айтады. Экономикалық тиімділікті жеке мал шаруашылық кәсіпорын, аудан, облыс, республика бойынша, күтілген, жоспарланған және нақты экономикалық тиімділікті анықтайды.
Болжамдалған тиімділік ветеринарлық шаралар жөніндегі ғьшыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау кезеңінде анықталады. Күтілген экономикалық тиімділік аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстар бойынша ғылыми ұсыныстарды негіздеу үшін анықталады. Жоспарланған экономикалық тиімділікті ветеринарлық шаралардың жылдық немесе келешек жоспарларын құрғанда анықтайды. Нақты экономикалық тиімділікті мал шаруашылығы кэсіпорынын, ауданда, облыста, республикада орындалған ветеринарлық шаралары нэтижелері бойынша анықтайды.
Шаралардың 1 теңге шығындарға шаққандағы экономикалық тиімділігі - оларды жүргізуге жұмсалған ветеринария мамандары мен жұмысшылардың еңбегі және материалдық шығындардың өзін-өзі ақтау дэрежесін білдіреді.
Ветеринарлық жұмыстар тиімділігінің жалпы индексі деп - қорытынды статистикалық көрсеткішті айтады. Ол эр түрлі шаруашылықтарда жүргізілген шаралардың эр түрлі емдеу, алдын алу тәсілдерінің тиімділік деңгейін, сондай-ақ ветеринарлық шаралардың жыл сайынғы салыстырмалы экономикалық тиімділігін сипаттайды.
Ветеринария мамандарының еңбек өнімділігі деп - олардың еңбек жемістілігін айтады. Бұл көрсеткіш жұмыс уақытының өлшем бірлігінде орындалған жұмыс көлемін білдіреді.
2.3. Шаралардың тиімділігін анықтау үшін қолданылатын экономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістемесі
Мал аурулары келтіретін нақты экономикалық шығын түрлері және оларды есептеу
Мал ауырғанда өлім-жітімге ұшырауы мүмкін, көптеген жағдайда емдеу үшін кажетті керек жарақтың болмауынан кейде аурудың одан эрі таралуын тоқтату мақсатымен оларды лажсыздан союға немесе жоюға тура келеді.
Мал өлім-жітімінен оларды лажсыздан союдан немесе жоюдан болатын экономикалық шығынды (ші) - толық қонды малдың орташа сатылу бағасы мен алынған түсімі, айырмасы ретінде келесі өрнек бойынша есептейді:
Ш, = М- С Б- Сф;
Мұндағы М - өлген , лажсыздан сойылған немесе жойылған мал саны, бас ;
С - жыныстық жастық топтарына қарай, малдың орташа тірі салмағы, кг;
Б - өнім бірлігінің сатылу бағасы, теңге;
Сф- сойыс өнімдерін немесе өлексе шикізатын сатудан алынған түсім қүны, теңге.
Жасы 6 айға дейінгі бұзау, 4 айға дейінгі қозы, торайлардың өлімінен лажсыз сойылуынан немесе жойылуынан болатын экономикалық зиян. Олардың сатылу бағасы мен алынған құнынан артық болады. Себебі, төл туғанша және ол туғаннан шығысқа шыққанша, өсіру кезінде көптеген еңбек және материалдық шығындар жұмсалады. Осындай жағдайда зиянның бұл түрін анықтау үшін , төлдің туған күнгі қүнын және туғаннан шығысқа шыққан күнге дейін қосқан тірі салмағы құнын қоса отырып, төмендегі өрнек бойынша есептейді.
Ш= М- С Вп :: Т Б- Сф;
Мұндағы: Сп - төлдің туған күнгі шартты құны, теңге;
Вп - төлдің орташа тэуліктік салмақ қосу көрсеткіші, кг;
Т - төлдің жасы, күн;
Мал өнімділігі төмендеуінен болатын экономикалық шығынды (Ш1) - өнімдердің төмендеу коэффициенттерін пайдаланып, немесе дені сау мал мен ауру мал өнімділігінің айырмасын ескеріп, төмендегі өрнектер бойынша 2 әдіспен анықтауға болады:
Ш= К- М Б;
Мұндағы : К„- ауруға ұшыраған мал өнімділігінің төмендеу коэффициенттілігі, кг,
л, ц;
М- ауырған мал саны, бас;
Екінші эдіс - мал өнімділігі төмендеуінен болатын шығынды ауру таралған табындардағы дені сау және ауырған малдардың өнімділік деңгейін салыстыру аркылы
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл эдіс қолданылғанда малдарды жынысына, жасына, тірі салмағына, өнімділігіне, бағып-күту, азықтандыру жағдайына қарай бірыңғай етіп орналастырып, төменгі өрнек бойынша анықтауға болады.
Ш2= М Сс-Са Т Б;
Мұндағы: Сс- дені сау және ауырған малдың орташа тэуліктік салмағы, кг;
Т - малдардың өнімділігі төмендегенін бақылау мерзімінің ұзақтылығы (арантин, ауру шығу, аурудың ұзақтығы);
Малдардың асыл тұқымдық қасиетінжоғалтуынан болатын экономикалық шығын (ШЗ) - асыл тұқымды малды жұқпалы аурулармен ауырған нәтижесінде немесе басқа себептерден жарамсыз деп шығысқа шығарғанда байқалады. Оны асыл тұқымды мал құнынан кэдуілгі малдың сатылу бағасымен алынған құны айырмасы ретінде келесі өрнек бойынша анықтайды:
Ш3 =МБп-Бу;
Мұндағы: М - асыл тұқымдық қасиетін жоғалтқан мал саны, бас;
Бп- Бу - асыл тұқымды және кэдімгі малдардың орташа сатылу бағасымен алынған құны, теңге.
Өнім сапасы төмендеуден болатын экономикалық шығынды (ІТЦ) - сапасы стандартқа сай өнім мен сапасы төмендеген өнім құнының айырмасы ретінде төменгі өрнек бойынша
есептейді. Ш4 = Вр Бс-Ба;
Мұндағы: в- сатылып жіберілген сапасы төмендеген өнім мөлшері, кг, л, ц ;
Бс Ба - дені сау және ауырған малдан алынған өнімдердің сатылу бағасы, теңге;
Төлді толық ала алмаудан болатын экономикалық шығын (Ш5) - мал бруцеллез, туберкулез, кампилобактериоз , лептоспироз , трихомоноз және басқа да ауруларға ұшырағанда кездеседі. Бұл шығынды алынбаған төл санын төлдің туған күнгі құнына көбейту арқылы келесі өрнек бойынша өрнектейді:
Ш5= Кр- Рв-Рф Сп;
Мұндағы Кр - жоспарлы көрсеткіш бойынша төл алу коэффициенті, Рв - төл бөлуге тиісті аралықта, бас;
Рф - нақты туған төл саны, бас;
Сп - төлдің туған күнгі шартты кұны, теңге.
Толық ала алмаған төл санын, 3 әдіспен табуға болады. Қандай да бір ауру салдарынан іш тасталған, өлі туған нақты санын тіркеу ауру шыққан және ауруы жоқ шаруашылықтарда 100 аналықтан алынған төл санын салыстыру. Нақты бір шаруашылықтағы төл шығынын облыс, республика көрсеткіштерімен салыстыру.
Төлдің туған күнгі шартты құны оның аналық құрсағында дамуы үшін жұмсалған қосымша азық-жемді қолданып, өндіруге болатын негізгі өнімдердің (ет, сүт, жүн) құнына тең деп алынады. Мұнда аналық малға төлдің дамуы үшін қосымша жұмсалган азық- жемнің мөлшері зоотехникалық нормалар бойынша анықталады. Ал негізгі өнімдер құны, олардың орташа сатылуы бағасымен есептеледі. Төлдің туған күнгі құнына тең негізгі өнім мөлшері - ғылыми және өндірістік деректерге сүйеніп, анықталған шартты және тұрақты көрсеткіш.
Тұқымы сүт өндіруге (Сті) немесе ет өндіруге (Стг) бейімделген сиырдан алынған бұзаудың құнын келесі өрнектермен өрнектермен есептейді:
СТ1= 3,61 Б; СТ2= 0,88 Б;
Мұндагы: 3,61 - сүт бағытындағы сиырдан бұзау алу үшін қосымша жұмсалған азық-жем есебінен өндіруге болатын сүт мөлшері, ц; 0,88 - ет багытындағы сиырдан бұзау алу үшін жұмсалған азық-жем есебінен малдың тірі салмақ қосу мөлшері, ц; Б-1 ц базистік майлылықтагы сүттің немесе 1 ц жогарғы қонды ірі қараның тірі салмағының бағасы, теңге.
Негізгі мегежінен (Сш) сынақтағы немесе бір рет қана пайдаланатын мегежіндерден (СП2) алынған торайлардың құны эр түрлі болады. Оны келесі өрнектер бойынша есептейді.
Спі=10,9Б; Сп2= 9,1 :: Б;
Мұндагы : 10,9 және 9,1 -негізгі мешежіннен немесе сынақтағы болмаса бір рет қана пайдалынатын мегежіннен бір торай алу үшін жұмсалған азық-жем есебінен шошқаның тірі салмақ қосу мөлшері, кг; Б - ет бағытындагы шошқаның 1 кг тірі салмағының сатылу бағасы, теңге
Тұқымы жүн (Сяі), ет-жүн және ет (Ся2) өндіруге бейімделген саулықтардан алынған қозы құнын анықтау келесі өрнектер бойынша жүргізіледі.
Ся1=0,84- Бі: Пя; Ся2= 8,41 'Б2: Пя;
Мұндағы: 0,84 - жүн бағытындагы; 8,41 - ет-жүн немесе ет бағытындағы бір саулықтан төл алу үшін жұмсалган қосымша азық-жем есебінен алуға болатын жүн мөлшері немесе қойдың тірі салмақ қосуы, кг; Бі- 1 кг жүннің; Б2- 1 кг тірі салмақтың орташа сатылу бағасы, теңге.
Құлынның туған күнгі шартты құнын (Сж) келесі өрнек бойынша есептейді:
СК-80 Бк.д.;
Мұндағы : 80 - бір құлын алу үшін жұмсалған қосымша азық есебінен жұмыс атын аЗықтандыруға болатын күндер саны; Бк.д.- жұмыс атының бір күндік жұмысының өзіндік құны.
Залалданған ұшалар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметті үйымдасіыру
Шошқа листериозы
Ветеринария жүйесін ұйымдастыру
Ауру малды емдеудің қағидаттары
АШЖБ - Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
Малдардың аусыл ауруынан сақтау
Бруцеллез
«ОҚО Сайрам ауданы бойынша ауылшаруашылығы малдарының «бруцеллез (сарып)» ауруынан алдын алу және онымен күресу шаралары
Бруцеллиоз
Пәндер