Жұкпалы аурулардың алдын алушы ветеринарлық шаралары



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Ветеринарияның теориялық негізін жалпы биологиялық ғылымдар қарайды. Соған қорай ветеринарлық ғылым құрамында жануарлардың ішкі, сыртқы құрылысын зерттейтін морфологиялық, жалпы биологиялық және арнайы ғылым пәндер кіреді. Ветеринарлық гылымдар қатарындагы ветеринарлық істі ұйымдастыру - арнайы пән біріктіруші ғылым саласы болып табылады. Ғылым саласы ретінде оның мақсаты - мал өсіруші, мал азығын сапасын көтеру және шаруашылықтарда ет, сүт, мал өнімдері текті шикізат даярлаушы, сақтаушы, өңдеуші кәсіпорындарда, көлікте халық шаруашылығының басқа да салаларында мал дәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін және ветеринария мамандарының жұмыс атқаруы негізгі формалары мен әдістерін зерттеу.
Сонымен қатар мемлекеттік, ведомсвтолық және жеке кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің негізгі құрылымы мен заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде элеуметтік экономикалық реформаның дамытуда ветеринарияның өте зор. Әлеуметтік экономиканың қайта құру нэтижелі деңгейіне байланысты. Ветеринария ісін ұйымдастыруды нашар жүргізу - шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басының кемуіне және эртүрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.
Республикадағы ветеринарлық істің жағдайы әлеуметтік-экономикалық істің факторларға байланысты. Оған жататындар: қоғамдық құрылыс, өндіріс деңгейі, ғылым мен мәдениеттің дамуы, жоғары және арнаулы орта вет еринарлық білім беру орталықтары, ветеринарлық мекемелерді, өнеркәсіпті және ауыл шаруашьшығын білікті мамандармен қамтамасыз ету, сонымен қатар материалдық техникалық жағынан дұрыс жабдықтау. Өкінішке орай, Қазақст ан Республикасында және көршілес тәуелсіз мемлекеттерде элеуметтік-экономикалық өзгеріс кезеңі ветеринарлық қызмет жағдайына айта қалғандай кері эсерін тигізіп отыр. Нарықтық экономика қиыншылығына қарамастан, мемлекеттік деңгейде ветеринарлық істі жақсарту барысында эртүрлі жұмыстар жүргізілуде. Мысал ретінде айта кететін болсақ, ветеринарлық заңдар ережесі, нормативтік құқыктық құжаттар, білікті мамандарды даярлау, эртүрлі ветеринарлық қызметке арналган құрал-жабдықтар , препараттар, дәрі-дәрмектермен аспаптар жасау. Ветеринарлық басқару қызметін жаңа құрамда қайта кұру, мал шаруашылығындағы объектілерге қатаң түрде ветеринарлық-санитарлық бақылау жасау және адам мен малға ортақ ауруларға қарсы тиімді күрес шараларын жүргізу сияқты жұмыстар атқарылып жатыр. Малдәригерлік існі ұймдастыру пән құрамында ветеринарлық заңдылық жинағынан негізгі қағидалары, ветеринарлық істің экономикасы мен статистикасы , ветеринарлық санитарлық бақьшау
ұйымдастыру, ветеринарлық қызметті жабдықтау, құрылыс салу, іс қағаздарын жұргізу және тағы басқа тауарлар бар.
Бул пэның тарауының әрқайсысында өзіне тән ветеринарияның ұйымдастыру экономикалық іс-эрекетті мәнісі, қыры, сипаты қаралады.
Мәселен ветеринарлық заңдылық деп - ветеринария туралы үкімет тарапынан жарияланған заңдар, басқарушы органдар бекіткен нұсқаулар, типтік анықтамалар, ережелер және т.б. құжаттар жинағы болып табылады. Бұл жинақта ветеринарлық мамандар жергілікті экімшілік және барлық азаматтардың мал шаруашылығында ет-сүт, мал текті шикізат өңдеуші өнеркәсіпте, көлікте , халық шаруашылығының басқа да салаларында ветеринарлық санитарлық қолайлықты қамтамасыз ететін қызмет тэртібін шектеп, міндеттерін айқындайды. Осыған орай, ветеринарлық істі ұйымдастыру істі ұйымдастыру пэні ветеринарлық заңдылық қағидаларына сэйкес, мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетуді, ветеринарлық мекемелер мен қызмет топтарының жұмыс тәсілдері мен формаларын , ветеринария мамандарымен азаматтардың ветеринарлық қызмет көрсету барысындағы өзара қарым-қатынасын, сүт өндіру, шошқа өсіру, мал бордақылау, қой өсіру шаруашылықтарының арнайы кешендер мен құс фабрикаларында ветеринарлық қызмет көрсету ерекшеліктерін мемлекеттік және ведомсвталық ветеринария мамандары жұмысын нормалауды және еңбек ақы төлеуді зерттейді.
Ветеринарлық ісі экономикасы мал аурулары алдын алу , емдеу, оларды жойып жіберу шараларының, ветеринарлық шараларды жүзеге асыру әдіс-тәсілдерінің, мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетудің ветеринарлық мекемелер жұмысының экономикалық тиімділігін зерттейді.
Ветеринарлық статистика - малдардың ауруға, өлім-жітімге ұшыраушылығын, ауру таралуын, қолданылған шаралар тиімділігін және оның эр түрлі себептерге тәуелділігін(мал фермалары мен кешендердегі мал басы саны, ветеринарлық мамандар және қажетті ветеринарлық мүлікпен қамтамасыз етілуі) зерттейді.
Ветеринарияға жүргізілетін бухгалтерлік тіркеу мен есеп жұмыстары ветеринарлық шараларды қаржыландыру, втееринарлық жұмысқа арналған дүние-*мүлік пен қаржыны тіркеуге және ветеринарлық мекемелерге қаржы бөлу жоспарлары мен олардың шығын сметасын құру тэртібін, қаражат пен дүние мүліктің үнемді эрі тиімді пайдалануын бақылауға бағытталған.
Пэннің өзекті тарауларының бірі - ветеринарлық-санитарлық қадағалау. Ол мал фермаларында, көлікте өңдеу ұқсату өнеркәсібінде, базарларында мемлекет шекарасында ветеринарлық-санитарлық бақылау ұйымдастыруды және мал өсіру , жануарлар текті өнім мен шикізатына байланысты барлық кәсіпорындар мен ұжымдарда ветеринарлық - санитарлық шараларды ұйымдастыруды зерттейді.
Ветеринарлық ғимараттар құрылысын салуды ұйымдастыру тарауында құрылыс алаңын таңдау, оны жергілікті жағдайға үйлестіру, қаржыландыру сметасын құру, құрылыс барысын бақылау және құрылыс жұмыстары аяқталған соң қабылдау мәселелеріне тоқталады.
Ветеринарлық бұйымдар мен мүлікке негізделген тапсырыстар жасауды ұйымдастыру, оларды құру тәртібі, ветеринарлық мүлік қорларын бөлу, ЗООВЕТ жабдықтау бірлестіктерінің , бөлімдерінің және дэріханаларының жұмысын ұйымдастыру, бөлінген ветеринарлық бұйымдар мен мүліктердің тиімді пайдаланылуын қадағалау мәселелержі ветеринарлық жабдықтау бөлімінде қаралады.
Ветеринарлық іс қағаздарын жүргізу тарауында ветеринарлық мекмемелер ветеринарлық қызмет топтары іс-қағаздарын Ауыл шаруашылық министрлігі нұсқаулары мен мемлекеттік стандарт талаптарына сэйкес жүргізу сөз етіледі. Бұл бөлімде соған орай ветеринарлық құжаттар, куэліктер, анықтамалар, актілер, хаттамалар, бұйрықтар, нұсқаулар және т.б. құжаттар жасау, толтыру ережелері мен тәртіптері баяндалады.
II. Негізгі бөлім.
2.1. Жұкпалы аурулардың алдын алушы ветеринарлық шаралар жоспары
Індеттердің алдын алушы ветеринарлык шаралар жоспары мал шаруашылык кэсіпорындар, аудандар, облыстар бойынша келер жылға жасап отырады. Бұл жоспардың ветеринария кызметтің барлық буындары бірдей міндетті түрде сақталуға тиісті бекітілген ресми үлгісі бар. Соған орай, жоспар Балаулық зерттеулер, Алдын алулық иммундеу, Емдік және алдын алушы әсері бар шаралар жүргізу бөлімдерінен тұрады.
Індетке қарсы ветеринарлық-профилактикалық шаралардың жоспары төменгі
үлгіде көрсетілген
Бекітілді аудан әкімшілігінің
ж.
Шешімімен. Хаттама №
Сайрам ауданы бойынша ж. Індетке қарсы ветеринарлық-алдын алулық шаралар жоспары.

Шаралардың атауы
Әсер- ленуге тиіс мал саны
Соның ішінде тоқсан сайын
1 бас
малды
әсерлеу
бағасы,
теңге
Барлық
малды
әсерлеу
бағасы,
тг

1
2
3
4

1
2
3
4
5
6
7
8
А.балаулық зерттеулер Жылқы мен есекті маңқаға зерттеу
Туберкулезге зерттеу: ірі қара мал, шошқа, құстар Бруцеллезге зерттеу: ірі қара мал, қой, ешкі, шошқа, түйе Жылқыны киеңкіге зерттеу Індетті лимфангоитке жылқыны зерттеу және т.с.с.
780

1520

3211

280
-

-

230

-

360

820

2144

160

-

-

-

-

320

700

837

120
53

59

100

48
41340

89680

321100

13440
Б. Алдын ала иммундеу Топалаңға қарсы егу:
Жылқы ірі қара мал, қой, ешкі
Эмкарға егу: 3 айдан 4 жылға дейінгі ірі қара мал

4206

2000

-

-

2108

1200

-

-

2098

800

40

40

168240

8000

Шошқаны тілмеге қарсы егу. Шошқаларды обаға қарсы егу
Қойды бродзотқа қарсы егу Құстарды обаға қарсу егу

218

-

108

-

110

50

10900

ж. Ауданның бас малдәрігері
Бұл жоспар жергілікті эпизоотиялық жағдайдың сәтті болғанына қарамастан жасалады.Себебі, кейбір жұқпалы аурулардың туу қаупін ешқашан жоққа шығаруға болмайды, олордан сақтандыру шараларын үнемі жүргізіп отыру керек.
Жоспардың бірінші бөлімінде малдарды -туберкулез бруцеллезге; ірі-қараны - паратуберкулезге, тирхомонозға, лейкозға кампилобактериозға; жылқыны - маңқаға, қияңқыға; қүсты - пуллорозға; қой мен шошқаны - гелминтоздарға жаппай балаулық зерттеулер көрсетіледі. Балаулық зерттеулер мен туберкулезге - бұқалар,. Сиырлар, бір жастан ересек қашарлар, қабандар, мегежіндер және асыл тұқымды құстар; бруцеллезге - бұқалар, сиырлар, бір жастан ересек құнажындар, қошқарлар, саулықтар, қабандар, мегежіндер міндетті түрде қамтылады.
Қолда бар барлық жылқы жылына 1 рет маңқаға зерттеледі. Трихомонозға ұрықтандыру жасына жеткен барлық қашарларды және тоқсан сайын барлық бұқаларды зерттейді. Сиырларды лейкозға жылына 1 рет, бұқаларды 2 рет зерттеу керек. Кмпилобактериозға қолдан ұрықтандыру станцияларындағы бұқалар жылына 2 рет зерттеледі. Осы аталғандардан басқа инфекциялық және паразиттік ауруларға балаулық зерттеулер
жергілікті ветеринария органдарының нұсқаулары бойынша және жергілікті эпизоотиялық байланысты жоспарға енгізіледі.
Жылдық жоспардың екінші бөлімінде аурулардың алдын алу мақсатымен малдарға жаппай вакцина егу келесі аурулар бойынша көзделеді:
Топалаңға егу мал аурулары жиі байқалатын және ауру туу қаупі бар аймақтарда ірі қара малға, жылқыға, шошқаға және қойға барлық мал басын қамти отырып жоспарланады;
Қарасанға (эмкарға) 3 айлықтан 4 жасқа дейінгі ірі қара мал;
Тілмеге 2 айлық жасынан бастап барлық шошқа;
Қылауға (сальмоноллезге), колибактериозға бұзулар мен торайларды, буаз сиырлар мен мегежіндерді егу, егер соңғы 2 жыл ішінде ауру байқалса ғана жоспарланады;
Лепт оспирозға, пастереллезге ірі қара мал мен шошқаны ауру таралған сәтсіз, ауру туу қаупі бар және асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылықтарда егеді;
Бұзаутазға (трихофитияға) бұзауларды егеді;
Оба мен Ауски ауруына қарсы шошқаны ауру бар сәтсіз және ауру туу қаупі бар шаруашылықтарда егеді.
Жоспардың үшінші бөлімінде, көбінесе, паразиттік және кейбір инфекциялық аурулар бойынша мал емдеу және алдын алу шараларын қамтиды. Мысалы, бұзаутас, жегі (некробактериоз( ауруларына шалдыққан малдарды емдеу және олардан сақтандыру шаралары, сондай-ақ, ірі қара малды оқыра (гиподерматоз), қотыр (псороптоз), диктикаулезге, қойды эстроз, мониезиоз, ценуроз бен эхинококкоз, ішек-қарын строгилятоздары, диктиокаулез, шошқаны аскаридоз, балантидиоз және т.б. аурулардан емдеу, сақтандыру үшін жаппай дәрілеуден өткізу жоспарланады.
Жоспар кестесінде жыл бойындағы және тоқсан сайынғы жұмыс көлемінің сандық мағыналары, сонымен қатар, препараттарға, материалдарға басқа да керек-жараққа мұқтаждықтың көлемі мен бағасы көрсетіледі. Егер, шаруашылық туберкулез, бруцеллез және басқа да ағымы созылмалы жұқпалы аурулардан сауықтыру үстінде болса, соған байланысты малдарды балалық зерттеулердің жоспарға қосымша кеңейтілген кестесі құрылады.
Жоспарға тіркелген жазбаша бөлімде фермада санитарлық күндер өткізу, санитарлық жөндеу жүргізу, малдарды азықтандыру және күтіп-бағуға дэрігерлік бақылау жасау сияқты аурулардың жалпы алдын алушы әсері бар шаралар көрсетіледі.
Жоспарды құру үшін қажетті бастапқы деректерді алдын ала дайындайды. Оларға жататындар: қолда бар мал басының саны, жыл басына шығатын мал саны, жыл бойында алынатын төл саны, ауданның, елді мекеннің, шаруашылықтың індеттік жағдайы, ауруы
жоқ немесе барлығы, балаулық зерттеулерді, вакцина егуді, емдік және алдын алушы әсері бар шаралар жүргізуді қажет ететін аурулар тізімі және т.б. деректер.
Жоспар құру, қарауга және бекітуге ұсыну мен оны заңды күшіне ендірудің белгілі тэртібі бар. Бастапқыда жоспар шаруашылық бойынша құрылып, шаруашылық басшысы мен мамандарының мәжіліснде талқыланады, онда қаржы және материалдармен қамтамасыз ету мэселелері шешіледі. Сонан соң, жоспар аудан бас дәрігерінің қарауына ұсынылады, ол өз тарапынан өзгертулер кіргізген соң, жоспар деректерін аудан көлеміндегі жоспарға қосады, аудандық жоспарды аудан экімшілігі қарап бекітеді. Осы кезеңнен өткен жоспар, аудан көлемінде және барлық шаруашылықтарда заңды күшіне енеді. Әрине, бұл жоспар орындалуға міндетті құжат. Бірақ, жыл бойында індеттік жағдайдың өзгеруіне байланысты ветеринарлық органдар оған өзгерістер, түзетулер енгізуге қақылы.
2.2. Ағымы созылмалы жұқпалы аурудан сауықтыру жоспары
Малдардың жұқпалы және ағымы созылмалы аурулармен ауырғанда сауықтандырудың жеке ашруашылық, аудан бойынша келешек жоспарлары жасалады. Сауықтыру жұмыстары ветеринарлық органдардың тікелей бақылауында болады.
Іс жүзінде қалыптасқан тэжірибеде, келешек жоспарлар, туберкулез, бруцеллез таралған шаруашылықтарды, аудандарды сауықтыруға бағытталады. Сондай-ақ, осы тпектес жоспарлар, қой мен ешкі ценурозынан, мониезиозынан, эхинококкоздан; асьш тұқымды малды лейкоздан және т.б. аурулардан сауықтыру үшін де жасалады.
Ауру бар шаруашылықты сауықтырудың болашақтық жоспарын жасауға кірісе отырып, дәрігер малдардың орналасуы мал топтарын сұрыптау, қайта құру, орын алмастыру мәселелерін, малдарды бағып-күту, азықтандыру алаңдарынаң ветеринарлық-санитарлық ахуалын, эпизоотиялық ортаны, яғни ауру таралуын, ауруға ұшыраған және ауру жұққан, күдікті мал санын жан-жақты зерттейді. Сонымен қатар, ол жоспар құруға биологиялық препараттар мен профилактикалық әдістерді, құрал-жабдықтарды анықтайды, өндірістік- экономикалық жағдайда бағалайды. Сонан кейін тіркелген аурудың алдын алу, оны жойып жіберу туралы көрсетпелерге және нұсқауларға сәйкес, сауықтыру жоспарының жалпы жобасын құрады, оны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін белгілейді.
Жоспар кешенді шаралар жүйесінен тұрады, оны келесі төрт бөлімге жіктеуге болады:
Өндірістік және ұйымдастыру шаралары;
Ветеринарлық-санитарлық шаралар;
Ветеринарлық-гигиеналық және технологиялық шаралар;
Ветеринарлық арнайы шаралар.
Жоспарда осындай шараларды жүзеге асыру мерзімі, жауапты орындаушылары белгіленеді және елді-мекнеді, ферманы сауықтырудың мерзімі тұспалданады. Егер сауықтыру ауру бар ошақтағы қолда бар малдың барлығын етке өткізіп, оның орнына дені сау малмен толықтыруға байланысты болса, онда көрсеткіштепр мерзімін анықтайды.
Келешек сауықтыру жоспары шаруашылықта қаралған соң аудандық ветеринарлық станция мен экімшілік шешімдерімен бекітіледі және сол күннен бастап, заңды түрде күшіне енеді.
Төменде бруцеллез ауруы бар шаруашылықты сауықтырудың келешектік жоспарының үлгісі берілген.
1 -үлгі
Аудан экімшілігінің кеңесінде бекітілді
Хаттама№
20 ж
шаруашылығын бруцеллезден сауықтыру шараларының
ж. арналған жоспары
I. Жалпы деректер Шаруашылықтагы малдардың саны:
Ірі қара мал , қой мен ешкі , шошқа, жылқы , және
басқа малдар
Малдардың бруцеллез ауруы тіркелген уақыты
Ауруды анықтау ү шін қолданылған тәсіл
Ауруға ұшыраған мал саны
Малдарды бағып күту жағдайы
II. Шаруашылықты сауықтыру шаралары Малдарды бруцеллезге қарсы зерттеу және егу
Түлік түрі
Зерттелуге, егілуге тиіс мал саны, барлығы, саны
Соның ішінде ай бойынша
Ірі кара мал
3560
4
Қой мен ешкі
6897
4

3-үлгі
Мал кора-жайларын дезинфекциялау м[2]
Ай атауы
Ірі қара мал
Бүзау
қоралары
Шошқа
қорасы
Мал
туатын
орын
Оқшаулайтын
орын
Басқа
қора-
жайлар
Кантар
108
80
20
90
30
78
Акпан
118
82
21
76
32
77
Наурыз
108
80
20
90
30
78
Және т.б. айлар
118
82
21
76
32
77

5-үлгі
Ауру таралған фермалардың малын етке өткізу жоспары
Түлік түрлері
Өткізілген малдар саны, бас
Ірі кара мал
Барлығы
Тоқсан бойынша
Қой мен ешкі

1
2
3
4
Шошқа

6-үлгі
Етке өткізілген мал орнына аурудан сау төл өсіру немесе дені сау мал алу жоспары
Түлік
түрлері
Төл өсірілетін, дені сау мал сатып алынатын шаруашылықтар
Малдардың саны, бас
Бұзаулар, құнажындар, қой мен ешкі,
шошқалар

барлығы
Тоқсан бойы

1
2
3
4

Келісім берілді. Шаруашылықтың бас малдәрігері
Ауданның бас малдәрігері
Шаруашылық төрағасы
Жоспардың орындалу барысын және оның нәтижелерін аудан экімшілігі мен аудан ветеринариялық станция үнемі бақылайды. Қажет болғанда қосымша өзгертулер енгізіліп, жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылдайды.
Ағымы тез таралатын жұқпалы ауру туғанда шаруашылықта, елдімекенде оны жою үшін лажсыздан жедел іске асырылатын шаралардың жедел жоспары құрылады. Мысалы, осындай аурудың бірі - аусыл ошағын жою шараларының күндік жоспарын аурудың диагнозы анықталысымен ешбір кідіріссіз дайындайды және оны орындай бастайды. Бұл жүмыстың негізгі мақсаты - аурудың кеңтаралуына жол бермей неғұрлым қысқа мерзімде оның ошағын жою, мал табындарын, шаруашылықты, елді мекенді аусылдан сауықтыру.
Ағымы тез инфекциялық ауруды жою шараларды одан мал ауруы тіркелген аймақтағы барлық шаруашылықтарды елдімекендерді міндетті түрде бір мезгілде және бүтіндей камтиды. Мұндай шаралардың жоспарын еркін жобамен жасай береді, бірақ ол ауру тегіне, ағымына, мал түлігіне байланысты ерекшеленеді.
Зооантропоноздық аурулар туғанды оларды адамға жұқтырмағауға сақтандыруға ықпалы бар санитарлық шараларға ерекше назар аударады. Ауру туғаны туралы тиісті медициналық органдарға және санитарлық эпидемиологиялық станцияға жедел хабар береді.
Оны жою жоспарына медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып, ауру шыққан елдімекен тұрғындары мен малшыларды аурулардан қорғау шараларын белгілейді. Қакжет болғанда ауру жұғу қаупі бар адамдарды егу (құтырма, топалаң т.б. аурулар) жұмыстарын да жүргізіледі.
2.4. Ветернинарлық-санитарлық шаралар жоспары.
Ветеринарлық-санитарлық шаралар емдік алдын алу және сауықтырушы шаралар кешенінің іргелі бөлімі болып танылады. Мұндай шаралар жоспары піаруашылықта, ауданда, облыста және ветеринарлық-санитарлық жасақтар жұмыс атқаратын аймақтар бойынша құрылады.
Жоспар құру үшін алдымен фермалардағы, елдімекендердегі мал қора жайлардың азыктандыру, серуендету алаңдарының жазғы мал тұрақтарының мал өнімдерімен шикізаттарын сақтайтын қоймалардың санын , ауданын анықтайды. Сонымен қатар, жоспар қамтитын аймақтағы індеттік жағдайды зиянкес насикомдар , кенелер , кеміргіштер, гельминттер фаунасын анықтайды, қолда бар санитарлық-техникамен жарактардың жеткіліктілігі мен мүмкіншіліктерін бағалайды. Осы деректерді талдау нәтижесінде жыл бойында жүргізілетін шаралар ауқымы анықталып, жоспар кестесінде көрсетіледі. Сонан соң, жылдық сұранысқа қосу үшін жоспарды жүзеге асыруға қажетті материалдық-техникалық жарақтар мен бұйымдарға мұқтаждық мөлшерін есептейді.
Жоспар ресми бекітілген үліг бойынша шаруашылыққа жасалады. Оны аудан бас дәрігерінің келісімі алынған соң, шаруашылық басшысы бекітеді.
Таяу мерзімде орындалатын ветеринарлық жұмыстардың 1 жұмаға, 10 күнге, 1 айға арналған жоспарын күндік (календарлық) жұмыс жоспары деп атайды. Оны ветеринарлық мекемелер, сондай-ақ, шаруашылық, кәсіпорын ветеринарлық қызметтері жасайды.
Күндік жоспарға жылдық және келешек жоспарлары бойынша кезегі келіп, орындау мезгілі жеткен жұмыстарды , сонымен қатар, бұл жоспарлардан тыс орындауды талап ететін жұмыстар енгізіледі. Жоспар кестесінде шаралардың атауы орындау мерзімі, жауапты орындаушылар белгіленеді.
Күндік жоспарлар ветеринарлық жұмыстарды дер кезінде ұйымдастырып, мамандардың жұмыс уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
2.5. Мал ауруларының алдын алушы жалпы шараларды
ұйымдастыру
Фермадағы ветеринарлық шаралар жүйесі малдың жұқпалы емес және жұқпалы ауруларының алдын алуға бағытталған жалпы алдын алу шаралары кешенінен сондай-ақ белгілі бір жұқпалы аурулардан сақтандыруша арнайы шаралардан тұрады. Осындай шаралар жүйесінде ветеринарлық-санитарлық жұмыстар - дезинфекция, дезинвазия, дезинсекция, дератизация ерекше орын алады. Өйткені, бірден-бір жалпы сақтандырушылық та арнайы да әсері болады.
Жатпы деп малды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан қолма-қол немесе болашақта сактандыруға тікелей немесе жанама эсері бар шараларды айтады. Осындай шараларға малды толық қоректі азықтарымен жарамды ішер сумен талапқа сай қоржайлармен камтамасыз етіп, тиісті күтім-бағым жағдайларын туғызу жатады. Бұлар шаруашылық өндірістік жұмыстар қатарында болғанымен де , азықтардың судың сапасына , малдың денсаулығына фермада ветеринарлық-гигиеналық және санитарлық нормативтер мен ережелердің сақталуына күнделікті дәрігерлік қадағалауды талап етеді. Сол себептен, малды клиникалық байқаулар диспансерлік зерттеулерден өткізу, мал азықтарының, судың, малдың қанының сынамаларын жолдап, азықтарды қоректік заттардың, витаминдердің, минералдық заттардың шамасын анықтау, азықтар мен су сапасын бағалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал ауруларының алдын алушы жалпы шараларды ұйымдастыру
Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар
Ветеринария жүйесін ұйымдастыру
Жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметті үйымдасіыру
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың сақталуы
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Малдәрігерлік саласындагы кәсіпкерлік
Ет қоректілердің жұқпалы гепатиті ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Пәндер