Қазақстан Республикасындағы малдәрігерлік жүйе



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді
дамыту басқармасы
ГУМАНИТАРЛЫҚ АГРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Ветеринария ісін үйымдастыру пэні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы малдәрігерлік жүйе. Білім алушының аты-жөні: Шамшиметов Бабыр Эльмуратүлы
Ақсу кент-2015ж
Арнайы пәндер ЦК отырысында қаралды.
Хаттама № 2015 ж
ЦК төрағасы: Б.Б.Кенжебеков
Малдэрігерлік істі ұйымдастыру пэні бойынша курстық жұмысқа
ТАПСЫРМА
Топ: ВТІЗ-4
Мамандығы: 1513000- Ветеринария
Білім алушының аты-жөні: Шамшиметов Бабыр Эльмуратұлы Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы малдәрігерлік жүйе.
Қурстық жүмыстың жоспары:
Кіріспе
Шаруашылыққа сипаттама.
Негізгі бөлім.
Ветеринарлық органдар мен мекемелер жүйесі. Ветеринарлық қызмет түрлері.
Ветеринарияны басқарушы мемлекеттік органдар жэне олардың атқаратын қызметтері.
Мемлекеттік ветеринарлық қадагалау.
Мемлекеттік ветеринарияның мекемелер жүйесі.
Аудандағы ветеринарлық қызметтің ұйымдастыру қүрамы жэне мемлекеттік ветеринарлық мекемелер жүйесі.
Мал ауруларымен күресуші аудандық станция.
Аудандагы мемлекеттік ветеринарлық мекемелер жэне олардың атқаратын қызметі., оны басқару.
Қорытынды.
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер.
Орындалу мерзімі:
Курстық жүмыстың жетекшісі: Фатхуллаев Х.Х. ,
I. Кіріспе
Ветеринарияның теориялық негізін жалпы биологиялық ғылымдар қарайды. Соган орай ветеринарлық ғылым құрамында жануарлардың ішкі, сыртқы құрылысын зерттейтін морфологиялық, жалпы биологиялық жэне арнайы гылым пәндер кіреді. Ветеринарлық ғылымдар қатарындағы ветеринарлық істі ұйымдастыру - арнайы ғылыми деректерді біріктіруші ғылым саласы болып табылады. Ғылым саласы ретінде оның мақсаты - мал өсіруші шаруашылықтарда ет, сүт, мал өнімдері текті шикізат даярлаушы, сақтаушы, өңдеуші кәсіпорындарда, көлікте халық шаруашылығының басқа да салаларында мал дәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін жэне ветеринария мамандарының жұмыс атқаруы негізгі формалары мен әдістерін зерттеу.
Сонымен қатар мемлекеттік, ведомсвтолық жэне жеке кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің негізгі құрылымы мен заңдылықтарын зерттеуге бағытталган.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде элеуметтік экономикалық реформаның дамытуда ветеринарияның өте зор. Әлеуметтік экономиканың қайта құру нэтижелі деңгейіне байланысты. Ветеринария ісін ұйымдастыруды нашар жүргізу - шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басының кемуіне жэне эртүрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.
Республикадағы ветеринарлық істің жагдайы әлеуметтік-экономикалық істің факторларға байланысты. Оған жататындар: қоғамдық құрылыс, өндіріс деңгейі, ғылым мен мәдениеттің дамуы, жоғары жэне арнаулы орта вет еринарлық білім беру орталықтары, ветеринарлық мекемелерді, өнеркәсіпті жэне ауыл шаруашылыгын білікті мамандармен қамтамасыз ету, сонымен қатар материалдық техникалық жағынан дұрыс жабдьщтау. Өкінішке орай, Қазақст ан Республикасында жэне көршілес тәуелсіз мемлекеттерде элеуметтік-экономикалық өзгеріс кезеңі ветеринарлық қызмет жағдайына айта қалғандай кері әсерін тигізіп отыр. Нарықтық экономика қиыншылығына қарамастан, мемлекеттік деңгейде ветеринарлық істі жақсарту барысында әртүрлі жұмыстар жүргізілуде. Мысал ретінде айта кететін болсақ, ветеринарлық заңдар ережесі, нормативтік құқықтьщ құжаттар, білікті мамандарды даярлау, эртүрлі ветеринарлық қызметке арналған құрал-жабдықтар , препараттар, дәрі-дәрмектермен аспаптар жасау. Ветеринарлық басқару қызметін жаңа құрамда қайта құру, мал шаруашылығындағы объектілерге қатаң түрде ветеринарлық-санитарлық бақылау жасау және адам мен малға ортақ ауруларға қарсы тиімді күрес шараларын жүргізу сияқты жұмыстар атқарылып жатыр.
Пэн құрамында ветеринарлық заңдылық жинағынан негізгі қагидалары, ветеринарлық істің экономикасы мен статистикасы , ветеринарлық санитарлық бақылау ұйымдастыру, ветеринарлық қызметті жабдықтау, құрылыс салу, іс қағаздарын жүргізу жэне тағы басқа тауарлар бар.
Пэн тарауының әрқайсысында өзіне тән ветеринарияның ұйымдастыру экономикалық іс-эрекетті мэнісі, қыры, сипаты қаралады.
Мэселен ветеринарлық заңдылық деп - ветеринария туралы үкімет тарапынан жарияланған заңдар, баскарушы органдар бекіткен нұсқаулар, типтік анықтамалар, ережелер жэне т.б. құжаттар жинағы болып табылады. Бұл жинақта ветеринарлық мамандар жергілікті әкімшілік жэне барлық азаматтардың мал шаруашылығында ет-сүт, мал текті шикізат өңдеуші өнеркэсіпте, көлікте , халық шаруашылыгының басқа да салаларында ветеринарлық санитарлық қолайлықты қамтамасыз ететін қызмет тэртібін шектеп, міндеттерін айқындайды. Осыған орай, ветеринарлық істі ұйымдастыру істі ұйымдастыру пэні ветеринарлық заңдылық қағидаларына сәйкес, мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетуді, ветеринарлық мекемелер мен қызмет топтарының жұмыс тәсілдері мен формаларын , ветеринария мамандарымен азаматтардың ветеринарлық қызмет көрсету барысындағы өзара қарым-қатынасын, сүт өндіру, шошқа өсіру, мал бордақылау, қой өсіру шаруашылықтарының арнайы кешендер мен құс
фабрикаларында ветеринарлық қызмет көрсету ерекшеліктерін мемлекеттік жэне
::
ведомсвталық ветеринария мамандары жұмысын нормалауды жэне еңбек ақы төлеуді зерттейді.
Ветеринарлық ісі экономикасы мал аурулары алдын алу , емдеу, оларды жойып жіберу шараларының, ветеринарлық шараларды жүзеге асыру әдіс-тәсілдерінің, мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетудің ветеринарлық мекемелер жұмысының экономикалық тиімділігін зерттейді.
Ветеринарлық статистика - малдардың ауруға, өлім-жітімге ұшыраушылығын, ауру таралуын, қолданылған шаралар тиімділігін жэне оның әр түрлі себептерге тәуелділігін(мал фермалары мен кешендердегі мал басы саны, ветеринарлық мамандар жэне қажетті ветеринарлық мүлікпен қамтамасыз етілуі) зерттейді.
Ветеринарияға жүргізілетін бухгалтерлік тіркеу мен есеп жұмыстары ветеринарлық шараларды қаржьшандыру, втееринарлық жұмысқа арналган дүние-*мүлік пен қаржыны тіркеуге және ветеринарлық мекемелерге қаржы бөлу жоспарлары мен олардың шығын сметасын құру тэртібін, қаражат пен дүние мүліктің үнемді әрі тиімді пайдалануын бақылауға бағытталған.
Пэннің өзекті тарауларының бірі - ветеринарлық-санитарлық қадағалау. Ол мал фермаларында, көлікте өңдеу ұқсату өнеркәсібінде, базарларында мемлекет шекарасында ветеринарлық-санитарлық бақылау ұйымдастыруды жэне мал өсіру , жануарлар текті өнім мен шикізатына байланысты барлық кәсіпорындар мен ұжымдарда ветеринарлық - санитарлық шараларды ұйымдастыруды зерттейді.
Ветеринарлық ғимараттар құрылысын салуды ұйымдастыру тарауында құрылыс алаңын таңдау, оны жергілікті жағдайға үйлестіру, қаржыландыру сметасын құру, құрылыс барысын бақылау жэне құрылыс жұмыстары аяқталған соң қабылдау мәселелеріне тоқталады.
Ветеринарлық бұйымдар мен мүлікке негізделген тапсырыстар жасауды ұйымдастыру, оларды құру тэртібі, ветеринарлық мүлік қорларын бөлу, ЗООВЕТ жабдықтау бірлестіктерінің , бөлімдерінің және дэріханаларының жұмысын ұйымдастыру, бөлінген ветеринарлық бұйымдар мен мүліктердің тиімді пайдаланылуын қадағалау мәселелержі ветеринарлық жабдықтау бөлімінде қаралады.
Ветеринарлық іс қағаздарын жүргізу тарауында ветеринарлық мекмемелер ветеринарлық қызмет топтары іс-қағаздарын Ауыл шаруашылық министрлігі нұсқаулары мен мемлекеттік стандарт талаптарына сэйкес жүргізу сөз етіледі. Бұл бөлімде соған орай ветеринарлық құжаттар, куэліктер, анықтамалар, актілер, хаттамалар, бұйрықтар, нұсқаулар жэне т.б. құжаттар жасау, толтыру ережелері мен тәртіптері баяндалады.
II. Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасында ветеринария ісінің уйымдастыру
қурамы жэне оны басқару
2.1. Ветеринарлық органдар мен мекемелер жүйесі ветеринарлық қызмет түрлері.
Республикамыздағы ветеринария ісі бірегей мақсатпен арнайы қызмет атқарушы органдар, мекемелер, ұйымдар жэне қызметтер жүйесінен тұрады. Олар ветеринарлық қызметті тікелей атқарушы жэне оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді.
Статитикалық деректер бойынша ветеринария мамандарының 80%-тен астамы бірінші топтағы ұйымдар мен мекемелерде істейді. Бұл мамандар тікелей мал шаруашылығында жэне сонымен өндірістік байланысы бар кәсіпорындарда, көлікте, сауда-саттық жүйесінде ветеринарлық қызмет атқарады. Бұл топқа мемлекеттік, ведомстволық жэне жекеменшік ветеринарлық қызмет кіреді.
Екінші топтағы үйымдар мен мекемелерге жататындар:
Ветеринарлық ғылыми-зерттеу институттары, станциялары, лабораториялары; Биопрепараттар өндіруші өнеркәсіп орындары, лабораториялар; - дәрі-дэрмек, құрал- жабдық шығаратын кәсіпорындар жэне олардың өнімдерін тұтынушыга жеткізуші зооветжабдықтау жүйесі;
Жоғары жэне арнаулы орта білім беруші ветмедицина оқу орындары.
Осы топтағы мекемелер мен кэсіпорындар ветеринарияның дамуына, талапқа сай жұмысын атқаруына зор ықпалын тигізеді. Шынында да ғылыми-зерттеулер ветеринарлық шараларды табуға, жетілдіруге мүмкіндік береді; оқу орындары мамандар дайындайды; кәсіпорындар препараттар мен құрал-жабдықтар өндіреді. Сондықтан, бұларсыз практикалық ветеринарияның өз міндетін атқаруы мүмкін емес. Бұл топтағы мекемелерде елімізде бар ветеринария мамандардың 20%-іне жуығы қызмет істейді. Олардың жұмысы ветеринарияны ғылыми жэне материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған.
Ветеринарлық қызметтің үш түрі барын жоғарыда атап өттік. Олардың әрқайсысының өзіне тэн атқаратын қызметі бар.
Мемлекеттік ветеринария. Елімізде малдәрігерлігі мемлекет тарапынан құрылады. Сондықтан барлық ветеринариялық органдар, мекемелер сай келгенде мемлекеттік ветеринарияға жатады. Олардың барлығы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесіне кіреді.
Мал дәрігерлік қышетті атқарушы уйымдар, мекемелер және мамандар
Мал дәрігерлік қызметті қамтамасыз
етуші уйымдар жэне мекемелер
ҚР малдәрігерлігінің қурамы Мемлекеттік ветеринарияға ерекше міндеттер жүктелген, арнайы құқықтар берілген. Сондықтан ол ветшараларды жоспарлауда, ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Ол, жалпы мемлекеттік ведомство аралық қызмет ретінде ветеринария саласында мемлекет аралық қызмет ретінде ветеринария саласында мемлекет саясатын жүргізіп, оның мүддесін қорғайды. Өз жүмысын атқару барысында ол ведомстволар мен министрлерге тэуелді емес, құзыры жүретін аймақта эпизоотиялық жағдайды объективті түрде бағалап, мал шаруашылығының ветеринарлық сэттілігін қамтамасыз ететін шешімдерді өз бтилігімен қабьшдайды.
Мемлекеттік ветеринарияның, мамандарды сұрыптап, тиісті орындарға тағайындауға, қаражат қорларын шоғырландырып, эпизоотиялармен күрестің шешуші бағыттарына жұмсауға құқы бар. Сауықтыру шараларын нәтижелі жүргізу үшін және ветеринарлық препараттарды өндіру, жарамдылығы мен сапасын анықтауға ол ғылыми мүмкіншілікті пайдаланып, білікті ғылым қызметкерлерін тартуға құқықты.
Мемлекеттік ветеринарлық қызмет еліміздегі экімшілік-аумақтық бөліну принципіне сәйкес ұйымдастырылған. Сондықтан оның эр сатысы өз құзыры жүретін аймақтағы барлық ветеринариялық объектілерде, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан,
тиісті міндеттерін атқарады. Бірақ, тасымалдау жүйесіндегі және шекарадағы ветеринарлық бақылау қызметтері салалық при нципте қүрылған жэне тікелей Республикалық Ветеринария Комитетіне бағынады.
Мемлекеттік ветеринарлық қызметтің ұйымдастырылу құрылымының схемасы төменде берілген (кестеде). Оның басты органы - Ауыл шаруашылыгы Министрлігінің құрамындағы Ветеринария Комитеті. Осы комитетке барлық республикалық , облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік ветеринарлық органдар мекемелер, ұйымдар бағынышты болады.
Ведомстволық (өндірістік) ветеринария. Бұл - республикалық белгілі бір ведомствоның немесе министрліктің құрамындағы және мемлекеттік ветеринарияға жатпайтын ветеринарлық ұйымдар мен мекемелер жүйесі. Мысалы, мал өсіруші шаруашылықтары немесе мал өнімдері мен шикізаттарын өңдеуші кэсіпорындары бар министрліктер мен ведомстволардың құрамындағы ветеринарлық қызмет. Мұндай қызмет ет-сүт, қорганыс, ішкі істер министрліктерінде, қауіпсіздік комитетінде, акционерлік жэне холдинглік компанияларда, корпорацияларда, ассоциацияларда жэне т.б. құрылымдарда болуы мүмкін. Қазақстандагы барлық мал шикізаттарын өңдеуші кэсіпорындардағы, қосалқы шаруашылықтардағы ветеринарлық қызметтер ведомстволық қызметке жатады. Бұл қызмет құрамында елімізде бар мамандардың 70%-не жуығы жұмыс істейді.
Ведомстволық қызметтің құзыры өз құрамына кіретін шаруашылықтың, кәсіпорындардың шегінде ғана жүреді жэне оны жұмысына мемлекеттік ветеринария жалпы басшылық етеді, үстінен бақылау жасайды. Ведомстволық қызмет мамандары әкімшілік жэне шаруашылық мәселелері бойынша өздері құрамында жүрген шаруашылықтың немесе кэсіпорынның басшысына тэуелді, сондықтан өндірістік жоспарлардың орындалуына жұмылып, шаруашылықтың мүддесін қорғайды. Солай болғанымен олар Ветеринария туралы заңның орындалуы қамтамасыз етуге жэне үнемі бақылауға міндетті.
Жекеменшік кәсіпкерлік ветеринария. Біздің елімізде бұл қызмет нарыққа өтпелі кезеңде заман талабы бойынша енді ғана туындай бастады. Дамыған капиталистік елдерде барлық ветеринария мамандарының 70-80%-іне жуыяғы жеке іскерлік ветеринарлық қызметпен шұғылданады.
Ветеринарлық қызметтің бұл түріне жекеменшік әдісімен қызмет етуші дэрігерлер, ветеринарлық көмек көрсетуші, препараттар мен мүліктер өндіруші кіші кәсіпорындар, кооперативтер, серіктестіктер, бірлестіктер, сондай -ақ шаруашьшық есептеші жасақтар мен өндірістік лабораториялар, цехтар жэне т.б. жатады.
Жекеменшік кәсіпкерлік қызмет ветеринарияны басқарушы мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) тиісті экімшіліктік аумақта істейді. Оларға ҚР Ветеринария
туралы заңы бойынша ауырған малды емдеуге (карантиндік аурулар тізіміне кірмеген), аурулардың алдын алу шараларын жүргізіп, малдың денсаулығы туралы құжаттар беруге рұқсат берілген. Егер жұқпалы аурудың белгілерін байқаса, олар, мемлекеттік ветеринарияға тез хабар беріп, ауру ошағын жоюға шаралар қолданады, карантиндік шаралар жүргізуге қатысады. Жекеменшік қызметтің жұмысына мемлекеттік ветеринария органдары басшылық етіп, үстінен бақылау жасайды.
Қазақстан Республикасындағы ветеринарлық қызметтің құрылымы

2.2. Ветеринарияны басқарушы мемлекеттік органдар және олардың атқаратын
қызметтері
Еліміздегі ветеринарияны басқарушы республикалық орган Ауыл шаруашылығы Министрлігінің құрамындағы Ветеринария Комитеті болып табылады. Ол бұрын ветеринарияның Бас басқармасы деп аталып келген. Бұл комитетінің жұмысы Министрлер Кабинеті ережелерге сэйкес жүргізіледі.
Ветеринарияның мемлекеттік жергілікті органдары мен мекемелері экімшілік-аумақтық бөлінуге сәйкес облыстарда, аудандарда, қалаларда орналасады. Ал транспорт және шекарадағы ветеринария органдары мен мекемелері салалық принциппен құрылған, олар тікелей салалық басқармаға жэне Ветеринария Комитетіне бағынады. Ветеринарияның республикалық мекемелері, жергілікті мемлекеттік басқару жэне бақылау органдары, мекемелері және ұйымдары басқару жэне бақылау органдары, мекемелері жэне ұйымдары туралы ережелерді республикалық Ветеринария Комитеті бекітеді.
Мемлекеттік ветеринарлық органдардың, мекемелердің заңды болмысы, құқықтары, міндеттері арнаулы типтік ережелерде, ҚР Ветеринария туралы жэне басқа да заңдарында, нормативтік-құқықтық құжаттарда анықталады. Сондықтан олар
ветеринарияны басқару, үстінен бақылау жэне басқа да міндеттерін өз құзыры жүретін белгілі деңгейде атқарады. Түрлі ветеринарлық шаралар министрліктер, ведомстволар, ұйымдар жүйесінде жоспарга алынып, тиісті экімшілік аумағында жүзеге асырылады.
Ветеринарияны басқарушы республикалық мемлекеттік орган
Ветеринария Комитеті еліміздегі ветеринарлық қызметті басқарады. Ол ветеринария ісінің жағдайы мен дамуына, ғылымның деңгейі мен тиімділігіне, меншік тегіне қарастан барлық малды сапалы кәсіби ветеринарлық қызметпен қамтуға тікелей жауапты.
Ветеринария Комитеті өз қызметін жүргізу үшін тиісті заңдарды, ережелерді, нормативтік құжаттарды, өкімет шешімдері мен бұйрықтарын басшылыққа алады. Республика көлемінде ветеринарияны басқару органы ретінде ол төмендегідей міндеттерді атқарады:
Мал ауруларының алдын алу, күресу үшін шараларды жүргізуге жэне ветеринарлық- санитарлық тұрғыдан сапасы жақсы мал өнімдерін өндіруге бақылау жүргізу;
Шекара арқылы елімізге қауіпті жұқпалы мал аурулары өтуінен сақтандыру шараларын ұйымдастыру;
Денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, зоонтропоноздардың алдын алу, күресу шараларын жолға қою;
Мал, оның өнімдері мен шикізаттарын ішке тасымалдауға, өндеуге, сақтауға, сатуға, экспорт-импорттық алмасуға бақылау жүргізу;
Республика бойынша жұқпалы аурулармен күрес шараларының жоспарын қарап бекіту, эпизоотиялармен күресуші экспедициялар қүру, аса қауіпті аурулармен күреске арнап биопрепараттар мен дезинфекциялаушы заттардың қорын жасау;
Ветеринария саласындағы өнертапқыш, рационализаторлық ұсыныстарды, мал ауруларын анықтау, емдеудің, алдын алудың жаңа жарақтарын, тәсілдері мен технологиясын қарау, сынақтан өткізу, өндірісте қолдануға қабылдау;
Биопрепараттарға, қүрал-жабдықтарға, емдік, дезинфекциялаушы және т.б. малдарды аурудан қорғауға арналған жарақтарға мүқтаждықты анықтау, сүраныс құру, өндіруді, сатып алуды үйымдастыру;
Қол астындағы ветмекемелерге материалдық-техникалық қамтамасыз ету жарақтарын бөліп үлестіру, қаржыландыру;
Мал шаруашылық және ветеринарлық мекемелер мен объектілерді жобалау, құрылысын салу, қабылдауға бақылау жүргізу;
Ветеринария мамандарына мүқтаждықты анықтап, оларды дайындау мамандығын жетілдіру туралы ұсыныстар беру;
Ветеринарлық жүмысты тіркеу, есеп беру қүжаттары туралы ұсыныстар беру;
Ветеринария саласындағы мәселелерді өз қүзыры жүрген аумақта басқа ведомстволар, министрліктермен бірлесе отырып шешімдер қабылдау;
Шаруа қожалықтарына, фермерлерге, кооперативтерге, қосалқы шаруашылықтарға ветеринарлық қызмет көрсетуді үйымдастыру;
Жекеменшік кәсіпқойлық ветеринарлық қызметке лицензия беруді үйымдастыру және бақылау;
Өз біліктілігіне сәйкес ветеринария саласында дүниежүзілік Ветеринарлық ассоциациямен, Халықаралық эпизоотиялық бюромен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымымен ветеринария саласында қарым-қатынас жасайды.
2.3. Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау
Ветеринарияны басқарушы органдар мен мекемелердің ҚР Ветеринария туралы заңы мен ветеринария мәселелері бойынша қабылданған құқықтық-нормативтік құжаттарды орындауды қамтамасыз етуге және оларды бұзушылық салдарын жоюға бағытталған іс- әрекетін мемлекеттік ветеринарлық қадағалау деп атайды. Ол республика үкіметі бекіткен арнайы ереже бойынша жүргізіледі. Соған орай, мемлекет тарапынан қадағалау жүргізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүйсембаев Серғазы Тұрлыбекұлы
Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық санитария ғылымының қалыптасуы
Муниципалды меншікті басқарудың ғылыми теориялық негізі
«Қазақстан Республикасының ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасы»
АШЖБ - Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
Х1Х-ХХ ғғ. Қазақстанның ұлттық мәдениеті
Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы
Малды тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
ҚР жоғарғы оқу орындарында қазіргі білім беру жүйесі
Кеден бақылауы
Пәндер