Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінің тұрақт дамуының аймақтық бағдарламасы



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Атауы
Бағдарлама әзірлеуге негіз
Негізгі әзірлеушісі Мақсаты
Міндеттері
Қаржыландыру
көздері
Бағдарламадан күтілетін түпкілікті нәтиже
Іске асыру мерзімі
1. ПАСПОРТ2006-2010 жылдарга арналған Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінің тұрақт дамуының аймақтық бағдарламасы
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдмғы № 654 қаулысы Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық департаменті
Аграрлық өндірісті индустриализациялау, АӨК қазіргі заманғы инфрақұрылымын дамыту, АӨК салаларының өнімділігі мен табыстылығының өсуі негізінде оның тұрақтылыгын қамтамасыз ету.
Агроөнеркәсіп кешені салаларын индустриализациялау; Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне кредит беру және қаржы қамтамасыздандыру жүйесін жетілдіру; Қызмет көрсететін инфрақұрылымын және қауіпсіздікті багалау мен өнім сапасының жүйесін дамыту;
Кластер бастамашылықтарын қалыптастыру және қолдау арқылы АӨК аймақтық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту;
Майда тауарлы шаруашылықтарды біріктірүге және ірі және орташа қәсіпорындарды ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
Облыс халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету;
Облыстық ауқымдагы АӨК салаларының дамуын реттеу механизмдерін жетілдіру және жүзеге асыру.
Республикалық және облыстық бюджеттердің қаражаты, бюджеттен тыс көздердің қаражаты, банктер мен басқа қаржы институттарының заем қаражаты, инвесторлардың тікелей инвестициялары, АӨК кэсіпорының қаражаттары.
Агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын турақты дамуына қол жеткізу, бәсекеге қабілетті өнім шыгару арқылы АӨК салаларының өнімділігі мен табыстарының өсуі, ауыл тұрғындарының игілікті тұрмысын жақсарту. 2006-2010 жылдар
Облыс экономикасының басым бөлігін негізгі саласы ауыл шаруашылығы болып табылатын агроөнеркәсіп кешені құрайды. Оның үлесіне облыс бойынша өндірілетін ішкі жалпы өнімнің 12 % жатады.
Мамандандырылу бағыты және өндірілетін өнім көлемінің құны жағынан алып қараганда облыстың ауыл шаруашылыгы мал шаруашылыгы багытында дамып отыр, сонымен қатар жақсы дамыған өсімдік шаруашылыгы да орын алған. Ауыл шаруашылыгында өндірілетін жалпы өнімінің 53,3 % мал шаруашылығы өнімдері құрайды.
Мал шаруашылығының негізгі ерекшеліктерінің бірі - оның көп салалығы. Облыстың табиғи-климат жағдайлары мен шаруашылықтың даму жағдайларына байланысты онда сүтті және етті ірі қара мал өсіру, биязы және қылшық жүнді қой шаруашылығы, шошқа , жылқы құс, бүғы, мүйізді бұғы, ара, түйе және балық өсіру шаруашылықтары жақсы дамуда. Бұғы, мүйізді бұғы өсіруден және бұғы мүйізі өнімдерін өндіруден облыс Республика бойынша монополист болып есептеледі.
Мал шаруашылығы сияқты өсімдік шаруашылығы да облыстың ауыл шаруашылығы саласының негізгі шешуші саласы болып табылады, оның үлесіне жалпы ауыл шаруашылық өнімінің 46,7 % жатады.

Өсімдік шаруашылығы саласы күздік қара бидай, бидай, жаздық бидай, арпа, сұлы, бұршақ және қарақұмық тәріздес дәнді және бұршақты дэнді дақылдарды өсіру кең орын алған тәлімі жер жағдайында дамып отыр, ал астық өнімдерінің негізгі бөлігін оның 70 % құрайтын жаздық бидай құрайды.
Аталған дақылдардан басқа облыста негізгі бөлігін күнбағыс майлы дақылы құрайтын майлы дақылдар өсіру кең етек жайған. Облыста егіс алқабы және өнім көлемі жағынан күнбағыс майлы дақылын өсіру Республика көлемінде алдыңғы орындардың бірін алады. Республика бойынша өндірілетін өнім көлемінің 75 % біздің облыста өндіріледі.
Облыс тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуде мақсатында картоп, көкөніс, бақша, мал азығы үшін сүрлемдік жүгері, дэнді және бұршақты көп жылдық шөптер қосалқы дақылдар ретінде өсіріледі.
Жалпы алғанда облыстың ауыл шаруашылығы жүргізу 6 топырақ-климат аймағында іске асырылуда, сонымен бірге айта кетерлік жағдай бір экімшілік ауданның аумағы кейде 2 немесе 4 аймақта орналасқан, бұл жағдай оның мамандандырылу бағытын айқындайды.
Облыстың агроөнеркәсіп кешенінінің кұрамына 1189, оның ішінде ірісі - 124 кәсіпорынды біріктіретін жақсы дамыған тамақ және өңдеуші өнеркәсіп өндірісі кіреді. Бұл саланың 2002-2004 жылдары өндірген жылдық орташа тауарлы өнімінің көлемі 25 млрд. теңгеден асады, немесе облыстың өңдеу саласы өнімінің 17,4 % құрайды.
Соңғы жылдары облыстың агроөнеркәсіп кешенінің дамуы біршама тұрақтанып келеді. Ауыл шаруашылық өнімдері мен оның өңдеуден түскен өнімдерінің көлемін арттыруда алға басушылық байқалуда. Шет елден әкелінетін азық-түлік деңгейі төмендеді, құрал-жабдықтармен және ауыл шаруашылық техникаларымен жабдықтау деңгейі арта түсуде.
АӨК салаларынын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар ауыл шаруашылық өндірісін одан эрі дамытуға, оның тиімділігін арттыруға, облысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер етті.
Облыстың 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық түлік бағдарламасындағы агроөнеркәсіп кешені жүйесінің тиімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті өнім шығару мәселелері бойынша қойылған мақсат негізінен орындалды.
Жаңа озық технологиялар мен техникалық прогресті игеру арқылы ауыл шаруашылық өндірісін диверсификациялауга бет бұрылды.
АӨК-де еңбек өнімділігін арттыруга, оның салаларының пайдалылыгын арттыруга багытталган агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту шаралары өндірісті модернизациялауды, қайта жарақтандыруды, оның инфрақұрылымдарын дамытуды және салалық кластерлерді қалыптастыруды қажет етеді.
Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету - оның аграрлық өндірісті индустрияландыру мен негізгі өнім түрлері бойынша АӨК өнімдерінің тиімділігін арттыруга негізделген тұрақты дамыту болып табылады.

Агроөнеркәсіп кешенінің неғұрлым бэсекеге қабілетті салаларында кластерлік бастаманы қалыптастыру және оны жүзеге асыру - агротехнологияның деңгейін көтеруге және өндірілетін өнімнің сапасын арттыруға, қосымша құн мен агроөнеркәсіп кешенінің табыстылығын көбейтуге себепкер болатын тұрақты дамытудың негізін қалайды.
3. Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайы
Облыстың агроөнеркәсіп кешені бойынша 13597 ауыл шаруашылық құрылымдары, тұрғындардың 328,2 мың жекеменшік қосалқы шаруашылықтары мен саяжай учаскелері тіркелген. Өнеркэсіп потенциалы 1189 өңдеу саласының кәсіпорындары мен азық-түлік өндіретін шагын цехтардан тұрады.
Облыста, әсіресе мал шаруашылыгы саласында ұсақ тауарлы өндіріс дамыган. 2005 жылдың 1 шілдесіндегі есеп бойынша облыста аралас өндіріске мамандандырылган 436 ірі және орта шаруашылықтар есепке алынған, немесе бұл барлық тауарлы шаруашылықтардың 3,2 % кұрайды.. Оларға бекітілген жер көлемі облыстың барлық ауыл шаруашылық жерлерінің 8,2 % кұрайды. Бұл шаруашылықтар барлық айдалатын жерлердің 61,3 % өңдейді, барлық ірі қара малының 64,2 %, қойдың 58,8 %, шошқаның 58,8%, жылқының 53.3% шоғырланған
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2004 жылдың ағымдағы бағасымен есептегенде 69,9 млрд теңгені кұрады, немесе республика бойынша өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің 10 % құрады, бұл 1997 жылғы өнім көлемімен салыстырғанда 218 % өскен, немесе өндіріс көлемінің өсуі есебінен 105 %, бағаның өсуі есебінен 113% өсті. (1-сурет).
Сонымен қатар, 1 гектар егістік жерге шаққанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі соңғы екі жылда азайып отыр, егер 2001 жылы (ең жоғарғы деңгей) бұл көрсеткіш 45 мың теңгені кұраса, 2004 жылы - 39,7 мың теңге көлемінде болды
1 гектар жерге шаққанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көрсеткішінің азайюы егістік жерлердің құрамында парға қалдырылатын жерлердің көлемінің өсуіне және айналымға қосымша айдалмалы жерлерді енгізуге байланысты болып отыр.
2004 жылы ауыл шаруашылық өндірісінің жалпы өнімінің үлесі облыс бойынша өндірілетін ішкі жалпы өнімнің 12 % құрады, яғни бұл көрсеткіштің 1997 жылмен салыстырғанда 1,1 % азаюы облыстағы өндіріс саласының жоғары қарыштап дамуының нәтижесі. Сонымен қатар, аймақтық жалпы өнімнің ішіндегі оның үлесі соңғы 5 жылда 2,8 % артып отыр.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымын талдауынан оның негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы қатар дамыған мал шаруашылығы екендігін байқауға болады. 2004 жылы мал шаруашылығының үлесі 53,3 %, өсімдік шаруашылығының үлесі - 46,7 % құрды.

Облыстың ауыл шаруашылығының ерекшеліктері ретінде мал шаруашылығы
өнімдерінің көп түрлерін өндіруде, сонымен қатар көкөніс, бақша, картоп
өсіруде азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарының үлес салмағы жоғары
екендігін атауға болады. Олардың үлесіне барлық өндірілген сүттің 86,3 %, еттің
- 78,7 %, жүннің - 75,6 %, картоптың - 91,2 %, көкөніс-бақша өнімдерінің 84,8
% келеді. Сондықтан да, 2004 жылы жалпы өндірілген ауыл шаруашылығының
жалпы өнімінің 61 % - тұрғындардың жеке шаруашылықтарының үлесіне, 27.7
% -шаруа қожалықтарының үлесіне,
11.3 % - ауыл шаруашылық кәсіпорындарының үлесіне тиді.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылық салаларының пайдалылығының өсуі байқалуда. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің рентабелдігі 7-ден 30 %, мал шаруашылығы өнімдерінің рентабелдігі 10-нан 25 % аралығында болып отыр. (6-сурет).
Ауыл шаруашылық шешмдерін сатудьщ
рентабелдігі (зияндылыгы)

6-сурет
Ауыл шаруашылық кэсіпорындарының қаржы жағдайы біршама жақсара :: түсті. 1997 жылмен салыстырғанда зиянмен жұмыс істейтін кэсіпорындардың үлес салмағы азайды: шаруа қожалықтары бойынша 40 тан 14 %, ауыл шаруашылық құрылымдары бойынша 73 тен 13% .

сурет 7 сурет 8

АӨК тамақ жасау кәсіпорндары мен өңдеуші салаларының өндірістік қуаттары ұлғайюда, техникалық қайта жарақтандыру жүргізілуде және шығарылатын өнім көлемі артуда.
Аграрлық азық-түлік бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде (2003-2004 ж.ж) бүл салалардың өндірген тауарлық өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 19,6 % артты (9-сурет), оның ішінде ет өнімдері 22,6 %, балық аулау 2,4 есеге, сүт өнімдерін шығару 24 %, ұн тарту кәсіпорындарында 2,2 есеге өсті.
Сонымен қатар тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі салаларының барлығы бірдей тұрақты жұмыс атқара алмады. 2002 жылмен салыстырганда 2004 жылы ет өндіру, шұжық өнімдері және үн шыгару көлемі біршама азайган. (10-сурет, 11- сурет).

10-сурет 11-
сурет
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің көлемінің артуына қарамастан, өңдеуден өткен өнім көлемінің жалпы өндірілген өнімкөлеміндегі үлес салмагы элі де болса төмен күйінде қалып отыр. 2004 жылы облыс кәсіпорындарында еттің 7 %, сүттің 8,6% , дэнді және дэнді бұршақты дақылдардың 21,1 %, балықтың 67 % , күнбағыстың 85,9 % өңделді.(12-сурет).

2004 жылы тұтынуға жұмсалған 80,7 мың тонна еттің өнеркәсіптік өңдеуден өткені 6,3 мың тонна, 550,2 мың тонна сүттің - 61,7 мың тоннасы, 387 мың тонна астықтың - 142 мың тоннасы және 7,4 мың тонна балықтың - 5,5 мың тоннасы өңделді. (13-сурет).

13-сурет
Облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өндірген өнімінің, балық өнімдерінен басқа, жан басына шаққандағы көлемі тұтынудың ұлттық нормалары бойынша белгіленген қажеттіліктерді толық қанағаттандырады. (14- сурет).
Облыс тұрғындарының жергілікті ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өндірген өнімдерімен қамтамасыз етілуі: нан және нан өнімдері бойынша - 114,3%, күнбағыс майы - 252 %, сүт - 135,6 % ет - 124,7 %, жүмыртқа - 109 %, картоп - 222,4 %, көкөніс - 146 % құрайды. (15-сурет).
15-сурет
Аграрлық азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру мерзімінде облыстың агроөнеркәсіп кешеніне инвестициялардың қомақты көлемі жүмсалды. 2003- 2004 жылдары жүмсалған инвестициялардың жалпы сомасы 7,5 млрд. теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген инвестиция 42,7 % қүрады. 2002 жылмен салыстырғанда АӨК жүмсалған қаржы агымдары орташа алганда 1,6 есеге артты.

16 сурет
Отандық инвесторлар ауыл шаруашылық өндірісін дамытуға инвестициялар жумсап келеді, олардың негізгілерінің қатарына облыстагы Жәрдем-Агро ЖШС, Май ААҚ, Март ЖШС, Шыгыс-Астық ЖШС жатады. Олар 2004 жылы облыстың АӨК кәсіпорындарын дамытуға 610,9 млн. теңге қаржы жұмсады.
4. 2015-2016 жылдары агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың
мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның міндеті: облыстың агроөнеркәсіп кешенін АӨК барлық салаларында еңбек өнімділігі мен табыстылықты арттыру негізінде тұрақты дамыту, өндірілетін өнімнің бәсекелестік артықшылықтарын дамыту.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
Агроөнеркэсіп кешені салаларын индустрияландыру;
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржымен қамтамасыз ету және кредиттеу;
Қызмет көрсету инфрақұрылымын және өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын багалау жүйесін дамыту;
Кластерлік бастаманы қалыптастыру және қолдау арқылы АӨК аймақтық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту;
Yenсақ шаруашылықтардың ірі және орта тауарлы өндірістерге біріктіру үшін жагдай жасау;
АӨК дамытуды мемлекеттік реттеудің механизмдерін облыс шеңберінде жүзеге асыру және жетілдіру;
- АӨК салаларында сақтандыру механизмін жетілдіру.
5. Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің түрақты дамуының
жолдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы кешенін экономикалық дамытудың мәселелері
Аймақтардың ауыл шаруашылық саласының даму деңгейі
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Аграрлық саясат жайлы
Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру бағыттары
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру мен несиелендіру көздері
Ауа температурасының режимі
Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының теориялық және әдістемелік негіздері
Аймақтағы ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеудің теориялық жақтарын ғылыми негіздеу
Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі
Пәндер